Нарық және иерархия туралы
1. Кіріспе: Нарық түсінігі, нарықтық қатынастардың теориялық
негіздері.
Нарықтың құрылымы,түрлері, даму кезеңдері.
2. Негізгі бөлім: Нарықтық экономиканың элементтері, қызмет ету
принциптері.
Нарықтық механизмнің қалыптасуы.
Нарықтық экономиканың үлгілері.
Нарықтық қатынастардың шеңбері.
А.Смиттің және Р.Коуздың теоремалары.
Споттық және мерзімдік нарықтар.
Нарық экономикасының «идеалдық» моделі.
Нарықтың инфрақұрылымы.
Нарық экономикасының әлсіздігі.
3. Қорытынды: Нарық экономикасының қазіргі көріністері.

Нарық - өте күрделі, көптеген құрылымы бар ұғым. Жалпылама тұрғыдан алғанда нарықтың мәні оның атқаратын қызметтері арқылы ашылады.
Экономикалық байланыстар өнімдердің өндірушілерден тұтынушыларға қозғалысын қамтиды: бір жақтан өндірушілер, басқа жақтан, тұтынушылар арасында көп түрлі айырбас жүріп отырады.
Осындай айырбас процестері қоғамдық еңбек бөлінісімен белгінеді. Бұл бір жақтан, өндірушілерді ажыратады, еңбек әрекеттеріне сәйкес оларды бір – біріне оңашаландырады. Екіншіден, олардың арасында тұрақты функционалдық қатынастар туады. Бірінші жағдай әр өндірушілердің шаруашылық жүргізуде экономикалық жекеленуіне, тәуелсіздігіне ұласады, сөйтіп нарық қатынастарының субъектілерінің қалыптасуының экономикалық негізін құрайды. Екінші жағдай, тауарларды сатып алу – сату эквиваленттік негізде жүріп отыратын айырбастар процестеріне айналады. Нәтижесінде, жабайы өндірушінің нарық қатынастарының субъектіне айналуының экономикалық шарты материализацияланады, өндіріс тауарлық өндіріске айналады. Өндірушілер өнім өндіруді және оны өткізуді, шығындарды өтеуді, өндірісті кеңейтуді және жетілдіруді – барлығын өз еркімен дербес шешеді. Тауар – ақша қатынасы жағдайында айырбас процестері нарықтық қатынастар формасын алады.
Осы қатынастардың мазмұны неде? Экономикалық әдебиетте бұл сұраққа жауап бірдей емес. Оның ең жабайысы: нарық адамдардың сатушы және сатып алушы болып бір – біріне тауып кездесетін жері. Неоклассикалық экономикалық әдебиетте жиі қолданылатын нарыққа анықтаманы француз экономисі А.Курно (1801 – 1877 жж.) мен экономист А.маршалл (1842 – 1924 жж.) береді. «Нарық заттар сатылатын және сатып алынатын белгілі нақты нарық алаңы емес, ол сатып алушылар мен сатушылардың бір – бірімен өте еркін жағдайда келісімге келетін, кез келген жалпы аудан; еркіндік сонда-бірдей тауарлардың бағасы көп ұзамай тез арада теңеледі». Бұл анықтама айырбастың еркіндігі мен бағаның белгіленуі нарықтың басты критериі деп көрсетілген.

1. Я.Әубәкіров.
«Экономикалық теория негіздері».
Алматы – 1998 жыл.
2. Б. Мәдешев.
«Нарықтың экономика теориясына кіріспе ».
Алматы – 1995 жыл.
3. Ә.Н. Нысанбаев.
«Нарық және адамның орнықты дамуы».
Алматы – 1996 жыл.
4. Б. Жүнісов, Ұ. Мәмбетов, Ү. Байжомаров.
«Нарықтық экономика негіздері».
Алматы – 1994 жыл.
5. Ә. Әділханов.
«Нарықтық экономикаға көшу».
Алматы – 1995 жыл.
6. Мамыров Н.К, Күлеев Ж.А, Сұлтанбекова Г.К.
«Микроэкономика».
Алматы, Экономика – 1997 жыл.
7. И.О. Волкова, В.К. Скляренко.
«Экономика», учебное пособие.
Москва – 2000 год.
8. С.С Мәуленова, С.Қ. Бекмолдин, Е.Қ. Құдайбергенова.
«Экономикалық теория».
Алматы – 2003 жыл.
9. М.Кәрібаев.
«Нарықтық қатынастарды қалыптастыру сәтті қадамы».
Заң газеті, 26-Мамыр – 2001 жыл.

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Тақырыбы: Нарық және иерархия
Орындаған:
Қабылдаған:
Алматы қаласы – 200жыл
Жұмыс жоспары:
1. Кіріспе: Нарық түсінігі, нарықтық қатынастардың теориялық
негіздері.
Нарықтың құрылымы,түрлері, даму кезеңдері.
2. Негізгі бөлім: Нарықтық экономиканың элементтері, қызмет ету
принциптері.
Нарықтық механизмнің қалыптасуы.
Нарықтық экономиканың үлгілері.
Нарықтық қатынастардың шеңбері.
А.Смиттің және Р.Коуздың теоремалары.
Споттық және мерзімдік нарықтар.
Нарық экономикасының идеалдық моделі.
Нарықтың инфрақұрылымы.
Нарық экономикасының әлсіздігі.
3. Қорытынды: Нарық экономикасының қазіргі көріністері.
Нарық - өте күрделі, көптеген құрылымы бар ұғым. Жалпылама тұрғыдан
алғанда нарықтың мәні оның атқаратын қызметтері арқылы ашылады.
Экономикалық байланыстар өнімдердің өндірушілерден тұтынушыларға
қозғалысын қамтиды: бір жақтан өндірушілер, басқа жақтан, тұтынушылар
арасында көп түрлі айырбас жүріп отырады.
Осындай айырбас процестері қоғамдық еңбек бөлінісімен белгінеді. Бұл бір
жақтан, өндірушілерді ажыратады, еңбек әрекеттеріне сәйкес оларды бір –
біріне оңашаландырады. Екіншіден, олардың арасында тұрақты функционалдық
қатынастар туады. Бірінші жағдай әр өндірушілердің шаруашылық жүргізуде
экономикалық жекеленуіне, тәуелсіздігіне ұласады, сөйтіп нарық
қатынастарының субъектілерінің қалыптасуының экономикалық негізін құрайды.
Екінші жағдай, тауарларды сатып алу – сату эквиваленттік негізде жүріп
отыратын айырбастар процестеріне айналады. Нәтижесінде, жабайы өндірушінің
нарық қатынастарының субъектіне айналуының экономикалық шарты
материализацияланады, өндіріс тауарлық өндіріске айналады. Өндірушілер өнім
өндіруді және оны өткізуді, шығындарды өтеуді, өндірісті кеңейтуді және
жетілдіруді – барлығын өз еркімен дербес шешеді. Тауар – ақша қатынасы
жағдайында айырбас процестері нарықтық қатынастар формасын алады.
Осы қатынастардың мазмұны неде? Экономикалық әдебиетте бұл сұраққа жауап
бірдей емес. Оның ең жабайысы: нарық адамдардың сатушы және сатып алушы
болып бір – біріне тауып кездесетін жері. Неоклассикалық экономикалық
әдебиетте жиі қолданылатын нарыққа анықтаманы француз экономисі А.Курно
(1801 – 1877 жж.) мен экономист А.маршалл (1842 – 1924 жж.) береді. Нарық
заттар сатылатын және сатып алынатын белгілі нақты нарық алаңы емес, ол
сатып алушылар мен сатушылардың бір – бірімен өте еркін жағдайда келісімге
келетін, кез келген жалпы аудан; еркіндік сонда-бірдей тауарлардың бағасы
көп ұзамай тез арада теңеледі. Бұл анықтама айырбастың еркіндігі мен
бағаның белгіленуі нарықтың басты критериі деп көрсетілген.
Ағылшын экономисі У. Джевонс (1835 – 1882 жж.) нарықтың критериі деп
сатушылар мен сатып алушылардың арасындағы өзара қатынастардың тығыздығына
назар аударады. Бұның айтуы бойынша, тығыз іскерлік қатынасқа түскен және
қандай болмасын сондай тауралар туралы келісім жасасқан кез келген
адамдардың тобы, нарық болады.
Нарықтың мәнін анықтағанда, оның екі жақты мағынасы бар екендігін бастау
керек. Біріншіден, нарық (маркет) деген түсінік өзіндік мағынада өткізу
деген түсінік, бұл айырбас, айналыс сферасында орын алады. Екіншіден, нарық
- өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну процестерін қамтитын, адамдар
арасындағы экономикалық қатынастар жүйесі. Бұл меншіктің әр алуан
формаларн, тауар – ақша байланыстарын, қаржы – несие жүйесін пайдалануға
негізделген, экономикалық іс - әрекеттердің күрделі механизімі. Сонымен
қатар, нарық қатынастарына мыналар жатады:
• Екі субъектің өзара байланыстары нарық негізіндеболғанда,
кәсіпорындарды және экономикалық басқа құрылымдарды жалға алумен
байланысты қатынастар;
• Еңбек биржасы арқылы жұмыс күшін жалдап пайдалану процесі;
• Шетел фирмалары мен бірлескен кәсіпорындардың айырбас процестері;
• Белгілі процентке несие берудегі несие қатынастары;
• Тауар, қор, валюта биржалары мен басқа құрылымдардан тұратын, нарықтық
инфрақұрылымдардың іс- әрекет процестері;
Нарықтың мәні оның функциялары арқылы анықталады. Нарық мынадай маңызды
функциялар атқарады:
• Тауар өндірісінің өзін - өзі реттеу қызметі. Бұл мына жағдай арқылы
көрінеді: тауарға сұраныс өскенде өндірушілер өздерінің өндіріс
көлемін көбейтіп, бағаны жоғарылатады. Нәтижесінде өндіріс қысқара
бастайды.
• Ынталандыру қызметі. Баға төмендегенде өндірушілер өндіруді азайтады,
сонымен қатар, олар жаңа техника, технологиялар енгізу, еңбек
ұйымдастыруды жетілдіру арқылы шығындарды азайту мүмкіндігін
іздестіреді.
• Өндірілген өнім мен еңбек шығындарының қоғамдық маңыздылығын айқындау
қызметі. Бірақ бұл қызмет тек тапшылық жоқ өндіріс жағдайында жүзеге
аса алады: сатып алушылардың таңдауы бар болғанда, өндірісте
монополия болмағанда, бірнеше өндірушілер болып, олар өзара бәсекелес
болғанда.
• Реттеу қызметі. Нарық арқылы экономикадағы, өндірістегі және
айырбастағы негізгі микро – және макропропорцмялар белгіленеді.
• Шаруашылық өмірді демократияландыру, өзін - өэі басқару принциптерін
жүзеге асыру қызметі. Нарықтық құралдар әсерімен қоғамдық өндіріс
экономикалық жағынан қолайсыз элементтерден айырылып отырады, және
соның арқасында тауар өндірушілер әркелкі түрге, буындарға бөлініеді,
яғни дифференцияланады.
Нарықтың құрылымы өте күрделі болады және ол экономиканың барлық
сферасында әсерін жүргізеді. Нарықтың экономикалық құрылымы мынадай
жағдайлармен белгіленеді:
• Меншік формаларымен (мемлекеттік, жеке, ұжымдық, аралас);
• Шаруашылық субъектілерінің әр түрлі формаларының экономикадағы үлес
салмағымен белгіленетін, тауар өндірушілердің құрылымымен
(мемлекеттік, арендалық, кооперативтік, жеке меншік кәсіпорындары,
т.б.);
• Тауар айналымы сферасының ерекшеліктерімен;
• Шаруашылықтың құрылымдық бөлімдерінің мемлекет иелігінен алыну және
жекешелендіру дәрежесімен;
• Осы елде пайдаланатын сауданың түрлерімен;
Осы жағдайлар нарық жүйесіне ерекше қасиеттер береді. Құрылымы жағынан
нарықты мынадай критерийлері арқылы бөлуге болды:
1. Нарық қатынастары объектілерінің атқаратын экономикалық қызметі
бойынша:
- игіліктер мен қызметтер нарығы;
- өндіріс құралдарының нарығы;
- ғылыми-техникалық жұмыстар нарығы;
- құнды қағаздар нарығы;
- жұмыс күщі нарығы;
Нарықтың көп түрлілігі кәсіпорындардың өзара әсер етуінің барлық жүйесіне
күрделі өзгерістер енгізуді талап етеді, тауардың өткізілуін тікелей
айланыс негізінде жүргізуді, сату – сатып алудағы бейнелеп-есептеу сипатын
нақты сату – сатып алумен алмастыруды, шаруашылық байланыстарындағы
серіктестіктерді еркін таңдауды талап етеді. Осындай нарықтың құралдарына
тауар және қор биржалары, маманданған қоймалар, коммерциялық орталықтар,
көтерме сауда орындары, және тағы басқарлар да жатады.
2. Нарықтарды тауарлық топтар бойынша жіктеуге болады:
- өндірістік қызметке бағытталған тауарлар нарығы;
- халық тұтынатын тауарлар, азық – түлік тауарлар нарығы;
- шикізат пен материалдар және т.б. нарықтары;
Ауылшаруашылық шикізаттары нарығында азық – түлікке және ауылшаруашылық
шикізаттарына қажеттіліктерді қамтамасыз ететін, ауылшаруашылық өнімдер
қоры жасалады. Тұтыну тауарлары нарығының қалыптасуы осы тауарлардың
өндірілу көлемінің елеулі дәрежеде өсуін, сатып алушылық сұранысты
қанағаттандыру үшін бәсекелестіктің кең пайдалануын, фирмалық дүкендердің
көбеюін орындайды.
3. Кеңістік (территориялық) критерийі бойынша мынадай нарықтар болады:
- аймақтар ішіндегі;
- аймақаралық;
- республикалық;
- республикааралық;
- халықаралық (әлемдік) нарықтар;
Осындай нарықтардың қалыпиасуы республиканың мемлекеттік егемендігін
қамтамасыз етеді.
4. Бәсекенің шектелуі дәрежесі бойынша мынадай нарықтар болады:
- монополиялық;
- олигополиялық;
- салааралық нарықтар;
5. Нарық қатынастарының субъектілері бойынша мынадай нарықтар болады:
- көтерме сауда нарықтары; Бұнда сатып алушы мен сатушылар болып
кәсіпорындар және ұйымдар әрекет етеді.
- бөлшек сауда нарықтары; Бұнда сатып алушылар – жеке азаматтар.
- ауылшаруашылық өнімдерін мемлекеттік сатып алу нарықтартары; Бұнда
сатып алушы мемлекет, сатушылар – ауылшаруашылық өнімдерін тікелей
өндірушілер: совхоздар, колхоздар, фермерлер, агрокешендер және тағы
басқалар.
6. Экономикада заңдылықты сақтау жағынан мынадай нарықтар болады:
- заңды, ресми нарықтар;
- заңды емес, көлеңкеленген нарықтар, және т.б.
Нарықтардың құрылымын зерттеу, оларды негізгі түрлерге бөлуге мүмкіндік
береді.
7. Тауарлар мен қызметтер нарығы. Бұл топқа жататын нарықтар:
- тұтыну тауарларының нарықтары – азық-түлік және азық-түлік емес
тауарлар нарығы;
- қызметтер нарығы – тұрмыстық, көлік, коммуналдық қызметтер:
- тұрғын үй және өндірістік емес ғимараттар нарығы;
8. Өндіріс факторларының нарығы; бұған жататындар:
- жылжымайтын мүліктер нарығы;
- еңбек құралдарының;
- шикізат пен материалдардың;
- қуат ресурстарының;
- пайдалы қазбалар нарықтары;
9. Қаржылар нарығы:
- капиталдар нарығы немесе инвестициялық нарықтар;
- несие нарықтар;
- құнды қағаз нарықтары – акциялар, облигациялар, опциондар, варианттар,
және фьючерстік контрактардың және т.б.
- валюта – ақша нарықтары;
Интеллектуалдық өнімдер нарығы – инновациялардың, ойлап табулардың,
информациялық қызметтердің, әдебиет және өнер еңбектерінің нарықтары.
Жұмыс күші нарығы – бұл еңбек ресурстар қозғалысының экономикалық
формасы. Бұнда нарық экономикасы заңдарына сәйкес жұмысшы күші миграция
жасап отырады.
Аймақтық нарықтар – жергілікті, ішкі, ұлттық, сыртқы, халықаралық
нарықтар.
Нарық қатынастарының даму кезеңдері, ертеден келе жатқан шаруашылықтың
жүргізу құралы, оның дамуының өзіндік тарихы бар. Нарықтың қалыптасуы
айырбас пен қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуымен байланысты. Нарық
қатынастарының дамуын мынадай негізгі кезеңдерге бөлуге болады:
1. Нарықтың элементтерінің пайда болуы;
2. Натуралдық айырбас кезең нарығы;
3. Тауарлар балама кезеңінің нарығы;
4. Тауар емес балама кезеңінің нарығы;
Бірінші кезеңде айырбас операциялары тұрақсыз, кездейсоқ болады. Олар
өндірістің шарттары, әрбір жеке сауда-саттық көріністерде кездейсоқ болады.
Екінші кезеңдегі тауар қозғалысын мына формула бойынша Т1 – Т2 көрсетуге
болады. Балама айырбас көбінесе көп өндірістің шарты бола бастайды. Соның
нәтижесінде қоғамдық қажетті шығындар категориясы қалыптасады.
Үшінші кезеңдегі тауар тепе – теңдігі мына айырбас формуласы бойынша Т1 –
Т2 болады. Әрбір жергілікті нарыққа балама тауардың бір тірі тән. Ол ерекше
тұтыну қасиетіне байланысты әрдайым ортасынан ығысып шығып отырады. Бұл
кезеңде таза құн өзінің иеленушісінің белгілі бір заттық формасымен
біртұтас болып бірігіп кетеді.
Төртінші кезеңдегі алтынға тікелей айырбастың тоқталуы мен құнның таза
иеленушілері несие ақшалар өзінің тауарлық мәнін жоғалтады. Былайша
айтқанда, құнның өзінің заттық иеленушісінің оқшаулануы қазіргі замандағы
нарықты сипаттайтын құбылыс болып табылады.
Нарықтық экономиканың элементтері, қызмет ету принциптері.
Нарықтық механизмнің қалыптасуы.
Нарық экономикасының қызмет етуі, нарықтың белгілі элементтерінің болуын
талап етеді. Осылардың жиынтығы нарық жүйесін құрайды.
Нарық экономикасының бірінші және өте маңызды элементі - өндірушілер мен
тұтынушылар. Бұлар қоғамдық еңбек бөлінісі процесінде қалыптасады –
біреулері тауарды өндіреді, екіншілері оны тұтынады. Тұтыну жеке тұтыну
және өндірістік тұтыну болып бөлінеді. Жеке тұтынуды тауарлар өндіріс
сферасынан шығып, адамдардың жеке қажеттіліктеріне пайдаланады. Өндірістік
тұтыну өндіріс процесін әрі қарай жалғастырып жүргізу болып табылады. Бұнда
тауарды басқа өндірушілер әрі қарай өңдеуге пайдаланады. Бұл жағдайда
өндірушілер мен тұтынушылардың бір-бірімен байланысы, әрқайсының
әрекеттерінің нәтижелерін айырбастау арқылы жүріп отырады. Нарық
шаруашылығында бұл байланыстар тұрақты болады, мамандануға негізделеді және
көтерме нарықтық келісімдер формасында жүреді.
Нарық экономикасының екінші элементін өндіріс орындарының корпоративтік
басқаруына негізделген, меншіктің жеке немесе аралас формаларымен болжанған
экономикалық оңашалануды құрайды.
Нарық экономикасының үшінші маңызды элементі – баға. Бағаны жеке талдап
танысайық. Бұл жерде тек екі мәселені ескереміз. Бірінші, баға сұраныс пен
ұсыныс нәтижесінде қалыптасады. Бұлардың сәйкестігі конъюнктураға
байланысты өзгеріп (тербеліп) отырады. Екінші – осы географиялық ауданда
өндірілген тауарға нарықтық қатынастар әсерінің сферасын баға анықтайды.
Осы сфераның шегін трансакциондық шығындар болжайды, яғни айырбаспен
байланысты айналым шығындары болжайды.
Нарық экономикасының төртінші, оратлық буыны – екі құрылымнан, сұраныстан
және ұсыныстан тұрады. Нарықта сұраныс тауарларға қажеттілік болып
көрінеді. Осы тауарларды тұтынушылар қалыптасқан бағамен ақшалай
табыстарына сатып алады. Сұраныс өндірудың ең тиімді әдісін қолданудың және
ресурстарды тиімді пайдаланудың стимулы болып табылады. Сұраныс пен ұсыныс
материалдық игіліктерді өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы тұрақты
байланыстарды қамтамасыз ететін, нарық механизмінің өте маңызды
элементтері.
Нарық механизмінің бесінші элементі – бәсеке. Бұл пайданың жоғары болуын
және осының негізінде өндіріс масштабын кеңейтуді қамтамасыз етеді. Бәсеке
нарық субъектерінің өзара әсерінің және пропорцияларды реттеу механизмінің
формасы болып табылады. А. Смит бәсекені нарықтың көрінбейтін қолы деген.
Көрінбейтін қол идеясының мәні: адамдар өз мүдделеріне сәйкес, өздерінің
қара басының қамын ойластырып әрекет етеді. Осы әрекеттердің жиынтығы қоғам
пайдасына шешіледі, қоғам экономикасын жандырады. Бәсекенің басты қызметі
экономиканың реттеушілерінің – бағаның, пайданың нормасының, проценттің,
т.б. мөлшерін анықтау болып табылады.
Нарықтың маңызды элементтеріне нарықтық инфрақұрылым жатады. Нарық тауар
биржаларының көтерме және бөлшек сауда құрылымдарының құрылып, қызмет етуін
талап етеді.
Нарық экономикасы әрекеттерінің механизмі үш басты принциптерге
негізделеді:
• маржиналдық (шекті) талдауға;
• балама таңдау шығындарына;
• экономикалық рационалдыққа.
Маржиналдық талдау принциптері негізінде нарық субъектілерінің іс-қимылы
жүріп отырады. Олардың әрекеттеріне әсер ететін орташа емес, шекті шамалар
болады. Осының нәтижесінде нарықты тауарлармен толық қамту, нарықтық
бағаның өзгеру, нарық экономикасының бір жағдайдан басқашаға ауысуы бірте-
бірте жүріп отырады. Жаңа, шекті субъектінің пайда болуы нарық
экономикасына, ондағы ұсыныс пен сұранысқа, мәнді әсер етпейді. Жетілген
нарық жағдайында, яғни, үлкен және үнемі болатын ұсыныс кезінде, шаруашылық
жүргізушілер өте көп болғанда, олардың әрқайсының нарықтағы жеке үлес
салмағы шексіз аз шамада болады. Маржиналдық бағыт нарықтық ортаның үзілмей
қызмет етуін қамтиды деуге болады; сұраныс пен ұсыныстың күрт тербелуіне
жол бермейді; тауар өндірушілер мен тұтынушылар тепе-теңдік болмысын
қамтамасыз етіп отырады.
Балама таңдау шығындарының принциптері. Балама таңдау шығындарына,
тікелей шығындар және ресурстарды пайдаланудың немесе кәсіпкерлік
әрекеттердің, осыдан басқа өзгеше әдістерінен бас тартудың салдарынан
түспеген, табыстың және тікелей шығындардың жиынтығы жатады. Нарық
экономикасының ерекшелігі мынада: барынша қолданылмаған мүмкіндіктердің
варианттарының ішінен, ең ұнамсыз болса да, әйтеуір күмәнсіз табысқа
жеткізетін варианты таңдап алынады. Балама таңдау шығындарының принципі
өндірушілерді, олардағы бар ресурстарды тиімді қолдануға ынталандырады.
Экономикалық рационалдық принципі табыс пен шығындарды салыстырып отыруға
негізделеді. Рационалдық таңдау өзгеріп тұратын варианттардан жасалады. Осы
варианттардың ішінен, мүмкін болатын пайда ең аз көлемде болса да, күмәнсіз
табысты қамтамасыз ететін вариант алынады. Рационалдықтың критериі – табыс
төтенше құқықтың болуымен байланысты. Фирма неғұрлым өзінің пайдасын
көбейтуді көздейді, ал тұтынушылар – капиталды шектеп пайдалана отырып,
барынша өздерінің жағдайын жақсартуды көздейді. Нарық экономикасын осы
аталған принциптер негізінде құру, тепе-теңдік болмысына жетуді қамтамасыз
етеді. Осы болмыс нарық механизмінің орталық проблемасы. Бұл жағдай екі
қарама-қарсы күштерді қолдануға негізделеді. Бір жақтан сұраныс пен
ұсынысты; екінші жақтан, нарықтағы бағаны.
Сирек кездесу нарық экономикасының өте маңызды шарты болып табылады
сиректік деген түсінік экономистер үшін өте маңызды методологиялық құрал,
әсіресе тауардың пайдалылығын дәлелдеуде қолданылады. Демек, шекті
пайдалылық теориясында сиректік деген түсінік негізгі және ешқандай
түсіндірме тілемейтін, физикалық ақиқат болып табылады. Сиректік
мәселелерін зерттеу, белгілі бір тұрғыда кейбір игіліктердің тапшылығын
дәлелдеуге мүмкіндік береді.
Классикалық мектептің өкілдері Д.Рикардо, А.Смит сиректік түсінігін
құнмен байланыстырады. Олардың айтуы бойынша, сиректік еңбектің санымен
қатар, тауардың құнын белгілейтін маңызды факторларға жатады. Осы замандағы
нарықтық қатынастар теориясында сиректіктің түсінігі белгілі
трансформацияға ұшырап отыр. Егер бұрын сиректікті табиғи және әлеуметтік
факторлармен байланыстырған болса, қазір сиректік нарықтың қызмет ету
мерзімімен байланыстырылып отыр. Сұранысы мол жаңа игілік бір мезетте және
толығымен қажеттіліктерді қамтамасыз ете алмайды. Бұл үшін белгілі уақыт
мерзімі қажет. Осыдан тұжырым: сиректігі мол болған сайын, осы игіліктің
қажет санын өндіруге соншама мол уақыт керек.
Нарықтық экономиканың үлгілері.
Қазіргі уақытта Қазақстанда барша шаруашылық жүргізудің экономикалық
жүйелік қызметтерінің нарықтық үлгісі жасалуда.
Осы жағдайда нарық экономикасы жоғары дамыған елдер қолданып отырған
үлгілердің ерекшелігін білу өте қажет. Алдымен нарзарымызды барлық нарықтық
жүйелер және олардың даму бағыттары тәуелді болатын жағдайларға көңіл
аударайық:
• географиялық орналасу;
• табиғи ресурстардың бар болуы;
• тарихи даму жағдайлары;
• халықтың дәстүрі, әдет-ғұрыпы;
• өндіргіш күштердің даму дәрежесі;
• қоғамның әлеметтік бағытталуы.
Шаруашылық жүргізудің нарықтық шарттарының әр елдердің өзіне тән
ерекшеліктері болады.
Сонымен қатар барлық нарықтық үлгілердің ортақ көрсеткіштері болады:
• меншіктің әр алуан формаларының болуы;
• тауарлар мен қызметтерге көбінесе еркін баға болуы;
• еркін бәсекенің дамыған жүйесі;
• кәсіпкерлік әрекеттердің кең тарауы;
• экономиканы мемлекеттік реттеудің белгілі жүйесі.
Қазіргі заманда қолданылатын нарықтық үлгілердің бірнешесін атап өтуге
болады.
Американдық үлгі. Бұл үлгі капитализмнің либералдық үлгісі деп
аталады. Ерекшеліктері:
• мемлекеттің экономикадағы реттеуші рөлі өте төмен. Мемлекеттің
экономикаға кірісуі көбінесе экономикалық дағдарыстармен (ХХ ғ. 30-
70-ші жж.), немесе, экономиканың күрт өсуімен (ХХ г. 60-шы жж. –
кедейлікпен үресу, әлеуметтік бағдарламалардың санының өсуі)
байланысты болады.
• кәсіпкерлікті барынша қолдау (ХХ ғ. 80-ші жж. АҚШ-да кіші
кәсіпкерлік жаңа жұмыс орындарының 80% қамтиды);
• халықтың бай, кедей болып әйгілі бөлінуі;
• жалақы айырмашылығының тым алшақтығы. Фирманың бастығының жалақысы
жабайы қызметкердің жалақысынан 110 есе артық;
- жетімді түрде қамтамасыз етілмеген топтардың әл-ахуалы жарамды
дәрежеде.
Жапониялық үлгі. Осы замандағы шаруашылық жүргізу үлгісі дамудың ерекше
жағдайында қалыптасқан. Әскери шығындардан бас тартып, Жапония барлық
мүмкіндіктерін бейбіт мақсатқа, яғни, өнеркәсіптің экономикалық
потенциалын өсіруге жұмылдырған. Осы мақсатқа жетуге көмек берген
жағдайлар: американдық және батысеуропалық патенттер мен лицензияларды
еркін сатып алу, дүниежүзілік шикізаттар мен нарықтары бағаларының
төмендеуі, жапониялық жұмысшы күшінің салыстырмалы арзандығы, елеулі әскери
шығындардың болмауы. Жапондық үлгінің негізгі белгілері:
1. Ұлттық экономиканың негізгі бағыттарына мемлекет әсері өте
жоғары. Алдымен мемлекет танкерлер өндіруді қолдады, содан кейін
– аз литражды автомошиналарды, ал XX ғ. 70-ші жылдарынан бастап
– электроника мен компъютер өндірісін қолдады. Осының
нәтижесінде XX ғ. 70-ші жж. Ортасына дейін Жапония елеулі
дағдарыстан аулақ болды және экономика ұнамды даму алды;
2. Өзін өзі қорғаудың дамуы мен нығайтылуының 5-жылдық жоспарларын
жасау. Қазір 1991 – 1995 жж. Қамтитын 8-ші бес жылдық жоспар
аяқталды. Жапондық кереметтің болар алдында экономиканы
дағдарыстан шығарудың және тиімділігі жоғары өндірісті жасаудың
30 жылдық жоспары жасалған;
3. Фирмалардың басым көпшілігі жұмысшыларды барлық өмірлік мерзімге
жалдайды; жұмысшыларды ортақ ынта арқылы біріктіру; жұмысшыларды
басқаруға және шешім қабылдауға тарту;
4. Жалақы дәрежелерінің айырмашылықтары көп емес – фирма бастығының
жалақысы жабайы жұмысшылардыкінен 17 есе артық;
5. Үлгінің әлеуметтік бағытталуы. Әлеуметтік мәселелерді шешу
көбінесе корпорация мен бірлестіктерге жүктелген.
Неміс үлгісі. Әлеуметтік – экономикалық мазмұны жағынан бұл үлгі
Жапониялық үлгіге ұқсас. Әлеуметтік нарық экономикасының бас идеологі
Людвиг Эрхард. Ол өз кітабында немістің жаңа экономикасының қызмет етуінің
негізгі принциптерін баяндайды.
Неміс үлгісінің негізгі ерекшеліктері:
1. Экономикаға мемлекеттің зор әсер етуі. Бұл жағдай әсіресе
әлеуметтік мәселелерді шешуде байқалады. Мемлекет елеулі
әлеуметтік міндеттер атқарады: тегін медицина, білім, және т.б.
2. XX ғасырдың 70-ші жж. Басында Германияда негізгі
макроэкономикалық көрсеткіштерге таргетирование (жоспарлау)
принципін қолдану жүзеге асырылған. Осымен қатар, жұмысшылар
кәсіпорын меншігіне де қатысады.
3. Неміс үлгісінде Жапониялықтай, банктер шешуші роль атқарады.
Орталық банк толық автономия негізінде жұмыс істейді.
4. Жапондық үлгідей, жалақы дәрежесінің айырмашылығы елеулі емес –
фирма бастығы мен жабайы қызметкер жалақысының ара алшақтығы 23
есе.
Шведтік үлгі. Бұл үлгінің айырмашылықтары: әлеуметтік бағытталу, мүліктік
теңсіздіктің төмендегі, жеткілікті түрде қамтамасыз етілмегендерге
қамқорлық жасау. Кейде швед үлгісін социализмнің екінші үлгісі деп атайды.
Швецияда өмір дәрежесі мен азаматтық құқық жақсы қамтамасыз етілген.
Жұмыссыздық төмен дәрежеде. Мемлекеттік сектордың дәредесі өте жоғары.
Қызметтердің басым көбін мемлекеттік сектор тегін көрсетеді. Баға
белгілеуге мемлекет белсенді кіріседі.
Француздық үлгі. Бұл үлгінің елеулі ерекшеліктері американдық пен неміс
үлгісінің орта шамасы. Француздық үлгіде мемлекеттің реттеуші ролі күшті.
1947 ж. бастап бес жылдық жоспарлар – индикативтік жоспарлау жүзеге
асыралып отыр. Бұл үлгіге мемлекеттік кәсіпкерліктің жоғарғы дәрежесі тән.
Капиталдың қорлануына мемлекет белсенді қатысады.
Оңтүстік Кореялық үлгі. Осы үлгі Оңтүстік Кореяны қысқа мерзімде алдыңғы
индустриялдық жоғары дамыған елге айналдырды. Бұл үлгінің ерекшелігі –
мемлекет экономиканың дамуына ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz