Тіл мен мәдениет мәселесінің этнолингвистиканы қалыптастырудағы ролі
КІРІСПЕ
1 ТІЛ МЕН МӘДЕНИЕТ МӘСЕЛЕСІНІҢ ЭТНОЛИНГВИСТИКАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ РОЛІ
2 ЫРЫМ.ЖОРАЛҒЫЛАРДЫҢ ЭТНОЛИНГВИСТИКАСЫ
2.1 «Табиғат» макротобындағы ырым.жоралғылардың этнолингвистикалық сипаты
2.1.1 Қазақтың космологияға байланысты қалыптасқан ырым.жоралғылары
2.1.2 Құстарға байланысты қалыптасқан ырым.жоралғылар
2.1.3 Жан.жануарға қатысты ырым.жоралғылардың этнолингвистикалық сипаты
2.2 «Адам» макротобына қатысты ырым.жоралғылардың этнолингвистикасы
2.2.1 Отбасына, балаға қатысты ырым.жоралғылар
2.2.2 Адам денесіне байланысты қалыптасқан ырым.жоралғылардың тілдік сипаты
2.2.3 Үйге, баспанаға қатысты қалыптасқан ырым.жоралғылар
2.3 Қазақ халқының санға байланысты қалыптасқан ырым.жоралғылары
2.4 Қазақ халқындағы ырым.жоралғылар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Бітіру жұмысының жалпы сипаттамасы. Этнолингвистика тіл ғылымы мен этнологияның жай қоспасы емес, халықтың ақыл ой, сана сезімінің жемісі, рухани және материалдық мәдениетін, әдет ғұрып, салт дәстүр сияқты этносқа тән белгілерін тіл деректері арқылы сөйлететін тіл ғылымының саласы, тіл ғылымындағы ерекше бағыт. Этнолингвистика синкретті ғылым, дегенмен оның синкреттілігі бірден айқындала қойған жоқ, уақыт өте оның зерттеу шеңбері кеңейіп әрі анықталып келеді. Н. И. Толстой этнолингвистиканы кең және тар көлемде қарастыру мүмкіндігі туралы айтады. Кең көлемде этнолингвистика диалектология, фольклор тілі, тарихи диалектология сияқты салаларды қамтиды. Бұл мәселелер жөнінде таласты пікірлер болғаны белгілі, тек соңғы жылдары фольклор өз іргесін бекітіп алған сияқты болған дейді Н. И. Толстой, бірақ соңғы жылдары ауыз әдебиетінде салт дәстүрлік шығармалардың шығу тарихына көңіл аудару тенденциясы байқалады. Мұның бәрі этностың өзін өзі тануы, өз тарихына үңілуге деген қажеттілігінен туындайды.
Этнолингвистика тар көлемде тіл мен этнос, тіл мен мәдениет, тіл мен діл, тіл мен мифология т.б. мәселелерді қарастырады, осының өзі этносты жан жақты түсінуге мүмкіндік беретін этнопсихология, этносоциология, лингвомәдениеттану сияқты салаларды этнолингвистиканың айналасына топтастырады, сонда ғана этнос болмысы, оның тіл әлемі туралы толық сурет пайда болады. Этнолингвистиканың синкреттілігі мен синхрондылығы осында.
Этнолингвистика ғылымының жетістіктері мен қазіргі күйі туралы сараптама зерттеуінде М. М. Копыленко бұрынғы кеңестік кеңістіктегі этнолингвистика дамуының бағыттарын көрсетеді, алғашқысы В. В. Иванов пен В. В. Топоров атымен байланысты, бұл ғалымдардың зерттеулері мәдени, мифологиялық лексика материалдарын жаңғыртуға негізделген шарттылықты ұстанады, екінші академик Н. И. Толстой және оның мектебі, зерттеу нысаны славян онтологиясы, мифологиясы, салты, диалектологиялық материалдар. Тіл мен мәдениетті оның иесі этностың дамуындағы дивергенция, конвергенция процестері, тілдің диалектілік бөліну мәселелері, этностың географиялық орналасу жағдайлары сияқты мәселелерді бірлікте қатар қарастырады. «Это направление изучает этнос в зеркале языка.

1. Степанова Ю.С. Методы и принципы современной лингвистики. –Москва, 1975.
2. Вежбицкая А. Понимание культур через посредство ключевых слов. –Москва, 2001.
3. Сұлтан Ж.И. Тілтанымдағы антропологиялық парадигманың Қ.Жұбанов мұраларындағы көрінісі. Ф.ғ.к. дисс. қолжазбасы. 10.02.02. Алматы, 2006. -129 б.
4. Гумбольд В. Избранные труды по языкознанию. –Москва, 1984. -397 с.
5. Потебня А.А. Слова и мир. – Москва, 1972.
6. Кайдар А.Т. Образно-фоновая основа устойчивых выражений, образованных на основе лексики скотоводства в казахском языке // Известия АН КазССР. Серия филологическая, 1987, №1.
7. Телия В.Н Русская фразеология. – М., : Школа «Языки русской культуры»; 1996. – 288 с.
8. Тіл мен мәдениет // Әлемдік мәдениеттану ой-санасы. – Алматы, 2005.
9. Сейілхан А. Қазақ тіліндегі этнографизмдердің лингвомәдениеттанымдық мәні. Фил.ғыл.канд. дисс. қолжазбасы. – Алматы, 2001
10. Снасапова Г. Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан» повесіндегі лингвомәдени бірліктер. Ф.ғ.к. ... дис. авторефераты. – Алматы, 2003
11. Қайдар Ә. Қазақ этнолингвистикасы//Қазақ тілінің өзекті мәселелері: Актуальные вопросы казахского языка. Алматы: Ана тілі, 1998
12. Манкеева Ж.А. Мәдени лексикасының ұлттық сипаты. Алматы: Ғылым, 1997
13. Базылханұлы Н. Қазақ тіліндегі табиғат құбылыстарының туатүп атаулары. Филол. Ғылым.канд. дисс. автореф. Алматы, 1995
14. Өмірбекова М.Ш. Қазіргі қазақ тіліндегі ою-өрнекке байланысты лексика. Филол.ғыл.канд.дисс...автореф. Алматы, 1996
15. Ташауов Ә.С. «Кодекс куманикус» тіліндегі соматикалық атаулар және олардың лексика-семантикалық топтары. Филол.Ғыл. Канд.дисс...автореф. Алматы, 1995
16. Жанпеисова С.Е. Қазақ тілінің рухани мәдениет лексикасы (қазақ ақын, жазушыларының шығармалары бойынша) Филол.ғыл.канд.дисс.автореф. Алматы,1996
17. Кейкин Ж. Қазақ халқының ырым-тыйым сөздер. –Алматы, 2003
18. Субихай. Исламның қазақ арасында таралуы/ Әлем діндерін зерттеу журналы, 1986, №1
19. Мыңжани Н. Ислам дінінің қазақ халқына таралуы // Шыңжан қоғамдық ғылым. 1990, №1
20. Қондыбай С. Арғықазақ мифологиясы. Бірінші кітап. –Алматы: Дайк-Пресс, 2004
21. Ғабитханұлы Қ. Қазақ мифологиясының тілдегі көрінісі. –Алматы: Арыс, 2006
22. Плано Карпини мен Рубруктың шығыс елдеріне саяхат естелігі. –Алматы, 2003
23. Уәлиханов Ш. Таңдамалы шығармалары. –Алматы, 1949
24. Қоңыратбаев Ә. Қазақ эпосы және түркология. –Алматы: Ғылым, 1987
25. Қондыбай С. Арғықазақ мифологиясы. Төртінші кітап. Алматы: Дайк-Пресс, 2004
26. Аронов Е.Г. Этнолингвистическая природа народных космонимов в казахском языке. Автореф. дисс…канд. филол. наук. Алма-Ата, 1992
27. Халық ауыз әдебиеті. Жинақ. –Алматы, 1994.
28. Шоқпарұлы Д. Бесікке бөлеу-бабалар дәстүрі //Қазақтың әдет- ғұрыптары мен салт-дәстүрлері: өткендігісі және бүгіні. Мақалалар жинағы. Алматы: «Ғылым» ғылыми баспа орталығы, 2001
29. Қалшабаева Б.К., Байғабатова Н.К. Жетісу қазақтарының отбасына байланысты әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері // Қазақтың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері: өткендегісі мен бүгіні. Мақалалар жинағы. Алматы: «Ғылым» гылыми баспа орталығы, 2001
30. Шаханова Н. Мир традиционной культуры казахов (этнографические очерки). Алматы: Қазақстан, 1998
31. Тоқтабаев А.У. Қазақтың мал патшасы-жылқыға байланысты әдет-ғұрыптары мен наным-сенімдері //Қазақтың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері: өткендегісі жэне бүгіні. Мақалалар жинағы. Алматы: «Ғылым» ғылыми баспа орталығы, 2001
32. Арынов Т., Дәулетқұлова Ш. Ат жалын тартып мінгенше // Қазақстан әйелдері. 1986, № 2
33. Қыдыралин Ү. Маңғыстау қазақтары әдет-ғұрыптарының ерекшеліктері //Қазақтың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері: өткендегісі және бүгінгі. /Мақалалар жинағы. Алматы: «Ғылым» ғылыми баспа орталығы,2001.
34. Құдайбергенова А. Сырдарияның төменгі ағысында тұратын қазақтардың әдет-ғүрпы мен салт-дәстүр ерекшеліктері // Қазақтың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері өткендегісі және бүгіні. Мақалалар жинағы, Алматы: «Ғылым» ғылыми баспа орталығы, 2001
35. Диваев А.А. Приметы на разные случаи // Этнографические материалы. Ташкент, 1901 ,вып.7
36. Ходыров Л. Из киргизских поверий // Труды Оренбургской ученой архивной комиссии. Оренбург,1916. вып.35
37. Хинаятұлы Б. Қазақтардың төрт түлікке қатысты дәстүрлі ырым, жосын-жоралғы, әдет-ғұрыптары// Қазақтың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері: өткендегісі мен бүгіні. Мақалалар жинағы. Алматы: «Ғылым» ғылыми баспа орталығы, 2001
38. Қатранұлы Д. Қазақтардың қазіргі кезеңдегі дәстүрлі-ғұрыптық тамақтану жүйесі // Қазақтың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері: өткендегісі және бүгіні. Мақалалар жинағы. Алматы: «Ғылым» ғылыми баспа орталығы, 2001
39. Қайрат Ғабитханұлы. Наным-сенімге байланысты қазақ тіліндегі тұрақты тіркестер (этнолингвистикалық зерттеу). Филол. ғылым.кандидаты авторефераты. Алматы, 1995.
40. Зуев Ю.А. Ранние тюрки: очерки истории и идеологии. Алматы: Дайк-Пресс,2002
41.Ер қанаты. (құрастырған Ж. Аупбаев). –Алматы: «Қайнар», 1987
42. Марғұлан Ә. Ойсылқара // Жұлдыз. 1984, №4.
43. Күйеу келтір, қыз ұзат, тойыңды қыл. Алматы, 1994.
44. Бартольд В. К вопросу о погребальных обрядах турков и монголов //Соч. Т.Ч.М., І966.
45. Төлеубаев А.Т. Реликты доисламских верований в семейной обрядности казахов. Алматы,1991.
46. Арғынбаев X. Мал киесі // Парасат. 1996. №3
47. Тұрысов Е. Бәйдібек. Шымкент, 1992.
48. Кәмалашұлы Б. Монғолиядағы қазақтардың дәстүрлі шаруашылығы ХІХ ғ. соңғы жартысы-ХХ ғ.)Тарих ғыл.канд...дис. Алматы, 1997.
49. Марғұлан Ә. X. Ежелгі жыр-аңыздар. Алматы,1985.165 б. Тарихи жырлар. 1-т. Алматы, 1995
50. Есенберлин І. Қаһар. Тарихи роман. Алматы,1969.
51. Райсов А., Садықова Г. Аруақ, ата-бабалардың сыры мен қыры немесе өлімнен кейін өлім бар. Алматы: «Арыс» баспасы, 2004
52. Шомбал-Кукашев Р.К символике старинного казахского поминального ритуала «түйе шешу» //Қазақтың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері: өткендегісі және бүгіні. Мақалалар жинағы.Алматы: «Ғылым» ғылыми баспа орталығы, 2001
53. Уалиұлы Н. Фразеология және тілдік норма. Алматы, 1988
54. Машанов А., Байзақов Ж. Бір мифтік санның сыры. //Жұлдыз, 1968, №4

Бітіру жұмысының жалпы сипаттамасы. Этнолингвистика тіл ғылымы мен
этнологияның жай қоспасы емес, халықтың ақыл ой, сана сезімінің жемісі,
рухани және материалдық мәдениетін, әдет ғұрып, салт дәстүр сияқты этносқа
тән белгілерін тіл деректері арқылы сөйлететін тіл ғылымының саласы, тіл
ғылымындағы ерекше бағыт. Этнолингвистика синкретті ғылым, дегенмен оның
синкреттілігі бірден айқындала қойған жоқ, уақыт өте оның зерттеу шеңбері
кеңейіп әрі анықталып келеді. Н. И. Толстой этнолингвистиканы кең және тар
көлемде қарастыру мүмкіндігі туралы айтады. Кең көлемде этнолингвистика
диалектология, фольклор тілі, тарихи диалектология сияқты салаларды
қамтиды. Бұл мәселелер жөнінде таласты пікірлер болғаны белгілі, тек соңғы
жылдары фольклор өз іргесін бекітіп алған сияқты болған дейді Н. И.
Толстой, бірақ соңғы жылдары ауыз әдебиетінде салт дәстүрлік шығармалардың
шығу тарихына көңіл аудару тенденциясы байқалады. Мұның бәрі этностың өзін
өзі тануы, өз тарихына үңілуге деген қажеттілігінен туындайды.
Этнолингвистика тар көлемде тіл мен этнос, тіл мен мәдениет, тіл мен
діл, тіл мен мифология т.б. мәселелерді қарастырады, осының өзі этносты жан
жақты түсінуге мүмкіндік беретін этнопсихология, этносоциология,
лингвомәдениеттану сияқты салаларды этнолингвистиканың айналасына
топтастырады, сонда ғана этнос болмысы, оның тіл әлемі туралы толық сурет
пайда болады. Этнолингвистиканың синкреттілігі мен синхрондылығы осында.
Этнолингвистика ғылымының жетістіктері мен қазіргі күйі туралы
сараптама зерттеуінде М. М. Копыленко бұрынғы кеңестік кеңістіктегі
этнолингвистика дамуының бағыттарын көрсетеді, алғашқысы В. В. Иванов пен
В. В. Топоров атымен байланысты, бұл ғалымдардың зерттеулері мәдени,
мифологиялық лексика материалдарын жаңғыртуға негізделген шарттылықты
ұстанады, екінші академик Н. И. Толстой және оның мектебі, зерттеу нысаны
славян онтологиясы, мифологиясы, салты, диалектологиялық материалдар. Тіл
мен мәдениетті оның иесі этностың дамуындағы дивергенция, конвергенция
процестері, тілдің диалектілік бөліну мәселелері, этностың географиялық
орналасу жағдайлары сияқты мәселелерді бірлікте қатар қарастырады. Это
направление изучает этнос в зеркале языка. В нем нет симбиоза дисциплин,
поскольку язык представляется главным и непосредственным предметом анализа:
этнология, история, культурология и прочие нелингвистические дисциплины
привлекаются как вспомогательные дейді. Үшіншіден, Ә. Т. Қайдар
этнолингвистикалық мектебі ізденістерінің бағыт бағдарын саралайды, ол
тілдің халық тарихынан баға жетпес байлығын ұрпақтарға жеткізуші
кумулятивтік қызметінің маңыздылығын баса көрсету, солай бола тұра,
этнолингвистика этнология мен лингвистиканың қосындысы еместігін өткен
ғасырдың сексенінші жылдарының ортасынан басталған этнолингвистикалық
зерттеулер дәлелдеп келеді, бұл бағыттың басты мақсаты этнос өмірінің
өткені, тұрмыс тіршілігі, дәстүр, дүниетанымы мәселелерін дөп басып, дәл
анықтау, оны тілдегі көрінісі тұрғысынан зерделеу деп түйіндейді. Аталған
уақыттан бері қарай этнолингвистика саласында бірнеше докторлық,
кандидаттық зерттеулер дүниеге келіп, қазақ этнолингвистикасы мектебінің
іргетасы қаланғанын көрсетіп отыр.
Қазақ этнолингвистикасының үлкен саласы – халықтың салт-дәстүрін
зерттеу. Оның ішінде ырым-жоралғыларды талдап-талқылап, ой елегінен
өткізудің қажеттілігі зор. Сондықтан жұмыста ырым-жоралғылар барынша
талданып көрсетілген.
Бітіру жұмысының пәні. Қазақ халқының салт-дәстүрінде үлкен маңызды
орын алатын ырым-жоралғылардың этнолингвистикалық сипатын ашып қарастыру
бітіру жұмысының пәні болып табылады.
Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеттері.
- қазақ халқындағы ырым-жоралғыларға қатысты көптеген ерекшеліктерді
талдау, оларға ғылыми шолу жасау;
- қазақ тіліндегі ырым-жоралғыларға қатысты сөздерді түрлі
тақырыптық топтарға жіктеу;
- қазақ тіліндегі ырым-жоралғылардың этнолингвистикалық сипатын
анықтау.
Зерттеу жұмысының әдіс-тәсілдері. Бітіру жұмысының мақсат-міндеттеріне
сәйкес сипаттамалық зерттеу, жүйелеу, тақырыптық-мағыналық топтастыру,
талдау әдістері қолданылды.
Зерттеу жұмысының дереккөздері. Зерттеу жұмысының дереккөздеріне: Ә.
Қайдардың Қазақ тілінің өзекті мәселелері еңбегі, Серікбол Қондыбайдың
Арғықазақ мифологиясы басқа да көптеген этнографиялық, лингвистикалық
еңбектер жатады.
1 ТІЛ МЕН МӘДЕНИЕТ МӘСЕЛЕСІНІҢ ЭТНОЛИНГВИСТИКАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ
РОЛІ
Тіл мен мәдениетті байланыстыра қарау идеясы ХVІІІ-ХІХ ғғ. ғалымдар
еңбектерінен көрініс бере бастады да, бүгінгі таңда саналы түрде тілді
антрополингвистикалық позицияда зерттеу бағытына ұласты. Лингвистика
ғылымында антропоцентристік концепцияның қарқынды дамуы ХХ ғасырдың екінші
жартысынан басталады.
Антропоценртизм термині атқарылатын адами функциялардың бастау
нүктесінен шығып, объективті әлемді танитын және оны өзгерте алатын
белсенді субъектіге тән кейбір қасиеттер мен сапалардың дерексізденіп,
абстракциялануын сипаттай алатын мүмкіндіктердің жиынтығы деген мағынаны
білдіреді. Ю.С.Степанованың айтуынша, Э.Бенвенистің тілдегі адам
концепциясы еуропалық тіл білімінің, әсіресе, орыс және француз
лингвистикалық мектептерінің айтарлықтай терең, әрі түбегейлі
ойластырылған дәстүрлері негізінде қалыптасты [1, 50 ].
Лингвистикадағы антропоцентристік әдіс тілді адам болмысымен
бірлікте қарастыруды көздейді. Әлемдегі барлық құбылыстар адам тәжірибесі
мен құндылықтары тұрғысынан қарастырылады.
Қандай заманда болмасын ғылым, өнер, білім – барлығы да, түптеп
келгенде адамды тануды бірінші мақсат етіп қойған. Өмірдегі алуан
әрекеттердің бәрі де адаммен немесе оның қасиеттерімен байланысты. Өйткені
мәселелер қалай өрбісе де, бәрі айналып келгенде адам болмысына тіреле
бермек. Себебі мұның бәрі адамды тану қажеттігінен туған идеялар екені
мәлім.
А.Вежбицкая өзінің артефактілер мен табиғат объектілерінің атауын
антропоцентристік ыңғайда сипаттау позициясын былайша түсіндіреді [2]:
Адам әрекетінің нәтижесінде пайда болған идеялық өнімді атаушы сөздердің
мазмұнын түсіну үшін ең алдымен, сол объектілердің қандай мақсатта
жасалғандығын, яғни негізгі қызметін ұғынып алу қажет. Бенвенист
антропоцентризмі мен Боас-Сепир-Уорф ізімен қалыптасқан анропологиялық
әдіс біраз уақыт бойы өзінің эмприкалық материалдар негізінде жүзеге асу
ықтималдығын жорамалдады. Өйткені ол кездегі гуманитарлық ғылымдардың
танымына сәйкес қатаңдықты, тіл – адамның ішкі әлемі деген көзқарасты
шешуші фактор деп бағалаған ХХ ғасыр ұстанымы шынайы ғылыми әдістерге
негізделмеген еді. Сол Гумбольдт пен Бенвенист идеяларын кейінгі уақыттың
талап-талғамымен өлшестірілген әлеуметтік-антропологиялық, мәдени-
философиялық материалдарына сүйеніп, бүгінгі таңда ғылыми айналымға
енгізуші ғалымдардың алғашқысы – А.Вежбицкая.
Соңғы 10-15 жылдың төңірегінде лингвистикалық зерттеулердің
антрополингвистикалық аспектісі қарқынды дамып келеді. Мұның мәні адам
болмысы мен тіл табиғатының байланысы шеңберінде өрбитін кешенді
проблемалардың туындауымен байланысты. Тек лингвистика ғана емес, жалпы
гуманитарлық пәндердің ғылыми парадигмасы бұрын үстемдік еткен сциентистік,
яғни қатаң ғылыми, әрі жүйелілік-құрылымдық ұстанымнан бет бұрып,
функционалдық парадигманы жетекші бағытқа айналдырды [3].
Бұл бағыттың теориялық негіздемелері марксис-ленинистік ережеге
сәйкес болмағандықтан, бұл бағыт Кеңес тіл білімінде сынға алынды (Гухман,
1961; Чесноков, 1977). Сол себептен, біздің ғылыми кеңістігімізде бұл бағыт
кешеңдеу, кенжелеу қалған әдіс болып отыр. Бірақ кеңестік заманда да
тілшілер мәдениет пен тіл арасындағы байланыс проблемасынан қол үзбей, оған
жиі көңіл аударып отырды. Ю.С.Степановтың пікірінше, догмалық
структурализм қағидасының құрсауында қалған біреулер болмаса, соңғы
онжылдық ішінде бір де бір ірі лингвист тілдегі антропоцентризм мәселесінен
айналып өткен емес [1, 49].
ХХІ ғасыр лингвистикасында тіл қарым-қатынас пен таным құралы
болумен ғана шектеліп қала алмайды, оны ұлт мәдениетінің белгісі ретінде
қарастыратын жаңа қарқынды бағыт қалыптасуда. Бұндай тұжырымның негізгі
іргетасы В.Гумбольдт [4], А.Потебня [5] және т.б. ғалымдардың еңбектерінде
қаланған болатын.
В.Гумбольдтың пікірінше, тіл философиясының негізгі принципі – тілді
және оның формасын халық тіршілігі мен оның ұлттық санасының көрінісі
ретінде тану болып табылады. Ол тілдің бастау арнасын өмірдің материалдық
жағдаяттарынан емес, рухани әлемнен іздейтін лингвистикалық
компаративизмнің тәсілдері мен мақсаттарына қатысты да өзіндік көзқарасын
танытқан. В. фон Гумбольдт эволюция заңы бойынша тұжырымдалатын тілдің
біртіндеп дамуы мен сол арқылы күрделене жетілетіндігі жайлы жорамалды
теріске шығарып, оның әуел бастан-ақ адамзаттың жаратылысымен біртұтас
жүйеде құрылып, ерекше қабілет түрінде бірден пайда болғандығын алға
тартады. Сондай-ақ, В.Гумбольдт адамның сөйлеу қабілеті Жаратушының берген
ғажайып сый ғана емес, сонымен қатар, бұл адам баласы болмысының ажырамас
құрамдас бөлігі, айнымас сипаты деп түсіндіреді. Ғалым жеке тұлғаға тән
субъективтіліктің тіл арқылы болмысты тану барысында сол тілдік ортаның
ұжымдық субъективтілігінен, ал ұлттық субъективтілікті жалпы адамзаттың
биологиялық ерекшелігінен емес, мәдени-этникалық негізінен туындайтындығын
байыптай келе, индивид – халық – адамзат деген үш мүшелі тізбекті қисын
түзеді. Ол ұлттың, халықтың рухын тілмен теңестіре байланыстырады.
Қазақ тіл білімінде соңғы кездері тілдегі антрпоцентризмнің
төңірегінде айтарлықтай сапалы зерттеулер жүргізіліп келеді. М.Копыленко,
Ә.Қайдар, Р.Сыздық, Н.Уәлиев, Ж.Манкеева, Б.Момынова, А.Салқынбай,
Г.Смағұлова, т.б. ғалымдар бұл мәселені тіл тарихы, лексикология,
этнолингвистика, когнитология, лингвомәдениеттаным салалары тұрғысынан жан-
жақты қарастырып, өз үлестерін қосу үстінде.
Лингвомәдениеттану бағытының негізгі мақсаты – алдыңғы ұрпақтың
ғасырлар бойы жинақтаған рухани және материалдық мәдениетінің жетістіктері
мен тәжірибелерін, ұлт өркениетіне қатысты ақиқат белгілерін таңбалайтын
тұрақты тілдік бірліктерді зерттеу.
Қазақ тіл білімінде қазіргі лингвистиканың құрылымдық, яғни тілді
өз жүйесі ішінде ғана зерттеу парадигмасының антропоцентристік қағида
негізінде – сол тілдің иесі болып табылатын адаммен, оның (тілдің)
функционалды қолданыс табатын әлеуметтік орта, тарих, мәдениет пен танымдық
үрдіспен байланыстыра қарайтын зерттеулердің нәтижесі болып табылар соңғы
он жыл көлемінде тіл мен мәдениеттің өзара байланыс тетіктері мен жалпы
ұлттық дүниетаным, ұлттық мәдениеттің тілдегі көрінісін зерттейтін
лингвомәдениеттану ғылымы пайда болды, – деп айтуға толық негіз бар [6,
5]. Тілді лингвомәдени бағытта қарастырудың кешенді сипаты мен ғылымиаралық
сабақтастығын атап өткен жөн. Атап айтқанда, зерттеу барысында этнография,
тарих, мәдениет, салт-дәстүр, өнер, космонимия, т.б. ғылымдарының деректері
де тиімді пайдаланылады.
Осы саладағы жалпы тіл білімінің теориялық тұжырымдары мен қазақ тіл
біліміндегі нақты деректер негізіндегі зерттеулердің нәтижелері
лингвомәдениеттанудың маңызды да айқын тұжырымдары мен қағидаларын
қалыптастырды. Нақты түрде айтсақ, лингвомәдениеттанымдық тұрғыдан алғанда,
тіл тек қарым-қатынас және танымдық қызмет атқаратын құрал ғана емес,
сондай-ақ ұғым – тіл – мәдениет жиынтығынан құралатын, тұтас дүние
жөніндегі мол мағлұмат беретін ұлттық мәдени код, қор, мәдени ақпарат көзі
ретінде танылады. Себебі, адамға рухани, интеллектуалдық, әлеуметтік
мүмкіндіктерден туындайтын аса мол алуан түрлі ақпарат тілдік арналар
арқылы беріледі. Санадағы бұл ақпараттар концепт немесе ұғым арқылы
түйінделеді. Осыған орай, ұғым белгілі бір объектінің ең мәнді белгілерін
көрсететін сананың нәтижесі болса, концепт объектінің ең мәнді белгілерімен
қатар, мәнді емес белгілерін де қамтитыны жоғарыда аталған зерттеулерде
дәлелденген.
Сонымен, лингвомәдениеттанудың негізгі қағидасы тіл мен мәдениет
сабақтастығымен сипатталатындықтан, тіл мен мәдениет екі түрлі семиотикалық
жүйеде танылғанымен, бір-бірін толықтыратын, өзара тығыз байланысты тұтас
жүйе. Бұл маңызды тұжырымды таратып айтар болсақ, қоғамдық фактордың мәдени
тұғырға көтерілуіне оның қоғамда әлеуметтік мәнге ие болуының ықпалы зор.
Ал, оның іске асуында тілдің коммуникативтік қызметі ерекше. Сол себепті де
тек бір қоғамның өз ішінде ғана емес, мәдениетаралық, елтанымдық қатынаста
да бір этностың мәдениеті екінші этносқа оның тілдік таңбалары арқылы
баяндалады.
Демек, кез келген ұлттық тілдің сырын шынайы тану үшін тілдің
өзіндік заңдылықтарын білу жеткіліксіз, оның түпкі тамыры сол тілде
сөйлеуші этностың сан ғасырлық жүріп өткен тарихымен, күнделікті өмірде
орныққан мәдениетімен, ой-танымымен тікелей байланысты. Сондықтан ұлттық
тілді халықтың мәдениетімен біріктіре қарау мәселесі лингвомәдениеттану
ғылымының тууына себепші болды. Бұл бағыттың іргетасын В. фон Гумбольдт, Я.
Гримм, Ф. де Соссюр, Р. Раск, Э. Сепир, Б. Уорф, А. Потебня, Г. Штейнталь
еңбектері қалағаны байқалады. Әрі қарай жалғастырушы орыс ғалымдары В.А.
Маслова, В.Н. Телия, Е. Верещагин, В. Костомаров, В. Воробьев, А.
Арутюнова, т.б. бұл бағытты жеке пән ретінде таныта бастады.
Солардың бірі В.Н. Телия лингвомәдениеттануды тіл арқылы танылатын
этнос мәдениетінің диахрондық сипатына назар аударатын этнолингвистиканың
тілдің корреспонденциясы мен мәдениеттің өзара қатынасының синхронды түрін
зерттейтін және сипаттайтын бір бөлшегі [7, 217 ] деп анықтайды.
Мәдениет пен тілдік бастау бір бірімен тұспа-тұс келеді. Яғни, тіл –
адами нақтылықты адамзаттың тіршілігі өтіп жатқан әлем ретінде жасайды. Ал
адамзаттың тіршілігі – мәдениеттің әлемі екені белгілі. Әрине, тіл
физикалық нақтылықты қалыптастырады дей алмаймыз, өйткені ол әлемнің
бейнесін жасау барысында осы нақтылықты әлеуметке жеткізуші ғана. Дегенмен,
тілдің көмегінсіз болмысты толықтай тани аламыз немесе тіл қатынас пен
ойлаудың кейбір мәселелерін шешудің қосымша құралы деп есептеу де қате
болар еді. Шын мәнінде, нақтылы әлем бейсаналы түрде тілдік нормалар
негізінде жасалады. Адамның қандай да бір құбылысты әрқалай көруі, естуі,
қабылдауы тілдік нормалардың өз көрінісінің формасына сай болуымен
байланысты. Осыған орай мәдениеттанушылар мәдениет тілін былайша анықтайды:
Мәдениет тілі дегенімізді оның кең мағыналылығымен сәйкес алар болсақ,
бұл – адамдардың коммуникативті байланыс жасап, мәдениет кеңістігіндегі
бағдарын айқындауға мүмкіндік беретін құралдар, таңбалар, рәміздер мен
мәтіндер. Мәдениет тілі – бұрын болған не жаңадан пайда болатын түсініктер,
қабылдаулар, ұғымдар, бейнелер және басқа да осы тектес мәндік құрылымдар
(мағынаны жеткізуші) ұйымдасатын нақтылықты түйсінудің әмбебап формасы
болып табылады [8, 5 ].
Ал, адамзат тілі – кез келген таңбалық жүйе сияқты – бір нәрсенің
екінші нәрсемен алмасуына және олардың арасындағы байланысты тұрақтандыруға
негізделеді. Кез келген мәдени жүйені әлеуметтік қолданатын таңбалық жүйе
ретінде қарастырған Э.Бенвенист мәдениеттегі тілдің орны туралы былай деп
жазады: Біз үшін тіл формальді құрылысы жағынан да, қызметі жағынан да бір
мезетте семиотикалық болатын жүйенің бірден-бір мысалы бола алады, тіл кез
келген семиотикалық жүйені жасау үшін үлгі боларлық әмбебеп семиотикалық
матрица болып табылады. Тіл адамның анықтамасына етене жақын болады: тілсіз
адамды және өзіне тілді ойдан шығарып алған адамды елестету мүмкін емес.
Әлемде тілі бар адамдар ғана, басқалармен сөйлесетін адамдар ғана өмір
сүреді, сондықтан тіл міндетті түрде адамның анықтамасына жатады [8].
Демек, мәдениет тілге қатыссыз болмайды. Тіл – мәдениеттің өмір сүру
формасы болса, мәдениет – оның ішкі мәні. Осы тұрғыдан алғанда, тіл мен
мәдениетті бір-бірінен бөліп қарауға болмайтын тұтас бір дүние деуге
болады. Олай болса, антропоөзектік бағытқа сай тіл мен мәдениеттің
байланысы, тілдің мәдениетті сақтау, сипаттау, жарыққа шығару қасиеттерін
анықтайтын өзіндік зерттеу нысаны бар, зерттеу әдістері мен қағидалары бар
арнайы ғылым саласы – лингвомәдениеттану саласы.
Сондықтан, тіл – тек мәдениетті танытушы құрал ғана емес, тілдің
бойында оның (мәдениеттің) арқауын құрап, негізін қалайтын ұлттық рухтың
ізін айқындап тұратын ұлы күш. Лингвомәдениеттану негізінде ұлтқа тән
мәдени-танымдық жүйенің қалыптасуын анықтауға болады. Ал бұндай
зерттеулерге тілдің кумулятивтік қызметі негіз болады[9, 6 .] деген
А.Сейілханның пікірімен толық келісеміз және ғалымның: Лингвомәдениеттану
– этнос мәдениеті мен сол тілде сөйлеуші халықтың лексикасының мәдени-
тілдік деректерін сипаттайтын, жұрт мәдениетін өз лексикасы арқылы басқа
этносқа танытатын, ұлттық рух пен ұлттық тілдің туын көтеретін, халықтың
тіл байлығын тек болмысы арқылы өз тұғырына жеткізіп келешекке танытатын,
тілдік деректерді ұлттық нышанда жарата да, жарқырата да алатын,
этнолингвистика пәнімен ағайындас, ұлттық рух пен тіл арасында өзіндік жолы
бар, тілді мәдениет арқылы танудағы бітімімен басқа тіл ғылымдарынан
ерекшеленетін, қоғамдық-әлеуметтік, эстетикалық, философиялық сипаты бар
кешенді пән [9, 23] деген анықтамасын, біздіңше, қазақ тіл біліміндегі
осы бағыттағы зерттеулердің нәтижесінің қорытындысы, түйіні деп бағалауға
болады.
Демек, тіл негізінен белгілі бір мәдениеттің құндылықтары мен
белгілерін өз бойына сіңіреді, үнемі антропологиялық, логикалық және
философиялық факторларға сүйеніп отырады. Өзінің символдық және бастапқы
қызметі арқылы тіл басқа тіршілікті бейнелей алады және белгілі бір
мәдениеттің құрамдас бөлігі болып табылатын құбылыстардың жинағын
білдіреді [10, 18].
Олай болса, әр халықтың басынан кешкен тарихы, бүкіл рухани, мәдени
байлығы, болмысы, дүниетанымы, өмір тіршілігіне, күнделікті тұрмысына қажет
бұйымдары, әдет-ғұрпы, салт-санасы, талғамы, т.б. сол тілде таңбасы емес,
дүниенің тікелей бейнесі емес, оның біздің санамызда тілдік шығармашылық
процесс нәтижесінде туған бейнесі, яғни дүниенің тілдік бейнесі.
Мысалы, кез келген заттың атауы оны тек атап қана қоймай, сонымен
берге оны танытады. Ал тану немесе анықтау белгілі бір халықтың тарихи даму
жағдайы аясында іске асатындықтан, ол тілдік ұжым өмір сүретін нақты
жағдайларға байланысты әртүрлі болады. Әртүрлі ұжым бір затты өзінің
күнделікті тәжірибесінде кездесіп қолданылатын жағынан танып, оны өзіне
таныс құбылыстармен байланыстыратыны белгілі. Яғни, ат қоюда өмір шындығы
мен тұрмыс-тіршілігі, тәжірибесі, салт-дәстүрі, наным-сенімі әртүрлі заттар
түрінде тілде сөзбен аталып бейнеленеді. Осының негізінде ол затты танып,
біліп, оны басқалардан ажыратып танығаннан кейін барып оған ат қойылады.
Мұндай ажыратқыш белгілер сөйлеуші ұжымдық ортада әртүрлі болуы мүмкін. Тіл
білімінде ол белгілер уәждер деп аталады.
Осы ғылыми тұжырымдарды дәлелдеу үшін адамның тікелей танымдық
ойлау қабілетімен байланыстыра қарастыратын антропоцентристік бағыт
аясындағы салалар – этнолингвистика, психолингвистика, когнитивтік
лингвистика және лингвомәдениеттану салалары дүниеге келді. Қазіргі таңда
қазақ тіл білімінің мәселелері осы бағыттардың негізінде зерттеліп, қазақ
тілінің құрылымдық қызметінен басқа танымдық қызметтерінің шеңбері кеңейе
түсті. Антропоцентристік парадигмадағы лингвистиканың алға қойған мақсаты
тілдік субъектінің дүниетаным ерекшеліктерінің семиотикалық жүйе ретінде
тілдің барлық деңгейлерінде көрініс беруін зерттеп, анықтау болып табылады.
Бұл бағыттар жалпы тіл біліміне үлкен өзгерістер әкелді: тіл біліміндегі
басты құндылықтар ауысып, зерттеу шеңбері кеңейе түсті. Адамның әлеуметтік
әрекеті мен ойлау әрекеті, олардың арасындағы байланыс туралы терең
зерттеулер жүргізіле бастады.
Тіл біліміндегі жаңа бағыттағы зерттеулердің негізгі арқауы – тіл
арқылы берілген ақпаратты қабылдау, тану, таныту, оны интерпретациялау,
өздігінше өңдеу, жадыда сақтауға қатысты ерекшеліктерді зерттеу болып
саналады. Аталған бағыттағы зерттеулердің нәтижесінде қабылданған жаңа
ақпараттың адам санасында бұрын сақталған ақпараттардың көмегімен жаңа
мазмұнға ие болу арқылы қалыптасатыны анықталды. Демек, бұл таным мен
мәдениет сабақтастығын көрсетеді.
Қазақ халқы да көптеген басқа халықтар секілді ғасырлар бойы
жинақтаған ой-тәжірибесін, даналығын, дүниетанымдық көзқарастарын, салт-
дәстүрін, т.б. тілінде көрсете білген. Оларды тұтас құрылым жүйесінде
анықтайтын болсақ, халық өмірінің, мәдениетінің бейнесі деп сипаттауға
болады. Осыған орай тіл байлығының танымдық мәнін анықтау ұлттың
әлеуметтік, рухани, мәдени болмысын саралап тануға мүмкіндік береді.
Сондықтан ұлттық тілдің ерекшелігін, табиғатын ашу бағытында тіл туралы
онтологиялық көзқарасты сол тілде сөйлеуші халықтың жан дүниесімен, ой-
санасымен, тарихымен және мәдениетімен тығыз байланыста қарастыру – қазіргі
тіл білімінің, соның ішінде қазақ тіл білімінің де өзекті мәселелерінің
бірі болып отыр. Осымен байланысты қазіргі таңда дүниенің тілдік
бейнеленуінің жалпы және ұлттық ерекшеліктері негізінде салыстыра
зерттелуіне ерекше назар аударылуда, зерттеу нысаны кеңеюде.
Адамзат үшін ақиқат дүние біреу болса, оны түсіну, тану, сол
дүниенің біртұтас бейнесін санада қалыптастыру әрекеттері әр адамда, әр
ұлтта әр деңгейде сан алуан интерпретацияда беріледі. Сондықтан, тіл
иесінің ой-өрісіне, концептілік әлеміне байланысты дүниенің танымдық
бөлшектері тілде өзінше көрініс табады, өзінше бейнелеп суреттейді, ал тіл
иесі танымдық ойын өз тілінде сақталған дүние бейнесіне сәйкес танытуға
тырысады. Тілдегі ұлттың мәдени көрінісін анықтауда тиімді тәсілдердің бірі
типологиясы әртүрлі тілдердегі (қазақ, орыс, ағылшын) дүниенің ақиқат
бейнесін бейнелеудегі ұқсастықтар мен ерекшеліктерді айқындау болып
саналады. Бұл салыстырулардың терең танымдық құрылым деңгейі кең тілдік
білім аясында жүргізілуі тіл мен таным, тіл мен мәдениет сабақтастығын
айқындауда және оның қазіргі заманға сай өзгеріп, дамуының үрдісін тануда
маңызы ерекше.
Сондықтан, тіл ғалам туралы білімді сыртқа көрсетіп қана қоймайды,
ғұмырнамалық тәжірибенің түпсанада бедерленіп, үздіксіз сұлбалануына және
оның айқындалуына, ұрпақтан-ұрпаққа жетілуіне қалтқысыз қызмет етеді.
Демек, тілді жаңа ғасыр баспалдағында жаңа теориялық-танымдық үрдісте
қарастырып, зерттеудің қажеттілігі туып отыр .
Осыны жүзеге асыратын бағыттардың бірі - этнолингвистика саласы.
Тілге қатысты жаңа идеялардың туындауы тілді оның иесі халықтың
мәдениетімен байланыстыра зерттеуге бағыттады, бұл ХХ ғасырдың алғашқы
жартысы, оның көрнекті өкілдері Ф. Баос пен Сепир Э, аталған ғалымдардың
тіл тек дыбыстар жүйесі емес, тіл халықтың наным сенім, өнер т.б.
белгілерін жеткізуші құрал деген идеяларына Б. Уорф әдет ғұрып, әдет
нормалары сияқты гомогенді қатарларды қосады. Н. И. Толстой осы
аталғандарды диахронды аспектідегі этнолингвистикалық ізденістер үшін
маңызды санайды ибо народная культура столь же диалектна и является не
менее ярким показателем этноса и этнических образований. Осындай
пікірлердің сәйкестігіне орай Э. Сепир мен Б. Уорф теориялары ғылымда
Сепир Уорф болжамы атымен белгілі, ал этнолингвистика терминінің ғылым
әлеміне келуі Б. Уорф есімімен байланысты.
О. С. Ахманова этнолингвистика терминіне берген анықтамасында:
Этнолингвистика тілдің өмір сүруі мен даму барысында оған тіл мен халықтың
арақатынасы мен лингвистикалық, этникалық факторлардың әсерін зерттейтін
макролингвистикаынң саласы, дейді, ғылымның бұл саласының қарастыратыны
этнос және оның тілі. ХХ ғасырдың алпыс сексенінші жылдары ұлт, этнос,
мәдениет мәселесіне байланысты кеңестік ғылыми басылымдар беттеріне
көптеген пікірталастар жарияланып, тайпа, халық, ұлт ұғымдары орнына
этнос термині қалыптасты. Этнос белгілі бір тарихи дәуірде жеке өлкед
қалыптасып, ұлттық белгілеріне қарай топтасқан ұлыс ұғымын білдіретін ұлт
сөзімен парапар, сәйкес деп есептейді. Ендеше этнолингвистика этносты оның
тілімен байланыстыра зерттейді, себбі ұлттың бүгінгі күнге жету жолы ұзақ:
сайраған сара жолы да, кедір бұдыр бұралаңы да, шиырлы тұйығы да бар.
Олардың әр қалтарыс қатпарында халықтың тынысы, тіршілігі, өмірінің өзегі,
мәдениеті, тарихы сияқты рухани, материалдық байлығы жатыр. Олардың бәрі,
негізінен, тіл арқылы жетеді, тіл арқылы өрнектеледі, тіл арқылы көрінеді.
Этнос ұғымын ашудың обьективті және убьективті себептері бар,
обьективті компоненттері дегенге зерттеушілер әлеуметтік нормативтік
(дәстүр, әдет ғұрып, наным сенім т.б.) және материалдық (тамақ, үй жай,
шаруашылық т.б.) мәдениет, тіл, психология, ұлттық антропологиялық
ерекшелік, демографиялық жағдай сияқты белгілерді жатқызады. Ұлттық таным,
нақты этникалық топпен ортақтықты сезіну және сол арқылы басқадан
ерекшелену тәрізді субьективті белгілер аталған обьективті шындықтың
көрінісі, оның жемісі саналады. Дегенмен этнос ұғымына қатысты обьективті,
субьетивті компоненттердің ара жігі толық ашылған мәселе қатарына жатпайды.
Этнос тарихы тіл тарихына қарағанда, азды көпті өзгертуге икемді, ол
экстралингвистикалық: экономикалық, қоғамдық әлеуметтік саяси себептерге
байланысты болып келеді де, тіл жне этнос арақатынасына елеулі әсерін
тигізеді. Этностың қоғамдық экономикалық т.б. процестерден туындайтын
өзгерістері тілде айшықталып, сол дәуір, кезең бейнесі, ізі ретінде
сақталып қалады.
Тіл мен этностың қатысты мәселесі тіл ғылымы сияқты байырғы дүние.
Тіл этностың ең айшықты, тұрақты белгісі, ал территориялық тұтастық,
мәдениет, этнос ретінде өзін өзі тануы, мемлекеттік құрылым, шаруашылық
экономикалық ареал, әлеуметтік организм және антропологиялық тип этностың
азды көпті өзгеріске бейім іргелес белгілері.
Қазақ тіліндегі тілдік құбылыстар этнолингвистикалық аспектіде
барынша қарастырылды. Қазақ тіл білімінде этнолингвистикалық бағытты алғаш
қалыптастырған академик Ә.Қайдар екендігі белгілі, ғалымның айтуынша, қазақ
этнолингвистикасындағы принциптердің бірі “...лексикалық байлықтың мазмұны
мен мән-мағынасын этностық таным тұрғысынан толық ашу, этнос болмысына
қатысты бағалы мағлұматтар мен құнды деректерді түгел сөйлету, тілдің өзіне
тән бояу-нақышымен бейнелі де көркем түрде суреттеу” болып табылады [11;
17].
Этнолингвистикалық аспектіде жануарлар (Ш.Жанабілев, К.Жидебаев және
т.б.), тұрмыстық, үй-шаруашылығындағы заттар (Б.Әбдіғалиева), тағам және
тағам өнімдерінің (А.Ш.Жылқыбаева) атаулары; түр-түс лексикасы
(Ә.Т.Қайдаров), өлшем атаулары (Күркебаев К. Ұ.Б.Серікбаева және т.б.),
зергерлік өнер терминдері (Р.Н.Шойбеков), мал шаруашылығының терминдері
(Ә.Жақыпов); музыка терминдері (С.С.Жансейітова және т.б.) жан-жақты
зерттелді.
Профессор Ж.А.Манкееваның монографиясында заттық мәдениет
терминдеріне жіктеме жасалған, оларға этнолингвистикалық сипаттама беріліп,
қазақ заттық мәдениет лексикасының жүйелілігі анықталды [12].
Қазақ лексикасы бойынша жүргізілген этнолингвистикалық зерттеулерге
жоғарыда аталып өткен шолулар қазақ тіліндегі лексикалық бірліктердің
қандай да бір разрядтарын зерттейтін этнолингвистикалық бағыт қазіргі кезде
өте өнімді нәтиже беріп отырғанын көрсетеді.
Қазақ тілі лексикасының көптеген лексика-семантикалық және
тақырыптық топтарында елеулі түрде этномәдени мән бар және олар арқылы
ұлттық дүниенің тілдік ерекшеліктерін көруге болады. Мұндай этномәдени
лексикалық топтарға табиғи құбылыстар [13], қазақ ою-өрнегінің атауларын
[14], соматизмдерді [15], рухани мәдениет лексикасын [16] және т.б. жатады.
Қазақ лексикасы саласындағы ғылыми зерттеулерді қысқаша шолу қазақ
тілінің лексикалық құрамы тақырыптық, стилистикалық, функционалдық
(қолданымдық) және этнолингвистикалық жағынан алуан түрлі және ауқымды.
Қазақ тілінің сөз байлығын бөліп, жіктеген кезде семантикалық, лексика-
семантикалық, функционалдық, стилистикалық және тағы да басқа әр түрлі
критерийлер қолданылады.
Этнолингвистиканың зерттеу обьектісі барлық жағдайда да этнос тілі
екендігі айтылды. Алайда ғылым-білім саласында тілге тікелей қатысты, оны
әр тұрғыдан зерттеуші, оған арқа сүйеуші пәндер көп-ақ. Олардың біразы
этнос тіліне байланысты этнолингвистикамен де сыбайлас, тілдік деректерді
өз мүддесіне қарай зерттеп, білуге бағышталған ғылым,білім, мәдениет т.б.
салалар.
Бұл пәндерді өз ретінде 1) этнос тіліне жалпы қатысы бар (мәселен,
мәдениеттану, этнография, этнология, өлкетану, фольклориятика, мифология,
астрология, дінтану, педагогика, дидактика т.б. осы сияқты) қоғамдық-
әлеуметтік пәндер және 2) этнос тілінің тілдік табиғатын айқындауға тікелей
қатысты (мәселен, этимология, далектология, ономастика, фразеология,
паремиология, терминология, лексикография т.б.) лингвистикалық пәндер деп,
үлкен екі топқа бөліп қарауға болады. Этнолингвистика мен социолингвистика
да экстралингвистика мен психоллингвистикалар да, міне, осы кейінгі топқа
жатады.
Қазақ этнолингвистикасының өзіндік ерекшеліктері.
Қазақ этнолингвистикасының қалыптасу, даму үрдісінен кейбір өзіндік
ерекшеліктері де байқалады. Ол жалпы этнолингвисткалық идея аясында
туындап, қазақ этносын оның тілі арқылы танып-білу мақсатымен бұдан 15-20
жыл бұрын (1985 жылдарда) басталған ізденіс барысында іргетасы қаланып,
өзінің бағыт-бағдарын, мақсат-мүддесін айқындай түскен, зерттеу
обьектілерін саралап, тәсіл-әдістерін күн санап ширата түскен ғылым
саласына жатады.
Қалай болған жағдайда да: қазақ этнолингвистикасының бүгінде өзінше
түйген ой-тұжырымы, өзінше бағамдап, бағдарлауы, өзіме тін деп айта алатын
ерекшеліктері жоқ емес. Солардың біразын санамалап айтып өтейік:
1. Қазақ этнолингвистикасының өзі үшін (басқалар үшін де) біржолата
басын ашып, айқындап алған мәселесі – Қазақ этносының ұлттық бейнесін,
өзіндік болмысын толық та түбегейлі түрде тек оның тіл байлығы – тіл
әлемі арқылы ғана жан-жақты танып-білуге болатындығы;
2. Қазақ этнолингвистикасы алдына қойған мақсаттың үдесінен шығу
үшін этнос тіліне қатысты көптеген қоғамдық пәндермен де, лингвистика
салаларымен де бірлесе отырып, өзара сыбайласа, іліктесе әрекет ететін,
бірақ олардың бірде-біреуінің шылауында жүрмейтін, пәнаралық қызмет
атқарып, қолбала да болмайтын, өзіндік үрдісі мен принципін сақтаушы
әмбебап ғылым.
3. Қазақ этнолигнвистикасы қазақ тілінің лексикалық байлығын мүмкін
болғанша (жетер жеріне жеткізе) түгел қамтып, індете зерттеуді мақсат
етеді. Тіл әлеміндегі этнос бейнесін тек лексика қорының жиі қолданылатын
үстіңгі қабатындағы мағыналық бірліктер негізінде ғана емес, сонымен
қатар оның төменгі қабаттарына, қойнау-қолаттарында тұнып жатқан (бүгінде
сирек қолданылатын) сөз маржандары арқылы да жаңғыртуға тырысады.
Этнолингвистикалық зерттеулердің өзіндік бір ерекшелігі – әдеттегі
(түсіндірме, екі тілдік, терминдік, этнографиялық т.б.) сөздіктерге ене
бермейтін құнарлы да сапалы, бейнелі де көркем, көне де байырғы сөз
өрнектерін, тіпті айтуға да тыйым салған ұят сөз деректерді де, әзіл-
қалжыңдарды да қамти алуында.
4. Қазақ этнолингвистикасының тағы бір принципі – лексикалық
байлықтың мазмұны мен мән-мағынасын этностық таным тұрғысынан толық ашу,
этнос болмысына қатысты бағалы мағлұматтар мен құнды деректерді түгел
сөйлету, тілдің өзіне тән бояу-нақышымен бейнелі де көркем түрде суреттеу.
Бұл принциптер мыңдаған (сөз, сөз тіркестері, тұрақты тіркес
түріндегі) бірлікті екі түрлі деңгейде – алғашқы (о бастағы, не негізгі)
номинативті мағынасы мен этностық танымынан туындаған этнолингвистикалық
мағынасы деңгейінде – түсіндіруді, анықтауды, топшылауды, сипаттауды талап
етеді. Бірінші деңгейдегі түсініктеме, анықтамаларды біз әр түрлі
лексикографиялық еңбектерден кездестірсек, екінші деңгейдегі терең де жан-
жақты түсініктемелер тек этнолингвистикалық зерттеулерде ғана берілуі тиіс.
5. Қазақ этнолингвистикасының мықтап ұстанатын принциптерінің тағы
бірі – жүйелілік. Мұны этнолингвистикалық зерттеулерде тұрақты да
бірізділікпен қолдану әдіс-тәсілдерінің бірі және ең тиісмді тетігі деп
санаған жөн.
Этнос болмысындағы заттар мен сан алуан құбылыстар бір қарағанда бас-
аяғы араласып, қобырап жатқан дүние болып көрінуі мүмкін. Ал шын мәнісінде
олар табиғи болмысынан-ақ бірінен бірі туындап, бірі мен бірі мағына мен
мазмұны жағынан, логикалық, тақырыптық қатыстылығына қарай жүйе-жүйесімен
тұрған обьективтік заңдылық бойынша реттелген дүние. Алайда бұл заттар мен
құбылыстардың табиғи реттілігі мен жүйелілігін тіліміздегі мыңдаған атаулар
арқылы анықтау мүмкін емес. Оны алфавит тәртібімен де көрсетуге болады.
Міне, осы орайда этнолингвистикалық зерттеудің жүйелілікке
байланысты тағы бір ерекшелігі, ұстанатын принципі байқалады.
Қазақ этнолингвисткасы зерттеу обьектілерін өзара әрі іштей
топтастыра зерттеу (классификациялау) принципін қатаң сақтауды талап етеді.
Бұл жүйелілік принципі талабынан туындайтын әдіс-тәсілдердің біріне жатады.
Жоғарыда көрсетілгендей, обьективті болмыыстағы заттар мен
құбылыстарын, тылсым сырын танып-білудің екі түрлі жолы бар: оның бірі –
тілдегі барша атауларды хатқа түсіріп, алфавит тәртібімен қарастыру да,
екіншісі – олардың мән-мағынасына, қолданылатын тақырып сәйкестігіне, өзара
байланыс-қатыстылығына қарай топтастыра зерттеу.
Айта кету керек, бұл принциптерді кез келген тақырыпқа және әр түрлі
деңгейде қолдануға болады. Әдетте тақырыптық шеңберде этнолингвизмдер
тұлға, мағына (құрам-құүрылым, модель т.б.) түрлеріне қарап та
топтастырылады.
Тіл байлығын этнолингвистикалық тұрғыдан зерделеу әдіс-тәсілдері
Бұл этностың тіл әлеміне тән лексикалық байлықты тұтас та түбегейлі
меңгеру, мән-жайын, мағына-мазмұнын терең түсіну және түсіндіру арқылы
этнос болмысын (рухын, бейнесін, қасиетін) паш ету деген сөз. Сондықтан да
бұл қазақ этнолингвистерінің ұстанатын аса маңызды принциптеріне жатады.
Олар: зерттеушінің алдына қойған мақсатына байланысты төмендегідей бірнеше
нақтылы шарттан тұрады:
1. Соның бірі – қазақ этносын жалпы түркі тіл арқылы емес, өз
тілінің мүмкіншілігі мен өзінің табиғи ерекшеліктері арқылы ғана танып-
білу.
2. Этнос тіл әлемін түбегейлі меңгеру, зерттеу, игеру. Басқаша
айтқанда бұл принцип тіліміздегі ұшан-теңіз лексикалық байлықты тек сан
жағынан ғана түгендеп шығу емес, сонымен қатар оны сапа жағынан да саралай
түсу, яғни сөз мұхитының түбіне терең бойлап, інжу-маржанға толы
қазынасын терең ақтарып, оның сан ғасырлар бері сақтап келе жатқан сырын
аша түсуге барып саяды. Этнолингвистикалық зерттеудің қиын да күрделі
мәселелерінің бірі осы болмақ.
Олай дейтін себебіміз: барша тіл байлығына этнос танымы тұрғысынан
мағыналық талдау жасау кез келген зерттеушінің қолынан келе беретін іс
емес. Ол тек ана тілінің асыл қасиеті бойына ана тілінің ақ сүтімен
дарыған, оның терең сыры мен құдіретті күшін, бейнелігі мен көркемдігін
жастайынан сезініп өскен тіл маманының ғана қолынан келетін іс. Мұның тағы
бір сыры осыншама тіл байлығын бір қазақтай түсіне білу бар да, сол
түсінікті басқаларға айтып, жазып жеткізе білу тағы бар. Бұл екеуі бір
емес, ол үшін тіл маманы ғана емес, тіл тамыршысы бола білу де қажет
сияқты. Демек, этнолингвист-ғалымға қойылатын басты талап – жалпы тіл
табиғатын білумен қатар оның әрбір сөзінің мағына астарында жатқан
этнолингвистикалық деректі тамыршыдай тап басып, тани білу және таныта
білу. Ал бұл міндетті орындау кез келген адамның, тіпті тілдің структуралық
(грамматика, фонетика, лексика) салаларында шұғылданып жүрген мамандардың
да қолынан келе бермейтін іс деп айтсақ, артық айтқандық болмас еді.
Өйткені бұл салада лексикалық байлықтың тек тіл факторы, сөздердің жиынтығы
ретінде ғана емес, этностың тілдегі болмысы, бейнесі, көрінісі, негізі
ретінде қаралатындығында.
Тіл тамыршысы бола білу деген сөз – тіл байлығын өз білгенімен
ғана шектеп, өлшемеу. Өйткені ана тілімді бір қазақтай-ақ білемін!
дейтіндердің де білетіндері – бір тоғыз, білмейтіндері тоқсан тоғыз. Бұл
– бір. Екіншіден, көпшілік қауымның білетіні, лексикалық бірліктердің
бойына тән мағынаның толық ауқымы емес, жарым-жартысы ғана, яғни күнделікті
өмірде өзара қарым-қатынас жасауға қажетті үстіңгі қабаттағы лексикалық
мағыналары ғана. Ал олардың екінші деңгейдегі ауыс, туынды, келтірінді,
идиомалық, фразеологиялық т.б. деп аталатын мағыналар тобына келсек, олар
көбінесе тілдік ортада қалыптасқан дәстүрлі мағыналық символ ретінде
сөйлеу контексіне қарай қолданылғанымен, түп-төркіні баршаға айқын емес.
Міне сондықтан да әр алуан лексикалық бірліктердің осы екінші деңгейдегі
мағыналарын біз шартты түрде этнолингвистикалық мағыналар деп атадық.
3. Тіл байлығын этнолигвистикалық тұрғыдан зерделеудің тағы бір
принципін індете зерттеу деп атадық.
Індете зерттеу деп шартты түрде алынып отырған бұл терминнің
мәнісі – зерттеушінің тілімізде күнделікті айтылып, жазылып жүрген
қолбала, елгезек сөздермен шектеліп қалмай, не өзі білетін, шеті көрініп
тұрған, не ұмыт болған тіл фактілерінің ізіне түсіп, лексикалық қордың
қойнау-қолаттарынан іздеп тауып, түп-тамырымен қопарып, түбегейлі
айқындауға ұмтылыс деген сөз. Сонда ғана этнос табиғатын толық танып-білуге
қажетті тілдік фактілерді, сол фактілердің қабатында, астарында, қайнар
көзінде жатқан небір ғажайып этнолингвистикалық деректерді тауып сөйлетуге
болады. Олардың ірілерін ғана емес, майда-шүйделеріне дейін түгел қамту
ләзім. Індете зерттеуге әрбір зат пен құбылыстың, ұғым мен түсініктің
жеке бастарын ғана емес, олардан туындап, өркендеп, бұтақтап, балалап,
тарап жатқан туынды да қатысты дүниенің бәрін (олардың атауы арқылы) түгел
қамтру міндеті де жатады.
Мәселен, қазақ тілінде адамның дене мүшелері мен ішкі ағзаларына
байланысты 500-ден астам атау бар екен. Ал сол атаулардың бірі – көз
десек, сол көздің өзінен туындаған ұғымдардың өзі – тілімізде бірнеше
жүз.
Атауларды жүйе-жүйесі бойынша мазмұнын, салттық мәнін ашып,
мағынасын түсіндіру, таза тіл мамандарының емес, ұлттық салт-дәстүрден
хабардар, тіл фактілерін толық игерген этнолингвистердің міндеті деп айтуға
болады.
4. Тіл байлығы тек сөз санымен ғана емес, оның сапасымен, мағына
тереңдігімен, ауқымдылығымен де өлшенеді. Олай дейтін себебіміз, тілдің
лексикалық байлығын екі түрлі өлшеммен анықтауға болады. Оның бірі – көне
заманнан бері қалыптасып келе жатқан бір буынды және екі буында (бұл
сиректеу) түбір сөздер мен солардың негізінде пайда болған мыңдаған туынды
түбірлердің жалпы саны да, екіншісі – солардың беретін мағына саны мен
мағына ауқымы. Бұл лексиканың сандық мөлшерінен 2-3 есе артық сапалық
мөлшері. Тілімізде ғасырлар бойы бірде-бір су жаңа сөздің (бұған алыс-
берістер жатпайды) өздігінен пайда болмағанын ескерсек, жалпы тіл
лексикасының дамуын, ең алдымен, ұғым-түсініктер мен мағынаның
(семантикалық) дамуы деуге қақымыз бар. Тілімізде бұрыннан келе жатқан және
сырттан қабылданған сөздер негізінде толассыз туындап жатқан жаңа
сөздердің тіркес түріндегі атауларының бәрі, сайып келгенде, сол жаңа ұғым-
түсініктер мен мағыналарды сипаттау үшін барлыққа келіп жатқан дүниелер.
Тіл-тілдердің сөздік қорында ғасырлар бойы қордаланып, шоғырланып
тұратын лексикалық байлықты жүйелеп, өзара топтастыра қарау
этнолингвистканың ғана талабы емес. Оны біз шығыс әлемінде, әсіресе, түркі
тілдерін зерттеуге қатысты еңбегінде тым ертеден-ақ келе жатқан дәстүр
екендігін көреміз. Мәселен, Шығыстың ғұлама ғалымы М. Қашқари өзінің
Диуани лұғат ат-түрк (түркі тілдер сөздігі) атты ХІ ғасырдағы әйгілі
еңбегінде де, қыпшақ тайпалары сөздігі – Кодекс Куманикус атты сөздікте
де, тіпті Шығыстың ұлы шайыры Әлішер Науаидің Екі тіл туралы ой-пікір
атты поэтикалық трактатында да тіл материалын топтастыра қарау принципінің
тамаша үлгісі көрсетіледі. Мысалы, М. Қашқари сол кездегі түркі тайпларының
лексикалық байлығын жинақтай келе, оны Түркілердің өмірі туралы,
Түркілердің материалдық-мәдени заттары туралы, Ру-тайпа туралы, Жер-су
аттары туралы деп басталып, Балалар ойындарынан аяқталатын 30 тақырыптық
топқа жіктеп қарастырған екен. Кодекс куманикуста болса, лексикалық
байлық 40 түрлі (мәселен, Құдайға және оның атына байланысты сөздер, Ауа
райы мен аспан әлеміне байланысты сөздер, Уақыт, мезгіл атауларына
байланысты сөздер, Бес сезім мүшелерінің аттары т.т.) тақырыптық топқа
жіктеліп беріледі. Ал, Әлішер Науаи болса, аталмыш еңбегінде түркі тілінің
классикалық парсы тілінен артық болмаса, кем түспейтіндігін, мәселен, 100
етістіктің синонимінің мүмкіндігін, сондай-ақ әр саладағы тақырыптық
топтардың (аң-құстарға, жылқының жасы мен түр-түсіне т.б. қатысты) байлығын
келтіру арқылы дәлелдейді.
Міне тіл байлығын жан-жақты паш етудің де, терең меңгерудің де
тиімді жолы ретінде тым ерте қалыптасқан осынау бір ұстаным бүгін
этнолингвистика ғылымында да өз жалғасын тауып, жаңа үрдіске ие болып отыр.
Мұны біз орыс тілінен де көріп отырмыз. Мысалы, академик Н. И. Толстойдың
басшылығымен шыға бастаған сөздікте жинақталған тіл материалы 24 тақырыптық
топқа бөліп қарастырылыпты. Мысалы, термины: ботаники, географии, горного
жела, демонологии, животноводчества, кулинарии, народной астрономии,
одежды, строительства, рыболовтсва, цветообозночения, ткачества ит.д деген
сияқты).
Бұл дәстүрдің тікелей жалғасын қазақ этнолингвистикаынан да көріп
отырмыз. Бірақ ол ендігі жерде жай топтастыру ғана емес, қазақ этносының өз
болмысын, барлықтағы обьективті дүниені өзінше танып-білуі тұрғысынан
жүйелік заңдылығына сүйене отырып, әр зерттеудің өз мақсатына орай өз
дамуын тауып отыр деп айта аламыз. Басқаша айтқанда, тіл байлығындағы
заттар мен құбылыстардың атауларын үлкенді-кішілі (макро-микро) тақырыптық,
мағыналық, тұлғалық т.б. топтарға (салаларға, кластарға, тарау-тармақтарға
т.б.) бөліп қарау ғылыми тұжырымды (концепция) іске асырудың ұстанымы
(принципі) ретінде талап етілмекші.
Бұл принциптің теориялық, сондай-ақ танымдық, талғамдық мәні де,
практикалық (материалды пайдалану, оны игеру, үйрену тұрғысынан) маңызы да
аз болмаса керек-ті. Мәселен, этносөа қатысты білгің келген ұғым-түсінікті
әдеттегі алфавиттік сөздіктерден іздеп табу үшін ең алдымен сол сөздің өзін
(жазылуын, айтылуын) білуің керек. Олай болмаған жағдайда сөздікті бастан-
аяқ түгел ақтарып, әрбір сөздің мағынасын оқып барып, іздеген сөзіңді
табуың мүмкін. Ал этнолингвистикалық еңбектерде адам өзіне қажетті сөздерді
оның мағына, түсінігі арқылы іздеп, ол жататын тақырыптық топтардың
жүйесінен тез тауып, сол сөзді қоршаған контекс арқылы оған қатысты басқа
да мағлұматтармен таныса алады.
Қысқасы, жалпы тіл әлемін, сондай-ақ кез келген тақырыптық топты
этнолингвистикалық тұрғыдан осылайша жүйелі де сатылы принциптер бойынша
талдағанда ғана оларды түгел де түбегейлі меңгердік, танып-білдік деп
айтуға болады.
Айта кету керек, бұл принциптер зерттеу обьектісіне және оның
мақсатына байланысты әр түрлі ауқымда, деңгейде қолданылуы мүмкін. Алайда
жалпы принциптер сақталғанымен, мұндай жағдайда қатып қалған қасаң қағида
ұсынылмайды, зерттеушілер өз обьектісін толық айқындауы үшін бұл
принциптерге шығармашылық тұрғысынан қарағаны жөн. Мәселен, қазақ, ұйғыр
т.б. түркі тілдерінің этнолингвистикасы бойынша қорғалған докторлық және
кандидаттық диссертациялардың барлығында да зерттеу обьектілеріне (мәселен,
зергерлік өнері, киім-кешек, тағам-тамақ, халықтық астрономия, халықтық
өлшемдер, бағыт-бағдарды анықтау, халықтық антропонимия, ономастика, эпос
тілі, соматизмдер, фразеологизмдер, мақал-мәтелдер, жұмбақ тілі, киелі де
қасиетті (сакральді) географиялық обьектілер, зоофразеологизмдер т.б.)
байланысты тілдік материалдар іштей сан алуан ірілі-кішілі тақырыптық
топтарға жіктеліп берілуі осының айғағы.
Қазақ киелі лексикасының құрамын жіктеу немесе белгілі бір лексика-
семантикалық немесе қолданыстық топтарын анықтау басқа да критерийлер
негізінде жүзеге асырылуы мүмкін. Мысалы, академик Ә.Қайдар
этнолингвистикалық материалды жіктегенде “макротоптар” және “микротоптар”
ұғымдарын (немесе критерийлерін) қолданады: “...макротоптар өзара “жүйелі
қатысты принцип” негізінде, ал микротоптар бір-бірімен “сатылы қатысты
принцип” бойынша топтастырылады деген сөз. Осының біріншісі негізгі үш
салаға – “Адам”, “Қоғам”, “Табиғат” – қандай макротоптар енетінін
айқындаса, екіншісі әрбір макротоптың тарау-тармақтарына енуге тиісті
айқындайды. Мәселен, “Табиғат” саласына жататын ірі-ірі макротоптың бірі
“жануарлар дүниесі” десек, ол өз ретінде 1) “Жабайы хайуандар” және 2) “Үй
хайуандары” болып екі топқа бөлінсе, кейінгісі “төрт түлік мал”, “жылқы”,
“түйе”, “сиыр”, “қой, ешкі” болып, оның өзі де сатыланып, кіші топтарға
жіктелуі мүмкін” [11; 19].
Сөздердің аталатын нысаналар (денотаттар) категорияларымен
(категориялылығымен) байланысын анықтайтын лексикалық материалды жіктеудің
мұндай тезаурустық, тақырыптық принциптері қазақ киелі лексикасының құрамын
анықтап, топтастыруға өте қолайлы. Кез келген лексикалық материалды, оның
ішінде ырым-жоралғыларды білдіретін сөздерді шынында да үлкен үш топқа
бөлуге болады: “Адам, “Қоғам”, “Табиғат”, сосын осы ауқымды топтардың
ішінде киелі сөздер Ә.Қайдар жіктемесінде көрсетілгендей анағұрлым шағын
топтарға бөлінеді.
“Адам”, “Қоғам”, “Табиғат” макротоптарына енетін ырым-жоралғыны
білдіретін сөздердің сандық құрамы бәрінде бірдей емес. Ырым-жоралғыны
білдіретін сөздердің басым бөлігі “Адам” және “Табиғат” макротоптарына тән,
ал “Қоғам” макротобында олар едәуір аз кездеседі. Мұны былайша түсіндіруге
болады, киелілік діни-мифологиялық дүниетаным мен мифологиялық сана
формаларының бірі ретінде онтологиялық және қолданыстық жағынан да, дамуы
жағынан да “Адам” және “Табиғат” жүйелеріне тән, “Қоғам” жүйесінде
керісінше, мұнда әлеуметтік (қоғамдық) және экономикалық (шаруашылықтық)
қарым-қатынастар басым.
2 ЫРЫМ-ЖОРАЛҒЫЛАРДЫҢ ЭТНОЛИНГВИСТИКАСЫ
2.1 Табиғат макротобындағы ырым-жоралғылардың этнолингвистикалық
сипаты
2.1.1 Қазақтың космологияға байланысты қалыптасқан ырым-жоралғылары
Қазақ ырым-жоралғыларын барлық қырынан алғанда, ұлттық менталитеттің
айрықша көрінісі екендігі танылып тұрады. Олардың этнолингвистикалық сипаты
бітім-болмысы жағынан өзгеше, терең талдауды қажет ететін құбылыс. Көптеген
этнограф-ғалымдар қазақ ырым-жоралғылары туралы сөз ете отырып, халық
дүниетанымының мықты, тұңғиық болғандығын мойындайды. Қазақ халқы көшпелі
тұрмыс кешсе де, дін, әдет-ғұрып, жөн-жоралғыларды ретімен ұстап, келер
ұрпаққа үйретіп, атадан-балаға жалғастырып отырған. Солардың барлығында бір-
біріне жанасатын уәжділік, ортақ сыр аңғарылады.
Қазақ халқының бірнеше ғасырлық өмір тәжірибесінде әр істің, салт-
сананың реті мен жөн-жобасы болады және барлық жұмыс соған сәйкес
атқарылады. Ол қалыптасқан ұлттық және исламдық салт-дәстүрлер негізінде
жасалады. Ұлттық ырым-тыйымның, әдеп-үлгісінің жұптасқан немесе топтасқан
құрамы – халықтың әдет-ғұрпын, жөн-жоралғысын құрайды. Осыдан барып ел
ішінде әдетке сай жөн-жосығы мен жолы шығады. Міне, осы жол арқылы халықтық
қағида, мәдени-тұрмыстық, рухани-тәрбиелік үлгі-өнеге жиынтығы қалыптасқан.
Мұның ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz