Оңтүстік Қазақстан облысындағы туризмнің жағдайы



Кіріспе
Оңтүстік Қазақстан облысының туризм дамуының алғышарттары
1.1 Табиғи жағдайы
1.2 Жер бедері
1.3 Климаты
1.4 Су қорлары
Негізгі бөлім
2.1 Туристік нысандар мен дамытуға қолайлы туризмнің түрлері
2.2 Туризм инфрақұрылымына талдау
2.3 Облыстағы тарихи.мәдени, танымдық, емдік ресурстар
2.4 Оңтүстік Қазақстан облысындағы туризм саласы бойынша қосымша мәлімет

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілік-аумақтық бірлік ретінде 1932 жылы 10 наурызда құрылған, республиканың оңтүстігінде, Сырдария алабында орналасқан. Жер көлемі 117,3 мың км2, бұл Қазақстан аумағының 4.3% бөлігін құрайды. Халқының саны 2282,5 мың. Терістігінде Қарағанды, батысында Қызылорда, шығысында Жамбыл облыстарымен, ал оңтүстігінде Өзбекстан Республикасымен шектеседі. Облыста 11 аудан, 8 қала, 13 кент және 932 ауылдық елді мекен бар. Облыс аумағы 171 ауылдық округтерге және 13 кенттік округтерге бөлінген. Орталығы - Шымкент қаласы.
Облыс тұрғындарының саны жағынан республикада алдыңғы орында тұрған облыстардың бірі екендігі, байырғы тарихи-мәдени орындарының молдығымен де ерекшеленетіндігі белгілі. Атақты Отырар қамалы, түркі жұртына мәлім болған бұрынғы Иасы, қазіргі Түркістан қаласы, осы топырақта туып өскен, орта ғасырдағы атақты шығыс жұлдыздарының қатарында аталып жүрген ғалымдардан, ғұламалардан қалған көне соқпақтың ізін әлі де саралай түсу - бүгінгі ұрпақтың парызы.
Республикада қолайлы табиғи жағдайларымен ерекшеленетін, қысы қатал, жазы салқын Түлкібас пен түгін тартса майы шығатын Жетісайдың, жайма шуақ Түркістанның арасында ежелде өмір сүрген өркениетті ел болғандығын дәлелдейтін археологиялық қазба орындар мол. Жақпар тастарда, қыш кітаптарда қалған таңбалар оңтүстік өлке тарихының сырлы белгісі іспетті.
Ерте кездердің өзінде Оңтүстік өңірі, оның Отырары мен Түркістаны, Сайрамы мен Шымкенті, тағы басқа қалалары, Қаратауы мен Алатауы, Мырзашөлі мен Қызылқұмы, Созағы мен Қазығұрты, Сырдариясы мен Арысы сиякты таулары, өзен, сулары, жазиралы далалары, берекелі құмдары баршаға мәшһүр болған. Тіпті әріге кететін болсақ, Қаратаудың күнгей және теріскей беттері адамзаттың бұдан миллион жыл бұрын мекен еткен жерлері екендігі ғылыми тұрғыдан дәлелденген. Оңтүстік өлкесі - небір қасиетті, әулие ата-бабаларымыздың кесене-күмбездері, тарихи-мәдени ескерткіштері неғұрлым көбірек сақталған аймақ. Олардың әрқайсысы өз кезендерінен өзгеше шежіре шертеді.
1 ОҚО әкімшілік сайты
2 Қазақ Ұлттық энцеклопедиясы
3 Егемен Қазақстан №23, 15 шілде 2002 жыл

Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы ғылым және білім министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
География факультеті
Туризм кафедрасы

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Оңтүстік Қазақстан облысындағы туризмнің жағдайы

Орындаған;
Тексерген;

Алматы
Жоспар
Кіріспе
Оңтүстік Қазақстан облысының туризм дамуының алғышарттары
1.1 Табиғи жағдайы
1.2 Жер бедері
1.3 Климаты
1.4 Су қорлары
Негізгі бөлім
2.1 Туристік нысандар мен дамытуға қолайлы туризмнің түрлері
2.2 Туризм инфрақұрылымына талдау
2.3 Облыстағы тарихи-мәдени, танымдық, емдік ресурстар
2.4 Оңтүстік Қазақстан облысындағы туризм саласы бойынша қосымша
мәлімет

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілік-аумақтық бірлік ретінде 1932
жылы 10 наурызда құрылған, республиканың оңтүстігінде, Сырдария алабында
орналасқан. Жер көлемі 117,3 мың км2, бұл Қазақстан аумағының 4.3% бөлігін
құрайды. Халқының саны 2282,5 мың. Терістігінде Қарағанды, батысында
Қызылорда, шығысында Жамбыл облыстарымен, ал оңтүстігінде Өзбекстан
Республикасымен шектеседі. Облыста 11 аудан, 8 қала, 13 кент және 932
ауылдық елді мекен бар. Облыс аумағы 171 ауылдық округтерге және 13 кенттік
округтерге бөлінген. Орталығы - Шымкент қаласы.
Облыс тұрғындарының саны жағынан республикада алдыңғы орында тұрған
облыстардың бірі екендігі, байырғы тарихи-мәдени орындарының молдығымен де
ерекшеленетіндігі белгілі. Атақты Отырар қамалы, түркі жұртына мәлім болған
бұрынғы Иасы, қазіргі Түркістан қаласы, осы топырақта туып өскен, орта
ғасырдағы атақты шығыс жұлдыздарының қатарында аталып жүрген ғалымдардан,
ғұламалардан қалған көне соқпақтың ізін әлі де саралай түсу - бүгінгі
ұрпақтың парызы.
Республикада қолайлы табиғи жағдайларымен ерекшеленетін, қысы қатал,
жазы салқын Түлкібас пен түгін тартса майы шығатын Жетісайдың, жайма шуақ
Түркістанның арасында ежелде өмір сүрген өркениетті ел болғандығын
дәлелдейтін археологиялық қазба орындар мол. Жақпар тастарда, қыш
кітаптарда қалған таңбалар оңтүстік өлке тарихының сырлы белгісі іспетті.
Ерте кездердің өзінде Оңтүстік өңірі, оның Отырары мен Түркістаны,
Сайрамы мен Шымкенті, тағы басқа қалалары, Қаратауы мен Алатауы, Мырзашөлі
мен Қызылқұмы, Созағы мен Қазығұрты, Сырдариясы мен Арысы сиякты таулары,
өзен, сулары, жазиралы далалары, берекелі құмдары баршаға мәшһүр болған.
Тіпті әріге кететін болсақ, Қаратаудың күнгей және теріскей беттері
адамзаттың бұдан миллион жыл бұрын мекен еткен жерлері екендігі ғылыми
тұрғыдан дәлелденген. Оңтүстік өлкесі - небір қасиетті, әулие ата-
бабаларымыздың кесене-күмбездері, тарихи-мәдени ескерткіштері неғұрлым
көбірек сақталған аймақ. Олардың әрқайсысы өз кезендерінен өзгеше шежіре
шертеді.

Табиғаты
Оңтүстік Қазақстанда болған адам осы бір тамаша өлке мен оның
ғажайып табиғатынан алған әсерлерін мәңгі есте сақтайды.
Оңтүстік Қазақстан облысы Тянь-Шань тауының батыс сілемдері мен
Тұран ойпатының шығысын алады, Оның солтүстік бөлігін Бетпақдала шөлі,
оңтүстік қиыр шетін Мырзашөл куаң даласы алып жатыр.
Оңтүстік Қазақстан облысының шағын ғана аумағын салыстыра қарағанда
өзіне астасқан ғажап табиғаттың бояу тақтасын еске салатын алуан түрлі
ландшафты сыйғызғанын көресіз. Бір жағынан, байсалды қалпындағы атам
заманғы дала суреті, сондай-ақ сирек ұшырасатын, әдеттегі өсімдіктер
түрлерінен тұратын әсем өрнек. Облыстың бір бөлігінде - тіршілік куан
көрінгенмен де, оның дәл қасында жануарлар үшін таптырмас жұмақ жер тұр.
Облыстың солтүстігіне қарай Бетпақ дала мен Мойынқұм Қаратау қырқаларына
иек артқан. Нақ осы тұста, бұлақтар мен дала қайнарларының айналасындағы
шалғындарда сан ғасырлық мал жайылымына пайдаланылатын жерлер қалыптасқан.
Жер бедері
Облыс жері негізінен жазық, көпшілік бөлігін орташа биіктігі теңіз
деңгейінен 200-300 м болатын Тұран ойпатының шығыс бөлігі алып жатыр.
Терістігіңде Бетпакдала шөлі, Шу аңғарының оңтүстігін Мойынқұм, облыстың
батысында Қызылқұм және Шардара даласы, қиыр оңтүстігін Мырзашөл алып
жатыр. Орталық бөлігінде, Жамбыл облысының аумағымен шектес, оңтүстік-
шығыстан солтүстікке қарай 217 километрге көлбей созылып Қаратау жотасы (ең
биік нүктесі 2176 м) жатыр, ал оңтүстік-шығысыңда Талас Алатауының батыс
шетіндегі - Өгем жотасында облыстың ең биік нүктесі - Сайрам шыңы (4238 м)
бар. Өгем мен Келес өзеңдерін бөліп жатқан Қаржантау жотасы Тәңіртаудың
(Тянь-Шань) ең батыс сілемі болып табылады. Қаржантаудың орташа биіктігі
2000 м, ал ең биік нүктесі - Мыңбұлақ тауы (биіктігі 2834 м). Қаржантаудан
солтүстік батыска қарай тарихы терең, аңызға толы қарт Қазығұрт (ең биік
нүктесі 1600 м) тұр. Қазығұрт тауы оңтүстігіде Келес өзенінің аңғарына
тіреледі.
Қазығұрт туралы жыр да, аңыз да көп. Көк Тәңірі дүние жүзін топан
су басқан кезде жаңа бір пәк дүние жасау үшін Нұх пайғамбардың кемесіне
адамзат, жан-жануар, ұшқан құстан, өсімдіктен жұп-жұбымен отырғызып, таза
тұқым сақтап қалмақ болған. Топан тартылып, су қайтқанда, Нұх пайғамбардың
кемесі Қазығұрт тауының басына қайырлапты деседі.
Облыс аумағының жер бедеріндегі жазықтар мен таулы аймақтар жиі
алмасып отырады. Мұнда алуан түрлі құмды, сортаң шөлдерден биік тау
мұздықтарына дейінгі климаттық табиғат зоналары кездеседі. Таулы аймақтарда
болып тұратын тектоникалық жер сілкіністері аумақтағы тау түзілу
процестерінің әлі аяқталмағандығын көрсетеді.
Климаты
Облыс аумағының географиялық орнына (яғни атмосфераның
ылғалдылықтың негізгі көзі мұхиттардан тым шалғай орналасуына) және жер
бедерінің сипатына байланысты қуаң континенттік климат қалыптасқан. Мұнда
күндізгі және түнгі, қысқы жөне жазғы температуралар шұғыл ауытқып отырады.
Жазы ұзақ, облыс түстігінде 8 айға дейін созылады. Қысы жылы: ең суық ай -
қаңтардың орташа температурасы -2 -9°С. Ең суық кезең Созақта тіркелген (-
41°С).
Жазы ыстық: шілде айының орташа тем-пературасы 20-30°С. Ең ыстық
кезең Шардарада (47°С) тіркелген. Вегетация кезеңі 230-320 тәулікке
созылады.
Шөлді аудандарда жылдық жауын-шашын мөлшері 100-170 мм, тау
етектерінде 300-450 мм, ал биік тауларда 1000 мм-ге дейін құбылады. Жауын-
шашын негізінен көктем мен күз айларында болады. Қар жамылғысының орташа
қалыңдығы 20-40 см аралығында, жазықта 2 айға, тауларда 5 айға дейін
жатады. Қар қарашаның соңы, желтоқсанның басында түсіп, наурыз айында ери
бастайды.

Су қорлары
Облыстың су қорларын ірілі-ұсақты 127 өзен (жалпы үзыңдығы 5 мың
шақырымдай), 34 көл (көлемі 110 млн. текше метр), 30 бөген (көлемі 6 млрд.
текше метр), 29 пайдаланылатын жер асты сулары және 5 минералды су көздері
құрайды. Жалпы облыс аумағына жылына орташа есеппен 37 млрд. текше метрге
жуық су келіп, осыншама мөлшерде су кетіл отырады.
Облыстағы ең ірі және ұзын өзен - Сырдария өзені басқа
мемлекеттерден басталып, Қызылорда облысы арқылы Арал теңізіне қүяды. Облыс
аумағындағы Сырдария өзенінің негізгі саласы Арыс өзені (378 км), ол Алатау
мұздықтарынан басталып, жол-жөнекей Боралдай (130 км), Ақсу (133 км), Машат
(60 км), т.б. көптеген өзен суларымен толығады. Маңызды да ірі өзендер
қатарына Келес (102 км), Бадам (145 км) өзендерін жатқызуға болады.
Облыстағы ең үлкен суқойма - Шардара бөгені 1965 жылы пайдалануға
берілген, су сыйымдылығы 5,2 млрд. текше метр, су өткізу мөлшері 200 м3с.
Одан су алатын Қызылқұм (106 км), Шардара (10 км) каналдары арқылы 71,5 мың
гектар егістік жер суландырылады. Бөген суқой-масының сыйымдылығы 37 млн.
текше метр, ол Бөген, Арыс өзендерінің суларымен толығып отырады.
Облыстағы жерасты суларының қоры ретінде Бадам-Сайрам, Мырғалымсай,
Талас-Ақсу, Иқансу, Бөген жерасты су көздерін атауға болады, Шу-Сарысу
артезиан алабының су қоры 260 млн. текше метрден асады, минерадды сулар
Сарыағаш, Манкент шипажайлары мен Темірлан ауылда-рында арнайы рұқсатпен
пайдалануға берілген.
Аңшылық
Ордабасы, Қазығүрт, Төле би, Созақ, Түркістан, Түлкібас, Отырар және
Бәйдібек аудандарында аң аулауға пайдаланылатын жерлер мол. Қазақы тазы
жүгіртіп, бүркіт, сұңқар сияқты құс салу сияқты ұлттық аңшылыққа
негізделген туризмге ден қоюшылардың қызығушылығын арттыра түседі.
Бұдан өзге Түлкібас, Төле би, Қазығұрт аудандарында атпен және
жаяулап саяхаттаушыларға, сондай-ақ туризмнің басқа да түрлеріне кең жол
ашылған.
Төле би ауданының жер жағдайы, табиғаты мен ауа райы қысқы туризмді
өрістетуге қолайлы: осы бағытта Тау самалы демалыс лагері маңында аспалы
жол мен шаңғы базасы салынды. Бұл көптеген қызмет түрлерін көрсету
тораптарын өрістетуге, демалыс лагерьлерінің жұмысын жандандыруға,
инфрақүрылымды дамытуға серпін береді. Біркөлік санаторийі қалыпқа
келтіріліп, іске косылуда.
Сарыағаш ауданындағы әйгілі бұлақ көздері маңайындағы санаторийлік
демалыс пен емдеу орындары, сондай-ақ Сайрам ауданындағы Манкент шипажайы
келушілер санын арттыра түсуде.

Қорық
Ақсу-Жабағылы қорығы - әлемнің айрықша қорғауында болатын қорықтар
қатарына жататын Батыс Тянь-Шаньның көрікті жері.
Қорық 1926 жылы кұрылған. Оның иелігіңде бай өсімдік пен
жануарлар дүниесі камтылған. Мұнда жануарлар мен кұстардың 55-тен аса түрі
және 200-ден аса өсімдік түрі бар. Олардың көпшілігі Қызыл Кітапқа
енгізілген.
Тянь-Шань тауының көзтартар жоталары мен сайлары, Ақсу өзенінің
арнасы ешкімді де бей-жай қалдырмайтыны анық.
Түлкібас ауданындағы бақылауға алынған табиғи ескерткіштер -
Ақбиік ауылындағы ғажап үңгір, Пістелідегі жаңғақ тоғайы, Машат сайы және
басқа да көптеген көрікті табиғат қойнаулары.
Батыс Тянь-Шаньның тамаша табиғатын 2003 жылы өңірімізге келген
ЮНЕСКО Комиссиясы қанағаттанған сезіммен атап өтті. Комиссия осынау көп
бөлігі Оңтүстік Қазақстан облысына қарайтын табиғат бұрышын алдағы уақытта
сақтау үшін шекаралас үш мемлекетті күш біріктіруге шақырды. Қожа Ахмет
Яссауи кесенесіне барабар Жабағылы қорығы да ұлт мақтанышы болып табылады.
Оңтүстік Қазақстанда туризм инфрақұрылымының талдауы
Оңтүстік Қазақстан облысында 802 тарих және мәдениет ескерткіштері
бар, 528-і археологиялық ескерткішкерге, 42-і тарих ескерткіштеріне,
226-ы архитекура ескерткіштеріне жатады.
Облысымзда жүргізілген талдау негізінде, шетел және Қазақстан
туристерін қызықтыратын туризм және мүнәжәт ету орталықтарын белгілеп
көрсетуге болады. Оларға Түркістан, Шымкент қалалары, Отырар, Түлкібас,
Сайрам, Төлеби, Қазығұрт, Бәйдібек, Созақ аудандары және т.б жатады.
Жалпы Ұлы Жібек жолының Қазақстандық бөлігінде, Оңтүстік Қазақстан
қалалары жүйесінде Түркістан қаласы ерекше орын алады. “Discovery Central
Asia” журналының шетел азаматтарына Қазақстандағы тартымды объектілері
жөнінде жүргізген сұрауы бойынша, Түркістан қаласы бірінші орынға иеленіп,
“2004 жылдың үздік туристік объектісі” сертификатына ие болды. Бұл жерде
дүниежүзіне әйгілі- жалпы 35 әртүрлі бөлмелер мен залдардан тұратын, ежелгі
ойшыл, философ, мистик және ақын Х.А. Яссауидің мавзолейі (XIV-XVғ.ғ)
орналасқан. Мұнда жыл сайын мүнәжәт ету мақсатында мыңдаған туристер
келеді. Қалада туристердің орналасуына, тамақтануына және бос уақытты
қызықты өткізуіне жағдай жасалынған. Жұмыс істеп тұрған 8 қонақ үйінің
үшеуі жоғары дәрежелі етіп жабдықталынған. Қалада тамақтану объектілерінің
желісі, оның ішінде қазіргі сұранысқа сай кафе, ресторандар жақсы дамыған.
Сонымен қатар, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркістан облысында ішкі туризмнің бағыттары
Жамбыл облысында туризмді дамытудың басымдықтары
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ
Туризмді дамытудың шетелдік тәжірибесі
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ТУРИЗМ ДАМУЫНЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ
Қазақстандағы, оның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысындағы туризмді дамыту жолдары
Қазақстандағы экологиялық туризмнің дамуы
Алматы қаласындағы экскурсиялық - танымдық туризм
Туризм инновациясы
Қазақстандағы туроператорлық фирмалардың қызметі
Пәндер