Монополияның экономикалық және әлеуметтік салдары



1. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3


2. Монополияның экономикалық салдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4


а) Монополияның табиғиты және түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4

ә) Монополиялық билік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9

б) Монополияның өнім көлеиін белгілеуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12


Монополияның әлеуметтік салдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16

а) Монополиялық биліктің әлеуметтік шығындары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16

ә) Қазақстандағы монополиялық жағдай және табиғи монополиялардың қоғамға тигізер әсері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19


Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23

Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
Елiмiздiң нарықтық экономикаға өтуiне байланысты экономикамызда микро және макродеңгейде қатынастары күрделенiп, экономикамызға әр түрлi әсерiн тигiзуде.
Қазiргi кезде нақты рыноктық қатынастар орнап, бағаны белгiлейтiн тек қана сұраныс пен ұсыныс деп төте айту қиындау. Өйткенi фирмалар белгiлi бiр рынокта, белгiлi бәсеке жағдайында және белгiлi рынок құрылымының негiзiнде әрекет жасайды.
Рынок құрылымы фирмалардың саладағы санына, фирманың көлемiне, тауар сипатына, оның рынокқа ену жеңiлдiгiне немесе ақпараттың қолда болуына байланысты. Осындай рынок құрылымдарының бiр түрi – монополия.
Монополия дегенiмiз белгiлi бiр тауарды немесе қызметтi өндiретiн жалғыз фирма және осы тауарды жақын алмастырушысы жоқ нарықты айтамыз.
Бұл тақырыптың өзектiлiгi нарықты қэкономикадағы монополияның орны, табиғаты, оның экономиканың әлеуметтiк және экономикалық салаларына тигiзер оң және терiс әсерлерiн қарастыру.
Осылайша мен курстық жұмысымның тақырыбын Монополияның пайда болу тарихы” деп алдым.
Экономикамыздың нарықтық қатынастарға өтуiне байланысты бәсеке түралы көп кездестiремiз. Бәсеке өз кезегiнде рыноктық экономиканың сұраныс пен ұсыныс сияқты негiзгi элементi болып табылады. Бiрақ қазiргi жағдайда қайбiр елдiң болмасын, оларда таза бәсекелестiк экономикалық рынок жоқ. Өйткенi қоғамның кейбiр салаларында көптеген кәсiпорындар бiрдей қызмет ете алмайды. Мысалы, ел аумағындағы электр желiсiн алатын болсақ ол табиғи монополия болып табылады, өйткенi бұл рынокқа бәсекелес фирма кiру үшiн ол фирма тағы да бүкiл ел аумағына электр тораптарын жүргiзуге тура келедi, ал бұл өз кезегiнде жалпы қоғамға немесе ұлттық экономикаға зиян шығындарды туғызады.
Бiрақ рыноктық экономикада қандай-да болмасын монополиялық әрекеттердi өз бетiнше жiбермейдi, оны мемлекет белгiлi бiр деңгейде әр түрлi шаралармен реттеп отырады. Оны экономикада “антимонополиялық саясат” дейдi.
Жүмысты орындаудағы мақсатым курстық жұмыс барысында монополиялық жағдайды толық қарастырып, оның пайда болу теориясын және қызмет ету ерекшелiктерiн, қысқа және ұзақ мерзiмдегi монополист әрекеттерiн, монополиялық нарықтың жетiлген бәсеке рыногынан айырмашылығын қарастырмақшымын. Әрине соңғы бөлiмде Қазақстандағы осы рыноктың жалпы көрiнiсi және телекоммуникация саласындағы табиғи монополия (“Қазақтелеком ААҚ”) мысалында қарастырып өтпекшiмiн.
1. Мэнкью Н.Г. Принципы экономикс. – Спб: Питер Ком, 1999. – 784 с.
2. Есипова В.Е. Цены и ценообразование. Учебник для вузов. – СПб:. “Питер”, 1999. – 464с.
3. Хайман Д.Н. Современная микроэкономика: анализ и применение. В 2-х т. Т. II. – М: Финансы и статистика, 1992. – 384 с.
4. Пиндайк Р., Рубинфельд Д. Микроэкономика. – М.: Экономика, Дело, 1992.
5. Мамыров Н.Қ., Есенғалиева Қ.С., Тлеужанова М.А. Микроэкономика / Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2000 ж. – 420 бет.
6. Мұхамедиев Б.М. Микроэкономика: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университетi, 2003. – 219 б.
7. Н.Ә. Назарбаев. Қазақстан – 2030. Қазақстан халқына жолдауы.
8. Кузеков А.С. Управление локальными монополями в сфере информационный услуги (на примере ОАО “Казактелеком”). Афтореферат. – Караганда. – 2004 г.
9. Экономика и права Казахстана, 2004 / №13.
10. Жайдары Ж.Б. “Этапы достижение конкурентспособности компании (на примере рынка телекоммуникации)”. // Аналитик. – 2004, №3.
11. Мамутов Б.А. “Управление финансово-экономической деятельностью предприятие (на примере ОАО “Казактелеком”). // XXI ғасырдағы “Мемлекет және бизнес” халықаралық ғылыми-практика конференциялары материалдары. – Алматы, 2003. 2 бөлiм.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

1. Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

2. Монополияның экономикалық салдары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4

а) Монополияның табиғиты және түрлері
... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..4

ә) Монополиялық билік
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ...9

б) Монополияның өнім көлеиін белгілеуі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12

2. Монополияның әлеуметтік салдары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16

а) Монополиялық биліктің әлеуметтік шығындары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16

ә) Қазақстандағы монополиялық жағдай және табиғи монополиялардың қоғамға
тигізер әсері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ..19

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .23

Қолданылған әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ...24

КІРІСПЕ

Елiмiздiң нарықтық экономикаға өтуiне байланысты экономикамызда микро
және макродеңгейде қатынастары күрделенiп, экономикамызға әр түрлi әсерiн
тигiзуде.

Қазiргi кезде нақты рыноктық қатынастар орнап, бағаны белгiлейтiн тек
қана сұраныс пен ұсыныс деп төте айту қиындау. Өйткенi фирмалар белгiлi бiр
рынокта, белгiлi бәсеке жағдайында және белгiлi рынок құрылымының негiзiнде
әрекет жасайды.
Рынок құрылымы фирмалардың саладағы санына, фирманың көлемiне, тауар
сипатына, оның рынокқа ену жеңiлдiгiне немесе ақпараттың қолда болуына
байланысты. Осындай рынок құрылымдарының бiр түрi – монополия.
Монополия дегенiмiз белгiлi бiр тауарды немесе қызметтi өндiретiн
жалғыз фирма және осы тауарды жақын алмастырушысы жоқ нарықты айтамыз.
Бұл тақырыптың өзектiлiгi нарықты қэкономикадағы монополияның орны,
табиғаты, оның экономиканың әлеуметтiк және экономикалық салаларына тигiзер
оң және терiс әсерлерiн қарастыру.
Осылайша мен курстық жұмысымның тақырыбын Монополияның пайда болу
тарихы” деп алдым.
Экономикамыздың нарықтық қатынастарға өтуiне байланысты бәсеке түралы
көп кездестiремiз. Бәсеке өз кезегiнде рыноктық экономиканың сұраныс пен
ұсыныс сияқты негiзгi элементi болып табылады. Бiрақ қазiргi жағдайда
қайбiр елдiң болмасын, оларда таза бәсекелестiк экономикалық рынок жоқ.
Өйткенi қоғамның кейбiр салаларында көптеген кәсiпорындар бiрдей қызмет ете
алмайды. Мысалы, ел аумағындағы электр желiсiн алатын болсақ ол табиғи
монополия болып табылады, өйткенi бұл рынокқа бәсекелес фирма кiру үшiн ол
фирма тағы да бүкiл ел аумағына электр тораптарын жүргiзуге тура келедi, ал
бұл өз кезегiнде жалпы қоғамға немесе ұлттық экономикаға зиян шығындарды
туғызады.
Бiрақ рыноктық экономикада қандай-да болмасын монополиялық әрекеттердi
өз бетiнше жiбермейдi, оны мемлекет белгiлi бiр деңгейде әр түрлi
шаралармен реттеп отырады. Оны экономикада “антимонополиялық саясат” дейдi.

Жүмысты орындаудағы мақсатым курстық жұмыс барысында монополиялық
жағдайды толық қарастырып, оның пайда болу теориясын және қызмет ету
ерекшелiктерiн, қысқа және ұзақ мерзiмдегi монополист әрекеттерiн,
монополиялық нарықтың жетiлген бәсеке рыногынан айырмашылығын
қарастырмақшымын. Әрине соңғы бөлiмде Қазақстандағы осы рыноктың жалпы
көрiнiсi және телекоммуникация саласындағы табиғи монополия (“Қазақтелеком
ААҚ”) мысалында қарастырып өтпекшiмiн.

2. Монополияның экономикалық салдары

а) Монополияның табиғаты және түрлері

Нарық құрылымының ерекшелiктерiн сипаттайтын ең басты көрсеткiштердiң
бiрi, осы қарастырылып отырған нарықтағы фирмалардың саны боп табылады.
Экономикада рынокты анықтайтын, оны зерттейтiн, бағаны белгiлейтiн
сұраныс пен ұсыныс қана емес, сондай-ақ рынок құрылымы болып табылады.
Өйткенi әр рынок құрылымында бәсеке түрлерi де әр түрлi, соған сәйкес баға
құру тәсiлi және фирманың қызмет етуi де өзгеше болып келедi.
Рынок құрылымының негiзгi түрiне келесiлер жатады: 2, 123 бет .
1) Жетiлген бәсеке нарығы;
2) Монополия;
3) Монополиялық бәсеке;
4) Олигополия.
Жетiлген бәсеке қалыптасу үшiн ондаған фирмалар әрекет жасап, олардың
өзара келiсiм жасауға мүмкiндiгi болмауы тиiс.
Жетiлген бәсекеге қарама-қарсы бәсеке түрi монополия болып табылады.
Ал монополия жағдайында тұтынушының алдында бiр ғана iрi өндiрушi тұрады.
Тұтынушы қаласа да, қаламаса да монополистiң өнiмiн пайдаланып, оның
тағайындалған бағасын қабылдауға мәжбүр болады. Монополистiң үлкен билiкке
ие болуына оның тауарының ерекшеленуiмен қатар, осы тауардың алмастырушысы
аз болуы да әсерiн тигiзедi. Бұл 2-суретте бейнеленген.

Сурет-1 – Монополияның ерекшелiктерi

Рынок құрылымында жетiлген бәсеке рыногына қарама-қайшы рынок түрi
бұл монополиялық рынок. Монополия жағдайында тұтынушылардың алдында бiр
ғана iрi өндiрушi тұрады. Демек, мұнда фирма және монополия түсiнiктерi
теңескен. Тұтынушы қаласа да, қаламасада монополистiң өнiмiн пайдалаып,
оның тағайындаған бағасын қабылдауға мiжбүр болады.
Мысалы, жетiлген бәсеке мен монополия нақты түрде шын өмiрде сирек
кездеседi. Олар көбiнесе рынокта араласып, бiрақ бiр жағы басымырақ
болып келедi. Өйткенi жетiлген бәсекеде бiрдей тауар олар мен үшiн әр
түрлi болып көрiнуi мүмкiн. Ондай жалған көрiнiс дүкендердiң орналасқан
жерiне, қызмет көрсету деңгейiне, жарнамаға және тауар орамының
ерекшелiгiне байланысты.
Бiздiң өмiрiмiзде жетiлген бәсеке көбiнесе астық, құнды қағаздар
және жемiс-жидек рыногында көп кездеседi.
Ал монополияның толық қамтитын түрi ол сол өнiмнiң алмастырушысы жоқ,
сол өнiмдi қайта тұтынуға келмейтiн немесе белгiлi фирмаға ерекше
құқықтар беру арқылы көрiнуi мүмкiн. Сондықтан монополия көбiнесе қызмет
көрсету саласында орын алады.
Мысалы, елiмiзде монополиялық көрiнiс халыққа қызмет көрсету
саласында, яғни телекомуникация, электроэнергиясы, жылумен және ауыз суымен
қамту салаларында көрiнiс табуда. Өйткенi мұндай салаларда монополияның
көрiнiс табуы орынды, себебi электр торабын алатын болсақ, егер нарықта
екiншi бәсекелес фирма келу үшiн ол бүкiл сол аумаққа өз алдына электр
тораптарын таратуға алып келедi, ол дегенiмiз артық шығындарды туғызады.
Монополиялы рыноктың қалыптасуының ежелгi тәсiлi бұл - басты
ресурстардың жалғыз өндiрушi фирманың қолында болуы. Ол ресурстарға:
негiзгi немесе ерекше шикiзат көздерi, инновациялық жаңалық, жоғары ғылыми
немесе бiлiм жетiстiктерi, қызмет көрсетудiң ерекше түрi сияқты ресурстар
жатады. Яғни, бұл рыноктың түрiнде монополистер сол ерекше ресурстары
арқылы ел iшiнде немесе әлемдiк рынокта монополис болып табылады. Бұған
қарапайым мысал ретiнде, бiр қала iшiнде бiр ғана су құдығы болып, ал
басқа су құдықтары болмаса, онда осы құдықтың иесi ерекше ресурс көзiне ие
болған монополис болып табылады. Егер шынымен де монополис тауары ең
бiрiншi қажеттi тауарларға жатса, бiздiң мысалымыздағыдай “су” , онда
монополис ол өнiмi максималды баға деңгейiн белгiлей алады.

Мысалы, бiрiншiден Оңтүстiк Африка республикасында әлемдегi алмаз
өндiрiсiнiң 80-85% өндiрiледi және ол өндiрiс тек қана бiр компанияда, яғни
“De Beers” компаниясы 100% өндiрiс көлемiн иемденген. Әрине мұндай ауқымды
көлеммен монополис компания әлемдiк алмаз және брилиант бағаларына өзгерiс
енгiзе алады. Сондықтан, бұл компания ұлттық экономика деңгейiнде қолдау
тауып, оған мемлекет ерекше құқық беру арқылы өз елiнiң әлемдегi рыногының
орнын сақтауға тырысады. Өйткенi, бұлай ерекше қолдау көрсетудiң басты
мәселесi осы алмазды алмастыратын басқа да асыл тастардың көп болуы. Осы
себептен бұл компанияның әлемдiк рыноктағы жарнамалық бюджетi өте көлемдi.
Ол жарнамалардың мақсаты брилиант пен алмаздың басқа асыл тастардан өзiндiк
қасиеттерiн арттыру, ылғи да бұрынғы сұраныс көлемiн сақтап қалу және
рынокта қосымша билiкке ие болу екендiгi белгiлi.
Екiншiден, Американың “алюминиум компаниясының” нарықта ресурстық
монополиялы рыногының қалыптасуы және әлi күнге дейiн сақталып келе жатуы.
Ол бұл жағдайға өзiнiң алюминий өндiрiсiнде қолданылатын негiзгi шикiзат
бокситтiң қайнар көздерiне жоғары дәрежеде бақылау жасауы арқылы жеттi.
Үшiншiден, көптеген жылдар бойы “Ксерокс” компаниясы әлемде өзiнiң
өнiмдерiне жоғары және ерекше технологиялар енгiзу арқылы монополист болып
келе жатыр, яғни бұл рынокқа басқа фирмалардың кiруге мүмкiншiлiгi
болмауда.
Рынокты монополиялаудың негiзгi себептерiне байланысты қысқаша
айтқанда монополияның төмендегiдей түрлерi бар:

1) Жабық монополия, ол бәскелестен заңды шектеулер көмегiмен қорғлған;
2) Табиғи монополия, белгiлi бiр көлемдегi өнiмдi бiр фирмада өндiру, оны
екi немесе одан да көп фирмаларда өндiргеннен арзанға түсетiн өндiрiс
саласы;
3) Ашық монополия, берiлген тауарды өндiретiн тек қана бiр фирма болып
және олардың бәсекелестiктен ешқандай арнайы қорғаныш жоқ болатын
жағдай.
Нарық құрылымының ерекшелiктерiн сипаттайтын ең басты көрсеткiштердiң
бiрi, осы қарастырылып отырған нарықтағы фирмалардың саны боп табылады.
Экономикада рынокты анықтайтын, оны зерттейтiн, бағаны белгiлейтiн сұраныс
пен ұсыныс қана емес, сондай-ақ рынок құрылымы болып табылады. Өйткенi әр
рынок құрылымында бәсеке түрлерi де әр түрлi, соған сәйкес баға құру тәсiлi
және фирманың қызмет етуi де өзгеше болып келедi.
Рынок құрылымының негiзгi түрлерiн келесi 2-ші суреттен көруге болады:

Жалғыз Бiрнеше
фирма фирма Көптеген фирмалар

Сурет-2– Рынок құрылымының жiктелуi

Бұл суреттегi жетiлген бәсеке қалыптасу үшiн ондаған фирмалар әрекет
жасап, олардың өзара келiсiм жасауға мүмкiндiгi болмауы тиiс.
Рынок құрылымындағы жетiлген бәсеке мен таза монополия нарықтың
қызмет етуiнiң қарама-қарсы түрлерi болса, ал ендiгi бiр рынок құрылымы
монополиялық бәсеке нарығы осы екi рыноктың арасындағы рынок болып
табылады, яғни, не толық бәсекелiк емес немесе таза монополиялы рынок емес.
Нарықтың осы құрылымы нақты өмiрде жиi кездеседi. Мысалы, аяқ киiм
нарығы, жеңiл және тамақ өнеркәсiбi, жиһаз жасау, кино және көркем әдебиет
нарығында көрiнiс табады.
Сонымен, сатушылар өз тауарының бағасына әсер ететiн, бiрақ басқа
сатушылардың әрекетiн есепке алмайтын, нарыққа кiрiп шыға еркiн, ал сатып
алушылар тауар бағасын берiлген деп есептейтiн нарықтық жүйенi монополиялық
бәсеке деп атайды.
Бұл нарықта өндiрушiлер бәсекеге төтеп беру үшiн жарнама және қосымша
шығындарға кезiгедi. Яғни, өз тауарына сұранысты көбейту үшiн шығарған
өнiмдерiне ерекше қасиеттер енгiзуге тырысады.
Монополиялық бәсеке қалыптасуы үшiн ондаған фирмалар әрекет жасап,
олардың өзара келiсiм жасауға мүмкiншiлiгi болмауы керек. Осындай
монополист бәсеке жағдайында әр фирма өз тәуекелдiлiгiмен әрекет жасайды
және баға саясатын өзi анықтайды. Бұл рынок жағдайында басқа фирмалардың iс-
әрекетiн болжау мүмкiн емес, өйткенi әрбiр фирманың өнiмi сараланған.
Аларманның ұнатымына қарай монополистiк бәсеке жеңiл және тамақ
өнеркәсiбiнде дамыған.
Мұндағы тауарлар түрлерi көп, сапасы әр қалай, қызмет көрсету деңгейi
әр түрлi. Демек тауарлардың саралануы баға факторына негiзделген. Ал
монополиялық бәсеке рыногында бейбағалық факторларға келесiлердi жатқызуға
болады:
• тауардың орамы;
• жарнаманың әсерi;
• қызмет көрсетудiң көп түрлiлiгi;
• жөндеуге кепiлдiк беру және жөндеу мерзiмiне қарай
Монополистiк бәсеке жағдайында рынокқа ену кедергiлерi онша үлкен емес,
бiрақ баршылық. Оларға:
• лицензия;
• патент;
• фирма және кәсiпорын белгiлерi;
• сауда белгiсi.
Монополиялық бәсеке рыногы қызмет етуi үшiн төмендегiдей
ерекшелiктерiмен сипатталады:
• Нарықта тауарды сатушылар мен сатып алушылар саны өте көп. Тауарды
өндiруде немесе сатуда көбiнесе ұсақ фирмалар жұмыс iстейдi;
• Өнiмдердiң дифференциясы. Әрбiр фирма өз өнiмдерiнiң бәсекелестерiнен
азда болса ерекше қасиеттерiнiң болуына ұмтылады, бұл тауарлар бiр-
бiрiн ауыстыра алады;
• Еркiн рынокқа кiрiп-шығу. Яғни, монополиялық бәсеке рыногына кiруге
тосқауыл оншалықты көп емес және бұл саладан шығып кету де оңай.
• Мысалы, ұлттық киiмдер тiгетiн шағын фирма ашуға көп қаражат қажет
емес, сондықтан мұндай кәсiпкерлiкпен кез келген фирма айналысуы
мүмкiн.
Нарықтағы өнiм көлемi, баға және басқа да жағдайлар түралы деректер
белгiлi болуы керек. Ендi монополиялық бәсекенiң басқа да рынок
құрылымындарынан айырмашылығы және ұқсастығына тоқталып өтсек:
Монополиялық бәсеке рыногының монополиялы рынокпен ұқсастығы жеке
фирманың өз тауарына өзгерту енгiзе алуы мүмкiндiгi. Ал айрмашылығы рынокта
көптеген ұсақ фирмалардың қызмет етуi және ол фирмалардың тауары бiрiн-бiрi
алмастыра алуы;
Монополиялық бәсеке рыногыны жетiлген бәсекелi рынокқа ұқсастығы әрбiр
тауар көптеген фирмаларда өндiрiледi және рынокқа кiрiп-шығу еркiн болады,
ал айырмашылығы олар өнiмнiң өзiндiк ерекшелiгiнiң болуы себебiнен бағаға
әсер етет алады және сұраныс қисығы жетiлген бәсекелi рыноктағыдай
абсалюттi икемдi емес, қайта монополиялы рыноктағыдай ылдилы болып
келедi.Жетiлген бәсекелi және монополиялық рыногта өндiрушi фирма өз
тауарының бағасын және тиiмдi өнiм көлемiн анықтаған кезде тек қана
тұтынушының реакциясымен өзiнiң жеке өндiрiстiк мүмкiндiктерiн ғана
ескерiп отырады. Сондықтан бұл нарықтардағы пайданың жоғары деңгейге
жеткiзу, тек қана, орташа шығын, шектi шығын қисықтарын және сұраныс
қисығын шектеу арқылы iске асырылады.
Ал олигополия дегенiмiз тауардың көпшiлiгi бiрнеше iрi фирма
арқылы өндiрiледi. Ол фирмалардың рынокқа әр қайсысының әсерi айтарлықтай
болып табылады. Кейбiр олигополия монополист сияқты бағаға әсер етуi
мүмкiн. Мысалы, бiр класты автокөлiк нарығы.
Олигополия нарығы төмендегiдей ерекшелiктерiмен сипатталады:
1. Нарықтағы көлемдi сату үлесi бар және бiр – бiрiмн бәсекелес
бiрнеше фирмалар болады;
2. Жоғарыда айтылған фирмаларды, көбiнесе басым (лидер) фирмалар деп
атайды және олар нарықтағы тауарлардың бағасы мен сату көлемiнiң
өзгеруiне едәуiр ықпал етедi;
3. Олигополиялық фирманың өндiрiс шешiмдерi тек қана түтнушы iс-
әрекетiне ғана байланысты емес, сонымен қатар бәсекелес фирмалардың
стратегиялық шешiмдерiне де байланысты болады.
Олигополиялық фирмалар тауардың бағасы мен өнiм шығару көлемi
туралы шешiм қабылдағанда өзiмен бәсекелес фирмалардың барлық
мүмкiндiктерiн ескерiп, талдап отырады.

ә) Монополиялық билік

Берiлген тауарды өндiретiн тек бiр ғана жеке фирма бар және осы
тауарды ауыстыратын басқа тауралар жоқ деп ұйғарсақ, онда мұндай нарық –
монополия, ал фирма – монополист деп аталады. Монополист берiлген тауарды
өндiретiн жалғыз фирма болғандықтан оның сұраныс қисығы бiр мезгiлде
нарықтың сұраныс қисығы болып табылады және ұсынылған тауардың шамасының
бағасын анықтайды. Монополист өзiнiң ерекше жағдайын пайдаланып, тауардың
бағасын бәсекелес бағасынан жоғары деңгейде белгiлейдi және де бәсекелес
фирмаға қарағанда тауарды аз мөлшерде ұсынады. Егер сатушы өз тауарының
шығару көлемiн өзгерту арқылы нарықтық бағаға әсерiн тигiзе алса, онда ол
монополиялық билiкке ие болады деп айта аламыз.
Егер нарықта жеке өндiрушiнiң монополиялық билiгi орнықса, онда қоғам
жалпы белгiлi шығындарға ұшырайды, себебi тұтынушылар тауарды тұтынудың
көлемiн азайта отырып, тауарға жоғары баға төлейдi. Сондықтан да көптеген
елдерде нарықты монополиялауды шектейтiн монополияға қарсы заңдар
қабылданып, iске асырылуда. Бұл заңдарға қарамастан әлемнiң барлық
елдерiнде өндiрушi-монополистер бар.
Бұл шектеулер төмендегiдей:
1) Iрi өндiрiстiң басымдылығы;
2) Легальды тосқауылдар ( шикiзат қорын, жердi ғылым мен техниканың
жетiстiктерiн монополиялық түрде иелену, тауарды жеке өндiру үшiн
үкiметтен алынған ерекше құқықтар);
3) Бәсекелесудi әдiлетсiз жүргiзу.
Iрi өндiрушiлердiң ұсақ өндiрушiлермен салыстырғанда өте көп
артықшылықтары бар. Монополиялық өндiрсте iрi фирмалардың жұмыс iстеуi
тиiмдi, себебi iрi өндiрiстiң шығындары ұсақ өндiрiстiң шығындарынан гөрi
төмен болатыны практика жүзiнде дәлелденген.
Монополияны тек қана экономикалық шектеулер ғана емес, сонымен қатар
құқықтық шектеулер де қорғайды. Құқықтық шектеулердiң көп тараған түрлерi –
жеке меншiк құқығы. Егер бiр фирманың меншiгiнде өте сирек кездесетiн
шикiзат болса, онда ол фирма монополист болады. Легальды тосқауылдарға
патенттер мен авторлық құқықтар жатады. Жаңалық ашқан адам патент алмаса,
онда ол өзiне берiлген ерекше жеңiлдiлiктерге ие бола алмайды. Бұл
жағдайдың бiздiң мемлекетiмiз үшiн маңызы зор, өйткенi Кеңес үкiметi
кезiнде ойлап тапқан жаңалықтардың көбiнiң мемлекет аралық патентi жоқ
болды, сондықтан да бұларды шет елдiң адамдары тегiн пайаланды.
Бәсекенi әдiлетсiз түрде жүргiзудiң негiзгi түрi – демпинг –
бәсекелесiн ығыстыру мақсатында өнiмдi өзiдiк құнынан төмен бағамен сату.
Iрi фирмалар – мүмкiндiгi мол монополистер. Олардың қаржы мүмкiндiктерi де
жоғары. Сондықтан да тауарларды өздерiне тиiмсiз бағамен ұзақ уақыт сату
арқылы, ұсақ фирмаларды нарықтан ығыстырады.
Монополист өзiнiң ерекше жағдайын пайдаланып, тауардың бағасын
бәсекелес бағасынан әлдеқайда жоғары деңгейде белгiлейдi де бәсекелес
фирмаға қарағанда тауарды аз мөлшерде ұсынады. Мұнда сатушы өз тауарының
шығару көлемiн өзгерту арқылы рыноктық қалыптасқан бағаға әсерiн тигiзе
алады, онда ол монополиялық билiкке ие болады деп атаймыз.
Кейбiр жағдайда әлемдiк тұрғыдан бәсекенiң күшеюi ұлттық экономикада
белгiлi салаға ұлттық монополияны немесе табиғи және жоғары дамыған
монополиялардың қажеттi екенiн дәлелдеп отыр.
Егер нарықта жеке өндiрушiнiң монополиялық билiгi орнықса, онда қоғам
жалпы белгiлi шығындарға ұшырайды, себебi тұтынушылар тауарды тұтынудың
көлемiн азайта отырып, тауарға жоғары баға төлейдi. Сондықтан да көптеген
елдерде нарықты монополиялауды шектейтiн монополияға қарсы заңдар
қабылданып, iске асырылуда. Бұл заңдарға қарамастан әлемнiң барлық
елдерiнде өндiрушi-монополистер бар.
Бiрақ монополиялы рыноктың жалпы қызмет етуiнiң негiзгi шарты
монополияда кедергiлердiң болуы. Бұл көрсеткiштерге кешегi жағдайларды
жатқыссақ болады: 2, 16 бет .
1) Өндiрiстiң басты ресурстарын жалғы фирманың иемденуi. Бұл
монополияның пайда болуының ежелгi үлгiсi. Мұнда сирек кездесетiн
ресурстарға легальды тосқауылдар қояды, яғни оларға патенттер мен авторлық
құқықтар жатады (мысалы, Оңтүстiк Африка мемлекетiнiң “De Beers” деген
алмаз өндiретiн компаниясы әлемдегi алмаз өндiру үлесi 80%- ды құрайды).
2) Iрi өндiрiстiң басымдығы болуы. Бiр фирманың сол салаға мамандануы
соншалық, ол фирманың рыноктағы өндiрiсi максималды тиiмдiлiкте қызмет
етуi, яғни бәсекелес фирмаларға қарағанда шығындардың төмен болуы, сапаның
жоғарылығы.
Мұндай жағдайда сол фирма рыноктағы монополист фирмаға айналады.
Монополиялық өндiрiсте iрi фирмалардың жұмыс iстеуi тиiмдi, себебi iрi
өндiрiстiң шығыны, ұсақ фирмалардың шығындарынан төмен болады. Яғни, табиғи
монополия өнiм өндiру масштабында үнемдi қызмет етуiнен туындайды. Оны 3-
шi суреттен көре аламыз.
Суреттен көретiнiмiз, орташа шығындар қисығы терiс ылдилы көлбеулiк
болып келедi. Монополия үшiн монополист тауарының сұраныс қисығы “D”
нарықтық сұраныс қисығымен сәйкес келедi. Әдетте табиғи монополистер болып
тұрғын халықты коммуалды қызметпен қамтамасыз ететiн фирмалар жатады.
Мысалы, қала iшiндегi жылу берумен қамтамасыз етушi. Яғни, фирма қала
тұрғындарының жылуға деген сұранысын қамтамасыз ету үшiн қала iшiнде жылу
беру жүйесiн тартады. Ол осы жүйесi арқылы монополсит болып, халықты
жылумен қамтамасыз етедi. Егер рынокқа бәсекелес басқа фирма енуi үшiн ол
өз алдына жеке жылу жүйесiн жүргiзуi керек, сонымен қатар бiрнеше фирма
болса, олардың жалпы орташа шығындары өсу бағытын алады. Сондықтан мұндай
салаларда жалғыз фирманың қызмет еткенi тиiмдi.

Шығындар

АС2

АС1 Орташа жиынтық

шығын (АС)

Q2 Q1 Өнiм көлемi

Сурет-3 – Монополист фирманың ауқымнан үнемдеуi

3. Жеке өндiрушiге мемлекет тарапынан ерекше құқық беру. Бұл көп
жағдайда қару-жарақ шығару, елiмiз үшiн маңызды стратегиялық өнiмдер шығару
бұл бiр ғана мемлкеттiк немесе жеке фирмада шығарылады. Егер де шығарылған
өнiм инновациялы болып, осы елде алғаш ретшығарылса, оған мемлкет патент
және авторлық құқық бередi. Бұл шара сол фирманың өз өнiмдерiн шығарып,
оның бәсеке қабiлетiн арттыру үшiн қажеттi.
Бәсекелесудiң әдiлетсiз жүргiзiлуi, оның негiзгi түрi – демпинг –
бәсекелесiн ығыстыру мақсатында өнiмдi өзiдiк құнынан төмен бағамен сату.
Iрi фирмалар – мүмкiндiгi мол монополистер. Олардың қаржы мүмкiндiктерi де
жоғары. Сондықтан да тауарларды өздерiне тиiмсiз бағамен ұзақ уақыт сату
арқылы, ұсақ фирмаларды нарықтан ығыстырады. Бұл дегенiмiз рынокты
экономикада кәсiпкерлiктiң дамуына керi әсерiн тигiзедi, сондықтан мемлекет
тарапынан бәсекенi әдiлетсiз жүргiзу қадағаланады.
Экономикамыздың нарықтық қатынастарға өтуiне байланысты бәсеке түралы
көп кездестiремiз. Бәсеке өз кезегiнде рыноктық экономиканың сұраныс пен
ұсыныс сияқты негiзгi элементi болып табылады. Бiрақ қазiргi жағдайда
қайбiр елдiң болмасын, оларда таза бәсекелестiк экономикалық рынок жоқ.
Өйткенi қоғамның кейбiр салаларында көптеген кәсiпорындар бiрдей қызмет ете
алмайды. Мысалы, ел аумағындағы электр желiсiн алатын болсақ ол табиғи
монополия болып табылады, өйткенi бұл рынокқа бәсекелес фирма кiру үшiн ол
фирма тағы да бүкiл ел аумағына электр тораптарын жүргiзуге тура келедi, ал
бұл өз кезегiнде жалпы қоғамға немесе ұлттық экономикаға зиян шығындарды
туғызады.

б) Монополияның өнім көлемін белгілеуі

Монополист фирманың қызмет етуі оның нарықта жалғыздығымен
ерекшеленеді. Яғни, монополист фирма белгілі бір өнімді сатушы немесе сол
нарықты иеленуші, бәсекелесі жоқ өндіруші фирма немесе өнеркәсіп болып
табылады. Ол өзінің шығарған өнімдеріне бағаны өзі белгілейді және оның
баға белгілеуіне мемлекеттен басқа ешкім қарсы тұра алмайды.
Нарықта монополист жоғарғы пайда табу үшін ол өзінің шығарған
өнімдеріне шығындарынан жоғары және жоғары пайда әкелетіндей, сондай-ақ
тұтынушылар ала алатындай ең тиімді баға деңгейін белгілесе болғаны.
Өйткені монополист бәспекелес фирмадан артықшылығы оның өнімдері ылғи да
сұранысқа ие болады. Сондықтан монополист өнім нарыққа шығаратын өнім
көлемін өзіне ең жоғары пайда әкелетін мөлшерде өндіреді, ол көбінесе
тұтынушылардың қалауымен санаспайды, яғни өнім өндірудің ең тиімді көлемін
анықтап отырады.
Сөйтiп қандай монополиялы жағдай болмасын олардың бәсекелес фирмадан
айырмашылығы, нарықтық билiкке ие болған жағдайда фирма тауарына сұраныс
қисығы ылдилы болып келедi. Оны келесi суреттен көре аламыз.

Р Р

Сұраныс (D)
Сұраныс (D)

Q
Q

Сурет- 4 – (а) – Жетiлген бәсекелi рыноктағы фирма тауарына сұраныс
қисығы, (ә) – Бәсекелiк монополия тауарына сұраныс қисығы

Монополистiң өнiм шығарушы ретiнде бәсекелестiк фирма сияқты өндiрiс
мақсаты – пайданы ең жоғары деңгейге жеткiзу болып табылады. Монополис
тауар бiрлiгiнiң бәрiне бiр баға деңгейiн белгiлейтiн болғандықтан,
тауардың бағасы монополистiң орташа түсiмiн көрсетедi. Монополист
өндiрушiнiң ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында монполияға қарсы реттеу және оның экономиканың тұрақты дамуындағы орны
Монополия табиғаты және монополияға қарсы саясаттың маңызы
Монополияның жалпы мәні мен түрлері
Монополиялық бәсеке нарығы және монополиялық билік
Қазақстан Республикасының көлік саласында табиғи монополия құрылымдарын мемлекеттік реттеу
Монополияның мәнi, түсiнiгi және оның түрлерi
Қазақстан Республикасының көлік саласын ұйымдастыру
Монополия
Монополия туралы
Бәсекелестік қатынастардың негізгі түрлері
Пәндер