Көне түркілердің жазба мәдениеті



I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Көне түркілердің жазба мәдениеті
2. Көне түркілердің әдебиеті
3. Уақыт туралы түсінігі
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Өзектілігі.Ұрпақган-ұрпакқа мұра болған руналық жазба ескерткіштер (V-VIII іт.) қазақ және өзге түркі халықтарының көне дәуірде мәдени деңгейінің өте жоғары болғандығын дәлелдейтін баға жетпес асыл қазына. Бүкіл әлемге танылған түркі руналық жазбалары атақты Египет перғауындарының қорғандарынан табылған шумер жазуларымен дәуірлес болып келеді. Ұлттық ғылым тәуелсіздік алған 10 жыл ішінде түркітану бағытында біршама жетістіктерге жетті. Қазақ және өзге де түркі халықтарының этносы мен мемлекеттігін, тілі мен графикалық жүйесін (жазбаларын), тарихи-мәдени және этносаяси жағдайын ғылыми түрде жан-жақты әрі жүйелі зерттеу түркі тілдес халықтар үшін, оның келешек ұрпағы үшін құнды қазына болып табылады. Қазақстан мен Орталық Азия және Онтүстік Сібір жерлерін мекендеген түркі тілдес ру-тайпалар бірігіп, VI ғасырдың, орта шенінде "Түрік кағанаты" деген атпен өз алдына мемлекет қүрғаны тарихтан белгілі. Осы кағанаттың құрамына енген тайпалық, одақтар бір кездерде өз елі мен жерінің бостандығы, тәуелсіздігі үшін алапат қақтығыстар мен жойқын соғыстарды басынан кешті. Тұс-тұстан қаумалаған дұшпандардың шапқыншылығынан қорғанған түркі ру-тайпаларының жорықтары қол бастаған ержүрек, дана іскер басшылардың ерлік істерімен, оған тіреу болар ел бірлігімен жүзеге асты. Ұрпаққа өнеге болар атақты Күлтегін, Тоныкөк, Білге, Бумын кағандар әрі тарихи, әрі әдеби дастан жырлардың кейіпкерлеріне, сомды тұлғаларына айналды. Ардақты есімдерді ел жадында сақтау үшін сол заманның данагөй білімдарлары өркениеттің белгісі болып табылатын түркілік сына жазумен тас бетіне түсірді. Түркі тайпаларынан қалған бұл ескерткіштер көне дәуірдің қоғамдық-мәдени, әрі әдеби тұрмыс-салт өмірлерінен хабар беретін жәдігер қазына ретінде бүгінгі күні барлық түркі тектес халықтарға ортақ мұраға айналды. Түркінің сар даласының ішкі сырын бойына сіңірген таңбалы тастар қас батырдың ерлігіндей сан ғасырларды аттап, өз заманының шындығы мен қайғы-қасіретін, амал-әрекетін бейнелеп, еш өзгерместен күні бүгінге жетіп отыр.
Мақсаты.Орхон-Енисей ескерткіштерін зерттеу. Орхон-Енисейден табылған уақыт түркі тілдерінің даму тарихы.
Міндеті.Осы тақырыпты зерттей отырып,Орхон-Енисей жазбалары туралы мәліметтерді қайта жаңғырту.
1. Бартольд В.В. 1968ж
2. Бейсенбайұлы Ж. Бітігтастағы Білге танушы «Егемен Қазақстан» 2002ж
3. Ертедегі қазақ әдебиеті, Хрестоматия, Күлтегін. (кіші жазу) Алматы, 1967ж
4. Есенқұлов Е. Көне түркі жазба ескерткіштеріндегі қосымшалар. Алматы, 1976ж
5. Келімбетов Н. Ежелгі дәуір әдебиеті. Алматы, Ана тілі 1991ж
6. Жолдасбеков М. Асыл арналар. Алматы, Жазушы 1990ж

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Көне түркілердің жазба мәдениеті
2. Көне түркілердің әдебиеті
3. Уақыт туралы түсінігі
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Өзектілігі.Ұрпақган-ұрпакқа мұра болған руналық жазба ескерткіштер (V-
VIII іт.) қазақ және өзге түркі халықтарының көне дәуірде мәдени деңгейінің
өте жоғары болғандығын дәлелдейтін баға жетпес асыл қазына. Бүкіл әлемге
танылған түркі руналық жазбалары атақты Египет перғауындарының
қорғандарынан табылған шумер жазуларымен дәуірлес болып келеді. Ұлттық
ғылым тәуелсіздік алған 10 жыл ішінде түркітану бағытында біршама
жетістіктерге жетті. Қазақ және өзге де түркі халықтарының этносы мен
мемлекеттігін, тілі мен графикалық жүйесін (жазбаларын), тарихи-мәдени және
этносаяси жағдайын ғылыми түрде жан-жақты әрі жүйелі зерттеу түркі тілдес
халықтар үшін, оның келешек ұрпағы үшін құнды қазына болып табылады.
Қазақстан мен Орталық Азия және Онтүстік Сібір жерлерін мекендеген түркі
тілдес ру-тайпалар бірігіп, VI ғасырдың, орта шенінде "Түрік кағанаты"
деген атпен өз алдына мемлекет қүрғаны тарихтан белгілі. Осы кағанаттың
құрамына енген тайпалық, одақтар бір кездерде өз елі мен жерінің
бостандығы, тәуелсіздігі үшін алапат қақтығыстар мен жойқын соғыстарды
басынан кешті. Тұс-тұстан қаумалаған дұшпандардың шапқыншылығынан қорғанған
түркі ру-тайпаларының жорықтары қол бастаған ержүрек, дана іскер
басшылардың ерлік істерімен, оған тіреу болар ел бірлігімен жүзеге асты.
Ұрпаққа өнеге болар атақты Күлтегін, Тоныкөк, Білге, Бумын кағандар әрі
тарихи, әрі әдеби дастан жырлардың кейіпкерлеріне, сомды тұлғаларына
айналды. Ардақты есімдерді ел жадында сақтау үшін сол заманның данагөй
білімдарлары өркениеттің белгісі болып табылатын түркілік сына жазумен тас
бетіне түсірді. Түркі тайпаларынан қалған бұл ескерткіштер көне дәуірдің
қоғамдық-мәдени, әрі әдеби тұрмыс-салт өмірлерінен хабар беретін жәдігер
қазына ретінде бүгінгі күні барлық түркі тектес халықтарға ортақ мұраға
айналды. Түркінің сар даласының ішкі сырын бойына сіңірген таңбалы тастар
қас батырдың ерлігіндей сан ғасырларды аттап, өз заманының шындығы мен
қайғы-қасіретін, амал-әрекетін бейнелеп, еш өзгерместен күні бүгінге жетіп
отыр.

Мақсаты.Орхон-Енисей ескерткіштерін зерттеу. Орхон-Енисейден табылған
уақыт түркі тілдерінің даму тарихы.

Міндеті.Осы тақырыпты зерттей отырып,Орхон-Енисей жазбалары туралы
мәліметтерді қайта жаңғырту.

Көне түркілердің зерттелу деңгейі.Көне түркілердің жазу деңгейлері
Сібір және Монғолия далаларына таралған жұмбақ жазулардың бар екендігі
туралы ғылыми орта ертеден-ақ білетін еді. Оларды Руна жазулары, яғни
скандинавия тілдерінен алғанда құпия, сыры ашылмаған таңбалар деп
атайтын. Ол кезде әлем ғалымдары сондықтан, бұл жазуларды көне Угор
тайпаларының (Орал халықтарының ата-бабалары) мұрасы деп есептеді. 
Жазуларды зерттеуге арнайы ұйымдастырылған Ресей Ғылым Академиясының
экспедициясы Минусинск ойпатында іздестіру жұмыстарын жүргізіп, Д.Г.
Мессершмидт және Ф.И. фон Стралленберг 1721-1722 жылдар аралығында көптеген
материалдар жинақтады. Жиалған деректер ғылыми тұрғыдан екшеліп, 1729 ж. З.
Байердің "Санкт-Петербургтегі Императорлық ғылым Академиясының
жазбаларында" жарық көріп, Еуропадағы барлық Шығыстанушылардың қатты қызығу
нысанына айналды. 1730 жылы Ф.И. фон Страленбергтің өзі де зерттеулерінің
қорытындысын және жазулардың көшірмелерін жариялады. Оқылудың әртүрлі
жолдары ұсынылғанмен, қандай да бір ақырғы қорытынды шығаруға деректер әлі
аздау болатын, себебі Минусинск аймағынан табылған бұл жазулар үзік-үзік
және соған сәйкес жарияланған мәліметтердегі көшірмелердің көрінісі тым
қысқа-қысқа және жазулардың өзі жартылай өшіп қалған болатын.
1889 жылы Н.М. Ядринцевтің Монғолия далаларынан тапқан жазулары Көне
жаулардың толық сақталған және көлемді үлгілерін ғылыми ортаға әкелді. Енді
бұл жазуларға қарап, оның дыбыстық құрылысы мен грамматикалық табиғаты
жөнінде айқын қорытындылар жасауға болатын еді. 1893 жылы дат  филологі В.
Томсен (Дания) бұл жазуларды оқудың кілтін тапты. Келесі жылы-ақ В.В.
Радлов Орхон жазуларының оқылуын және аудармаларын жасады, 1895 Енисей
жазуларының да оқылуы мен аудармалары жарыққа шығарылды.

Көне түріктердің деректі қоры.Дала жазуларының тарихы б.з.б. 8
ғасырларда көшпенділер даласына Брахми және Кхарошхи жазулары таралған.
Бұлар Көне Үндістаннан келген. Ғұн заманынан қалған қысқа жазуларды оқу
мысалы, Қытай жазбаларындағы шаньюй (Моде шаньюй) деген сөздің Ғұн
тілінде Сеңгір деп дыбысталатынын анықтап берді. Бұл – биік, асқақ,
жоғары деген мағына береді де қазіргі Түркі тілдерінде, мысалы Қазақ
тілінде Сеңгір таулар, Заңғар көк сияқты тіркестерде кездесіп отырады.
Көне Қытайлықтардың б.з.б. дәуірлердегі Хунну жазуы деп отырғаны осы
жазу. Кейін б.з.б. 3 ғасырлардан бастап далалыққа Соғды жазулары тарады. 
Ол ежелгі Қаңлы мемлекетінде б.з.б. 3 және б.з. 5 ғасырлары аралығында
кеңінен қолданылған. Мысалы қазіргі Қазақстанның өңтүстігінен табылып
отырған Күлтөбе жазулары б.з.б. 2-1 ғасырларға жатады. 
Көне Түркі жазулары негізінен 6-10 ғасырлар аралығында Ұлы Түркі қағандығы
және Көк Түркі қағандығы, Хазар қағандығы кезінде қолданылған. Таралу
аймағы Монғолия-Сібір далаларынан Тибет жеріне дейін және Еуропадағы
Венгрия, Чувашия аймақтарына дейін кездесіп отырады. Көне Түркі жазуларының
орнына далалыққа көне Ұйғыр жазулары келді. Бұл жазуларды кейде манихей
жазулары деп атайды. Оның таралуы Манихей дінінің таралуына байланысты
болды. Кейін бұл жазуларды Ислам дінінің ықпалымен енген Араб жазулары
ығыстырып шығарды. Кейін осы Араб жазуларының орнына қазіргі Түркі
халықтары Латын және Кирилл әліпбилерін қолданады. Біртұтас мемлекет
тарихын бейнелейтін түркілік руникалық жазуларды тілдік, әдеби, тарихи және
саяси-этникалық жақтан жан-жақты зерттеу үшін көне мұралардың географиялық
жағдайын жетік меңгеруіміз керек. Сонымен қатар, қазақ халқының көне мәдени
ошақтары мен тарихи орындарын анықгау, оның мәні мен мағынасын, құпиялы
ішкі сырын білу тек жекелеген зерттеуші ғалымдардың ғана емес, ол
мемлекеттің алдында болашақ ұрпағы үшін міндетті түрде шешімін табатын
проблема болуы керек.Қазақстанның орталық және оңтүстік өңірлерінен
табылған тарихи жазба мұралар казіргі уақытта облыстық мұражайлар мен
арнайы тарихи ескерткіштерді сақтау, қорғау орындарында мүлдем жоқтың қасы.
Ал соңғы жылдары Талас өзені аңғарлары мен сол аймақтағы таулы-қыратты
жерлерге экспедициялар ұйымдастыру мәселесі мүлдем назардан тыс қалып
қойған. Қазіргі Тараз қаласы мен оның оңтүстігіне, Алатау мен Каратау
бөктерлеріне, Орталық Қазақстандағы Ұлытау мен Болаттау аймақтарына арнайы
зерттеу жұмыстарын жүргізетін шағын экспедициялық топ құрып, көне
жазбаларды іздестірсе, ұрпақ білсін деген ниетпен ата-бабаларымыз қалдырып
кеткен жазу-сызулардың каншасы табылар еді. Бұған айқын мысал ретінде XIX
ғасырдың екінші жартысынан бастап XX ғасырдың 70-ші жылдарына дейінгі
аралықта іздестіру нәтижесінде табылған жазбаларды айтуға болады.

Көне түркілердің жазба мәдениеті

Әрбір дәуірдің елеулі, кезеңді оқиғаларын заманының белгілі ақын-
жазушылары дастан-жырларға, ойшылдары тарих-шежіреге айналдырып, шеберлер
сәулет өнерінде бейнелеп қалдырған.Тек түркі халықтары мәдениетінің ғана
емес, сонымен бірге бүкіл дүние жүзі мәдениетінің тарихында елеулі орын
алатын ондай ескерткіштердің мәні өте зор. Сондай құнды рухани мұралардың
қазақ жерінде де
көптеп жасалғандығы біздің халқымыз үшін үлкен мақтаныш.
Ежелгі мәдениет ескерткіштерінің ең бір кереметі, бүкіл әлемге әйгілі
болған ақын тас, жыршы тас – Орхон ескерткіштері (VІІІ ғ.). V-IX ғасырларда
түркілер қоныстанған Алтай, Сібір, Орта және Орталық Азия жерінде жазу,
сызу, егін, әдебиет өнері, тарих ғылымдарының, діни сенімдердің, Орхон
жылнамасы мен Талас аңғарынан табылған ескерткіштері айғақ. Орхон-Енисейден
табылған уақыт түркі тілдерінің даму тарихындағы Көне түрік дәуірінде сай
келеді. Шығыс Түркі құрамында өмір сүрген тайпалар осы Орхон – Енисей
жазуын қолданып, осы жазу тілінде сөйлеген. Орхон-Енисей жазу
ескерткіштерінің ең көп табылған жері
Тегінде Орхон жазуының негізгі түрлері құлпытастарға ойылған жазба
түрінде сақталған, әсіресе түркі қағандары Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөк
(VII-VIII ғасырлар) басына қойған құлпытастарға өте мәнерлі жазу қолданған.
Бұларды тасқа жазған кітап деп айтуға да болады.
Орхон жазуының ең ескі үлгісінің бірі- Талас жазулары- V-VII
ғасырдардың мұрасы болып табылады. Бұл жазуларды көп зерттеген ғалым С.Е.
Малов: Енисей жазулары қазіргі қазақ сөздерінің ертедегі төркіндерін білу
үшін бере алады десе, В. Носиловтың айтуынша: Түркі тілдерінің сөз
тізбектері Орхон-Енисей ескерткіштерінде-ақ қалыптасқан-, деп айтқан
болатын.
Тілдік құрылысы жағынан ескерткіш жазуы ескі қазақ тіліне мүлде
жақын. Сөйлемі мен сөз тіркесін ұғуға өте жеңіл.
Көрұр көзұм көрмез тег, білір білігім білмөз тег ( көрер көзім
көрместей, білгір ақылым білместей); Тәңри йарылқазу (тәңір жарылқасын)
және т.б. Бұл сөйлемдер түркі тілдес халықтарға түсінікті және құрылысы
жағынан көп өзгешілігі жоқ. Қазақтың қазіргі сөйлеу тілінен де алшақ емес.
Профессор С. Аманжоловтың айтуынша: Қазіргі дулаттар- V-VIII ғасырлардағы
ежелгі Орхон-Енисей түркілерінің тікелей ұрпақтары, дейді. Түркі
қағанатының кезінен бері қарай сақталып келген әр түрлі жазба
ескерткіштердің Орта Азия мен Қазақстан халықтарының тіл тарихы мен әдебиет
үшін маңызы өте зор. Жазба ескерткіштерді оқу, аудару, жариялау зерттеу
ісімен шұғылданған В. Томсон, В. В. Радлов, П.М. Мелиоранский, С. Е. Малов
сияқты ғалымдар түркі тектес халықтардың мәдениеті тарихында бұл
жазбалардың маңызы ерекше екендігін ескертеді.
– Орхон, Енисей, Селенгі және Талас бойы.Орхон-Енисей жазуы өзінің
жазу ерекшеліктері мен қолдану өрісіне сай Орхон-Енисей және Талас жазуы
делініп екі топқа бөлінеді.Енисей жазба мұралары. Олардың бұлайша аталуы
тас бетіндегі сына жазуларының Енисей

бойынан табылумен байланысты. Бұған қосымша кейіннен Тува мен Хакасия
Краснояр өлкелерінен де осындай жазбалар табылған. Енисей жазбаларының
жалпы саны - 85 шамалы. Олардың ішінде кіші – гірім жазбалармен қатар ірі
тестер кездеседі. Енисей ескерткіштері көлемі жағынан негізінен шағын болып
келеді. Ең үлкен 10-15 жолдан, ең кішісі 1-2 жолдан ғана тұрады. Қолданылуы
жағынан Енисей ескерткіштері – ескі түрік жазуының алғашқы шығып
қалыптасқан, тараған нұсқасы. Бұл жазу біртіндеп Орхон өзені, одан Талас
өзені өңіріне тарады. Бұл тұжырымның шындыққа жанасымдылығы жеке
таңбалардың жазылу тәсілі мен жетілдірілуінен де байқалады. Енисей жазба
ескерткіштерінің ең көне түрлері Минусинск ойпатынан табылған. Бұл жазбалар
түркі халқы белгілі мөлшерде отырықшы болып, металл өңдеушімен
айналысқанын, мәдениетті ел болғанын көрсетеді.Орхон жазуы көне түркі
мұраларының ішінде қазіргі түркі тектес халықтардың бәріне ортақ көне түркі
әдеби тілінде жазылған. Ол кезде сонау Cібірден бастап Орта Азия мен
Қазақстан аймағы тұтастай Түркі қағандығының қол астына қараған болатын.
VI ғасырдың ортасында қазіргі Солтүстік Монғолия жерінде бас құраған түркі
қағандығы сол ғасырдың аяқ шенінде батысы Каспий теңізіне, шығысы Корей
бұғазына дейінгі аралықты аралық алып жатқан ұлы империяға айналды. Кейін
келе Батыс Түркі және Шығыс Түркі қағандығы деп аталатын екі үлкен
қағандыққа бөлініп кеткені белгілі. Солай бола тұра, V-VIII ғасырларда
жартастардың беттері мен тас мүсіндерге сондай-ақ кейбір ыдыстардың желгі,
түбі және қабырғаларына ойылып жазылған көне түркі жазбаларының ішіндегі ең
маңыздысы – Орхон жазба мұралары. Орхон өзенінің бойынан табылған бұл
ескерткіштердің ішінде тасқа қашалып жазылған 3 тарихи мұра ерекше
аталады. Оның біріншісі - 731 жылы өлген хан інісі Күлтегінге, екіншісі –
735 жылы өлген Білге қағанға, ал үшіншісі – Тоныкөкке арналған
ескерткіштер. Тоныкөк туралы Копенгагиндік профессор В. Томсен мен Клеменц
ханымның еңбектерінен мынадай мағлұмат ала аламыз: Орхон жазбаларында
көрсетілгеніндей, Тоныкөк деп табылған ескерткіште ол – үш ханның ақылшысы
және Білге қағанның құдасы болған адам. Қытай жазбаларында Тоныкөк жайлы
716 жылы айтылған. Елтерістің патшалық құруында оның қосқан үдесі туралы
Қытай және Тоныкөк жазбаларында толық көрсетілген. Көне түркі жазбаларын
кейде руна жазулары деп атайды. Оның себебі: Сібірде айдауда жүрген швед
офицері Страленберг пен неміс ғалымы Д.Г. Мессершмидт кездестірген
құлпытастардағы өзі түсінбейтін жат жазуды өз елінің тілінде руна жазуы
деп атаған еді.

Бұл сөз термин ретінде бертін келе кеңінен таралып кетті.Орхон
ескерткіштері оқиғалар мерзімі, жазу стилі жағынан ескі түркі жазуының
соңғы – жаңа дәуірін танытады. Оның бер жағында Орхон жазуы, сірә, халық
арасына кеңінен тараған болу керек. Күлтегін ескtрткіштерінде мынадай
сөйлемдер кездеседі: Түркі салқын тиып, ел еткендеріңді де мұнда бастым,
жаңылып кеткендеріңді де мұнда бастым. Барлық сөзімді айтар мәңгілік тасқа
бастым, бұдан қарап біліңдері түркінің қазіргі халқының бектері -
дейді.Орхон жазбалары осы жағдайлардың тамаша көрінісін берген. Бұл жерде
бұрын өз мемлекеті болған түркілердің қытайлардан жеңіліп, шамамен 50 жыл
бойы қытай билігінде болып, кейбір княздар қытай титулдарын қабылдап,
түркі бектері болудан қалғандығын айтады. Сонда жай халық: Менің өзімнің
ханым бар, мемлекетім бар халық едім, енді менің мемлекетім қайда, халқым
қайда? - дей ойсырып, қытайларға шығады. Бұдан біз арасындағы күресті,
ханның халық өкілі ретінде күрес жүргізгендігін көреміз.Орхон жазбаларында
әскери күш және әскери рух қаншалықты дәріптеліп отырғанына қарамастан
одан адамшылққа жат пиғыл кездеспейді, мәдениетті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
КӨНЕ ТҮРКІ РУНА ЖАЗУЫНЫҢ ҚАЗАҚ ТАҢБА-БЕЛГІЛЕРІМЕН ҮЙЛЕСІМДІЛІГІ
Көне түркілердің діні, наным – сенімдер және салт-дәстүрлері
Қазақ - түркілердің материалдық мәдениетінің сабақтастығы
Түркі руна жазбалары тұңғыш рет тұтастай зерттелінді
Түркілердің сенім негіздері
Түркі мәдениетінің өзіндік ерекшелігі
Орталық Азия халықтарының өзара байланыстары және түркі жеріндегі Ислам дініне дейінгі діндер
Түркілер дүниетанымы
Көне түріктердін Ұмай анаға табынуы
ОРХОН, ЕНИСЕЙ, ТАЛАС ЕСКЕРТКІШТЕРІ ТІЛІН ЗЕРТТЕУДІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Пәндер