Қазақстан Реcпубликасының мемлекеттік рәміздері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ТУЫ – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiрi. ҚР Президентiнiң “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституц. заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Мемл. ту көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме.
Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста — ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек — алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең. ҚР мемл. туының авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков. Бiрыңғай көк-көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған. Геральдика (гербтану) тiлiнде — көк түс және оның түрлi реңкi адалдық, сенiмдiлiк, үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге сай келедi. Ежелгi түркi тiлiнде “көк” сөзi аспан деген ұғымды бiлдiредi. Көк түс түркi халықтары үшiн қасиеттi ұғым. Түркi және әлемнiң өзге де халықтарындағы көк түстiң мәдени-семиотик. тарихына сүйене отырып, мемл. тудағы көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi деп қорытуға болады. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн — қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі: Материал
Көлемі: 6 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 300 теңге




Қазақстан Реcпубликасының мемлекеттік рәміздері

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ТУЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ТУЫ – Қазақстан Республикасының
мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiрi. ҚР Президентiнiң “Қазақстан
Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституц. заң күшi бар
Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Мемл. ту көгiлдiр түстi тiк бұрышты
кездеме.
Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген.
Ағаш сабына бекiтiлген тұста — ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ
өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек — алтын түстi. Тудың енi
ұзындығының жартысына тең. ҚР мемл. туының авторы — суретшi Шәкен
Ниязбеков. Бiрыңғай көк-көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк
күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына
адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да
бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған. Геральдика
(гербтану) тiлiнде — көк түс және оның түрлi реңкi адалдық, сенiмдiлiк,
үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге сай келедi. Ежелгi түркi тiлiнде “көк”
сөзi аспан деген ұғымды бiлдiредi. Көк түс түркi халықтары үшiн қасиеттi
ұғым. Түркi және әлемнiң өзге де халықтарындағы көк түстiң мәдени-семиотик.
тарихына сүйене отырып, мемл. тудағы көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа
мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi деп
қорытуға болады. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi.
Күн — қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт,
замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк,
айбындылық бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР-ның еркiндiк
сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ЕЛТАҢБАСЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ЕЛТАҢБАСЫ — Қазақстан
Республикасының негiзгi мемлекеттiк рәмiздерiнiң бiрi. ҚР Президентiнiң
“Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституц. заң
күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген.
Рәмiздiк тұрғыдан ҚР мемл. гербiнiң негiзi — шаңырақ. Ол — гербтiң жүрегi.
Шаңырақ — мемлекеттiң түп-негiзi — отбасының бейнесi. Шаңырақ — Күн
шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ —
киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi.
Тұлпар — дала дүлдiлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты,
жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың,
тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi. Қанатты тұлпар —
қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған
таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа
құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол
өлмес өмiрдiң бейнесi. Бiр шаңырақтың астында тату-тәттi өмiр сүретiн
Қазақстан халқының өсiп-өркендеуiн, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы
бет-бейнесiн паш етедi. Бес бұрышты жұлдыз гербтiң тәжi iспеттi. Әрбiр
адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар. Қ. р. м. г-нiң авторлары —
Ж.Мәлiбеков пен Ш.Уәлиханов.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ӘНҰРАНЫ
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының мәтіні
сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев, әні: Шәмші Қалдаяқов
Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!
Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарас қан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!

Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары. Қазақстан
Республикасы Қарулы Күштерінің нышандары және әскери бөлімнің Жауынгерлік
туы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы 1996 жылдын 24 кадтарындағы
Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялык заң күші бар "Қазакстан
Көк түстің мөдени семантикалық тарихына үңіле отырып айтарымыз:
Мемлекеттік Тудағы көк түс Қазақстан халкының өз мемлекетін күру жолындағы
ниетінің тазалығын жөне маңыздылығын білдіреді.
Өрнек—көркем безендірілген өшекейлі кесте. Оның сан алуан түрі бар:
көркем, графикалық немесе өсімдік элементтерінен, геометриялык фигуралардан
түратын түс өрнегі. Өрнек — белгілі бір дөуірдің өзіне төн қолтаңбасы, ол
халықтың көркемдік талғамының көрсеткіші.
Ғасырдав ғасырға жалғасып, бізге жеткен казактың үлттық ою-өрнегінің
ең көп таралған түрі зооморфтык өрнек — "кошқар мүйіз". Ерте кезде хальщ ою-
өрнектің бойынан адамды зүлымдықтан желеп-жебеп, қорғайтын керемет күш
керген. Сондыктан да ою-өрнекке деген көзқарас ерекше болған.
Еліміздщ Мемлекеттік Туын көркемдеу үшін арнайы жасалған өрнек
қазақтың дәстүрлі декоративті өнерішң негізті нақыщтарымен үйлесім тапқан.
Күннің нұр шұғылалы алтын бейнесі — байлық пен берекенің, тыныштықтың
нышаны.
Сары түс — қымбат асыл металдың, алтынның түсі, Ай мен Күннің, түпсіз
түңғиық қараңғылықтан шашырап шыккан жарыктың, одан жаратылған ғарыштың
түсі.
Жер шарының барлық халқы Күнге табынған.
Таңбалы тастағы (Оңтүстік Қазакстанда) жартастарда бейнеленген
суреттерге қараңдаршы — бәрі қозғалыста!
Күн мәңгілік козғалысын, даму процесінің, үнемі өсу мен өшудің, өмір
мен өлімнің, батыс пен шығыстың нышаны.
Күн — уақыт өлшемі.
Ежелгі көстөңірі Аспан мен Күнге жақындап, шарыктай ұшатынтүс патшасы
кыран бүркіт аса қасиетті де кұдіретті. Күн да тәңірі сиякты бір жағынан —
көрегендік ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәміздері жөнінде
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәміздері туралы
КР мемлекеттік рәміздері туралы
ҚР мемлекеттік рәміздері
Қазақстан Республикасының Рәміздері
Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары мен рәміздері. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің нышандары және өскери бөлімнің Жауынгерлік туы
Менің елімнің рәміздері
Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымы
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.

Байланыс

Qazaqstan
Phone: 777 614 50 20
WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь