Ойлау және оның адам дүниетанымындағы маңызы



І. Кіріспе.

ІІ. Негізгі бөлім.

1.1 Ойлау туралы жалпы ұғым
1.2 Ой тәсілдері
1.3 Ойлау формалары.
1.4 Ой қызметтері

ІІІ. Түсіну.ойлаудың негізгі белгісі.

3.1 Ойлау саласындағы дара айырмашылықтар
3.2 Ойлау мәдениеті
3.3 Ойлауды қалыптастыру жолдары.

IV Қорытынды

V Пайдаланылған әдебиеттер.
Қоршаған дүниені толық тануға түйсік, қабылдау, елестер жеткіліксіз болады. Біз тікелей біле алмайтын заттармен құбылыстарды тек ойлау арқылы ғана білеміз. Түйсік , қабылдау процестерінде қоршаған дүниенің заттары мен құбылыстары жайлы қарапайым қортындылаулар жасалынады. Бірақ қарапайым қортындылар сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының ішкі құрылысын, оның қажетті қатынастарымен байланыстарын жөнді ашып бере алмайды. Адамның ой-әрекеті, әсіресе әр түрлі мәселелерді бір –біріне жанастыра отырып шешуде өте жақсы көрінеді.
Сөз бен ойдың бірлестігі алғашқы адамдардың психикасында да үлкен орын алған. Сөзбен ойлаудың арқасында ғана олар бірінің білмегенін екіншісі біліп, ақыл-ойын молайта түскен. Тіл мен ойдың бір-бірімен тығыз байланыста болатындығын халық ерте кездің өзінде-ақ байқаған. Мысалы: халқымыздың ішімдегінің бәрі тілімде, тілімдегінің бәрі түсімде ; деген мақала адамның басындағы ойы тілінен көрінетіндігін , ал тілдің өзі адам психологиясын байқататын тамаша құрал екендігін жақсы көрсетеді. Сөйтіп, ойдың дамуы адамның нақтылы іс-әрекетімен шарттас болумен қатар, оның сөйлеу мәдениетін меңгере білуімен де, сөз өнеріне жетілуіменде тығыз байланысты.
1 Алдамұратов Ә “Жалпы психология ” Алматы ” Білім ” 1996ж
2. Жарықбаев Қ “ Жалпы психология ” Алматы 2004ж
3. Жарықбаев Қ “ Жантану негіздері ” Алматы 2002 ж
4. Сәбет Бап-Баба “ Жалпы психология ” Алматы “ Дарын ” 2003ж
5. Темірбеков А, Балаубаев С “ Психология ” Алматы “ Мектеп ” 1998 ж
6. Намазбаева Ж.И “Психология ” Алматы 2005 ж
7. Жарықбаев Қ “ Психология ” Алматы “ Білім ” 1993 ж
8. Жарықбаев Қ “ Жалпы психология ” “Білім ” 1996 ж
9. Жарықбаев Қ “ Қазақ психологиясының тарихы ” Алматы “Қазақстан ” 1996 ж

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі.

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті

Психология –Педагогика факультеті

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Ойлау және оның адам дүниетанымындағы маңызы

Орындаған : Мырзагелдиева
А.
Тексерген: Лимашева Л.Ә.

Алматы 2007ж

Жоспар
І. Кіріспе.

ІІ. Негізгі бөлім.

1. Ойлау туралы жалпы ұғым
2. Ой тәсілдері
3. Ойлау формалары.
4. Ой қызметтері

ІІІ. Түсіну-ойлаудың негізгі белгісі.

1. Ойлау саласындағы дара айырмашылықтар
2. Ойлау мәдениеті
3. Ойлауды қалыптастыру жолдары.

IV Қорытынды

V Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе

Қоршаған дүниені толық тануға түйсік, қабылдау, елестер
жеткіліксіз болады. Біз тікелей біле алмайтын заттармен құбылыстарды
тек ойлау арқылы ғана білеміз. Түйсік , қабылдау процестерінде
қоршаған дүниенің заттары мен құбылыстары жайлы қарапайым
қортындылаулар жасалынады. Бірақ қарапайым қортындылар сыртқы дүние
заттары мен құбылыстарының ішкі құрылысын, оның қажетті
қатынастарымен байланыстарын жөнді ашып бере алмайды. Адамның ой-
әрекеті, әсіресе әр түрлі мәселелерді бір –біріне жанастыра отырып
шешуде өте жақсы көрінеді.
Сөз бен ойдың бірлестігі алғашқы адамдардың
психикасында да үлкен орын алған. Сөзбен ойлаудың арқасында ғана
олар бірінің білмегенін екіншісі біліп, ақыл-ойын молайта түскен.
Тіл мен ойдың бір-бірімен тығыз байланыста болатындығын халық ерте
кездің өзінде-ақ байқаған. Мысалы: халқымыздың ішімдегінің бәрі
тілімде, тілімдегінің бәрі түсімде ; деген мақала адамның басындағы
ойы тілінен көрінетіндігін , ал тілдің өзі адам психологиясын
байқататын тамаша құрал екендігін жақсы көрсетеді. Сөйтіп, ойдың
дамуы адамның нақтылы іс-әрекетімен шарттас болумен қатар, оның
сөйлеу мәдениетін меңгере білуімен де, сөз өнеріне жетілуіменде
тығыз байланысты.

.
2.1 Ойлау туралы жалпы ұғым.
Сыртқы дүниені толық тануға түйсік, қабылдау, елестер
жеткіліксіз болады. Біз тікелей біле алмайтын заттармен құбылыстарды
тек ойлау арқылы ғана білеміз. Түйсік , қабылдау процестерінде
сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстары жайлы қарапайым
қортындылаулар жасалынады. Бірақ қарапайым қортындылар сыртқы дүние
заттары мен құбылыстарының ішкі құрылысын, оның қажетті
қатынастарымен байланыстарын жөнді ашып бере алмайды. Адамның ой-
әрекеті, әсіресе әр түрлі мәселелерді бір –біріне жанастыра отырып
шешуде өте жақсы көрінеді.
Ойлау дегеніміз –сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының
байланыс қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы
бейнеленуі.
Ойлау қабылдау, елестермен тығыз байланысты. Түйсік пен қабылдау
танымның бірінші баспалдағы болғандықтан, олардан тыс ешбір ойлау
болмайды. Ойлау сезім мүшелері арқылы алынған мәліметтер өңдейді.
Ойлау сезімдік мағлұматтардың негізінде ғана мүмкін болатын нәрсе.
Елестерде жалпылағыш элементтер мол болғанымен,. Таным мүмкіндігі
ойлаудан әлдеқайда төмен. Ойлаудың қамтитын шеңбері өте кең.
Адамның ойы әрқашанда сөз арқылы білдіріледі. Біреу
екінші біреуге пікірін білдіргенде өзін естісін деп дауыстап
сөйлейді. Ой толық сөз күйінде білдірілгенде ,ана айқындалып,
дәйектелініп, дәлелдене түседі. Ойлау мен сөйлеу бірдей нәрсе деп,
бұлардың арасына теңдік белгісін қою дұрыс емес. Ой-сыртқы дүниені
бейнелеудің ең жоғары формасы, сөз ойды басқа адамдарға жеткізетін
құрал. Ойдың сөз арқылы бейнеленуі арқасында адам өзінен бұрынғы
ұрпақтар жинаған тәжірибе мен білімді сақтап қала алды, ойды өмірді
одан әрі жақсарту мақсаттарына пайдаланды. Бала тілі шықпай тұрған
кезде де ойлай алады. Нәресте айналасындағы дүниені бірінші сигнал
жүйесінің қызметі арқылы танып біледі. Ойлаудың бұл түрі онын
танымын онша кеңіте алмайды. Баланың тілі шығып, сөз арқылы
үлкендермен қарым-қатынасқа түскенде ғана оның ойлау шеңбері
кеңейетін болады.
Сөз бен ойдың бірлестігі алғашқы адамдардың психикасында
да үлкен орын алған. Сөзбен ойлаудың арқасында ғана олар бірінің
білмегенін екіншісі біліп, ақыл-ойын молайта түскен. Тіл мен ойдың
бір-бірімен тығыз байланыста болатындығын халық ерте кездің өзінде-ақ
байқаған. Мысалы: халқымыздың ішімдегінің бәрі тілімде, тілімдегінің
бәрі түсімде ; деген мақала адамның басындағы ойы тілінен
көрінетіндігін , ал тілдің өзі адам психологиясын байқататын тамаша
құрал екендігін жақсы көрсетеді. Сөйтіп, ойдың дамуы адамның нақтылы
іс-әрекетімен шарттас болумен қатар, оның сөйлеу мәдениетін меңгере
білуімен де, сөз өнеріне жетілуіменде тығыз байланысты.
Сөйлеумен тығыз байланыста жүріп отыратын ойлау
процесі тек адам баласының психикасына ғана тән пороцесс болып
табылады. Кейбір психологтардың (Л.Леви-Брюль) т.б. айтатынындай
мәдени дамудан артта қалған халықтардың ойлауы төмен , логикасы
шорқақ дейтін теориялар ғылыми жағынан дәйексіз болып есептелінеді.
Адам ойлауының эволюциялық даму жолы өте ұзақ. Ойлаудың ішкі
мазмұны қоғам дамуымен бірге өзгеріп отырады. Қоғам ілгері дамып,
оның ғылымы мен техникасы өскен сайын жаңа ұғымдар пайда болып,
қалыпиасады. Бұрынғылары ескіріп қатардан шығады. Ғалымның әкелік
таратқан қуыршақтарына ер балаларда , қыздар да қатты қызығып,
өздерінше бөпе қылып әлдилеп, киіндіріп ұйықтатып ойнай бастайды. Бұған
қарап қыз балаларда биологиялық аналық түйсіктің оянғаны, ал ер
балалар соларға еліктеген ғой деуге болар еді. Шынында да,
балалардың біразы қуыршақтармен бір сәт қана ойнап, кейін жайына
кетті. Ал басқалары қуыршақтардың қасынан кетпей, ойындарын түрлендіре
түсті. Ал бір ғажабы, ер балалар қуыршақпен ойнауларын жалғастыра
бергенде, бұл ойыннан тез жалыққан қыздар болды.Адам сыртқы дүние
құбылыстарының сырын көбірек білген сайын, оның ойлауы да жетіле
түседі. Қазір ойлаудың практикалық әрекетпен байланысқан сан-салалы
түрлеріпайда болды. Адам өз ойлауының ақтқаттығын, яғни шындығымен
құдіреттілігін , өмірге жарасымдылығын практика жүзінде дәлелдеуге
тиіс. Ой амалдары мен логикалық операциялар, оларды орындаудың
белгілі ережелерімен жүйесінің пайда болуы-адам ойлауының зор
табысқа жетуінің , тарихи дамуының нәтижесі. Ойлау заңдылықтары мен
ережелері сансыз қайталаудың жәгне тәжірибеде тексерілудің
нәтижесінде адам санасында бекіп, зор шындыққа айналды. Ойлау
адамның сыртқы дүниемен қарым-қатынас жасау процесінде туындап
отырады. Адам ойлауының мазмұнын билейтін -объективтік шындық. Ойлау
өзіндік ішкі қарама-қарсы қайшылықтарға толы процесс. Бұл оның
дамуының және іске асуының қозғаушы күштері болып табылады.
Ойлаудың пайда болуында жаңа, белгісіз нәрселерге зекр салып,
қызығудың да маңызы зор. Адам әркез өзінің алдына мақсат, міндет
қоя білуіқажет. Бұларды басқа адам да қоюы мүмкін. Өмір
тәжірибесімен білімі жеткілікті кісі алда тұрған міндетті тез
аңғарады да , мәселе қоя біледі, ой процесі бағытын анықтайды. Бұдан
соң мәселені шешу, яғни ойдың негізгі кезеңі басталады. Бұл адам
психологиясына ерекше әсер ететін өзекті , аса мәнді кезең
болыпесептеледі. Ойдың кей кезде шындықтан ауытқитын кездері де
болады. Бұл адамды шындықтағы құбылыстар жөнінде қате көзқарасқа,
теріс пікірлерге де алып келеді. Түйсік пен қабылдауға қарағанда
ойлауда қателесуге мүмкіндік бар, әйтседе ойлу құбылыстардың мәнін
екі жақты (теория мен тәрбие ) бірдей қарастырып, тереңірек
біліпотыратындықтан, қабылдау мен елестерге қарағанда әлдеқайда жоғары
тұрады. Ойлау сыртқы дүниені мида бейнелеудің ең жоғары формасы.
Ғылыми техникалық процесс “ойлайтын “ машиналарды дүниеге келтірді.
Қазіргі есептегіш машиналар өз жұмысының нәтижесін бағалай алады,
программалардан нәрселерді үйрене де, оны жақсарта алуға да шамасы
келеді. Машиналар белгілі ережелерге сәйкес мәтінді бір тілден
екінші тілге аударады, сөйленіп тұрған сөзді машина тіліне яғни кодқа
айналдырады. Бірақ оқып үйрену қабілеті жөнінен машина адамнан аса
алиайды. Машинаға қарағанда адамның оқып үйренуі әлдеқайда жеңіл.
Сөйтіп есептегіш машиналар қанша “ақылды” болғанымен адам ойлауына пар-
пар келе алмайды, адам ойлауы , оның барлық психологиялық қасиеттері өз
қасиеттерін мәңгі –бақи сақтап қалады. Ойлау аса күрделі психикалық
процесс. Оны зерттеумен бірнеше ғылым айналысады. Бұлардың ішінде
логика мен психологияның орны ерекше. Осы екі ғылымның ойды
зерттеудегі әдіс тәсілдерінде де өзіндік айырмашылықтар бар. Мысалы:
психология түрлі жас мөлшеріндегі адам ойының пайда болу, даму,
қалыптасу жолын, яғни жеке адамның ойлау еркшеліктерінің заңдылықтарын
қарастырса, логика бүкіл адамзатқа ортақ ой-әрекетінің заңдары мен
формаларын айқындайды. Адам ойының нақты нәтижесі болып табылатын ұғым,
пікір, ой формаларының табиғатын зерттейді.
2.2 Ой тәсілдері.
Ой тәсілдерінің түрлері көп.
Ойлау-әрқашан анализ бен синтез процестерінен
басталады. Ойлау - түйсік пен қабылдаудағы анализ бен синтездің
жаңа мазмұнға ие болған түрі. Анализ дегеніміз- ой арқылы түрлі
заттар мен құбылыстардың мәнді жақтарын жеке бөліктерге бөлу.
Синтезде ой арқылы заттың құбылыстық барлық элементтері
біріктіріледі. Анализ бен синтез бір –бірімен тығыз байланысты ,
бірінсіз-бірі болмайтын құбылыс. Бұл екеуі бірінен-бірі ешқашан
ажырамайтын ой процесінің негізгі компоненттерінің бірі. Кез-келген
сұраққа жауап табу, қандай болмасын бір мәселені шеш алу, анализ
бен синтездің түрлі қиысуларын қажет етеді. Мысалы: Мылтықты жеке
бөліктерге ажыратсақ бұл анализ (талдау) болады да, кейіннен осы
бөліктерді белгілі тәртіппен құрастырсақ синтез (топтастыру) болады.
Балаларда оқу, жазу, есептеу т.б. дағдылардың қалыптасу жолы да осы
анализ, синтез операцияларының принциптеріне негізделген.
Анализ бен синтездің негізінде салыстыру деп аталатын ой операциясы
пайда болады. Салыстыруда заттардың ұқсастық , айырмашылық қасиеттері
айқындалады. Бұл операция салысиыратын заттардың бір түрлі
белгілерін көрсетумен қатар, басқа белгілерімен айырмашылықтарын да
айырып көрсетеді. Ойлау операциясының күрделі түрі –абстракция мен
жалпылау. Шындықтағы заттар мен құбылыстарды жалпылау арқылы оның
елеулі қасиеттерін басқа қасиеттерінен ойша бөліп алуды абстракция
дейді. Мысалы: квадрат, трапеция, параллелограмм деген сөздерді “төрт
бұрыш” деген сөзбен белгілесек, соңғысы абстракция болады.
Абстракцияға қарама-қарсы процесті нақтылау деп атайды.
Нақтылау абстракциялық ұғымды соған сәйкес келетін жеке
ұғымдармен түсіндіру , яғни жеке заттар мен нәрселер туралы ой
нақтылау абстракцияға қарағанда, ұғымды көрнекі етіп түсіндіруге
мүмкіндік береді. Жек мысал , көрнектіқұрал-нақтылаудың түрлі
формалары.
Жалпылау дегеніміз-біртекті заттардың , құбылыстардың ортақ
қасиеттерін оймен біріктіру. Жалпылау үшін заттардың ерекше маңызды
белгілерін таба білу керек. Мысалы: алма, өрік, мейіз, алмұрт т.б.
ұқсас белгілері жиналып келіп жеміс деген жалпы ұғымды береді.
Жалпылау арқылы шындықтағы заттар мен құбылыстарды белгілі принцип
бойынша орналастыруды жүйелеу (систематизация) дейді. Жүйелеудің
жоғары түрі-классификация . Мысалы: жануарлар типке, типтен-класқа,
кластан -отрядқа, торядтан-отбасына , отбасынан –текке, тектен-түрге т.б.
жүйеленеді. Жүйелеу арқылы өсімдіктер дүниесін , химиялық
элементтерді белгілі классификацияға келтіруге болады.

3. Ойлау формалары.

Ойлау ой операцияларымен қоса ой формаларынан да
тұрады. Ойдың бастапқы формасы болып ұғым есептелінеді. Ұғым
дегеніміз- заттар мен құбылыстар турвлы ой ұғымда заттардың жалпы
және некгізгі қасиеттері бейнеленеді. Мысалы: мектеп, оқушы,
мұғалім т.б. әр текті ұғымдар : ұғымдар дара және жалпы болып
бөлінеді. Мысалы: Шымкент қаласы, “Ғ Мұратбаев” дар ұғым болса,
“кітап”,”адам” т.б. жалпы ұғым болады. Кейде жинақтаушы ұғым да
болуы мүмкін. Мысалы: жиналыс (студенттер жиналысы), кітапхана,
(балалар кітапханасы) т.б. Бала мектепке келгесін ғылыми ұғымдарды
меңгере бастайды. Оның білім, дағдыларының түсуі ғылыми ұғымдардың
негізін меңгере білуге қолайлы жағдай туғызады. Әрбір ұғымда
белгілі мазмұн болғандықтан, ол ұғымды бірден меңгеру оңай емес.
Бұл үшін ойлау тәсілін меңгере білу қажет. Ана тілі сабағында
мұғалім үй жануарлары мен жабайы аңдар туралы түсіндіргенде, олардың
бір-бірінің негізгі өзгешеліктерін көсетумен қатар, ұқсастықтарына
баса назар аудартады. Баланың логикасын дамыту, ұғымдарын өсіру-
науқандық жұмыс емес . Мұнда оқушылардың жас ерекшеліктері де қатты
ескеріледі.
Шындықтағы заттардың қарапайым болмысы пікірлерден көрінеді.
Пікір-бұл бір зат туралы мақұлдау не оны бекерге шығаруда көрінетін
ойлаудың формасы. Мысалы: Астана-Қазақстан Республикасының орталығы
десек бұл шындыққа сай ақиқат пікір болады.да, ал адам - заттың
бөлінбейтін және өзгермейтін бөлігі десек бұл жалған пікір болып
табылады. Әрбір пікірде үш бөлім болады. Олар: бастауыш,
баяндауыш,байланыс пікір де ұғым сияқты тек тілдік материал
негізінде, тілдік терминдер мен сөйлемдердің негізінде ғана туып,
өмір сүре алады. Ойлаудың күрделі формаларының бірі- ой
қорытындылары. Ой қорытындылары дегеніміз –бірнеше пікірлерден жаңа
бір пікір шығару тәсіліқорытынды шығару үшін оны белгілі тәртіпке
бір-бірімен байланыстыруымыз қажет.Қатар тұрған кездейсоқ пікірлерден
қорытынды шықпайды. Мысалы: барлық дельфиндер -жануар, барлық
металдар электр өткізеді деген екі пікірдің арасында ешбір логикалық
байланыс жоқ. Сондықтан бұл екеуінен үшінші жаңа бір пікірдің
тууы мүмкін емес.
Ой қортындыларының үш түрі болады:
1. Дедукциялық
2. Индукциялық
3. Аналогиялық
Дедукция дегеніміз- жалпыдан жекеле қарай жүретін ой
қорытындысы. Мысалы: біз тірі организмдер оттегі жоқ жерде тіршілік
ете алмайды, ал балық тірі организмнің бірі десек , олай болса
балық оттегі жоқ жерде тіршілік ете алмайды деген қортындыға
келеміз.
Индукция -жекеден жалпыға қарай жасалатын ой
қортындысы . Мысалы: Оттегі болмаған ауада өсімдік өсе алмайды .
Сондай-ақ оттегі жоқ ауада жануарлар да адамда тіршілік ете алмайды
десек болады.
Аналогия дегеніміз -ұқсастық бойынша ой
қорытындыларын жасау. Мысалы: И.Ньютон бүкіл әлемдік тартылыс заңын
тапқанда, ой қортындысының осы түріне сүйенген. Ол жер үстіндегі
денелердің қозғалуы арасындағы ұқсасиықты түсіндіруде аналогияны
келтірді. Аналогия осындай ғылыми гипотезаның бастамасында елеулі
рол атқарады. Оқушыларды ұғымдар мен пікірлердің біртіндеп қалыптасуы,
соған сәйкес ой қорытындыларының дамуына мүмкіндік туғызады. Ойлау
формалары бір-бірімен байланыса дамып отырады. Бірінші, екінші
сыныптағылар ой қорытындыларын тікелей байқауға сүйеніп жасайды. Ал,
үшінші, төртінші сынып оқушылары жеке құбылыстардың себеп-салдар
байланыстарын байқай келіп, одан жалпы қорытындылар жасап отырады.
Тәжірибе үстінде құбылыстарды тікелей байқапкөру индукциялық ой
қорытындыларын жасауға жағдай туғызса, жалпы заңдар мен ережелер ,
принциптерді меңгеру дедукциялық ой қорытындыларының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ ойшылдарының адам мен әлем мәселесі
Ойлаудың адам дүниетанымындағы маңызы
Ш. Құдайбердіұлының қазақ философиясындағы орны
Махамбеттің әдеби дүниетанымы
Абай Құнанбайұлының дүниетанымы
Ахмед Йүгінекидің өмір жолы
Г. Лейбництің өмірі мен еңбектері
Шәкәрім поэзиясындағы діни көзқарастар
Сезгіштік және түйсік табалдырығы
Қазақ рухындағы даналық
Пәндер