Сақтандыру шарты жайлы мәлімет


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 Қазақстан Республикасындағы сақтандырудың шартының түсінігі мен түрлері . . . 5
1. 1 Сақтандыру ісінің мазмұны мен сипаттамасы . . . 13
1. 2 Сақтандыру шартының ерекшеліктері мен жарамсыздығы . . . 21
2 Қазақстан Республикасындағы сақтандыру шартының нысаны мен мақсаты . . . 27
2. 1 Сақтандыру қызметінің нарықтық қатынас жағдайындағы қалыптасуы мен ерекшелігі . . . 46
2. 2 Қазақстан Республикасында сақтандыру рыногының даму мәселелері мен оны жетілдіру жолдары . . . 50
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 60
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 62
КІРІСПЕ
Сақтандыру - ісі кең мағынада бір нәрсенің жағымсыз салдарынан қорғау дегенді білдіреді. Бұл мағынада сақтандыру қоғаммен яғни, мемлектпен бірге пайда болып, оның табиғаттың ажырамас бір элементі болып табылады.
Уақыт өте сақтандыру қоғамдық өндіріске қызмет көрсететін арнайы салаға айналды. Осы орайда, сақтандырумен кәсіби айналысатын адамдар мен ұйымдар пайда болды.
Қазіргі таңда сақтандыру ісінің алатын орны ерекше зор болып отыр. Соған байланысты сақтандыру дегеніміз, сақтандыру ұйымы өз активтері есебінен жүзеге асыратын сақтандыру төлемі арқылы сақтандыру шартында белгіленген сақтандыру жағдайы немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке немесе заңды тұлғаның заңды мүліктік мүдделерін қорғауға байланысты қатынастар кешені болып табылады.
Сақтандыру шарты бойынша бір тарап (сақтанушы) сақтандыру сыйлықақысын төлеуге міндеттенеді, ал екінші тарап (сақтандырушы) сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға немесе шартта белгіленген сома (сақтандыру сомасы) шегінде өзінің пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға) сақтандыру төлемін төлеуге міндеттенеді.
Сақтандырудың пәні, бұл сақтандыру қызметінің объектісі болып табылатын материалдық құндылықтар.
Ал, Сақтандыру құқығының пәні болып:
- Сақтандыру ісін ұйымдастыру қатынастары
- Материалдық сақтандыру қатынастары
Сақтандырудың басты қызметі, бұл орнын толтырушы қызмет, яғни сақтандырылған тұлғаға сақтандыру төлемін төлеу арқылы сақтандыру жағдайының нәижесінде оның мүлкіне немесе денсаулығына келген зиянның орнын толтырады.
Мемлекеттік сақтандыруға сақтандырудың алдын алу қызметі тән, яғни сақтандырушы мен сақтандырылушы сақтандыру жағдайының пайда болуының немесе оның жағымсыз нәтижелерінің алдын алуға бағытталған шаралар ұйымдастыру қажет.
Азаматтық құқықтың интеллектуалдық меншік құқығын, оның ішінде авторлық құқық, сабақтас құқықтар, өнер табысқа, пайдалы модельге, өнеркәсіптік үлгіге құқық, селекциялық жетістіктерге құқық, интегралды микротәсілдер технологиясына құқықтар, ашылмаған ақпаратты заңсыз пайдаланудан қорғау құқығы, азаматтық айналымға, тауарларға және қызмет көрсетуге қатысушылардың даралану құралдары, оның ішінде фирмалық атауға құқық, тауар белгісін пайдалану құқығы, тауар шығарылатын жердің атауын пайдалану құқығы; мұрагерлік құқықты, оның ішінде өсиет бойынша мұрагерлік, заңды мұрагерлік; мүліктік емес өзіндік құқықтар, оның ішінде жеке бастың құпиясын сақтау құқығы, өз бейнесіне құқық, тұрғын үйге қол сұғылмау құқығы; меншік құқығы мен өзге де заттық құқықтар; міндеттемелік құқық және т. б. қамтитынын білеміз. Сақтандырк құқықтық қатынастары тараптардың өзара міндеттемелері сипатында болғандықтан оларды міндеттемелік құқыққа жатқызуға болады. Азаматтық кодекстің 268- бабында міндеттемеге сәйкес бір адам борышқор басқа адамның (несие берушінің) пайдасына мүлік беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т. б. сияқты белгілі бір әрекеттер жасауға, не белгілі бір әрекеттерді жасаудан тартынуға міндетті, ал несие беруші борышқордан өз міндеттерінің орындалуын талап етуге құқылы. Осы міндеттемелер Азаматтық кодекстің 7 - бабында көрсетілген шарттан, зиян келтіруден немесе өзге де негіздерден пайда болады деп 7 - бапқа сілтеме жасалынған (271 бап) . 7- бапта азаматтық құқықтар мен міндеттердің туындау негіздері толық ашылып көрсетілген. Әрине, оның ішінде бізге қатысты 1 және 8 тармақтары болып табылғанымен, сонда да болса толығымен мазмұндап өтейік. Азаматтық құқықтар мен міндеттер:
1. заңдарда көзделген шарттар мен өзге де мәмлелерден;
2. заңдарға сәйкес азаматтық құқықтық жағдайларды туғызатын әкімшілік құжаттардан;
3. азаматтық құқықтар мен міндеттер белгіленген сот шешімінен;
4. заң құжаттарында тыйым салынбаған негіздер бойынша мүлікті жасау немесе иемдену нәтижесінде;
5. өнертабыстар, өнеркәсіптік үлгілер, ғылым, әдебиет пен өнер шығармаларын және интеллектуалдық қызметтің өзге де нәтижелерін жасау нәтижесінде;
6. басқа жаққа зиян келтіру салдарынан, сол сияқты басқа жақ есебінен мүлікті негізсіз сатып алу немесе жинау салдарынан;
7. азаматтар мен заңды тұлғалардың өзге де әрекеттері салдарынан;
8. заңдар азаматтық құқықтық жағдайлар басталуын байланыстыратын оқиғалар салдарынан пайда болады.
Осы міндеттердің сақтандыру шараларының негізінде туындайтынын білуіміз керек. Мәселен, сақтандыру шарты бойынша бір тарап (сақтанушы) сақтандыру жағдайы пайда болған кезде сақтанушыға, немесе оның пайдасына шарт жасалған өзге де тұлғаға (пайда алушыға) шартта белгіленген соманың сақтандыру сомасының шегінде сақтандыру төлемдерін төлеуге міндеттенеді. (803 - баптың 1- тармағы) .
1 Қазақстан Республикасындағы сақтандырудың шартының түсінігі мен түрлері
Сақтандыру белгілі бір сақтандыру жағдайларының туындауы кезінде заңды және жеке тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау үшін сақтандыру жарналары мен сыйлықақылары есебінен мақсатты ақшалай қорларды қалыптастыру және оларды пайдалануға байланысты экономикалық категория және бір жағынан алғанда мемлекеттің қаржы жүйесінің элементі болып саналады. Ал басқа жағынан қарастырсақ сақтандыру сол қаржы жүйесінің мына келесідей әрбір элементімен өзара қатынаста болады: мемлекеттік қаржылар; жергілікті мемлекеттік басқару органдардың қаржылары; кәсіпорындардың қаржылары; және тағы басқа жекеше қаржылар. Сақтандыру саласындағы қатынастар негізінде, сақтандыру ұйымдары мен азаматтардың, кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың, басқа да сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының арасында пайда болады.
Сақтандыру екі нысанда жүзеге асырылады-ерікті және міндетті. Ерікті сақтандыру екі тараптың құқықтық тенділігі ескеріліп және белгілі бір мүдделері көзделініп, сақтандырушы мен сақтанушының арасындағы келісімге-шартқа орай жүзеге асырылады. Ерікті сақтандыруға байланысты айта кететін жайт, егер екі тарапдың-бұл жерде сақтандырушы мен сақтанушының өздеріне тән көзделген мүдделерін ескерсек, онда осы сақтандыру түрі кәсіпкерлік қызмет сипатында болады және туындайтын қатынастар объектілі түрде баламалы (эквиваленті) қатынастар сипатында көрініс табады. Алайда, осы баламалы қатынастар азаматтық құқықтық нормаларымен реттелетін тауарлы-ақшалай қатынастарға жақын болғанымен, дәл солардың қатарына жатқыза алмаймыз. Себебі, бұлар қоғамдық қатынастардың аса айырықшаланған түрі болады. Ал міндетті сақтандыру Қазақстан Республикасының;
Конституциясымен немесе тиісті заңдарымен кепілдендірілген құқықтарға сәйкес жүзеге асырылады. Мәселен, өте маңызды міндетті сақтандыру түрлеріне жатады.
1. автокөлік құралдары иелерінің жауапкершіліктерін міндетті сақтандыру;
2. тасмалдаушының жолаушылар алдындағы жауапкершіліктерін міндетті сақтандыру;
3. әскери қызметкерлерді міндетті мемлекеттік сақтандыру;
4. мемлекеттік қызметкерлерді міндетті мемлекеттік сақтандыру;
5. мемлекеттік мүлікті міндетті мемлекеттік сақтандыру;
6. ауылшаруашылығы өнімдерін міндетті сақтандыру;
7. қызметтерді, жұмыстарды, өнімдерді өндірушілердің, жұмыс берушілердің жекелеген санаттарының жауапкершіліктерін міндетті сақтандыру;
8. мемлекеттік қызметкерлердің белгілі бір санаттарының өмірін, денсаулығын және мүліктерін міндетті сақтандыру;
9. мемлекет пен азаматтардың әлеуметтік мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында тиісті заңдармен белгіленеді. [1]
Сол міндет сақтандыру сақтанушы ретінде сақтандыру тарапы болып табылатын тиісті атқарушы билік органы бюджеттен бөлінетін қаражаттар есебінен жүзеге асырылады. Осы міндетті сақтандырулардың негіздеріне құқықтық актілер немесе болмаса сол нормативтік құқықтық актілерге сәйкес сақтандырушы мен сақтанушының арасында жасалынған сақтандыру шарттары жатады. Сақтандыру объектілер ретінде мына келесідей мүліктік мүдделер көрініс табады:
• сақтанушының немесе сақтандырылушының өміріне, денсаулығына, еңбекке қабілеттілігіне және зейнетақымен қамтамасыз етілуіне байланысты жеке сақтандыру;
• мүлікке ие болуға, пайдалануға және жұмсауға байланысты мүліктік сақтандыру;
• сақтанушының, яғни адамның жеке басына немесе жеке тұлғаның мүлкіне келтірілген зиянның орнын толтыруға байланысты, сондай-ақ заңды тұлға шеккен зиянның орнын толтыруға байланысты жауапкершілігін сақтандыру.
Сақтандыру қатынастарының қатысушылары сақтанушылар ме сақтандырушылар болып табылады. Сақтанушылар дегеніміз, сақтандырушымен сақтандыру шартын жасасқан не болмаса мемлекеттің тиісті заңына сәйкес сақтанушы болып есептелетін заңды және жеке тұлғалар. Сақтанушылар сақтандырушылармен үшінші тұлғаның пайдасына сатандыру шартын жасай алады. Сонымен бірге, олар сақтандыру шартын жасау кезінде пайданы алушыны-бенефициарды тағайындай алады немесе сақтандыру жағдайы туындамай тұрғанда оларды өз ұйғарымы бойынша ауыстырып жібереді.
Сақтандырушылар-белгілі бір мемлекет аумағында сақтандыру қызметін жүзеге асыруға құқық беретін лицензия алған, қажетті деңгейдегі арнаулы (кэсіби) мамандықтары бар сақтандыру ұйымдары болып табылады. Олар қызметтерін тек лицензияда белгіленген бағытта ғана атқара алады. Басқа қызмет түрлерімен тікелей айналысуға рүқсат етілмейді. Мысалы, банктік, өндірістік қызметпен және саудамен сақтанушылар қызметтерін сақтандыру агенттері мен брокерлері арқылы да жүзеге асырылады. Сақтандыру агенттеріне өзіне сақтандырушы берген өкілеттіліктерге сәйкес сол сақтандырушының атынан және оның тапсыруымен іс-қимылын жүзеге асырылатын заңды немесе жеке тұлғалар жатады.
Сақтандыру брокерлері кәсіпкерлер ретінде тіркелген заңды немесе жеке тұлғалар болып табылады. Осы брокерлер сақтандырушының не болмаса сақтандырушының тапсырмасы негізінде сақтандыру бойынша делдалдық қызметті өзінің атынан жүзеге асырылады.
Сақтандыру сақтандыру тәуекелінің туындау жағдайына орай жүргізіледі. Сақтандыру тәуекелі дегеніміз, туындауы әбден мүмкін және кездейсоқ, күтпеген, зардапты жағдайлармен белгіленетін оқиға болып саналады. Ал сақтандыру оқиғасы (жағдайы деп те атауға болады) деп, заңдарда тура көзделген немесе сақтандыру шартында белгіленген, сондай-ақ туындауы орын алған жағдайды айтамыз. Сақтандыру оқиғасының туындауына орай сақтандырушы сатанушыға, сақтандырылушыға және пайданыалушыға сақтандыру өтемін төлеуге міндетті болады. Мүліктерге байланысты сақтандыру оқиғаларының туындауы кезінде сақтанушыға сақтандыру өтемі төленеді. Ал сақтанушының немесе үшінші тұлғаның жеке басына орай төлемдер сақтандыру қамсыздандыруы түрінде төленеді. [2]
Сақтандыру айрықша қоғамдық қатынастары аясындағы сақтандыру қызметі екі бағытта жүзеге асады: кәсіпкерлік қызметтің бір түрі ретінде және қаржылық (бұл жерде мемлекеттің қызметі) қызметтің бір түрі ретінде. Жалпы алғанда сақтандыру қызметі деп, лицензия негізінде жүзеге асатын келешекте сақтандыру өтемдерін төлеуге қажетті сақтандыру ақшалай қорларын-сақтандыру резервтерін қалыптастыруға байланысты сақтандыру ұйымдарының іс-қимылдарын айтамыз. Сақтандыру қызметі мынадай түрлерге бөлінеді:жеке сақтандыру, мүліктік сақтандыру, жауапкершілікті сақтандыру, қайта сақтандыру.
Әдетте, сақтандыру саласында мемлекет тарапынан жүзеге асатын қызмет қаржылық-сақтандыру қызметі деп аталады және ол мына келесідей іс-қимылдарды атқарудан түрады:
1. мемлекеттік және жеке меншік сақтандыру түрлерін реттеу;
2. мемлекет аумағындағы сақтандыру ұйымдарының түрлерін айқындау;
3. сақтандыру ұйымдарының қызмет атқару жағдайлары мен құқықтық мәртебелерін белгілеу;
4. сақтандыру ұйымдарын тіркеуді жүргізу тәртібін белгілеу;
5. сақтандыру қызметін лицензиялау;
6. сақтандыру ұйымдарының қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету (сақтандыру капиталы мен жекеше қаражаттарының ең аз мөлшерін белгілеу және сақтандыру резервтерін тиімді орналастыру арқылы) ;
7. тыйым салу, шектеу және тағы басқа тәсілдерді қолдану арқылы сақтандыру жүйесін және сақтандыру рыногын қалыптастыру процестерін басқаруды жүзеге асыру;
8. мемлекеттік сақтандыру қадағалауын ұйымдастыру және жүзеге асыру.
Сонымен, сақтандыру қызметі күрделі құрылымдығы, белгілі бір талаптар мен бағыттарды ұстана отырып жеке меншік және мемлекеттік қаржы-қаражаттарға негізделіп, қаржылық, азаматтық және тағы басқа құқық салаларының құқықтық нормаларына сүйене отырып мемлекеттің қаржылық қызметтің бір түрі ретінде және кәсіпкерлік қызмет ретінде сақтандыру ісін жүзеге асыруға байланысты сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының іс-қымылдары мен әрекеттері болып табылады. «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бапының 2- тармағында заң шығарушы: «Сақтандыру қызметі-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасау мен орындауға байланысты, Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдарының лицензиясы негізінде жүзеге асатын қызметі деп көрсеткен.
Әрине, осы берілген ұғымның нақтыландырылмағаны, айқындалмағаны байқалады. Мәселен, көзделген басты мақсаты мен атқаратын негізгі функциясы төтенше қатерлі жағдайлардың туындауына орай орын алған алатын зардаптар мен зиянның орнын толтыру, қалпына келтіру т. б. Сонымен бірге, алдын алу шаралары да қарастырылады. Міне, осы жәйттерге байланысты мемлекеттік сақтандыру ұйымдары мен жеке меншік сақтандыру компанияларының бірінші кезектегі міндеттері арнаулы мақсаттағы ақша қорларын құру болып саналады.
Сондықтан, сақтандыру қызметінің мына келесідей түсінігін беруге болады: «Сақтандыру қызметі деп, сақтанушылармен жасалған шарттардың негізінде, олар төлейтін сақтандыру сыйлықақыларының және басқа тартылатын қаражаттар есебінен мақсатты сақтандыру қорын құру арқылы сол шарттарда көзделген сақтандыру оқиғаларының болуы салларынан заңды және жеке тұлғаға келтірілген зиянның орын толтыру және алдын-алу, қалпына келтіру шараларын жүргізу жөніндегі өкілеттіліктері бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының іс-әрекеттерін айтамыз».
Коммерциялық тұрпаттағы, жеке меншік қаражаттары негізінде сақтандыру қызметін жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының іс-әрекеттері кәсіпкерлік қызметтің негізгі түрі болып табылады. Сақтандыру ұйымы сақтандыру қызметінен басқа мына келесідей іс-қимылдарды жүзеге асыра алады:
1. сақтандыру қызметіне байланысты мәселелер бойынша консультациялық қызмет көрсету;
2. сақтандыру агенті ретінде сақтандыру делдалы қызметін атқару;
3. уәкілетіті мемлекеттік органының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген тәртіппен инвестициялық қызметті жүргізу;
4. жинақтаушы сақтандыру шартында көзделген сатып алу саласы шегінде өз сақтанушыларына қарыз беру;
5. сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметін автоматтандыру үшін пайдаланылатын арнаулы бағдарламалық қамтамасыз ету құралдарын сату;
6. сақтандыру ұйымдарының мұқтаждықтары үшін кезінде сатып алған немесе олардың қарамағына сақтандыру шарттарын жасауға байланысты келіп түскен мүлікті сату немесе жалға беру;
7. сақтандыру саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында оларды оқытуды ұйымдастыру және жүргізу;
8. консорциум емес жай серіктестік құруға қатысу.
Бұлардан басқа ескеретін бір жайт, егер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары таратылған жағдайларда сақтанушылардың (сақтандырылушылардың, пайда алушының) материалдық мүделерін қамтамасыз етуге кепілдік беретін ақша қорларын құруға хақылары бар.
Мемлекеттік уәкілетті орган, яғни Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк сақтандыруды қадағалау департаментінің лицензиялау жөніндегі басқармасы беретін лицензиясы жоқ тұлға өз атынан сақтандыру, қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға, негізгі немесе қосымша қызмет түрінде сақтандыру брокерінің, уәкілетіті аудитордың, актуарийдің қызметін атқаруға құқығы жоқ тұлға болып есептеледі. Осы аталған лицензияның «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының тиісі бабында белгіленген тәртіп негізінде берілетінін естен шығаруға болмайды. Мемлекеттік уәкілетті орган сақтандыру ұйымына сақтандыру қызметін жүзеге асатын құқығына лицензия беруден мынадай жағдайда бас тартуы эбден ықтимал:
1. егер сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымы мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап алты ай ішінде лицензия алу үшін уәкілетіті мемлекеттік органға өтініш жасамаса;
2. егер сақтандыру ұйымы сақтандыру қызметін жүзеге асатын құқығына сақтандырудың қосымша сыныбын енгізу барысында:
• өтініш берген күнге дейінгі соңғы алты ай ішінде сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі туралы заңдардың талаптарвн сақтамаса;
• сақтандыру қызметін жүзеге асатын құқығына лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған болса;
• сақтандыру қызметін жүзеге асатын қүқығына берілген лицензияға сақтандыру қосымша сыныптарына енгізу уәкілетіті мемлекеттік органының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген тәртіппен жүзеге асырылмаса.
Сақтандыру шарты бойынша бір тарап (сақтанушы) сақтандыру сыйлық ақысын төлеуге міндеттенеді, ал екінші тарап (сақтандырушы) сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға немесе шартта белгіленген сома (сақтандыру сомасы) шегінде өзінің пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға) сақтандыру төлемін төлеуге міндеттенеді.
Сақтандыру шарттық қатынастарының ерекшелігі: сақтандырушы шығаратын ережелерде көрсетілген жағдайларда сақтанушы қосылу керек. Өз кезегінде сақтандырушы заңның барлық талаптарының және оның қызметін тұтынушылардың мүддесін сақтау бойынша міндетін атқарады. Егер сақтанушының қызметін бақылайтын өкілетті мемлекеттік орган заңның бұзылуын ережелерде көрсе, онда ол сол немесе басқа сақтандыру қызметін жүргізуге лицензия (рұқсат) бермеудің негізі болып есептеледі.
Сақтандыру ережелері сақтандырушымен сақтандырушымен сақтандырудың әр түрі үшін бөлек дайындалады және сақтандырудың тиісті түрін жүргізуі үшін лицензияны (рұқсатты) беру құқығы өкілеті мемлекеттік органымен келісуге жатқызылады. Шартта қарастырылмаған жағдайларда байланысты даулар пайда болса, онда басшылыққа сақтандыру ережелеріндегі жағдайлар алынуы тиіс.
Сақтандыру қатынастарының қатысушылары сақтанушылар ме сақтандырушылар болып табылады. Сақтанушылар дегеніміз, сақтандырушымен сақтандыру шартын жасаскан не болмаса мемлекеттің тиісті заңына сэйкес сақтанушы болып есептелетін заңды және жеке тұлғалар. Сақтанушылар сақтандырушылармен үшінші түлғаның пайдасына сатандыру шартын жасай алады. Сонымен бірге, олар сактандыру шартын жасау ^кезінде пайданы алушыны-бенефициарды тагайыидан алады немесе сақтандыру жағдайы туындамай түрғанда оларды өз ұйғарымы бойынша ауыстырып жібереді. [3]
Сақтандырушылар-белгілі бір мемлекет аумағында сақтандыру қызметін жүзеге асыруға қүқық беретін лицензия алған, қажетті деңгейдегі арнаулы (кэсіби) мамандықтары бар сақтандыру үйымдары болып табылады. Олар қызметтерін тек лицензияда белгіленген бағытта ғана атқара алады. Басқа қызмет түрлерімен тікелей айналысуға рүқсат етілмейді. Мысалы, банктік, өндірістік қызметпен жэне саудамен сақтанушылар қызметтерін сактандыру агенттері мен брокерлері арқылы да жүзеге асырылады. Сақтандыру агенттеріне өзіне сақтандырушы берген өкілеттіліктерге сәйкес сол сақтандырушының атынан және оның тапсыруымен іс-қимылын жүзеге асырылатын заңды немесе жеке тұлғалар жатады.
Сақтандыру брокерлері кәсіпкерлер ретінде тіркелген занды немесе жеке тұлғалар болып табылады. Осы брокерлер сактандырушының ме болмаса сақтандырушының тапсырмасы негізінде сактандыру бойынша делдалдық қызметті озінің атынан жүзеге асырылады.
Сақтандыру сақтандыру тәуекелінің туындау жағдайына орай жүргізіледі. Сақтандыру тәуекелі дегеніміз, туындауы әбден мүмкін жэне кездейсок, күтпеген, зардапты жағдайлармен белгіленетін окиға болып саналады. Ал сақтандыру оқиғасы (жағдайы деп те атауға болады) деп, заңдарда тура коз дел ген немесе сақтандыру шартында белгіленген, сондай-ақ,
туындауы орын алған жағдайды айтамыз. Сақтандыру окиғасының туындауына орай сактандырушы сатанушыға, сақтандырылушыға және пайданыалушыга сақтандыру өтемін төлеуге міндетті болады. Мүліктерге байланысты сактандыру оқиғаларының туындауы кезінде сактанушыға сақтандыру өтемі төленеді. Ал сақтанушының немесе үшінші тұлғаның жеке басына орай төлемдер сақтандыру қамсыздандыруы түрінде төленеді.
Сақтандыру айрықша қоғамдық қатынастары аясындағы сақтандыру қызметі екі бағытта жүзеге асады: кэсіпкерлік қызметтің бір түрі ретінде және қаржылық (бұл жерде мемлекеттің қызметі) қызметтің бір түрі ретінде. Жалпы алғанда сақтандыру қызметі деп, лицензия негізінде жүзеге асатын келешекте сақтандыру өтемдерін төлеуге қажетті сактандыру ақшалай қорларын-сақтандыру резервтерін қалыптастыруга байланысты сақтандыру үйымдарының іс-қимылдарын айтамыз. Сақтандыру қызметі мынадай түрлерге бөлінеді:жеке сақтандыру, мүліктік сақтандыру, жауапкершілікті сақтандыру, қайта сақтандыру.
Әдетте, сақтандыру саласында мемлекет тарапынан жүзеге асатын қызмет қаржылық-сақтандыру қызметі деп аталады жәие ол мына келесідей іс-қимылдарды атқарудан түрады:
1. мемлекеттік және жеке меншік сақтандыру түрлерін реттеу;
2. мемлекет аумағындагы сақтандыру үйымдарының түрлерін айқындау;
3. сақтандыру ұйымдарының қызмет атқару жағдайлары мен құқыктык
мәртебелерін белгілеу;4. ( сактандыру үйымдарын тіркеуді жүргізу тәртібін белгілеу;
- сактандыру қызметін лицензиялау;
- сақтандыру үйымдарының қаржылык орнықтылығын қамтамасыз ету (сақтандыру капиталы мен жекеше қаражаттарының ең аз мөлшерін белгілеу және сақтандыру резервтерін тиімді орналастыру арқылы) ;
- тыйым салу, шектеу және тағы басқа тәсілдерді қолдану арқылы сақтандыру жүйесін жэне сақтандыру рыногын қалыптастыру процестерін басқаруды жүзеге асыру;
8. мемлекеттік сақтандыру қадағалауын ұйымдастыру және жүзеге асыру. .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz