Несиелік серіктестік



1.Кіріспе
2. Несиелік серіктестік туралы түсінік
3. Несиелік серіктестіктің қатысушылары және жүзеге асыратын операциялары
4. Ломбардтар
5.Қорытынды
6.Қолданылған әдебиеттер
Экономиканың әр түрлі салаларында қызмет ететін қаржылық институттарға несиелік серіктестіктер, ломбардтар, қаржы компаниялары жатады.
Несиелік серіктестіктер, қоғамдар, одақтар Еуропада хх ғасырдың екінші жартысында, АҚШ-та алғаш рет хх ғасырдың басында пайда болды. Ххғ аяғында олар әлемнің 90 елінде жұмыс істеп, 95 млн адамды біріктірді.
Сонымен 55 мың несиелік одақтың тұтастай активінің көлемі 4,3 трлн АҚШ долларынан артып отыр. Канада, АҚШ, Ирландия, Австралия, Оңтүстік Корея мен Тайванда несиелік одақтар барынша кең дамып отыр.
Шағын несиелік ұйымдар 6 наурыз 2003 ж. ҚР «Шағын несиелік ұйымдар»туралы заңына байланысты қатысушы-мүшелердің жарналары және өзінің капиталы есебінен несиелендіруді жүзеге асырады.
Осындай ұйымдарға несиелік кооперативтерді жатқызуға болады және де олардың қызметі ҚР «Несиелік кооперация туралы» заңымен іске асырылады.
Бұл ұйымдардың клиенттері негізінен тек қана ұсақ кәсіпкерлер, фермерлер мен кооперативтер болып табылады.
Жылжымалы мүліктердің кепіліне қарыз ақша беретін несиелік мекеме болып саналады. Тарихи тұрғыдағы ломбардтар өсімқорлардың несие беретін жеке кәсіпорындары ретінде пайда болады. Соңғы уақыттарда мемлекет пен жекеменшік капиталдың ломбардтар қызметіне қатысу дәрежесіне байланысты мемлекеттік, коммуналдық және жеке меншік ломбардтар мен аралас үлгідегі ломбардтар бөлініп шыға бастады.
Мен Ақтөбе облысындағы шағын және орта кәсіпкерлікке зерттеу жасадым, оған көшпес бұрын несиелік серіктестіктер, шағын несиелік ұйымдар жайлы мағлұмат алуымыз керек.

Несиелік серіктестік туралы ең негізгі міндетті орындайтын іс жүзінде барлық жерде қолданыстағы арнаулы заң бар:
- Өзара көмек көрсету үшін бірігетін несиелік серіктестіктердің, коммерциялық емес ұйым ретіндегі одақтардың азаматтардың мүдделерін қорғау;
- Несиелік одақтарды бақылау және жол берілген қызмет түрлерін белгіленген шектеу арқылы одақтың несиелік жарнашыларының өз мүдделерін қорғау;
1994 ж. Несие серіктестігі, қоғам одақтарының қызметтерінің негізгі принциптерін бекіткен Дүниежүзілік кеңес құрылды. Олар төмендегідей:
- Несиелік серіктестік демократиялық институттар болып саналады;
- Мүшеліктің еріктілігі мен ашықтығы. НС мүшелерінің барлығының мүдделерінің сақталуы, қызмет көрсетуді пайдалануға келісімі мен өзіне тиісті міндеттемені қабылдауға әзір екендігі.
- Бизнестің немесе жинақ ақшаның салынған мөлшеріне қарамастан НС істері бойынша дауыс бергенде бірдей құқықты пайдаланады.
1.Сейітқасымов Ғ.С. Ақша несие банктер. Экономика. Алматы 2005.
2.Мақыш С.Б. Банк ісі
3. Хамитов Банк ісі. Алматы. Экономика 2001.
4.Көшенова Б.А. Ақша,несие, банктер, валюта қатынастары. Экономика.Алматы 2007.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

1.Кіріспе
2. Несиелік серіктестік туралы түсінік
3. Несиелік серіктестіктің қатысушылары және жүзеге асыратын
операциялары
4. Ломбардтар
5.Қорытынды
6.Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Экономиканың әр түрлі салаларында қызмет ететін қаржылық институттарға
несиелік серіктестіктер, ломбардтар, қаржы компаниялары жатады.
Несиелік серіктестіктер, қоғамдар, одақтар Еуропада хх ғасырдың екінші
жартысында, АҚШ-та алғаш рет хх ғасырдың басында пайда болды. Ххғ аяғында
олар әлемнің 90 елінде жұмыс істеп, 95 млн адамды біріктірді.
Сонымен 55 мың несиелік одақтың тұтастай активінің көлемі 4,3 трлн АҚШ
долларынан артып отыр. Канада, АҚШ, Ирландия, Австралия, Оңтүстік Корея мен
Тайванда несиелік одақтар барынша кең дамып отыр.
Шағын несиелік ұйымдар 6 наурыз 2003 ж. ҚР Шағын несиелік
ұйымдартуралы заңына байланысты қатысушы-мүшелердің жарналары және өзінің
капиталы есебінен несиелендіруді жүзеге асырады.
Осындай ұйымдарға несиелік кооперативтерді жатқызуға болады және де олардың
қызметі ҚР Несиелік кооперация туралы заңымен іске асырылады.
Бұл ұйымдардың клиенттері негізінен тек қана ұсақ кәсіпкерлер, фермерлер
мен кооперативтер болып табылады.
Жылжымалы мүліктердің кепіліне қарыз ақша беретін несиелік мекеме
болып саналады. Тарихи тұрғыдағы ломбардтар өсімқорлардың несие беретін
жеке кәсіпорындары ретінде пайда болады. Соңғы уақыттарда мемлекет пен
жекеменшік капиталдың ломбардтар қызметіне қатысу дәрежесіне байланысты
мемлекеттік, коммуналдық және жеке меншік ломбардтар мен аралас үлгідегі
ломбардтар бөлініп шыға бастады.
Мен Ақтөбе облысындағы шағын және орта кәсіпкерлікке зерттеу жасадым,
оған көшпес бұрын несиелік серіктестіктер, шағын несиелік ұйымдар жайлы
мағлұмат алуымыз керек.

Несиелік серіктестік туралы ең негізгі міндетті орындайтын іс жүзінде
барлық жерде қолданыстағы арнаулы заң бар:
- Өзара көмек көрсету үшін бірігетін несиелік серіктестіктердің,
коммерциялық емес ұйым ретіндегі одақтардың азаматтардың мүдделерін
қорғау;
- Несиелік одақтарды бақылау және жол берілген қызмет түрлерін
белгіленген шектеу арқылы одақтың несиелік жарнашыларының өз мүдделерін
қорғау;
1994 ж. Несие серіктестігі, қоғам одақтарының қызметтерінің негізгі
принциптерін бекіткен Дүниежүзілік кеңес құрылды. Олар төмендегідей:
- Несиелік серіктестік демократиялық институттар болып саналады;
- Мүшеліктің еріктілігі мен ашықтығы. НС мүшелерінің барлығының
мүдделерінің сақталуы, қызмет көрсетуді пайдалануға келісімі мен өзіне
тиісті міндеттемені қабылдауға әзір екендігі.
- Бизнестің немесе жинақ ақшаның салынған мөлшеріне қарамастан НС
істері бойынша дауыс бергенде бірдей құқықты пайдаланады.
Несиелік серіктестігі (НС) - өзінің қатысушыларына қызмет
көрсететін несиелендіру мақсатымен құрылған банк болып табылмайтын заңды
тұлға.
Несиелік серіктестік коммерциялық ұйым болып саналады, құрылады
және жауапкершілігі шектеулі серіктестік ретінде ұйымдастыру-құқықты
формасында қызметін жүзеге асырады.
Несиелік серіктестігінің қатысушылары өкілдік, атқарушы және сот
билігі органдарының, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың, мемлекетке
жататын жарғылық капиталдың 50 пайыздан астамы, сонымен қатар оны
тіркеген мемлекеттің заңдарына сәйкес офшорлық аймақта тіркелген
компанияның мәртебесі бар заңды тұлғаны қоспағанда үш заңды және жеке
тұлғадан аз болуы мүмкін.
Несиелік серіктестігі ҚР аумағында және одан сыртқары жерде
филиалдар, өкілдіктер мен еншілес серіктестіктер құруға құқы жоқ.
Несиелік серіктестігі жүзеге асыру мыналарды алады:
- Кассалық операциялар – қабылдау, қайта санау, ұсату,
айырбастау,сұрыптау, монета мен банкнотты сақтау мен орау;
- Қарыз операциялары несие серіктестігінің қатысушыларына ақшалай
түрдегі несиелер ұсыну;
- Аудару операциялары, ақша аудару бойынша несие серіктестігінің
тапсырмасын орындау;
- Сенімгерлік (трастовые) операциясы, сенімгердің тапсырмасы бойынша
(Несие серіктестігінің қатысушы) және ақшанымүддеге сай басқару;
- Несие серіктестігінің қатысушылары үшін клирингтік операциялар-алым,
салыстырып тексеру, сұрыптау мен дәлелденген төлемдер, сонымен қатар
олардың өзара есепке алуын және клиринг қатысушылары позициясын
анықтау (Несие серіктестігі);
- Сейфтік операциялар – бағалы қағаздарды клиенттің бағалы заттары мен
құжаттарын сақтау үшін қызмет көрсету, үй-жай мен шкафтарды, сейф
жәшіктерін жалға беру;
- Заңды және жеке тұлғалардан депозиттерді қабылдау ;
- Несие серіктестігіне қатысушылардың тапсырмасы бойынша олардың
банкідегі шотымен есеп айырысуларын жүзеге асыру.
Жоғарыда аталған операциялармен қатар, ҰБ лицензиясы болған жағдайда
несие серіктестігі келесі операцияларды жүзеге асыруға құқылы:
- факторингілік операциялар – төленбеген төлемді тәуекелдікке барумен
қабылдаудың тауар сатып алушының төлем талаптарының құқығын сатып алу
(қызмет көрсету, жұмыс);
- форфейтинг операциялары - сатушыға айналымсыз келмейтін вексельді
сатып алу жолымен тауарларды сатып алушы борышқорлық міндеттемесін
өтеу (төлеу) (қызмет көрсету, жұмыс);
- Жалға берілген мүліктің келісімшарт күшінің барлық мерзімінде жалға
берушінің жалға берілген мүлкіне меншіктік құқығының сақталуы
(лизинг).
НС кәсіпкерлік қызметпен айналысуына тыйым салынады. Қолданылып
жүрген банкі заңдарында қарастырылғандай банкілік және өзге де
операцияларды несие серіктестігі ҚР Ұлттық валютасы – теңгемен ғана
жүзеге асырылады. Несие серіктестігі Ұлттық Банкіден немесе екінші
деңгейдегі банкілерден оның келісімімен корреспонденттік шот ашуы мүмкін.
НС қатысушылардың жалпы жиналысында бекітілген ішкі несие
саясатының ережесімен байланысты НС қарыз операцияларын жүзеге асырады.
НС қатысушыларға берілетін несиенің барынша сомасы, несиелендірудің
шектемесі, несиенің орнын жабу мен оның жағдайын қамтамасыз етуі мен оның
мерзімі баяндалуы керек. Несие тек қана НС қатысушыларға беріледі.
НС қатысушыларға несие қамтамасыз етіліп немесе қамтамасыз етілмей
берілуі мүмкін.Несиенің қайтарымын кепіл мен кепілдеме беруші қамтамасыз
етуі мүмкін.
Несие комитетінің қорытындысы бойынша несие беріледі (НС жанынан
несие комитеті құрылады).
Өздерінің қызметтерін үйлестіру үшін, ұсынылатын жалпы мүдделерді қорғау,
бірлескен жобаларды жүзеге асыру мен өзге де жалпы міндеттемелерді шешуде
НС ассоциация түрінде несие серіктестігінің бірлестігін, сонымен қатар
бірлескен қызмет туралы келісімшарттың негізінде, консорциум құра алады.
2005 ж. 1қаңтарындағы мәлімет бойынша Қазақстанда 80 астам несие
серіктестігі жұмыс істейді, жиынтық активтерінің мөлшері 10 млрд теңгеден
астам, міндеттемелері 5 млрд астам, баланс бойынша меншік капиталы 5 млрд
теңгеден астам.
НС 2005 ж. 1қаңтарында несие қоржынындағы құрылымының стандарт
несие үлесі 84 пайыз, күмәнді несиелер 15,9 пайыз, үмітсіздер 0,1 пайызды
құрайды.
НС алуан түрлілігінің бірі ауыл шаруашылық несие серіктестігі болып
табылады (АНС). Олардың негізгі құрылтайшылары – ауыл шаруашылық
кооперативтері,фермерлер, шаруа қожалықтары және т.б. Басты бағыттары –
ауыл шаруашылығына несие-есеп айырысу үшін қызмет көрсетуге, мал сатып
алу шығындарына, тұқым, тыңайтқыш, себу мен жинау жұмыстарына т.б. несие
беруге жәрдемдесу. Негізгі операиясы - қысқа және орта мерзімді
қарыздарды береді және салымдарды қабылдайды, сонымен қатар делдалдық
қызметті де атқарады.
Несие серіктестігі, ломбардтармен, ипотекалық компаниялар және өзге
ұйымдармен жекелеген банкілік операция түрлерін жүзеге асыратындығымен
қатар несиелендіру жүйесіндегі екінші деңгейдегі болып саналады. Сонымен
оның борышқорлығы болып шағын және орта бизнес, сонымен қатар жеке
тұлғалар шыға алады.
Шағын несие - шағын несиелік ұйымдардың осы заңның шартында қарыз
алушыға ақылылығы, қайтарымдылығы, мерзімділігі және көлемі мен тәртібі
белгіленген ақшалар.
Шағын несиелік ұйым қарыз алушы адамға бір айлық есептік
көрсеткішінің мың еселік мөлшерінен аспайтын, алайда ШНҰ меншік капиталы
25 пайыз мөлшерінен көп емес шағын несиелер ұсынады.
Шағын несиенің құқы бар:
- Қамтамасыз етілген немесе қамтамасыз етілмеген түрде шағын несиелер
беру, соның ішінде берілген шағын несиеге мүлікті кепілге қабылдауға;
- Берілген шағын несие туралы келісімшарт бойынша міндетті орындау үшін
қарыз алушыдан мәлімет сұрауға.
Коммерциялық шағын несиелік ұйым шаруашылық серікткстігі нысаны
ретінде, ал коммерциялық емес ШН-қоғамдық қор нысаны ретінде құрыла
алады.
Коммерциялық емес ШНҰ шағын кәсіпкерліктің субъектісі болып
табылатын және оларға қаржылай қолдау көрсететін, заңды және жеке
тұлғалардың қызметін ынталандыруға бағытталған міндеттерін айрықша
қамтамасыз етудің мақсатымен құрылады.
Осы мақсатқа жету үшін Коммерциялық ШНҰ шағын несие беру бойынша
кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыруға , сонымен қатар қосымша қызмет
түрлерін де жүзеге асыруға құқылы. Оның тапқан табыстары оның мүшелері
арасында үлестірілуге тиіс емес, ол табыс өзінің активін көбейту үшін
бағытталады.
ШНҰ құнды қағаз шығаруға тыйым салынады. ШНҰ құруға қатысушылардың
барлығының салымдары мен жарғылық капиталының ең аз мөлшері шамадағы
айлық есептік көрсеткіштің мың еселік мөлшерінен кем болмауы керек.
Ломбард – банк болып саналмайтын заңды тұлға (коммерциялық ұйым),
ҚР ҰБ лицензиясы негізінде басқадай және банкілік операциялардың келесі
түрін атқаруға құқылы:
- Ломбардтық операциялар: жылжымалы мүліктер мен құнды қағаздардың оңай
депозитке салынуын іске асуының кепіліне қысқа мерзімді несиелер беру;
- Сейфтік операциялар: бағалы қағаздарды сақтау бойынша, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың құқықтық жағдайлары
Несиелік серіктестіктер
Ауыл шаруашылығын несиелеудің экономикалық мәні және оның теориялары
Банктік емес несиелік мекемелерді реттеу
Несиелік қатынастардың құқықтық негіздері
Сыртқы сауда операцияларын қаржыландыру
Қаржы-несие мекемелерi рыноктық экономиканың негiзгi элементi
Банктік емес несие институттарының экономикалық мәні мен маңызы
Несиелік мекемелердің түрлері
НЕСИЕЛІК РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУ КӨЗДЕРІ
Пәндер