Түркі қағанаты



Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Түркі қағанаты.
2. Түрік қағанатының құрылуы және тұрмыстық жағдайы
3. Батыс түрік қағанатының мемлекетттік құрылымы және мемлекеттік билігі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Түркі қағанаттың саяси-әскери бірлестік ретінде қалыптасқан мекені - Жетісу. Жетісу мен Шығыс Қазақстан жужан мемлекеттің шет аймақтары болатын. Осы аймақтарда орналысқан тайпалар - теле - 492 ж. жужаньдарға қарсы шығып, тәуелсіздік мемлекет құрады. Дегенмен де, 516 ж. жужаньдар жаңа құрылған мемлекетті тағы да өздеріне бағындырады. 545 ж. теле тайпаның Ашина руы жужаньдарға қарсы қүресті басқарады. 551 ж. ашина руының батыры Бумын, Қытаймен бірігіп, жужань мемлекетінің талқандайды.
Сонымен, түркі тілдес тайпаларының ішіннен шыққан теле тайпа Жетісуда мемлекетінің негізін құрып, көрші мекендерді өзіне бағындыру үшін саясат жүргізеді.
1 мыңжылдықта Евразияның аймағында этникалық өзгерістер болады. Түркі тілдес тайпалар басымдық алды. "Түрік" атауының тұңғыш рет аталуы қытай шежірелерінде кездеседі және ол 542 жылға жатады. Қытайлар түріктерді сюнну-ғұндар деп атаған. Ерте Түркі мемлекеті -Түркі қағанаты 552 жылы құрылды. Оның негізін салған - Бумын қаған 553 жылы қайтыс болады. Оның мұрагері - Қара-Ыстық-хан - билігі бір жылға толмай, қайтыс болады. Мұқан-қаған (553-572) билік құрған жылдарда Түркі қағанаты Орта Азияда саяси үстемдікке ие болады. Олар Маньчжуриядағы қидандарды, Енисейдегі қырғыздарды бағындырады, бұларға Солтүстік Қытай алым-салық төлеп тұрады. 563-567жж. эфталит патшалыпын басып алады. Міне, осыдан кейін олардың жері Каспий теңізінен Солтүстік Индияға дейін және Шығыс Түркістанға дейін созылып жатқан.
1. Қазақстан тарихы 1- том «Атамұра» баспасы , Алматы ,1996ж
2. Қазақстан тарихы (очерктер) «Дәуір» баспасы, Алматы, 1994ж
3. Егемен Қазақстан газет баспасы 5-6 беттер

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Түркі қағанаты.
2. Түрік қағанатының құрылуы және тұрмыстық жағдайы
3. Батыс түрік қағанатының мемлекетттік құрылымы және мемлекеттік билігі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Түркі қағанаттың саяси-әскери бірлестік ретінде қалыптасқан мекені -
Жетісу. Жетісу мен Шығыс Қазақстан жужан мемлекеттің шет аймақтары болатын.
Осы аймақтарда орналысқан тайпалар - теле - 492 ж. жужаньдарға қарсы шығып,
тәуелсіздік мемлекет құрады. Дегенмен де, 516 ж. жужаньдар жаңа құрылған
мемлекетті тағы да өздеріне бағындырады. 545 ж. теле тайпаның Ашина руы
жужаньдарға қарсы қүресті басқарады. 551 ж. ашина руының батыры Бумын,
Қытаймен бірігіп, жужань мемлекетінің талқандайды.
Сонымен, түркі тілдес тайпаларының ішіннен шыққан теле тайпа Жетісуда
мемлекетінің негізін құрып, көрші мекендерді өзіне бағындыру үшін саясат
жүргізеді.
1 мыңжылдықта Евразияның аймағында этникалық өзгерістер болады. Түркі
тілдес тайпалар басымдық алды. "Түрік" атауының тұңғыш рет аталуы қытай
шежірелерінде кездеседі және ол 542 жылға жатады. Қытайлар түріктерді сюнну-
ғұндар деп атаған. Ерте Түркі мемлекеті -Түркі қағанаты 552 жылы құрылды.
Оның негізін салған - Бумын қаған 553 жылы қайтыс болады. Оның мұрагері -
Қара-Ыстық-хан - билігі бір жылға толмай, қайтыс болады. Мұқан-қаған (553-
572) билік құрған жылдарда Түркі қағанаты Орта Азияда саяси үстемдікке ие
болады. Олар Маньчжуриядағы қидандарды, Енисейдегі қырғыздарды бағындырады,
бұларға Солтүстік Қытай алым-салық төлеп тұрады. 563-567жж. эфталит
патшалыпын басып алады. Міне, осыдан кейін олардың жері Каспий теңізінен
Солтүстік Индияға дейін және Шығыс Түркістанға дейін созылып жатқан.

1. Түркі қағанаты.
Түркілер Орта Азияны жаулап алғаннан кейін Жерорта теңізіне дейін
баратын Жібек жолына иелік етті. Олар өздерінің жаулап алу жорықтарын
жүргізуде Иранға қарсы Византиямен одақтасты, 571 жылы түріктердің әскери
қолбасшысы Естеми Солтүстік Кавказды басып алады, сөйтіп Керчь түбегіне
(Боспорға) шықты. Оның баласы Түріксанф Керчьті басып алып, 576 жылы
Қырымға шабуыл жасады. Бірақ Естеми өлгеннен кейін 582-593 жылдары билік
үшін қырқыс басталды. Өзара қырқыс пен әлеуметтік қайшылықтар қағанатты
қатты әлсіретті. Күшейіп алған Иран 588 ж. Герат түбінде түріктерді жеңіп
шығады. Византия 590 жылы Боспорды қайтадан жаулап алады. Өзара қырқыстар,
әлеуметтік қарама-қайшылықтар қағанатты әлсіретіп, оның 603 жылы Шығыс және
Батыс түркі қағанаттарына бөлінуіне әкелді. Шығыс Түркістаннан Амударияға,
Еділ өңірі мен Терістік Кавказ далаларына дейінгі жер Қағанат қарауына
көшеді.
Түркі мемлекетінің басында - қаған тұратын, оның оң қолы (көмекшісі) -
"ягбу" титулымен аталатын. 568 ж. бастап Түркі қағанаты 4 болысқа
бөлінетін. Қағанның ордасы (ставкасы) - Алтайда болған. Халық 3 әлеуметтік
топқа бөлінген - бектер, қара-будундар (жалпы халық), татылар (құлдар).
Түріктерге бағынатын тайпалырдың барлығы - оғыз деп аталатын.
581 ж. Қытайда Чжов династияның орнына Суй династия келгеннен кейін,
жаңа патша түріктермен барлық сауда қарым-қаныстарды үзді. Енді Қытайдан
жібек маталары Орта Азияға келмейтің болғандықтан, түрік қағандарының Ұлы
Жибек жолындағы ролі азаюға бастады. Тобо-хан қайтыс болғаннан кейін, түркі
қағанатта өзара қырқыс басталады. Суй династияның патшалары осы ішкі
өзгерістерді сезіп, түркі қағанатты ыдыратуға, әлсіретуге тырысады. Осы
саясаттың нәтижесінде, 602-603 жж. қарай, түркі қағанаты екіге бөлініп
кетеді.
604 ж. Батыс Түркі қағанатының қағаны болып Таман сайланды. Ал Шығыс
Түркі қағанатының қағаны болып Жанғар.
Батыс түркі қағанаты (603-704 жж.). Батыс Түркі қағанатының Қағанаттың
этникалық саяси өзегі "он тайпа" (он оқ будун) болды, олар Қаратау
баурайынан Жоңғарияға дейінгі аралықта жатқан ежелгі үйсін жерін жайлайды.
Шу өзенінің шығыс жағында дулының бес тайпасы, ал оның батыс жағында бес
тайпалы нушебилер (басқаша он-шадпыт) жайлады. Суяб қаласы (Қырғыстанның
Тоқмақ қаласы маңында) ел астанасы болды, ал қағанның жазғы ордасы Мың
бұлақ (Түркістан қаласы жанында) еді. 610-618 жж. Жегуй қаған мен оның
інісі Түн жабғы қаған (618-630 жж.) билеген кезде қағанат күшейді. Мемлекет
шекерасы Үндістанның солтүстік-батысына дейін жылжыды.
Қағанат шаруашылықтың көшпелі және жартылай көшпелі, отырықшы-
егіншілік әдісімен де айналысты. Елдің халқы түркілер де, соғдылар да сауда-
саттықпен, мал бағумен, қолөнермен, егіншілікпен қатар айналысты.
Қағанаттағы бірінші тұлға - жердің қожасы, әскери билеуші - қаған болды.
Қағанаттағы жоғары лауазымдар - жабғы, шад, елтебер, қаған әулетіне ғана
лайық атақтар болды. Сот қызметтерін бұйырықтар мен тархандар атқарды.
Қағанаттың негізгі халқы - мал өсіретін ерікті ұсақ қауым мүшелері болған,
оларды "қара будун"(қара халық) деп атаған. Әлеуметтік жағынан тайпалар -
ақ сүйек және вассал (бағынышты) тайпалар болып бөлінген. Бағыныштылар алым-
салық төледі. Соғыс тұтқындары құлға айналды.
Жібек жолы бойында үстемдік орнату үшін мемлекеттердің арасында жие
соғыс болып тұрған. Сауда жолы үшін талас 7 ғ. 20-ж. барлық ортағасырлық
мемлекеттерді екі коалиция бөлді. Бұлар - бір жағынан - Батыс Түркі
қағанаты, Византия, Қытай, екінші жақтан - Шығыс Түркі қағанаты, Иран және
Ауар (Авар) қағанаты. Екі коалицияның арасындағы шайқас, мемлекеттерді
әлсіретіп, ешқайсына да жеңіс әкелген жоқ. Дегенмен де, осы соғыстардың
нәтижесінде, дулы тайпалары (он оқ будун тайпа бірлігіне кірген тайпаның
бірі), 630 ж. түркі қағанаттің патшасың өлтіріп, оның орнына дулының
арасынан шыққан Сібір-ханды таққа отырғызады. Осы кезден басталған, дулы
мен он-шадпы тайпаларының арасындағы билікке күрес ұзаққа созылады.
Сонымен, қарауындағы халықты ұстап тұруға, бағындыруға Батыс түркі
қағанаттың орталық үкіметінің шамасы жетпейтін болғандықтан, Батыс Түркі
қағанаты өзінің саяси және әскери күшін жоғалтуға мәжбүр болды. Осыны
қытайдағы Тан империсы пайдаланып, Батыс Түркі қағанатқа қарсы соғыс
жариялайды. Өзара (640-648, 656-657, 658-659 жж.) соғыстар, қырқыстар
Жетісуға қытай әскерінің баса-көктеп кіруіне әкеп соқты. Олар өздері
қалаған адамдарын Батыс Түркі қағанатын билетуге тырысты. Барлық Батыс
Түркі қағанаттың аймақтары екі губернаторлыққа бөлінді. Жаулап алынған
жерлерде қаған орынбасарлары - тудундар алым-салықтың алынуын қадағалады.
679 ж. қытай саясатына қарсы Монголия мен Жетісуда шамамен бір уақытта
көтерілістер болады. Монголиядағы көтерілісінің нәтижесі - Шығыс түркі
қағанатың қайта орнату. Ал Жетісудағы көтерілісті қытай әскері күшпен
басады. Енді барлық шаманы Шығыс Түркі қағанатың қайта бағындыруға салған
кезде, Жетісудағы түркеш тайпалары халықты басқарып, 699 ж. (басқа деректер
бойынша - 704 ж.) Батыс Түркі қанағатын қайта тәуелсіз мемлекет ретінде
орнатады. Сонымен, қарсы тынымсыз соғыстардың нәтижесінде түргештер
күшейіп, Жетісуда саяси жетекші күш болып шығады.
Түргеш қағанаты (704-756 жж.) Түргештер дулы тайпа құрамының ішіне
жатады, түргештердің өзі - қара және сары түргеш болып бөлінгені белгілі.
(Кейбір тарихи деректер бойынша, "сары" және "қара" деген тайпа бөліктері
этниқалық емес, саяси жағынан қарастырғаны жөн. Демек, Сақал қаған болған
кезде түргеш қағанаты екіге бөлініп кетеді. Біревінде Сақал өзі қаған
болған, ал екіншісінде халықты басқарған Сулық. Сақалға бағынатын халықты
"сары түргеш" деп атаған, ал Сулыққа бағынған халықты - "қара түргеш".)
Түргеш қағанаттың саяси өмірі тарихта Орта Азияға шапқыншылық жасаған
арабтармен тығыз байланыстырады. 7-ғ. бас кезінде Араб түбегінде Араб
мемлекеті қалыптасты. Ислам мемлекеттік дінге айналады. Осы дінді таратушы
Мұхаммед 632 ж. қайтыс болғаннан кейін, арабтар ислам дінін тарату үшін
жаулаушылық соғыстар бастады.
Арабтар Орта Азияға жаулауы басталған кезде, Қазақстан мен Орта
Азияның басым бөлігі Батыс Түркі қағанаты қол астында болды. Арабтарға
қарсы күресте Жетісуда өкімет басына келген түргештер болды. Оның негізін
салған Үш-еліг қаған (699-706 жж.). Оның ордасы Шу бойындағы Суяб қаласы
болды. Екінші (кіші) ордасы Іле өзені жағасындағы Күнгіт қаласында
орналасты. Үш-еліг-қаған елді 20 түтіктікке (еншілікке) бөлді, оның
әрқайсысының 7 мыңнан әскері болды. Үш-еліг-қаған Қытай империясымен және
Согд мемлекетімен саяси бірлестік құрып, арабтарға қарсы күреседі.
Түргеш қағанатында Үш-елігтен кейін оның мұрагері болып, баласы Сақал-
қаған (706-711) таққа отырады. Оның кезіңде Түргеш мемлекетінде ішкі бірлік
болмайды және қағанат үнемі арабтармен, қытайлармен күрес жүргізіп отырды.
Түргеш қағанаты Сулық қаған (715-738) тұсында күшейді. Оның тұсында
түргештер екі майданда күрес жүргізді. Батыстан арабтар, шығыстан Тан
әулеті кұш көрсетті. Елшілік жолымен (неке байланысы) және әскери шаралар
арқылы Сулық шығыстан келетін қатерді болдырмады. Бұл жағдай түргештердің
батыста белсенді әрекет етуіне мүмкіндік туғызды. 723 жылы Ферғана
қарлұқтарымен және Шаш тұрғындарымен тізе қосып, түргештер арабтарды
жеңеді. Сулықты арабтар Абу Мұзахим (Сүзеген) деп атайды. 737 жылы Сулықты
өз қолбасшысы Баға-Тархан өлтіреді. Оның қазасынан кейін "сары" түргештер
мен "қара" түргештер арасында өкімет билігін алу үшін күрес басталды. 746
жылы Жетісуға Алтай мен Тарбағатайдан қарлұқтар келіп қоныстанады.
Арабтармен, сондай-ақ өзара қырқыстардан әлсіреген түргештер қарлұқтарға
белсенді қарсылық көрсете алмайды. Мұны Қытай империясы пайдаланды. Оның
Шығыс Түркістандағы уәлилары 748 жылы өз әскерін Суяб қаласына аттандырады
да, оны басып алады. Шаштың иесі дарға асылады. Оның баласы арабтардан
көмек сұрап келеді. 751 ж. Тараз жанындағы Атлах қаласы маңында арабтар мен
қытай әскері арасында зор шайқас болады. Шайқас бес күнге созылады. Шешуші
сәтте қытайлардың ту сыртындағы қарлұқтар көтеріліс жасап, арабтар жағына
шығады. Қытайлар толық жеңіледі. Тан әскері Жетісуды, Шығыс Түркістанды
тастап кейін шегініп кетеді. Арабтар Шашқа қарай кетеді. Бірақ ішкі қырқыс
Түргеш мемлекетін әбден тұралатып тастады. 756 жылы түрік тілді қарлұқ
тайпаларының әрекетінен түргеш мемлекеті құлады.
Түркі тілді көшпелі, жартылай көшпелі тайпалар Батыс түркі қағанаты
орнына 4 бірдей құдыретті мемлекет орнатады. Хазар қағанатын қоспағанда,
Төменгі Еділ өңірі мен Солтүстік Кавказда, Қазақстан жерінде үш этникалық-
әлеуметтік бірлестік пайда болды: Сырдың бойын, Арал өңірін Оғыз мемлекеті,
ал Қазақстанның солтүстік, шығыс және орталық аймақтарында, астанасы орта
ертісте болған Қимақ мемлекеті дүниеге келді. Батыс түркі қағанаты орны
Жетісуда - қарлұқтар қалды.
Қарлұқ мемлекеті (756-940 жж.). Қарлұқ тайпаларынын мекені - Алтай
манында орналысқан. 8 ғ. бастап қарлұқтар Жетісуға қоныс аударады.
Қарлұқтардың арқасында 751 ж. арабтар Талас бойында түріктермен болған
шайқасты жеңеді. Осы кезден бастап қарлұқ тайпалары күшейіп, олардың
патшасы өз билігін Алтайда орнатады. 755 ж. қарлұқтар Жетісуда түргештерді
женеді. Түргештердің жартысы қарлұқтарға бағынады, ал қалғаны шығысқа таман
көшуге мәжбүр болды.
Қарлұқтар туралы деректер 5 ғасырға жатады. Ол "бұлақ" деген атпен
белгілі. Түркі руна ескерткіштерінде "үш қарлұқ" атын алтай тауы мен Балқаш
көлінің шығыс жағалауы арасын қоныс еткен көшпелі тайпалар бірлестігіне
айтады. 7 ғ. ортасында қарлұқ бірлестігі құрамына бұлақ, шігіл мен ташлық
кірген. Көсемдері Елтабар деп аталған. 766 жылы түргеш қағандарының қос
ордасы Тараз бен Суябты қоса, бүкіл Жетісу қарлұқ жабғысының қоластына
көшеді. Олар ерте феодалдық мемлекет құрады. Араф географы Әл-Марвази (12
ғ.) қарлұқтар құрамында 9 тайпа болғанын айтады. Қарлұқ конфедерациясына
Жетісу мен оңтүстік Қазақстанның тухси, шігілдер, әзкіштер, халаджылар,
чаруктер, барысхандар, т.б. түркі тілдес тайпалар кірген. 8-10 ғғ. Қарлұқ
тайпалары Қазақстанның Жоңғар Алатауынан бастап, Сырдың орта ағысына
дейінгі көсіліп жатқан территорияны қоныс етеді. Балқаш пен Ыстықкөл арасы,
Шу, Іле, Талас өзендері бойында, Отырарға дейін көшіп жүреді. Олардың
билеушісі джабғу, 840 жылдан бастап қаған атағын алды. Көшпелі тайпалардың
билеуші ақсүйек топтарының қолында жайылымдар мен құнарлы жер ғана емес,
қала орталықтары да болды. Қарлұқтар елінде 25 қала мен қыстақ болған.
Олардың ішінде Тараз, Құлан, Мерке, Атлалық, Тұзын, Балық, Барысқан және
т.б. Қарлұқ қалалары Ұлы Жібек жолы бойында орналасты.
Қарлұқ қағанаты ішкі қырқыс, өкіметті алу жолындағы, қоныс-өрісті
иемдену жолындағы талас-тартыс мемлекетті ыдыратты.
940 (942) ж. қарлұқ мемлекетінің астанасын - Баласағұнды - Шығыс
түркістандағы түріктер - Тянь-Шянь жағынан қоныс аударған чығыл және ягма
тайпалары - жаулап алады. Осыдан кейін Жетісуда билік қараханидтерге тап
болады. Сонымен, 940 жылы қарлұқ мемлекеті өмір сүруін тоқтатты.
Қарахан Әулетінің мемлекеті (942-1210 жж.). Негізін салған Сатұқ Боғра
хан (915-955). 940 (942) ж. Сатуқ Баласағұн билеушісін құлатып, өзін
жоғарғы қағанмын деп жариялайды. Осы кезден бастап Қарахандар мемлекеті
тарихы басталады. Қарахан мемлекетінің құрылуы мен оның ерте тарихында
басты рольді Қарлұқ конфедерациясының тайпалары атқарды. 10 ғ. сонына таман
Қарахандар иелігі Батыста Амудария мен Сырдария арасындағы Мәуереннахрдан
бастап, Шығыста Жетісу мен Қашғарға дейін созылды.
Қарахан мемлекеті шеқаралары тұрақты, толып жатқан еншіліктерге
бөлінетін. Еншілік иелерінің құқтары зор болатын. Олар өз атымен теңгелер
шығаруға дейін, кейде тіпті лауазымдарын өзгерте алатын. 11 ғ. 30-ж.
соңында Ибрахим ибн Насырдың тұсында мемлекет екіге бөлінеді: біріншісі,
орталыпы Бұқарда болған, қарауына ходжентке дейінгі Мәуереннахрды қосып
алған Батыс хандығы, екіншісі - қарамағына Тараз, Исфиджаб, Шаш, Ферғана,
Жетісу мен Қашғар кіретін Шығыс хандығы. Оның астанасы Баласағұн қаласы.
Осымен Қарахан мемлекетінің еншіліктерге бөлінуі заңды түрде бекітілді.
Арслан-хан кезіңде қарахан мемлекеті одан сайін бөлініп кетеді: әрбір
еншілік өз тәуелсіздігін құру үшін таласады.
1056 ж. Қадырханның ұлы Йинал-тегін өкімет мұралыпы жолындағы күресте
інісі Сүлейменнің иелігін басып алады. Бірақ ұзамай ол у беріліп
өлтіріледі. Тәж-таққа Йинал-тегіннің баласы Ибрахим ие болады, бірақ ол да
біраздан кейін Барысхан әміршісімен болған соғыста қаза табады. Осыдан
кейін Шығыс қағанатын 15 жыл бойы (1059-1074) Қадырханның балалары Юсуф
Тоғрулхан мен Бограхан харун басқарады. Олардың тұсында Ферғана Шығыс
қағанатқа күшпен қосылады. Екі қағанат арасындағы шеқара Сырдарияны бойлай
өтеді. Тоғрұл қайтыс болғаннан кейін оның еншілігі Бограхан харунның (1075-
1102)- Қашғар, Баласағұн мен хотан қожасының қоластына көшеді. 1089 ж.
бастап ол Салжұқ сұлтаны Мәлікшахтың кіріптар вассалына айналады. 1102 ж.
Бограхан қайтыс болғаннан кейін, көп ұзамай Мәуереннахрға Баласағұн мен
Таластың иесі Қадырхан Жабраил шабуыл жасап, Амударияға дейінгі жердің
бәрін басып алады, тіпті Салжықтардан Термезді тартып алмақшы болады, бірақ
олардан жеңіліп қалады. Сұлтан Санжардың басқаруы кезінде (1118-1157)
салжықтар Мәуереннахрда шексіз билігін жүргізеді, бірақ бұл кезде Қарахан
әулетінің саяси құлдырауының белгісі біліне бастады.
Бұған бас себебі - қидан мемлекетінің құрылуы және оның жүргізген
сыртқы әскери саясаты болып табылады.
12 ғ. екінші жартысында қидандар Батыс Түркі қағанатына қауіп төндіре
бастайды. 1141 ж. Қарахан-Салжықтың әскерін талқандағаннан кейін Қарахандар
мемлекеті екі хандығының билігі де қарақытайлар қолына көшеді. 1210 ж.
шығыс Қарахандар әулеті наймандармен соғыста жеңіледі. Ал 1212 ж. Хорезм
шах Мұхаммед батыс қағанаттың соңғы қағаны самарқандық Османды өлтіреді,
ұзамай Қарахандардың Ферғана тармағы да жоқ болады. Қарахан әулетінің
мемлекеті тарихы осылай аяқталды.
Қарахан әулеті мемлекетінде аса маңызды әлеуметтік-саяси институт
әскери-мұралық жүйе болды. Хандар өз туыстарына белгілі бір территорияның,
сол уақытқа дейін мемлекет пайдасына деп алынған салықты өздері жинап алу
құқын берді. Мұндай салық "икта" деп аталады, ал оны жинаушыны "мукта",
немесе "иктадар" деп атаған. Халық көшпелі, жартылай көшпелі болды.
Мемлекеттік дін ретінде - ислам діні болды. Исламның (960 ж. Мұса
жариялады) енуіне байланысты, араб әрпіне негізделген жаңа түркі жазуы
қалыптасады. Түрік этносының ой-санасы өседі. Жүсіп Баласағұн есімі кең
мәлім болды.
Қара қытайлар мемлекеті (1128-1213). Қара қытайлар. Олардың құрылуы
Орталық Азияның қидан тайпаларымен тығыз байланысты. Қидандар (цидань,
кита, хита) б.з. 4 ғ. жазба деректерде монғол тілді тайпалар ретінде
аталады. Олар Қытайдың солтүстік жағында Маньчжурия мен Уссури өлкесінің
территориясын мекендеген. 924 ж. Алтайдан бастап, Тынық мұхитқа дейінгі жер
Қидан мемлекетінің (Ляо империясы) қоластына өтеді.
1125 ж. Сунь Қытайы мен Чжурцжень мемлекетінің біріккен күші Ляо
империясын құлатады. Қидандардың бір бөлегі чжурчжендерге бағынады, ал
қалғандары Елюй-Даши басқаруымен батысқа қарай Шығыс Түркістан мен Жетісуға
таман - жылжиды. Олар енисей қырғыздарының жерін басып өтіп, Еміл өзенінің
бойына жетеді. Сол жерге аттас қала салады. Қидандардың батыс бөлігі
Жетісудың бір бөлігіне қарап, жергілікті түркі тілдес халықпен араласып
кетуі нәтижесінде, келімсектер қара қытай аталып кетеді.
1128 ж. Қарахандар әулетінен шыққан Баласағұнды иемденуші өздеріне
қысым жасаушы қаңлылар мен қарлұқтарға қарыс шығады. Қарақытайлар көсемі
Елу Дашы Баласағұнды басып алып, Жетісуда өз мемлекетін орнатады. Жетісу,
оңтүстік Қазақстан, Мәуереннахр мен Шығыс Түркістан қарақытай мемлекетінің
құрамына кіреді. Қарахандар әулетін қарақытайлар өз вассалына айналдырады.
Қарақытай мемлекетінің басшысы Гүрхан деп аталады. Оның ордасы - Шу
озенінің алқабында болатын. Баласағұн орталық болып қала берді. Әскерде
тәртіп қатал болған. Ел ішінде аула басынан салық жинай жүйесі енгізіледі -
әр үйден бір динардан салық алып отырады. Гүрхан жақындарына жер-суды тарту
етпейді, олар бәсекеші болып кетеді деп қауіптенді. Қарақытайлар Жетісудың
оңтүстік бөлігін, Исфиджабтың солтүстік-шығыс аймағын, Құлжа өлкесін
басқарады. Бірінші гүрхан Елюй-Даши 1143 ж. қайтыс болды. 1169 ж. оның
баласы - Елюй-Чжилугу - таққа отырады. Өзі христиан болғандықтан, мұсылман
дініне қарсы шығады. Оның Жетісудағы мұсылман халқын бағындыру саясаты
қарсылыққа толы болды. 1208 ж. бастап Жетісуға қоңыс аударған найман
тайпалары да осы ішкі саясатты бұзбайды. Жетісу аймағы өзара қырқыстар,
мұсылмандық қозғалыстар орталыпына айналады. Жетісудағы осы жағдай 1218 ж.
дейін, яғни Шыңғыс-ханның әскері келгенше созылды.
Кимақ қағанаты (9-11 ғ.б.). Кимақтар 7 ғ. қытай деректерінде айтылады.
Синологтар оны "яньмо" тайпасымен бір деп қарайды. 840 ж. Орталық
Моңғолиядағы Ұйғыр қағанаты ыдырағаннан кейін оған енген тайпалардың бір
бөлігі (еймұр, баяндұр, татар) кимақ бірлестігінің өзегіне келіп қосылады.
Сол кездері жеті тайпадан: еймұр, имек, қыпшақ, татар, баяндұр, ланиказ,
ажлардан тұратын кимақ федерациясы құрылады. Кимақ патшасының титулы -
"байгу" деп аталады. Ал 9 ғ. соңы мен 10 ғ. басында Кимақ қағанаты
құрылғаннан бастап, олардың ханы түріктің ең жоғары лауазымы - қаған атын
алады.
10 ғ. ортасынан бастап, кимек қағанаты 4 болысқа бөлінетін болады.
Кимек тайпаларының одағы қандас-туысқандық байланысқа негізделген құрылым
болмаған, ол территориялық-әкімшілік қарым-қатынас принциптеріне сүйенген.
Кимектерде жазу-сызу болғанын араб саяхатшысы Әбу Дулафтың (10 ғ.): "оларда
қамыс өседі, олар сонымен жазады"- деген сөзі дәлелдейді. Олар тәңірге, ата-
баба рухына, сондай-ақ кейбіревлері христиан тектес дін - манихейлікті
ұстанған. Кимек қағанының Ертістегі ордасы Қимеқияға (Имекияға) апаратын
керуен жолдары болған.
11 ғ. басында Кимақ қағанаты күйреді. Оның құлауның екі себебі бар:
өздерін өздері билеуге ұмтылған қыпшақ хандарының орталықтан бөлінуге
тырысушылығы, және қағанатта ішкі талас - тартыстың күшеюІ және Орталық
Азияның көшпелі тайпаларының қаптап кетуі.
Оғыз мемлекеті (9-11 ғғ. басы). 9-10 ғғ. Сырдың орта, төменгі
ағысында, сонымен қатар Батыс Қазақстанды да қосып алатын территориясында
оғыз тайралардың саяси бірлестігі құрылды. "Оғыз" деген терминнің
этимологиясы әлі де анықталмаған. Махмуд Қашғари, Марвази енбектерінде,
оғыздарға жататын руларды атап кеткен: қынық, баят, язғыр, имур, қарабулақ,
тутырка, т.б. Оғыздар 2 экзогамды фрактриядан құрылған. Бұлар - бузук және
үшүк (учук).
8 ғ. ортасында түргештер мұрасы үшін қарлұқтармен болған күресте
оғыздардың едәуір бөлігі Жетісуды тастап, Шу алқабына кетеді. Осы жерде
олардың "Көне Гузия" деп аталатын ордасы болды. 9 ғ. бас кезінде оғыздардың
көсемі қарлұқтармен, қимақтармен одақтасып, қанғар-печенег бірлестігін
күйретеді, сөйтіп Сырдың төменгі жағы мен Арал өңірі мен даласын басып
алады. 9 ғ. соңында олар хазарлармен одақ құрып, печенегтерді жеңеді де,
Орал мен Еділ арасын қоластына қаратады.
Печенегтермен соғыс олардың саяси бірлігін күшейтіп, тайпалардың
оғыздық одағын құруға мүмкіндік берді. Оғыздар құрамына Сырдария алқабы мен
Арал-Каспий далаларының үнді-европа, финн-угор тектес ежелгі компоненттері
және Жетісу мен Сібірдің халаджылар, жағарлар, чаруктер, қарлұқтар,
имурлер, байандұрлар тайпалар кірді. Оғыздардың этникалық қауымдастығының
құрылуы ұзақ процесс болды.
9 ғ. соңы мен 11 ғ. басында оғыз тайпалары Сырдың төменгі ағысынан
Еділдің төменгі бойына дейінгі орасан зор территорияны мекендейді. Оғыздар
туралы алғашқы дерек тер 9-10 ғ. б. араб деректерінде мысалы, әл-Якубидің
(9 ғ.) еңбегінде айтылады.
Орта Азия мен Шығыс Европаға және Орталық Азияға баратын керуен
жолдарының тоғысқан жерінде жатқан Янгикент қаласы 10 ғ. оғыз мемлекетінің
астанасына айналды. Оғыз мемлекетінің халқы - түркі және иран тілінде
сөйлеген. "Жабғы" атағы бар жоғарғы билеуші Оғыз мемлекетінің басшысы
болған. Оғыз жабғыларының орынбасарларын Күл-еркін деп атаған. Жоғарғы
билеушілер өкіметі мұрагерге - "иналамиға" - беріліп отырған. Жабғы
мемлекетінде оғыз әскерінің "сюбаши" деп аталатын бас қолбасшысы маңызды
роль атқарған. Оғыздар мал шаруашылығымен айналысты. Отырықшылықта қатар
дамыды. Жент, Сауран, Қарнақ, Сүткент, Фараб, Сығанақ деген қалалары болды.
Құл саудасы дамыды. Оғыздар мәжусилер болып, бақсы-балгерлерге табынды.
Біртіндеп ислам діні де ене бастады.
Оғыз мемлекеті Еуразияның саяси және әскери тарихында маңызды орны
болды. 965 жылы олар Киев Русымен одақтасып хазар қағанатын талқандайды.
985 жылы оғыз жабғысы орыс кінәздарымен бірлесіп Еділ Булғариясын
талқандады. Осының бәрі оғыз мемлекетінің саяси күш-қуаты өсуіне әсер етті.

10-11 ғғ. Оғыз мемлекеті елеулі дағдарысқа ұшырайды. Оған алым-салыққа
қарсылық білдірген оғыз тайпалары көтерілістері себеп болды. Салжықтармен,
қыпшақтармен болған соғыстарға шыдамай, оғыз мемлекеті 11 ғасырдың
ортасында біржола құлайды. Жартысы қыпшақтардың қысымынан Шығыс Европа мен
Кіші Азияға, жартысы Мәуереннахрдағы қарахандарға, хорасан селжұқтарына,
қалғаны Дешті-Қыпшақ тайпаларына араласып кетті.

2. Түрік қағанатының құрылуы және тұрмыстық жағдайы
656 ж. Батыс түркі қағанаты құлағаннан кейін Алтай тауының солтүстік
жағы мен Ертіс өңірін жайлаған қыпшақтардың едәуір топтары кимектердің
басшылығымен тайпалар одағының өзегін құрайды. Алайда негізгі қыпшақ
тайпаларының өзін-өзі билеуге ұмтылған талаптары сәтсіз болып, 9-10 ғғ.
Қимақтар тарихымен бірге болды. Қыпшақтар қимақ қағанатына саяси тәуелді
болды.
11 ғ. басында қимақ қағанаты тарағаннан кейін, кимек, қыпшақ және
куман тайпаларының бұрын жайлаған жерлерінде әскери-саяси жетекшілік қыпшақ
хандарының қолына көшеді. Олар Сырдың орта және төменгі бойларынан, Арал
мен Каспий өңірі далаларынан оғыз жабғыларын ығыстырады. Енді "Оғыздар
даласы" (Мафазат әл-гуз) орнына Дешт Қыпшақ (Қыпшақ даласы) атауы пайда
болады. 11 ғ. ортасында қыпшақтар Еділ бойымен, батысқа қарай жылжиды.
Ертістен Днестрге дейінгі бүкіл аридтік зонаны алып жатқан Дешті Қыпшақтың
тарихи-географиялық облысын шартты түрде Еділ бойы арқылы екі үлкен
этникалық -территориялық бірлікке бөлуге болар еді: басында Тоқсоба рулық
әулеті тұрған Батыс қыпшақ бірлестігі және Ел-бөрілі руының хан әулеті
тұрған Шығыс Қыпшақ қағанаты.
Оның даму жолы үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезең: қимақ тайпалық
бірлігі өзегінің құрылуына байланысты, онда 7 ғ. 2 жартысынан бастап, 8 ғ.
соңына дейін қыпшақтар елеулі роль атқарады. Осы кезеңде қыпшақтар мен теле
тайпалары өзара тығыз этникалық-мәдени байланыста болып, жақындасып кетеді.
Екінші кезең - 8 ғ. соңынан 11 ғ. басына дейін. Қыпшақтар бұл кезеңде,
шығысында Алтай мен Ертістен бастап, батыстағы оңтүстік Орал таулары мен
Еділ бойына жетеді. Қыпшақтармен бірге Батыс Қазақстанды, орталыпы Мұғаджар
тауларында болған кумандар жайлайды. Негізгі үш этникалық-саяси бірлестік
-қимақтар, қыпшақтар мен кумандар өзара бір-біріне ықпал етті. Сондай-ақ
теле, угро-финн, сармат-алан сияқты этникалық компоненттерде қыпшақтана
бастады. Қыпшақ этносы қандас туыстар байланысы емес, территориялық-
шаруашылық қарым-қатынасы принципінде біріккен, көптеген рулар мен тайпалар
негізінде құралды.
Үшінші кезең: 11 ғ. басынан 13 ғ. басына дейін қыпшақтардың этникалық
қауымдастығының қалпытасуы. Көптеген тайпалар мен этникалық топтар
өздерінің бір этносқа жататынын мойындап, күшейіп келе жатқан қыпшақтардың
атын алады. Алайда қыпшақтардың құрылып, қалыптасып болуының соңын монғол
басқыншылығы тоқтатып тастайды.
Қоныстануы. 11 ғ. ортасында қыпшақтар Қазақстанның шығысындағы Алтай
мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркі қағандығы
Түрік қағанаты. шаруашылығы мен жағдайы
Көне түркі дәуіріндегі Қазақстан туралы
Алғашқы түркі мемлекеттері
Қарлұқ мемлекеті
Қазақстан территориясындағы ортағасырлық мемлекеттер (ҮІІ – ХІІ ғғ.)
Орхон ескерткіштерінің зерттелу тарихы
Түргеш қағанатының саяси тарихы
Ұлы Түркі қағанаты
Түрік қағанаты – 551-603 жылдар
Пәндер