Саясаттанудағы бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі


Қазақстан республикасы білім және ғылым министірлігі
әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
Тарих факультеті
Реферат
Тақырыбы: Саясаттанудағы бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі
Орындаған: Жуманбаева Алия
Т- 71 - К тобы
Тексерген: Насимов М. Ө.
Алматы - 2009 ж.
Жоспары:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
- Қоғамның саяси жүйесіндегі БАҚ - ң маңыдылығы мен негізгі бағыттары.
- БАҚ - ң біздің қоғамдағы саяси жүйесіндегі орны мен рөлі.
ІІІ. Қорытынды
Бүгінгі таңда БАҚ адам өмірінің дамуындағы маңызды факторлардың бірі. БАҚ - на газет, журнал, теле - және радио бағдарламалар, кинодокументалистика және басқа да ақпарат көздері жатады.
БАҚ - бұл қоғамдағы саяси өмірдің құрамдас бөлігі. Сонымен қатар, БАҚ - ы қоғамға және оның дамуына зор ықпал етеді. Олар сол қоғамдағы прогрессті дамытады немесе керісінше тоқтата алады. БАҚ қоғамның қажеттіліктерін, әртүрлі әлеуметтік топтардың, жеке тұлғалардың қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Олардың қызметтері өзіндік қоғамдық - саяси мүдделерді қарастырады. Сондықтан, саясаттанушылардың пікірінше, БАҚ - ы жай ғана жаңалықтар легін хабарлап қоймай, сонымен бірге белгілі бір саяси бағдарламаларды, идеяларды көзқарастарды жеткізіп, әлеуметтік басқаруға қатысады. Қоғамдық пікірлерді қалыптастыра отырып, БАҚ - ы белгілі бір ұстанымдарды негізге ала отырып, адамды белгілі қимылға итермелейді.
Демократиялық, құқықтық мемлекетте әрбір азамат мемлекет ішіндегі және дүниежүзіндегі жаңалықтарды білуге құқылы. БАҚ - ы демократиялық жүйенің негізгі компоненті ретінде қарастырылады. Ол парламент, атқарушы, сот аппараттары сияқты позициялардан кейін «төртінші билік» ретінде де қарастырылады. БАҚ бұйрық, міндет, жазаға тарту сияқты шараларды жасай алмайды. Олардың басты қарулары - сөз, дыбыс, бейне. Пресса қоғамға «айна» ретінде баға жетпес қызмет жасайды.
Образды түрде айтқанда демократиялық қоғамда БАҚ тек пропаганда құралы ретінде ғана емес, сонымен қатар, үкіметке қарсы полюс болуы керек. Бұндай принципті ұстану оңай шаруа емес. Бұған тек журналистер үйреніп қана қоймай, сонымен бірге қоғамда үйрену қажет. БАҚ кез - келген қоғамда басты ақпараттық рөл атқарады, яғни журналист пен аудитория арасын қосатын механизм.
БАҚ саяси жүйеде өзінің саяси, басқару рөлдерін қолдау, әртүрлі саяси бағдарламаларды даттау және критика арқылы білдіреді. Мысалы, біздің қоғамның жандануын, демортизацияны БАҚ жасады. Жүздеген, мыңдаған құжаттар, өтініштер прессада, радиода, теледидарда қаралды. Баспа адамға энергия беретін саясаттанған тәжірибе болды.
Ақпараттық жүйенің өзгеруі бүгінгі таңда канадалық ғалым М. Малюэннің пікірімен теңдеседі. Оның ойынша, ақпарат - ол үлкен тұрғын ауылға ұқсайды. Себебі, ауылда барлығы бір - бірін таниды және бір - бірінің жағдайымен таныс. Әлемде күніне 800 ден астам газет, олардың жалпы тиражы 1, 5 млрд. дейін жетеді, 20 000 жуық радиостанциялар қызмет етеді. Әлемнің 133 мем - де теледидар қызмет етеді. ЮНЕСКО бекіткен норма әрбір цивилизацияланған мем лекетте әрбір 1000 адамға шамамен 100 экземпляр газет, 100 - радио - қабылдағыштар, 100 теледидар болуы тиіс.
Бұл бекітілген стандартқа Еуропаның 25 мемлекеті толығымен, Солт. және Оңт. Американың 4 мемлекеті, Азияда - Жапония және т. б. Сонымен қатар, Азия, Африка, Латын Америка да БАҚ- ң белсенділігі өте төмен екенін айта кетуге болады. Мысалы, американ континентінің 9 мемлекетінде мүлдем өзінің газеті шығарылмайды, ал африка мемлекеттерінде БАҚ - ң ұлттық жүйесі жоқ.
Осылай, БАҚ саяси жүйенің маңызды құрамдас бөлігі екеніне көз жеткіземіз. Олардың маңыздылық функциялары әлеуметтік - саяси қоғамда баспа, радио, теледидар қатаң бақылауда жүреді. Нәтижесінде, дүниежүзіндегі жағдайлардан қоғамның тыс қалуы қаупі төніп тұрады.
Демократиялық, құқықтық мемлекетте БАҚ қоғамның ақпараттық қажеттіліктерін қамсыздандырады.
БАҚ - ң саяси өмірдегі маңыздылығын анықтау үшін біршама тарихына тоқталу тиіс. Тоталитарлы мемлекетте БАҚ - ы тоталитарлы режимнің қыспағында болып, сөз бен ой еркіндігінен айырылады. Зерттеушілердің пікірінше, БАҚ - н интенсивті пайдалану бұл режимнің басты ерекшелігі.
20 ж. ж. аяғында кеңестік қоғамда тоталитарлы журналистика пайда болды. Бұндай жағдай 50 - 60 ж. ж. БАҚ на өзгерістер енгізді. Газет, журнал, теледидар және радио жандана бастады.
Фактылар фабрикациясы ( тікелей жалған ақпарат) . Қазіргі қоғамның саясаткерлерінің де зиялыларының да ойынша, пресса тікелей жалған ақпаратты қолданбайды - ол қымбат әрі қауіпті. Әртүрлі нұсқауларда мынадай афоризм айтылады: «Какой смысл лгать, если того же результата можно добиться, тщательно дозируя правду?». Бұндай жағдайда, БАҚ - ң ақиқатты көрсету үшін міндетті түрде оппозициялық баспа жүріп тұру керек.
ХХ ғ. ІІ ж. БАҚ - ы «психологиялық соғыс» технологиясын пайдалана бастады. 1948 ж. Американ әскери сөздік «психологиялық соғысқа» мынадай анықтама береді: «Бұл жоспарланған пропагандалық шара, ол қарсыластардың эмоциясына, позицияларына ықпал жасайды».
АҚШ та «психологиялық соғыстың» енгізілуі төмендегідей операциялардың түрлерінен тұрады:
«Белая пропаганда» - бұл пропаганда, ақпарат көздерінің ресми түрде болуын талап етеді.
«Серая пропаганда» - бұл пропаганда, арнайы өзінің ақпарат көздерін иденфицияламайды.
«Черная пропаганда» - бұл пропаганда, тікелей ақпарат көздерінен гөрі, басқа ақпарат көздерінен беріледі.
«Серая пропаганда» технологиялары БАҚ - ң тәжірибесінде кеңінен пайдаланылады.
Теледидар - саясаттағы манипуляция
Американдық БАҚ зерттеуші Р. Макнейл өзінің 1968 ж. «Машина манипулирования народам» атты кітабында : «Теледидар саяси ақпаратты хабарлауда баға жетпес құралға айналды. Бұдан бұрын ешбір ақпарат құралдары халықты қанағаттандыру техникасы болмаған» - деп жазған.
Шын мәнінде мәселе тек, теледидарда ғана емес, оның негізгі техникалық мнаипуляция тәсілдерінде болып отыр. Ең алдымен, толық саяси жарнаманың болуымен байланысты.
Бүгінгі таңда мәтіннің ірі тартушысы - теледидар мен компьютер экрандары болып отыр. Үлкен ақпарат пен ірі қозғалыс пайда болып отыр. Ол оқудың жаңа түрі - диалогсыз оқу түрін енгізді. Сонымен, саяси жарнаманың теледидар арқылы жүруі қандай жағдай жасады?
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz