Рим құқығындағы 12 кесте заңдары



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

І. Рим мемлекетінің құрылуы
1.1. Рим мемлекетінің пайда болуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2. Римнің патшалық кезеңдегі саяси құрылысы ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.3. Рим халқының құқықтық жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7

ІІ. Рим мемлекетінің 12 кесте заңы
2.1. 12 кесте заңының жалпы сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
2.2. 12 кесте заңының нормаларын құқық салаларына қатысты талқылау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
2.3. 12 кесте заңы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
Рим мемлекеті өзь кезіндегі ең ірі және ең мықты мемлекеттердің бір болған. Рим мемлекетінің тарихын оқи отырып, біз бүгінгі күндегі мемлекеттер Рим мемлекетінің құрылымынан, саяси жүйесінен өзіне көп нәрселер алғанын көре аламыз. Рим патшалық, аристократиялық республикалық және империялық кезеңдерінде болсын кез-келген мемлекетке өзінің мемлекеттік құрылысына алуға үлгі бола алатын.
Рим –өз мәдениетін былай қойғанда, әлемді өзінің құқығы арқылы аузына қаратқан қуатты империя екендігін айта кеткен жөн. Елдегі атақты заңгерлер, өкімді императорларының арқасында объективті құқықты қалыптастыра білді. Тәріп пен қатал ережеге негізделген құқық осы мемлекетте ерекше ортаны қалыптастыра білді.
Осы құқық кодификацияларының ішіндегі ерекше құқықтық акт болып табылатыны – 12 кесте заңы екендігі бізге айқын.
Осы курстық жұмысымда мен, 12 кесте заңының шығу тегін, реттеу объектілерін, басқа құқықтық кодификацияларымен салыстырғандағы ерекшеліктерін баяндауды мақсат тұтып отырмын.
Меніңше, кез келген мемлекетте адамдардың құқықтары мен бостандықтары қатаң түрде қорғалу үшін ең біріншіден нақты қатынастарды реттей алатын үлкен күш керек, тиісінше бұл күш – заң болып табылады.
Осы мақсатты өз кезегінде – 12 кесте заңының орны ерекше болып табылатыны айқын.
1. Мұхтарова А. Қ. Шетелдердің мемлект және құқық тарихы. – Алматы, 1999.
2. Римское право. И.Б. Навицкий. Москва 1998г.
3. Очерки по истории Римской империи. Р.Виппер. изд. "Феникс" 1995 г.
4. В.М. Хвостов. История римского права. 1999 год.
5. Всеобщая история государства и права. Учебник под ред. К.И. Батыра. – Москва, 1998.
6. Всеобщая история государства и права. К.И.Батыр. Москва,1995.
7. Всеобщая история государства и права. Черниловский.З.М. Москва,1998.
8. Хрестоматия по всеобщей истории государства и права. З.М.Черниловский. Москва,1996.
9. Хрестоматия по всеобщей истории государства и права. Том 2. Алматы,1996.
10. Всеобщая история государства и права. К.И.Батыр. Москва1998,г.
11. Всеобщая история государства и права. Д.Л.Булгакова, А.Ж. Итаев. Алматы,2000.
12. Хрестоматия по всеобщей истории государства и права. 2 том,/Сост. Е.Г.Ли, В.В.Нездемковский, М.Е.Сагинаев. Алматы,2001.
13. “История государства и права зарубежных стран” под редакцией П.Н. Галанза. М.,1963.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Курстық жұмыс

Тақырыбы: Рим құқығындағы 12 кесте заңдары.

Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

І. Рим мемлекетінің құрылуы
1.1. Рим мемлекетінің пайда
болуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2. Римнің патшалық кезеңдегі саяси
құрылысы ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.3. Рим халқының құқықтық
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7

ІІ. Рим мемлекетінің 12 кесте заңы
2.1. 12 кесте заңының жалпы
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
2.2. 12 кесте заңының нормаларын құқық салаларына қатысты
талқылау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...13
2.3. 12 кесте
заңы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 16

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..24
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..25

Кіріспе.

Рим мемлекеті өзь кезіндегі ең ірі және ең мықты мемлекеттердің
бір болған. Рим мемлекетінің тарихын оқи отырып, біз бүгінгі күндегі
мемлекеттер Рим мемлекетінің құрылымынан, саяси жүйесінен өзіне көп
нәрселер алғанын көре аламыз. Рим патшалық, аристократиялық республикалық
және империялық кезеңдерінде болсын кез-келген мемлекетке өзінің
мемлекеттік құрылысына алуға үлгі бола алатын.
Рим –өз мәдениетін былай қойғанда, әлемді өзінің құқығы арқылы аузына
қаратқан қуатты империя екендігін айта кеткен жөн. Елдегі атақты заңгерлер,
өкімді императорларының арқасында объективті құқықты қалыптастыра білді.
Тәріп пен қатал ережеге негізделген құқық осы мемлекетте ерекше ортаны
қалыптастыра білді.
Осы құқық кодификацияларының ішіндегі ерекше құқықтық акт болып
табылатыны – 12 кесте заңы екендігі бізге айқын.
Осы курстық жұмысымда мен, 12 кесте заңының шығу тегін, реттеу
объектілерін, басқа құқықтық кодификацияларымен салыстырғандағы
ерекшеліктерін баяндауды мақсат тұтып отырмын.
Меніңше, кез келген мемлекетте адамдардың құқықтары мен бостандықтары
қатаң түрде қорғалу үшін ең біріншіден нақты қатынастарды реттей алатын
үлкен күш керек, тиісінше бұл күш – заң болып табылады.
Осы мақсатты өз кезегінде – 12 кесте заңының орны ерекше болып
табылатыны айқын.

І. Рим мемлекетінің құрылуы

1.1. Рим мемлекетінің пайда болуы

Рим мемлекетінің әлем тарихинда алатын орны өте үлкен және ол
әрқашан өзінің мемелекеттік, қоғамдық, әлеуметтік және өзінің құқықтық
жүйесімен талай тарихшылар мен саясаткерлерді таң қалдырған болатын.
Тарихшылардың айтуы бойынша Ежелгі Рим мемлекетінің пайда болуы б.д.д.
VIII ғасырымен байланысты. Басында ол тек Тибр өзенінің бойындағы кішкене
ғана жер өңдеушілердің көшелері тар, кішкентай поселкесі болған. Кейін онда
тас фундаменттер пайда болып, кейін ғана б.д.д. VI ғасырдан бастап туфтен
жасалған үйлер құрыла бастады.
Б.д.д. VIII ғасырда римдіктер халықтарға (генсалар), одақтар
(куриялар) және төрт тайпаға: рамн, тици және люцерлерге бөлінді. Қаланың
басшысы рекс немес патша болды. Жалпы Римде жеті патша болды – Ромуладан
бастап Тарквиний Гордыйға дейін. Осы кезеңде Римде Патшалық кезең басталды
деп есептеледі. Археологиялық қазбалар сол кездегі Рим халқының мүліктік
қындылықтарын тапқан болытын.
Көптеген тарихшылар Рим мемлекетінің өмір сүруін бірнеше
кезеңдерге бөледі. Б.д.д. 509 жылы соңғы патша Тарквиний Гордый билігі
құлатылып, қаланың басшысы болып консул Юний Брут сайланды. Осы кезде
патшалық кезең аяқталып, республикалық кезең басталды. Және ол 500 жылға
дейін созылды. 27 жылдан бастап 476 жылға дейін Рим империялық кезеңді
басынан өткерді, өз кезегінде ол империялық кезең принципат және доминат
кезеңдерімен жалғасты.
Л. Морганның айтуы бойынша ежелгі римдің қоғам өз құрылысы бойынша
әскери демократияға жатады екен. Олар бұл кезеңде жер өңдеуімен, мал
шарушылығымен және метал өңдеумен айналысқан. Көшпелі өмір патшалалық
кезеңде аяқталған болатын. Бірақ бұл Ежелгі Римнің құрылымы әскери
демократия сипатында болуына әсер еткен жоқ.

1.2. Римнің патшалық кезеңдегі саяси құрылысы
Римнің патшалақ кезеңдегі қоғамдық құрылысы біртекті болған жоқ.
Текті рулар, аристократты-патрицийлер болды. Осылардың қатарынан әскери
басшылар және қалалық магистраттар шыққан. Бара-бара аристократтар құлдарға
ие бала бастады, кейін оларда өздеріне тәуелді клиентеллалары болды.
Нақты бір күндері рулар, куриялар, тайпалар, ал кейінірек
тайпалардың одақтары жиналып қоғамдағы мәселерді шешетін: әртүрлі даулар,
қылмыстық істер және т.б.
Барлығы 300 ру болды, әр тайпада 100 рудан. 10 ру бір курияны
құраған болатын. Мұндай ұйым бүгінге дейін ғылыми даулардың объектісі
болуда. [1]
Ру мен тайпа мүшесі ретінде римдік азамат-патрицийлер: 1)өзіне
бөлініп берілген және жер жалпы меншіктің иесі болды; 2) мүлікті
мұрагерлікке алуға құқығы болды; 3) рудан өзіне көмек көрсетуді талап ете
алды; 4) жалпы діни мейрамдарға қатыса алды. Сол уақытта ру, курия не қауым
әр азаматтан өзінің әскери және өзге де міндеттемелерін орындауын талап ете
алды.
Рулардың басшылары ақсақалдар кеңесін құрған немесе оны сенат
деген, кейіннен сенат үкіметтік билік ұйымына айналды. Әрбір рудың аты
болды. Рудың басшысы ақсақал кеңесіне, атап айтқанда сот қызметін жүзеге
асыратын санаға енді. Ең басында Рим қауымы 300 рудан тұрғандықтан, ежелгі
сенат 300 сенатордан тұрды. Сенатта әрбір істі алдын-ала тексеруге құқығы
болды және олардың шешімі кейін халық жиналысына салынды. Сенат Римді
басқарудың ағымды жұмыстарымен айналысты. Сенат патшалар кезінде халық
жиналысы ретінде де қызмет етті, онда оларды куриялардың жиналасы деп
атады. Куриялар бойынша дауыс беру жүзеге асырылды. Сенат өмірлік көсемді
сайлады. Рим қауымының азаматтық басшысы және бас қолбасшысы рекс деп
аталды – патша. Рекс сайланбалы және халыққа бағынышты лауазым болған.
Патша сенаттың төрағасы болып, бүкіл қауым атынан құдайға құрбандық береді
және “легиондарды” басқарады ең маңызды мәселелер курияның, рудың халық
жиналысында қойылып отыратын.
Халықтың ең ауқатты бөлігінен тұратын бірінші топтың
жүздіктеріндегі адам саны небары он шақты еді. Керісіше, соңғы топ
жүздіктерінде азаматтардың саны жүзден едәуір асып, ал ақырғы центурияда 4
мыңға дейін жетті. Сонымен дұрыс шешілсе, 1 топ шешімі дұрыс және қуатты
болып шығады. Олар 193 дауыстан 98 дауыс береді. Басқа топтар дауыс беруге
қатыспаса да болатын, өйткені олардың дауыстарының ешқандай қажеті жоқ еді.
Рим халқының жалпы жиналысы әскери жиналыс болып саналатын және ол
Римнің әскери күшін байқатудың бір құралы болды деуге де болады. Жиналыс
өз құрылымдары бойынша құрылды және дауыс берді.
Ежелгі кезден бастап Рим территориясында азаматтар емес – плебейлер
тұрған болатын. Плебейлер өз табиғаты бойынша кедейленген адамдар болған,
олар Рим байларына қызмет етіп, нақты бір шарттарда жер учаскелерін алып
отырған. Плебейлердің көбі қолөнер және саудамен айналысқан. Бірақ уақыт
өте бара плебейлер саны көбейіп, олар патрицийлерге қарсы тұратын үлкен
саяси және экономикалық күшке айналды. Римнің саяси тарихы плебейлердің
патрицийлермен тең болуға ұмтылған соғыстарымен белгілі. Патрицийлерге
қарсы плебейлер күресінің ең ірі нәтижесі рулық-тайпалық қатынастардан құл
иеленушілік мемлекет құру болды. Олардың құқықтары шектелген балатын.
Оларға патрицийлермен неке қиюға, жер сатып алуға, әскерге қатысуға
болмайтын. Өздерінің жағдайларын жақсарту үшін плебейлер патрицийлермен
күресті. Плебейдің жеңісі екі рулық құрылысты өзгертті де, оның орнына
мемлекет құрды. Мұның ішінде рулық аристократия мен плебей кешікпей мүде
жойылып кетті.

1.3. Рим халқының құқықтық жағдайы
Сервий Тулий реформалары плебейлерге жаңа құқықтар бергенімен,
олар толығымен патрицийлермен теңескен жоқ. Плебейлерге жер беру мәселесі
патрицийлерге қарағанда шектелмелі болды, және ол Римнің Италияны жаулап
алып, жаңа жерлер қосылысған соң бұл мәселе күшейе бастады.
Сонымен қоса қарыздық құлдылықты жоятын механизмдер керек еді. Осы
және жаңа жаулап алған жерлерді алу плебейлер мүдделеріне жағымды болушы
еді. Міне осындай мәселелерді шешу үшін плебейлерге саяси құқықтар керек
еді. Осыған байланысты соңғы екі жылға созылған күрестер нәтижесінде
плебейлер өз талатарының бәрін қанағаттандыра алды, соның ішінде: 1)
плебейлерді патрицийлер езуінен қорғайтын плебейлік магистратура – халықтық
трибунат құру; 2) патрицийлермен тең дәрежелі жерге деген құқық; 3)
патрицийлік соттардың кемсітушілігінен қорғау; 4) б.д.д. 445 жылы
Канулейдің заңы қабылданған соң плебейлер мен патрицийлер арасында неке
құруға рұқсат етілді; 5) басында кейбір, кейіннен барлық мемлекеттік
қызметпен айналысу, соның ішінде әскери қызметпен. Б.д.д. 409 жылы
плебейлерді квестор етіп сайлайтын болды. Кейін олады 367 жылы – консул,
364 жылы – куриль эдилі, 366 жылы – диктатор, 351 жылы цензор, 337 жылы
претор ертінде сайлап қоятын балды. Б.д.д. 287 жылдан бастап плебейлік
жиналыстар шешімі барлық римдік азаматтарға міндетті болды, оларды барлығы
орындауға міндетті болды. Сонымен қоса, плебейлер жиналысының шешімдерін
сенаттың бекітуі керек емес болды.[2]
Рим халқының төменгі жігі құлдар болды. Бұлардың көбі соғыс
тұтқындары болды. Басқалары көршіліес тайпалардан немесе осында келген құл
сатушылардан сатып аланатын. Құлдарып отырудың маңызды көзі – кіріптарлық,
құлдық болды.
Рим республикасының тарихы 500 жыдан асады. Бірақ Римде република
құрылғанымен, қоғамдық құрлыста айтарлықтай өзгерістер бола қойған жоқ. Рим
ерте республикалық кезеңде полис, яғни, еркін құл иеленушілік сипатындағы
азаматтық қауым болып қалды. Рим халқы егіншілікпен, мал шаруашылығымен
шұғылданды. Римдіктер астық дақылдарын, жүзім, зәйтүн егіп, өсірді, бақша
шаруашылығымен шұғылданды. Диқандар темірді еңбек қаруы ретінде қолданды.
Олар ірі және ұсақ қара мал, шошқалар өсірлі.
Өнер мен сауданың дамуы Рим плебейлердің жіктелуіне әкеп соқтырды.
Плебейлер арасында өнер-сауда шонжарлары шықты. Екінші жағынан плебейлер
саны өсті. Плебейлер патрицийлермен нарықтық тұрғыда күресі жер үшін
күрес болды. Плебейлердің дербес ұйымдар құру құқығы танылды. Трибундар
сенат пен магистраттардың мүдделеріне қайшы келетін шешімдеріне тыйым
салу құқығына ие болды. Сонымен олардың міндеті патрициан магистраттары мен
сенаттың жүгенсіздігінен қорғау болды. Алғашында екі трибун, содан соң 4,
ал кейінірек 10 трибун сайланды.
Б.д.д. 449 жылы 12 тақтаға ойылып жазылған заң форумға қойылды.
Атам заманғы патрицийлермен қатар Римде ерікті халықтың қатарында плебейлер
де пайда бола бастады. Плебейлер патрицийледің рулық бірлестіктеріне
кірген емес. Ежелгі заманда жер иеленуге құқықтары болған жоқ. Плебей
азаматтық құқықтыаға көп қолжеткізе алмады. Бірақ уақыт өткізе оларды Рим
әскери жасағы құрамына енгізетін болды. Плебейлердің салық төлеп, әскерге
қызметке араласуы нақты көрініске айналды. Міне осының бәрі Рим халқының
құқықтық жағдайына үлкен өзгерістер енгізді.

ІІ. Рим мемлекетінің 12 кесте заңы

2.1. 12 Кесте заңының жалпы сипаттамасы.
Римдік құқықтың алғашқы құқығы Б.з.д. 5 жүзжылдыққа тән болды. Ол "12
кесте заңы" деген атпен белгілі болды.көптеген ғасырлар бойы "12 Кесте
заңдары" жеке және жария құқықтың (fons omnіs publіcі prіvatіque jurіs)
қайнар көзі болып табылды.
Өз аттарын заңдар қалалық алаңға орнатылған 12 ағаш тақтайына
жазылғандықтан ие болды. Сондықтан да ешкім заңдарды білмеймін деп жалтарта
алмайтын еді. Кейбір мәліметтер бойынша Азаматтар қатарына қосылмақ болып
отырған жас өспірімдердің барлығы заңдарды жатқа білуі тиіс еді. Ол кезде
қоғамда азамат өзінің функциясын, сот функциясын атқара алмайды деген
түсінік жүрді.
12 Кесте заңдары өзінің жазылуы бойынша әдеттік құқық жазбасы болды.
Оған көбіне плебейлер мүдделі еді (патриции соттарының басынушылықтарынан
қорғану үшін). Кодификация олар үшін патрициилермен бір дәрежеде теңесудің
маңызды бір этабы болды.[3]
Заңдардың өзі бізге жетпеді. Олардың тек үзінділері ғана белгілі және
олардың өздері ертедегі, авторлардың, әсіресе заңгерлердің – Цицеронның,
Ульпианның, Гайдың және т.б. еңбектерінде сақталған.
Осы қайнар көздердің арасында Б.э.д екінші ғасырдың заңгері,
"Институция" – римдік заңгерлер мектебінің оқулығының авторы Гайдың
шығармалары ерекше орын алады. Оны тарихшы Нибур 1816 жылы Верон деген
итальяндық қалада тауып алған. Гай "институциялары" боголовтык текстің
мазмұнынан табылған.
Қала деген мағынаны білдіретін "цивитас" сөзінен кесте заңдарын
"цивильді" деп атады, яғни осы топқа жататын азаматтарды көрсетті.
Цивитас сөзінен бүгінгі күнге дейін өмір сүріп келе жатқан, азаматтық
құқықты білдіретін "цивилистика" термині өмір сүруде. Азаматтық құқық
мүліктік қатынастарды реттейтін институттар жиынтығы.
12 Кесте заңының ең басты сипаты ретінде оның заттарды екі топқа
бөлуін айтуымызға болады. Бірінші санаттағы заттардың қатарына жер, құлдар
және скот жатты. Екінші санатқа – қалған заттардың барлығы тиесілі болды.
Мұндай бөлудің практикалық маңызы ретінде мүлікті сату, сыйлау және
т.б. кезіндегі тәсілден көрініс тауып отырды. Біріншісі res mancіpі (рес
манципии), екіншісі – res nes mancіpі (рес нек манципии).
Жерді, құлды тану қатаң сақталған нысанда жүргізілуі тиіс еді.
Бұл сөз manus – қол деген сөзден келіп шығады. Алғашқы меншік туралы
ұғым затты иелену деген сөзден келіп шыққан. Осыдан "манус" келіп шыққаны
анық.
Манципация келесідей жолмен жүргізілді. Сатушы мен сатып алушы (егер
анағұрлым көп кездесетін жағдайды алар болсақ) бір мүлікті сату үшін
кемінде бес куәгер мен бес таразыны ұстап тұратын адамды шақырулары керек
болды. Сатып алушы (иеленуші) өзі сатып алған құлға қолын тигізіп, былай
деді: "Мен квириттер құқығы бойынша, мына зат (мәселен құл дейік) маған
тиесілі және мен оны мына мысқа сатып алдым",- дейді.
Мыс құйма таразыға лақтырылды, бұл өз кезегінде ақша төлеуді
білдіреді. Бұл дәстүрде адамдар ақша санай алмайтын және саудада екі ортада
белгілі бір салмағы бар металл жүретін кезді еске түсіреді. Бұл
көргенімізден манципация әдет-ғұрпы айыппұлды 12 Кесте заңынан бұрын
білетінін көре аламыз.
Сатып алу кезінде бір сөзді жіберіп қою, немесе болуы тиіс бір
куәгердің болмауы немесе әдет-ғұрыпта тағы бір нәрсені қарастырмау, ақша
төленіп қойғанның өзінде мәмілені жарамсыз деп тануға негіз болды.
Бұл жерден біз бүкіл Кестенің заңдарынан өтетін қатаң түрдегі құқықтық
формализмді көре аламыз.
Куәгерлердің қатысуы, сонымен қатар манципацияның басқа шарттары да
әдет-ғұрыптың маңызды бір шарты. Олар екіжақты роль ойнады. Мәміленің әрбір
фактісін және әрбір жағдайын еске сақтай отра, куәгерлер қажет болған
кездің барлық кезінде оны куәләндыруға міндет алды, сонымен қатар бұлар
бұрын өмір сүрген қауымның бақылауын еске салатын болып табылды. Оның
құқықтары оңай түсіндіріледі. Республиканың алғашқы ғасырларының барлық
кезеңінде римдік жерлер (одан соң итальяндық жерлер де) ұжымдық меншік
болып саналды және тиісінше – ортақ алаң деп аталды.
Алғашқы кездері құл иеленушілік те ұжымдық болып танылды. Антикалық
меншік деп атлуы керек мұндай меншік түрлері ұйымдысудың нәтижесінде – шарт
жолымен немесе жаулап алу жолымен – бірнеше тайпаның көршілес жатқан бір
тайпаның жерлерін жаулап алудан келіп шыққан. Антикалық меншіктің ең басты
атрибуты ол – құлдық.
Жылжитын, сонымен қатар жылжмайтын иеншік бұл жағдайларда жалпы меншік
нысанынан тәуелсіз, бағынбайтын меншік түрінде дамиды. Антикалық меншік –
бұл "мемлекеттің белсенді азаматтарының бірлескен жеке меншігі, және бұл
азаматтар құлдардың алдында мұндай ассоцияцияны сақтап қалуға мәжбүр болып
табылады". Антикалық меншік мемлекетік меншік нысанында болды, бұл өз
кезегінде жеке адамның құқығы тек иелену құқығымен байланысты болды. Нағыз
жеке меншік барлық елдердегідей, римде де тек жылжитын мүлік пайда
болғаннан кейін ғана белгілі болды.[4]
Әрбір римдік отбасы жерді өңдеу үшін белгілібір жерлерге ие болды. Ол
берілген үлестер жетпей қалып жатқанда, ешкім өңдемеген жерлерді басып
алуға рұқсат етілді. Екі жыл өткеннен кейін жер заңды иелік болып табылды.

Неліктен "рес манцияның" құрамына жұмыс құрал-саймандары және
басқалары енбеген деген сұрық туындап отырады. Біріншіден, бұл құрал-
саймандардың –жеке қолданылатын мүлік болып табылды, екіншіден, көрсетілген
заттар оңай қолға түсімді болды және салыстырмалы түрде күрделі емес болып
танылды.
Бұдан көріп отырғанымыздай: жер ортақ меншік болып табылады, және
қауым онымне байланысты барлық мәмілелерді қадағалап отырды, бірақ бұл
бақылау тек формальді болды. Нақты түрде онымен басқаруды жеке тұлға
иеленетін еді. Бұл айтылған құлдарға да қатысты болды.
Барлық басқа заттар – қаншалықты бағалы болмағанына қарамастан, қолдан
қолға еркін өтіп жүрді.сондықтан да олар туралы: "манцияпацияны керек
етпейтін заттар"- "рек нек манципи" деп аталды.
12 Кесте заңдарында көрсетілген Қарызды құлдық өзінің ерекше
қаталдығымен ерекшеленді. Қамтамасыз ету құралы болып борышқордың "қаны мен
еті" табылатын заем шарты Римде nexum - (нексум) "кабала" деп аталды.
Жасасу тәсілі бойынша нексум манципацияға (куәгерлер, мыс пен формула)
ұқсас болды. Төлем төлеу уақытын өткізіп алғаннан кейін несие беруші соттың
ақтауын қолдана отыра, "борышқорға қол сұқты". Несе берушінің үйінің
үңгіріне қамалған борышқор алаңға достарынан және өзінің туысқандарынан
көмек сұрап үш рет шығарылатын еді. "Үшінші күні борышқорлар өлім немесе
шетелге сатылу үшін шығарылды, бұл негізінен құлдықты білдірді".
Егер борышқорда бірнеше несие беруші бола қалғандай жағдай болса заң:
"борышқорды бөліктерге бөліп алыңдар" дегенді білдірді (бірақ көбіне бұл
құлдыққа сату болып танылды). Сонымен қатар борышқор өзінң несие беруші
алдындағы қарызын өтегеннен кейін, азамат өзіне еркіндікті ала алатындығы
да қарастырылды.
Қарызды құлдық көбіне патрицилерге берілген тайпалар мен курияларың
қолдауларына ие болмаған плебейлерге қауіп төндірді. Қарызды құлдықты жою
үшін қатаң соғыс керек екендігі көрініп тұрды.
Римді басқарушылар өз айтқандарынан танады. Б.э.д 326 жылы (Солон
реформасынан кейін 250 жыл өткеннен соң) қарызды құлдық жойылған болатын
(Петелия заңы). Сол сәттен бастап борышқордың жауапкершілігі оның мүлкімен
ғана шектелетін болды.
12 Кесте заңдары бойынша отбасылық қатынастар ең біріншіден,
отағасының шексіз билігімен сипатталды. Оның үйінде тұратын барлық адамдар,
олар қандық туыс па, әлде асырандылар ма екендіктеріне қарамастан, бір ғана
фамилияның өкілдері, агнаттар болып табылды.
Отбасының мүлкі оның ұжымдық меншігі болып табылды, бірақ ол мүліктің
тағдырын тек "әулет атасы" – патерфамилияс анықтап отырды. Ол өлгеннен
кейін мүлік агнаттар арасында теңдей мөлшерде бөлініске салынды. Егер олар
болмаса, өлген кісінің агнат болып саналатын жақын туыстары (ағасы,
ағасының балалары және т.б.) иеленді.
Қыз күйеуінің және оның әкесінің биліктерін мойындай отырп, олардың
үйіне өтті. Өзінің туған әкесіне және бұрынғы отбасына қатысты когнатка,
қандық туысқан ғана болып саналды. Өзінің қандастарының отьасындағы
мұрагерлік құқыққа ол, оның балалары және немерелері ие болмады.
Римдік азаматтар үшін мүліктік құқыққабілеттілік өзінің әкесі қайтыс
болғаннан кейін пайда болды. [5]

2.2. 12 Кесте заңының нормаларын құқық салаларына қатысты талқылау.
Баланы әке билігінен бостаудың бір ғана жолы – үш рет құлдыққа сату
арқылы ғана босату мүмкін еді. Үшінші рет сатылғаннан кейін бала (ұл) еркін
деп саналды. Өз отбасына қатысты өзінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Талап қою туралы ілім
Рим құқығынан кешен
Римдік жек құқық пәні
Шет елдер мемлекеті мен құқық тарихы пәнінен дірістер
Неке шартының түсінігі және маңызды шарттары
МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНА ЖАЛПЫ ТҮСІНІКТЕМЕ
Құқықтық қатынастың қалыптасу
Мұрагерлік құқықтың түрлері
Жергілікті салықтардың рөлі және жетілдіру жолдары
Қазақстан Республикасы салық жүйесіндегі салық салуды ұйымдастыруды талдау
Пәндер