Франция мемлекеті жайлы
КІРІСПЕ 3
I.ТАРАУ
XX ғ. аяғы мен XXI ғ. басындағы жаңа әлем: теориялық негізі мен тенденциялары 5
1.1 Жаңа халықаралық жүйенің құрылымы мен концептуалды аспектілері 5
1.2 Қазіргі кездегі әлемдік тәртіп: даму тенденциялары мен болашағы 8
II.ТАРАУ
Жаңа ғасыр басындағы әлемдік ахуалдағы Франция 11
2.1 Францияның әлемдік геосаясаттағы орны мен рөлі 11
2.2 Франция мен Еуропалық Одақ: басты приоритет — қаупсіздік 14
2.3 Франция және НАТО: проблемалары мен даму келешегі 19
2.4 Франция мен әлемдік қауымдастық 20
ҚОРЫТЫНДЫ 23
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 24

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Франция – Батыс Еуропадағы ең ірі мемлекет, аумағы – 550 000 ш. км-ге жуық, халқы – 65,4 миллион адам, бұл Еуропалық одақ халқының 15, 67%-ін құрайды.
Жаңа саяси ахуал континенттегі экономикалық және саяси жағдайды өзгертті, сондықтан да қазіргі заманғы Еуропаның алдында шешімін табуды күтетін бірталай мәселелер тұр. Бұл Еуропа Одағына да тікелей қатысты.
Француз Республикасы еуропалық және әлемдік саясатта ерекше және бірегей орын алады. Өз тарихы барысында Еуропа тағдырының алдыңғы қатарында болған мемлекет – жеті жетекші экономикалық дамыған мемлекеттің бірі, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі, ракета-ядролық потенциалға ие және батысеуропалық интеграцияның белсенді қатысушысы есептелетін Франция 1960-жылдардың басынан бастап Еуропаның биполярлы құрылымында автономды орынға ие болуға талпынып, оның біртіндеп реорганизациясына бағытталған курсты бетке алды. Сондықтан да ХХІ ғасырдың басында көптеген оқиғалар мен мәселелер олардың тек бүкіл адамзаттың күш жұмылдыруымен шешілетіні себепті адамдарды біздің ғаламшарымызды бір бүтін қылып қарауға итермелейтін, әлем географиялық кеңістік ретінде толықтай зерттеліп, отарланып, бөлініп, мемлекеттердің шекаралары ендігі мөлдірленіп жатқан кезде ХХІ ғасырдағы «әлемдік тәртіп» қандай болмақ, онда жалпы Еуропа, атап айтсақ Франция қандай рөл ойнамақ деген сұрақ туындайды.
Осы себептен де Францияның жалпыеуропалық интеграцияны жүзеге асыру тәжірибесін зерттеп-зерделеу өзекті ғана емес, сонымен бірге осы күні әлемдік күн тәртібінде ежелден келе жатқан геосаяси мәселе: болашақта шешуші ролді кім атқарады деген мәселе тұрғанда қосымша маңызға ие болады. Әсіресе, бұл жаһандану дәуіріне аяқ басып отырған, әрбір аймақтық мемлекеттер өзара бірігуге, одақтасуға көшкен қазіргі кезеңде өте маңызды.
Зерттеу жұмысының мақсаты — қазіргі кездегі халықаралық қатынастар жүйесіндегі Француз Республикасының орнын анықтау мен зерттеу болып табылады.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
Жаңа халықаралық жүйенің құрылымын мен табиғатын анықтау;
Казіргі кездегі әлемдегі болып жатқан тенденцияларды зерттеу;
Қазіргі кездегі халықаралық қатынастардың жүйесі туралы ғалымдардың теориялары және концепцияларымен танысу;
Францияның әлемдік геосаясаттағы орнын мен ролін анықтау;
Францияның Еуропалық интеграцияның негізін салушысы ретінде және Еуропамен қазіргі кездегі қатынастарын зерттеу;

1. Цыганков П. А. Международные отношения. - М., 1996;
2. Гаджиев К. С. Введение в геополитику. - М., 1997;
3. Современные международные отношения Учебник / Под. ред. А.В. Торкунова. — М.: «Российская политическая энциклопедия» (РОССПЭН), 1999;
4. Мировая политика и международные отношения на пороге нового тысячелетия. М.: Московский общественный научный фонд; ООО "Издательский центр научных и учебных программ"., 2007;
5. Международные отношения: социологические подходы / Под ред. проф. П.А. Цыганкова. М.: Гардарика, 1998;
6. Современные международные отношения. Под ред. А.В. Торкунова М.: МГИМО, 1998;
7. Иришев Б. Франция: вхождение в ХХІ век. Опыт, стратегия и тактика эконоической политики в эпоху глобализаций. – А.: Раритет, 2008;
8. Моро-Дефарж Ф. Введение в геополитику. М., 2006;
9. Нарочницкая Е. А. Франция в блоковой системе Европы М., 2009;
10. Михеев В.С. США, Франция и европейская безопасность; РАН, Институт США и Канады; М., «Наука», 2008;
11. http://ru.wikipedia.org — свободная энциклопедия, которую может редактировать каждый;
12. http://www.mgimo.ru/ — Информационный портал Московского государственного института международных отношений МИД России;
13. Рубинский Ю.Н. Эволюция франко-американских отношений и кризис "атлантической" политики США// Западная Европа и США. М., 2007.

ЖОСПАР
КІРІСПЕ
3
I-ТАРАУ
XX ғ. аяғы мен XXI ғ. басындағы жаңа әлем: теориялық негізі мен
тенденциялары
5
1.1 Жаңа халықаралық жүйенің құрылымы мен концептуалды аспектілері 5
1.2 Қазіргі кездегі әлемдік тәртіп: даму тенденциялары мен болашағы
8
II-ТАРАУ
Жаңа ғасыр басындағы әлемдік ахуалдағы Франция 11
2.1 Францияның әлемдік геосаясаттағы орны мен рөлі
11
2.2 Франция мен Еуропалық Одақ: басты приоритет — қаупсіздік 14
2.3 Франция және НАТО: проблемалары мен даму келешегі 19
2.4 Франция мен әлемдік қауымдастық
20
ҚОРЫТЫНДЫ
23
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 24
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Франция – Батыс Еуропадағы ең ірі
мемлекет, аумағы – 550 000 ш. км-ге жуық, халқы – 65,4 миллион адам, бұл
Еуропалық одақ халқының 15, 67%-ін құрайды.
Жаңа саяси ахуал континенттегі экономикалық және саяси жағдайды
өзгертті, сондықтан да қазіргі заманғы Еуропаның алдында шешімін табуды
күтетін бірталай мәселелер тұр. Бұл Еуропа Одағына да тікелей қатысты.
Француз Республикасы еуропалық және әлемдік саясатта ерекше және
бірегей орын алады. Өз тарихы барысында Еуропа тағдырының алдыңғы қатарында
болған мемлекет – жеті жетекші экономикалық дамыған мемлекеттің бірі, БҰҰ
Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі, ракета-ядролық потенциалға ие және
батысеуропалық интеграцияның белсенді қатысушысы есептелетін Франция 1960-
жылдардың басынан бастап Еуропаның биполярлы құрылымында автономды орынға
ие болуға талпынып, оның біртіндеп реорганизациясына бағытталған курсты
бетке алды. Сондықтан да ХХІ ғасырдың басында көптеген оқиғалар мен
мәселелер олардың тек бүкіл адамзаттың күш жұмылдыруымен шешілетіні себепті
адамдарды біздің ғаламшарымызды бір бүтін қылып қарауға итермелейтін, әлем
географиялық кеңістік ретінде толықтай зерттеліп, отарланып, бөлініп,
мемлекеттердің шекаралары ендігі мөлдірленіп жатқан кезде ХХІ ғасырдағы
әлемдік тәртіп қандай болмақ, онда жалпы Еуропа, атап айтсақ Франция
қандай рөл ойнамақ деген сұрақ туындайды.
Осы себептен де Францияның жалпыеуропалық интеграцияны жүзеге асыру
тәжірибесін зерттеп-зерделеу өзекті ғана емес, сонымен бірге осы күні
әлемдік күн тәртібінде ежелден келе жатқан геосаяси мәселе: болашақта
шешуші ролді кім атқарады деген мәселе тұрғанда қосымша маңызға ие болады.
Әсіресе, бұл жаһандану дәуіріне аяқ басып отырған, әрбір аймақтық
мемлекеттер өзара бірігуге, одақтасуға көшкен қазіргі кезеңде өте маңызды.
Зерттеу жұмысының мақсаты — қазіргі кездегі халықаралық қатынастар
жүйесіндегі Француз Республикасының орнын анықтау мен зерттеу болып
табылады.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
✓ Жаңа халықаралық жүйенің құрылымын мен табиғатын анықтау;
✓ Казіргі кездегі әлемдегі болып жатқан тенденцияларды зерттеу;
✓ Қазіргі кездегі халықаралық қатынастардың жүйесі туралы
ғалымдардың теориялары және концепцияларымен танысу;
✓ Францияның әлемдік геосаясаттағы орнын мен ролін анықтау;
✓ Францияның Еуропалық интеграцияның негізін салушысы ретінде
және Еуропамен қазіргі кездегі қатынастарын зерттеу;
✓ Франция мен НАТО арасындағы проблемалар мен олардың шешілу
жолдарын қарастыру;
✓ Францияның әлемдік қауымдастықтағы позициясын зерттеп,
анықтау.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Жұмысты дайындау барысында негізгі
ақпараттар мен мәліметтер көзі ретінде 13 әдебиет пен интернет желісінің
сайттары алынды. Негізгі әдебиеттер ретінде Б. Иришевтың Франция: вхождение
в ХХІ век. Опыт, стратегия и тактика эконоической политики в эпоху
глобализаций, Е. А. Нарочницкаяның Франция в блоковой системе Европы және
Ю.Н. Рубинскийдің Эволюция франко-американских отношений и кризис
"атлантической" политики США кітаптары алынды.
Халықаралық қатынастардың қазіргі кездегі жүйесін айқындауда П. А.
Цыганковтың Международные отношения, К. С. Гаджиевтың Введение в
геополитику және Мировая политика и международные отношения на пороге
нового тысячелетия кітаптары қолданылды.
Зерттеу жұмысының методологиялық әдістері. Жұмыстың методологиялық
негізін танудың жалпы және жеке ғылыми тәсілдері құрайды. Мемлекеттердің
басшыларының сөздерін зерттеу үшін контент-анализ және ивент-анализ
әдістері қолданылған. Ақпарат пен фактілерді зерттеу мен таңдау барысында
салыстырмалы әдістің қолданылуы ерекше маңызға ие болды. Жұмыс ғылыми
зерттеудің келесі әдістері мен тәсілдерін пайдалана отырып жазылды:
➢ Сипаттау тәсілі – мәселені теориялық тұрғыдан қарастырып, зерттеу
объектісінің сипаттамасын мазмұндауда пайдаланылады;
➢ Талдау мен салыстыру тәсілі – талданып жатқан тақырып бойынша әр
түрлі мамандар мен сарапшылардың пікірлерін салыстыруға мүмкіндік
береді;
➢ Жүйелі көзқарас – қолда бар нәтижелерді топтастырып, ортқ
байланыстарын анықтауда аса маңызды;
➢ Хронологиялық зерттеу тәсілі – саяси-экономикалық оқиғаларды
қалыптасу мен даму тәртібі бойынша зерттеуге жол ашады;
➢ Зерттеудің эмпирикалық тәсілі – монографиялар, ғылыми еңбектер,
шетелдік басылымдар, әр түрлі ұлттық және халықаралық саяси-құқықтық
құжаттарды талдау арқылы жүзеге асады.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Жұмыс жоспардан, кіріспеден, өзара
логикалық тұрғыда байланысқан тараулардан, қорытындыдан және пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен құралған. Барлық тараулар бір мәселе шегіндегі жеке
мәселелерге назар аударуға мүмкіндік беретін параграфтарға бөлінген.
Жұмыстың көлемі — 23 бет.
I-тарау XX ғ. аяғы мен XXI ғ. басындағы жаңа әлем: теориялық негізі мен
тенденциялары
1.1 Жаңа халықаралық жүйенің құрылымы
мен концептуалды аспектілері
XX ғ. екінші жартысында, трансұлттық акторлардың белсенділігі, саны мен
олардың өзара әрекеттеріне қарамастан, халықаралық қатынастардың жүйесі әлі
де қазіргі кездегі әлемдік саясаттың басты құрылымдық бөлшегі болып
табылады. Алайда бұл жерде де XX ғасырдың аяғында маңызды өзгерістер пайда
болды. Қырғи қабақ соғыстың аяқталуымен, биполярлы әлемнің дәуірі аяқталды.
Бірақ, бұл жүйенің орнына халықаралық қатынастардың қандай жүйесі келді?
1990 жылдарда жаңа әлемдік жүйенің сипаты туралы қызу пікірталастар туды.
Реалисттік дәстүрде жұмыс істеген зерттеушілердің дауы, негізінен екі
көзқарас түрінде жүрді:
❖ Әлем монополярлы болып өзгерді (бірполярлы, бірполюсті немесе
униполярлы);
❖ Әлем көпполярлы болып өзгерді (көпполюсті).
1990 ж. басында Парсы шығанағындағы соғыс кезінде, АҚШ президенті Дж.
Буш, Кеңес Одағының ыдырауымен, әлемнің бір “полюсі” жойылды деп мәлімдеді.
Бұл идеяны Зб. Бжезинский, өзінің “Великая шахматная доска. Господство
Америки и его геостратегические императивы” атты кітабында негізге ала
отырып оны ары қарай дамытты. Өз еңбегінде ол келесі тұжырымдама жасаған
болатын — қарсыластың жойылуына байланысты, Құрама Штаттары, тұңғыш және
жалғыз әлемдік державаға айналды. Болашақта АҚШ-тың көшбасшылығы
әлсірегенімен де, тағы да бір мемлекеттің осындай дәрежеге жетуі екіталай.
Бұл идеяны үлкен қуанышпен, Американың көптеген ғалымдары мен
зерттеушілері қолдап, бірнеше өзгертулермен өз концепцияларының негіздеріне
салды. Енді әңгіме Американың басшылығымен жаңа бірполюсті әлемнің, яғни
Pax Americana қалыптасуы туралы жүрді. Алайда ресейлік ғалым, М. А.
Хрусталев сияқты зерттеушілер, бірполюсті әлем концепциясын басқалай
қорытты. Олардың айтуы бойынша, көшбасшы полюс бұл жалғыз АҚШ емес, бұл
бірнеше мемлекеттер. Оған қоса, бұл полюс, қырғи қабақ соғыстан кейін емес,
керісінше 1960 ж. қалыптасқан болатын. Бұл полюстің мүшелері өз іс-
әрекеттерін келісіп шешуде, әлемнің тағдырын шешіп отырған. Оған дәлел
ретінде авторлар G8 (Үлкен Сегіздік) мемлекеттерін көрсетеді. [1, с. 64-66]
2000 ж. дейін барлық қызу даулар мен пікірталастар, АҚШ-тың жалғыз
супердержава ретіндегі қадамдарын бақылау және талқылаумен өтті.
С.Хантингтонның айтуы бойынша, АҚШ-тың көшбасшылығы, оның еркін және
либералды мемлекет тұрғысынан түсіндіріліп, ақталады. 2000 ж. шыққан
“Намеки однополярности” кітабында, К.Уолтц “бірполярлылық” пен “біржақтылық
” ұғымдарын жақындастырады. Ол бірполярлылықты, АҚШ-тың шын мәнінде, нақты
қарсыластарының жоқтығымен байланыстырады. Олай болса, бұл супердержава
әлемнің тағдырын өз ыңғайына қарай шешіп, басқарады.
Алайда мұндай саясат, бір жағынан АҚШ-қа қарсы бағытталған құрал
ретінде пайдаланылуы мүмкін. Осылайша, әлемде орын алған жағымсыз бен
келеңсіз жағдайларды АҚШ-тың сыртқы саясатымен тікелей байланыстыра
бастады. Сондықтан, бірполярлылық пен әсіресе, біржақты саясат идеялары АҚШ-
та ерекше сыналды. Америка Құрама Штаттарының өзі, мұндай ауыр жүк пен
жауапкершілікті мойынға алғысы келмеді.
Осыған қарамастан, Г. Киссинджер сияқты ғалымдар, әлемде АҚШ-тан басқа
да орталықтар бар екенін көрсетті. Оған дәлел ретінде ол Еурапа мен оның
“Еуропалық концертін” атап өтті. Шын мәнінде де Г. Киссинджер Вена
конгресінде пайда болған жүйені, ешбір ірі соғыстарсыз, тарихта ең ұзақ
уақыт өмір сүрген құрылым ретінде көрсетті.
Көпполярлы әлем туралы идеялар, қырғи қабақ соғыс кезінде пайда болған.
Ол кезде бұл концепцияны АҚШ-тың беделінің түсуімен байланыстырды. Алайда,
бұл идея Кеңес Одағында кең қолдау таппады.
Көпполярлы әлем идеясы 1990 ж. ресей саясаткерлері мен ғалымдары
арасында кең қолдау таба бастайды. Бұл концепцияны көбінесе Е.М.
Примаковтың (РФ СІМ) есімімен байланыстырған. Оның айтуы бойынша, қырғи
қабақ соғыстың аяқталуымен, АҚШ пен Ресей маңындағы екпінді күш орталықтары
әлсіреп кетті. Оған қоса жаңа Қытай, Батыс Еуропа сияқты орталықтар
қалыптасты. Онйың айтуы бойынша көпполюсті әлем, бұл орталықтар арасындағы
бәсекелестік немесе соғыс емес, бұл үйлесімді қаупсіздік, бейбітшілік пен
саяси тұрақты әлем.
Дәл сол кезде А.Д. Богатуров көпполярлылық идеясын сынға алады. Оның
айтуы бойынша тарихи тұрғыдан Вена жүйесінен бастап қалыптасқан
көпполярлылық, орталықтар арасындағы көпполюсті балансты ұстау мүмкін
еместігін көрсетті. Ғалым оның барлығы ақырында соғыспен аяқталатынына
назарымызды аудартты. Көпполюсті әлем концепциясының тұрақсыз жүйе
екендігіне адамзат баласының көзі 1914-1918 жылдарда жету керек еді.
Жоғарыда айтылған концепциялар мен идеялардың барлығы тарихи мысалдарға
негізделгендіктен, А.Д. Богатуров халықаралық қатынастардың жүйесін,
тұрақтылық өлшемінде зерттеуін енгізеді. Егер тұрақтылықты, белгілі бір
тепе-теңдік ретінде қарастырсақ, онда биполярлық жүйе бұл талаптарға ең
жоғары дәрежеде жауап береді. Биполярлы әлемде, мемлекеттердің іс-
әрекеттерін болжау әлдеқайда оңайрақ. А.Д. Богатуров көрсететіндей,
биполярлы әлем халықаралық үрдістерді басқарудың жоғарғы дәрежесімен
ерекшеленеді, әлемдегі тәртіп екі державалардың келісілген көзқарастарының
негізінде құрылатын. Бұл жерде Э.Я. Баталовтың дәлелімен келіскен жөн, оның
айтуы бойынша “полюстер — полярлы, яғни олар бір уақытта бір-біріне қарсы
болғанымен, әрқашанда бір-бірін қажет етіп отырады”. [2, с. 89-95]
Әлемнің мемлекеттік-центристтік моделі кезінде, елдердің экономикалық
пен әскери-саяси потенциалдары бір-біріне сай келсе, XX ғ. аяғында
экономикалық фактор өз алдына дербес болып кетті. Бұл негізінен, 1970 ж.
энергетикалық дағдарыс кезінде айқын көрінді, әскери-саяси потенциалы
жоғары Батыстың мемлекеттері, амалсыздан ОПЕК мемлекеттерімен келіссөз
жүргізуге мәжбүр болды. Бүгінгі таңда да көптеген зерттеушілер,
экономикалық фактордың рөлін атап көрсетіп, Жапонияны полюстердің бірі
ретінде көрсетеді, бұл мемлекеттің әскери-саяси қуатының жоқтығына
қарамастан.
XXI ғ. экономикалық фактор полюстердің күшін анықтай ма, әлде жоқ па
айту қиын. Мүмкін мемлекеттің күшін анықтайтын жаңа факторлар пайда болады:
озық технологияларды пайдалану мен олардың даму деңгейі, энергетикалық пен
су потенциалы, білім беру, әлемдік аренадағы саяси белсенділік пен т.б.
Мысалы, С. Стрэнджтың айтуы бойынша, болашақты белгілейтін армия немесе
ресурстар емес, халықаралық қатынастардың акторының “ойынның жаңа
талаптарына” бейімделу деңгейі.
Бүгінгі күнгі халықаралық қатынастардың жүйесі туралы сөз қозғасақ,
өзінің “Парадокс американской силы: почему единственная в мире сверхдержава
не может действовать в одиночку?” атты кітабында Дж. Най полюстілікті
көпқырлы деп көрсетеді. Ол үш деңгейді көрсетеді. Біріншісі — әскери-саяси
өріске қатысты, бұл жерде жалғыз көшбасшы АҚШ. Екіншісі — экономикалы. Бұл
деңгейде үш негізгі орталық бар: АҚШ, Батыс Еуропа және Жапония. Үшіншісі —
трансұлттық қатынастар деңгейі, бұл жерде көшбасшыны анықтап айту қиындыққа
соғады. Дж. Най көптеген саясаткерлердің қателігі ретінде, тек қана бірінші
деңгейді көріп, қалған екі деңгейге мән бермеуді атап өтеді. Осылайша,
бүгінгі таңда халықаралық қатынастар тек мемлекеттер арасындағы қатынастар
болудан қалып, трансұлттық сипатқа ие болуда.
Қорытындылай келгенде, қазіргі халықаралық қатынастардың жүйесі тірі
ағза десек те болады. Себебі ол әрі күрделі, әрі үнемі дамуда. Заман
талабына сай бізді қоршаған дүние де өзгеруде. Қазіргі халықаралық жүйені
біржақты нақтылаудың мүмкін еместігіне көзіміз әбден жетеді. Дегенмен
қазіргі таңдағы халықаралық аренадағы өзгерістерге зер салсақ, кейбір
ғалымдардың теориялары мен концепцияларына сүйеніп, қазіргі кездегі жүйе
мен оның болашағын болжауға да болады. Мәселен, орыс ғалымы Уткин,
халықаралық жүйенің сценарийлерін қазіргі таңда нақты және өмірде мүмкін
орын алатын болжау ретінде қарастыруға болады. Әлем өз басынан биполярлық
жүйені кешірген болатын, бұл екінші ретте де әбден қайталануы мүмкін. [3,
с. 214-218]

Қазіргі әлемге, әрбір мемлекет пен азаматтың мүддесіне әсер ететін
фундаменталды және динамикалық өзгерістерді бастан кешіруде. Әскери күшті
қоса мемлекеттердің арасындағы қатынастар экономикалық, саяси, ғылыми-
технологиялық, экологиялық және ақпараттық факторларға тәуелді болады.
Халықаралық қатынастардың жаңа жүйесі өзгерістердің белсенділігімен,
билік формасының жаңа түрлерімен ерекшелінеді. Жаңа әлемдік тәртіп күрделі,
әрі болжау жасауға қиын келетін құрылым болғанымен, дамудың кейбір
тенденцияларын анықтап көрсетуге болады.
Жаңарған жүйенің алғашқы тенденциясы — әлемдік аренадағы биліктің
ыдырауы болып табылады. Мультиполярлы әлемнің құрылу үрдісі басталып кетті.
Әлемде жаңа күш орталықтары пайда болып жатыр. Оған мысал ретінде,
“экономикалық державаларға” айналған Жапония мен Қытайды атауға болады.
Еуропадағы интеграциялық үрдістердің нәтижесі де, болашақта жаңа күшті
полюстің пайда болуын талап етеді. Оңтүстік-Шығыс Азияда “Азиялық
жолбарыстар” деп аталатын жаңа постиндустриалды елдер пайда болды. Ғалымдар
мен сарапшылардың көбісі лидерлік позицияны Қытайға береді. Олардың айтуы
бойынша, әлемде болашақта биполярлық әлем қайта орналады. Бірақ, КСРО-ның
орнын Қытай басады деп күтілуде.
Бүгінде әлемдік қоғамдастық өмірінің барлық жақтарын қамтуға бет
алған жаһандану дүниежүзілік саясат пен халықаралық қатынастардың үстем
факторына айналып отыр. Жаһандану қай кезде басталды, оның табиғаты қандай
екендігі жайында ғалымдар мен саясатшылардың әрқилы пікірлеріне қарамастан,
қазіргі заманғы тарихта бүл процесті ғылыми-техникалық революцияның күрт
дамуына орай 1960 жылдардың басымен байланыстырады. [4, с. 82-89]
Жаһандану кез-келген салада көрініс табады: экономика, саясат, әскер,
гуманитария, қауіпсіздік және т.б. Мысал үшін, әлемдік экономикалық
жаһандану келесі үрдістерден байқалады:
➢ Интеграциялық үрдістердің ілгерілуі. Бұнда Батыс Еуропа мен
Солтүстік Америка аймақтары сөзсіз жетекшілік етеді. Осы дүние
жүзінің ең интеграцияланған аймақтарындағы жаңа қадам – ЕО мен
НАФТА-ға мүше – мемлекеттерінің Жаңа Трансұлттық Нарығын құру
болып табылады.
➢ Сауда жасау жағдайларының либералдануы, капитал мен жұмыс
күшінің бір жерден екіншіге ағылуы, аса дамымаған елдерде
шаруашылықтың ұлттық жүйелерінің батыс еуропалық және солтүстік
америкалық экономикалық эталондарына сәйкестірлендіруінде.
➢ Батыс еуропалық және солтүстік америкалық интеграция
деңгейлеріне жетпеген мемлекеттердің экономикалық және қаржылық
саясатын координациялау. Аймақтық деңгейде мұндай жұмыс АСЕАН,
АТЭС, латын американдық, африкалық, араб және т.б. интеграциялық
бірліктер шеңберінде жүргізілуде, не жүргізіле бастауда. Ал
әлемдік деңгейде ол Дүниежүзілік Валюта Қоры (МВФ) немесе G-8
мен 15 дамушы елдердің қаржы министрлері мен Орталық Банк
өкілдерінің кеңесі түрінде орын алып отыр.
➢ Елдердің халықаралық қаржыны реттеу қажет екендігін түсінуінде,
бұл болашақта аймақтық ұжымдық, ал кейіннен бірыңғай әлемдік
валюта жасалуына әкеп соғуы мүмкін.
➢ Инвесторлар мүдделерінің капитал салынатын салаларға өтуі.
Бұған қажеттіліктердің ұлттық шеңберден тыс шығып, экономикалық
бастамалардың трансұлттық көздерімен қанағаттандырылуы зор ықпал
етеді.
Халықаралық қатынастардың даму тенденциясына жаһандық проблемалардың
өршуін де жатқызуға болады. Себебі бұл мәселелер барлық адамзат баласына
ортақ болып, бүкіл әлемге өз қаупін төндіріп тұр. [5, с. 112-113]
Жалпы әлемдік немесе жаһандық мәселелер бүгiнгі таңда халықаралық
қатынастардың барлық кездемелерiнен өтiп жатыр. Олардың шешiмiн табу
талпыныстарымен халықаралық ынтымақтастықтың әр түрлi салалары байланысқан.
Мұндай мәселелердiң конструктивтi шешiмдерiн iздестiрулерiмен ғалымдар және
мемлекеттiк қайраткерлер, үкiмет және парламенттер, партиялар және қоғамдық
қозғалыстар, халықаралық ұйымдардың кең желiсi — БҰҰ мен оның мамандырылған
институттары шұғылданады. Қазіргі таңда адамзат баласының болашағына қауіп
төндіретін келесі негізгі жалпы әлемдік проблемалар көрініс табады:
❖ Экологиялық қауіпсіздік; Ауыз суы мен тұщы су тапшылығы,
минералды ресуртардың сарқылуы, жылыжай эффектісі, азон қабатының
жұқаруы, ластану, техногенді апаттар және т.б.
❖ Ғаламдық, аймақтық және ұлттық қауіпсіздік; Халықаралық
терроризм, ұйымдасқан және трансұлттық қылмыстық, есірткілердің
заңсыз айналымы, саяси тұрақсыздық және т.б.
❖ Энергетикалық қамтамасыз ету; Мұнайдың сарқылуы, энергетикалық
дағдарыс, энергетикалық ресурстар үшін күрес және т.б.
❖ Аймақтық және жергілікті қақтығыстар; Абхазия, Оңтүстік Осетия,
Таулы Қарабах, Приднестровье, Палестина-Израиль, Үндістан-
Пәкістан және т.б.
❖ Демографиялық ахуал; Халық санының қарқынды өсуі, оның
географиялық орналасуы, қоршаған ортаға антропогенді әсер және
т.б.
❖ Ядролық қару мен қарулану, қарусыздандыру мәселесі; Жаппай қыру
қаруы, ядролық қаруды таратпау, соғыс техникасы мен қару-жарақтың
жаңа түрлері, жаңа соғыстардың қаупі және т.б.
❖ Азық-түлік қауіпсіздігі; Ашаршылық, азық-түліктердің жетіспеуі,
гендік жолмен өзгертілген азық-түліктер және т.б.
❖ Халықаралық терроризм, трансұлттық және ұйымдасқан қылмыскерлік.
Келесі маңызды тенденциялардың бірі бұл — халықаралық қатынастар мен
ішкі саяси үрдістердің демократизациясы. Бұл үрдіс саяси тәртіпке
қарамастан, әлемнің кез-келген мемлекетінде анық байқалады. Әлем
жаһанданып, бұқараға ашылған сайын, тіпті ең қатал авторитарлы режимдерде,
теріс немесе келеңсіз жағдайларды жасыру қиынға соғады. Алайда қазіргі
кезде демократизация үрдісін, АҚШ есімімен тығыз байланыстыру себебімен,
бұл тенденцияға әсіресе Шығыс елдеріне жол бермеуге тырысуда. Дегенмен,
отарлық жерлердің жойылып, тәуелсіз мемлекеттердің, еркін халықтар мен
ұлттардың құрылуы — демократизацияның басты айғағы мен ұранына айналды.
Жоғарыда көрсетілген тенденциялар әлем бейнесін нақты және толық
суреттемегенімен, өзгеріп жатқан жүйенің басты және негізгілері болып
табылады. Дегенмен де, қазіргі кездегі халықаралық қатынастардағы басты
тенденциялар мен орын алып жатқан сипаттарға зер салып, қазіргі халықаралық
жүйені біршама былай суреттеуге болады:
• Жаһандану және аймақтану (бөлшектену) үрдістері;
• Ғаламдық проблемалар (экологиялық, терроризм және т.б.);
• Қарусыздандыру мәселесі;
• Ресурстар үшін күрес пен қақтығыстар;
• Халықаралық қатынастардағы көпжақты дипломатия мен аймақтық
дипломатияның популяризациясы және т.б.
II-тарау Жаңа ғасыр басындағы әлемдік ахуалдағы Франция

болған мемлекет — сегіз жетекші экономикалық дамыған мемлекеттердің бірі,
БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі, ракета-ядролық потенциалға ие
және батысеуропалық интеграцияның белсенді қатысушысы есептелетін Франция
1960-жылдардың басынан бастап Еуропаның биполярлы құрылымында автономды
орынға ие болуға талпынып, оның біртіндеп реорганизациясына бағытталған
курсты бетке алды. Сондықтан да ХХІ ғасырдың басында көптеген оқиғалар мен

қандай рөл ойнамақ деген сұрақ туындайды. [6, с. 158-164]
Францияның жоғары экономикалық потенциалы, әлемдік саясаттағы беделі
мен ықпалы оны Еуропадағы приоритетті серіктестер қатарына шығарады.
Франция Еуропалық Одақтың жетекші мемлекеттерінің бір болып табылады. Онсыз
Еуропаның тағдырына қатысты бірде-бір шешім қабылданбайды. Көптеген маңызды
мәселелер бойынша оның ұстанымы анықтаушы рөлге ие, ол өзге мемлекеттерге
үлгі болып табылады.
Географиялық орналасуы
Франция — территориясы жағынан, Батыс Еуропадағы ең үлкен мелекет.
Жалпы ауданы — 551 500 шаршы км. Құрлықтағы көлемі — 545 630 шаршы км.
Шекаралас мемлекеттері: Ұлыбританиямен (Ла-Манш тунелі арқылы), солтүстік-
шығыста Бельгия (620 км.) және Люксембургпен (73 км.), шығыс пен солтүстік-
шығыста Германиямен (451 км.), шығыста Швейцария (573 км.) және Италиямен
(488 км.), оңтүстік-шығыста Монакомен (4,4 км.), оңтүстікте Андорра (60
км.) және Испаниямен (623 км.). Франция батысында Атлант мұхитымыен (Бискай
шығанағы мен Ла-Манш бұғазы), ал шығысында Жерорта теңізімен ұласады.
Орталық Франция 22 облыс пен 4 аралдық территориядан тұрады: Гваделупа,
Гвиана, Мартиника және Реюньона. Францияның 2 млн-нан астам тұрғындары
француз департаменттерінде немесе аралдық территорияларында (DOM TOM)
тұрады.
Экономикалық потенциалы
Францияның экономикалық саясатының дәстүрлі ерекшелігі — стратегиялық
маңызы бар салалардың (мұнай және газ, көлік), яғни мемлекеттік сектордың
ауқымдылығы. Экономикада жоспарлау бар болғанымен, ол нормативті емес,
индикативті сипатқа ие.
Франция темір және уран кендері, бокситтер, калий тұздары сияқты
пайдалы қазбаларға бай. Бұл ауыр өнеркәсіпке негіз болады. Түрлі түсті
металлургияны игеру бойынша Франция әлемнің алдыңғы қатарлы мемлекеттеріне
кірсе, болат балқытудан Батыс Еуропада үшінші орынды иеленеді. Негізгі
салалары: машина жасау (әлемдік өндірістің 2.6 %), химия (әлемдегі 4
экспортер), әуе-ғарыштық (Франция Еуропаның ғарыш агенттігінде басты рөлді
ойнайды), көлік жасау (көлік шығарудан әлемде 3 орынды иемденеді), тамақ
өнеркәсібі (экспорт көлемі бойынша АҚШ-тан кейін 2 орын), радиоэлектроника,
информатика, кеме жасау, электротехника және т.б. Франция атомдық
энергияның даму жемістерін шебер иемденген ел, өзінің энергиясынң 75 % ол
АЭС-тен алады.
Мемлекеттің қорғалуымен дамитын және көп көңіл бөлінетін сала — ауыл
шаруашылығы. Франция ауыл шаруашылығының өнімдерін өндіру көлемі бойынша,
Батыс Еуропада 1 орныды, әлем бойынша АҚШ пен Канададан кейін 3 орынды
иемденеді. Франция Еуропада темір жолдардың ең дамыған желісін иемденеді.
1981 ж. бастап Францияның барлық дерлік ірі қалалары темір жолдармен
байланыстырылған. Әлеуметтік қорғалу, әлемдегі ең жоғарылардың бірі. ЖІӨ-
нің 30 % әлеуметтік қамтамасыздандыруға жіберіледі. [7, с. 205-210]
Францияның экономикалық көрсеткіштері
Номиналды ЖІӨ: 2,675 трлн. доллар (2009);
ЖІӨ (Паритетті сатып алу қабілеттілігі бойынша): 2,097 трлн. доллар
(2008)
ЖІӨ бойынша орны: 8 (2009);
Адам басына шаққандағы ЖІӨ: 42,747 доллар (2009);
Инфляция: 1 % (2008);
Жұмыссыздық:7,2 % (2008);
Экспорт:761 млрд. доллар (2008);
Импорт:833 млрд. доллар (2008);
Мемлекеттік табыс:1150 млрд. доллар (2006);
Мемлекеттік шығын:1211 млрд. доллар (2006).
Әскери-стратегиялық потенциалы
Франция әлемнің төртінші ядролық державасы болып табылады. Оған қоса
оның ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz