Сәулелі ауру және радиацияның адам ағзасына әсер етуінің басқа да салдары



1. Кіріспе
2. Адамға сәуле алудың қауіпі.Адамға радиацияның әсері.
3. Адамға радиацияның әсері.
4. Сәуленің биологиялық әсері
5. Ядролық сәулелерден қорғану.
6. Радиациялық қауіпті обьектілердегі авария кезінде халықтың өзін.өзі ұстау және іс.қимыл жасау тәртібі.
7. Қорытынды
Сәулелік аурулар - әр түрлі иондауыш сәулелердің әсерінен пайда болатын қатерлі сырқат. Адам, жануар, микроорганизмдер және өсімдіктерге жер қыртысынан бөлінетін гамма-сәулелер және космос сәулелері сырттан, организмде болатын радиоактивті элементтер ( К, Ra, Rn, C т.б.) сәулелері іштен әсер етеді. Егер бұл сәулелер тірі организмге артық мөлшерде өтсе клеткалардың, органдардың тіршілігіне қауіпті ауру туғызады. Адамда ортаның әсерінен және ішкі органдарға, әсіресе тыныс алу жолы арқылы теріге, ішек-қарынға радиоактивті заттардың өтуінен пайда болады. Сәуле ауруы жедел және созылмалы деп екіге бөлінеді. Жедел түрі бір мезгілде организмге сәуленің өте көп мөлшері өткен жағдайда пайда болады. Ал созылмалы сәуле ауруы сәуленің аз мөлшерінен зақымданғанда, кейде жедел түрі созылмалы түрге айналуынан болады. Сәуле ауруының белгілері организмге өткен сәуленің мөлшеріне байланысты 100 р өткенде ауру жеңіл өтеді, организмдегі өзгеріс кейде тіпті байқалмауы мүмкін. Сәуле мөлшері 100 р-нен артса, организмде аурудың белгілері анық білінеді, мұндайда, мысалы, сүйек кемігінің қызметі бұзылады, қан азаяды, тіршілік әрекеті төмендейді, организмнің ауру туғызатын микробтарға қарсы қабілеті нашарлайды. Егер организм 600 р мөлшерінде сәулеленсе, 1—2 айда өледі. Сәуле ауруына шалдыққан адамның бірнеше минуттан кейін жүperi айниды, құсады, әлі кетеді. Мұндай жағдай 3—4 тәуліктен кейін баcылып, науқас 14—15 күн, кейде 4—5 аптадай айыққандай сезінеді. Бірақ науқастың жалпы жағдайы нашарлайды, кейбір органға қан құйылады, дені температурасы көтеріледі, іші өтеді, тәбеті кемиді, терісі көгереді, тістің түбі қанталайды, шашы түсе бастайды. Мұндай жағдай 15—20 күнге созылады. Организмнің әр түрлі ауруларға қарсы тұратын қабілеті кемігендіктен өкпе қабынады, теріге іріңді жара шығады. Егер организмге сәуленің 1000—5000 р мөлшері өтсе, сәуле ауруына ішек-қарын шалдығып, зат алмасуы, әсіресе тұз және су алмасуы бұзылады да, ол қан айналысына әсер етеді. Сәуле ауруының бұл түрінен адам алғашқы 1—2 тәулікте өледі. Қарттар мен балалар сәуле ауруын көтере алмайды. Сәуле ауруының қай түрінде болмасын организмнің қан айналыс, жүйке, ас қорыту жүйесінің қызметі бұзылады.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
әл-фараби атындағы қазақ ұлттыҚ университеті

география факультеті

геоморфология және картография кафедрасы

РЕФЕРАТ

сәулелі ауру және радиацияның адам ағзасына әсер етуінің басқа да салдары

Орындаған:
Сидалиев Ғалым

ГК43К студенті

Тексерген: Бергенова Н.С

б.ғ.к, доцент

Алматы – 2007
Жоспар

1. Кіріспе
2. Адамға сәуле алудың қауіпі.Адамға радиацияның әсері.
3. Адамға радиацияның әсері.
4. Сәуленің биологиялық әсері
5. Ядролық сәулелерден қорғану.
6. Радиациялық қауіпті обьектілердегі авария кезінде халықтың өзін-
өзі ұстау және іс-қимыл жасау тәртібі.
7. Қорытынды

Кіріспе
Сәулелік аурулар - әр түрлі иондауыш сәулелердің әсерінен пайда болатын
қатерлі сырқат. Адам, жануар, микроорганизмдер және өсімдіктерге жер
қыртысынан бөлінетін гамма-сәулелер және космос сәулелері сырттан,
организмде болатын радиоактивті элементтер (К,Ra,Rn,C
т.б.) сәулелері іштен әсер етеді. Егер бұл сәулелер тірі организмге артық
мөлшерде өтсе клеткалардың, органдардың тіршілігіне қауіпті ауру туғызады.
Адамда ортаның әсерінен және ішкі органдарға, әсіресе тыныс алу жолы арқылы
теріге, ішек-қарынға радиоактивті заттардың өтуінен пайда болады. Сәуле
ауруы жедел және созылмалы деп екіге бөлінеді. Жедел түрі бір мезгілде
организмге сәуленің өте көп мөлшері өткен жағдайда пайда болады. Ал
созылмалы сәуле ауруы сәуленің аз мөлшерінен зақымданғанда, кейде жедел
түрі созылмалы түрге айналуынан болады. Сәуле ауруының белгілері организмге
өткен сәуленің мөлшеріне байланысты 100 р өткенде ауру жеңіл өтеді,
организмдегі өзгеріс кейде тіпті байқалмауы мүмкін. Сәуле мөлшері 100 р-нен
артса, организмде аурудың белгілері анық білінеді, мұндайда, мысалы, сүйек
кемігінің қызметі бұзылады, қан азаяды, тіршілік әрекеті төмендейді,
организмнің ауру туғызатын микробтарға қарсы қабілеті нашарлайды. Егер
организм 600 р мөлшерінде сәулеленсе, 1—2 айда өледі. Сәуле ауруына
шалдыққан адамның бірнеше минуттан кейін жүperi айниды, құсады, әлі кетеді.
Мұндай жағдай 3—4 тәуліктен кейін баcылып, науқас 14—15 күн, кейде 4—5
аптадай айыққандай сезінеді. Бірақ науқастың жалпы жағдайы нашарлайды,
кейбір органға қан құйылады, дені температурасы көтеріледі, іші өтеді,
тәбеті кемиді, терісі көгереді, тістің түбі қанталайды, шашы түсе
бастайды. Мұндай жағдай 15—20 күнге созылады. Организмнің әр түрлі
ауруларға қарсы тұратын қабілеті кемігендіктен өкпе қабынады, теріге іріңді
жара шығады. Егер организмге сәуленің 1000—5000 р мөлшері өтсе, сәуле
ауруына ішек-қарын шалдығып, зат алмасуы, әсіресе тұз және су алмасуы
бұзылады да, ол қан айналысына әсер етеді. Сәуле ауруының бұл түрінен адам
алғашқы 1—2 тәулікте өледі. Қарттар мен балалар сәуле ауруын көтере
алмайды. Сәуле ауруының қай түрінде болмасын организмнің қан айналыс,
жүйке, ас қорыту жүйесінің қызметі бұзылады.
Емі: қан түйіршіктері түзілетін органдарға операция жасалады, қан
құяды, антибиотиктер, құнарлы тағам беріледі, витаминмен емдеу, таза ауа,
емдік дене шынықтыру, организмді әлдендіретін препараттар қолданылады.
Сәуле ауруына үй жануарлары мен өсімдіктер де шалдығады. Сәуленің
мөлшеріне қарай сәуле ауруы жануарларда жеңіл (150—200 р), орташа
(200—400 р), ауыр (400—600 р) деп бөлінеді. Өсімдіктер сәуле ауруына
шалдыққанда көміртегі, май, нуклеин қышқылдарының алмасуы бұзылады.
Жануарларға адамды емдегенде пайдаланылатын дәрілер беріледі, ал
өсімдіктердің ауруына ем әлі табылған жоқ.

Адамға сәуле алудың қауіпі. Іс жүзінде иондаушы сәулелену үшін адам
организмінде кедергі жоқ. Организмге еніп, өз энергиясын бере отыра олар
денедегі заттың кез-келген молекуласын иондайды, олардың химиялық
байланысын бұзады, бұл организмдегі биологгиялық процестердің қалыпты ағысы
мен зат алмасуын бұзады. Бұл, өз кезегінде мидың, асқазанның, қалқанша
бездің, орталық нерв жүйесінің және басқалардың жұмыс істеуін тоқтатуға
алып келеді.
Адам сәуле ауруына ұшырайды, оның ауыртпалық деңгейі сәулеленудің
қуаты мен мөлшеріне байланысты. Сонымен организм клеткаларында қауіпті
ісіктердің пайда болуына алып келетін өзгерістер өтеді.
І дәрежелі сәуле ауруы (жеңіл) – 100 – 200 рад сәулелену дозасы
кезінде. Жасырын мерзімі 3 – 5 апта, бұдан кейін әлсіздік, бастың ауруы,
температураның көтерілуі, лоқсу пайда болады. Ауруды емдеуге болады.
ІІ дәрежелі сәуле ауруы (орташа) – 200 – 400 рад сәулелену дозасы
кезінде. Жасырын мерзімі 3 – 4 апта. Ауру белгілері анық білінеді. өте
жақсы емделген жағдайда екі – үш ай ішінде сауығады. 20 пайыз жағдайда адам
өледі.
ІІІ дәрежелі сәуле ауруы (ауыр) – 400 – 600 рад сәулелену дозасы
кезінде. Алғашқы белгісі анық білінеді, 20-сы 30 минуттан кейін қайта-қайта
құстыртып, дененің температурасы 30 градусқа жетеді. Ауру жедел және ауыр
өтеді. Алғашқы аптаның өзінде ауыз кілегейі зақымдалып, гиперемия болуы
мүмкін (қан белгілі бір орынға немесе ұлпа учаскесіне қатты аққанда оның
бір жердегі мөлшері артады немесе оның ағуы қиындайды), ауыз бен жұтқыншақ
зақымданады, тері қабаттары қызарады. Терінің жәй немесе шектен тыс
қызаруы. Жасырын мерзімі 10 – 20 апта, бұдан кейін бас қатты ауырып, іш
өтеді, есінен айрылады. Сәтті жағдайда 3 – 6 айдан кейін сауығуы мүмкін. 20
– 70 пайыз жағдайда өлуі мүмкін.
ІV дәрежелі сәуле ауруы (өте ауыр) – 600 радтан жоғары сәулелену
дозасы кезінде 20 – 30 минуттан кейін алғашқы белгілері біліне бастайды.
Дене температурасы 30 градустан асып, тері зақымданады. Дәрет сұйылады.
Емдеусіз екі – үш апта бойында өледі. Аурудың барлығы дерлік өліммен
аяқталады.

Адамға радиацияның әсері. Адам сәулеленудің екі түріне: сыртқы және
ішкі сәулеленуге ұшырайды.
Сәулеленудің сыртқы көздеріне Галактика жұлдыздарының жарылысы мен
күннің қатты сәуле шығару кезінде пайда болатын ғарыштық сәулелену жатады.
Ғарыштық сәулелену дозасы адамға әсер етеді. Теңіз деңгейінен биіктеген
сайын ауаның, озонның қорғаныш қабаттары жұқара бастайды, сондықтан да
сәулелену жоғары.
Ғарыштық иондаушы сәулелену табиғи радиациялық аумақты құрайды, оған
жердегі барлық тірі организмдер ұшырайды.
Сәулеленудің жердегі көздері жер қойнауындағы, атмосферадағы, судағы
және өсімдіктердегі радиоактивті затар болып табылады.
Жер шарының көптеген аудандарында дозаның қуаты 4 – 12 мкрсағ шегінде
болады. Осы аудандарда тұратын адамдардың жылдық дозасы 30 – 100 мбэр
(0,003 – 0,1 бэр).
Табиғи көздерден адамның ішкі сәулеленуі организмге азық-түлік
тағамдары, су мен ауа өткен кезде болады. Балықты көп жейтін адамдар, бұғы
етімен қоректенетін солтүстік аудандардың адамдары салыстырмалы түрде
сәулеленудің жоғары дозасын алады, өйткені бұл тағамдарда радиоактивті
заттардың мөлшері көбірек кездеседі.
Радиацияның таралу көздері көп. Ол жер асты кендерінде, өндіріс
орындарында, балқыту цехтарында, мұнай құбырларында, уранды байыту
фабрикаларында, улы қоспаларда, кислота өндіретін және көмір қышқыл
зауыттарында көп кездеседі. Радиация – бір элементтің атом ядросының өзге
элементке ауысуы. Демек, атом ядросының ыдырауына себепші иондалған
сәулелер. Бұлар біздің ғаламшарымызда оттегі қабаты пайда болмастан бұрын-
ақ кездескен. Себебі оттегі пайда болмастан бұрынғы кеңістікте газ қабаты
басым болды. Газ болған жерде радиациялық иондардың таралуы сөзсіз құбылыс.
Ал космоста радиация жер пайда болмастан бұрын кездескен.
Ғалымдар осыдан 20 млрд жыл бұрын ғаламат жарылыс (әзірге гипотеза)
болған дейді. Иондалған сәулелер әсер етпесе жарылыс болмаған еді. Бұл
болжам. Осы рас болса оған радиациялық экология әсер етті деген сөз. Ал
жарылыстың негізгі қозғаушы күші ядроактивті ыдыраудан атом ядроларының
алмасуы. Табиғаттағы кез келген данеде радиациялық бөлшектер кездеседі.
Айталық, радиоактивті құрылымның ашылғаны бір ғасырдың әр жағы мен бер жағы
шамасында. Геология мен косеметология ғалымдары адамдардың даму
белестерінде радиациялық фон болады және ол айтарлықтай өзгерістерге
ұшырамайды дейді. Сондықтан да адамның тіршілігі үшін қажетті радиация адам
дамуының құрамдас бөлшегі. Адам денесі, болмаса өзгеше тіршілік те сондай
сәулелерге бейімделеді. Бірақ, әлі радиациялық фонның жануарлар мен
өсімдіктерге әсеріне байланысты нақты ғылыми дерек жоқтың қасы. Олай болса
ғылымның бұл саласында жетістігіміз жоқ деген сөз. Ол жалғыз Қазақстандық
ғалымдарға ғана тән емес. әрі бұл салада қарама-қарсы пікірлер де аз
болмаса керек. Мысалы, күнбағыстың пісіп жетілуі үшін радиацияның белгілі
бір мөлшері пайдалы болса, ал уран , радий, торий элементтері болмаса мақта
гүлдемейді.
Ғалымдар радиациялық фонды екіге бөледі. Ол кәдімгі және техногендік
фондар. Кәдімгі радиациялық фонды нормалау мүмкін емес. Себебі, жер шарының
әр аймағында фон түрліше дәрежеде ұшырасады. Мысалы, Үндістанның Кералла
және Мадра штаттарында 150 микрорентген, Бразилияның жағалау аймақтарында
58-60 микрорентген болса, Маңғыстауда 13-15 микрорентген. Бұл әне бір
жылдардағы көрсеткіш.
Технологиялық жетістіктерге жеткенде радиоактивті техногендік фон
пайда болады. Ондай жерде жұмыс жасағанда қорғаныс құралдарын тиімді
пайдалану және жұмыс жүйесін нормалау қажет. Оны үшке бөлеміз:
1. Ионды сәуле бөлінетін көздермен тұрақты және уақытша жұмыс жасаушылар
А категориясына .
2. Ионды сәулелермен тікелей жұмыс жасамайтын, бірақ тұрғылықты мекен-
жайы мен жұмыс орны радиоактивті заттар әсер ететін аймақта болғандар
Б категориясына.
3. Облыстың, өлкенің және республиканың қалған тұрғындары В
категориясына жатады. Осы категорияда көрсетілген адамдар үшін сыртқы
сәулеге ұщырау төмендегідей мөлшерден аспауға тиіс:
1) А категориясы-2900-5800 микрорентген.
2) Б категориясы-240 микрорентген.
3) В категориясы-60 микрорентген.
Ал осы мөлшерден асқан жағдайда радиацияны азайтудың техникалық
шаралары алынуы қажет.
Қалыптасқан жағдайда талдау жасау үшін ионды сәулелердің не екенін
білу қажет. Ол зарядталған элементтердің бөлшектері мен электромагнитті
өрісі. Ал зарядталған бөлшектер протондардың оң зарядтары. Олар альфа, бета
жүйесінде сәулеленеді. Оған зарядты нитрондардың өрісі қосылады. Альфа
бөлшектерінің денеге өту қабілеті баяу өрістейді. Оны тұтынушылар уран,
торий, радий, радон, полоний. Сөз жоқ , бұлар радиоактивті элементке
жатады. Одан қорғану үшін мақта – матадан жасалған киім, қолғап, бас киім,
етік, респиратор кию керек.
Бета сәулесінің массасы ондай жоғары емес. Ол аз мөлшерде иондалады.
Солай бола тұрса да Бета сәулесінің денеге өту қабілеті өте жоғары деп
есептелінеді.
Нейтронды әркез көп қолдана бермейді. Адамның оның маңына көп жоламауы
керек. Ол жүз метр қашықтықта адам терісінен өтіп кетеді. Мұнай өндіру
кезінде құбырлардың бойында радиоактивті тұздар жиналады. Ол тұздың
құрамында уран, торий, аз мөлшерде радий бар. Олар дозиметрді тақаған кезде
ғана білінеді. 1,5 метрден кейін радиация байқалады. Осындай радиациямен
уланған, тіпті өлген адамдар да жоқ емес. Ондай оқиға Құрықта және
Жетібайда болды. әлбетте мұнайдың құбырмен алынатыны белгілі. Сол кезде
құбырдың бойына тұз жинала береді. Ондаған жылдар бойы мұнайды сору
кездерінде жаңағы тұздар құбырдың қабырғасына шөге береді. Құбырдың бойы
әбден тарылып, мұнай жүрмейтін жағдайға жеткенде жер асты жұмыстарымен
айналысатын мамандар мұнай жүруі тоқтаған құбырларды қазып шығарады. Ал
оладың бойында радиация көп. Сондықтан оған бір жарым метрге дейін
жақындамау керек. Алайда, радиациялық құбырларды дәнекерлеушілерге
кестіреді. Сондықтан, олар жиі ауруға ұшырайды. Демек, радиация олардың
бойын алып кеткен. Олардың зейнет жасына жетпей өмірден өтетіндері де содан
көрінеді. Бұл радиацияның өте зиянды екенін көрсетеді.
Геохимиялық процестердің нәтижесінде радиоактивті элементтер жер
қыртысында көшіп жүруі, табиғи суларға түсуі, желдету процесстеріне қатысуы
мүмкін.
Көп жағдайда тау жыныстарындағы уран су бетіне шығып, оны едәуір
қашықтыққа айдайды. Барлық табиғи суларда уранның қандайда бір бөлігі
кездеседі. Егер судың жолында уранды жақсы бөлетін геологиялық ошақ
кездессе, ол сонда жинақталады және геологиялық процесстердің үлкен
созымдылығын ескергенде (ондаған және жүздеген мың жалдар) бұл орындардағы
уранның жинақталуы айтарлықтай көлемге жетуі мүмкін.
Уранның қайта жинақталуы туралы ғана бірнеше мысал келтіруге болады.
Қазылған көне хайуанаттар сүйегі қатты байытылған – процесстің он үлесіне
дейін. Кейбір көмір өндіретін орындарды уран ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сәулелік зақымданулар
Иондаушы сәулелердің адам ағзасына әсері
Иондаушы сәуле шығару
Биологиялық ұлпаларға жоғары интенсивті сәуле әсері
Иондаушы сәулелердің жасушаға және көп жасушалы ағзаға әсері
Радиоактивтілік бірлігі
Сәуле
УК сәулелердің жоғары дозасымен сәулелену кезіндегі теріге канцерогендік әсері
Кеңестік қоғамның саяси, әлеуметтік және экономикалық дағдарысы
Қоршаған ортадағы мутагендер
Пәндер