Радиожурналистика туралы



Кiрiспе
Радиожурналистикадағы шолу
Радиосұхбат
Радиокорреспонденция
Радиорепортаж
Рецензия
Радиоәңгіме
Радиожурнал
Радиокомментарий, радиотүсініктеме, шолу
Телерадиожурналистикадағы шолу
Пайдаланылған әдебиеттер
Ғасырлар көші алға жылжып, уақыт сырғыған сайын қоғам небір жаңалықтарды бастан кешіріп, соның нәтижесінде дамып, өркендеп отыр. Сана иелерінің ойынан туындап, ғаламат жетістікке баланатын сан алуан жаңалықтар, ендігі уақытта қоғам үшін қызмет етіп, адамдар өздері қолымен жасаған дүниелердің рахатын көруде. Ыбырай Алтынсарин бабамыз айтқандай, адамдар үшін енді алыс жерден жылдам хабар алу, оны тыңдау, сол арқылы таным- түйсігіне әсер етіп тұщынудың еш қиындығы жоқ. Ал, адам ақыл- ойының үлкен жетістігі ретінде БАҚ айтуға толық негіз бар. БАҚ тек прогресстік қоғамның көрініс ғана емес, белгілі бір халықтың, ұлттың рухани әлемінің өлшемі. Соның барометрі десек те болады. БАҚ- да жазылған немесе тасқа басылған дүниелер халықтың көкейіне сәуле түсіріп, санасын селт еткізеді. Қазіргі таңда БАҚ-ның беделі тым асқақтай түсті. Енді БАҚ-ры арқылы саячси ойындардың да көшбасында көріне аласың. Жазылмаған заңдылықтар бойынша БАҚ- төртінші билік. Құдіретті өте күшті. Бұл тұрғыда БАҚ- ның қай- қайсын да алуға болады.
Әрине, осылардың арасында радионы бөле – жара алып қарастырсақ дейміз. Алғашында Попов Александр Степанович ашқан жаңалықты ешікм дұрыс қабылдамай, болашағы жарқын жаңалықтың мән- мағынасын онша түсінбеді. Кейін уақыт өте келе оның маңызы артты. Бүгінде радио тыңдамайтын жан жоқ шығар, сірә. Радио жалпы тыңдарман қауым үшін тиімді. Оны көшеде келе жатып та, үйде отырып та, кез- келген жерде тыңдай аласың. Бірақ, радионың техникалық жағынан өркендеп, әрі ол пайда болғаннан кейін өркен жайған радиожурналистиканың бүгінгідей үлкен биіктіктерді бағындырып, кең тыныспен өмір сүруі аспаннан түсе қалғандай бірден қалыптасқан жоқ. Оның белгілі бір заңдылықтары бар. Сондай- ақ, радио дүниеге келгеннен соң журналистика өнері де жаңа жанрлар мен салалардың пайда болуына әкелді. Журналистиканың ауқымын кеңейтті.
1. Г.В. Кузнецов, В.Л. Цвин, А.Л. Юровский. Телевизионная журналистика. – Москва, 1994г.
2. БАРМАНҚҰЛОВ "ТЕЛЕВИЗИЯ БИЗНЕС, ӘЛДЕ БИЛІК."-Алматы, 2007ж.
3. Қ. Тұрсын. Теледидардың теориясы мен әдістемесі. – Алматы, 2001ж.
4. Қ. Тұрсын. Көгілдір экран құпиясы. – Алматы, 1998ж.
5. В.В. Смирнов. Жанры радиожурналистики.- Москва, 2002г.
6. WWW. GOUGO. RU.
7. Н. Омашов. Радиожурналистика
8. Р. Исабек. Қазақстан телевизиясындағы ақпараттық хабардың проблемасы. // Хабаршы-11 //
9. Б. Дональд. Теледидар мен радио жаңалықтары және саны аз ұлттар.
10. Ж. Әбдіжәділқызы "Тікелей эфир табиғаты"

Пән: Журналистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Кiрiспе
Ғасырлар көші алға жылжып, уақыт сырғыған сайын қоғам небір жаңалықтарды бастан кешіріп, соның нәтижесінде дамып, өркендеп отыр. Сана иелерінің ойынан туындап, ғаламат жетістікке баланатын сан алуан жаңалықтар, ендігі уақытта қоғам үшін қызмет етіп, адамдар өздері қолымен жасаған дүниелердің рахатын көруде. Ыбырай Алтынсарин бабамыз айтқандай, адамдар үшін енді алыс жерден жылдам хабар алу, оны тыңдау, сол арқылы таным- түйсігіне әсер етіп тұщынудың еш қиындығы жоқ. Ал, адам ақыл- ойының үлкен жетістігі ретінде БАҚ айтуға толық негіз бар. БАҚ тек прогресстік қоғамның көрініс ғана емес, белгілі бір халықтың, ұлттың рухани әлемінің өлшемі. Соның барометрі десек те болады. БАҚ- да жазылған немесе тасқа басылған дүниелер халықтың көкейіне сәуле түсіріп, санасын селт еткізеді. Қазіргі таңда БАҚ-ның беделі тым асқақтай түсті. Енді БАҚ-ры арқылы саячси ойындардың да көшбасында көріне аласың. Жазылмаған заңдылықтар бойынша БАҚ- төртінші билік. Құдіретті өте күшті. Бұл тұрғыда БАҚ- ның қай- қайсын да алуға болады.
Әрине, осылардың арасында радионы бөле – жара алып қарастырсақ дейміз. Алғашында Попов Александр Степанович ашқан жаңалықты ешікм дұрыс қабылдамай, болашағы жарқын жаңалықтың мән- мағынасын онша түсінбеді. Кейін уақыт өте келе оның маңызы артты. Бүгінде радио тыңдамайтын жан жоқ шығар, сірә. Радио жалпы тыңдарман қауым үшін тиімді. Оны көшеде келе жатып та, үйде отырып та, кез- келген жерде тыңдай аласың. Бірақ, радионың техникалық жағынан өркендеп, әрі ол пайда болғаннан кейін өркен жайған радиожурналистиканың бүгінгідей үлкен биіктіктерді бағындырып, кең тыныспен өмір сүруі аспаннан түсе қалғандай бірден қалыптасқан жоқ. Оның белгілі бір заңдылықтары бар. Сондай- ақ, радио дүниеге келгеннен соң журналистика өнері де жаңа жанрлар мен салалардың пайда болуына әкелді. Журналистиканың ауқымын кеңейтті. Журналистер тың ізденістерге де түсті. Осы тұста радижурналистикада өзіндік орны мен ерекшелігі бар дикторлық қызметтің өзіндік ерекшелігін атап өткен жөн болар. Радионың басқа БАҚ құралдарынан айырмашылығы, онда мәдениетті, шешен сөйлеуге үйренесің. Әдемі дауыс интонациясын қалыптастыру-радиодағы басты мақсат. Қазір осы бір қызметтің беделі түсіңкіреп кеткенімен, оның негізгі бағасын түсірмеуіміз қажет. Тыңдарманға әуезді дауыспен ақпарат немесе басқа жаңалықтарды майын тамыза жеткізіп берудің өзі де үлкен өнер. Нағыз диктор берліген тексті тек сыдыртып оқып қана қоймайды, жан тәнімен түсіне отырып, өз болмысынан шығару арқылы тыңдарманды еліктіреді, баурайды. Құбылтып жеткізу арқылы тіпті онша маңызды емес жаңалықтарды жұртшылыққа тыңдата біледі. Бірақ, әрине, бәрі дұрыс ұғынықты болу үшін әуелі радижурналстиканың пайда болу тарихына, дамуына тоқталдым. Сол арқылы радиожурналистиканың қоғамдағы орны мен маңызын ашып көрсетуге тырыстым. Ал, радижурналистиканың сөзссіз қоғамдағы орны өте ерекше. Екіншіден, радижурналистиканың өзіндік тілі мен стилін, оның өзіндік сипатын түсіндірсем деймін. Басқа БАҚ- на қарағанда радиожурналистиканың тілі мен стиле бөлек. Өзні ғана тән нәзік иірімдер бар. Үшіншіден, радиожурналистикадағы дикторлық қызметтің мән- мағынасын тоқталу нәтижесінде, оның радиожурналисикадағы орның шынай бағамдау керек. Кеңес үкіметі тұсында дикторлардың абыройы қашанда асқақ болып, мерейі үстем болатын. Олар ерекше құрметтелетін. Жеке өнер иесі ретінде бағаланатын.

Радиожурналистикадағы шолу
Тележурналистиканың талдамалы жанрлары жалпы барлық мемлекеттегі адамдарға, қоғамдағы саяси-экономикалық жағдайдан хабардар болуға, түсініп өз ойларын, көзқарастарын қалыптастыруға көмектеседі. Тыңдарман, оқырман, көрерменде, ақпаратты радио және телебағдармалар мен газеттерден, яғни бұқаралық ақпарат құралдарынан өз білімдарлықтарымен, өз көзқарастарымен қабылдайды. Көрермен, тыңдарман аудиториясының көпшілігі осы тележурналистиканың талдамалы жанрларынын көп орын алады. Сол жанрдағы бағдармалар қазіргі таңда, көптеген сұранысқа ие екені белгілі. Ал, сол бағдармалардың сұранысының артуы үшін, әдебиеттегі жанрларды жоғалтпай ары қарай дамыту ең игі іс болады деп білемін.
Журналистің кадрдағы сөзі дәлел мен дәйек, нақты деректерден тұру қажет. Құр сөзден, май шықпайдың деп, бабам қазақ, бекер айтпаса керек. Ешқандай журналистің зерттеусіз, дерек, дәлелдерсіз хабардың, дәмі татымайды, яғни өз аудиториясын қызықтырмайды. Осындай зерттеу, әсіресе дәлел, дәйек, деректер, қоғамдағы өзекті мәселелер ақпараттың ішіндегі тележурналистиканың талдамалы жанрларына жататын хабар- бағдарламаларға тән.
Оларды жеке-жеке қарастырып атап өтсек, жалпы телерадиожурналистиканың талдамалы жанрларына мыналар жатады:
1. Комментарий
2. Шолу
3. Сөз сайысы
4. Дискуссия
5. Баспасөз маслихаты
6. Корреспонденция
7. Әңгіме
8. Сұхбат
Ал осылардың\hich ішінде теледидардың өн бойынан көбіне кездестіретініміз: комментарий, шолу, сұхбат, корреспонденция. Басқаларының көбінің деңгейі төменгі дәрежеде. Шолуда қазіргі таңда өз бағасын сиретті, осы теледидарда байқап жүргеніміздей.
Ал радиожурналистиканың талдамалы жанрларына арнайы тоқталсақ, мынандай болып бөлінеді:
Сараптамалық радиосұхбат
Сараптамалық радиокорреспонденция
Сараптамалық радиорепортаж
Радиорецензия
Радиохат
Радиоәңгіме
Радиокомментарий
Радиошолу
Дискуссия
10. Радиодағы журналистік зерттеу
11.Радиожурнал
Осы радиожурналистиканың талдамалы жанрларының әрбір тармақтарына жеке түсінік беріп өтсек:
Радиосұхбат
Сұхбат-диалог, адамдардың екеуара сөйлесуі, әңгімелесуі, пікір алысудың қоғамдық құралы. Сұхбат радиоға тән жанр. Әңгімелесу ыңғайына қарай біонеше түрге бөлінеді:
Сұхбат- әңгіме, алдыңғы қойылған сұраққа берілген жауаптан жаңа сұрақ тудыра отырып әңгімелесу;
Сұхбат- суреттеу, әңгімеде суреттеу әдісі қолданылған, репортажға ұқсас;
Сұхбат- анкета, бір сұрақ бірнеше адамға қатар беріледі;
Сұхбат- портрет, сұбат беруші адамның немесе оның таныстарының көмегімен жеке адамдардың портретін жасау;
Баспас- конференциясы. Радиодағы баспасөз- конференциясы. Радиодағы баспасөз конференциясында деректілік басым. Профессор М. Барманкулов сұхбат беруші адамның сипатына қарай оны төрт түрге бөледі:
Сұхбат- пікір (белгілі, беделді адам)
Сұхбат- ақпарат (қызметі белгілі адам)
Сұхбат- эмоция (оқиғаға қатысушы адам)
Социологиялық сұхбат (мамандығы ғана белгілі адам
Интервью алушы адамның сипатына қарап екі түрге: журналист алған интервью, тыңдаушы алған интервью деп екіге бөлінеді.

Радиокорреспонденция
Радиода кең тараған жанрлардың бірі. Ол мақаладан қысқа, диалог, сұрақ- жауап пайдаланып, анағұрлым санаулы тақырыпқа бағытталады. Радиокорреспонденция озат тәжірибені, өмірдегі үлгілі істерді, адамдардың шығармашылық еңбегін насихаттау үшін қолданылады. Диктор оқыған тілші мәтіні көбінесе кейіпкердің сөзімен араласып отырады.

Радиорепортаж
Негізгі белгісі- журналистің оқиғаны суреттеуі. Репортаж- өз бойына очерктің, сұхбаттың, шолу мен есептің элементтерін жинақтаған, оларды сезім күшімен әсірелеп, оқиға дамуы туралы суретті көрініс жасай алатын құрама жанр. Репортаждың өзіндік белгілері: оқиғаны суреттеу, репортер арқылы баяндау. Негізгі элементтері: репортердің баяндау сөзі, оқиғаға қатысушылардың әңгімесі, дыбыстық сипаттама. Құрылымы: кіріспе, негізгі әңгіме, қорытынды. Дыбыстық эффект қолданудың екі турі бар: бірі- түсінікті қажет етпейтін фон, екіншісі- түсінік керек ететін фон. Репортаждың мынандай түрлері бар:
Эфирлік репортаж- митингілерден, алаңдардан, оқиға істеп жатқан ортадан беріледі
Журналистің студиядан дайын мәтін бойынша жүргізетін мәтіндік немесе студиялық репортаж
Маманның өзі қызмет істейтін жерде отырып айтқан әрі соны репортердің толықтырған әңгімесі- проблемалық репортаж немесе репортаж- дәріс
Репортаж- композиция немесе инсценировкаланған репортаж
Ұзақ уақытқа созылған оқиғаның шағын мерзімде дыбыстық фотографиясынң жасайтын репортаж- түсініктеме
Ұжымдық әңгіме немесе айтыс ретіндегі репортаж
Репортаж- очерк

Рецензия
Пікір жасау, жазу. Көркем немесе ғылыми шығармаға жазылған пікір, оны сыни тұрғыдан талдау және бағалау; әдеби сын жанры. Рецензия әдетте кітапқа библиогр сипаттама бере отырып, оның мазмұнын, композициялық құрылымын, көтерген проблемаларын және онда пайдаланылған материалдарды хабарлайды. Сондай- ақ рецензия кітапты сыни тұрғыдан бағалап, жетістік, кемшіліктерін ашады, оның автордың өзге еңбектерінен алатын үлес салмағын және әдеби процестегі ролі мен орнын анықтайды. Қазіргі сында рецензияның шартты бірнеше түрлері бар:
Шағын сыни рецензия
Кеңейтілген- аннотация- материалды сұрыптау арқылы, шығарманың мазмұнын ашып, баға беру
Авторецензия- сында айтылған пікірлердің айтысуы.
Радиоәңгіме
Радио жанрына баяндау әңгімені де жаатқызуға болады. Оны тілші жүргізеді. Мұндай хабарда репортажға тән төл сөйлем, дыбыс т.б. детальдар болмайды. Тілші болған оқиғаны тыңдаушыны жалықтырмайтындай қарапайым тілмен айтып береді. Оның түрлері: микрофон алдындағы әңгіме, түсіндірме немесе иллюстрациялы әңгіме, радиотыңдаушылардың хаттары бойынша әңгіме, циклды әңгіме. Жанрлық еркшелігіне байланысты информациялық, ғылыми тақырыптағы, тарихи радио әңгіме болып бөлінеді.

Радиожурнал
Радиодан берілетін бір тақырыптағы әр алуан жанрлық хабарларды біріктіру формаларының бірі. Мұнда очерк, суреттеме, фельетон, репортаж, сөз сөйлеу, түсініктеме және де басқа ірі жанрлы хабарлар біріктіріледі. Радиожурнал хабарлары бірыңғай музыкалық дыбыстық әуенмен көркемделеді және оларды бір ғана конференсье жүргізеді. Республикалық радиодан Отбасы және мектепң, Күзеттең секілді радиожурналдар беріліп тұрады.

Радиокомментарий, радиотүсініктеме, шолу
Түсініктеме- өзекті қоғамдық- саяси құбылыс, мәдени және ғылыми өмірдегі маңызды оқиға, техникалық өнертабыс, спорт жетістіктері сияқты жеке фактілер туралы немесе тақырыптық, хронологиялық жағынан топтастыруға болатын фактілер мен оқиғалар жиынтығы туралы арнаулы білімдер негізінде жасалған хабар. Шолушы нақты бір саладан хабары мол, сол сала бойынша тыңдаушылары арасында зор беделге ие адам болуы тиіс. Радиотүсініктемеде, шолуда публицистика элементтері жиі кездескенімен, ол ақпараттық жанрлар көлемінде қалуға тиісті. Себебі, оның басты мақсаты- оқиғалардың деректі жағын баяндауда, фактілер мен оқиғалардың өзара нақты байланысын көрсету. Түсініктеменің түрлері: жедел және проблемалық. Радиошолушы- саяси- экономикалық және мәдениет, спорт тақырыптарына радиодан шығып сөйлеуші журналист немесе маман.
Осының барлығы талдамалы жанрларды құрайды. Енді талдамалы жанрға жеке түсінік беріп өтсем: ең жаңа жанрларға жатады, салыстырмалы сарапталық ақпараттың ішінен табылады. Саясатты да басқа саланы журналистік көзқараспен қадағалап, халыққа әртүрлі бағытта жеткізеді.
Сараптамалық талдамалық жанрларда бағалау, талдау ашық түрде, ол ең алдыңғы жоспарға кіруде.
Сараптамалық журналистика өз аудиториясына оқиғаны шолып береді. Кейбіреуі түсініктеме берсе, бір түрі сұрақ қою арқылы түбегейлі зерттеп, ашып көрсетеді. Сараптамалық талдамалық жанрлар- дәлел мен дәйектерді құрайды. Барлық шығармалардағыдай сюжеттің шарықтау шегі мен, әр сатыға көшіп, қорытынды жасауы болады. Талдамалы жанрының ішіндегі ең шолудың ең басты ерекшеліктері де, негізгі күші де сонда.

Телерадиожурналистикадағы шолу
Телерадиожурналистикадағы талдамалы жанрлардың ішіндегі алғашқы мазмұнды орынды иеленетін- шолу. Ол қоғамдық- саяси деңгейдегі құбылыстың, оқиғаның мәнісін түсіндіруге құрылған сараптамалық материалдың бір түрі болып табылады. Бұл жанрға анықтама беріп қткеннен кейін, оған тән ең басты ерекшеліктерді атап өткен жөн.
Фактологиялық сипаты- фактілер (дәлелдер) автордың сипаттарына айқындалып, мақсатына сай іріктеледі
Фактілер шолушы тарапынан бір- бірімен тығыз байланыста қарастырылады
Материалдық зерттеу ауқымының кеңдігі: егер комментариге бір факті немесе бір оқиға өзек болатын болса, шолуда бір мәселеге қатысты бірнеше материал ұарастырылып, бәрі жинақталады
Шолу көбінесе белгілі бір сала бойынша хронологиялық шеңбер аясында жасалады
Шолудың негізгі мәнісі- жалпылама, ой түрткі қылатын қорытынды жасау.
Шолудың өзі- дәстүрлі, тұрақты сараптамалық публицистика жанрының бірі. Енді алдыңғы айтқандарымызды тарқатып түсіндіретін болсақ:
біріншіден, фактымен және автор мақсатымен деректер іріктеледі, топталады.
Екіншіден, шолушы фактілерді бір- бірімен салыстырады, сай келетін тақырыптағыларды байланыстырады. Жалпы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Радиожурналистиканың жанрлары мен пішіндері
“радиохабардың тілі мен стилін оқыту әдістемесі”
Дыбысталған сөз - басты бейнелеуші құрал
Радиоочерк
Қазақтың радиосы
Қазақ радиосы мен Эхо Москвы радиостанцияларында таратылатын ақпарат көзінің форматын зерттеу
Қазақ жеріндегі радионың пайда болуы мен даму кезеңдері
Қазақ радиохабары құрылымы
Радиохабар таратудың міндеттері
Мамандықты таңдаудағы мотив
Пәндер