Сауд Арабиясы



Кіріспе
Сауд Арабиясына жалпы сипаттама
Экономикасы
Жекешелендіру
Өнеркәсіп секторы
Қазақстан мен Араб елдері қатынасы
Қазақстан . Сауд Арабия қарым.қатынастары
Қорытынды
Қазіргі Сауд Арабиясы мемлекетін 1902 жылғы 15 қаңтарда осы заманғы тарихтың ұлы тұлғаларының бірі Абдулазиз Ибн Абдулрахман Аль-Файзал Аль-Сауд құрған болатын. Нақ осы күні ол бүкіл араб түбегіне көсіліп жатқан ұлан байтақ жерді 250 жыл бойы басқарып келгені өз бабаларының билігін қалпына келтіру үшін Әр-Рияд қаласын алған еді.
Абдулазиз патша 31 жыл бойы бөлшектенген және тәртіпке мойын ұсынбайтын елге айналган шөл даладағы Корольдікті біріктіру жолында күресті. 1932 жылы бірігу аяқталды да Сауд Арабиясы Корольдігі пайда болды.
Өз ғұмырының келесі 21жылын Абдулазиз патша осы заманғы, бейбіт те біріккен Корольдіктің іргетасын қалаумен өткізді. Ол 1953 жылғы 9 қарашада дүниеден өтті. Ұлы патша қайтыс болғаннан кейін ел билеу оның ұлдарына көшіп, олар өз әкелерінің Ислам принциптерінен еш ауытқымастан Корольдікті құру, дамыту және жаңғырту жөніндегі өсиетін адалдық пен басшылыққа алып келеді.
Елді Сауд патша 1953 жылдан 1964 жылға дейін, Файсал патша 1964 жылдан 1975 жылға дейін, ал Халид патша 1975 жылдан 1982 жылға дейін басқарды. Олардың басшылығымен Сауд Арабиясы Корольдігі мұнайдан түсетін табыстардың арқасында серпінді экономикасы бар елге айналды.
Халид патша қайтыс болғаннан кейін, 1982 жылғы 13 маусымда жаңа патша ретінде Фахд ант қабылдады. Дәл сол күні Фахд патша өз бауыры мұрагер ханзада Абдулла Ибн Абдулазизді Премьер-министрдің орынбасары және Ұлттық гвардияның басшысы етіп, ал кіші бауыры бекзада Сұлтан Ибн Абдулазизді Премьер-министрдің екінші орынбасары, қорғаныс және авиация министрі және Бас инспектор етіп тағайындады.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Қазіргі Сауд Арабиясы мемлекетін 1902 жылғы 15 қаңтарда осы заманғы
тарихтың ұлы тұлғаларының бірі Абдулазиз Ибн Абдулрахман Аль-Файзал
Аль-Сауд құрған болатын. Нақ осы күні ол бүкіл араб түбегіне көсіліп жатқан
ұлан байтақ жерді 250 жыл бойы басқарып келгені өз бабаларының билігін
қалпына келтіру үшін Әр-Рияд қаласын алған еді.
Абдулазиз патша 31 жыл бойы бөлшектенген және тәртіпке мойын ұсынбайтын
елге айналган шөл даладағы Корольдікті біріктіру жолында күресті. 1932 жылы
бірігу аяқталды да Сауд Арабиясы Корольдігі пайда болды.
Өз ғұмырының келесі 21жылын Абдулазиз патша осы заманғы, бейбіт те
біріккен Корольдіктің іргетасын қалаумен өткізді. Ол 1953 жылғы 9 қарашада
дүниеден өтті. Ұлы патша қайтыс болғаннан кейін ел билеу оның ұлдарына
көшіп, олар өз әкелерінің Ислам принциптерінен еш ауытқымастан
Корольдікті құру, дамыту және жаңғырту жөніндегі өсиетін адалдық пен
басшылыққа алып келеді.
Елді Сауд патша 1953 жылдан 1964 жылға дейін, Файсал патша 1964
жылдан 1975 жылға дейін, ал Халид патша 1975 жылдан 1982 жылға дейін
басқарды. Олардың басшылығымен Сауд Арабиясы Корольдігі мұнайдан түсетін
табыстардың арқасында серпінді экономикасы бар елге айналды.
Халид патша қайтыс болғаннан кейін, 1982 жылғы 13 маусымда жаңа
патша ретінде Фахд ант қабылдады. Дәл сол күні Фахд патша өз бауыры
мұрагер ханзада Абдулла Ибн Абдулазизді Премьер-министрдің орынбасары және
Ұлттық гвардияның басшысы етіп, ал кіші бауыры бекзада Сұлтан Ибн
Абдулазизді Премьер-министрдің екінші орынбасары, қорғаныс және авиация
министрі және Бас инспектор етіп тағайындады.
Қос киенің сақшысы, Фахд патша корольдікті дамытудың соңғы аса
көрнекті оқиғаларының бастамашысы болды, олар мынадай шараларды қамтиды:

үкімет жүйесін аймақтық әкімшіліктерге қайта құру және бұрынғыдан
біршама ірі жаңа Кеңес, сондай-ақ лауазымда болу уақыты шектелген
Министрлер Кеңесі;
денсаулық сақтау, білім беру және коммуникация қызметін баршаға
көрсететін ішкі дамудың бұқаралық бағдарламасы;
қасиетті екі мешітті - Меккедегі Үлкен мешітті және Мединедегі
Пайғамбар мешітін бірнеше миллиард долларға кеңейту және қайта жөндеу.

Сауд Арабиясына жалпы сипаттама
Ресми атауы — Сауд Арабия Корольдігі.
Астанасы — Эр-Рияд (3 млн. адам-нан аса).
Мемлекет оңтүстік-батыс Азияда Арабия түбегінің 80%-ын және Қызыл теңіз
бен Парсы шығанағындағы бірнеше аралдарды алып жатыр. Иорданиямен, Иракпен
және Кувейтпен солтүстігі мен солтүстік-шығысыңда, Катармен, Бахрейнмен
және Біріккен Араб Эмираттарымен шығысында, Оман Сұлтанатымен және Йемен
Республикасымен оңтүстік-шығысында және шығысында шектеседі.
Территориясы — 2,24 млн. шаршы км. Оның едәуір бөлігін құмды шөлдер
алып жатыр.
Әкімшілік бөлінуі — 13 провинция. Ірі қалалары — Жидда (3,5 млн.
адамдай), Мекке (1 млн. адам), Медина (600 мың адам).
Халқы — 22 млн. адам (2002 ж.), олардың 6 млн-нан астамы — шетел-діктер,
негізінен азиялықтар.
Ресми тілі — араб тілі, ағылшын тілі таралған.
Мемлекеттік діні — ислам (сунниттер). Халқының 2%-ға жуығы -шииттер.
Королдікте екі киелі жер бар: Мекке мен Мәдина. Жыл сайын 2,5 млн. астам
мұсылмандар қажылық парыздарын өтеуге қатысады.
Ұлттық ақшасы — риял.
Ұлттық мерекесі — жыл сайын 23 қыркүйекте атап өтілетіи Сауд Арабиясы
біріккен Корольдігінің жарияланған күні (1932ж.)
Сауд Арабиясы Үкіметі өзінің сыртқы саясатының негізгі бағыты етіп
"позитивті бейтараптықты" ("нейтралитет") жариялады. Таяу Шығыс мәселелерін
реттеуде Сауд Арабиясы араб мемлекеттерінің мемлекет және үкімет басшылары
кеңестерінде мақұлдаған жалпы араб шешімдерін қолдайды.
Сауд Арабиясы — БҰҰ, Ислам Конференциясы Ұйымы (онда лидер болуға
талпынады), Араб мемлекеттерінің лигасы, Парсы шығанағы араб мемлекеттері
ынтымақтастығы Кеңесінің, МВФ, МБРР, ОПЕК және ОАПЕК-тің мүшелері.

Мемлекеттік құрылысы. Сауд Арабиясы — абсолюттік теократтық монархия.
Елде Конституция жоқ, оны қасиетті Құран, Мұхаммед пайғамбардың хадистері
және "Сауд Арабиясы Корольдігінде басқарудың жүйелі негіздері" алмастырады.
Мемлекет басшысы және діни басшы — король (2005 жылдың тамызынан Абдалла
бин Абдель Азиз Аль-Сауд). Ол премьер-министр, қарулы күштердің бас
қолбасшысы және жоғарғы судья болып табылады. Үкіметтегі ең маңызды
лауазымдық орындарға король отбасының мүшелері тағайындалады.
Ал қазіргі Саудияның тарихы 1932 жылдың 23 қыркүйегінен басталады. Бұл —
елдің тәуелсіздігі жарияланған күн. Жалпы, Сауд Арабиясы Корольдігінің
қазіргі шекарасы 1926 жылдың қаңтар айында қалыптасқан. Араб түбегіндегі
князьдіктерді біріктіру жолындағы көп жылғы күрес нәтижесінде құрылған
мемлекеттің тұңғыш королі Неджд князьдігінің билеушісі болған — Әбдел Әзиз
Әл Сауд. Ол осы мақсатта көп тер төккен күрескер саналады.
Сөз реті келгенде Саудия туралы толығырақ мәлімет бере кететін болсақ,
елдің аумағы айтарлықтай үлкен — 2,24 миллион шаршы шақырым. Халқының саны
2002 жылғы санақ бойынша — 22 миллион адам. Осының 5 миллионнан астамы — ел
астанасы Эр-Риядта, 3,5 миллионы — Жиддада, 1 миллионы — келесі бір ірі
қала Меккеде және 600 мыңдайы Мединеде тұрады.
САК-тағы басқару жүйесінің негіздеріне сәйкес мұнда тек ислам дінін
ұстану шарт және бұл мәселе қатаң қадағаланады. Басқа діндерді таратуға
немесе насихаттауға жол берілмейді.
Сауд Арабиясы экономикасының негізі мұнай өндіру екені әмбеге аян.
Яғни, қара алтын ендіру жөнінен Саудия әлемде бірінші орын алады. Мұнда
2003 жылы тәулігіне 8,5 миллион баррель мұнай өндіріліпті. Мүмкіндігі
күніне 10-10,5 миллион баррель қара алтын өндіруге жетеді. Саудиядағы
нақтыланған мұнай қоры 263 миллиард баррель делінеді. Бұл әлемдегі
барланған мұнай қорының төрттен бірінен астамы осында деген сөз. Ал
ықтимал қоры 1 триллион баррельге жетіп жығылады. Елдегі барлық мұнайды
жергілікті ұлттық мұнай-газ компаниясы өндіреді.
Мұнайға байланысты тағы бір таңдай қақтырар мәлімет келтіре кетейік.
Ұлттық мұнай-газ компаниясының жылдық табысы 60 миллиард АҚШ долларын
кұрайды. 2003 жылы ол 80 миллиард доллар таза пайда тапқан.
Корольдіктегі көлік қатынасы да жақсы дамыған. Елдегі қатты жамылғылы
жолдардың ұзындығы 130 мың шақырымды құрайды. Тақтайдай тегіс жолдармен
жүру — жанның рахаты. Мұнайға бай ел болғаннан кейін халқы да бақуатты
тұрады. Мұнда әр үйде 4-5 мәшинеден болу зандыльты көрінеді. Әрі
америкалықтар сияқты есік пен төрдей үлкен көліктерге әуес екендіктері
байқалады. Өйткені жанар-жағармай құны біздегіден арзан — шамамен 40 теңге
көлемінде. Джип міну біздегідей мақтаныш емес, кез келгеннің қорасында тұр.
Тағы бір қызықты жәйт — мұнда көлік жүргізу құқы 15 жастан бастап
беріледі екен. Жалпы, аяғы педальға жететін өскін мәшине айдап жүре беретін
көрінеді. Тәртіп бұзбаса, оған жол тәртібі қызметкерлері де көз жұма
қарайтын болса керек. Көлік жүргізуге құлықсыздар шофер жалдаймын десе де
ерікті. Міне, осы себепті көшеден жаяу жүрген адам көрмейсіз.
Сауд Арабиясындағы тегін білім беру жүйесі 2,5 миллион оқушыны
қамтиды. Елдегі мемлекеттік университеттер саны — жетеу. Жақын болашақта
оларды 22-ге жеткізу көзделуде. Корольдікте мемлекеттік денсаулық сақтау
жүйесіне кіретін емханалар мен ауруханалар тегін қызмет көрсетеді.
Экономикасы
Мұнай Сауд Арабиясының дамуында маңызды рөл атқарады. Алайда бұдан
бурынырақ Қорольдіктің экономикасы осы ресурсқа ғана арқа сүйемейтіні
тұрғысында шешім қабылданған болатын. Соның нәтижесінде Корольдік өз
байлығын экономиканың басқа салаларын, атап айтқанда, өнеркәсіптің мұнай
химиясы салаларын дамытуға пайдаланды. Министрліктің жоспарлауына сәйкес
Корольдіктің ішкі жалпы өнімінде мұнай секторының үлесі 1970 жылдан 1995
жылға дейінгі аралықта төрт есе өсті. Мұнай табысы бұл күнде 22 пайызды
құрайды. Ал мұнай өнімдерін экспорттау 7,46 миллион доллардан 4,11 миллиард
долларға дейін өсті.
Осы кезеңде жекеменшік секторға жыл сайынғы инвестиция 266,66 миллион
доллардан 12,26 миллиард долларға дейін өсті. Жекеменшік сектордың ішкі
жалпы өнімдегі үлесі 21 пайыздан 45 пайызға дейін жетті. Бүкілдүниежүзілік
сауда ұйымы 1995 жылы экспорттаушы елдердің қатарында Корольдіктің 26-орын
алатынын анықтады.
Қаржы және ұлттық экономика министрлігі Корольдік ішкі жалпы өнімінің
1996-1997 жылдарғы оң есімін атап көрсетті. 1997 жылғы ІЖӨ 1996 жылғы
136,26 миллиард доллармен салыстырғанда 145,86 миллиард доллар болды.
Өнеркәсіптің мұнай және құрылыс салаларындағы 8,6 пайызға дейінгі өсім атап
көрсетілді. Корольдік төлем балансының жақсара түскенін танытып отыр.
Жекешелендіру
Корольдікгің экономикалық дамуыңда қазір жекеменшік сектордағы
жекешелеңдіру белсенді түрде көтермеленеді. Қасиетті екі мешіттің
қызметшісі белгілеген нұсқауларды басшылыққа ала отырып Министрлер Кеңесі
жекешелендіру стратегиясын талдап жасады, оны жүзеге асыруды қадағалау үшін
министрліктің комитеті құрылды. Соңдай-ақ телекоммуникациялар, энергетика,
кейбір порттық құрылымдар жекешелендірілді.
Өнеркәсіп секторы
Соңғы 25 жылда өнеркәсіп тауарлары өндірісінің тиімді өсімі, атап
айтқанда, мұнай химиясы өнеркәсібіндегі өсімі Сауд Арабиясының әлемнің
118 еліне тауар экспорттауына жеткізді.
Сауд Арабиясында казір 288000 жұмысшы еңбек ететін 3100 фабрика бар.
Бұл 1970 жылы 199 фабрикада жұмыс істеген 14000 адаммен салыстырғанда
жиырма есе өскендік болып табылады. ІЖӨ-нің өнеркөсіп секторындағы үлесі
1980 жылғы 6,5 пайызға қарағанда 1996 жылы 12,3 пайызға жетті.
Сауд Арабиясы өнеркәсібі негізгі салаларының корпорациясы. бүгінде
өзінің 17 фабрикасында 24 миллион тонна мұнай химиясы өнімдерін, болат және
тыңайтқыштар өңдіреді.

Қазақстан мен Араб елдері қатынасы
Қазақстан егемендік алып дүние жүзіне субьект ретінде белгілі бола
бастағаннан кейін, оның халықаралық байланыстары аумақтық мәнге ие болуы
тарихи және табиғи нәрсе. Осы орайда, Қазақстан мен араб елдерінің сырт
қарағанда біраз айырмашылығы болғанымен, екі жақты байланыс орнатуға себеп
болатын факторлар да бар.
Араб елдері мен Орталық Азиядағы, бұрынғы КСРО құрамындағы мұсылман
елдерінің жақындасуы олардың ұлттық рухын қалпына келтіруте әсерін
тигізеді. Орталық Азия елдері мен араб елдерінде "ислам" ұғымына әр түрлі
мағына берілетіні хақ. Алайда, араб сарапшыларының айтуынша, кеңес
елдеріндегі "ислам" түсінігін еске ала, оларды демей отырып, оларға шынайы
исламның негізін білуге көмектесу керек дейді. Осы орайда араб-ислам
мәдениетін уағыздауда Сауд Арабиясының алатын орны ерекше.
Араб елдері үшін жаңа геосаяси жағдай Қазақстанды өз тауарларын
сататын рынок ретінде және бай қазба байлықтары оған капитал салу
мүмкіндігін туғызады. Сонымен- қатар, осы регионда Казақстанда ядролық
қарудың, дүние жүзіне әйгілі Байқоңыр космодромының болуы телекоммуникация,
космос зерттеу бағдарламалары бойынша Таяу Шығыс, араб елдерін қызықтырады.
Араб елдері Қазақстан мен қарым-қатынас орнатудың екі жаққа тиімді
екенін біле тура байланыс орнатуға онша асықпауда. Оның себебі біріншіден
араб елдерінің Қазақстаннан жағрафиялық жағынан шалғай жатуы болса,
екіншіден дамыған араб елдерінің Саудия Корольдігі мен Египет араб
республикасының саясаттарының бір жүйеге келмегендігімен түсіңдіріледі.
Сонымен қатар, араб елдерімен байланыстардың тез арада қалыптасуына
Қазақстанның кеңес дәуірі кезінде коммунистік идея салдарынан ислам
дүниесінен алшақ болуы да кері әсерін тигізді. Ол кезде Қазақстан мен
араб елдері арасында тікелей ешбір қарым-қатынасы қайшылықтарға
толы болғанын тарихтан білеміз. Араб елдері ол кезде Кеңес Одағының тек
экономикалық көмегі үшін ғана байланыстар орнатты.
Қазір араб дүниесі құрамына 21 егемен мемлекет кіретін араб елдері
құрамасы болып есептеледі. Әр мемлекеттің экономикалық, саяси даму
деңгейлері әр түрлі болғанына қарамастан, уағыздайтын діні - ислам және
тілі бір болғандықтан араб дүниесінін бірлігі, өзіндік дәстүрлері осы кезге
дейіи сақталған.
Қазір араб елдері колониялық бұғаудан арылып дүниежүзілік
қоғамдастықта өз дәрежелеріне сай орындарын алып отыр. Мысал ретінде Сауд
Арабиясы, Біріккен Араб Әмірлігі, Оман сұлтандығы сияқты мемлекеттерді
айтуға болады. Олар дер кезінде өздерінің дәстүрлері мен дүниежүзілік
ғылыми жетістікті өте дұрыс синтездей білді. Соның нәтижесінде ол елдердің
экономикасы жоғарғы қарқынмен дамыды.
Араб елдері еуропалық, қазіргі кезге сай экономикасын құрумен қатар,
ұлттық мемлекетті күшейтіп, тілдерін, мәдениетін, дінін қатаң сақтап
келеді. Олардың дамуында да демография, қоғамды демократизациялау,
инфрақұрылымды дамыту, ислам экстремизмі сияқты проблемалар шешімін күтуде.
Өздеріңіз экономикалық, саяси мәселелерін шешуде Араб мемлекеттері лигасы
(АМЛ), ОПЕК., Парсы шығанағы араб мемлекеттерінің өзара қатынас кеңесі
(орысша ССАГПЗ), араб магрибы кеңесі (АМК) сияқты ұйымдар құрды.
Әрине, Қазақстан мен араб елдері арасында қарым-қатынастар тез арада
қалыптасады деу қиын. Алайда, Қазақстанның геосаяси орны, мұнайы, қазба
байлықтары дамыған араб елдерін қызықтырмай қоймайды. Ең алдымен Қазақстан
мен араб елдері арасындағы байланыс мұнай-газ өнеркәсібі саласында дамуы
мүмкін. Қазақстан бай мұнай қазба байлық қорын қалай тиімді пайдалану
жолдарын Парсы шығанағы елдерінен үйренуіне болады.
Кейінгі үш-төрт жылда Қазақсган мен Сауд Арабиясы арасындағы байланыс
жақсы жолға қойылуда, болашағы алда. Өйткені, Сауд Арабиясы тек араб елдері
емес бүкіл мұсылман дүниесіне белгілі, таны-импорттау, ал Қазақстаннан
жеңіл өнеркәсіп шикі заттарын, астық, қара және түсті металдарды
экспорттауға аса көңіл бөлінуде.

Қазақстан – Сауд Арабия қарым-қатынастары
Сауд Арабиясының Корольдігі (КСА) араб және мұсылман елдерінің ішінде
бірінші болып 1991 жыдлың 30 желтоқсанында Қазақстанның тәуелсіздігін
таныды. ҚР мен КСА арасындағы дипломатиялық қатынастар 1994 жылдың 30
сәуірінде орнады. 1996 жылдың мамырында Эр-Риядта ҚР Елшілігі, 1997 жылдың
наурызында КСА Елшілігі Алматыда ашылды.
1994 жылдың сәуірінде ҚР Сырткы істері министрі Эр-Риядқа сапармен
барды. Оның аясында Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасында дипломатиялық
қатынастар орнату туралы Хаттамаға қол қойылды.
Екі ел қарым-қатынастарын дамытуда ҚР Президенті Н.Назарбаевтың 1994
жылдың қыркүйегінде корольдікке баруы үлкен оқиға болды. Сапар барысында
Мемлекет басшысы король Фахдпен кездесті. Соңдай-ақ мұрагер ханзада
Абдалламен және Қорғаныс және авиация министрі мұрагер сұлтанмен жеке
кездесу өткізді.
Қазақстан басшысына Сауд Арабиясыңда бұрын болмаған жағдай — Меккедегі
Қағбаның (Аллаһтың үйі) ішіне және Мәдинадағы Мұхаммед пайғамбардың
зиратына кіруге рұқсат етілді. Сапар нәтижесіңде сауда-экономикалық,
инвестициялық техникалық және мәдени, сондай-ақ спорт және жастар ісі
саласындағы ынтымақтастық туралы Бас келісімге қол қойылды. Бұл
корольдіктің шетелдік мемлекеттермен бірігіп қабылдаған осы сияқты
құжаттарының бірі болды.
1996 жылдың мамырында ҚР Мемлекеттік хатшысы А. Есімов бастаған
Қазақстан Үкімет делегациясы корольдікке сапармен барды. Ол премьер-
министрдің орынбасары, Қорғаныс және авиация министрі мұрагер сұлтанмен
кездесті. Ханзада корольдік басшылығы Сауд жеке меншік капиталын ҚР
экономикасына салуға белсенді қатысуға атсалысатынына сендірді. Ханзада
сұлтанға Президент Н.Назарбаевтың Қазақстанға келіп кетуге шақыруын тағы да
еске салды. Сапар кезінде Эр-Риядта Қазақстан Елшілігінің ашылу рәсімі
болды.

2000 жылдың 31 қазан — 3 қараша аралығында КСА премьер-мииистрінің
орынбасары, Қорғаныс және авиация министрі, КСА Бас ипспекторы ханзада
сұлтан Бин Абдель Азиз Қазақстанда бірінші рет ресми сапармеп келді. Бұл
сапар ТМД кеңістігіндегі Сауд басымдықтарының дәлелі болды. ҚР Президенті
Н.Назарбаевтың ханзада сұлтанмен кездесуі кезінде екі жақты қарым-
қатынастардың дамуы екі ел арасында баянды стратегиялық серіктестік орнату
үшін барлық алғышарттардың жасалып жатқанын атап көрсетті. Сондай-ақ
ханзада сұлтан Премьер-Министр Қ. Токаевпен, Парламент Сенаты мен Парламент
Мәжілісі төрағалары О. Әбдікәрімовпен жене Ж. Тұяқбаймен келіссөздер
жүргізді. Сапар барысыңда ҚР мен КСА арасыңда Астана — Қарағаңды автомобиль
жолының жобасын қаржыландыру туралы Келісімге (20жылға жеңілдікпен берілген
12 млн. доллар қарыз) қол қойылды, сондай-ақ Парламент Сенатының жаңа
ғимаратын салуға алғашқы тасты калау салтанатты рәсімі өтті. Бұл құрылысқа
КСА 15 млн. доллар көлемінде өтемсіз көмек берген болатын.
Екі ел қарым-катынастарында 2004 жылдың наурызында ҚР Президенті
Н.Назарбаевтың Сауд Арабиясына ресми сапармен баруы маңызды кезең болды.
Сапар барысында Мемлекет басшысы мұрагер ханзада Абдалла бен Абдель
Азизбен, Қорғаныс және авиация министрі, КСА Бас инспекторы ханзада сұлтан
бен Абдель Азизбен келіссөздер жүргізді.
ҚР Президенті Н.Назарбаев КСА мұрагер ханзадасы Абдалла бен Абдель
Азизді I дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады және оны өзіне қолайлы
уақытта ресми сапармен Қазақстанға келіп кетуге шақырды. Өз кезегіңде
мұрагер ханзада ҚР Президеиті Н.Назарбаевқа Сауд Арабиясының жоғарғы
наградасы "Ұлы Бадр" орденін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сауд Арабиясының Қазақстанмен байланысы
ҚАЗАҚСТАН МЕН САУД АРАБИЯ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС
Қытай Халық Республикасы мен Сауд Арабиясы арасындағы байланыстар
Сауд Арабиясының саяси-экономикалық дамуы (XX ғ.40-60 жылдары)
Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы
Араб
Араб елдері Лигасы және Қазақстанмен қарым-қатынасы
МҰНАЙ ЭКСПОРТТАУШЫ ЕЛДЕРДІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҮКІМЕТАРАЛЫҚ ҰЙЫМЫ
Таяу Шығыстағы Британ Француз үкіметінің отарлық саясатының дағдарысы
Халықаралық қатынастардағы аймақтық қауіпсіздік мәселелеріндегі орта шығыс
Пәндер