Федеративті Германия Республикасының сыртқы саясатындағы Орталық Азия



КІРІСПЕ

1. ФЕДЕРАТИВТІ ГЕРМАНИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНДАҒЫ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ
1.1 Федеративті Германия Республикасының сыртқы саяси ерекшеліктері: мақсаттары, негізгі бағыттары және басымдықтары
1.2 Германия сыртқы саясатындағы Орталық Азияның маңызы
1.3 Германияның орта азиялық саясатының мақсаттары, мүдделері, бағыттары мен басымдылығы

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі ғаламдану жағдайында және жаңадан қалыптасып келе жатқан көптүрлі әлемдік жүйенің дамуында Каспий өңірі қатарында Орталық Азия аймағы геоэкономикалық тұрғыда маңызды орын алуда. Жаңа мыңжылдықтың басында Орталық Азия аймағының геосаяси және геостратегиялық жағдайы артты. Соның негізінде аймақ халықаралық саясаттың негізгі тақырыптарының біріне айналып, халықаралық қауымдастық назарында ерекше орынға иеленуде. Оның негізі мынадай факторлармен түсіндіріледі:
Біріншіден, ең алдымен аймақтың табиғи бай ресурстары, энергетикалық және минералды-шикізат көздеріне ие болуы арқылы тартымды;
Екіншіден, орта-азиялық аймақ шетелдік тауарларды өткізудің жаңа нарығы және инвестицияларды салу ортасы болып табылады, ал бұл фактордың маңызы орта азиялық елдердің келешекте әлемдік саудаға тартылуы барысында тіптен арта түспек.
Үшіншіден, орта-азиялық аймақ қазіргі кезде мұнай факторының есебінен тек қана экономикалық емес, сонымен қатар геосаяси маңызға ие, яғни әлемдік державалар аймақтағы экономикалық қатысуларының есебінен өз ұстанымдарын бекітуде.
Төртіншіден, Орталық Азия сауда ағымдарын іс-жүзіне асыру барысында Еуропа мен Азия ортасындағы делдалдық көпір қызметін атқара алатындай транзиттік қуатқа ие болғандықтан, әлемдік державалардың мүддесінде.
Осы жағдайларға сәйкес, Кеңес Одағының ыдырауынан бастап посткеңестік Орталық Азия аймағының әрбір егеменді мемлекетінің стратегиялық мақсаттары халықаралық қатынастар жүйесінде ұлттық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттілігі негізінде әлем мемлекеттерімен, халықаралық және аймақтық ұйымдармен, халықаралық субъектілермен тығыз байланыстарды орнату болды.
Осындай мақсатты қойған орта-азиялық мемлекеттер біржағынан, сыртқы халықаралық субъектілердің мүдделері екінші жақтан өзара түйісіп, қазіргі кезеңде бұл қатынастар даму деңгейінде.
Ресей және АҚШ, Түркия, Қытай сияқты өзге де негізгі акторлар қатарында Германия өз алдына дара және ЕО шеңберінде орта-азиялық аймақта өз мүдделерін қарастырады.
1. Ключников Ю. В., Сабанин А. Международная политика новейшего времени в договорах, нотах и декларациях. Ч. 1. С. 168—169. (про симодский трактат)
2. Перевод с английского по: Japan Treaties. Treaty of Peace with Japan. San Francisco, 8th September, 1951. - London: His Majesty’s Stationary. - P. 2-24. - на основе перевода в Сборнике документов и материалов по Японии (1951-1954 гг.). - М.: ДПО МИД СССР, 1954. - С. 89-104.
3. Оговорка сената США приведена согласно: Международное право в избранных документах. Том III - М.: Междунар. отношения, 1957. - С. 317, 333.
4. Публ.: Гримм Э. Д., Сборник договоров и др. документов по истории международных отношений на Дальнем Востоке (1842—1925), М., 1927. (симоносеки)
5. Тегеран – Ялта – Потсдам. Сборник документовСоставители: Ш.П. Санакоев, Б.Л. Цыбулевский.2-е изданиеМ.: Издательство «Международные отношения», 1970. – 416 с.
6. Международные отношения и внешняя политика СССР. Сборник документов. 1871- 1957 / Сост. Л. А. Харламова. Отв. ред. Е. М. Иванова. М., 1957.
7. Мирный договор с Японией, подписанный в Сан-Франциско // История войны на Тихом океане. Т. 5. М.: Издательство иностранной литературы, 1957. С. 337-359.
8. Русские Курилы. История и современность. Сборник документов по истории формирования русско-японской и советско-японской границы / Сост. В. К. Зиланов, А. А. Кошкин, И. А. Латышев, А. Ю. Плотников, И. А. Сенченко. М.: Сампо, 1995. 179 с.

Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ

1. ФЕДЕРАТИВТІ ГЕРМАНИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНДАҒЫ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ
1.1 Федеративті Германия Республикасының сыртқы саяси ерекшеліктері:
мақсаттары, негізгі бағыттары және басымдықтары
1.2 Германия сыртқы саясатындағы Орталық Азияның маңызы
1.3 Германияның орта-азиялық саясатының мақсаттары, мүдделері, бағыттары
мен басымдылығы

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі ғаламдану жағдайында және жаңадан
қалыптасып келе жатқан көптүрлі әлемдік жүйенің дамуында Каспий өңірі
қатарында Орталық Азия аймағы геоэкономикалық тұрғыда маңызды орын алуда.
Жаңа мыңжылдықтың басында Орталық Азия аймағының геосаяси және
геостратегиялық жағдайы артты. Соның негізінде аймақ халықаралық саясаттың
негізгі тақырыптарының біріне айналып, халықаралық қауымдастық назарында
ерекше орынға иеленуде. Оның негізі мынадай факторлармен түсіндіріледі:
Біріншіден, ең алдымен аймақтың табиғи бай ресурстары, энергетикалық
және минералды-шикізат көздеріне ие болуы арқылы тартымды;
Екіншіден, орта-азиялық аймақ шетелдік тауарларды өткізудің жаңа нарығы
және инвестицияларды салу ортасы болып табылады, ал бұл фактордың маңызы
орта-азиялық елдердің келешекте әлемдік саудаға тартылуы барысында тіптен
арта түспек.
Үшіншіден, орта-азиялық аймақ қазіргі кезде мұнай факторының есебінен
тек қана экономикалық емес, сонымен қатар геосаяси маңызға ие, яғни әлемдік
державалар аймақтағы экономикалық қатысуларының есебінен өз ұстанымдарын
бекітуде.
Төртіншіден, Орталық Азия сауда ағымдарын іс-жүзіне асыру барысында
Еуропа мен Азия ортасындағы делдалдық көпір қызметін атқара алатындай
транзиттік қуатқа ие болғандықтан, әлемдік державалардың мүддесінде.
Осы жағдайларға сәйкес, Кеңес Одағының ыдырауынан бастап посткеңестік
Орталық Азия аймағының әрбір егеменді мемлекетінің стратегиялық мақсаттары
халықаралық қатынастар жүйесінде ұлттық және аймақтық қауіпсіздікті
қамтамасыз ету қажеттілігі негізінде әлем мемлекеттерімен, халықаралық және
аймақтық ұйымдармен, халықаралық субъектілермен тығыз байланыстарды орнату
болды.
Осындай мақсатты қойған орта-азиялық мемлекеттер біржағынан, сыртқы
халықаралық субъектілердің мүдделері екінші жақтан өзара түйісіп, қазіргі
кезеңде бұл қатынастар даму деңгейінде.
Ресей және АҚШ, Түркия, Қытай сияқты өзге де негізгі акторлар
қатарында Германия өз алдына дара және ЕО шеңберінде орта-азиялық аймақта
өз мүдделерін қарастырады.
Алайда, орта-азиялық аймақтың геосаяси жағдайы әлемдік экономика және
саясаттағы беделді акторлардың ұлттық мүдделерінің шиеленісуімен
сипатталады. Оның үстіне табиғи қазба байлықтарына ие болған орта-азиялық
мемлекеттер оларды әлемдік нарыққа шығару мақсатында тасымалдау мәселесімен
кездейсоқ болды. Осы мәселені шешу барысында мұнай және газ құбырлары
қандай жолдармен жеткізілуі қажет, қай елдердің территориялары арқылы
құбырлар желісін құрастыру керек деген сияқты сауалдар тікелей геосаяси
мүдделермен тығыз байланысты болып саналады.

1. ФЕДЕРАТИВТІ ГЕРМАНИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНДАҒЫ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ
1.1 Федеративті Германия Республикасының сыртқы саясатының ерекшеліктері,
мақсаттары, негізгі бағыттары және басымдықтары
Неміс сыртқы саясатының ерекшеліктері. Германия федеративті
республикасының сыртқы саясаты кезкелген мемлекет сияқты оның шетелдермен
экономикалық, саяси, әскери, әлеуметтік-идеологиялық байланыстарының
жүйесін көрсетеді. Ол байланыстар халықаралық жағдайларға, Германияның
әлемдік қауымдастықтағы орны мен рөліне, ішкі саяси даму саяси жағдайларына
байланысты жүзеге асырылады [Губайдуллина, Внешняя политика, 61].
Сыртқы саясатты зерттеу барысында тарихи тәсілді пайдалану үшін онымен
бірге индукция және дедукция әдістерін қолдану қажет болады. Германия
сыртқы кестесін беру үшін ұлттық доминантасымеен қатар, халықаралық
жүйедегі жағдайы қатысушы элементтер болып саналады. Германияның сыртқы
саяси жүйесін қарастыру міндетті түрде оның сыртқы саяси үдерісінің тарихи
дамуындағы негізгі сәттерін объективті және субъективті жағдайларда
ескерумен тығыз байланысты болады.
Федеративті Германия республикасының сыртқы саясаты жүйе түрінде
мынадай бірнеше жүйелік топтарға бөлінеді:
1. Аймақтық құрылымдарына байланысты: Шығыс саясаты, Дамыту
саясаты, еуропалық саясат;
2. Функционалдық мәселелерді топтауға байланысты: атлантикалық
салиқалылық, қаруларға бақылау жүргізу ісі, ЕҚЫҰ және т.б.;
Германияның сыртқы саясаты сияқты оның әрбір топтық жүйелерінің де
өзіндік тарихи эволюциялық басталу нүктелері бекітілген және соған сәйкес
олар өзіндік кезеңдерді қамтиды.
Федеративті Германия Республикасының сыртқы саяси мақсаттары мен соған
сәйкес бағыттарын жетік түсіну және олардың теоретикалық мәнісін ашу үшін
неміс мемлекетінің сыртқы саяси дамуындағы заңдылықтарын, кезеңдері мен
ерекшеліктерін жалпы әлемдік және еуропалық тарих барысында қарастыру
тиімді.
Алайда, қарастырып отырған зерттеу жұмысы тұтастай Германияның жалпы
сыртқы саясатына емес, тек бір ғана бағытына арналғандықтан, сонымен қатар
хронологиялық шеңбердің нақты 1992 – 2009 аралығында белгіленуіне
байланысты біз неміс мемлекетінің сыртқы саяси дамуындағы заңдылықтары,
кезеңдері мен ерекшеліктерінің ішінде тек кейбіреулеріне немесе
диссертациялық зерттеу тақырыбына тиісті тоқталуды жөн көрдік.
Біз қарастыратын Германияның сыртқы саясаты ол оның 1990 жылдардан
басталатын жаңа кезеңі, өйткені бұл кезеңнен бастап Германия өзінің сыртқы
саясатында толық егеменділікке қолы жетеді [Губайдуллина ВПГ, 7-бап].
1990-1991 жж. басынан бастап қайта біріккен Германия Федеративті
Республикасының алдында өзгеріске ұшырау барысындағы халықаралық жүйеде
өзінің орнын, ерекшеліктерін және жаңа келбетін нақтылау мәселесі тұрды.
Федеративті үкімет үшін мемлекеттің келешектегі сыртқы саяси негізін
белгілеу және оны қалыптастыру мақсаты объективті түрде маңызды орын алды,
яғни Германия өзінің тәуелсіз сыртқы саяси максималды мүмкіндіктерін ашуға
ықпал ететін ішкі құндылықтарды басшылыққа ала отырып, жаңа халықаралық
жағдайларда пайда болған өзекті мәселелерді шешуге бағыт алды[1] [3 бет].
Германияның белгілі теоретигі Х.Маулдің тұжырымдауы бойынша, Германия
90-шы жылдардың басындағы бетбұрыстар барысында күрделі мәселелерге
кезікті. Сыртқы саясат өзгерісті жағдайда болды, оның себебі Германия
мемлекетінің өз ішінде, Еуропада, сонымен бірге әлемде саяси өзгерістер
орын алды... [Маул теоретик еңбегінде 3 бет]. Дегенмен де өзінің сыртқы
саясатындағы бірізділікпен ықпал ету жағдайының нәтижесінде Германия 1955
жылдан бастап жүргізген саясатының жетістіктеріне жеткен еді, өйткені ол
кезеңдегі ең негізгі мақсат ол ГДР-ді өз құрамына қосу, елді біріктіру
мақсатына жеткен болатын. Ол жетістіктердің оңай келмегендігі баршаға
әйгілі. Ол мақсатқа жетуде Германия Екінші дүние жүзі соғысынан кейінгі
жағдайлардың нәтижесінде қоғамды батыстық үлгідегі даму жүйесіне қосу,
демократиялық құндылықтарды енгізу арқылы, құқықтық қағидаларды басшылыққа
ала отырып, еуропалық интеграция шеңберінде экономикалық дамуға күш сала
отырып, елдегі тұрақтылық пен қауіпсіздік жағдайларын қалыптастыруға
тырысты. Ол әсіресе, Федеративті Германия үкіметінің Солтүстік атлантикалық
одақ (САО) және Еуропалық экономикалық қауымдастық (ЕЭҚ) сияқты халықаралық
интституттардың құрылымдарына тартылуынан көрінді. Алайда сол кезеңде
Германияның елді қайта қалпына келтіру және дамыған батыстық елдер қатарына
қосу ұмтылысы іс-жүзіне асқанымен, федеративті үкіметтің сыртқы
байланыстарда дара өзінің еріктілігі болмады, ол сыртқы саяси істерде шешім
қабылдау барысында тек батыстық елдерге тәуелді жағдайда еді. Ол жағдай
түсінікті де, себебі қырғи-қабақ соғысының басталуы да, блоктык
саясаттардың түйісетін жері де Германия территориясы болғандығы баршаға
әйгілі. Дегенмен де батыстық блоктағы саясатта шығыстық блоктағы
саясатқа ықпал етуде, кеңестік жүйеге кіретін елдермен қарым-қатынас
барысында Федеративті Германия үкіметі орынды пайдаланылды және оның ішкі
саясаттары ескерілді. Демек, Федеративті Германия республикасының ГДР-ді
өзіне біріктіру мақсаты жалпы батыстық ықпал ету саясатымен өзара үйлестік
тауып, осы ретте федеративті республиканың ішкі экономикалық дамуы мен
саяси тұрақтылық ықтималдылығы кеңестік бағыттағы Германияға ықпал ету
құралына айналды. Осы бағытта федеративті үкімет еріктілікке ие болды, ол
ең алдымен барлық мүмкін болатын ықпал ету жобаларын қарастырып, шығыстық
саясатты жүзеге асыру үшін кең көлемде қаржы сомасын бөлген болатын.
Алайда, бұл екі Германия елдерінің бірігуі туралы, федеративті
республиканың алғашқы канцлері К.Аденауэр көрегенділікпен былай деп айтып
кеткен еді: ...Германия демократиялық республикасы коммунистік жүйенің
боданы болды, біз бірігуден тартынбаймыз, алайда, екі елдің бірігуі сол
жүйенің түбірімен жойылуының нәтижесінде ғана келеді. Дегенмен де екі неміс
елінің бірігуіне ықпал етуіміз қажет, сол бағытта біз бар күшімізді
салуымыз қажет[2] [91]. Сондықтан да федеративті үкіметтің өз дамуында ең
алдымен саяси-экономикалық тұрақтылықты қалыптастыру мақсатында
демократиялық қағидаларға сүйеніп және құқықтық мемлекеттілікті енгізу
арқылы екінші Германия үкіметіне үлгі болуды, сол арқылы тартымдылық күшін
қалыптастыру арқылы ықпал етуді көздеді.
Сондықтан да федеративті үкіметтің XX-шы ғасырдың 90-жылдардағы
өзгерістер салдарынан сыртқы саясат саласында біраз қауіпті дағдарысқа тап
болғанымен, Германия федеративті үкіметі екі неміс елінің бірігу үдерісінде
салғырттық танытпады, өйткені батыстық Германия бұл жағдайларға бірнеше
жылдан бері дайындалған болатын. Екі елдің бірігуінің барысында қоғамдық
деңгейдегі кері салдарын есептемегенде федеративті үкімет шығыстық
Германияны өзінің батыстық жүйесіне тез қарқынмен саяси-құқықтық және
экономикалық тұрғыда жеңіл кіріктіре алды.
Неміс саясаттанушылардың ортақ тұжырымдамалары бойынша, XX-шы 90-шы
жылдардағы өзгерістер нәтижесінде Федеративті Германия үкіметі XX-шы 49-шы
жылдарында қойылған мақсаттарға қол жеткізді деп санайды. Екі неміс елінің
қосылуына Америка Құрама Штаттары (АҚШ) әуелден қолдады, өйткені ол
үдерісті тежеу американдық көзқараста агрессивті жағдайларға жеткізеді деп
түсіндірілді. Сонымен қатар, еуропалық саясаттанушылар ортасында
Германияны 1945 жылғы заң шарттарымен ұстап тұру немесе негізсіз
федеративті үкіметке күдік келтіру кері нәтижелерге әкеледі деген пікірлер
басым болды. 1989 ж. 10-ақпандағы Г.Коль және Г.-Д. Геншердің Мәскеуде
М.Горбачевпен кездесуі барысында, екі неміс елінің бірігуі туралы ешқандай
талас-тартыс тумайтындығы жарияланып, ол мәселені немістердің өзі
шешетіндігіне жол ашылды.
Екі неміс елінің бірігуінен кейін, Н.В. Павловтың белгілеуі бойынша,
Германия федеративті республикасы еріксіз ұлы держава статусына ие болды,
өйткені елдің экономикалық және ақпараттық-технологиялық қуаттылығына қоса,
федеративті үкімет шексіз сыртқы саяси егемендігін қалыптастыра алды,
нәтижесінде оның үлесінде Еуропадағы қауіпсіздік саясаты және территориялық
статус-кво құқықтарын халықаралық деңгейде қадағалау міндеткерлігі тиді
[Павлов, 271 бет].

1.2 Германия сыртқы саясатындағы Орталық Азияның маңызы
XX-шы ғасырдың 90-шы жылдарындағы өзгерістер барысында Еуропаның дәл
ортасында орналасқан Федеративті Германия Үкіметінің жағдайы оның сыртқы
саяси егемендігіне қол жеткізуінен басталса, Кеңес Одағының ыдырауынан
кейін, бұрынғы кеңестік республикалардың ішінде орта-азиялық республикалары
Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстан да өздерінің
мемлекеттік егемендіктерін иеленді.
Осындай қалыптаса бастаған жаңа геосаяси жағдайда Германия федеративті
үкіметі батыстық мемлекеттер қатарында алғашқылардың бірі болып, Орталық
Азия елдерімен байланысын 1992 жылдың ақпанынан бастап олардың
тәуелсіздіктерін мойындаудан және де дипломатиялық қатынастарды ашудан
бастады.
Федеративті Германия Республикасының осындай қадамдарынан орта-азиялық
аймақтың неміс сыртқы саясатында алатын орны ерекше екендігі сол кездің
өзінде-ақ байқалған. Қазіргі уақыттағы Германияның аймақпен екіжақты қарым-
қатынасы белсенді түрде дамуда. Сонымен қатар, Орталық Азиядағы Германияның
қатысуы басқа еуропалық және кейбір батыс елдерімен салыстырғанда анағұрлым
беделді. Ол жайында, бундестаг мүшесі Хольгер Хальбах былай дейді:
...Орталық Азия ертеден, сонау 90-шы жылдардың басынан Германия сыртқы
саясатында маңызды роль ойнап келді. Гельмут Коль мен Ханс-Дитрих Геншердің
үкіметі ОА мемлекеттерінің тәуелсіздігін мойындаған, олармен дипломатиялық
қатынастарды орнатқан әлемдегі үкіметтер ішінде алғашқылардың бірі болып
саналды. Федеративті үкіметтің осы бағытты қайта қолға алуы, ОА-ны өзінің
сыртқы саясатының маңызды құрамды бөлігі ретінде қарастыруы, сонымен қатар
ЕО-та өзінің төрағалық етуі барысында аймақтың маңыздылығын белгілеуі
орынды және өз жалғасын тапқан үдеріс деп бағаланады [Rede, Heibach].
Немесе федеративті үкіметінің штатс-министрі Г. Эрлердің айтқанындай: ОА-
да Германияның мүдделері мен ықпал ету мүмкіндіктерінің бары анық. Біз өз
мүдделерімізді көздеуіміз және ықпал ету мүмкіндіктерімізді пайдалануымыз
қажет, өйткені, бұл аймақ біз үшін маңызды[3]. Одан басқа неміс
саясаткерлерінің көзқарасындағы ОА-ның маңыздылығы төмендегідей сөз
тіркестерінде жиі кездеседі: Орталық Азия Германия және ЕО үшін
қауіпсіздік саласындағы мәселелер барысында маңызды. Орталық Азия
мемлекеттері тек қана Ауғанстанның көршілері емес. Өзбекстан біз үшін ISAF
әскерлеріне логистикалық мақсатта орналастырылған Термездегі бундесвер
әскерлерінің базасына байланысты маңызды, бұл біріншіден. Екінші мәселе,
бізге бұл елдер есірткі және лаңкестікпен күресуде қажет. Үшінші мәселе ол
– энергетикалық қауіпсіздік мәселесі, өйткені біздің энергетикалық
қорымыздың азаюына байланысты ОА-дағы газ қорына мүдделіміз. Сол себептен
де біз аймақ елдерін өз жағымызға қарай тартуымыз керек. Қазіргі кезде
елдегі сыртқы саяси шешімдерді қабылдау шетелден келуге тиісті импортқа
тәуелді болып қалған. Осы жағдайды ескеретін болсақ, Орталық Азияның
маңызы шешуші роль ойнайды және аймаққа мүдделіміз. Сонымен қатар, біз
жақсы экономикалық қатынастарымызды дамытуымыз үшін Орталық Азия елдерінің
ұзағынан тұрақты дамуына мүдделіміз. Алайда біздің экономикалық
қатынастарымыз, сонымен қатар аймақтың өзіндік дамуы үшін де ОА
мемлекеттерінде құқық және демократия негіздерінің қалануы бізге міндет...
Бұл келтірілген пікірлер Германияда ОА аймағының неміс сыртқы
саясатында алатын орнының маңыздылығын және оны федеративті үкіметтің
еуропалық елдер ішінде алғашқы болып түсінгендігін дәлелдейді.
Қазақстандық сараптаушы, ҚР бірінші президенті жанындағы халықаралық
экономика және саясат институты халықаралық саясат бөлімінің меңгерушісі
А. Нуршаның пікірінше, Неміс сараптаушылары мен саясаткерлері ОА-ны
еуропалық қауіпсіздік жүйесінің құрамды бөлігі ретінде қарастырады, дәлірек
айтқанда, аймақ есірткі, лаңкестік әрекеттері мен экстремизм ағымдары
сияқты қауіп-қатерлердің Еуропаға қарай тасымалдануына тосқауыл бола алатын
қауіпсіздіктің оңтүстік белбеуі ретінде танылады[4].
Сонымен қатар, қазақстандық проф. Ж.Ибрашевтің анықтамасы бойынша,
неміс сыртқы саясатында өзге еуропалық елдерге қарағанда азиялық бағыт
басымырақ келеді[5]. Бұл анықтаманы растайтын құбылыс ол қазіргі кезеңдегі
еуропалық саясатта бой алған кеңею үдерісінің Германия экс-президенті Г.
Кольдің әйгілі Шығыс саясатынан (Ostpolitik) өріс алатындығы анық
көрсеткіш[6].
Еуропалық Одақтың Орталық Азиядағы арнайы өкілінің кеңесшісі Иенс
Байкюфнердің баяндамасына сәйкес Еуропаның назарында аймақтың
геостратегиялық ұстанымы төмендегідей бейнеленеді: Аймақтың осы ұстанымы
Еуропа мен Азия арасындағы көпір ретінде және халықаралық қауымдастықтың
Ауғанстандағы бейбітшілікке жету барысында маңызды жетістік бола алады. Осы
тұрғыда аймақта ИСАФ әскерлері орналастырылып, әуежайлар пайдаланылды. ЕО-
тың аймақтағы қатысуы саяси және экономикалық тұрақтылық саласында көрінді.
Ең басты маңыздылық ол Ауғанстандағы жағдайды бейбіт шешімге келтіру және
бүкіл аймақты бірізді тұрақтандыру үшін Пакистанмен арадағы мәселені шешу
қажет. Оның үстіне, Иран өзінің нуклеарлы амбицияларымен ЕО үшін жайсыздық
туғызады. Орта-азиялық мемлекеттер Иран үкіметіне өздерінің ықпалын
жүргізуі қажет, себебі осы елдердің бейтараптық танытулары Тегеран
тұрғысынан құптаушылық деп түсінілуі мүмкін. Сонымен қатар, өзінің ұзақ
мерзімдік ұстанымын бекіту үшін Қытай ОА-мен экономикалық қатынастарын
дамытуды басшылыққа алуда. Пекиннің аймақ бағытында газ және мұнай
құбырларын жүргізуі ОА-ның Ресейге энергетикалық экспорт бағаларын
белгілеуде өз ұстанымдарын күшейтуіне әкелді[7].

1.3 Германияның орта-азиялық саясатының мақсат-міндеттері, мүдделері,
бағыттары мен басымдылығы
Кеңес Одағының ыдырауы салдарынан өріс алған 90-шы жылдардағы тоқырау
мәселелерінен толық арыла қоймаған Орталық Азия мемлекеттерінің даму
стратегияларында бірінші кезекте әлеуметтік-экономикалық реформаларды
жүргізу міндеттері, сондай-ақ халықаралық аренадағы өзіндік орнын анықтау
арқылы халықаралық қауымдастыққа өз ерекшеліктерімен тартылу мәселесі
тұрды.
1992-2002 жж. арасындағы ынтымақтастық Қазақстан, Қырғызстан және
Өзбекстан мемлекеттерінде экономикалық реформа саласында жүргізілді, яғни
нарықтық экономиканы қалыптастыруда, қаржы секторына қолдау көрсетуде,
шағын және орта кәсіпкерлік саласында кәсіби мамандарды даярлау ісінде
көрінді. Қалған құқық саласын даярлауда, денсаулық сақтау және сертификация
саласын трансаймақтық жобалар шеңберінде қамтылып келген.
2001 жылғы қыркүйек оқиғасынан кейін Германия федеративті
республикасының сыртқы саяси бағытында Орталық Азия аймағына қатысты
экономикалық ынтымақтасу бойынша федеративті министрліктің (18.12.2001)
[BMZ-Konzept] және оның ізінше федеративті үкіметтің (18.03.2002) ресми
концепциясы қабылданды. Ол концепцияның негізгі мақсаттары мынадай [ZA-
Konzept der Bundesregierung]:
1. Демократиялық және мемлекеттердегі құқықтық құрылымдарды нығайту;
2. Экономикалық реформаларға және кедейшілікпен күреске қолдау көрсету;
3. Трансмемлекеттік ынтымақтастыққа қолдау көрсету.
Демократиялық және мемлекеттердегі құқықтық құрылымдарды нығайту
мақсаты. Германия өзінің қоғамдық техникалық ынтымақтасу бастамалары
шеңберінде ОА мемлекеттерінің мемлекеттік, жеке және экономикалық
құқықтарын реформалауда, заң жинақтарын тудыруға, заңгерлердің кәсіби білім
деңгейін көтеру мақсатында тәжірибе алмасу жобалары арқылы аймақта
демократия мен нарықтық экономика негіздерін қалауға қолдау көрсетеді. Және
де дәл осы бастамалар нәтижесінде аймақта құқықтық мемлекет және құқықтық
қауіпсіздік кеңістігін қалыптастыруды көздейді, себебі қауіпсіз кеңістік
неміс ұстанымында түрлі салалардағы байланыстарды арықарай ширату үшін
қажет. Ресейлік елтанушы Н.В., Павловтың анықтамасы бойынша, Германияның
ішкі және халықаралық деңгейдегі беделі оның саяси құрылымдарының
тұрақтылығымен танымал болғандықтан, Федеративті республиканың басқа
мемлекеттермен қарым-қатынасы да ең алдымен субъектілер жүйелерінің
тұрақтылығы мен транспаренттілігіне тәуелді болады, себебі сол елдердің
ішкі және сыртқы әрекеттері келешектегі байланыс үшін сенімділік
тудыратындай болуы қажет [Павлов, 6- бет].
Сондай-ақ неміс саяси қорлары мен белгілі бір жеке адамдардың кең
көлемдегі даярлау бағдарламалары және диалог арқылы ықпал ету әрекеттерін
ерекше атап көрсетуге болады. Осы ретте белгілі бір әлеуметтік топтармен
жұмыс істеу, оның ішінде, жастармен, әйел адамдармен, аймақтық
саясаткерлермен, сондай-ақ жоғарғы санаттағы басшылармен диалог түрінде
сұхбаттасу жұмыстары азаматтық қоғамды қалыптастыру мен демократияны
нығайтуда құнды үлестерін қосуда. Саяси билікті орталықтандырудан шығу,
шешім қабылдау өкілеттіліктерін негізгі қалалардан аймақтық деңгейлерге
тарату ісін жүзеге асыруда кеңес беру жобалары қолға алынуда. Сөз
бостандығы мен БАҚ-ның тәуелсіз әрекет етулеріне қолдау көрсету жобалары
көзделінген.
Экономикалық реформаларға және кедейшілікпен күреске қолдау көрсету
мақсаты. Талап етілген экономикалық реформалардың орын алуына ықпал етуі
үшін Германия ОА елдерінде макроэкономикалық алғышарттарды даярлаумен қатар
кедейшілікпен күресу жобаларын алға шығарады.
Трансмемлекеттік ынтымақтастыққа қолдау көрсету мақсаты. Аймақ
мемлекеттерінің мәселелері мемлекетаралық ынтымақтасуды талап етеді,
мысалы, қоршаған орта мәселелері. Оның ішінде Арал теңізі мәселесі
біржағынан экологиялық мәселе ретінде қарастырылса, екінші жағынан, ол
жергілікті тұрғындар үшін ауыз су тапшылығы мәселесін құрайды, оның салдары
адам денсаулығының нашарлауы мәселесін ушықтыра түседі. Осы Арал мәселесі
барлық орта-азиялық мемлекеттерге қатысты болып отыр. Сонымен қатар, Арал
мәселесінің жанында аймақтағы әйгілі өзен суларын пайдалану мемлекетаралық
шиеленіске әкеп соғады. Осы ретте Германия суды ортақ мүддеге сай пайдалану
саласын өзінің концепцияларында ерекше атап көрсетіп, осы мәселелерді өзара
аймақтық ынтымақтасудың бірден-бір стимулы ретінде қарастырады.
Көрсетілген мақсаттардың дәл осылай қойылуының себебі, құжатта мынадай
міндеттерді белгілеуімен түсіндіріледі:
• Аймақ мемлекеттерінің көршілес жатқан Ауғанстаннан қауіптер
тасымалданып кетпеуі үшін, потенциалды аймақ шиеленістерінің алдын алу
мен қақтығыстар ықтималдылығын жою жобаларын алға қояды. Осы жобаларды
іс-жүзіне асыру барысында Германия Федеративті Республикасы аймақты
бейбіт әрі құрылымды дамыту саясатына сүйенеді. Экономикалық
ынтымақтасу бойынша Федеративті министрліктің тапсырмасымен ОА
аймағындағы потенциалды шиеленістердің алдын алу мен қақтығыстардың
ықтималдылығын жою жобаларына қатысушы неміс ғалымы Й.Гревингхольттің
айтуы бойынша, Германияның аймақтағы тікелей мақсаты ол - лаңкестік
пен экстремизм сияқты дәстүрлі емес қауіптердің дамуына себепкер
болатын кедейшіліктің жаппай жайылуына және экономиканың тоқырауға
ұшырауына жол бермеу, сонымен қатар әлеуметтік-экономикалық және
экологиялық тұрғыда дамуға қолдау көрсету міндеткерліктерімен
Германияның аймақтағы қатысуын белгілеу қажет [Graevingholt
Krisenpotenziale, 69].
• Осыған сәйкес, Герман Федеративті үкіметі Орталық Азия қатысындағы
концепциясында аймаққа қажетті инвестицияларды саяси институттар,
әлеуметтік мен демократиялық құрылымдардың қалыптасуына, сондай-ақ
шағын және орта бизнесті дамытуға бағыттауы қажет деп тапқан болатын.
• Осы тұрғыда Федеративті Республиканың ОА-ғы тікелей міндеті аймақ
мемлекеттеріне орталықтандырылған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Германия Федеративті Республикасының Орталық Азияға қатысты сыртқы саяси концепцияларының негізінде орталық азиялық бағытының басымдылықтарын көрсету
Германияның Орталық Азиядағы саясаты (92-2009 жж.)
Германияның орталық Азиядағы саясаты (1992-2009 жж.)
Биполярлы жүйенің аяқталуы және Европадағы интеграциялық және дезинтеграциялық үрдістердің күшеюі
Қытай мен Ресейдің Орталық Азияға қатысты саясатының қалыптасуы және кезеңдері
Қытайдың сыртқы саясатында Орталық Азияның геостратегиялық маңызы
Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының еуропа векторының халықаралық құқық қырлары
Қытайдың Орталық Азияға қатысты саясаты
Германия
Екінші дүниежүзілік соғыс. «Қырғи-қабақ» соғысының ақырғы белесі
Пәндер