Ұзақ мерзімді активтер есебі туралы



Кіріспе.
Ішкі Аудит Қазақстан Республикасындағы рөлі, дамуы

І бөлім.
Негізгі құралдардың аудиті

ІІ бөлім.
Материалды емес активтердің аудиті
2.1 Ішкі аудиттың мақсаты
2.2 Жүргізу тәртібі
2.3 Ішкі аудит құру бағдарламасы

Қорытынды
Қазақстанда нарықтық қатынастардың енгізілуімен бірге экономикалық субьектілердің қаржылық қорытынды есебін пайдаланушылардың қажеттіліктерін ол ақпараттардың дұрыстығын дәлелдеу түрінде қамтамасыз етуші тәуелсіз бақылау жүйесі өркендеп дамып келеді. Ішкі аудиторлық қызметті реттеуші стандарттар енгізілуде, аудиторлар жұмыстарының сапасына кәсіби мамандар даярлауға қосымша талаптар қойылуда.
Ішкі аудит Қазақстан тәжірибесінде жаңа түсінік, сол уақыттың өзінде шетелде ол өндіріс, құрылыстық орта және ірі кәсіпорындарда, көлік және байланыс кәсіпорын және ұйымдарында және басқарудың құрамында және басқа қызмет түрлерінде XIX ғ.соңынан бастап-ақ белсенді қолданыла бастады
Негізгі құралдарға түсінік беру, және олардың ерекшеліктерін көрсету. Негізгі құралдарды сақтаудың, есепке алудың, және пайдаланудың аудиті. Негізгі құралдарды топтап сыныптау, бағалау және қайта бағалау есебінің аудиті. Негізгі құралдарды кіріске алу есебінің аудиті. Негізгі құралдардың тозу есебінің аудиті. Негізгі құралдарды жөндеуден өткізудің есебінің аудиті т.б. Материалдық емес активтердің аудиті Материалдық емес активтерді топтау және бағалау есебінің аудиті- тексерілетін мәселелерді анықтауға міндетті. Ұйымда нақты қолда бар материалдық емес активтердің кіріс, шығысын және қозғалысын есепке алудың аудиті. Материалдық емес активтерге есептелген амортизация есебінің аудитін жүргізудің тәртібі және оның мазмұны.

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Әл-фараби атындағы ҚазҰУ
Экономика және бизнес факультеті
Экономикалық теория кафедрасы

Ішкі аудит пәні бойынша қорытындылау жұмысы.

Тақырыбы: Ұзақ мерзімді активтер есебі

Орындаған : УА06К1
Нурманбетов Р.Д.

Жұмысты қабылдаған:
Бейсенбаева А.К.
есеп және аудит кафедрасы
(аға оқытушы)

Алматы 2009 ж.

Жоспары

Кіріспе.
Ішкі Аудит Қазақстан Республикасындағы рөлі, дамуы

І бөлім.
Негізгі құралдардың аудиті

ІІ бөлім.
Материалды емес активтердің аудиті
2.1 Ішкі аудиттың мақсаты
2.2 Жүргізу тәртібі
2.3 Ішкі аудит құру бағдарламасы

Қорытынды

Кіріспе

Қазақстанда нарықтық қатынастардың енгізілуімен бірге экономикалық
субьектілердің қаржылық қорытынды есебін пайдаланушылардың қажеттіліктерін
ол ақпараттардың дұрыстығын дәлелдеу түрінде қамтамасыз етуші тәуелсіз
бақылау жүйесі өркендеп дамып келеді. Ішкі аудиторлық қызметті реттеуші
стандарттар енгізілуде, аудиторлар жұмыстарының сапасына кәсіби мамандар
даярлауға қосымша талаптар қойылуда.
Ішкі аудит Қазақстан тәжірибесінде жаңа түсінік, сол уақыттың өзінде
шетелде ол өндіріс, құрылыстық орта және ірі кәсіпорындарда, көлік және
байланыс кәсіпорын және ұйымдарында және басқарудың құрамында және басқа
қызмет түрлерінде XIX ғ.соңынан бастап-ақ белсенді қолданыла бастады
Негізгі құралдарға түсінік беру, және олардың ерекшеліктерін көрсету.
Негізгі құралдарды сақтаудың, есепке алудың, және пайдаланудың аудиті.
Негізгі құралдарды топтап сыныптау, бағалау және қайта бағалау есебінің
аудиті. Негізгі құралдарды кіріске алу есебінің аудиті. Негізгі
құралдардың тозу есебінің аудиті. Негізгі құралдарды жөндеуден өткізудің
есебінің аудиті т.б. Материалдық емес активтердің аудиті Материалдық емес
активтерді топтау және бағалау есебінің аудиті- тексерілетін мәселелерді
анықтауға міндетті. Ұйымда нақты қолда бар материалдық емес активтердің
кіріс, шығысын және қозғалысын есепке алудың аудиті. Материалдық емес
активтерге есептелген амортизация есебінің аудитін жүргізудің тәртібі
және оның мазмұны.

І бөлім. Негізгі құралдардың аудиті

Негізгі құралдарды сақтау, есепке алу және пайдалану ерекшеліктерінен
оны аудиттеу мақсаты туындайды. Яғни аудиттеу мақсаты – негізгі құралдардың
сақталу орындары бойынша ішкі және сыртқы қозғалыстарының құнына, пайдалы
қызмет ету мерзіміне енгізілген өзгерістердің дер кезінде бухгалтерлік
есепте дұрыс көрсетілгендігін және оларды қорытынды есептегі мәліметтерімен
сәйкестігін тексеру болып табылады. Аудитор алдына қойған мақсатына жету
үшін тексеруді талап ететін басты міндеттерді анықтап алуға тиіс.
Негізгі құралдардың сақталу, есепке алу және пайдалану есебінің
аудитінің басты міндеті:
• негізгі құралдардың нақты қолда барлығына және сақталуына
бақылаудың қамтамасыз етілгендігін;
• еңбек құралдарының негізгі құралдарға дұрыс жатқызылғандығын,
олардың жіктелуі, меншіктік қатынасы және өндіріс үрдісіне қатысу
сипаты бойынша топталғандығын;
• есепте негізгі құралдардың дұрыс бағаланғандығын;
• есепте негізгі құралдардың кіріс және шығыс операцияларының дұрыс
көрсетіліп құжатталғандығын;
• есепте негізгі құралдарға тозудың және жөндеудің дұрыс есептеліп
құжатталғандығын;
• негізгі құралдардың дұрыс және тиімді пайдаланылғанын;
• бухгалтерлік есеп пен қорытынды есепте нақты қолда бар негізгі
құралдардың және олардың қозғалысы туралы мәліметтердің дұрыс
көрсетілгендігін тексеру болып табылады.
Аудитордың міндеті қолда бар негізгі құралдардың сақталуын бақылаудың
қалай ұйымдастырылғандығын тексерумен шектелмейді. Оларды сақтауды
қамтамасыз етуге байланысты атқарылған іс-шараларды да тексеруге міндетті.
Ол үшін: шаруашылықтың басшылығының бұйрығымен негізгі құралдардың
сақталуына жауап беретін материалды жауапкершілікті тұлғаның
тағайындалғандығын; тағайындалған тұлғалармен олардың толық материалды
жауапкершілігі туралы жазбаша шарт жасалғандығын; негізгі құралдардың
сақталуына тексеру жүргізетін тұрақты жұмыс істейтін түгендеу комиссиясының
тағайындалғандығын; жылдық қорытынды қаржылық есеп жасаудың алдында
түгендеу жүргізілгендігін; түгендеудің нәтижесінің дұрыс құжатталғандығын
және оны қарау мерзімінің сақталғандығын; негізгі құралдардың кем шығу,
жоғалған, бүлінген фактілері орын алған жағдайда кінәлі тұлғаларына қандай
әкімшілік шаралар қолданылғандығын анықтауға міндетті.
Аудитор жоғарыда аталған басты міндеттерді тиянақты орындау үшін
негізгі құралдардың сақталу және пайдалану есебінің аудитінің
бағдарламаларын жасауға тиісті. Бағдарламада тексерілетін мәселелер,
жоспарланған аудиттің іс-әрекеттері, ақпарат көздері және тексеру мерзімі
анықталуы тиіс. Отандық және шетелдік авторлардың жасаған бағдарламаларына
сүйене отырып, негізгі құралдардың сақталу және пайдалану есебінің
аудитінің бағдарламасы мынадай мәселелерді қамтиды:
- баланстың көрсеткіштерінің, бас кітап, есеп регистрларындағы
және машинажазбалардағы мәліметтермен сєйкестігін тексеруді;
- негізгі құралдардың аналитикалық және синтетикалық есебінің
дұрыс жүргізілгендігін тексеруді;
- негізгі құралдарды сақтау, пайдалану орындарындағы
нақтылығын және оларға бақылаудың қамтамасыз етілгендігін
тексеруді;
- негізгі құралдардың ішкі және сыртқы қозғалыстарының дұрыс
құжатталғандығын тексеруді;
- негізгі құралдардың дұрыс топталып сыныпталғандығын
тексеруді;
- негізгі құралдарды бағалау және сыртқы қозғалыстарының дұрыс
құжатталғандығын тексеруді;
- негізгі құралдарды кіріске алу және шығыс жасау
операцияларының дұрыстығын тексеру;
- негізгі құралдарға тозу есептеу жєне амортизациялану
операцияларыныњ дұрыстығын тексеру;
- негізгі құралдарды жөндеуге (күрделі ағымдағы) жұмсалған
шығындардың негізділігін және олардың бухгалтерлік есеп
шоттарында дұрыс көрсетіліп таратылғандын тексеруді;
- негізгі құралдардың техникалық жағдайын және олардың тиімді
пайдалануын тексеруді;
- негізгі құралдарды сақтандыру және оларға салық есептеу
операцияларының дұрыстығын тексеру.
Негізгі құралдарды, аудитордың бағдарлама көрсетіп отырғандай, алдымен
олардың баланста дұрыс көрсетілгендігін тексеру үшін 2410 Негізгі
құралдар, 2420 Негізгі құралдардың тозуы бөлімшелерінің құрамына енген
синтетикалық шоттарындағы қалдықтарының Бас кітаптағы басқа есеп
регистрларындағы, машинажазбалардағы көрсетілген мәліметтермен және
аналитикалық есеп шоттарындағы көрсеткіштерінің қосындысының жиынтығы
синтетикалық есеп шоттарындағы мәліметтерімен сәйкестігін анықтау қажет.
Олардың есепті кезеңдегі бастапқы және соңғы қалдықтары айлық айналымдары
сәйкес келуі керек. Мәліметтерінде ауытқулар кездескен жағдайда, себебін
анықтау үшін субъектіге негізгі құралдарѓа түгендеу жүргізуді ұсыну керек.
Аудитордың тексеру бағдарламасы бухгалтерлік есеп жүргізуге, оның
күшіндегі нормативтік-құқықтық актілерге сәйкестігін анықтауға, сондай-ақ
қаржылық қорытынды есеп мәліметтерінің ақиқаттығын растауға бағытталған.
Аудитор бағдарламада құралған әрбір тармақтардың ауқымын кеңейтіп,
қаралатын мәселелерді толық қамтитын және ішкі бақылаудың ұйымдастырылу
дәрежесін тексеру үшін өзінің іс-тәжірибесіне сүйене отырып тест жасауы
қажет. Тестің мақсаты шаруашылықтың басшыларынан, мамандарынан және басқа
да мүдделі жақтарынан қойылѓан сұрақтарға анық түсінікті жауап алу үшін
сауатты және түсінікті жасалуы тиіс. Тест жүйесі бақылау жүйесінің жағдайы
туралы қажетті ақпараттар алу үшін өте тиімді әдіс қана емес, сонымен қатар
шаруашылықтың басшысының және мамандарының қаншалықты хабарлылығын
анықтауға мүмкіндік беретін бірден – бір құнды материал болып табылады.
Оған дәлел- аудитор аудиторлық тексеру бағдарламасында және бақылау
парақтарында келтірілген аудиттің іс-әрекетінің дәйектілігін сақтай отырып
талдап, бухгалтерлік есеп және қорытындылар қаржылық есеп мәліметтерінің
тест жүргізудің нәтижесінде алынған жауаптардың дұрыстығын анықтап, ішкі
бақылау жүйесіне баға беру болып табылады.
Бұдан міндетті түрде тест жасау керек деген ой туындамау керек. Тест
жасау, жасамау аудитордың өз еркінде, десек те, аудитке қалам тартып
зерттеп жүрген ғалымдар мен авторлардың көпшілігі тест жасауды мақұлдайды.
Аудитордың басты мақсаты- негізгі құралдар нысандарының пайдалану
мақсатына, сипатына, заттық нысанына, меншіктік қатынасына, болмыстық
құрамдарына қарай дұрыс топталып сыныпталғандығын анықтау болып табылады.
Аудитор негізгі құралдардың топталып, сыныпталу тәртібіне сәйкестігімен
танысқаннан кейін, олардың бағалау тәртібіне назар аударуы тиіс. Аудитор
негізгі құралдардың бағалануын тексеруді жүзеге асырып, табысты аяқтау үшін
мына мәселеге мұқият назар аударып анықтап алуға тиіс:
- негізгі құралдар нысандарының кіріске алынған сәтінде келіп
түсу көздеріне қарай дұрыс бағаланғандығын;
- жеке тұлғалардан сатып алынған құралдардың құны көрсетіліп,
екі жақты шарт жасалғандығын;
- құрылтайшыларының шаруашылықтың жарғылық капиталына қосқан
үлестері, кіріске алынып, келісім бағасына жасалған
хаттамасын және сараптау жолымен бағалау жүргізу тәртібінің
сақталғандығын;
- негізгі құралдар нысандарын ұзақ мерзімге жалға алған кезде,
жалға беруге және алуға жасалған шартта нысанның құны
көрсетілгендігін;
- негізгі құралдар нысандарының бастапқы құнына, жәй күйіне
әсер ететіндей қосымша салымдардың нәтижесін, ішінара жою
немесе қайта құрастырудың ұзартылғандығын немесе
қысқарғандығын;
- негізгі құралдар нысандарының нарықтық құны туралы арнайы
мамандандырылған ұйымдардың растаған сараптама қорытындысы
жазылған құжаттарын;
- негізгі құралдар нысандарын дайындап шығаруды және сатушы
ұйымдардағы тауардың бағнегізгі құралдар нысандарын ұзақ
мерзімге жалға алған кезде, жалға беруге және алуға жасалған
шартта нысанның құны көрсетілгендігін;
- негізгі құралдар нысандарының бастапқы құнына, жәй күйіне
әсер ететіндей қосымша салымдардың нєтижесін, ішінара жою
немесе қайта құрастырудың ұзартылғандыѓын немесе
қысқарғандығын;
- негізгі құралдар нысандарының нарықтық құны туралы арнайы
мамандандырылған ұйымдардың растаған сараптама қорытындысы
жазылған құжаттарын;
- негізгі құралдар нысандарын дайындап шығаруды және сатушы
ұйымдардағы тауардың бағасы туралы және баға туралы арнайы
басылымдарда жарияланѓан анықтама материалдарының бар
екендігін.
- Материалдық активтерді сатып алған кезде, есепке алғанда,
олардың пайдалану мақсатын анықтаудың маңызы зор. өйткені
олардың пайдалану мақсатына қарай кіріске алған кезде олар
негізгі құралдар, тауар материалдық қорлар немесе қаржы
инвестициялар құрамында көрсетілуі ықтимал.
Мысалы: Шаруашылықтың қызметіндегі қажеттігі бойынша пайдалану
мақсатында сатып алынған комбайн негізгі құралдар құрамында көрсетілсе, ал
егер оны әрі қарай сатып табыс табу көзделген жағдайда комбайнды
тауарлардың құрамында көрсетеді. Шаруашылықтың өзі пайдалану үшін емес,
ұзаќ мерзімдік қаржы салымы мақсатында сатып алған жер учаскілері мен
ғимараттар қаржылық инвестициялар түрінде көрсетіледі.
Сондықтан негізгі құралдарды кіріске есепке алған кезде, олардың
пайдалану мақсатына қарай бағалаудың маңызы зор.
Шаруашылықтың баллансында көрсетілген негізгі құралдар кіріске есепке
алынған сәтінен бастап, олардың тұрақты пайдалануда болғанын көрсетпейді.
өйткені негізгі құралдар резерв ретінде қоймада белгілі тәртіппен сақтаулы
тұруы немесе жалға берілуі мүмкін.
Бухгалтерлік есепте негізгі құралдар бастапқы құны бойынша, есепке алу
сәтінде көрсетіліп, оған негізгі құралдарды салу немесе сатып алуға кеткен
барлық қажетті шығындар, оның ішінде сатып алған кезде төленген
қайтарылмайтын салықтар мен алымдар (үйлер мен жеңіл автомобильдерді сатып
алѓан кезде төленген ҚҚС, сатып алуға арналған шартты жасау кезінде
төленген мемлекеттік баж және т.б.), жеткізу, құрастыру, құру, пайдалануға
қосу жөнінде шығындар, құрылыс кезінде берілген несие үшін пайыздар және
активті мақсатқа сай пайдалану үшін жұмыс жағдайына келтірумен тікелей
байланысты кез келген басқа да шығындар жатады. Негізгі құралдарды
тасымалдау, құрастыру, орнату кезінде болған ақауларды жөндеуге кеткен
шығындар бастапқы құнѓа енбей, ағымдағы кезеңнің шығыны ретінде есепке
алынады. Аудитор негізгі құралдардың бастапқы құнының анықталу тәртібімен
танысқаннан кейін, олардың қалыптасу көздеріне қарай бастапқы құнының
құжаттарындағы нақты шығындар көлемінде анықталғандығына назар аударуға
тиісті.

ІІ бөлім Материалдық емес активтердің аудиты

Материалдық емес активтерге аудиттi жүргiзген кезде, меншiк
құқық негiзiнде кәсiпорынға қарайтын материалдық емес активтердiң нақтылы
мөлшерiн; олардың дұрыстығы мен уақытында баланста белгiлеуiн (көрсетiлуi);
моральдық тозған активтердiң мөлшерiн тексередi.
Алғашқы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржылық қорытынды есебі
Ұзақ мерзімді активтер жайлы
Жолда деп саналатын ақшалай қаражат кассаға
Қаржылық құралдардың есебі жайлы
БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП СЧЕТТАРЫН КЛАССИФИКАЦИЯЛАУ ЖӘНЕ БҰЛАРДЫҢ ЖОСПАРЫ
Кәсіпорынға сипаттама және онда ұзақ мерзімді активтер есебінің жағдайы
Ұзақ мерзімді активтер есебі және аудиті
Ұзақ мерзімді активтер есебінің теориялық аспектілері
«РПК Бектау» ЖШС-нің шаруашылық - қаржылық қызметі
Қысқа мерзімді актив
Пәндер