Мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеудің рөлі



МАЗМҰНЫ:

Кіріспе 2

1.1 Мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеудің рөлі 5
1.2 Мемлекетті басқаруды ақпаратпен қамтамасыз ететін жүйені қалыптастырудың теориялық аспектілері 9
1.3 Мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеу проблемалары мен оларды шешу жолдары 14
1.4 Қазақстан Республикасындағы құқықтық реттеудің түп негізі және жүзеге асырылуы 17

Қорытынды 22

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 24
Кіріспе

Қазақстан Республикасы тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бері Қазақстан халқы өз алдына жоғары мәртебелі мақсат қойып отыр. Ол -құқықтық мемлекет құра отырып, толық ақпараттандырылған мемлекеттік басқару жүйесін құру. Бұл мақсатқа жету өте қиын. Мұндай мемлекетте заңның рухы үстемдік етеді және біздің республикамызда ақпараттық жүйені енгізу, тасымалдау және құруға байланысты әр түрлі мағлұматтар экономикалық әдебиеттерде әлі де толық зерттелмеген тақырып болып табылады. Соңғы жылдары есептеуіш техникалардың қарқынды дамуына байланысты мемлекетті басқарудағы ақпараттық жүйені қолдану заман талабы. Сондықтан ақпараттық жүйенің дамуын қарастыру – мемлекетті басқарудың аспаптық тәсілі ретінде өзекті мәселе болып отыр.
Құқықтық мемлекет болуына ең бірінші қадамымыз Ата Заңымыздың қабылдануы және де заңдар мен нормативтік актілермен барлық саланың қамтылуы болып есептелінеді. Осылар арқылы мемлекеттік билік пен басқарылу жүзеге асырылады. Соның ішіндегі мемлекеттік басқарудың рөлі өте зор.
ТМД елдерінде қазіргі ақпараттық экономикалық түрде басқаруды құру мәселесін бұдан он үш жыл бұрын қарастырды. Минскіде 1995 жылы 26 мамырда Тәелсіз Мемлекеттер Достастығында бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыру бойынша саяси келісім өткізу шешімі қабылданды.
Қазақстанда бұл саясат ҚР Президентінің 1997 жылғы 9 желтоқсандағы № 3787 «Қазақстан Республикасындағы бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыру» Жарлығы жарияланғаннан кейін іске асырыла бастады. 2030 жылға дейінгі Қазақстанның Даму стратегиясын және берілген Жарлықты негізге ала отырып, Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық кеңістік тұжырымдамасы өңделді, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 21 мамыр 2001 жылғы № 674 Қаулысында бекітілген Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын дамыту және қалыптастырудың бағдарламасы қабылданды. 2003 жылдан бастап республикада мемлекеттік жоспарлаудың (стратегиялық, индикативті, бюджеттік және т.б.) үдерістерінде басқару шешімін қабылдауда қолдау табатын бірыңғай ақпараттық – талдау жүйесі өңделе бастады.
Бүгінде барлық орталық ақпараттандыру саласында адамзаттың қызмет саласында ғылым мен техниканың қазіргі жетістіктерінсіз, телекоммуникацияның қазіргі құралдарынсыз және жаңа ақпараттық технологиясыз қоғамның дамуы мүмкін емес.
Ақпараттандырудың бірыңғай технологиялық саясаты, оны қамтамасыз етудің техникалық саясаты да өңделген жоқ. Министірлік және ведомстволықтар өз қызметтерін компьютерлендіру арқылы ішкі себептермен пайда болған сипатта әрекет етеді.
Бүгінде ең бастысы – дамудың нарықтық жағдайында маңызды болып есептелетін, ақпараттық технологиялық және техникалық құралдардың ұсынысы мен сұраным негізінде мемлекетті басқарудың ақпараттық жүйесінің қажетті көлемін болжайтын және ғылыми - әдістемелік негізде талдайтын құралдар тәжірибе түрінде пайдаланылмаған.
Осы курстық жұмыста мемлекеттік басқарудың негізгі әдісі мен ядросы болып саналатын құқықтық реттеу мәселесі мен ақпараттық жүйені енгізу қарастырылған.
Курстық жұмыстың көзделген мақсаты - Республикадағы мемлекеттік басқарудың негізгі әдісі ретіндегі құқықтық реттеудің мәні мен мазмұнын аша отырып, оның негізгі нысандарын анықтап, олардың мемлекеттік басқарудағы алатын орнын, атқаратын қызметін және рөлін анықтай отырып заман талабына сай ақпараттық жүйенің мемлекеттік басқаруда енгізуді қамтамасыз ету болып табылады. Ал оның рөлі мемлекеттік басқаруда алатын орны ерекше. Сондықтан да мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеуді зерттеу мен ақпараттық жүйені енгізуді саралау қажет.
Курстық жұмыстың негізгі бөлімінде мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеу және ақпараттық жүйені енгізу түсінігі, қажеттілігі, түрлері, нысаны және тағы басқа теориялық аспектісі ашылып көрсетіледі.
Ал, негізгі бөлімнің екінші бөлімінде тікелей Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеу мәселесі ашылған және де оның проблемалары мен оны шешу жолдары қарастырылады.
Курстық жұмыстың соңында қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімі көрсетілген.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Қазақстан – 2030 даму стратегиясы
2. Қазақстан Республикасының Конститутциясы
Алматы: Қазақстан, 2000. 96 бет
3. «Теория государственного управления»
Атаманчук Г. В. // Москва, 2004
4. Қазақстан Республикасының 2007 – 2024 жылдарға арналған орнықты дамуға көшу тұжырымдамасы туралы: 2006 жыл 14 қараша №216 // Егемен Қазақстан – 2006. 17 қараша.
5. «Мемлекеттік басқару теориясы»
Ж. Ихданов, Ғ.Н. Сансызбаева, Р.Ғ. Есенжігітова // Алматы, 2007

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ:
Кіріспе
2
1. Мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеудің рөлі
5
2. Мемлекетті басқаруды ақпаратпен қамтамасыз ететін жүйені
қалыптастырудың теориялық аспектілері
9
3. Мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеу проблемалары мен оларды шешу
жолдары 14
4. Қазақстан Республикасындағы құқықтық реттеудің түп негізі және жүзеге
асырылуы
17
Қорытынды
22
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
24

Кіріспе

Қазақстан Республикасы тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бері
Қазақстан халқы өз алдына жоғары мәртебелі мақсат қойып отыр. Ол -құқықтық
мемлекет құра отырып, толық ақпараттандырылған мемлекеттік басқару жүйесін
құру. Бұл мақсатқа жету өте қиын. Мұндай мемлекетте заңның рухы үстемдік
етеді және біздің республикамызда ақпараттық жүйені енгізу, тасымалдау
және құруға байланысты әр түрлі мағлұматтар экономикалық әдебиеттерде әлі
де толық зерттелмеген тақырып болып табылады. Соңғы жылдары есептеуіш
техникалардың қарқынды дамуына байланысты мемлекетті басқарудағы
ақпараттық жүйені қолдану заман талабы. Сондықтан ақпараттық жүйенің
дамуын қарастыру – мемлекетті басқарудың аспаптық тәсілі ретінде өзекті
мәселе болып отыр.
Құқықтық мемлекет болуына ең бірінші қадамымыз Ата Заңымыздың
қабылдануы және де заңдар мен нормативтік актілермен барлық саланың
қамтылуы болып есептелінеді. Осылар арқылы мемлекеттік билік пен басқарылу
жүзеге асырылады. Соның ішіндегі мемлекеттік басқарудың рөлі өте зор.
ТМД елдерінде қазіргі ақпараттық экономикалық түрде басқаруды құру
мәселесін бұдан он үш жыл бұрын қарастырды. Минскіде 1995 жылы 26 мамырда
Тәелсіз Мемлекеттер Достастығында бірыңғай ақпараттық кеңістікті
қалыптастыру бойынша саяси келісім өткізу шешімі қабылданды.
Қазақстанда бұл саясат ҚР Президентінің 1997 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 3787 Қазақстан Республикасындағы бірыңғай ақпараттық кеңістікті
қалыптастыру Жарлығы жарияланғаннан кейін іске асырыла бастады. 2030
жылға дейінгі Қазақстанның Даму стратегиясын және берілген Жарлықты
негізге ала отырып, Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық
кеңістік тұжырымдамасы өңделді, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 21 мамыр
2001 жылғы № 674 Қаулысында бекітілген Қазақстан Республикасының ұлттық
ақпараттық инфрақұрылымын дамыту және қалыптастырудың бағдарламасы
қабылданды. 2003 жылдан бастап республикада мемлекеттік жоспарлаудың
(стратегиялық, индикативті, бюджеттік және т.б.) үдерістерінде басқару
шешімін қабылдауда қолдау табатын бірыңғай ақпараттық – талдау жүйесі
өңделе бастады.
Бүгінде барлық орталық ақпараттандыру саласында адамзаттың қызмет
саласында ғылым мен техниканың қазіргі жетістіктерінсіз,
телекоммуникацияның қазіргі құралдарынсыз және жаңа ақпараттық
технологиясыз қоғамның дамуы мүмкін емес.
Ақпараттандырудың бірыңғай технологиялық саясаты, оны қамтамасыз
етудің техникалық саясаты да өңделген жоқ. Министірлік және
ведомстволықтар өз қызметтерін компьютерлендіру арқылы ішкі себептермен
пайда болған сипатта әрекет етеді.
Бүгінде ең бастысы – дамудың нарықтық жағдайында маңызды болып
есептелетін, ақпараттық технологиялық және техникалық құралдардың ұсынысы
мен сұраным негізінде мемлекетті басқарудың ақпараттық жүйесінің қажетті
көлемін болжайтын және ғылыми - әдістемелік негізде талдайтын құралдар
тәжірибе түрінде пайдаланылмаған.
Осы курстық жұмыста мемлекеттік басқарудың негізгі әдісі мен ядросы
болып саналатын құқықтық реттеу мәселесі мен ақпараттық жүйені енгізу
қарастырылған.
Курстық жұмыстың көзделген мақсаты - Республикадағы мемлекеттік
басқарудың негізгі әдісі ретіндегі құқықтық реттеудің мәні мен мазмұнын
аша отырып, оның негізгі нысандарын анықтап, олардың мемлекеттік
басқарудағы алатын орнын, атқаратын қызметін және рөлін анықтай отырып
заман талабына сай ақпараттық жүйенің мемлекеттік басқаруда енгізуді
қамтамасыз ету болып табылады. Ал оның рөлі мемлекеттік басқаруда алатын
орны ерекше. Сондықтан да мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеуді
зерттеу мен ақпараттық жүйені енгізуді саралау қажет.
Курстық жұмыстың негізгі бөлімінде мемлекеттік басқарудағы құқықтық
реттеу және ақпараттық жүйені енгізу түсінігі, қажеттілігі, түрлері,
нысаны және тағы басқа теориялық аспектісі ашылып көрсетіледі.
Ал, негізгі бөлімнің екінші бөлімінде тікелей Қазақстан
Республикасының мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеу мәселесі ашылған
және де оның проблемалары мен оны шешу жолдары қарастырылады.
Курстық жұмыстың соңында қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер
тізімі көрсетілген.

1. Мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеудің рөлі

Мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеудің мәні мен элементтерінің
мағынасын ашып білу үшін ең алдымен “құқықтық реттеу” түсінігін білу қажет.
Сонымен, құқықтық реттеу әлеуметтік, нормативтік және практикалық
аспектімен бейнеленеді. Ол қоғамның сұранысы белгілі бір бағытта және
белгілі бір бейнедегі туындайтын адамдардың қарым-қатынасы мен бір-бірімен
байланысы кезіндегі заң және өзге де нормативті актілердің мазмұны мен
мақсатты талабы “ауқымдалып” айқындалады.
Әлеуметтік аспектісінің мағынасында құқықтық реттеу болжамдық сипатқа
ие. Мұның өзі адамның немесе қоғамның ертеңгі өмірін жасауға (құрастыруға)
аргумент ретінде қолданылады. Бұл аспект заңның (юридикалық акт) нағыз
мағынасын ашып көрсетеді. Яғни, материалды және процессуалды заң
шығарушылықтың құрамдас бөліктері тұлғаның құқығы мен еркіндігіне (әлемдік
стандарттарға сәйкес), қоғамның еркін өмір сүруінің императивтеріне,
қоғамдық қатынастың “адамгершілігіне”, әлуметтік шындыққа, халықтар
арасындағы бір-бірімен байланысының тұрақтылығына теңдей сәйкес болуы үшін
жауапты. Осыдан туындайтын екі: легитимділік пен заңдылық түсініктерін
ажыратамыз. Егер заңдылық юридикалық нормаларының талаптарына сәйкес іс-
әрекетпен өлшенсе, онда легитимділік құқықтың мәні заңмен сәйкестігін
көрсете отырып, заңның қоғам тіршілігінде объективті бастамасын бейнелеп,
туындатуы арқылы адамдардың сеніміне қол жеткізуді жүзеге асырады. Құқықтық
реттеуде әлеуметтік аспект “принципталды”.
Құқықтық реттеудің негізі мен түбірін нормативті аспект құрайды.
Нормативті аспект - қоғамға қажетті белгілі бір іс-әрекеттерді енгізу
мен адамдардың жүріс-тұрысын реттейтін нормаларын (ережелерін) шығару мен
юридткалық (мемлекеттік органдар актілерінде) бекітілуі. Мұндай ережелер
мақсаттары мен мазмұнына сәйкес әр түрлі қабылданады: кейде еркіндікті
шектейді, бірақ көбінесе адамдардың қарым-қатынасын реттеуде кеңесші мен
көмекші болады. Құқықтың қатар тармақтарының нормалары, мысалы: еңбек,
отбасы, жер, тұрғын үй және тағы басқаларда іс-жүзінде ешқандай шектеулер
жоқ. Керісінше, қоғамдық өмірді жасауға, жақсартуға, рационалды шешім
қабылдауға жол ашады.
Мемлекеттік биліктің бекіткен және рұқсат етілген жүріс-тұрыс
ережелерінде үш негізгі элементті атап көрсетуге болады:
1. Гипотеза - өмірде әрекет ететін шарттарды, пысықтауыштарды,
қарым-қатынастарды көрсететін норманың бір бөлігі.
2. Диспозиция - жүріс-тұрыс ережесінің мағынасын, мазмұнын
айқындайтын норма бөлігі. Ол дегеніміз әрекет субъектілерде
туындайтын юридикалық құқықтары мен міндеттері.Мысалы, екі
немесе көп жақты мәмілелер мен шарттардағы тұлғалардың
міндеттері мен құқықтары айқын көрсетілуі.
3. Санкция - гипотеза мен диспозицияға сәйкес нормалардың
сақталмауына (бұзылуына) байланысты мемлекеттік билікпен
қолданылатын шаралардан тұратын норманың бөлігі.Санкцияда
мемлекет қандай іс-әрекеттерді, мінез-құлықты қолдамайтындығын
көрсетеді.
Сондықтан құқықтық реттеудің нормативті реттеудің аспектісінің сапсы
көбінесе құзырлы мемлеккетік органдардың юридикалық жүріс-тұрыс нормаларын
тұжырымдағанына байланысты. Барлық уақытта кез келген юридикалық құжатта
норманы енгізгенде (орналастырғанда) түсінікті, нақты мағынасы, талабының
негіздемесі болу керек.
Юридикалық нормаларды шығаруда және бекітуде ең басты үш жайтты ескеру
қажет:
• Жүріс-тұрыс ережелерінің көбісі (қаржы, материалды және кадр
мәселесіндегіні алып тастағанда) адамның өміріндегі проблемаларын
тікелей шеше алмайды.
• Ережелер адам өміріндегі проблемаларын шешудегі жүріс-тұрысы мен
әрекет ету механизмін (моделін) ұсынады және осы мақсаттарда іс-
жүзінде қолданғанда ғана өзінің арнауын іске асырады.
• Норма шығарушылық әрекетте жүріс-тұрыс ережелерінің
актуализациялау мен нақтылау арқылы проблемаларды шешуге тырысу.
Жүріс-тұрыс ережелері міндетті түрде практикалық аспектісі болып
саналатын өмірдегі шынайы әрекеттерден құралған нормаларды қамту қажет. Кез
келген юридикалық норма ұйымдық-мемлекеттік құрылымына сүйене отырып
мумкіндіктерімен қамтамасыз етіледі. Құқықтық реттудің практикалық
аспектісі ең қиын да, қилы. Себебі, оның ауқымдылығы мен тұрақтылығы
құқықтық реттеу фактісі дәлелдейді. Құқықтық реттеудің практикалық
аспектісі нақты жүріс-тұрыс ережелерін мағынасына сәйкес іс-әрекеттің іске
асырылғанға байланысты орнығады.

Құқықтық мемлекет

Негізгі Принциптері
Белгі – түрлері

Құқықтық мәдениет
Заңның үстемдігі

Азаматтық қоғам Мемлекеттік
биліктің бөлінуі

Заңдылық және Тұлға мен
мемлекеттің өзара
құқықтық тәртіп
жауаптылығының болуы

Заңмен тиым салынғаннан Азамматтық
құқықтары мен
басқаның барлығын рұқсат бостандықтарының
шын
етіледі. (барлық азаматтарға мәнділігі,
олардың құқықтық
және заңды тұлғаларға ар - және әлеуметтік
қорғасатын
налған)
дығы.

Тек заңмен белгіленгендерге Саяси және
идеологиялық
ғана рұқсат етіледі
плюрализмның болуы.
(мемлекеттік орган және
лауазым иелеріне арналған).

Азаматтық қоғамның орын

алуы

Ішкі заңдардың көпшілік таныған халықаралық құқықтық нормалар мен
принциптерге сәйкес келеді.

2. Мемлекетті басқаруды ақпаратпен қамтамасыз ететін жүйені
қалыптастырудың теориялық аспектілері

Ақпараттық қоғамда ең алдымен, өндірісті ұйымдастыру түрі өзгертіледі.
Енді индустриалдық қоғамдағыдай өндірістің шоғырлануының керегі жоқ.
Ақпараттық технологиялар көмегімен алшақ орналасқан өндірістік үдерістерді
ірі экономикалық орталықтан басқара алады.
Ақпараттың ақпараттық технология әсерін анықтайтын және олардың желілік
құрылым арқылы іске асуына тән сипаты үшін жаңа капиталистік экономика
түріндегі ғаламдануды мәселе ретінде қарастыруға болады. Өзара қарым –
қатынастың дәстүрлі түрін ығыстыратын қоғамдағы алдыңғы қатарлы орынды
ғаламдық желілік құрылымда ақпарат қаншалық басымдық танытса, оны қолдану
соншалықты жаңаратынын қазіргі қоғам ерекшелігі ретінде анықтаймыз.
Мемлекеттік басқаруды ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында ақпараттың
желілік игілік қасиетімен қатар қоғамдық игілік қасиетін иемденетінін
ескерген жөн, осыған байланысты қоғамдық игіліктің тұтынудағы бәсекелестік
және жойылып кетуін болдырмау секілді ерекше сипаты тән.
Ақпаратты іс–тәжірибеде қолданбайынша оның құндылығын және шамасын
анықтау қиынға соғады.
Қазіргі уақытта мемлекетті басқару мақсатында елеулі мәнге ие болған ең
жан-жақты ақпарат: саяси, экономикалық, қаржылық, ғылыми-техникалық.
Әлемдік нарықтың аясы мен экономикалық қызметтің көлемі ұлғаюда, ақша және
іске асатын бөлім мәні өсуде және осы кезде ұзақ мерзімді, сондай-ақ, қысқа
мерзімді жоспардағы шешімді қабылдау үшін, көлемі өсіп келе жатқан әр алуан
ақпаратты қабылдауға үнемі рұқсат керек болады. Тез дамып келе жатқан
әлемдік ақпарат технологиясының нарығымен бірге халықаралық ақпарат нарығы
өсуде, ал ақпарат үнемі жаңартуды қажет ететін, қымбат тұратын құнды тауар
болмақ.
Ақпараттық қоғам ерекшеліктері қатарынан келесі белгілерді атап айтуға
болады:
• тұрғындардың мамандық деңгейімен жоғары білімді қолдауға
мүмкіндік беретін, қоғамның ой-өрісі мен ғылыми күш-жігерін
арттыруды ұдайы өндіретін білім жүйесінің өсіңкі дамуының
болуы;
• жаңа технология төңірегінде құрастырып өндіру және зерттеу
жүргізуге мүмкіндік беретін орнықты ғылым бөлімінің бар болуы;
• дәстүрлі элементтермен (кітапхана, мұрағат) бірге көптеген
есептеуіш бекеттері, мамандандырылған бекеттер, жергілікті
желі мен жеке компьютерлер, сондай-ақ, ақпараттық арна мен
қатынас жүйесін құрайтын ақпараттарды беру, сақтау, өңдеу,
жинақтау бойынша ерекше экономика бөлімінің болуы;
• тез әрекет ететін, сыртқы құрғылармен жабдықтарған,
бағдарламалармен қамтамасыз етілген, еске сақтайтын тез үдедіш
параметрлері бар сенімді де, қымбат емес компьютерлердің
көптеп өндірілуі;
• қызметтің барлық саласына адамның тұрмысы мен қоғамдық
қызметіне, өндірісті ұйымдастыруға қатысатын машиналардың,
құрылғылардың, аспаптардың және басқа элементтер тиімділігін
шапшаң көтеретін процессорлардың ендірілуі мен жаппай
өндірілуі;
• байланыстың әр алуан түрлерінің тармақталған желісінің
қалыптастырылуы және ақпараттық құралдар жиынтығының болуы.
Ақпаратты өңдеу, тарату жылдамдығы мен сенімділігі, жүйе және ақпарат
құралдырымен қамтамасыз етілу деңгейі ақпараттық қоғам даму дәрежесінің
басты көрсеткіші болып саналады. Мысалы, дамыған елдерде желілік, радио
және спутниктік байланыспен қамтамасыз етілуі жоғары дәрежеге жеткен.
Осылайша, Германияда тұрғындардың 82 млн адамына 45 млн жуық абоненттік
номер тіркелген, Ұлыбританияда бұл көрсеткіш 60 млн сәйкес 30,2 млн,
Канадада – 29млн және 18 млн, Гонконгте 5,8 млн және 3млн адам.
Ақпараттық – коммуникация технологиясы басқару аппаратының икемділігін
арттыруға, әкімшілік қор дамуының жаңа болашаған құруға, әр бір нақты
адамның қолдануына мүмкіндік береді. Ақпараттық қоғам адамды икемді етіп
өзінің пікірін қорытуына, ғылыми-техниканың дамуына жаңа жетістіктер мен ой-
пікірлер қосуына мүмкіндік береді. Бірақ ақпараттық ғасырдың артықшылығын
іске сасыру үшін көлденең және желілік құрылымның дамуы мен басқаруын
децентрализациялау қажет.
Ақпараттық қоғам жағдайында басқарудың жаңа түрін қолдану тәсілімен
өндіріс тиімділігін арттыру жөнінде фирмалар алдында тұратын міндеттер
секілді, қазіргі мемлекет алдында да сондай міндеттер басқару жүйесін
өзгерту мағынасында пайда болды. Осыған сәйкес мемлекет, фирмалар
қолданатын әдістерге ұқсас әдістерді қолданады. Мысалы, дәл осылайша,
қазіргі фирма өзінің ұдайы тапсырыс берушілері туралы көбірек білуге,
жекелеген маркетингті дамытуға талпынса, мемлекет өзінің азаматтары туралы
ақпартты көбірек білуге және өзінің конституциялық міндеттерін тиімді
жүзеге асытуға бағытталады.
Онлайн жүйесіне өту арқылы атқарылатын, салықтан басқа да әкімшіліктің
түрлі міндеттері бар. Мысалы, Францияда азаматтар желі құрылғысының
медициналық қамтамасыздандыру бағдарламасы бойынша қатысты міндеттерді
талап ету мүмкіндігіне ие болады; Германия университеттерінің студеттері
емтихан парағына тіркеледі, кітапханаға компьютер арқылы өтеді, мұнда білім
берудің онлайн орталығы орналасқан, электронды түрде әкімшілік органдарына
шағым беру рұқсат етілген.
Үкімет пен бизнес арасындағы өзара қарым-қатынастың даму аймағына
электрондық байланыс құралдары арқылы алғашқы қадам эасауы үкіметтің
тендерді орналастыруы және ұсыныстарды веб-сайт арқылы алу болып табылады.
Бұл тәсіл ақпараттың сапасын жақсартады, сұраныс пен ұсыныстың мөлшерлерінң
сәйсестендірілуі, қажетті байланыстарды тез жүзеге асырады, трансакциялық
шығындарды төмендетеді. Желі арқылы үкімет пен бизнес арасындағы байланыс
үдей түседі.
Тікелей байланыстарды алмастыратын, өте икемді көлденең байланыстар
үкімет органдарына өзінің ішкі атқару тәртібін бір қорытындыға келтіруге,
өте тығыз және тиімді қарым-қатынасты жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Электрондық үкіметке тән белгіленген белгі қатары болашақта оның
қызметіне жаңа үйлесімді кескін әкеледі.
Біріншіден, жаңа желілік технологиялар үлкен дәрежеде үкіметтің
бөлімшелері арасындағы және үкіметтің өзінің арасындағы шекараны жояды,
тұтынушылардың қажеттілігіне негізделген қоғамдық игіліктерді жеткізіп,
тұтынушыға көбірек жақындауға тырысады.
Екіншіден, өте жақсы ұйымдасқан үкімет құрылымына қажетті қатынастың
электрондық түрін қолдануымен байланысты енгізулерді сәтті жүзеге асыру
үшін үкімет өз ақпараттық құрылымын өзгертуі тиіс.
Үшіншіден, тұрғындардың азаматтық бағытының өзгерісі, демек, қандай да
бір дәрежеде демоктратияның формальді түрінен сандық, электронды,
кибердемократияға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқықтық реттеудің негіздері мен ерекшеліктері
Мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеу
Қазақстан Республикасындағы құқықтық реттеудің түп негізі және жүзеге асырылуы
Мемлекеттік басқаруды құқықтық және ақпараттық қамту (эссе)
Мемлекеттік басқаруды қамтамасыз ететін құқықтық реттеудің қазіргі жағдайы
ҚҰҚЫҚ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК. Құқық түсінігінің маңызы және оны талдап түсіндіру
Мемлекетті басқарудың теориялық астары
Мемлекеттік билікті ұйымдастырудағы Конституцияның рөлі
Рынокты мемлекеттік реттеу механизі
Мемлекеттік басқару процесіндегі мемлекет пен қоғамның өзара әсерлесуі
Пәндер