Табиғи және ақаба суларды тазарту қондырғылары



Ақаба су деп бұрын өндірісте, тұрмыста немесе ауыл шаруашылығында пайдаланылған, сондай-ақ қандай да бір лас аймақ, оның ішінде елді мекен (өнеркәсіптік, ауылшаруашылықтық, коммуналдық-тұрмыстық, нөсер, тағы басқа ағындылар) арқылы өткен су. Былайша айтқанда адамның тұрмыста және өндірістік іс-әрекетінде пайдаланылғаннан кейін шыққан су.
Ақаба су гетерогенді күрделі жүйе болып саналады, оның құрамында болатын органикалық және минералды қоспалар ерімейтін, коллоидты және еритін түрде кездеседі. Құрамы мен пайда болған түріне байланысты ақаба сулар үш негізгі категорияға: шаруашылық-тұрмыстық, өндірістік және атмосфералық болып бөлінеді.
Ақаба судың шаруашылық-тұрмыстық ластағыш түріне байланысты зәр-нәжістік (физиологиялық қоқыстармен ластанған) ластанған және шаруашылық (раковина, ванна, монша, кір жуатын жерлерден түсетін) ластанған болып ажыратылады. Негізінде минералды заттектермен қатар олардың құрамында органикалық заттектер, бактериалар, микроорганизмдер болады. Өндірістік ақаба сулардың құрамына технологиялық процестер мен қолданылатын материалдар түріне және шкізаттың химиялық қасиеттеріне тәуелді. Өндірістік ақаба су ластанған және нормативті таза (тазалаудан өткізіп қайта пайдалануға жататын) болып ажыратылады. Атмосфералық ақаба су нөсержәне қар суы болып бөлінеді.
Табиғатты, қоршаған ортаны ластанудан қорғау мен табиғи ресурс ретінде тиімді пайдалану мақсатында қайтарылып қолдану үшін ақаба су құрамындағы ластағыш заттардың түрі мен мөлшеріне қарай әртүрлі әдіспен тазаланылады. Бұларға механикалық (тұндыру, сүзу, флотация), физикалық-химиялық, химиялық, биологиялық және түйдектелген әдістер жатады.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Табиғи және ақаба суларды тазарту қондырғылары.

Ақаба су деп бұрын өндірісте, тұрмыста немесе ауыл шаруашылығында
пайдаланылған, сондай-ақ қандай да бір лас аймақ, оның ішінде елді мекен
(өнеркәсіптік, ауылшаруашылықтық, коммуналдық-тұрмыстық, нөсер, тағы басқа
ағындылар) арқылы өткен су. Былайша айтқанда адамның тұрмыста және
өндірістік іс-әрекетінде пайдаланылғаннан кейін шыққан су.
Ақаба су гетерогенді күрделі жүйе болып саналады, оның құрамында
болатын органикалық және минералды қоспалар ерімейтін, коллоидты және
еритін түрде кездеседі. Құрамы мен пайда болған түріне байланысты ақаба
сулар үш негізгі категорияға: шаруашылық-тұрмыстық, өндірістік және
атмосфералық болып бөлінеді.
Ақаба судың шаруашылық-тұрмыстық ластағыш түріне байланысты зәр-
нәжістік (физиологиялық қоқыстармен ластанған) ластанған және шаруашылық
(раковина, ванна, монша, кір жуатын жерлерден түсетін) ластанған болып
ажыратылады. Негізінде минералды заттектермен қатар олардың құрамында
органикалық заттектер, бактериалар, микроорганизмдер болады. Өндірістік
ақаба сулардың құрамына технологиялық процестер мен қолданылатын
материалдар түріне және шкізаттың химиялық қасиеттеріне тәуелді. Өндірістік
ақаба су ластанған және нормативті таза (тазалаудан өткізіп қайта
пайдалануға жататын) болып ажыратылады. Атмосфералық ақаба су нөсержәне қар
суы болып бөлінеді.
Табиғатты, қоршаған ортаны ластанудан қорғау мен табиғи ресурс
ретінде тиімді пайдалану мақсатында қайтарылып қолдану үшін ақаба су
құрамындағы ластағыш заттардың түрі мен мөлшеріне қарай әртүрлі әдіспен
тазаланылады. Бұларға механикалық (тұндыру, сүзу, флотация), физикалық-
химиялық, химиялық, биологиялық және түйдектелген әдістер жатады.
Механикалық әдісте ақаба судағы ірі және ұсақ түйірлі тез тұнатын
бөлшектерді өздігімен тұндырып немесе оларды және қалқып шығатын
заттектерді тұндырғыш, сүзгіш, құмұстағыш арқылы өткізіп, немесе әртүрлі
конструкциялар техника құралдарын (торларды, електерді, гидроциклондарды)
қолданып, ал беттік ластағыштарды – мұнайұстағыш, май мен
смолааулағышжабдықтар мен материалдарды пайдалану арқылы жояды.
Соңғы кезде ақаба суды май тәрізді заттардан тазалауға жиі
пайдаланылып жүрген материалға май сіңіргіштік қабілеті жоғары
пенополиуретан жатады.
Ақаба судың улылығын азайтуға кеңінен тұндырғыштар шұңқырлар
пайдаланылады. Тұндырғыш ғимараттарында ақаба сулардан түпке тұнатын не
қалпыма салынды және майлы заттектер гравитациялық жіктеу негізінде
бөлінеді. Арналу мақсатына қарай тұндырғыштар бірінші реттік және екінші
реттік болып бөлінеді. Бірінші реттік тұндырғыштар ақаба суларды
биологиялық тазарту ғимараттарына дейін, екінші реттіктері одан кейін
орнатылады. Құрылымына байланысты олар горизонталдық, вертикалдық,
радикалдық және диагоналдық болып сараланады. Вертикалдық және диагоналдық
тұндырғыштар тәулікте өнімділігі 10-15 мың текше метрге дейін, ал
горизонталдық 10-15 мың текше метр, радикалдық тұндырғыштар тәуліктік
өнімділігі 20 мың текше метрден астам тазарту станцияларында қолданылады.
Ақаба суды 0,08-0,3мс жылжу жылдамдықпен құмүстағыш арқылы өткізіп,
оның құрамындағы ерімейтін құм, қақ тәрізді ауыр қоспалардан ажыратуға
болады. Кейбір құмұстағыш үлгілерімен құм 80%-ке дейін ұсталып қалады.
Құмұстағыштардың тиімділігін арттыру мақсатында оның құм құйылатын қорабына
гидроциклонды қабыстырады.
Гидроциклонды пайдаланып, сыртқа тепкіш күш көмегімен ақаба суларды
өте ірі дисперсиялық қоспалардан тазалауға болады. Көбіне бұл қондырғылар
тығыздығы 1,2 гсм жоғары ағындыларды ірілігі 0,15 мм үстіндегі
бөлшектерден тазалауға бағытталған.
Коммуналдық шаруашылықтан шыққан сұйық қалдықтарды механикалық әдісті
қолдану арқылы ерімейтін қоспалардан 60% мөлшерінен тазалауға болады, ал
кейбір өндірістік сулар бұл әдіспен 95%-ке дейін тазаланады.
Химиялық әдісте ластағыштардың физикалық-химиялық қасиеттерін ескере
отырып, оларды химиялық агенттерді қолдану арқылы жояды. Химиялық тазалауда
қолданылатын негізгі әдістерге: нейтралдау, тотықтыру және тотықсыздандыру
жолдары жатады.
Нейтралдау процесін құрамында қышқылы немесе сілтісі бар ақаба суының
рН мағынасын 6,5-8,5 аралыққа мақсатында қолданылады. Нейтралдау үшін
қышқылды ақаба суымен сілтілі ақаба суын араластыруға, реагенттер қосуға,
ақаба суын нейтралдау қасиеті бар сүзгіш материалдар арқылы жіберуге
болады. Сүзгіш материал ретінде әк, мрамор және доломит қолданылады. Бұл
әдіспен, әдетте, құрамында әр түрлі минералды қышқылдары бар ақаба сулары
тазаланады. С3лт3л3 суларды нейтралдау ма0сатында 09рамында СО,SO,NO
оксыдтері бар түтінді газдарды жіберу әдісі меңгерілуде, бұл жағдайдың
қолайлылығы екінші жағынан газды тастандылардың құрамындағы зиянды
заттардан құтылу мәселесі де шешіледі.
Тотықтандыру процесі ақаба суындағы улы қоспаларды басқа жолмен
шығару қолайсыз немесе мүмкін емес болғанда ғана қолданылады. Ақаба суды
тазалау үшін тотықтырғыш ретінде газ тәрізді немесе сұйылтылған хлор , ауа
оттегі, озон, гипохлорид, сутек тотығы, калий перманганаты және басқа
реагенттер пайдаланылады.
Озондау ақаба суын мұнай өнімдерінен, фенолдан, күкіртті сутектен,
цианидтерден және басқа дп қоспалардан тазалауға қолданылады. Күшті
тотықтырғыш болғандықтан озонның сулы ерітінділердегі органикалық
заттектерді және басқа қоспаларды ыдырататын қабілеті өте жоғары. Сонымен
бірге суды озондағанда оның жағымсыз иісі, дәмі, бояуы жойылып,
залалсызданады. Хлорлау әдісімен салыстрғанда озондау әдісінің артықшылығы
бар, біріншіден, озонды тікелей су тазалайтын жерде озонаторларды орнатып,
ауа оттегінен электр тогын ажырату процесін пайдалану арқылы алуға болады.
Екіншіден, хлорлау бірқатар жағдайларда ауыз суды зиянды заттектердің,
соның ішінде мутагендер мен канцерогендер түзілуіне апарып соғуы мүмкін,
сондықтан оның орнына озондау әдісінің қолданылғаны қолайлы.
Ағынды судағы ластағыштардан құтылу үшін іс жүзінде пайдалыналатын
физикалық-химиялық әдістерге- каогуляция, флотация, электролиттік
ірілендіру, су буымен айдау, сорбция экстракция, гиперфильтрация,
эвапорация, десорбция, дезодорация, дегазация, электрохимиялық тәсілдер,
ультрадыбыспен суды өңдеу жатады. Бұл әдістер қатарымен жүретін физикалық
және химиялық процестерге негізделген.
Механикалық және физикалық- химиялық әдістер ақаба суларын тазалаудың
алғашқы кезеңі, осыдан кейін олар биологиялық тазалауға жөнелтіледі.
Биологиялық жолмен ақаба суын тазалау үшін ластағыштарды ыдыратып,
өздерінің қоректенуіне, өсуінежәне көбеюіне пайдаланатын микроорганизмдер
немесе оларды өз бойына сіңіретін өсімдіктер қолданылады. Биологиялық
тазалауға қатысатын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қалдықсыз және аз қалдықты технологияларды өндірісте пайдалану өзектілігі
Ағынды суларды аэрациялау туралы ақпарат
Көп қабатты үйлерді сумен жабдықтайтын сорғы қондырғысының автоматтандырылған электр жетегі
Ағынды суларды аэрациялау
Ақаба суларды тазарту әдістері
Ақаба сумен суармалау
Мұнай өңдеу зауыттарындағы ақаба суларын өңдеудің кешенді схемалары
ТАБИҒИ ЖӘНЕ АҚАБА СУЛАРДЫ ТАЗАРТАТЫН ҚОНДЫРҒЫЛАР
Су шаруашылығы туралы
Суды қорғау дисциплинасы
Пәндер