Темекі тарту – зиянды әдет


Пән: Валеология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР.

Темекі тарту - зиянды әдет.

  1. Өкпенің қатерлі ісігі. Этиолгия

2. Патогенез.

Патанатомиясы.

  1. Қолданылған әдебиеттер

Темекі тарту - зиянды әдет.

Темекі тарту- никотинизм немесе жалпы тұрмыстық наркомания деп аталады. Ол ел арасына кең тараған зиянды әдеттердің бірі. Бұл күнде никотинизмге жүздеген, мыңдаған адамның ұшырағаны жасырын емес.

Папирос пен сигарет алғаш тартқанда жағымсыз болғанымен оған адам бірте-бірте құмарланып, дағдылана түседі. Темекі түтініне құштарлығы артады, оны өзі де байқамайды. Осы айтылған жай темекіге үйрене бастаудың алғашқы белгілерінің бірі. Адам әсіресе, тамақ, шарап ішкеннен кейін, ұйқыдан тұрғаннан кейін, қайғы қасіретке ұшырағаннан кейін не болмаса шаршап- шалдыққан кезінде темекі тартуға құмартады.

Темекі тартқан кезінде оның әр түрлі зиянды қосындылары: никотин, көмірсутегі, сірке, құмырсқа, синил, май қышқылдары, пиридин, оттегінің тотығы және басқа да химиялық заттар бөлініп, өкпе тканьдары арқылы денеге тарайды.

Темекі тарту адам организмі үшін физиологиялық қажет нәрсе емес. Іс жүзінде организм үшін қажетсіз зиянды құбылыс. Өйткені ол денені уландырып, денсаулыққа зардапты әсерін тигізеді. Темекінің түтінінде 80-90 процентке дейін никотин болады.

Темекіні ұзақ тартқан адамның өкпе катарына, бронхылардың парез деп аталатын дерттеріне шалдығуы мүмкін. Соңғы жылдары өкпе рагі бұрынғыдан арта түсті. Ғалымдар оның басты себебі темекі екеніне көз жеткізді. Темекінің 100 мг смоласында 1, 1-1, 6 микрограмм бензипирен бар. Ал кейбір темекілерде оның мөлшері 2-6 микрограммға дейін жетеді. Сонымен қатар темекі түтініндегі күшала да, радиоактивті калий де рак қоздырушылар болып есептеледі. Темекі смоласын тышқан терісіне жағып тәжірибе жүргізгенде, 58 % жағдайда әр түрлі қатерлі, қатерсіз ісіктер пайда болған.

Зерттеушілер сонымен бірге темекі тарту тек қана өкпе рагіне ғана емес, сонымен бірге ерін, қызыл иек, кеңірдекте кездесетін қатерлі ісіктерге себепкер болуы мүмкін екенін айтады. Никотиннің зиянды әсері салдарынан дәм сезу органдары, ас қорытуға қажетті аппараттар мерзімінен бұрын бүліне бастайды. Темекі түтініндегі никотиннің әсерінен тістің сыртқы эмалі сарғайып бүлінеді. Сөйтіп ол тіс жегісіне шалдығады. Темекі тарту сілекей бездерін де өзгертеді, сілекей көп бөлінетін болады, оның үстіне ауызда ұнамсыз иіс пайда болады. Сондай-ақ темекі тартушылар арасында стоматит, гингивит деп аталатын дерттер жиі кездеседі. Ал еріндегі, тілдегі, таңдайдағы жазылмайтын жалақтар темекі тартушыларға ғана тән аурулар.

Темекі тартушылар арасында жүрек-қан тамырларының аурулары да жиі кездеседі. Никотиннің әсерінен қан тамырларының тқтқырлығы артып, олар дистрофиялық өзгерістерге ұшырайды, сөйтіп жүрек пен қолқа күре тамырларында артериасклероз ауруы пайда болады.

Темекі тартушылардың кейбіреулерінде аяқ күре тамырларының облитерациялық эндартериит деп аталатын ауруы кездеседі. Мұндай дертке ұшырағандар жүргенде ақсайды. Бұл ауруды медицинада «шылым шегушілердің ауруы» деп атайды.

Темекі тарту өкпе туберкулезін асқындырып, қоздырып жібереді. Темекінің түтінімен араласқан ауаның құрамы өзгереді, әрі бұзылады. Темекі түтіні араласқан лас ауамен дем алған темекі тартпайтын адамдар мен балалар да зардап шегеді. Сөйтіп, шылым шегушілер өздерін ғана уландырып қоймай, басқаларды да уландырады.

Канададағы Альберт университеті зерттеушілерінің хабарлауына қарғанда темекі тартудың бұдан бұрын айтқан зияндарынан өзге, оның көзді ретинопатия деп аталатын ауруға соқтыратыны анықталды. Ретинопатия ауруы темекі тартатын адамдарда темекі тартпайтындарға қарағанда бес есе көп кездесетіні белгілі.

Көптеген аурулардан сақтанудың басты жолы- темекі тартпау. Темекіні тастағаннан кейін көпке дейін арақ- шараптан, кофе сияқты қоздырғыш заттардан аулақ болған жөн. Етсіз тамақ ішіп, жеміс- жидек, сок не болмаса минералды су ішкен пайдалы. Темекіні тастаған соң бірнеше аптадан кейін адамның тамаққа тәбеті ашылып, жөтелі басылады. Салмақ қосылады.

Өкпенің қатерлі ісігі.

Соңғы он жылдықта көптеген мемлекеттерде өкпенің қатерлі ісігімен науқастану саны күрт жоғарылауда . Әлемнің 35 мемлекетінде өкпе ргы өлім саны жағынан бірінші орында. АҚШ-та әрбір жылда өкпе рагынан қайтыс болғандар 140-мың немесе барлық өлімдердің 6% құрайды.

Барлық науқастардың 25пайызынан жоғарысын 50-60 жас аралығында жиі кездеседі.

Этиология.

өкпе рагын 80% жағдайда тудыратын негізгі фактор шылым шегу. Сонымен қатар асбестаз, автомобильдердің және өндіріс кәсіп-орындардың қалдықтарымен ауаны ластауы да аурудың дамыту факторы болып табылады. Шылым түтінінде жәнесмоланың құрамында спектрлі тлдау көмегімен 50-ге жуық канцерогендер табылған. Олардың ішіндегі ең зияндылары жартылай ыдырау уақыты ұзақ полонийдің (210 Ро) радиоактивті изотобы, нитрозаминдер (диметил және диэтилнитрозаминдер) бензпирендер болып табылады. Шылымдардың фильтрлері канцерогендердің өкпеге түспеуін қамтамасыз ете алмайды. Пассивті шеккіштер қатарына үнемі шылым шегілетін бөлмеде еріксіз дем алатын адамдар жатады. (жанұя мүшелері, қызметтестер) . Шылым түтінің әсеріне түспейтін адамдармен өкпе рагымен жиі ауырады. Ұзақ және көп шылым шегетіндерде (күніне 1 қораптан артық) өкпе шекпейтіндерден 10, 8 есе жиі кездеседі. жасөспірім кезденбасталған шылым шеккіштерде өкпе рагы 52 рет жиі (12-14жас) . Канцерогендердің ең көп мөлшері темекіні соңына дейін шеккенде өкпеге түседі.

Канцерогендік әсері бар заттарға сонымен қатар мұндй және оның өнімдері жанғанда түзілетін, радиоактивті кеніштер немесе кобальт(Со), никель (Ni), мышьяк (As), асбест жатады. Бұл заттардың организмде ұсталып, өкпе мен бронхтардың эпителиінің ДНК-сына әсер етіп, оларда мутагенді өзгерістер шақырып қалыпты жасушаларды ісік жасушаларына айналдырады. Организмде қалыпты жасуша ісік жасушаға айналуына сыртқы, ішкі факторлар әсер етеді. Шылым шеккіштердің созылмалы бронхиті кірпікшелі эпителийдің метаплазиясына жағдай жасайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Темекі және оның зияны
Темекі тарту – зиянды әдет. Аналар темекiге қарсы
Шылым мен алкогольдің адам ұрпағына әсері
Шылым тарту зиянды әдет
Денсаулық және темекі шегу
Шылым шегудің зияндары
Темекі және оның адам денсаулығына тигізетін әсері
Темекінің қарынға әсері
Темекінің жүрек-тамыр жүйесіне әсері
Зиянды әдеттерге жастардың көзқарасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz