Мемлекеттік бюджет және Қазақстан Республикасындағы бюджет тапшылығы мәселесі



Мазмұны.

Кіріспе

I Мемлекеттік бюджеттің теориялық негіздері.
1.1.Бюджет және бюджет құрылысы
1.2.Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы
1.3.Бюджет балансы және бюджет тапшылығы

II Мемлекеттік қаржы жүйесіндегі бюджеттік процедураның орны мен ролі
2.1.Қазақстан Республикасының бюджеттік рәсімі
2.2. Бюджетаралық қатынас . бюджет процесін дамытудың бірден.бір қайнар көзі.

III Бюджет тапшылығының салдары және оны жою шаралары.
3.1. Бюджетті байыту жолдары.
3.2. Бухгалтерлік есеп жүйесін жетілдіру.

Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе
Экономикалық теория тұрғысынан, ел эконмикасынан, ел экономикасының дамуында, мемлекеттік қаржы жүйесінің бел ортасында мемлекеттік бюджет тұрады. Бюджеттің жүйе құрылымы, оны қалыптастырып пайдалану, өте күрделі механизмдер арқылы жасалады. Ол сол елдің ерекшелігін, оның әлеуметтік-экономикалық құрылысын, мемлекеттік құрылымын білдіреді. Сонымен қатар бюджеттің құрылымы, жалпы елдің мемлекеттік құрылымымен тікелей байланысты болып, әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан, мемлекет, бүкіл ел дамуының қаржы негізі пайда болады. Бюджеттің екі түрі бар:
1.республикалық (мемлекеттік) бюджет;
2.жергілікті бюджет.
Унитарлық мемлекеттердің бюджеттік жүйесі екі дегейден – мемлекеттік және жергілікті бюджеттен тұрады. Федеративтік мемлекеттерде, штаттардан (АҚШ), жерлердің өз бюджеттері болады. Оған сәйкес әкімшілік ұйымдары қызмет етеді.
Мемлекеттік бюджет – үкімет қолындағы ақша ресурстарының орталықтандырыған қоры. Бұл қаражат мемлекеттік аппараттарды, қарулы күштерді қаржыландыруға және әлеуметтік – экономикалық қызметтерді атқаруға жұмсалады. Қазіргі жағдайда бюджет эконмиканы мемлекеттік реттеудің, шаруашылық конъюктураға ықпал етудің, дағдарысқа қарсы шараларды жүзге асырудың аса күшті құралы.Қазіргі мемлекеттік бюджет, оның сан түрлі қызметін көрсететін күрделі де, көп қырлы құжат. Ең алдымен бюджетте – мемлекеттің кірісі мен шығынының құрылымы бейнеленеді. Шығында бюджеттік ассигнациялардың бағыттары мен қызметтері көрінеді. Өзінің құрылымы жағынан бюджеттің шығыны мынадай бөлімдерден тұрады: әскери шығындар, мемлекеттік шаруашылық жұмыстарының шығындары, сыртқы экономикалық шығындар.
Мемлекеттік шығындардың басты тармағына экономиканың өндірістік секторының қызмет істеуін қамтамасыз етуге байланысты шығындар жатады. Әлеуметтік инфрақұрылымдарға білім беру мен денсаулық сақтауға бөлінетін шығындардың да үлесі айтарлықтай.
Мемлекет бюджетінің басты құрамды бөлігі – жергілікті бюджеттер. Олар арқылы ең алдымен коммуналдық меншік объектілері, жол, мектеп, байланыс құралдарын дамыту және тұрғын үй құрылысы қаржыландырады. Жергілікті бюджетті жергілікті әкімшілік, полиция, сот пен прокуратура пайдаланады.
Мемлекеттік бюджеттің кірістері, біріншіден, орталық және жергілікті ұйымдар жинайтын салықтардан, бюджеттен тыс немесе мақсатты қорлардың төлемдерінен құралады. Мұндай қорладың құрылуы ірі қаражатты ресурстарын нақты мақсаттарға, ең алдымен әлеуметтік-экономикалық сипаттағы мақсаттарға шоғырландыру қызметтерінен тұрады. Бұлардың қатарына: әлеуметтік қамсыздандыру, жол құрылысы, қоршаған ортаны қорғау, жұмыс күшін даярлау, қайта даярлау және тағы басқалары жатады.
Пайдаланылған әдебиеттер:

1) Орманбаев А. Есенгелдин. "Бюджеттік жоспарлауды жетілдірудің жолдары". Қаржы-қаражат - 1998 ж.
2) "Республикалық бюджет жобасын және төтенше мемлекеттік бюджетті әзірлеу ережесі" (ҚР Президенті 2004 жылғы 7 шілдедегі 1401 жарлығымен бекітілген) Егемен Қазақстан.
3) ҚР-ның заңы: "Бюджет жүйесі туралы" ҚР-ң заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2001ж.
4) Досқалиев С. "Бюджет туралы білген жөн" Жас алаш 1998ж.
5) Мыңбаев С. "Біздің мақсатымыз – экономикалық тұрақтылықты сақтау" (мемлекеттік бюджет кірістерін толықтыру мәселелері) Қаржы-қаражат 1957 ж.
6) Шелекбаев Ә. "Бюджет тапшылығы неден?" (бюджет туралы) Арай – 1995 ж.
7) ҚР Президенті (1990-2000 Н.Назарбаев) 1996 жылға арналған Республикалық бюджет туралы"

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Экономикалық теория кафедрасы

Курстық жұмыс

ТАҚЫРЫБЫ: Мемлекеттік бюджет және Қазақстан Республикасындағы бюджет
тапшылығы мәселесі.

Орындаған:

Қабылдаған:

Мазмұны.

Кіріспе
I Мемлекеттік бюджеттің теориялық негіздері.
1.1.Бюджет және бюджет құрылысы
1.2.Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы
1.3.Бюджет балансы және бюджет тапшылығы
II Мемлекеттік қаржы жүйесіндегі бюджеттік процедураның орны мен ролі
2.1.Қазақстан Республикасының бюджеттік рәсімі
2.2. Бюджетаралық қатынас – бюджет процесін дамытудың бірден-бір қайнар
көзі.
III Бюджет тапшылығының салдары және оны жою шаралары.
3.1. Бюджетті байыту жолдары.
3.2. Бухгалтерлік есеп жүйесін жетілдіру.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе
Экономикалық теория тұрғысынан, ел эконмикасынан, ел экономикасының
дамуында, мемлекеттік қаржы жүйесінің бел ортасында мемлекеттік бюджет
тұрады. Бюджеттің жүйе құрылымы, оны қалыптастырып пайдалану, өте
күрделі механизмдер арқылы жасалады. Ол сол елдің ерекшелігін, оның
әлеуметтік-экономикалық құрылысын, мемлекеттік құрылымын білдіреді.
Сонымен қатар бюджеттің құрылымы, жалпы елдің мемлекеттік құрылымымен
тікелей байланысты болып, әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан, мемлекет,
бүкіл ел дамуының қаржы негізі пайда болады. Бюджеттің екі түрі бар:
1.республикалық (мемлекеттік) бюджет;
2.жергілікті бюджет.
Унитарлық мемлекеттердің бюджеттік жүйесі екі дегейден –
мемлекеттік және жергілікті бюджеттен тұрады. Федеративтік
мемлекеттерде, штаттардан (АҚШ), жерлердің өз бюджеттері болады. Оған
сәйкес әкімшілік ұйымдары қызмет етеді.
Мемлекеттік бюджет – үкімет қолындағы ақша ресурстарының
орталықтандырыған қоры. Бұл қаражат мемлекеттік аппараттарды, қарулы
күштерді қаржыландыруға және әлеуметтік – экономикалық қызметтерді
атқаруға жұмсалады. Қазіргі жағдайда бюджет эконмиканы мемлекеттік
реттеудің, шаруашылық конъюктураға ықпал етудің, дағдарысқа қарсы
шараларды жүзге асырудың аса күшті құралы.Қазіргі мемлекеттік бюджет,
оның сан түрлі қызметін көрсететін күрделі де, көп қырлы құжат. Ең алдымен
бюджетте – мемлекеттің кірісі мен шығынының құрылымы бейнеленеді. Шығында
бюджеттік ассигнациялардың бағыттары мен қызметтері көрінеді. Өзінің
құрылымы жағынан бюджеттің шығыны мынадай бөлімдерден тұрады: әскери
шығындар, мемлекеттік шаруашылық жұмыстарының шығындары, сыртқы
экономикалық шығындар.
Мемлекеттік шығындардың басты тармағына экономиканың өндірістік
секторының қызмет істеуін қамтамасыз етуге байланысты шығындар жатады.
Әлеуметтік инфрақұрылымдарға білім беру мен денсаулық сақтауға бөлінетін
шығындардың да үлесі айтарлықтай.
Мемлекет бюджетінің басты құрамды бөлігі – жергілікті бюджеттер. Олар
арқылы ең алдымен коммуналдық меншік объектілері, жол, мектеп, байланыс
құралдарын дамыту және тұрғын үй құрылысы қаржыландырады. Жергілікті
бюджетті жергілікті әкімшілік, полиция, сот пен прокуратура пайдаланады.
Мемлекеттік бюджеттің кірістері, біріншіден, орталық және жергілікті
ұйымдар жинайтын салықтардан, бюджеттен тыс немесе мақсатты қорлардың
төлемдерінен құралады. Мұндай қорладың құрылуы ірі қаражатты ресурстарын
нақты мақсаттарға, ең алдымен әлеуметтік-экономикалық сипаттағы мақсаттарға
шоғырландыру қызметтерінен тұрады. Бұлардың қатарына: әлеуметтік
қамсыздандыру, жол құрылысы, қоршаған ортаны қорғау, жұмыс күшін даярлау,
қайта даярлау және тағы басқалары жатады.

I. Мемлекеттік бюджеттің теориялық негіздері.
Қаржылық байланыстардың орасан зор әр алуандығында жеке ортақ
ерекшеліктерімен көзге түсетін оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге
болады. Мәселен, мемлекеттік шаруашылық жүргізуші субъектілермен және
халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары жалпы қоғамдық өнімді құндық
бөлудің ерекше саласын құрайды және қоғамдық қажеттіліктерді
қанағаттандыруға арналған орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен
және пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарының бұл
жиынтығы "мемлекеттік бюджет" ұғымының экономикалық мазмұнын құрайды.
Экономикалық қатынастардың жиынтығы ретінде мемлекеттік бюджеттің
объективті сипаты бар. Бөлудің дербес сферасы ретіндегі оның өмір
сүруінің объективті қажеттігі ұлғаймалы ұдайы өндірістің
қажеттіліктерімен, мемлекеттің табиғатымен және функциясымен
байланысты.Бұл тиісті орталықтандырылған ресурстарды қажет етеді. Ақша
қаражаттарын орталықтандыру бүкіл ұлттық шаруашылық ауқымында
үздіксіз ауыспалы айналымды ұйымдастыру үшін, жалпы экономиканың
жұмысістеуін қамтамасыз ету үшін қажет.
Экономика дамуының қазіргі кезеңінде орталықтандырылған қаржы
ресурстары мемлекетке қоғамдық өндірістің қажетті қарқыны мен үйлесімін
қамтамасыз етуге, оның салалық және аумақтық құрылымын жетілдіруге
жетуге, экономиканың салаларын дамытудың бірінші кезекті бағдарламасы
үшін қажетті көлемде қаражаттарды қалыптастыруға, ірі әлеуметтік
өзгерістерді жүргізуге мүмкіндік береді.
Қаржыны орталықтандырудың арқасында ақша қаражаттары,
мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатын табысты іске асыру
үшін жағдайларды дайындай отырып, экономикалық және әлеуметтік дамудың
шешуші учаскелеріне шоғырландырылады.
Сөйтіп, объективті бөлгіштік қатынастардың экономикалық нысаны
бола отырып, құндық бөліністің ерекше бөлігі ретінде мемлекеттік
бюджет айрықшалықты қоғамдық арналымды орындайды – жалпымемлекеттік
қажеттіліктерді қанағаттандыруға қызмет етеді, экономикалық категория
ретінде көрінеді.
Қаржы қатынастарының белгілі бір жиынтығы ретіндегі мемлекеттік
бюджетке ең алдымен жалпы қаржы категориясынан ажырататын өзгеше
белгілер тән: бюджет қатынастарының бөлгіштік сипаты бар, әрқашан
ақша нысанында жүзеге асырылады, мақсатты ақша қорларын
қалыптастырумен және пайдаланумен қатар жүреді. Сонымен бірге, бюджет
қатынастарына белгілі бір өзгешелік тән, алайда ол қаржымен ортақ
өзгеше белгілердің шеңберінен шықпайды.
Құндық бөліністің айрықшалықты сферасы ретінде мемлекеттік бюджет
мына өзгеше белгілермен сипатталады:
1) мемлекеттен жалпы қоғамдық өнімнің бір бөлігін оқшауландырумен
және оны қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруменжәне оны қоғамдық
қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты бөлгіштік
қатынастардың айрықша экономикалық нысаны болып табылады;
2) құнды жасау және оны тұтыну процесін шарттастыратын
материалдық өндіріс қаржысынан және құнды тұтынуға қызмет ететін
өндірістік емес сфера қаржысынан мемлекеттік бюджеттің айырмашылығы
ол ұлттық шаруашылықтың салалары , аумақтар, экономиканың секторлары,
қоғамдық қызметтің сфералары арасында құнды қайта бөлуге арналған;
3) қоғамдық өнімнің оның тауар нысанындағы қозғалысымен тікелей
байланысты емес құндық бөліністің стадиясын білдіреді және одан
белгілі үзілісте жүзеге асырылады, ал қаржы қатынастары материалдық
өндірісте де, өндірістік емес сферада да тауар-ақша қатынастарымен
тығыз тоқайласып жатады.
Мемлекеттік бюджет, кез келген басқа экономикалық категория сияқты,
өндірістік қатынастарды білдіреді және оған сәйкес келетін нақты
материалдық-заттық түрінде болады: бюджет қатынастары мемлекеттің
орталықтандырылған ақша қорында – бюджеттік қорында затталынады. Мұның
нәтижесінде қоғамда болып жатқан нақты экономикалық (бөлгіштік)
процестер мемлекеттің жұмылдыратын және пайдаланатын ақша
қаражаттарының ағымында өзінің көрінісін табады. Бюджеттік қор – бұл
қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың құндық бөліністің белгілі стадияларын
өткен және ұлғаймалы ұдайы өндіріс, халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет
көрсету, қорғаныс және басқару жөніндегі қажеттіліктерді қанағаттандыру
үшін мемлекетке түсетін бөлігі қозғалысының объективті шарттасылған
экономикалық нысаны. Бюджеттік қордың қалыптасуы мен пайдаланылуы құнды
бөлу және қайта бөлумен байланысты оның қозғалыс процесін
білдіреді.
Экономикалық категория ретінде мемлекеттік бюджет мемлекеттің
орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен
қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен
қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу процесінде мемлекет пен
қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын ақша
қатынастарын білдіреді.
Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде жалпы қаржы
категориясына сай келетін бөлу және бақылау функцияларын орындайды. Бұл
функциялардың іс - қимылы, мазмұны, мәні мен маңызы бюджет
қатынастарының қаралған айрықшалығымен айқындалады.Сонымен бірге
мемлекет қаржысының негізгі буыны ретінде мемлекеттік бюджет
бөлгіштік функция шеңберінде қосалқы функцияларды, атап айтқанда:
ұлттық табыс пен жалпы ішкі өнімді қайта бөлу; экономиканы мемлекеттік
реттеу және ынталандыру; әлеуметтік саясатты қаржымен қамтамасыз ету;
ақша қаражаттарының орталықтандырылған қорын жасау және пайдалануға
бақылау жасау сияқты сипатты функцияларды орындайды.
Мемлекеттік бюджетте қоғамдағы барлық экономикалық процестер
бейнеленетіндіктен, сондай-ақ барлық негізгі қаржы институттары –
салықтар, мемлекеттің шығыстары, мемлекеттік кредит, мемлекеттік
қарыздар және т.т. өзінің шоғырланған көрінісін табатындықтан бюджет
мемлекеттің қаржы жоспары ретінде сипатталады. Ол нақты кезеңге,
әдетте,бір жылға жасалынады,бюджеттің кірістерін, шығыстарын,
орталықтандырылған қаржы ресурстарының шешуші бөлігінің қозғалысын
анықтайды. Бюджетті негізгі қаржы жоспары деп мойындау оның ұлттық
табысты қайта бөлудегі маңызды орнын, қаржы жоспарларының жүйесіндегі
басымдық жағдайын, сондай-ақ қоғамдық ұдайы өндірістегі айрықша ролін
айқындайды.
Негізгі қаржы жоспары мемлекеттің қаржылық қызметінің жемісі
болып табылады. Елдің негізгі қаржы жоспарының көрсеткіштері
республика Парламентінің жыл сайын қабылдайтын Республикалық бюджет
туралы заңына сәйкес сөзсіз орындауға жатады.
Мемлекеттік бюджет ұлттық экономиканы басқарудың басты
механизмдерінің бірі. Ол экономикаға мемлекеттің орталықтандырылған ақша
қорын жасаумен пайдаланудың нысандары мен әдістерінің жиынтығы болып
табылатын бюджеттік механизм арқылы ықпал етеді. Жалпы экономикаға
ықпал етудің құралы ретіндегі бюджеттің ролі осында көрінеді.
Экономиканы реттеу орталықтандырылған ақша қорының сандық көлемін
анықтау, оны жасау мен бөлудің нысандары мен әдістерін реттеу,
бюджеттің атқарылу процесінде қаржы ресурстарын қайта бөлу жолымен
жүзеге асырылады.
Ақырында, мемлекеттік бюджет мемлекет заңдарының бірі болып
табылады (мысалы, келесі қаржы жылына арналған республикалық бюджет
туралы заң).
Сөйтіп, бюджеттің сан қырлы маңызын ескере отырып, оны осы
жоғарыда айтылғандардың жиынтығы ретінде қараған жөн.
Мемлекеттік бюджет – ұлттық табыс пен жалпы ішкі өнімді қайта
бөлудің негізгі құралы. Мемлекеттік бюджеттің (шығыс бөлігінің)
көмегімен ұлттық табыстың 30%,жалпы ішкі өнімнің 20%, жалпы қоғамдық
өнімнің 10% бөлінеді және қайта бөлінеді. Бюджет Қазақстанның бүкіл
аумағында өндірістік күштерді неғұрлым ұтымды орналастырудың,
экономика мен мәдениетті көтерудің талаптарын ескере отырып
салааралық және аумақтық қайта бөлу үшін пайдаланылады.
Нарықтық механизмге көшу жағдайында мемлекеттік бюджеттің
қаражаттары ең алдымен экономиканың құрылымын қайта құруды, кешенді
мақсатты бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруға, ғылыми-техникалық
әлуетті арттыруға, әлеуметтік дамуды тездетуге және халықтың ең аз
қамтылған жігін әлеуметтік қорғауға бағытталуы тиіс.
Шығыстар мен салықтар арқылы бюджет экономика мен инвестицияларды
реттеудің және ынталандырудың, өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды
құралы болып табылады.
Бюджет қаражаттарының әлеуметтік бағыттылығының зор маңызы бар.
Әлеуметтік саясаттағы басымдықтар – халықтың табыстары аз жіктерін
(зейнеткерлерді, мүгедектерді, аз қамтылған отбастарын) қолдау, сондай-ақ
денсаулық сақтау, білім беру және мәдениет мекемелерінің жұмыс істеп
тұруы.
Қаржылық жоспарлау процесінде бюджет ұлттық шаруашылықтың
салаларына және өндірістік емес сферасының мекемелеріне айтарлықтафй
ықпал етеді. Мемлекеттің ақша қорын жасау және пайдаланудың негізгі
қаржы жоспары бола отырып, бюджет барлық кәсіпорындармен және
ұжымдармен етене байланысқан.
Бюджеттік жоспарлау мен бюджеттің атқарылуы процесінде ұлттық
шаруашылықтың қаржы-шаруашылық қызметіне бақылау жасалынады. Нарықтық
қатынастарға көшу жағдайында ресурстарды жұмылдыру және оларды
пайдалану процесінде бюджеттік бақылаудың маңызы күшейе түсуде.

1.1.Бюджет және бюджет құрылысы.

Мемлекеттік органдардың өздерінің функцияларын орындауы үшін
басқарудың барлық деңгейлерінде тиісті қаржы базасы болуы тиіс. Осы
мақсатпен әр елде аймақтардың шаруашылығын, әлеуметтік сферасын, әрбір
әкімшілік-аумақтық бірліктерді абаттандыруды, заң шығарушы билікті,
басқару аппаратын ұстауды және басқа шараларды қаржыландыру үшін
олардың ақша ресурстарын жұмылдыруды қамтамасыз ететін бюджеттер
тармақтарының желісі құрылады. Бюджеттердің жекелеген түрлерінің
кірістері мен шығыстарын қалыптастыру, оларды теңдестіру процесінде
заңмен реттеліп отыратын белгілі бір қаржылық өзара қарым-қатынастар
пайда болады. Осы элементтердің барлығы – бюджет жүйесін ұйымдастыру
мен құрудың қағидаттары, оның буындарының өзара қатынастары мен
байланысының ұйымдық нысандары бюджет құқықтарының жиынтығы – бюджет
құрылысын құрайды.
Дүние жүзінің әр түрлі елдерінде бюджет құрылысы мемлекеттің
құрылысына, аумақтық-әкімшілік бірлігіне, экономиканың даму деңгейіне
және нақтылы мемлекеттің басқа айрықша белгілеріне байланысты
өзгешеліктерімен ерекшеленеді.
Бюджет құрылысында басты орынды бюджет жүйесі алады, ол
экономикалық қатынастарға және құқықтық номаларға негізделген түрлі
деңгейлердегі бюджеттердің жиынтығын білдіреді. Әр түрлі елдердің
бюджет жүйелері өзінің құрылымы, бюджеттердің жекелеген түрлерінің саны
жағынан түрліше болып келеді, өйткені олардың аумақтық құрылысы мен
оның аумақтық бөлінісіне байланысты болады.
Бюджет жүйесінің құрамы елдің ұлттық-мемлекеттік құрылымымен
анықталады. Мемлекеттің федеративтік және унитарлық құрылымы болуы
мүмкін.
Федеративті мемлекеттерде бюджет жүйесі үш буыннан тұрады:
Мемлекеттік бюджет немесе федералдық бюджет немесе орталық
мемлекеттің бюджеті;
Федерация мүшелерінің бюджеттері (АҚШ-та – штаттардың, ГФР-да –
жерлердің(ландтардың), Канадада – провинциялардың, Ресейде – федерация
субъектілерінің бюджеттері);
Жергілікті бюджеттер.
Унитарлық (біркелкі) мемлекеттерде екі буынды бюджет жүйесі
қолданылады: орталық бюджет және толып жатқан бюджеттер. Екі жағдайда
да бюджеттердің оқшаулану мен дербестігінің түрлі дәрежесі болуы
мүмкін, бірақ, әдеттегідей, әлеуметтік экономикалық процестерді басқаруды
орталықтандыру деңгейіне байланысты төмендегі бюджеттерге қатынасы
бойынша белгілі бір реттеуші рол орталық бюджетте сақталады.
Қазақстан Республикасының бюжет жүйесі бюджет құрылымының
унитарлық типімен анықталады, өйткені Қазақстан – федералдық емес,
басқарудың Президенттік нысаны және сайланатын Парламенті бар
унитарлық мемлекет.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі экономикалық қатынастарға
және тиісті құұқықтық нормаларға негізделген әр түрлі деңгейлердегі
бюджеттерді қамтиды.
Қазақстанда жиынтығында мемлекеттік бюджетті құрайтын
республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттер дербес жұмыс істейді.
1991 жылы Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі түбірлі
өзгерістерге ұшырады. Бұған дейін Қазақстанның мемлекеттік бюджеті,
басқа одақтас республикалардың мемлекеттік бюджеттері сияқты, КСРО-ның
мемлекеттік бюджетіне кірді, онда ел аумағының барлық бюджеттері,
соның ішінде ауылдық және поселкалық бюджеттер де қамтылып көрсетілді.
Ол одақтық бюджеттен, 15 одақтас республиканың мемлекеттік
бюджеттерінен және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру бюджетінен
тұрды.Одақтық бюджетке 1970-1990 жж. мемлекеттік бюджет ресурстарының
жалпы ауқымының 52-50% тиді, оның 35% республикалардың республикалық
бюджеттерінің және 15% жергілікті бюджеттердің қарамағында болды.
Қазақстан Республикасы мемлкеттік бюджетінің басты бөлігі
республикалық бюджетте шоғырланған.
Республикалық бюджет – бұл түсімдер мен бюджет тапшылығын
қаржыландыру (профицитті пайдалану) есебінен қалыптастырылатын және
өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамалық актілер
жүктеген міндеттерді жүзеге асыру үшін Үкімет анықтайтын
республикалық бюджет бағдарламаларын қаржыландыруға арналған Қазақстан
Республикасының заңымен бекітілген орталықтандырылған ақша қоры.
Жергілікті бюджеттер (әкімшілік-аймақтық бірліктердің бюджеттері) –
облыстық бюджеттер, қалалардың (аудандық маңызы бар қалалардан
басқасы), аудандардың (қаладағы аудандарды қоспағанда) бюджеттері.
Қаржы жылына арналған республикалық бюджет Қазақстан
Республикасының заңымен, жергілікті бюджеттер мәслихаттардың
шешімдерімен бекітіледі.
Бюджет жүйесінің жұмыс істеуі бюджеттердің әр түрлі
деңгейлерінің өзара байланысына негізделеді және оларды әзірлеу,
қарау, бекіту, атқару, бақылау тәртібімен, сондай-ақ республикалық және
жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есеппен қамтамасыз етіледі.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі мемлекеттік бюджет
жүйесіне кіретін барлық бюджеттердің бірлігі, дербестігі, толықтылығы,
нақтылығы және жариялығы қағидаттарына негізделеді.
Бюджеттің бірлігі бюджет жүйесін ұйымдық-экономикалық
орталықтандырудың дәрежесін білдіреді. Бірлік қағидаты КСРО-ның бюджет
жүйесінде неғұрлым толық көрінді. Қазіргі кезде биліктің жергілікті
органдарының дербестік алуымен және оларға қаржы ресурстарын иелену
жөніндегі құқықтардың берілуімен байланысты бұл қағидат әлсіреді.
Бюджеттердің бірлігі ел аумағында қолданылып жүрген мемлекет
кірістерінің жалпы жүйесінің өмір сүруінде, мемлекет шығыстарының
біркелкілігінде көрінеді. Бұл қағидат бюджеттік жоспарлаудың
әдіснамасымен ұйымдастырылуының бірлігіне, оның әлеуметтік-экономикалық
болжаумен өзара байланысына кепілдік береді. Бюджет бірлігі
қағидатының міндеті Парламент тарапының бюджеттік қаражаттардың
қозғалысына тиімді бақылауды белгілеу болып табылады.бюджет жүйесінің
бірлігі бірыңғай қаржы саясатын қамтамасыз етуге бағытталған және ең
алдымен Қазақстан республикасы егеменді мемлекетінің жалпы
экономикалық және саяси негізін тірек етеді.Ол реттеуші кіріс
көздерін пайдалану арқылы барлық деңгейдегі бюджеттердің теңгерімділігі
үшін оларды қаржылық қолдауға, сондай-ақ ішінара қайта бөлудің мақсатты
және аумақтық бюджет қорларын жасауға да негізделген.
Бюджеттердің бірлігі бірыңғай құқықтық негізбен, Қаржы министрлігі
бекіткен бірыңғай бюджеттік сыныптаманы пайдаланумен, бюжеттің бір
деңгейінен басқа деңгейіне беріліп отыратын мемлекеттік қаржы статистикасы
нысанының бірлігімен, бюджет рәсімінің қағидаттарымен, ақша жүйесінің
бірлігмен қамтамасыз етіледі. Бюджет жүйесінің бірлігі салық саясатын
қоса бірыңғай әлеуметтік-экономикалық саясат арқылы іске асырылады.
Алайда бюджеттердің бірлігі бюджет жүйесін құрудың маңызды
қағидаты болып отырған оның жеке буындарының дербестігін жоққа
шығармайды. Бюджеттің дербестігі әр түрлі деңгейдегі бюджеттердің
арасындағы кірістерді бөлудің тұрақты номативтерін орнықтыру және
бюджет қаражатының жұмсалу бағыттарын белгілеу құқығы арқылы қамтамасыз
етіледі.
Биліктің әрбір органы өз бюджетін жаайды, бекітеді және оны
атқарады. Бюджеттердің жеке түрлерінің арасындағы кіріс көздері мен
шығыситарды бөлуді шектейтін айқын құқықтар белгіленген. Сонымен бірге
бюджеттердің барлық түрлерінің шығыстары осы аумақтың әлеуметтік-
экономикалық даму мәселелерімен және биліктің тиісті органдарының нақты
функцияларымен, құзырымен анықталады.
Бюджеттің толықтылығы бюджетке үкіметтің барлық қаржы
операцияларының, оның жинайтын барлық кірістерін және жасайтын
шығыстарын шоғырландыруды, әрбір бап бойынша мемлееттің барлық түсімдері
мен шығыстары ескерілетін бюджетті жасауды білдіреді. Қазақстан
Республикасының салық және бюджет заңнамаларында белгіленген барлық
түсімдердің, соның ішінде мемлекеттік акциялар пакеті бар акционерлік
қоғамдардан және республикалық мемлекеттік кәсіпорындардан алынатын
түсімдердің толық тізбесінің және шығыстардың бюджетке жинақтап,
жұмылдырудың объективтік қажеттігін қамтып көрсетеді. Осыған байланысты
барлық ақша түсімдерін, сондай-ақ бюджет шығыстарының көлемі мен
нақтылығы бағыттарын айқындау қажет.
Бюджет іске асатындай болуы тиіс, нақты экономикалық және саяси
ахуалды, өндірістің даму тенденциясын, жалпымемлекеттік қажеттілікті
есепке алу қажет. Дүниежүзілік практикада бұл қағидат қазіргі кезде
оны дәл қолдану бюджетке кірістерінің дербес көздері бар автономды түрде
бөліп көрсетуге болатын аса көп шығыстарды жүктейтіндіктен орынды деп
есептелмейді. Қазақстанда мемлекеттік қаражаттарды қалыптастырудың
орталықтандырылған әдісі қабылданған, сондықтан 1998 жылдан бастап
мемлкеттік бюджетке бюджеттен тыс қорлардың – зейнетақы, әлеуметтік
сақтандыру, жол, халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу қорларының
қаражаттары енгізілген.
Бюджеттің нақтылығына ішкі және сыртқы саясаттың негізгі
бағыттары туралы Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауына
сәйкес оларды Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының
индикативтік жоспарының, аумақтарды дамытудың экономикалық және
әлеуметтік бағдарламаларының өлшемдеріне сәйкес келтіру арқылы қол
жеткізіледі.Сондықтан оның көрсеткіштері көпнұсқалық есеп-қисаптармен
негізделуі тиіс, бюджеттердің атқарылуына, ведомостволардың өткен
кезеңдегі қаржы жоспарларына жасалған терең талдаудың нәтижесі, болжамдық
бағалау есепке алынуы қажет. Дүниежүзілік практика бюджет ресурстарының
қозғалысын ағымдағы жылға, анағұрлым ұзақ мерзімге үлгілеуді, сондай-ақ
оларды нақтылы жағдайлардың өзгеруіне байланысты қаржы жылы ішінде түзетуді
пайдаланады. Нақтылық қағидатына ең алдымен жеке қаржы жоспарын,
сметаларды және жалпы тиісті деңгейдің бюджет жобасын жаау процесінде қол
жетеді.
Нақтылық қағидаты бюджет тізімдемесін бұрмалауды болдырмау және
бұзылуын жою үшін қажет. Ол бюджетте мемлекеттің қаржы операцияларының
шыншыл көрсетілуін,бекітілген сомалардың бюджеттік арналымдардың
атқарылуына сәйкестгін алдын ала қарастырады. Нақтылық дамудың болжамдары
мен бағдарламаларының көрсеткіштеріне негізделетін және бюджеттік
резервтерлің болуымен нығайтылған кірістердің барлық көздері мен шығыстар
бағыттарының есеп-қисаптарының негізділігімен анықталады.
Бюджеттердің жариялығы бекітілген бюджеттер мен алдағы қаржы жылына
арналған бюджет туралы заң мен өтекен кезеңдегі олардың атқарылуы туралы
есептердің жариялануы арқылы қамтамасыз етіледі.
Жариялық елдегі адам құқығын, демократиялық өзгерістерді сақтаудың
маңызды шарты болып табылады. Бюджет кірістерінің қалыптасуы (ең алдымен
салықтар, алымдар арқылы) бюджет ресурстарының бағытталуы ияқты шаруашылық
жүргізу субъектілерінің және қоғамның барлық мүшелерінің мүдделерін
шалады. Сондықтан олар бюджеттің мазмұны, оны қалыптастырудың көздері,
салық төлемдерін алудың тәртібі, сондай-ақ бюджет қаражаттарының бағыттары
туралы хабардар болуы тиіс. Президент қол қойған Қазақстан Республикасының
бюджеті заң мәртебесін қабылдайды және оның атқарылуы бюджет рәсімінің
қатысушылары үшін міндетті болады. Заң, өткен кезеңдегі бюджеттің атқарылуы
туралы есеп баспасөз бетінде жарияланады. Осылайша бюджеттің кірістері мен
шығыстарының көлемі, және оны жабудың әдістері (шығындарды қысқарту,
кірістерді көбейту, қарыздар, ақша эмиссиясы) жария етіледі.
Бюджет жүйесін құрудың барлық қағидаттары өзара үйлестірілген және
бірін-бірі толықтырып отырады, олар егеменді еліміздің Конституциясында
және "Бюджет жүйесі туралы", "Жергілікті өкілді және атқарушы органдар
туралы, "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы"
арнайы заңдарда және басқа да заң актілерінде қамтып көрсетілген.
Төменгі – жергілікті бюджеттердің қалыпты және тиімді жұмыс істеуінің
шарттары дербестікпен қатар теңгерімділік блып табылады.
Барлық деңгейлер бюджеттерінің теңгерімділігі бюджет-қаржы саясатының
қажетті талабы болып табылуы мүмкін. Бюджеттерді қарау және бекіту кезінде
билік пен басқарудың тиісті органдары бюджеттердің белгілі бір мөлшерін
белгілеуі мүмкін.
Бюджет тапшылығын ақша эмиссиясы есебінен жабуға болмайтындығы заңмен
белгіленген. Бюджет тапшылығын жабудың негізгі нысандары мыналар блып
табылады:
Мемлекеттік қарыздар шығару
Кредит ресурстарын пайдалану
Тапшылықты азайту немесе жою мақсатымен секвестрлеу – ағымдағы қаржы
жылының қалған уақыты ішінде барлық баптар бойынша (қорғалатындарынн басқа)
белгілі бір пайызға мемлекеттің шығыстарын үйлесімді төмендету –
пайдаланылады.
Бюджеттердің атқарылуы процесінде секвестрлеуге жатпайтын бюджеттік
бағдарламалардың тізбесін республика Парламенті мен биліктің жергілікті
органдары анықтап, бекітеді.

1.2.Бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы.

Мемлекеттік орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және
пайдаланымен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жаауы ерекше
экономикалық нысандар – бюджеттің кірістері меншығыстары арқылы болып
отырады. Олар құндық бөліністің жеке көздерін білдіреді. Категориялардың
екеуі де бюджеттің өзі сияқты объективті және олардың өзгеше қоғамдық
арналымы болады: кірістер мемлекетті қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз
етеді, шығыстар орталықтандырылған ресурстарды жалпымемлекеттік
қажеттіліктерге сәйкес бөледі.
Кірістер мен шығыстардың құрамы мен құрылымы әлеуметтік-экономикалық
және тарихи жағдайларда жүзеге асырылатын мемлекеттік бюджет және салық
саясатын жүргізудің бағыттарына байланысты болады. Бұл кезде мемлекет
белгілі бір жағдайларда кірістерді қалыптастырудың және шығыстарды
жұмсаудың қолайлы нысандары мен әдістерін пайдаланады.
Нарықтық қатынастарға көшкенге дейін КСРО-ның мемлекеттік бюджетінің
кірістері мемлекеттік кәсіпорыдардың ақша жинақтарына негізделіп келді. Ол
бюджет кірістерінің жалпы сомасының 90% құрады және негізінен екі төлемнен
– айналым салығы мен пайдадан алынатын төлемдерден тұрды. Бұл жүйе 1930
жылдан 1990 жылға дейін өмір сүрді. 1980 жылдары енгізілген өндірістік
қорлар, еңбек ресурстары және басқлары үшін ақы түріндегі пайдадан алынатын
нормативті төлемдер қолданылып жүрген төлемдр жүйесін өзгертпеді және жеке
кәсіпрындар қызметінің жеке –дара нәтижлеріне бағытталып отырды.
Дағдыдағыдай, кірістердің көзі салықтар немесе оларға барабар төлемдер
болып табылады.Қазақстан Республикасының мемлекттік бюджеті кірістеріні
құрамы мен құрылымы салық төлемдерінің қолданыстағы жүйесімен және
салыстырмалы тұрақсыз сипаттағы салықтық емес қаражаттардың түсімдерімен
айқындалады.
Бюджет жүйесі туралы заңға сәйкес бюджеттің құрылымы мыналрдан тұрады:
1)түсімдерден:
кірістерден;
алынған ресми транферттерден (гранттардан);
бұрын бюджеттен берілген кредиттер бойынша негізгі брышты өтеуден;
2)шығыстардан және кредит беруден:
шығыстардан;
кредит беруден;
3)бюджет тапшылығынан (профицитінен);
4)бюджет тапшылығын (профицитті пайдаланудан) қаржыландырудан.
өз кезегінде кірістер:
салықтық түсімдер;
салыққа жатпайтын түсімдер;
капиталмен жасалатын операциялардан алынатын кірістер болып бөлінеді.
Бюджеттік түсімдердің бұл үш категориясы алынған ресми трансферттер
бөлігімен (және бір уақытта санатымен) яғни тауарларды немесе қызмет
көрсетуді сатып алуға, кредиттер беруге немесе өтелмеген борышты төлеуге
байланысты емес тегін және қайтарылмайтын төлемдермен толықтырылады.
Бюджеттен берілген кредиттерді өтеу санаты бюджеттік кредиттер бойынша
(қайтару негізінде берілген – бұрынғы жылдардағы несиелендіру) мемлекттік
шаруашылық жүргізуші субъектілер тарапынан ақшалай қаражаттардың түсуі
болып табылады.
Бюджеттің шығыстар бөлігі функционалдық топтардың шығыстарын
қаржыландыруға жұмсалады.
Мемлекеттік брышқа қызмет ету жөніндегі шығыстар "борышқа қызмет ету"
функциогалдық тобы бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің
мемлекеттік мекемелерін - әкімдер аппаратын және кіші бағдарламалар –
қарыздар бойынша сыйақылар төлеу бойынша Қаржы министрлігін бөле отырып
жүргізіледі.
Кейін бюджетке өтеу түрінде қайтаруға жататын, басқа экономикалық
бірліктерді насиелендіруге арналған қаражаттар тиісті бөлікте -
функционалдық топ болып табылатын несиелендіруде көрсетіледі.
Бюджет тапшылығы шығыстар мен бюджеттен қайтарымды негізде бөліген
кредиттер ауқымының бюджетке түсетін түсімдердің жалпы сомасынан асыцп
түсуін қамтып көрсетеді.Бекітілген республикалық бюджет тапшылығының көлемі
ұлттық валюта мен және жалпы ішкі өнімге пайызбен, ал облыстық бюджеттер,
Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің тапшылығы ұлттық валютамен
көрсетіледі. Ал бюджет профициті – бұл бюджетке түсетін кірістер мен ресми
трансфеттер түсімдерінің және бұрын бюджеттен берілген кредиттер бойынша
негізгі борышты өтеудің жалпы сомасының жалпы шығыстардың және қайтарымдық
негізде бөлінетін кредиттердің ауқымынан асып түсуі. Бекітілген бюджет
профицитінің көлемі де ұлттық валютамен немесе жалпы ішкі өнімге пайызбен
есептеледі.
Мемлекеттік бюджеттің соңғы бөлігі – бюджет тапшылығын (профицитті
пайдалану) қаржыландыру ішкі және сыртқы мемлекеттік борышті өтеу жөніндегі
шығыстарды қамтып көрсетеді. Оның қос арналымы бар:
1)тапшылық болған жағдайда – ішкі көздерден (Ұлттық банктен,
коммерциялық банктерден, бағалы қағаздар сатудан, есепке алу бойыеша,
шығыстарды жабуға бағыттталған жыл басындағы бюджет қаражаттарының
қалдықтары) және сыртқы қарыздардан қаражаттар тарту;
2)профицит кезінде – жоспардан тыс түсімдерді, бірінші кезекте
мемлекеттік міндеттемелерді өтеуге немесе бірінші кезектегі бюджеттік
бағдарламаларды қосымша қаржыландыруға пайдалану.
Кірістер мен шығыстардың егжей-тегжейлі тізбесі мен топтамасы бюджеттік
сыныптамамен айқындалады. Қаржы Министрлігі бекіткен бірыңғай бюджеттік
сыныптама – функционалдық, ведомоствалық және экономикалық сипаттамалар
боынша бюджетке түсетін түсімдер мен бюджеттен жұмсалатын шығыстардың
топтастырылуын белгілейтін топтастырылуын белгілейтін нормативтік құқықтық
акт. Ол кірістердің сыныптамасынан , шығыстардың функционалдық және
экономикалық сыныптамаларынан тұрады. Бірыңғай бюджеттік сыныптама
бюджеттің мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік дамуының
жоспарларымен, болжамдарымен және бағдарламаларымен, министрліктер мен
ведомоствалардың, ұйымдар мен мекемелердің қаржы жоспарларымен тығыз
байланысын қамтамасыз етеді; жеке (дара) сметалар мен қаржы жоспарларын
құрама сметалар мен жоспарларға біріктіруге мүмкіндік береді, құрама
жоспарлар мен бюджеттің жазбаша тізбесі арасындағы үйлесуді қамтамасыз
етеді.
1996 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қарыз мәселесі
Бюджет жүйесі
Қазақстандағы инфляциялық жағдай
Мемлекеттік қарыз мәні, құрылымы
Инфляцияның даму факторлары және оның әлеуметтік - экономикалық салдарлары
Мемлекеттік бюджетті жоспарлау мен болжаудың теориялық және методологиялық негіздері
Қазақстан Республикасындағы бюджет тапшылығы
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бюджеттің қолданылуы және жұмыс істеу жағдайлары
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бюджет тапшылығы мен мемлекеттік қарызды жою жолдары
Қазақстан Республикасындағы бюждет жүйесінің қазіргі жағдайын талдау
Пәндер