Операциялық тетік нәтижесін талдау және бағалау



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3.4
І. ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ТЕТІК ҰҒЫМЫН АНЫҚТАУДАҒЫ НЕГІЗГІ ТЕОРИЯЛЫҚ ТӘСІЛДЕМЕЛЕРДІ ЗЕРТТЕУ
І.1 Операциялық тетік ұғымы және оның кәсіпорын шығындарымен байланысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5.8
І.2. Операциялық талдау және операциялық тетік құрамын анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9.13
І.3. “Шығынсыздық нүктесі” және шығынсыздықты
талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13.19
ІІ. “АҚТӨБЕ МҰНАЙ ҚҰРАЛ . ЖАБДЫҚТАР ЗАУЫТЫ” АҚ ҚЫЗМЕТІН ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ТАЛДАУ
ІІ.1. “Ақтөбе мұнай құрал. жабдықтар зауытының ” АҚ жалпы экономикалық негіздемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19.23
ІІ.2. “Ақтөбе мұнай құрал . жабдықтар зауыты” АҚ. ның қызметіне операциялық талдау және бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23.26
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 27.28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
Нарықтық экономика шарттарына сәйкес кез – келген кәсіпорынның жағдайы алған пайдасының көлеміне тәуелді болып келеді. Сонымен бірге пайда массасын және қозғалысын реттеу үшін қаржылық ресурстарды басқару негізін анықтап алған жөн. Қаржылық ресурстарды басқару негізінің шешімі өндірістік қаржылық менеджмент шеңберінде пайда болады.
Кәсіпорын пайдасына ықпал ететін және басқару құралдарының бірі операциялық тетік болып табылады.
Операциялық тетік – бұл тұрақты және айнымалы шығындардың арақатынасын оптималдауға негізделген кәсіпорын пайдасын басқару механизмі. Ол өзіндік құн құрылымы мен шығарылған өнім көлемінің өзгерісі нәтижесіндегі экономикалық тиімділікті бағалауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге оның көмегімен кәсіпорын пайда өзгерісінің өнімді өткізу көлемі өзгерісіне тәуелділігін болжауға, шығынсыздық нүктесін анықтауға болады.
Операциялық тетік - пайда мен шығындарды басқарудағы кәсіпорын стратегиясын таңдауға мүмкіндік беретін негізгі көрсеткіш. Операциялық тетік шамасы сату көлемі мен баға, тұрақты және айнымалы шығындар, әсер етуші факторлар жиынтығы көрсеткіштерінің ықпалымен өзгеруі мүмкін. Тетік әсерінің өзгерісі негізінде тұрақты шығындардың үлес салмағы өзгеріп отырады.
Бүгінгі курстық жұмыс тақырыбы: “ Операциялық тетік нәтижесін талдау және бағалау” деп аталады.
Курстық жұмыстың мақсаты – нарықтық экономика жағдайында кез келген кәсіпорынның алған пайдасының, шыққан шығындарының, өткізілген өнім көлемінің өзгерісіне әсер етуші шама операциялық тетік нәтижесін бағалау және талдау болып табылады.
1. Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауы 6- ақпан 2008 жыл
2. В.В.Ковалев “Введение в финансовый менеджмент” Москва «Финансы- Статистика» 2000
3.Е.С. Стоянова «Финансовый менеждмент: теория и практика» Москва «Перспектива» 2004
4 . И.А.Бланк « Финансовый менеджмент» учебный курс, Киев , Ника – Центр, 1999
5. Ван Хорн Дж. Основы управления финансами: Пер. с англ/ Под ред.И.И.Елисеевой. Москва «Финансы-статистика» 1996
6. Бригхем Ю, Гапенски Л. Финансовый менеджмент. Полный курс. 2том
Санкт –Петербург «Экономическая школа» 1997
7. Финансовый менеджмент журналы, № 4 2006 ж, № 2 2007 ж
8. ҚазҰУ Хабаршысы экономикалық сериясы № 3(54) 2007ж
9. Қаржылық менеджмент журналы, №2 2008 ж

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3-4
І. ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ТЕТІК ҰҒЫМЫН АНЫҚТАУДАҒЫ НЕГІЗГІ ТЕОРИЯЛЫҚ ТӘСІЛДЕМЕЛЕРДІ
ЗЕРТТЕУ
І.1 Операциялық тетік ұғымы және оның кәсіпорын шығындарымен
байланысы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...
5-8
І.2. Операциялық талдау және операциялық тетік құрамын
анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9-13
І.3. “Шығынсыздық нүктесі” және шығынсыздықты
талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13-19
ІІ. “АҚТӨБЕ МҰНАЙ ҚҰРАЛ – ЖАБДЫҚТАР ЗАУЫТЫ” АҚ ҚЫЗМЕТІН ОПЕРАЦИЯЛЫҚ
ТАЛДАУ
ІІ.1. “Ақтөбе мұнай құрал- жабдықтар зауытының ” АҚ жалпы
экономикалық негіздемесі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19-
23
ІІ.2. “Ақтөбе мұнай құрал - жабдықтар зауыты” АҚ- ның қызметіне
операциялық талдау және
бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23-26
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... .. 27-28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29

Кіріспе

Нарықтық экономика шарттарына сәйкес кез – келген кәсіпорынның
жағдайы алған пайдасының көлеміне тәуелді болып келеді. Сонымен бірге
пайда массасын және қозғалысын реттеу үшін қаржылық ресурстарды
басқару негізін анықтап алған жөн. Қаржылық ресурстарды басқару негізінің
шешімі өндірістік қаржылық менеджмент шеңберінде пайда болады.
Кәсіпорын пайдасына ықпал ететін және басқару құралдарының
бірі операциялық тетік болып табылады.
Операциялық тетік – бұл тұрақты және айнымалы шығындардың
арақатынасын оптималдауға негізделген кәсіпорын пайдасын басқару
механизмі. Ол өзіндік құн құрылымы мен шығарылған өнім көлемінің өзгерісі
нәтижесіндегі экономикалық тиімділікті бағалауға мүмкіндік береді.
Сонымен бірге оның көмегімен кәсіпорын пайда өзгерісінің өнімді өткізу
көлемі өзгерісіне тәуелділігін болжауға, шығынсыздық нүктесін анықтауға
болады.
Операциялық тетік - пайда мен шығындарды басқарудағы кәсіпорын
стратегиясын таңдауға мүмкіндік беретін негізгі көрсеткіш. Операциялық
тетік шамасы сату көлемі мен баға, тұрақты және айнымалы шығындар, әсер
етуші факторлар жиынтығы көрсеткіштерінің ықпалымен өзгеруі мүмкін. Тетік
әсерінің өзгерісі негізінде тұрақты шығындардың үлес салмағы өзгеріп
отырады.
Бүгінгі курстық жұмыс тақырыбы: “ Операциялық тетік нәтижесін
талдау және бағалау” деп аталады.
Курстық жұмыстың мақсаты – нарықтық экономика жағдайында кез-
келген кәсіпорынның алған пайдасының, шыққан шығындарының, өткізілген өнім
көлемінің өзгерісіне әсер етуші шама операциялық тетік нәтижесін бағалау
және талдау болып табылады.
Осы жоғарыда көрсетілген жұмыс мақсатына сәйкес келесі міндеттерді
атап көрсетуге болады:
➢ Операциялық тетік ұғымын анықтау және оның кәсіпорын шығындарымен
байланысын айқындау;
➢ Аталған тетік құрамын анықтаудағы негізгі есептеулерді қолдана
отырып, операциялық талдау негізін анықтау;
➢ Шығынсыздық нүктесі мен шығынсыздық талдауын бағалау;
➢ “Ақтөбе мұнай құрал – жабдықтары зауытының” АҚ жалпы экономикалық
негіздемесіне талдау жасау;
➢ Аталған зауыттың табыстары мен шығындары нәтижесінде алған пайдасына
операциялық тетік әсерінің ықпалын анықтау және талдау;
➢ Талдау нәтижесін бағалау негізінде қорытынды жасау;
Курстық жұмыс екі бөлімнен тұрады:
Бірінші бөлімде, операциялық тетік ұғымын анықтаудағы негізгі
теориялық тәсілдемелер, яғни шығындар классификациясы, олардың
операциялық тетік ұғымымен байланысы, операциялық тетік түсінігі, тетік
құрамын анықтаудағы негізгі есептеулер мен операциялық талдау және
шығынсыздық талдауы қарастырылған.
Екінші бөлімде, “Ақтөбе мұнай құрал- жабдықтары зауытының” АҚ
жалпы экономикалық негіздемесі, кәсіпорынның табыстары мен шығындары
нәтижесінде алынған пайдасына операциялық тетік әсерінің ықпалы, сонымен
бірге талдау нәтижесінде негізгі жетілдіру шаралары мен тиімділігін
бағалау мәселелері көрсетілген.

І. Операциялық тетік ұғымын анықтаудағы негізгі теориялық
тәсілдемелерді зерттеу

І.1 Операциялық тетік ұғымы және оның кәсіпорын шығындарымен
байланысы
Нарықтық экономика жағдайында кез–келген ұйымдардың,
кәсіпорындардың құрылуы және қызмет етуі пайда табу мақсатында ұзақ
мерзімдік кезең негізінде қаржы ресурстарын инвестициялау болып
табылады. Компанияның қызметі тәуекелмен, яғни қаржылық және
өндірістік тәуекелдермен байланысты болады. Компанияның меншік иелері
және жоғары басқару персоналы қарыз қаражатын тарта отырып, ірі ақша
ағындарын бақылауға және тиімді инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға
мүмкіндік алады. Осыған сәйкес ұйымның тартылған қаражаттарды
қолдану тиімділігін қамтамасыз ететін қаржылық және өндірістік
қызметінің жоғары деңгейінің болуы сипатталады.
Тәуекел мен оған әсер етуші факторлардың сандық бағасы пайда
өзгерісін талдау негізінде жүзеге асырылады. Экономикалық
әдебиеттерде пайда мен шығындардың құндық бағасы арасындағы өзара
байланыс “леверидж” көрсеткішінің көмегімен сипатталады.
Леверидж - пайданы жоғарылатуға бағытталған кәсіпорын
активтері мен пассивтерін басқару процесі, яғни нәтижелі көрсеткіштер
өзгерісіне әкелетін фактор болып табылады.
Қаржылық менеджментте пайданы өсіру қарқыны мен көлемін
максимизациялауда екі тәсілдеме қолданылады:
1. Шекті шығындар мен шекті табысты салыстыру. Бұл тәсілдеме
пайда көлемін максималдаудағы тиімді әдістердің бірі болып
табылады.
2. Сатудан түскен түсімді жалпы, сонымен бірге тұрақты және
айнымалы шығындармен салыстыру. Бұл тәсіл тек пайда көлемін
максималдауда ғана емес, сонымен бірге оның жоғары өсу қарқынын
анықтау үшін қолданылады.
Бұл екі тәсілдемені қолдану тәжірибе жүзінде талдау
мақсатына байланысты жақсы нәтиже береді.
Кәсіпорынның жалпы шығындарын 3- топқа жіктеуге болады:
• Айнымалы шығындар - өндіріс көлеміне тәуелді өзгеретін
шығындар. Бұл шығындарға материалдар мен шикізаттарды сатып
алуға, электр энергиясын тұтынуға кеткен, транспорттық, сауда –
комиссиондық және т.б. шығындарды жатқызуға болады.
• Тұрақты шығындар - өндіріс көлемінің өзгерісіне қатыссыз
шығындар. Бұл шығын түріне амортизациялық аударымдар, несие үшін
пайыздар, арендалық төлем, әкімшілік шығындары жатады.
• Аралас шығындар тұрақты және айнымалы шығындардан тұрады.
Мысалы: почта- телеграф шығындары, құрал - жабдықты жөндеуге кеткен
шығындар және т.б.
Тұрақты және айнымалы шығындардың байланысын қарастыруда анықталған
сату көлемі саны мен белгілі бір кезең аралығындағы өнім бірлігіне
кеткен шығындар құрамы мен құрылымын талдауға болады.

Айнымалы шығындарға қатысты 2- маңызды ескертуді атап өткен жөн:
1. Айнымалы шығындардың шығарылған өнім көлемімен байланысы мысалға:
егер өндіріс көлемі екі есе жоғарыласа, онда шикізат сатып алуға
кеткен немесе басқа да айнымалы шығындар шамасы екі есеге
ұлғаяды. Бұл жағдайды тура байланыс ретінде қарастыруға болады.
2. Өндіріс көлемі мен айнымалы шығындар арасындағы байланыс екі
бағытта әрекет етеді, яғни өндіріс көлемінің өсуі еңбекақымен
байланысты шығындардың жоғарылауын көрсетеді. Егер өндіріс көлемі
төмендесе, онда еңбекақы шығындары да азаяды.
Тәжірибе жүзінде шығындарды тұрақты және айнымалы түрлерге
бөлудің негізгі ерекшелігі келесідей болып келеді:
• Шығындардың бөлінуі шығыстардың қысқаруы есебінен пайда көлемін
және өсу қарқынын максималдау міндетін шешуге көмектеседі.
• Бұл жіктелім шығындардың өтімділігін, конъюнктуралық және басқа
күрделі жағдайлар туындаған кезде кәсіпорынның “қаржылық
тұрақтылық қорын” анықтауға мүмкіндік береді.
• Шығындардың былай бөлінуі өнімді сату және өндірістің
минималды көлемін анықтауға мүмкіндік береді, яғни бизнестің
шығынсыздығын көрсетеді.
Тұрақты және айнымалы шығындар арасындағы арақатынас әр
түрлі болады және кәсіпорында таңдап алынған техникалық және
технологиялық саясаттармен анықталады. Өзіндік құнның өзгеруі кәсіпорын
пайдасына әсер етуі мүмкін. Негізгі қаражаттарды инвестициялау тұрақты
шығындардың жоғарылауымен және айнымалы шығындардың азаюымен
сипатталады. Осыған сәйкес тұрақты және айнымалы шығындардың оптималды
байланысын табу қажет. Бұл өзара байланыс өндірістік немесе
операциялық тетік ұғымымен сипатталады.
Операциялық тетік ұғымына экономикалық әдебиеттерде әр түрлі
анықтамалар берілген: операциялық тетік - өнімді шығару көлемі мен
өзіндік құн құрылымының өзгерісі жолымен баланстық пайдаға әсер етудің
потенциалды мүмкіндігі. Ал кейбір әдебиеттерде “операциялық тетік -
бұл тұрақты және айнымалы шығындар арасындағы арақатынас”- деп
түсініктеме берілген. Айнымалы шығындарға қатысты тұрақты шығындардың
жоғары деңгейімен байланысты операция жоғары операциялық левериджді
көрсетеді. Операциялық тетік компанияның операциялық пайдасының
сезімталдық деңгейінің сату көлемі өзгерісіне қатынасын көрсетеді.
Бұл механизм әрекеті операциялық шығындардың құрамында тұрақты
шығындардың кез – келген сомасының болуы өнімді сату көлемінің
өзгерісіндегі операциялық пайда сомасының жоғары қарқынмен
өзгеруіне алып келетіндігімен сипатталады. Басқаша айтқанда, тұрақты
шығындар өз мәнінде кәсіпорынның көлемінен, оның операциялық
қызметінің салалық ерекшеліктері мен басқа да факторлардан тәуелсіз
өнімді өндіру көлемінің кез – келген өзгерісінде кәсіпорын пайдасының
жоғары өзгерісін көрсетеді.
Неғұрлым кәсіпорын шығындарының жалпы сомасындағы тұрақты
шығындардың үлес салмағы жоғары болса, соғұрлым пайда сомасы өнімді
өнімді өткізу көлемі өзгерісінің қарқынына қатысты жоғары деңгейде
өзгеріп отырады.
Кәсіпорын өз қызметінде операциялық тетік механизмін қолдануда
келесідей артықшылықтарға ие:
1. Операциялық тетіктің оң әрекеті кәсіпорынның өз қызметінде
шығынсыздық нүктесінен бөлек пайда болады. Операциялық тетіктің оң
әрекеті пайда болу үшін кәсіпорын алдымен өзінің тұрақты шығындарын
жабудағы пайданың жеткілікті мөлшерін алуы қажет.
2. Шығынсыздық нүктесіне жеткен соң, операциялық тетік коэффициенті
пайда өсіміне әсер етеді және кәсіпорын өнім өндіру көлемін өсіруге
тырысады.
3. Операциялық тетіктің оң әрекеті өнімді өндіру көлемінің өсуімен
байланысты.
4. Операциялық тетік механизмі қайтымдылық бағытталуды қамтиды, яғни
өнімді өндіру көлемінің төмендеуінде жалпы пайда мөлшері жоғары
деңгейде өзгеріп азайып отырады.
5. Операциялық тетік әсері тек қысқа мерзімде ғана тұрақты. Ол қысқа
мерзімде тұрақты шығындардың өзгеріссіз болып қалуымен сипатталады.
Соынмен операциялық тетік механизмінің негізі операциялық қызмет
тиімділігін жоғарылату мақсатында айнымалы және тұрақты шығындардың
арақатынасын басқаруға бағытталған.
І.2. Операциялық талдау және операциялық тетік құрамын анықтау

Қаржылық талдаудың стратегиялық және оперативтік жоспарлау
мақсатында өзара байланысты міндеттерді шешудің тиімді әдістерінің бірі
операциялық талдау, яғни бизнестің қаржылық нәтижелерінің өзара
көлеміне және шығындарға тәуелділігін көрсететін “Шығындар- Көлем-
Пайда” (СVP) талдау әдісі болып табылады.
“Шығындар- Көлем- Пайда” талдауы кәсіпорынның ақша айналымының
барлық негізгі этаптарында пайда болатын маңызды сұрақтарды шешуде
ерекше рөл атқарады.
Операциялық талдаудың маңызды әлементтеріне операциялық тетік,
рентабельділік шегі және қаржылық тұрақтылық қоры көрсеткіштерін
жатқызуға болады. Операциялық талдау – басқару есебінің ажырамас бөлігі.
Операциялық талдау нәтижелерінің қаржылық талдаудан айырмашылығы ұйымның
коммерциялық құпиясын сақтау болып табылады.
Операциялық тетік әрекеті кез – келген сатудан түсім өзгерісі
пайданың өзгеруіне ықпал етуі кезінде туындайды.
Тәжірибе жүзінде операциялық тетіктің әсер ету күшін анықтау үшін
жалпы маржаның пайдаға қатынасы қолданылады. Жалпы маржа сатудан түскен
түсім мен айнымалы шығын арасындағы айырманы қамтиды. Бұл көрсеткіш
экономикалық әдебиеттерде өтеу немесе жабу сомасы ретінде қарастырылады.
Сонымен қатар жалпы маржа тек қана тұрақты шығындарды жабуда ғана емес,
сонымен бірге пайданы қалыптастыруда ерекше рөл атқарады:
Операциялық тетіктің әсер
ету күші = жалпы маржа
пайда

Операциялық тетіктің әсер ету күшінің формуласы жалпы маржаның
қаншалықты сезімтал екендігін анықтауға мүмкіндік береді. Аталған
формуланы келесідей түрлендіруге болады:
Операциялық тетік сатудан түскен түсім -
айнымалы шығын
әсер ету күші сатудан түскен түсім - айнымалы
шығын – тұрақты шығын

= жалпы маржа пайда

Мұндағы жалпы маржа көрсеткіші сатудан түскен түсім мен айнымалы шығын
айырмасы арқылы анықталады, яғни:
Жалпы маржа = сатудан түскен түсім + тұрақты шығын
Операциялық тетіктің әсер ету күші анықталған сату көлемін және
сатудан түскен түсімді есептеудеуде қолданылады. Сатудан түскен түсім
өзгерсе, операциялық тетіктің әсер ету күші де өзгереді. Операциялық
тетіктің әсер ету күші қор сыйымдылығының орташа салалық деңгейіне
тәуелді, яғни негізгі қаражаттардың құны жоғары болған сайын тұрақты
шығындар көп болады. Сонымен бірге операциялық тетік әсері тетіктің
әсер ету күшінің тұрақты шығындардың шамасына тәуелділігін есептеу
негізінде бақылауға алынады, яғни тұрақты шығындар көп болса, пайда
азаяды және операциялық тетік әсері күшті болады.
Сатудан түскен түсім көлемі төмендесе, жалпы сомадағы тұрақты
шығындардың үлес салмағының жоғарылауы немесе төмендеуіндегі операциялық
тетіктің әсер ету күші өсіп отырады. Әрбір түсімнің төмендеу пайызы
пайданың төмендеуіне алып келеді және тұрақты шығындардың жоғарылауына
қарағанда операциялық тетіктің әсер ету күші жоғары қарқынмен өсе береді.
Сонымен, операциялық тетіктің әсер ету күші фирманың өндірістік
тәуекелінің деңгейін көрсетеді: операциялық тетіктің әсер ету күші жоғары
болған сайын өндірістік тәуекел деңгейі де жоғары болады.
Операциялық тетіктің әсер ету күшін анықтау үшін келесі
көрсеткіштерді қолдануға болады:
• салым ( жабу сомасы)= сатудан түскен түсім – айнымалы шығын
• тетік әсері = сатудан түскен түсім – айнымалы шығын сатудан түскен
пайда
Операциялық талдаудан шығатын келесі көрсеткіші “рентабельділік
шегі” болып табылады. Рентабельділік шегі - бұл кәсіпорынның ешқандай
шығыны болмайтын және ешқандай пайда алмайтын сатудан түскен түсімі. Бұл
көрсеткіш шығындардың жалпы маржа коэффициентіне қатынасы арқылы
анықталады. Ол үшін ең алдымен жалпы маржа коэффициентін тауып алайық:
Кжалпы маржа = жалпы маржа сатудан түскен түсім
Осы формула арқылы рентабельділік шегін есептейтін болсақ:
Рентабельділік шегі = тұрақты шығындар К жалпы маржа
Сатудан түскен түсім мен рентабельділік шегі арасындағы айырма “қаржылық
тұрақтылық қоры” көрсеткішін анықтауға мүмкіндік береді, яғни:

Қаржылық тұрақтылық
қоры = сатудан түскен түсім –
рентабельділік шегі
Қаржылық тұрақтылық қорының мәні кәсіпорынның қаржылық
тұрақтылық қоры бар болса,онда пайда да бар екенін көрсетеді. Бірақ түсім
мен рентабельділік шегі арасындағы айырма деңгейі төмен болса, онда шығын
алуға тәуекел жоғары болатынын көрсетеді.
Сонымен:
• операциялық тетіктің әсер ету күші тұрақты шығындардың қатысты
шамасына тәуелді болады;
• операциялық тетіктің әсер ету күші өнімді өндіру көлемімен тура
байланыста болады;
• операциялық тетіктің әсер ету күші жоғары болған сайын кәсіпорын
рентабельділік шегіне жақын болады;
• операциялық тетік әсері қор сыйымдылығы деңгейіне тәуелді;
• операциялық тетік әсері күшті болған сайын пайда мен тұрақты
шығындар аз болады;
Кәсіпорын шығындарды басқару жүйесіне икемделе отырып, келесідей
артықшылықтарға ие болады:
1. рентабельділікті жоғарылату және шығындарды азайту есебінен
өндірілген өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату
мүмкіндігі;
2. икемді баға саясатын жасау;
3. кәсіпорынның қаржылық және материалдық ресурстарын үнемдеу
және қосымша айналым қаражаттарын алу;
4. кәсіпорын қызметінің тиімділігін бағалау;
Операциялық тетік компания қызметінің маңызды сипаттамасы
болып табылады. Оның жоғары деңгейде болуы өндіріс көлемінің
өзгерісінде қаржылық тұрақсыздыққа әкелуі мүмкін. Кейбір жағдайларда
сатудан түскен түсімнің азаюы пайда алу жоспарының құлдырауына
әкелуі мүмкін. Басқаша айтқанда , операциялық тетіктің жоғары деңгейі
пайда деңгейінің ауытқуын тудырады. Операциялық тетіктің үш негізгі
есептеу шарттары бар:
1. жалпы шығындар сомасындағы тұрақты шығындар үлесі (DOLd)
2. таза пайданың тұрақты шығындармен арақатынасы (DOLp)
3. салық пен пайызды төлегенге дейінгі пайда өзгеріс қарқынының
натуралды бірліктегі өткізу көлемі өзгерісі қарқынымен арақатынасы
(DOLr)
Аталаған көрсеткіштер қозғалысты бақылау және талдау үшін
қолданылады. Басқа да тең шарттарда DOLd және DOLr көрсеткіштерінің
өсуі, DOLp көрсеткішінің төмендеуі операциялық тетік деңгейінің және
пайда алудағы тәуекелдің жоғарлауын сипатталады.
Алғашқы екі көрсеткіш қандай да бір түсінікті талап етпейді
және жеңіл анықталады. Ал DOLr көрсеткішін анықтау күрделі және ол
келесі формуламен есептелінеді:
DOLr = TGI TQ
Мұндағы:
TGI- салық пен пайызды төлегенге дейінгі пайданың өзгеріс
қарқыны;
TQ – натуралды бірліктегі өткізу көлемінің өзгеру қарқыны;
DOLr көрсеткішінің экономикалық мәні коммерциялық ұйымның салықтар мен
пайыздарды төлегенге дейінгі пайда деңгейінің өндіріс көлемі өзгерісіне
қатынасын көрсетеді. Операциялық тетіктің жоғары деңгейін иеленетін
коммерциялық ұйым үшін өндіріс көлемінің өзгеріс деңгейі салықтар
пен пайызды төлегенге дейінгі пайда өзгерісіне алып келуі мүмкін. Бұл
көрсеткіш мәні тұрақты болып табылмайды және өндіріс көлемінің базалық
деңгейіне тәуелді болады.
Аталған көрсеткіштің жоғары мәні техникалық жабдықтаудың жоғары
деңгейіне қатысты компания үшін сипатты болып келеді. Шартты тұрақты
шығындардың деңгейі айнымалы шығындардың деңгейіне қатысты жоғары
болады. Осыған сәйкес үлесті айнымалы шығындардың төмендеу мақсатында
техникалық деңгейін көтеруші кәсіпорын біруақытта операциялық тетік
деңгейін жоғарылатады.
Операциялық тетік деңгейі жоғары коммерциялық ұйымдар өндірістік
тәуекелге қатысты тәуекелді болып келеді. Салықтар мен пайызды
төлеуге дейінгі пайда таппауымен байланысты тәуекел кәсіпорындардың
өндірістік сипатына байланысты шығындарын жаба алмауы мүмкін.

І.3. “Шығынсыздық нүктесі” және шығынсыздықты талдау

Кәсіпорын жағдайы нарықтық экономика шарттарына сәйкес
алынған табыс көлеміне тәуелді болады. Сонымен бірге нақты
экономикалық жүйе арақатынасының өзара байланысын сипаттайтын
экономикалық әдістерді қолдану негізінде тактикалық және стратегиялық
шешімді қабылдауда дәйектемелік және сараптамалық тәсілдемелер талап
етіледі.
Пайданы мақсатты жоспарлау және шығынсыздықты талдаудың
тәжірибелік бағалануы келесі жағдайлардың орындалуына мүмкіндік береді:
➢ жекелеген өнім түрлерінің салыстырмалы пайдалылығын бағалау;
➢ кәсіпорынның ағымдағы жағдайына сәйкес “тұрақтылық қорын” белгілеу;
➢ пайда мәнін қамтамасыз ететін өткілетін өнім көлемін жоспарлау;
Тәжірибеде өндіріс қуаттылығын толық қуаттылық деңгейінде ұстайтын
кәспорындардың қызметі тиімді болып келеді. Бірақ оған қарамастан
кәсіпорын шығындалуға ұшырауы ғажап емес. Бұл жағдайға көптеген себептер
әсер етуі мүмкін. Мысалға : өткізудің кешігуі, шикізат, өнім сапасының
нашарлауы, нарықтың жеткіліксіз көлемі, баға жүйесі және т.б.
Егер кәсіпорын өз қызметін жүзеге асыруда өндіріс қуаттылығының
төменгі деңгейін қолдана отырып өнім шығарса, алынған табысы барлық
шығындарын жаба алмайды. Ал кәсіпорынның өндіріс қуаттылығын қолдану
деңгейі өссе, онда табыстың жалпы шығындарға тең болу жағдайы орын
алады. Бұл нүктеде не пайда, не шығын болмайды. Мұндай жағдай шығынсыздық
жағдайы деп аталады. Осыған сәйкес “шығынсыздық” түсінігіне тоқталып
өтелік:
Шығынсыздық талдауы - бұл әр түрлі өндіріс деңгейіндегі табыс
пен шығын арасындағы өзара байланысты анықтаудың аналитикалық әдістемесі.
Шығынсыздық талдауын жүргізу процесінде келесідей шарттар
қабылданады:
➢ дайын өнімді өткізу көлемінің өзгерісінде шығындар классификациясын
қолдану;
➢ жоспарланған мерзім аралығында өндірілген барлық өнімнің сатылуы;
➢ талдау критерийі ретінде салық төлегенге дейінгі пайда,
операциялық пайда көрсеткіштерінің қолданылуы;
Барлық шығынсыздық талдауына қатысты мәселелер аталған шарттарға
сәйкес қарастырылады.
Тәжірибе жүзінде көбінесе CVP талдауына тоқталып өткен жөн.
Қаржылық менеджментте жоспарлау мен талдаудың екі негізі бөліп
көрсетіледі:
1. ресурстық
2. ақшалық немесе ақшалай
Ресурстық негізге сәйкес талдау мен жоспарлау обьектісі кәсіпорынның
кіріс ресурстарының ағыны ретіндегі түсім және шығын ресурстарының ағыны
ретіндегі жалпы шығындар болып табылады. Шығын және кіріс ресурстарының
арасындағы айырма талдаудың қорытынды нәтижесі ретінде қарастырылады.
CVP талдауы шеңберінде бұл нәтиже операциялық пайдамен өлшенеді.
Операциялық пайда шамасы операциялық қызметке сәйкес сомалық ақша ағынын
жанама бейнелейді. Бұл ақша ағынын жоспарлау мен бағалау ақашалай негізді
қолданумен жүргізілетін талдау пәнін көрсетеді. Ең алдымен
операциялық пайданы жоспарлап және талдап алған жөн. Белгілі бір уақыт
аралығында операциялық пайданың болуы кәсіпорынның нақты ақша
ағынының болуын көрсетпейді. Оның шамасы кәсіпорынның айнымалы
қаражаттар мен қарыздарының қозғалу жағдайымен анықталады. Бірақ егер
кәсіпорын белгілі бір уақыт мерзімінде операциялық пайда алмаса, онда
ақша ағыны болмауы мүмкін.
Шығынсыздық талдауы:
➢ мүмкін пайда шамасын, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның қаржысын тиімді пайдалануды талдау
Кәсіпорындағы қаржылық менеджментті жетілдіру жолдары
Шағын кәсіпорындардың қаржыларын басқару мәселелері
Қаржылық менеджмент туралы
Шағын кәсіпкерлік субъектілері
Кәсіпорынның пайдасының теориялық негіздері
Қаржы менеджменттінің ұйымдастырылу негіздері
Өндірістік тәжірибенің өту орны
Ұйым сипаттамасы және табыстар есебі
Табысты құраушы факторлары
Пәндер