Қазақ халқының қалыптасуы жайлы



Кіріспе 1.2 бет
1. Қазақ халқының қалыптасуы мәселелерінің зерттелуі 2.3 бет
2. Қазақ халқының қалыптасуындағы ғалымдардың зерттелуі 3.5 бет
3. Қазақ халқының қалыптасуының негізгі кезеңдеріне көзқарас 5.7 бет
4. Қазақ халқының қалыптасып бітуі 7.9 бет
Қорытынды 10 бет
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 11 бет
XV ғасырда тарих сахнасына шығысымен-ақ қазақтар алыс-жақын елдерге танымал бола бастады. Батыстық тарихнамаға қазақтар австриялық дипломат Сигизмунд Герберштейннің күнделігі (XVI ғасырда), ағылшын көпесі Антоний Дженкинсонның қолжазбалары (XVI ғасырда) арқылы танылды. XVIII ғасырдың орта кезінен бастап көптеген орыс тарихшылары мен шенеуніктері, әскерилері қазақ халқы жайлы өз көздерімен көрген мағлұматарды жазып қалдырды. XVIII-XIX ғасырлардағы И. П. Фальк, П. С. Паллас, И. Г. Георги, И. Г. Андреев, Х. Барданес, Г. Спасский, Е. К. Мейендорф, Я. Гавердовский, А. И. Левшин секілді озық ойлы мамандардың еңбектері жарық көріп, қазақ халқының шығу тегі, бұл үрдістердің заңдылықтары күн тәртібіне қойылды. Содан бері екі жүз жылдай уақыт өтсе де, «қазақ» этнонимі, халықтың бірігу уақыты мен оны құраған негізгі тайпалар немесе этногенездік үрдістердегі ортағасырлық мемлекеттер рөлі жайлы пікірталас әлі тоқтай қойған жоқ. Бұл мәселелер жөнінде сан алуан пайымдаулар жасалғанымен, осы кезге дейін тарихнамалық еңбектердің жетіспеушілігі салдарынан көп проблемалар шешімін таппай, ғалымдар тұжырымдамалары жүйеленбей жатыр. Сондықтан да мақалада қазақ халқының қалыптасуының негізгі кезеңдеріне тоқталған ғалымдар ой-пікірлерін бір ізге салуды жөн санадық. Біріншіден, ең алдымен мұндай тарихшылар екі мәселені ажыратпайтын сияқты – халықтың шығу тегі мен оның рулық ұлыстық сатыдан өтіп, халық болып құралу мәселелерін шатастырады. Шынында халықтардың шығуы бар да, халықтардың халық болып қалыптасуы бар. Бұл екеуін бір-бірімен шатастыруға болмайды. Ал бұл екі процестің аралығы кем дегенде мың жылдарға созылады.
Жер жүзіндегі ұлттардың көпшілігі-ақ ең алдымен қоғамдық дамудың алғашқы сатысын бастарынан өткізді. Бұл кез адамдар тегінің ру бірлестігі кезінде дәл келген. Ержетіп дами келе адам баласы рулық сатыдан ұлыс одағына жеткен. Ұлыстық одаққа бірігу халық болып құралу феодалдық фармацияға дәл келеді. Жер жүзіндегі жұрттардың көпшілігі феодалдық фармация тұсында өз алдында дербес халықтар болып қалыптасты. Солардың ішінде қазақ халқының халық болып ұйымдасуы феодалдық қарым-қатынасқа түсуімен тығыз байланысты.
Сөйтіп қазақтың халық болып қалыптасуының басы IX – X ғасырларда болғандығын дәлелдейтін деректер болса бұл бір, бұдан басқа да фактілер бар. Оның бірі: IX – X ғасырларда қазақ ішінен, қазақ құрамынан еріксіз басқа халықтардың құрамына барып кіргендердің соңғы кезге дейін өзінің ру-ұлыс есімдерін ұмытпауы да, тіпті елінің есімі қазақты ұмытпауы – ол «қазақ» деген есімнің IX – X ғасырларда бар екенін дәлелдейді.
1. Р.Б. Сүлейменов Этногенез казахского народа: историграфия проблемы // проблемы этническойистории народов среднейАзии и Казахстан. История и археологи. – М., 1990. - 85-93 бет
2. А. Мейер Киргизская степь Оренбургского ведомства// Материалы географии и статистики России. 29 бет
3. История Казахстана: народыи культуры. Учебное пособие / Масанов Н.Э., Ерофеева И.В. – А., 2001. -58 бет.
4. М. Қозыбаев Ата тарихи туралы сыр.// Қ ҰҒА-ның хабарлары. Қоғамдық ғылымдар сериясы – 1993. №1. 4-1893.
5. История Казахстана: народыи культуры. Учебное пособие / Масанов Н.Э., Ерофеева И.В. – А., 2001. -58 бет.
6. С. Асфендияров История Казахстана (с древнейших времен). – А.1993.
7. А. Харузин К Вопросу о происхождении киргизскогонарода// Этнографическое обозрение- 1895. №3 Кн. XXVI – 49-92, бет
8. М. Ақынжанов Қазақтың тегі туралы
А.1997ж.
7. Тарихи-этнологиялық ғылыми журнал. Алаш №1(4) 2006ж. 106-115 бет
8. Б. Көмеков Қазақ халқының қалыптасуы. Қазақ әдебиеті 1993
9. Р. Б. Сулейменов Чокан Валиханов – исследовател кочевих народов Центральной Азии XIX век. Вестник АН Каз ССр. -1986 №6. -14-22 бет

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе 1-2 бет

1. Қазақ халқының қалыптасуы мәселелерінің зерттелуі 2-3 бет

2. Қазақ халқының қалыптасуындағы ғалымдардың зерттелуі 3-5 бет

3. Қазақ халқының қалыптасуының негізгі кезеңдеріне көзқарас 5-7 бет

4. Қазақ халқының қалыптасып бітуі 7-9 бет

Қорытынды 10 бет

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 11 бет

Кіріспе

XV ғасырда тарих сахнасына шығысымен-ақ қазақтар алыс-жақын елдерге
танымал бола бастады. Батыстық тарихнамаға қазақтар австриялық дипломат
Сигизмунд Герберштейннің күнделігі (XVI ғасырда), ағылшын көпесі Антоний
Дженкинсонның қолжазбалары (XVI ғасырда) арқылы танылды. XVIII ғасырдың
орта кезінен бастап көптеген орыс тарихшылары мен шенеуніктері, әскерилері
қазақ халқы жайлы өз көздерімен көрген мағлұматарды жазып қалдырды. XVIII-
XIX ғасырлардағы И. П. Фальк, П. С. Паллас, И. Г. Георги, И. Г. Андреев, Х.
Барданес, Г. Спасский, Е. К. Мейендорф, Я. Гавердовский, А. И. Левшин
секілді озық ойлы мамандардың еңбектері жарық көріп, қазақ халқының шығу
тегі, бұл үрдістердің заңдылықтары күн тәртібіне қойылды. Содан бері екі
жүз жылдай уақыт өтсе де, қазақ этнонимі, халықтың бірігу уақыты мен оны
құраған негізгі тайпалар немесе этногенездік үрдістердегі ортағасырлық
мемлекеттер рөлі жайлы пікірталас әлі тоқтай қойған жоқ. Бұл мәселелер
жөнінде сан алуан пайымдаулар жасалғанымен, осы кезге дейін тарихнамалық
еңбектердің жетіспеушілігі салдарынан көп проблемалар шешімін таппай,
ғалымдар тұжырымдамалары жүйеленбей жатыр. Сондықтан да мақалада қазақ
халқының қалыптасуының негізгі кезеңдеріне тоқталған ғалымдар ой-пікірлерін
бір ізге салуды жөн санадық. Біріншіден, ең алдымен мұндай тарихшылар екі
мәселені ажыратпайтын сияқты – халықтың шығу тегі мен оның рулық ұлыстық
сатыдан өтіп, халық болып құралу мәселелерін шатастырады. Шынында
халықтардың шығуы бар да, халықтардың халық болып қалыптасуы бар. Бұл
екеуін бір-бірімен шатастыруға болмайды. Ал бұл екі процестің аралығы кем
дегенде мың жылдарға созылады.

Жер жүзіндегі ұлттардың көпшілігі-ақ ең алдымен қоғамдық дамудың
алғашқы сатысын бастарынан өткізді. Бұл кез адамдар тегінің ру бірлестігі
кезінде дәл келген. Ержетіп дами келе адам баласы рулық сатыдан ұлыс
одағына жеткен. Ұлыстық одаққа бірігу халық болып құралу феодалдық
фармацияға дәл келеді. Жер жүзіндегі жұрттардың көпшілігі феодалдық
фармация тұсында өз алдында дербес халықтар болып қалыптасты. Солардың
ішінде қазақ халқының халық болып ұйымдасуы феодалдық қарым-қатынасқа
түсуімен тығыз байланысты.

Сөйтіп қазақтың халық болып қалыптасуының басы IX – X ғасырларда
болғандығын дәлелдейтін деректер болса бұл бір, бұдан басқа да фактілер
бар. Оның бірі: IX – X ғасырларда қазақ ішінен, қазақ құрамынан еріксіз
басқа халықтардың құрамына барып кіргендердің соңғы кезге дейін өзінің ру-
ұлыс есімдерін ұмытпауы да, тіпті елінің есімі қазақты ұмытпауы – ол
қазақ деген есімнің IX – X ғасырларда бар екенін дәлелдейді. Егер бұл
есім ол кезде болмаса, қазақ жерінен кетерде ондай есімді кетушілер
білмесе, есітімесе кейіннен оның ұрпақтары, не біреудің қыспағымен айтулары
тіпті де мүмкін емес.

I. Қазақ халқының қалыптасуы мәселелерінің зерттелуі

XIX ғасырда қазақтарды қырғыздар деп атаудың жаңсақтығын А.И. Левшин,
Ш.Ш. Уәлиханов, Е. К. Мейендорф атап көрсеткен. XIX ғасыр тарихнамасы
қазақтардың шығу тегі жөнінде жаңа жорамалдар әкелді, бірақ қазақтардың
халық болып қалыптасу процесінің көне тарих қойнауынан іздеуге бағытталған
алғашқы қадмдар да жасалды. XIX ғасырдың бас кезінде Я. Гавердовский
скифтер мен қазақтардың туыстығы жөнінде алғашқы рет пікір білдіреді. Н. Я.
Бичурин қазақтарды ежелгі замандағы кангюйлердің мұрагері деп жазды.
Тарихи шындыққа бір табан жақындай түскен А.И. левшин қазақтар көне
халық, түрік тайпаларының бұтағы деген ойды алға тартты. Оның пікірі
бойынша, қазақ халқының негізін бір-бірімен ұзақ уақыт араласып бүтін бір
халыққа біріккен бірнеше түрік, монғол тайпалары құрайды. Қазақтар
этногенезіпроблемасының ғылыми негізде зерттелуі Ш. Ш. Уәлиханов пен В. В.
Вельяминов-Зерновтың еңбектерінен бастау алады. Олар бір-бірімен байланысты
шығыс деректеріне, әсіресе, Мұхаммед Хайдардың Тарих-и Рашиди еңбегіне
назар аударып, қазақ халқының қалыптасу процесінің аяқталу кезеңіне жан-
жақты сипаттама береді. Академик Р.Б. Сүлейменов: Қазақтардың этногенезін
зерттеуде өткен ғасырдың 60-жылдары шешуші кезең болды. В.В. Вельяминов-
Зерновтың жұмыстары нәтижесінде көптеген шығыс деректерінен, әсіресе,
Мұхаммед Хайдардың Тарих-и Рашидінен орыс тілінде үзінділердің жарық
көрінуіне байланысты, - деп көрсетеді. [1.]

Ш. Уәлиханов бірнеше рет өз зерттеулерін жазба деректерді қазақ
генеологиялық аңыздары және шежірелерімен салыстыра оытырп жүргізді. Бұл
оған сол кезеңде Дешті Қыпшақ даласындағы этногенетикалық процестің кейбір
қырларын ұғынуға мүмкіндік береді. Кейбір деп отырған себебіміз – ш.
Уәлиханов деректердің жетіспеушілігіне байланысты қазақ халқының қалыптасу
уақыты, оның құрамына енген ру, тайпалардың тілдік, нәсілдік сипаты жөнінде
жаңсақ тұжырымдар жасады. Дегенмен де қазақ ғалымы көшпелілер қоғамындағы
этникалық процестің отандық тарихнамада алғаш талдап берді. Соныме қатар,
Ш. Уәлиханов қазақ халқының құрамвна енген этникалық компоненттер
қазақтардың анторопологиялық типі, тілі, шаруашылығы, мәдениеті т.б.
мәселелерді зерттеп, қпзпқ этногенезі проблемасын ғылыми тұрғыдан жан-жақты
пайымдаудың негізін қалады. Оның бұл проблеманы зерттеуде отандық
тарихнамаға қосқан үлесі Р. Сүлейменов, Ж. Көшкімбаев, Д. Дулатова т.б.
ғалымдар еңбектерінде терең талданған.

II. Қазақ халқының қалыптасуындағы ғалымдардың зерттеулері.

Орыс тарих ғылымынан нәр алған Шоқан Уәлиханов сынды қазақ халқының
тұңғыш ғалымы, тарихшысы этнографы болды. Шоқан Уәлиханов қазақ тарихын
тұңғыш рет ертегілік халден ғылыми дәрежеге көтерді. Бірақ бұл зерттеулер
қаншама құнды болғанымен, қазақ халқы тарихы мен тұрмысының тек кейбір
жақтарын ғана қамти алды.

Сөйтіп қазақ халқы Отанымыздың кең байтақ жерін ертеден мекен еткен
байырғы халықтардың бірі бола тұрса да ол Ұлы Октябрь социалистік
революциясына дейін өзінің еркінен тыс себеп-салдарынан бербес тарихы мен
мәдениетімен керек десе, қазақ деген өзінің нағыз атымен де емес, басқа
атпен мәлім болған.

Патша үкіметі тұсында қазақты қырғыз деп, ал нағыз қырғызды қара
қырғыз деп атады. Бұлай атаудың басы алғашында XVII ғасырда тарихи
қателіктен шықты. Жоңғарияға барған орыс воеводтарына қалмақтар: Сібірден
Түркістан өлкесіне дейінгі жерді мекендейтін бір ғана қырғыздар деді. Бұл
екі елді шатастыру, әсіресе, Европа жазушыларының осал жері. Қалмақтардың
бұл түсінігі, расында, Сібір мен Алатау арасында көшіп жүрген қырғыздар
туралы еді; бірақ олар жер көлемін шатастырып айтқандықтан, орыс воеводтары
Қазақстан даласында мекендейтін қырғыз елі екен деп ойлаған. Орыстың тарих
ғылымында бұрынның өзінде отаршылдық ниеттен аулақ, дұрыс бағыт ұстаған
белгілі тарихшылар да аз болған жоқ, олар қазақ халқының ертеден қалған
мұраларын қадыр тұтып, мәдениет ескерткіштерін зейін қойып зерттеген А. И.
Левшин, В. В. Вельяминов-Зернов, А. Н. Харузин, Г. И. Потанин және т.б.
болды.

Тархи шындық бойынша халықтық және ұлттық бірлестіктер дегеніміз
нәсілдердің, не ұлыстардың, не бір тектес рулардың бірлестігі емес;
керісінше, олар өзгеру, өсу, өну, араласу, тоғысу арқылы жасалған тарихи
құранды. Алайда Қазақстан жерінде археологиялық зерттеу жүргізген: Лерх,
Радлов, Гейкель, Адрианов, Каменский, Козырев, Городецкий және т.б.
ғалымдар ғылымға – тарихқа бірталай күрделі із қалдырды. Оларды халық
аузында тарп жүрген шежіре деректерге қоса қазақ халқының тегін зерттеуге
аса бағалы мәлімет болуы сөзсіз. Алайда революциядан бұрынғы тарихшылар
қазақ халқының қайдан шығуын, тұқым мен тегін дұрыс айыра білмеді. Қазақ
халқының өз алдына жеке халық екенін айқын түсіндей, оны қырғызбен
шатастырумен болды. Оған мысалға Миллер, Фишер, Паллас, Рычков, Георгидің
еңбектерін келтіруге болады. Олар өздерінің тарихи-этнографиялық
еңбектерінде қазақ пен қырғызды бір санап, екеуін бір халық деп санады.
Бұлар түгіл, XIX ғасырдың бас кезінде қазақ халқы туралы көлемді еңбектер
жазған Риттер мен Клапорт та қазақ пен қырғызды бірінен бірін ажырата
алмады. Қазақ пен қырғызды ажыратып жеке халықтар екенін тұңғыш рет
баяндаған А. Левшин болды. Ол 1832 жылы басылған Қырғыз-қайсақ немесе
қырғыз-қазақ даласы мен ордасының сипаты атты еңбегінде қазақ халқы өте
ілгеріден келе жатқан ежелгі халықтың бірі және оның аты да кеш мәлім
болған емес, ілгеріден көрші елдерге белгілі болып келе жатқан тарихи ат
деді. Сонымен қатар А. Левшин ол есімнің қай кезде пайда болған да дұрыс
болжамдады.

А. Левшиннің жәке кейінірек еңбегі де сөз болатын басқа авторлардың
пікірлерін қорыта келгенде, олардың біразы тарихи шындықты дәл басқаның
көреміз. Бұл тарихшылардың баяндауынша, біздің жыл санауымыздан арғы VII
ғасырдан бастап, біздің эраның XIII ғасырына дейін Оңтүстік Сібірде,
Қазақстанда, Орта Азиядақырғын-қырғын шапқыншылықтан сау болған ғасырлар
тым аз болыпты. (Біздің эрадан арғы IV ғасырда).

Қазақстанда антропологиялық типті көп жылдар бойы мұқият зерттеген
ғалымдардан В. В. Гинзбург былай деп жазды: Ұзақ замандарды қамтитын
деректерді зерттей келіп, біздер жоғарыдағы аты аталған территорияда
андроннан бастап оңтүстік-сібірлікке дейінгі расалық типтің өзгерісін
індеттік. Осындай жағдайлар арқылы немесе далаға көшіп барып тіршілік
еткен жұрттарды дейді Шоқан Уәлиханов, ол кезде қазақ деп атады. Бірақ
қазақ деген сөз ол кезде бір халықтың этнонимі – халықтың аты емес көбіне
саяси жағдайға байланысты ат болып, тек кейін (XIV – XV ғасырларда ғана)
халық атына айналды.

А.Мейер М. Красовский жоғарыда аталған Мұхаммед Хайдар мен В. В.
Вельяминов-Зернов еңбектерін өздерінше пайымдап, қазақ халқын өз
жетекшілерінің төңірегінде шоғырланған тобыр ретінде қалыптасқан деп және
мұны кездейсоқ оқиға реінде сипаттауға әрекеттенеді.[2.] Бірақ А. Мейер
қазақ халқының этникалық компоненттерінің ішінде түрік тайпаларының басым
болғандығын мойындайды.

А. Н. Харузин қазақ халқының құрамына енген ру-тайпалар тарихына мән
беріп, оның компоненттері қатарында кірме элементтердің рөлін әсірелей
көрсетеді. Осы арқылы ол қазақ халқының этногенезі құрамалы сипатта
болғандығы жөнінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ жеріндегі XV-XVI ғғ. саяси және тарихи -әлеуметтік өзгерістер мен Мұхаммед Хайдар Дулатидың тұлға ретінде қалыптасуы
Шетелдегі этникалық қазақ қауымының қалыптасуы мен қазақтардың репатриациясы тарихын зерттеудегі негізгі тұжырымдар
Ұлтық тәрбиені қазіргі мектептердегі эстетикалық тәрбиеде пайдалану маңыздылығы
Қазақстан Республикасының бүгінгі тәжірибесі негізінде ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті
«Этнопедагогика» пәнінің оқу-әдістемелік кешені (оқытушылар үшін)
Қазақтың тұңғыш операсы
Қытайтану (синология) жайлы
Қазақ халқының қалыптасуы. Қазақ этнонимі. Қазақ жүздері
Жеке тұлғаға және оның эстетикалық талғамының қалыптасуына қолөнердің әсері
Хан тағының қалыптасу кезеңдері
Пәндер