Экономикалық талдау


ЖОСПАР
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім:
- Экономикалық талдауға ақпараттық қамтамассыз ету
- Экономикалық талдаудың негізгі түрлері
ІІІ. Қорытынды
КІРІСПЕ
«Талдау» гр тілінен аударғанда «зерттелетін обьектіні өзара байланысты бөліктерге, элементтерге бөліп, тарату» деген түсінікті білдіреді. Талдауға негізгі түсінік беретін си нтез керісінше бөлініп таратылған элементтерді біріктіру, жинақтау деген мағынаны береді.
Экономикалық процесстерді зерттеу жеке бірліктерді жеке шаруашылық фактілерін зертеуден басталады, ал, олардың жиынтығы жалпы шаруашылық процессті құрайды. Экономикалық талдау барысында шаруашылық процесстердің өзара байланысы, өзара тәуелділігі мен шарттылығы зерттеледі.
Экономикалық талдаудың пәні: обьективті және субьективті фактілер әсерінен қалыптасатын шаруашылық процесстер мен олардың соңғы нәтижелері.
Обьективті фактор етінде баға факторын алуға болады. Бағаның және тарифтің ставкасының өзгеруі халықшаруашылығы салаларының негізгі көрсеткіштерінің өзгеруіне әсер етеді.
Экономикалық талдау процессінде бірқатар көрсеткіштер қолданылады. Халықшаруашылығының әртүрлі салаларында қызмет істейтін ұйымдар қызметі әртүрлі көрсеткіштермен сипатталады. Оларды белгілі бір жүйеге келтіріп, келесідей түрлерге бөлуге болады.
- Қолданылатын өлшем бірліктеріне байланысты: құндық және натуралдық көрсеткіштер болып екіге бөлінеді.
- құбылыстар, операциялар, процесстердің өлшену мүмкіндігіне байланысты көрсеткіштер сандық және сапалық болып бөлінеді.
- жекелеген көрсеткіштердің немесе олардың қатынастарының пайдаланылуына байланысты көлемдік және үлестік көрсеткіштер болып екіге бөлінеді.
ІІ. Негізгі бөлім
Экономикалық талдауды ақпараттық қамтамассыз ету
Экономикалық талдау экономикалық ақпараттар жүйесіне негізделеді. Ал, ақпарат басқару шешмдерінің нәтижесі болып табылады. Тиімді ақпарат ағамын қамтамассыз ете үшін белгілі бір қағидаларға сүйенеміз.
- ақпарат қажеттілігін анықтау және оны қамтамассыз етудің тиімді жолдарын табу;
- Өндіру, айналыс, бөлу, тұтыну процестерінің тиімділігін еңбек, табиғи, материалдық, қаржылық ресурстарды пайдаланудың обьективтілігі;
- Ақпарат бірегейлігі, яғни, әртүрлі көздерден алынған мәліметтердің бір өлшемде, бір деңгейде болуы және ақпараттың қайталануына жол бермеу;
- Ақпараттың оперативтілігі, демек жаңа байланыс құралдарын, ақпаратты қашықтықтан беру құралдарын пайдалану арқылы жедел ақпарат алу;
- Алғашқы ақпарат көлемін мүмкіндігінше шектеу, оны пайдаланудың коэффицентін арттыру;
- Алғашқы ақпараттарды электронды есептеу машинасы арқылы жан жақты өңдеу, соның нәтижесінде қажетті туынды көрсеткішті алу;
- Алғашқы ақпаратты пайдалану бағдарламасын жасау, соның негізінде ақпаратты жоспарлау және басқару мақсатында пайдалану.
Талдауға негіз болатын ақпарат көзі есептік және есептік емес болып екіге бөлінеді.
Есептік көздерге: бухгалтерлік есеп және есептілік, статистикалық есеп және есептілік, жедел есеп және есептілік, ішінара есеп мәліметтері жатады.
Ішінара есеп мәліметтері басқа есептілік мәліметтерін терең және жан жақты түсінуге мүмкіндік береді.
Есептік емес көздерге: ішкі және сыртқы аудит мәліметтері, ривизия мәліметтері, зертханалық бақылау материалдары, өндірістік кеңестер материалдары, еңбек ұжымдарық жиналыстарының материалдары, баспасөз мәліметтері, түсініктеме, баяндама хаттар, жеке бақылау мәліметтері.
Сонымен қатар, талдау барысында бекітілген жоспар, өндірістік паспорт, баға көрсеткіштерінде, анықтамаларда келтірілген мәліметтер толтырылады.
ІІ. Экономикалық талдаудың негізгі түрлері
Экономикалық талдау түрлері салалық, мерзімдік және кеңістік сынды белгілеріне, өткізілу кезеңділігіне, басқару обьектісіне, зерттеу әдісіне орай және обьектінің толық қамтылуына, бағдарламаның мазмұнына, сонымен қатар, талдау тұтынушыларына қарай жіктелінеді.
Талдаудың бұлайша жіктелуі оның дұрыс ұғынылуы мен есептің мазмұнының оң болуына тікелей байланысты болады.
Экономикалық оқулықтарда экономикалық талдау әртүрлі белгілеріне қарай жіктеліп отырады.
1. Салалық белгісіне орай:
Қоғамдық еңбек бөлінісіне негізделген
- Салалықэкономиканың жекелеген салаларына талдау жүргізілуге негізделген әдіс
- өндірістік;
- ауылшаруашылығы;
- құрылыс;
- көлік;
- сауда.
- Салааралықкез келген ұлттық экономикадағы шаруашылықтың теориялық және тәсілдік әдісі болып табылады.
Салалық талдаудың қажеттілігі әрбір сала өндірісінің спецификалық ерекшеліктеріне негізделген. Қоғамдық өндірістің әр саласы спецификалық және экономикалық қатынастарында өзіндік ерекшеліктеріне ие.
Бұған қоса, қоғамдық өндірістің әр саласы төзара тығыз байланысты екенін де естен шығармаған жөн. өндірістік салалардың өзара байланыстары салааралық талдау жасалуын талап етеді.
2. Мерзімдік белгісіне орай:
- Болжамдық талдаушаруашылық операция жүргізілмей тұрып, жасалады. Ол басқару шешеімдерін дәлелдеу және жоспарлау тапсырмаларына, сонымен қатар болашақты болжау мен күтілген жоспардың бағасын беру немесе тиімсіз нәтижелерді болдырмау үшін жасалады.
- Ағымдағы (ретроспективный) талдауұйым қызметінің нәтижелері бойынша әдетте ресми есептілік негізінде жүргізілетін ретреспе ктивті талдау болып табылады. Ағымдағы талдауды кезеңдік талдау деп те атайды. Себебі ол ағымдағы жұмыс кезеңдері бойынша жүргізіледі.
Ағымдағы талдаудың негізгі мақсаты: коммерциялық қызмет нәтижелерін обьективті бағалау, пайдаланылмаған резервтерді кешенді түрде анықтау. Және оларды өндіріс тиімділігін арттыратындай етіп орналастыру, еңбек нәтижелері және сомасы бойынша материалдық және моральдық тұрғыдан ынталандыру, жұмыста орын алған кемшіліктерді анықтау, себептерін зерттеу.
Ағымдағы талдаудың өзіндік ерекшеліктері:
- Нақты нәтижелер жоспарлы мәліметтермен және өткен кезең ақпараттарымен салыстыра отырып бағаланады;
- Анықталған ауытқулар технико экономикалық факторлар бойынша жіктеліп, олардың себептері тек ғана емес, оларға жауапты адамдар анықталып, кемшіліктерді жоюмен байланысты іс шаралар белгіленеді.
Талдаудың бірқатар кемшіліктері де бар :
- Қолданылмаған резервтердің анықталуы ол уақытта жойылған мүмкіндіктерді көрсетеді. Яғни, өндіріс тиімділігінің төмендеуіне жол беріледі.
- Талдау барысында шаруашылық операциялары тіркеледі. Бірақ, оның нәтижелері алдыңғы кезеңге ғана есепке алынады. Бұл да белгілі бір мүмкіндіктің жойылуын сипаттайды.
Ағымдағы талдау шаруашылық қызметке жасалынатын толық талдау түрі. Оперативтік талдау оның құрамына кіреді. Ол перспективалық талдау жасауға негіз болады.
Оперативтік талдау экономикалық талдаудың бір түрі және шаруашылық жүйесін оперативті басқарумен байланысты міндеттерді шешуге бағытталады.
Оперативті талдаудың мақсаты: жоспарлы тапсырмалардың орындалуын, өнімді өндіру және сату процесстерін жалпы шаруашылық жүйенің ұйымды қызмет етуін тұрақты түрде бақылау болып табылады.
Оперативті талдаудың ақпарат көзі алғашқы есеп құжаттары, өндіріс процесстерін тікелей бақылау міндеттері және жұмысшылармен бетпе бет әңгімелесу қорытындылары. Сол себепті жұмыстағы кемшіліктерді және оған кінәлі адамдарды жедел анықтауға және сәйкес шара қолдануға мүмкіндік береді.
Перспективалық талдау шаруашылық қызмет нәтижелерінің, олардың болашақтағы мүмкін болатын шараларын анықтау мақсатында жүргізілетін талдау.
Негізгі ерекшелігі: құбылыстарды болашақ тұрғысынан қарау, даму перспективасын анықтау болып табылады.
Перспективалық талдау шаруашылық қызметтің ең тұрақты элементтерін анықтауға яғни, болашақта үлкен рөл атқаратын элементтерді белгілеуге мүмкіндік береді.
Міндеттері: Оның мәні және жоспарлау мен басқарудағы орнына байланысты анықталады.
- Шаруашылық қызметті болжау;
- Жоспарлардың ғылыми негізін анықтау;
- Жоспардың орындалу мүмкіндігін бағалау.
- Кеңістік белгісіне байланысты:
Ішкі шаруашылық талдау жекелеген бөлімшелер бойынша жүргізіледі. Және сол бөлімшелердің жалпы ұжым жетістіктеріне қосқан үлесін бағалау арқылы жүргізіледі. Мұндай талдау өндірістік бірлестіктерді, ғылыми зерттеу институттары мен зертханаларды, басқару өнімдерін қызмет көрсетуші шаруашылықты, басқа да бөлімшелерді қамтиды.
Ішкі шаруашылық талдау барысындағы маңызды мәселе: ұйымның құрылымдық ерекшеліктері. Себебі, ол экономикалық қаржылық ақпарат ағынын айқындайды. Ұйымның өндірістік тиімділігін арттыру барысында жеке өндірістік звено, цехтар, бригадалар, бөлімшелерді басқаруды жетілдіру керек. Яғни, олардың әрқайсысы бойынша жүйелі, жан жақты талдау талап етіледі.
Салалық талдау белгілі бір саланы басқарудың барлық деңгейлерін қамтиды. Яғни ол ұйымның негізгі звеносынан басталып, халық шаруашыл лығының сол саласына қатысты ең жоғарғы звеносын қамтиды. Мұндай талдау барысында бухгалтерлік статистикалық оперативті және арнайы жиынтық есептілік қолданылады.
Жиынтық есептік көрсеткіштері жекелеген есептік орташа мәнді анықтау арқылы, салыстырмалы шамаларды анықтау арқылы табылады. Жиынтық есептілік бір ведомствоға бағынатын ұйымдардың жинақталған жұмыс қорытындысын көрсетеді. Есептелген қатар негізгі және негізгі емес қызмет түрлері бойынша қосымша ақпараттар пайдаланылады.
Функционалдық құндық талдау жеке өндіріс процесінің немесе басқару құрылымының функциоларын жүйелі зерттеу әдісі болып табылады. Бұл әдіс жобалау, өндірісті игеру, өнімді өткізу шығындарын мейлінше арттыру мақсатында жүргізіледі.
Функциялық талдау тек осы талдауға қатысты қағмдаларға негізделеді:
- Шығармашылық ойлау
- Жаңашылдық ойлау
- Жүйелілік
- Кешендік
- Обьектілердің көп функционалдығы
- Жұмысшылар мен ғылыми қызметшілердің ақыл ойы мен тәжірибесінің қосындысы
Шығармашылық және жаңашылдық ойлау өткен кездегі шешімдерден бас тартуды білдіреді. ҒТП ескіні жоққа шығаруға оның орнына жаңа еңбек заттары мен құралдарын, тұтыну тауарларын, жаңа қызметтерді ғылыми негізделген ұйымдастыру мен басқару шешімдерін пайдалануды ұсынады.
Функционалдық құндық талдау барысында жүйелі талдау жүзеге асырылады.
Жүйелі талдау обьектіні біртұтас бірлік ретінде немесе жоғары деңгейлі жүйе бөлімі ретінде зерттеу құралы болып табылады.
Функционалдық құндық талдаудың мақсаты:
- Өндірістің экономикалық тиімділігі мен еңбек шығындарының өзара қатынасын анықтау;
- Басқару жүйесінің барлық деңгейлеріне сай келетін технико экономикалық нормативтер мен көрсеткіштерді дайындау;
- Техникалық және басқару процесін ұйымдастыру,
- өндірістің өнімділігін, сенімділігін бақылау
Функционалдық құндық талдаудың негізгі кезеңдері:
- Ақпараттық дайындау кезеңіобьекті таңдалады. Ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Талдау жүргізу тобы қалыптасады.
- Аналитикалық шығармашылық кезеңқолданылатын таңдау әдісі таңдап алынады. Талдаудың барлық функциялары қаралып, үлгісі даярланады. Талдау жасалады, баға беріледі.
- Іске қосу кезеңіұсынылған жаңа өнімнің тексерілуі жүргізіледі, тәжірибе жасалады.
- Өндірістік кезеңөнім өндірістік процеске түседі.
- Коммерциялық өткізу кезеңіөнім нарыққа сатуға шығарылады, оған баға белгіленеді.
- Бақылау, пайдалану кезеңі
Кешенді талдаудың кезеңдері
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz