Салауатты өмір сүру стилі


Тақырыбы: Салауатты өмір сүру стилі
Кіріспе.
Барлығымыз біретінде әр адам өмірде белгілі принциптерді ұстанып өмір сүреді. Оларға байланысты жүреді, тұрады, бергілі бір күнтүзбе бойынша барлық өмірдегі жұмысын, қызметтерін орындайды. Адамдардың ешқайсысы бір-біріне ұқсамайтын секілді, олардың өмірге деген көзқарасы да, психологиясы, ағзасының қажеттіктерін қамтамасыз ету жолдары да түрліше емес пе? Олардың өмірдегі көздеген мақсаттары, армандары сәйкес келе бермейді. Әр адамның өзінінің өмір сүру стилі мен ұстанып жүретін принциптері бар. Адамның физиологиялық мүмкіншіліктері мен психологиялық қасиеттеріне байланысты.
Өмір сүру стилі менімше бұл, мысалға алсақ адам белгілі бір күнтүзбемен, принциппен өмір сүреді. Яғни өзіне белгілі бір уақытта спортпен шұғылданады, мектепке барады, кітапханаға барады, жұмысқа барады, демалады, паркке немесе зоопаркке, бассейнге, түрлі үйірмелерге қатысады. Осының барлығы адамның өмір сүру принципін анықтайды. Ал ол өз кезегіне өмір сүру стилін құрудың негізгі критериясы.
1. Валеология денсаулық және салауатты өмір сүру салты туралы ғылым!
Валеология медецина ғылымдарының саласы емес, ол медицина ғылымының өзіне де жатпайды. Оның өзінің алдына қойған мақсаттары мен міндеттері бар. Ол өз алдына дара ғылым, өзінің зерттейтін арнаулы функциялары бар.
Валеологияның пайда болуы, дамуы және қазіргі кездегі жағдайы адамзат баласының мәдениеті мен білімінің өсуіне байланысты. Қазіргі кезде валеология ғылымына үлкен сұраныстар көбейді. Себебі валеология қазіргі заманның ғылымы. Денсаулық сақтау ғылымы.
Денсаулық адамның рухани байлығы. Ол біздің жер деп аталатын планетамызбен тығыз байланысты болады. Табиғат байлығымен бірге өсіп, біте қайнасып келе жатыр. Адам денсаулығының потенциалды денсаулығын арттыруына көмектеседі.
Адамды емдеу дәрігерлердің алғашқы қадамынан бастап осы уақытқа дейін адамдардың денсаулығын қорғау медицинаның бірінші міндеті болып келеді. Кейін ол ғылым ретінде дамыды. Адамдардың денсаулығының мықты болуына да дәрігерлер айтарлықтай үлес қосып келеді. «Медецина ғылымы кейбір ғалымдардың пайымдауынша адамдарды емдеуді өзінің бірінші мақсаты етіп қояды. Ауруларды зерттеу медицинаның міндеті, сондықтан да медицина - ауру туралы ғылым»(И. И. Брехман)
Валеология медицина ғылымының негізінде пайда болған, бірақ валеология дара ғылым екендігін кейінгі кезде дәлелдей түсті. Валеологиялық мәселелерді ойдағыдай шешу үшін биология, экология, медицина, педагогика, физиология және тағы басқа ғылымдар интегративті түрде болуы керек.
Валеология ғылымының өзіне тән категориясы және негізгі зерттейтін міндеттері бар. Олар:
1) адамның денсаулығының сақталуын білу;
2) актуальдылығы және потенциалды мүмкіндігін анықтау;
3) денсаулықтың сақталу факторларын зерттеу;
Осы және басқадай мәселелерді шешу үшін өмір сүрудің сапасы мен салауаттық өмір сүрудің салты арасындағы заңдылықтарды зерттеп, шешуге болады. Сондай-ақ, адамның денсаулығы мен мәдениеттің арасындағы байланыстардың заңдылықтары анықталуы тиіс, сонымен бірге адамдардың денсаулығымен адамдардың иерархиялық қажеттіліктерін анықтап барып, барлық мәселелерді ойдағыдай шешуге болады.
Валеология - биология ғылымдарымен салыстырғанда жас ғылым. Оны зерттейтін мамандар көп емес. Денсаулықтың сақталуының негізі неге байланысты екені әлі де болса толығымен анықтала қойған жоқ. Оның анықтау ғылыми зерттеулер жүргізілуі қажет.
Валеологияның интегративтілігі ғылымдар бірімен-бірінің байланыстылығында. Ғылымның байланыстылығы адам денсаулығын күшейтеді. Экология - айналаны қоршаған сыртқы ортамен тірі ағзалардың қарым-қатынастарын зерттейтін ғылым. Ол айналаны қоршаған сыртқы орта факторларының денсаулыққа тигізетін әсерін анықтайды. Ал, физиология - ағзада өтетін физиологиялық үрдістерді, олардың денсаулықтағы маңызын анықтайды. Адамның ішкі жағдайын зерттеп, сипаттама береді.
Ағзаға этапты түрде жас ерекшелігіне қарай анықтама береді. Дәрігерлер дені сау адамның параметрлерін анықтайды. Ауру адамдарды емдейді, аурудың алдын алады. Ауырмаудың жолын көрсетеді. Осыған орай медицина ауруды емдейтін мекеме болып табылады. Жас жеткіншектерді аурудан сақтандыру тек дәрігерлердің ғана жұмысы емес, сондай-ақ, бұл жұмысқа педагогтар да қатынасуы керек. Педагогика тәрбие туралы ғылым. Тұлғаның қалыпты жағдайда өсуі мен дамуына өз үлесін қосады. Жас адамдар күнделікті өмірде өз орнын тауып, белгілі бір тіршілік стилін тауып өмір сүруі мүмкін. Ол салауатты өмір сүрудің үш категориясының бірі болып табылады. Олар:
1) Салауатты өмір сүру деңгейі;
2) Салауатты өмір сүру сапасы;
3) Салауатты өмір сүру стилі.
2. Салауатты өмір сүру стилі.
Салауатты өмір сүру стилі - әлеуметтік-психологиялық категория - адамның қоғамдық орындарда (мектептерде) өзін-өзі ұстап және көрсете білуі. Әр адамның өзінің өмір сүру стилі бар, әр адамның өзінің өмірдегі принциптері және ойлары болады. Мысалы, бір адам белгілі бір тәртіппен өмір сүріп, белгілі бір принципті ұстанады. Анық уақытта, яғни белгілі бір күнтүзбе бойынша өмір сүреді. Ол өзінің бұл әрекетімен айналадағы басқа адамдардың ұстанымдарына нұқсан келтірмеуіне көзі жетуі қажет, яғни өзінің көзқарастары арқылы айналадағы адамдардың ұстаған принциптерін терістемеуі және зиянды әрекеттер жасамауы.
Салауатты өмір сүру салты - биоәлеуметтік категория. Салауатты өмір сүру салты интегративті түрде қалыптасады. Сондай-ақ адамдардың әрекеттеріне байланысты болады. Салауатты өмір сүру салты шаруашылық, күнделік үй тұрмысы, материалдық және рухани формаларын қанағаттандыру үшін, қоғамдық үжымдарда өзін-өзі ұстай білуі, қоғамдық тәртіппен санасу, артық сөз айтпау, орынсыз саясатпен айналыспау, өзін ақылды деп есептеп, басқаларды ақымақ ретінде көру және тағы басқадан аулақ болу. Сонымен бірге салауатты өмір сүру салты дегеніміз - тұлға мен қоғам деңгейінің прогрессті дамуының көрсеткішінің категориясы.
Салауатты өмір сүру салтының жоғары немесе төмен деңгейде болуы әлеуметтік-экономикалық жағдайларға байланысты болады. Адамның психикасына, денсаулығына, ағзаның функционалды биологиялық қасиеттеріне де байланысты болады.
Адамдардың биологиялық ерекшеліктері бірдей болмайды. Болу керек деп айту да дұрыс емес. Әр адам өзіне тән қалыптасқан өмір салтымен тіршілік етеді. Ол ұрпақтан ұрпаққа «ген» арқылы беріліп отыруы мүмкін.
3. Салауатты өмір сүру салтына көп үлес қосқан адамдар.
Бұл дүниеде салауатты өмір сүру салтына, стиліне көп үлес қосқан адамдар көп болды. Олардың ең алғашқысына Абу Али Ибн Синаны, ұлы ғалым, медик, психолог атамыз. Ол шығыс медицинасын, жоқ тек шығыс емес бүкіл дүние жүзңндегі медицинаның негізін қалаушысы болып табылады. Оның атынамен «медицина» аты дүние жүзі адамдарымен аталуда.
Тағы да бір ұлы адамдардың бірі ол Виктор Востоков. Бұл ұлы ғалым да адамзаттың өмірін жақсарту үшін көп еңбек сіңірген. Бұл адамның адамдарды емдеудің өзінінің принциптері мен жолдары бар.
Ал тоқталатын негізгі ұлы адамдардың бірі бұл - Поль Брэг. Бұл ғалым 1881 жылы Вирджиния штатында туды. Оның басына туа біткен ауруы жүрегінің кемшілігі болды. Одан бөлек Польдың денсаулығына басқа да аурулар қатты әсерін тигізді, астма, бронхит, синусит, туберкулез. Оны көптеген санаторийлерде емдегенімен, ешқандай пайда болмады, ал оны 16 жасында емдеп болмайды деп жариялады. Бірақ ата-анасы ол диагнозға сенбей Польді Швейцарияға алып келеді. Альп тауларында орналасқан атақты Август Ролльердің санаторисі бар болатын. Ол адамдарды емдегенде таза ауаны, таза жаңбыр суын, натуралды тамақтану мен дене шынықтыруды қолданды. Екі жыл ішінде Польдің денсаулығы түгелдей қалпына келтірілді. Ол өлуге жақын адамнан энергия мен денсаулыққа толы жас жігітке айналды. Сол кезден бастап Поль денсаулықты шынықтыру мен адамзаттың өмірін ұзартуды өмірдегі мақсаты етіп алды. Оның көптеген жылдар бойы істеген пайдалы еңбегі үшін оған медецина докторы мен философия докторы атақтары берілді. Поль Брэг өзінің оқытушысы сиқты натуралды компоненттерді қолдану арқылы өмір сүру негізін қалады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz