Мұсылман әлемінің философиясы



Кіріспе.

Негізгі бөлім.

1.1. Шығу тегі түрік философтар мен ғалымдар.
1.2. Суфизмнің ең көрнекті өкілдері.

Қорытынды.
Мұсылмандық Шығысты зерттеумен айналысқан тарихи – философиялық және мәдениеттанымдық еңбектерге қарағанда ислам әлемінің данышпандары ерте грек ғылымы, философиясымен қатар Алдыңғы Азия, Орталық Азия және Шығыс мәдениеті мен философиясын қабылдай отырып, философиялық дәстүрлерді одан әрі жалғастырған. Егер ортағасырлық Батыс Еуропада христиандық дінді идеологияландыру, философиялық интоксикациялау және негіздеу үдерісі жүріп өтсе, ал мұсылман аймағында, әсіресе VII-X ғасырларда философия мен ғылым өзінің гүлденген кезеңін бастан кешірді. Бұл кезеңде ғылымның мынадай салалары қарқынды дамыды: тригонометрия, алгебра, оптика, психология, астрономия, химия, география, зоология, ботаника, медицина. Арнайы білім салаларының дамуына әл - Хорезми, әл – Бируни, ибн Сина, Омар Хайям және т.б. ойшылдар өздерінің үлкен үлестерін қосты. Мысалы, әл – Бируни Жердің өз осінен айналып қозғалуы туралы болжамды алғаш айтқан данышпанның бірі болды, сондай-ақ, көптеген өзге әлемдердің өмір сүруі туралы идеялар мен бірнеше қызықты математикалық идеяларды ойлап тапты. Омар Хайям алгебрадағы үшінші дәрежеге дейінгі теңдеулердің шешімін жүйелеп, оны тұңғыш рет геометриямен байланыстырды.
Мұсылман әлемінің философтары мен ғалымдары Батыстың ғылымы мен философиясы қалыптасуына дүниетанымдық және теориялық зор ықпалын тигізді. Батыс мұсылмандық Шығыс арқылы алғаш рет антик мәдени мұрасымен, сонымен бірге Шығыс мәдениетінің озық жетістіктерімен танысты. Бұл ғылыми, теориялық жетістіктер мен философиялық жаңашылдықтарды, прогресшіл рационалистік философия мен ғылыми шығармаларды мұсылман әлемінің ойшылдары араб тілінде жазғанымен, олардың біразы этникалық шығу тегі жағынан араб емес, түркі және парсылар болды.
1.Философия: жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқулық/ Құрастырған: Т. Ғабитов. – Алматы: Раритет, 2004. – 392 бет.
2.Философия. Жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы. – Алматы: Рауан, 1991. – 320 бет.

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Экономика және Бизнес Факультеті

Реферат
Тақырыбы:Мұсылман әлемінің философиясы

Орындаған: Берік Әсел

Ф07К1

Тексерген: Хамзеева Б.

Алматы – 2008

Жоспар:
Кіріспе.

Негізгі бөлім.

1. Шығу тегі түрік философтар мен ғалымдар.
2. Суфизмнің ең көрнекті өкілдері.

Қорытынды.

Мұсылман әлемінің философиясы
Мұсылмандық Шығысты зерттеумен айналысқан тарихи –
философиялық және мәдениеттанымдық еңбектерге қарағанда ислам әлемінің
данышпандары ерте грек ғылымы, философиясымен қатар Алдыңғы Азия, Орталық
Азия және Шығыс мәдениеті мен философиясын қабылдай отырып, философиялық
дәстүрлерді одан әрі жалғастырған. Егер ортағасырлық Батыс Еуропада
христиандық дінді идеологияландыру, философиялық интоксикациялау және
негіздеу үдерісі жүріп өтсе, ал мұсылман аймағында, әсіресе VII-X
ғасырларда философия мен ғылым өзінің гүлденген кезеңін бастан кешірді. Бұл
кезеңде ғылымның мынадай салалары қарқынды дамыды: тригонометрия, алгебра,
оптика, психология, астрономия, химия, география, зоология, ботаника,
медицина. Арнайы білім салаларының дамуына әл - Хорезми, әл – Бируни, ибн
Сина, Омар Хайям және т.б. ойшылдар өздерінің үлкен үлестерін қосты.
Мысалы, әл – Бируни Жердің өз осінен айналып қозғалуы туралы болжамды алғаш
айтқан данышпанның бірі болды, сондай-ақ, көптеген өзге әлемдердің өмір
сүруі туралы идеялар мен бірнеше қызықты математикалық идеяларды ойлап
тапты. Омар Хайям алгебрадағы үшінші дәрежеге дейінгі теңдеулердің шешімін
жүйелеп, оны тұңғыш рет геометриямен байланыстырды.
Мұсылман әлемінің философтары мен ғалымдары Батыстың ғылымы
мен философиясы қалыптасуына дүниетанымдық және теориялық зор ықпалын
тигізді. Батыс мұсылмандық Шығыс арқылы алғаш рет антик мәдени мұрасымен,
сонымен бірге Шығыс мәдениетінің озық жетістіктерімен танысты. Бұл ғылыми,
теориялық жетістіктер мен философиялық жаңашылдықтарды, прогресшіл
рационалистік философия мен ғылыми шығармаларды мұсылман әлемінің ойшылдары
араб тілінде жазғанымен, олардың біразы этникалық шығу тегі жағынан араб
емес, түркі және парсылар болды.
Осылай, Батыс әлемі Шығыспен рухани диалогы нәтижесінде ерте
грек дүниесімен қатар, шығармашылдық және жаңашылдық идеялар мен
концепцияларға толы шығыстық мәдениеттің есігін ашты. Шығу тегі түрік
философтар мен ғалымдар әл – Фараби, Баласағұни, Қашқари, тағы басқалармен
қатар әл – Хорезми, әл – Бируни, ибн Сина, әл – Кинди, Габари, әл – Газена,
әл – Газали сияқты ойшылдар мен философтардың есімдерімен танысты.
Ислам философиясының бастапқы негізін қалаушылар қатарына әл
– Кинди және әл – Фараби жатады. әл – Киндиді ортағасырлық дәуірде
арабтардың философы деп жиі атайтын. Бұл бекер айтылмаған сөз, себебі, әл
– Кинди мұсылман әлемінің көптеген философтары ішінде шығу тегі жөнінен
араб Әбу – Жүсіп Якуб ибн Исхақ әл – Кинди (800-879) Басра қаласынан
шыққан, жетік білім алған, тек философ ретінде ғана емес, дәрігер,
математик, астроном ретінде де белгілі, геометрия, оптика, метереология,
психология, музыка салалары бойынша трактаттар жазды. әл – Кинди
еңбектерінен біздің заманымызға дейін аз ғана бөлігі жетті. Логикалық-
гносеологиялық мәселелерге арналған жұмыстарымен қатар, мынадай трактаты
белгілі: Аристотель кітаптарының саны жөнінде және философияны меңгерудің
шарты, бастапқы философия туралы бес мәнділік жайында кітап, пайда болу
және жойылу себептерін түсіндіру туралы трактаттар. әл – Кинди
жұмыстарының қалған бөліктері туралы оның замандастары мен ізбасарларының
жекелеген сілтемелері, әр түрлі тақырыптар мен үзінділер арқылы білеміз.
Оның мұрасының осы үлкен бөлігі X-XI ғасырлардағы діни реакция тұсында
жойылған. әл – Кинди мынадаймәселелерге зор көңіл қояды: Құдай мәселесі,
ақыл-ой мәселесі мен философияның мәнін анықтау, ғылымдарды
классификациялау. өзінің шығармаларында әл – Кинди Құдайдың мынадай
түсіндірмелерін береді:
Құдай түпнегіз, барлық нәрсенің абсолюттік бастауы ретінде;
Құдай мақсатты себеп ретінде;
Құдай кеңістіктегі абсолюттік шексіздік және уақыттағы мәңгілік ретінде.
Философтың пікірінше, Құдай материяны, форманы, қозғалысты,
кеңістікті және уақытты жаратқан. Пайда болған нәрсе қозғалыс нәтижесінде
өзгереді және ақыры соңында жойылады, ол нәрсе мәңгілік емес, оның соңы
бар. Адамға ақыл-ой берілгендіктен ол өзін-өзі танып қан қоймай, өзін
қоршаған дүниені де таниды. Ақылдың көмегімен адам заттар мен құбылыстардың
себептік байланысын, олардың мәнін ұға алады. Адамның әлемді танудағы ақыл
рөлін анықтай отырып, әл – Кинди ақыл-ойдың төрт түрін және танымның үш
сатысы туралы идеяны айтады.әл – Кинди ақыл ойдың мынадай төрт түрін
ерекшелейді: активті, пассивті, жинақтаушы, жарғылаушы.
Егер әл- Кинди неоплатонизмге жақындау болса, ал әл – Фараби
X ғасырдағы Аристотельдің ізбасары болып табылады. Әбу Насыр Мұхаммед ибн
Мұхаммед ибн Тархан ибн Узлағ әл – Фараби ат – Турки 870 жылы Сырдария
бойындағы Фараб қаласында түрік отбасында дүниеге келді. Фараби жоғары
білімді оқыған адам еді, ол медицинаны, музыканы, математиканы, этиканы,
саясатты, психологияны зерттеуге үлкен қызығушылық танытты. Фараби
Аристотельдің алғашқы комментаторларының бірі. Ол Аристотельдің
Категориялар, Герменевтика, Аналитика, Софистика, Поэтика сияқты
шығармаларында түсініктеме берді. Бірақ әл – Фарабидің дара философ
ретіндегі даңқы басым болды. Ол философия мен жаратылыстану ғылымдағы
тарихы бойынша жүзден астам жұмыстар жазды, оның көпшілігі қазақ тіліне әлі
аударыла қойған жоқ. Фараби ғылыми болжамға, әлемді ғылыми танып білу
мүмкіндігіне сеніп, қоғамдағы зорлық-зомбылыққа қарсы шықты. Ол зұлымдықтың
жойылып, жер бетінде қайырымдылық (ізгілік) бастаудың салтанат құратынын
жазып, зорлық-зомбылықсыз, қанаусыз және соғыссыз қоғам идеалын, жер
бетіндегі халықтардың бейбіт және достық қатынастарын идеялық, теориялық
тұрғыда негіздеді. өзінің Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары,
Адамдық саясат еңбектерінде Фараби саясат пен мораль мәселелерін
қарастырады, феодалдық қоғамның моральдік және саяси жағдайын,қоғам мен
мемлекет арасындағы қатынастар мәселесін көтеріп, аббасидтер халифатындағы
әлеуметтік қайшылықтарды пайымдай отырып, оған теориялық түсінік береді. әл
– Фарабидің көптеген философиялық идеялары батысеуропалық философия
идеялары мен концепцияларының қалыптасуына, дамуына, әсіресе Б. Спинозаның
философиялық көзқарасына теориялық ықпалын тигізді. Сонымен қатар оның
идеялары мұсылман әлемінің көптеген ойшылдарының, мысалы, ибн Сина, Ж.
Баласағұн және тағы басқаларының философиялық көзқарастарына да әсер етті.

Философия мен ғылымның дамуына түркістандық Бұқарадан шыққан
энциклопедист-ойшыл Әбу-Әли ибн Сина (980-1037) өзінің үлкен үлесін қосты.
Ибн Сина әл – Фарабидің кейбір идеяларын шығармашылық тұрғыда онан әрі
жалғастырды: эманация идеясы, ақыл-ой туралы идея және т.б. шығыста ибн
Синаны аш – шейх ар Райс деп атаған (аударғанда аш Шейх – рухани ұстаз, ал
ар Раис – басшы дегенді білдіреді), ал Батыста атақты Медицина ғылымы
канондарының авторы Авиценна деген атпен белгілі болды. Ибн Синаның
философиялық көзқарастарына әл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ортағасырлық мұсылмандық діни ағымдардың адамның рухани құндылықтары мен моральдық санасына ықпалы
Ортағасырлық мұсылман философиясы
Ортағасырлық батысеуропалық философия
Ортағасыр мұсылман философиясы
Калам - Ислам дініндегі философиялық ілім
Дінді философиялық зерттеудің ерекшеліктері
Мұсылман әлемі философиясы
Батыс Еуропалық орта ғасыр философиясы
Мұсылман әлемінің философиясы. Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мүламмед ибн
Орта ғасырлық мұсылмандық діни ағымдардың адамның рухани құндылықтары мен моральдық санасына ықпалы
Пәндер