Қазақстан Республикасының дипломатиялық протоколы


Қазақстан Республикасының дипломатиялық протоколы
Дипломатиялық хаттама - халықаралық қатынаста үкіметтермен, сыртқы істер ведомстволарымен, дипломатиялық өкілдіктермен және ресми тұлғалармен сақталатын жалпы танылған ережелердің, салт-дәстүрлердің және шарттылықтың жиынтығы.
Дипломатиялық хаттаманың жалпы танылған ережелері, салт-дәстүрлердің және шарттылықтары 1961 жылғы дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясында толығымен мазмұндалды. Сонымен қатар әрбір дипломатиялық хаттаманың белгілі мемлекеттің таптық табиғатына, оның ұлттық салт-дәстүріне және әдет-ғұрыптарына сәйкес келетін өз ерекшеліктері бар.
Дипломатиялық хаттама саласын пайдалану кең етек жайған: ол сыртқы саяси қызметтің барлық саласын қамтиды. Дипломатиялық хаттаманың бұзылмауы - міндеттілік болып табылады; оның ережелерін бұзу басқа мемлекеттің немесе оның ресми өкілдерінің абыройына зарарын тигізуі мүмкін және осылайша қажетсіз саяси салдарға және мемлекеттер арасындағы қатынастрға қатысты шиеленісушіліктерге алып келуі мүмкін.
Дипломатиялық хаттама дипломатияның маңызды саяси құралы болып табылады, ал оны іске асыру әрқашан мемлекеттер арасындағы қатынастарда көрінеді. Дипломатиялық хаттама қазіргі таңда жалпыға танылған халықаралық сыпайылықтың нормасы болып табылады.
Дипломатиялық хаттама дипломатияда маңызды ұйымдастырушылық-саяси құралдың бірі болып табылатын мемлекеттер арасындағы халықаралық қатынастарды орнату және дамытуға бағытталған салтанатты кештердің бірден-бір бөлінбес бөлігі болып табылады. Оның негізінде шетел мемлекетінің жоғары лауазымды тұлғанға деген құрмет мемлекетке және оның халқына деген құрмет болып табылады.
Хаттаманың өзіне тән белгілеріне нормалардың міндеттілігі, оларды қолданудағы икемділік, универсалдылық, логикалық қасиеттің бар болуы, мақсаттылық, прагматизмдік қасиет және консерватизмдік қасиеттер бейім болып келеді.
Салтанатты ұйымдастырумен қатар хаттама этикеттің амал-тәсілдері, оның шеңбері, жүріс-тұрыс және ережелерін анықтайды, ресми және жеке хат алмасуды, киім кию формасының нормаларын орнатады. Яғни, салтанатқа қатысушы кез келген жақтың оның өзінің ресми лауазымына сәйкес барлық мәселелер қамтылады.
Бұдан біз дипломатиялық хаттаманың негізгі мақсаты - достық атмосферасында дипломатиялық және іскерлік қатынастарды орнатуға бағытталған. Берілген мақсат жалпы танылған көзқарастарға негізделеді, ол яғни, әр түрлі көзқарастарды ұсанатын мемлекеттер немесе басқа мәселелерге байланысты екі немесе көпжақты халықаралық қатынастарда қарсылық атмосферасынан қарағанда достастық жағдайында келісімге келе алады.
Ешбір сыртқы саяси салтанат дипломатиялық хаттамсыз жүзеге асырылмайды. Оның талаптарын нақты, бұлжытпай орындау достық және сенімді қарым-қатынстарға алып келеді. Дипломатиялық хаттаманың ережесі жалпыға танылған халықаралық-құқықтық жүйесінің принципіне қарамастан, сәйкес мемлекеттердің теңдігі, олардың тәуелсіз болуы, территориялық өлшемі мен халық тығыздығы және оның саяси ықпалына негізделеді.
Қазақстан Республикасы дипломатиялық тәжірибеде мемлекет басшысы жанындағы дипломатиялық өкілдіктердің функциялары мен статусын анықтайтын 1961 жылғы дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясына бағынады.
ҚР дипломатиялық протоколының негізгі ұстанымдары мыналар:
- мемлекеттің егемендігін құрметтеу;
- теңдік;
- аумақтық тұтастық;
- ішкі істерге арласпау;
Дипломатиялық протокол нормаларын сақтаудың ұлттық ерекшеліктері:
Дипломатиялық хаттаманы ұстану нәтижесінде:
- жаңа мемлекеттерді мойындау;
- дипломатиялық қатынастарды орнату;
- сенім грамоталарын тапсыру;
- сұхбат және келіссөз жүргізу;
- келісімдер мен шарттарға қол қою;
- халықаралық конференциялар және мәжілістері шақырылады;
- мейрамдық және траурлық жағдайларды ұйымдастыру;
- дипломатиялық өкілдіктерді тағайындау;
- ресми тұлғалардың дипломатиялық сапарлары және қабылдаулары, кездесулері;
- мемлекеттік рәміздердің этикеті сақталынады;
- дипломатиялық хат алмасу жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының негізгі мемлекеттік рәміздері - Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба, Мемлекеттік әнұран болып табылады. Дипломатиялық хатама мемлекеттік рәміздерге ерекше көңіл бөледі. Оларды қолдану тәжірибеде конституциялық күшке ие 1996 жылғы 24 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті қол қойған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері» Жарлығымен регламентеледі.
Келесідей хаттамалық жайттарды ескеру қажет:
- Туға деген құрмет оның сыртқы бейнесін қадағалау керек. Оның түс гаммалары эталондық талаптарға сәйкес келуі керек.
- Мемлекеттік туды көтерген кезде қатысушылар оған қарай бет бұрады. Туды ешбір асығыссыз көтеру қажет. Түнгі уақыт кезінде оған арнайы жарықпен қамтамасыз ету керек.
- Мемлекеттік ту мемлекет басшысының резиденциясында ресми және жұмыс бабымен болған сапарлар кезінде, сұхбат, келіссөз жүргізген кезде, келісмдерге қол қойған кезде ілінеді.
- Мемлекеттік елтаңба суреті бейнеленген дипломатиялық хаттардың бланкілері және басқа да корреспонденциясының бланкілері дайындалады, сонымен қатар шетелдік жалпыазаматтық, қызметтік және дипломатиялық паспорттарды дайындаған кезде онда Мемлекеттік елтаңба суреті қолданылады.
- Мемлекеттік әнұран айтылған кезде қатысушылардың барлығы орындарынан тұрып тыңдайды, ер адамдар бас киімсіз тыңдайды. Егер Мемлекеттік әнұран Мемлекеттік тудың көтерілуімен орындалатын болса (мысалы, елшіліктің ашылуы кезінде немесе халықаралық ұйым мүшелерін қабылдаудағы ресми салтанаты барысында), онда қатысушылар Туға қарай бет бұрады.
- Өкiлдiктiң ғимаратында, Төтенше және Өкiлетті Елшiнiң (Тұрақты өкiлдiң) резиденциясында Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туы көтерiледi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлiнде және орналасқан мемлекетi (халықаралық ұйым) белгiлейтiн тiлде өкiлдiк нысаны (резиденция атауын) және Қазақстан Республикасына тиiстiлiгі көрсетiлген қалқан орнатылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк нышандары орналасқан мемлекеттiң (халықаралық ұйымның) протоколдық практикасын ескере отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдаланылады.
Хаттамалық тәжірибеде қолданылатын Қазақстан Республикасының негізгі мемлекеттік рәміздерін айтқан кезде президенттік биліктің символы болып табылатын Қазақстан Республикасы Президентінің Штандартын айта кету керек. Ресми және жұмыс бабымен болған сапарлар кезінде Президент берілген Штандартты өзінің транспорттық құралдарында орнатады.
- Мейманды әуежайда Мемлекеттiк хатшы (тапсырма бойынша Yкiмет мүшесi) және басқа да ресми адамдар қарсы алады. Егер Мейман жұбайымен келетiн болса, жұбайын Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк хатшысыныѕ (Yкiмет мүшесінің) жұбайы немесе Қазақстан Республикасының бекiтiлген лауазымды адамы қарсы алады. Мейман әуежайдан Мемлекет хатшысымен (Yкiмет мүшесiмен) бiрге резиденцияға (қонақүйге) бағыт алады. Ұшақ толық тоқтағаннан кейiн Президент Протоколының басшысы және Қазақстан Республикасында тiркелген, тиiстi шетел мемлекетiнiң дипломатиялық өкiлдiгiнiң басшысы ұшақтың бортына көтерiледi және мейманды сыртқа шығуға шақырады. Осы уақытта мейман елiнiң ресми делегациясының мүшелерi екiншi басқышпен төмен түседi, арнайы бөлiнген орынға өтедi және кiлемшенiң бойындағы орындарды иемденедi. Мейманды (зайыбымен/жұбайымен) ұшақ басқышының алдында Президент (зайыбымен/жұбайымен) қарсы алады. Қазақтың ұлттыќ киiмiн киген қыз мейманға гүл ұсынады (егер мейманмен зайыбы (жұбайы) бiрге жүрген жағдайда ұлттық киiм киген екi қыз мәртебелi мейманға және зайыбына (жұбайына) гүл ұсынады. Президент мейманды белгiленген орынєа (шатырєа) ґтуге шаќырады. Зайыптары (жўбайлары) белгiленген орынныѕ оѕ жаєына тўрады.
- Құрметтi қарауылдың бастығы сәлемдiк баянат бередi. Республикалық ұланның оркестрi екi елдiң мемлекеттiк гимндерiн орындайды. Мейман елiнiң мемлекеттiк гимнi бiрiншi болып орындалады. Мемлекеттiк гимндi тыңдап болғаннан кейiн мейман және Президент құрметтi қарауыл сапының бойымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туынан оң қанатқа дейiн өтедi (мейман қарауыл сапына жақын жүредi) . Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туы алдында мейман тоқтайды және басын иiп, өзiнiң құрметiн бiлдiредi
- Мемлекет басшыларының Аллеясында ағаш отырғызу рәсiмi. Мемлекет басшыларының Аллеясында ағаш отырғызу рәсiмiне Мейманның ресми делегациясының мүшелерi қатысады. Қазақстан тарапының сапар бағдарламасына сәйкес Мейманмен бiрге жүретiн Мемлекеттiк хатшы (Үкiмет мүшесi), астана әкiмi, Сыртқы iстер вице-министрi, Қазақстан Республикасының Мейман елiндегi Елшiсi ќатысады. Мейманды Аллеяда астана әкiмi қарсы алады. Бұл рәсiмге Мейманмен бiрге Мемлекеттiк хатшы (Үкiмет мүшесi), астана әкiмi қатысады. Ескерткіш тақтайша орнатылады.
- Театрда, концертте болу. Театрдағы (концерттегi) ќұрметтi орындарға Мейман (жұбайымен бiрге) және осы iс-шараға Мейманмен бiрге келген Қазақстан Республикасының Президентi (жұбайымен бiрге) немесе Мемлекеттік хатшы (Үкiмет мүшесi) (жұбайымен бiрге) жайғасады. Залда екi елдiң мемлекеттiк тулары және iзет транспаранты iлiнедi, спектакль (концерт) басталар алдында екi елдiң мемлекеттiк әнұрандары орындалады. Спектакль (концерт) аяқталғаннан кейiн сахнаға екi себет гүл шығарылады (Қазақстан Республикасының Президентi мен Мейманның лебiз карточкаларымен бiрге) .
- Естелiк сыйлықтар. Мемлекеттiк және ресми
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz