Сақтандыру нарығының қалыптасуының негізгі ерекшеліктері


Пән: Сақтандыру
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

І Бөлім. Сақтандыру нарығының қалыптасуының негізгі ерекшеліктеріне теориялық сипаттама

1. 1 Сақтандырудың ісінің қалыптасу кезеңдеріне сипаттама

2. 2 Ұлттық сақтандыру қорының 2008-2009 жылдардағы экономикалық көрсеткіштеріне талдау

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Қазіргі замандағы экономикадағы сақтандыру қаржылық тұрақтылық құрылымы ролін атқарады. Бұл мемлекетке, бизнеске, халыққа кездейсоқ жағдайлардан пайда болуына байланысты сол зияндарды өтейді.

Нарықтық экономика кезеңіндегі сақтандыру қызметінің салаларының, қызметтерінің өркендеп, дамып, әлеуметтік Қазакстандықтардың жағдайын көтеруге өзінің күрделі материалдық іргесін көрсетеді.

Сақтандыру экономика категроиясында «қаржының» бір бөлігі болып табылады. Сақтандыру теориясы қаржылық ғылымның бір бөлігі, ал сақтандыру ісі әрбір мемлекетте қаржылық несиелік жүйесінің бір бөлігі. Сақтандыру категория қоғамдық қатынастардың ертедегі көрінісі болып табылады. Сақтандырудың экономикалық маңыздылығы қоғамға қажетті. Сақтандырудың өз функциялары болады және өзіне тән нақты ерекшелігі бар. Олар: тәуекелдік, жинақылық, алдын алу, қор жинау, дамыту.

Сақтандыруды жүргізу үшін әртүрлі ұйымдастырлық құқықтық сақтандыру нысандары арқылы сақтандыру компаниялары құрылады. Олар өздерінің әртүрлі сақтандыру қызметтерін нарықтық қатынасқа ұсынады.

Нормативтік және құқықтық базасының жоқтығынан бөлек министрліктер мен ведомствалар құрған жаңа сақтандыру ұйымдары пайда болды. Өкінішке орай, жаңа сақтандыру ұйымдарының басым көпшілігі тек атаулары бойынша ғана болды. Іс жүзінде олар жеке басының байлығы үшін, қолма-қолсыз ақшаны нақты ақшаға айналдыру үшін, кейде қылмыстық капиталды «жылыстау» үшін құрылған. Сөйтіп, бірқатар сақтандыру компаниялары сақтандыру несиелерін қайтармаумен байланысты ұрыстарға тап болды.

Диплом жұмыстың негізгі мақсаты нарықтық экономика кезеңінде жеке де және заңды тұлғалардың кәсіпкерлік немесе басқа әр түрлі қызметтерді сақтандырудың қажеттігі туындайтындағы қажет етілеті қаржылық көмек.

Диплом жұмыс тақырыбымның өзектілігі сақтандырудың экономикалық маңыздылығын, қажеттілігін, нарықтық қатынастағы орнын, сақтандырудың жіктелуін, сақтандыру соммасын, төлемін, сый ақысын есептеу әдістемесі, кәсіпорындардың, ұйымдардың, азаматтардың жеке және медициналық сақтандырудың, азаматтық құқықтық жауапкершілігін сақтандыру, кәсіпорындардың мүліктік мүдделерін және Қазақстан Республикасының сақтандыру қызметінің дамуы мен өркендеуі ол нарықтық экономикалық қаржылық негізі.

Елде нарықтық өзгерістердің кеңеюі және тереңдеуімен бірге сақтандырудың қолдану сферасы да кеңеюде. Сақтандыру тәуекелдердің кең көлемін қорғайтын тиімді нарықтық механизмдердің бірі ретінде өндірістік, еңбек, экономикалық, қоғамдық және басқа да қатынастардың ажырамас бөлігі болып табылады. Сақтандыру институты халықты қорғау, техногендік, экологиялық және экономикалық қауіпсіздік аймағында маңызды мемлекеттік міндеттерді шешу үшін қолданылады.

1. 2 Сақтандыру нарығының негізгі белгілері және оның түрлерінің жіктелуі

Қазақстанның сақтандыру нарығының құралдары арқылы оның құрылымын келесі сипатта көрсетуге болады (1-сызба)

1-Сызба. Қазақстандық сақтандыру нарығының құрылымы

Қазақстан Республикасында екі негізгі нарық анықталған: өмірді сақтандыру және жалпы сақтандыру. Одан басқа, міндетті және ерікті сақтандыру кластары бөлінген. «Сақтандыру қызметі туралы» Заңымен біздің елде міндетті сақтандырудың кластары қарастырылмайды. Мұнда оның әрбір түрі сақтандырудың бөлек түрі екені айтылған. Әрбір кластың мазмұны сақтандырудың міндетті нысанында оны жүргізу және қосымша талаптарының шарттары бойынша заң актісімен орнатылады.

Бүгінгі күні міндетті сақтандырудың шарттарын регламенттейтін 5 қаулы қолданылады: автокөлік транспорт иелерінің АҚЖ (31. 10. 96 ж бастап) ; жолаушылар алдындаңы тасымалдаушының АҚЖ (14. 10. 96 ж бастап) ; ауыл шаруашылық өндірісін міндетті сақтандыру (10. 12. 96 ж бастап) ; жеке нотариустардың АҚЖ (29. 06. 98 ж бастап) ; төрешілер сот мен олардың мүлкін, медициналық қызмет көрсету және санаторлы-курортық емдеуді міндетті мемлекеттік сақтандыру (19. 03. 97 ж бастап) . [4, 97-104б. ]

Бұдан басқа, міндетті сақтандырудың 15-ке жуық түрі бар, олардың көбісі бойынша оларды жүргізу шарттары нақты заңды түрде анықталмаған. Мысалы, еңбек міндеттерін орындау барысында жұмыскердің өміріне келтірілген зиян үшін жауапкершілікті міндетті ( «Қазақстан Республикасының еңбек туралы» Заң, 10. 12. 2006 ж №493-1), мұнай операцияларын жүзеге асырумен байланысты тәуекелдерді міндетті сақтандыру (Қазақстан Республикасының «Мұнай туралы» Заң, 28. 06. 95 ж, №2350), міндетті экологиялық сақтандыру (Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заң, 15. 06. 97 ж. , №160-1) және т. б. Сақтандыру ісінің мәні мен функциясы, яғни қызхметтері. Экономикалық сақтандыру категориясының құрамдас бөлігі. Бірақ егер қаржы толығымен бөлініспен қайта бөлініспен, табыс және жинақты бөлумен байланысты болса, ал сақтандыру тек қайта бөлініс қатынасын жүзеге асырады.

Сақтандыру мәні мен оның қызметінде келесі міндеттер байқалады, және олар сақтандырудың қаржы жүйесіне кіреді:

  • Негізін анықтаушы қауіп қатер қызметі болып келеді, сақтандыру қаупі, қауіптің ықтималдылығына байланысты негізінде сақтандыру азаматтарға және қаржылай көмек көрсету;
  • Өмірді сақтандыру категориясында несие категориясымен біршама жақын, келісім шартта жиналым келісілген деңгейін келісу, ақша сомасын жинау, сақтау өмір сүру күніне және жанұяныңғ молшылығын сақтандыру сұранысына байлансысты;
  • Бақылау қыметі бұл сақтандыру қызметі нің сақтандыру қорының құрамына кіруін қатаң сақтайды;
  • Жалпы қызмет жоғарғы қызметтер сақтандыруда бірге жүріп отырады. Және бақылау қызметінің жұмысымен сұранысқа ие боладыды, сонымен бірге оның негізгі ерекшелігі сақтандыру операцияларын дұрыс жүргізуге әсерін тигізеді.

Егер Қазақстан Республикасының қаржы Министрлігі қаржы-шаруашылық қызметтің бөлек жақтарын тексеру нәтижесінде бұзушылықты анықтайтын болса, онда ол сақтандыру ұйымдарына резервтік қордың мөлшерін ұлғайту туралы, тарифтерді, мөлшелемелерді, сақтандыру салымдарын, ережелер мен сақтандыру шарттарының, уақытша бос құралдардың салымының сипатын өзгерту туралы бұйрық беруге құқылы. Сонымен қатар қайта сақтандыру схемасын өзгертуге немесе енгізуге бұйрық бере алады.

Егер сақтандыру ұйымы берілген бұйрықтарды орындамаса және тексеріс кезінде табылған бұзушылықтарды жоймаса, Қазақстан Республикасының қаржы Министрлігі берілген лицензиялардың қызметін уақытша тоқтатуға, олардың қызметін шектеуге, осы лицензияларды жоюға немесе сақтандыру компаниясының қызметін толық тоқтату туралы шешім қабылдауға құқылы.

Ол Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарымен белгіленген міндеттерімен байланысты, яғни қауіп-қатердің көзі ретіндегі көлік құралдарын пайдалану нәтижесінде үшінші жақтың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлігіне келтірілген зиянды қалпына келтіру. Бұл жағдай Қазақстан Республикасының көлік құралдары иесінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы заңдарымен қарастырылған сақтандыру төлемдері жетпеген жағдайда қолданылады.

II Бөлім. Қазақстан Республикасындағы сақтандыру нарығының экономикалық жағдайы

2. 1 Қазақстан Республикасында сақтандыру нарығы экономиканың нақты секторы

Сақтандыру нарығы бұл сату-сатып алу объектісі сақтандырылған қорғаныс болатын, оған деген сұраныс пен ұсыныс қалыптасатын ақша қатынастарының белгілі бір сферасы, ерекше әлеуметтік-экономикалық орта.

Сақтандыру нарығын былай қарастыруға болады:

• қоғамның сақтандырылған қорғанысын қамтамасыз ету үшін сақтандыру қорын қалыптастыру мен бөлу бойынша ақша қатынастарына ұйымдастыру нысаны ретінде;

• сәйкес сақтандыру қызметтерін көрсетуге қатысатын сақтандыру ұйымдарының (сақтандырушылар) жиынтығы ретінде.

Берілген тауарлардың тұтынушылық ерекшелігі қаржы нарығының басқа тауарларынын айрықша. Олардың ерекшелігі сақтандыру мазмұнынан қалыптасады. 2008ж 18 желтоқсаннан, № 126 - Қазақстан Республикасының «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, сақтандыру қызметі дегеніміз - ақша қорлары есебінен белгілі бір оқиға болған кезде (сақтандыру оқиғалары) ұйымдар мен мекемелердің, кәсіпорындардың, азаматтардың мүліктік мүддесін қорғау бойынша қызмет.

Сақтандыру нарығының субъектілерінің мүдделеріне деген қауіп-қатер әрқашан болады, бірақ міндетті сипатқа ие емес. Бұл қатер нақты, бірақ өз шынайылығы боойынша ықтималды. Барлық қоғам үшін нақты, ал әрбір жеке тұлға үшін ықтимал. Сондықтан әрқашан таңдау мен есеп-кисап бар: сол немесе басқа тауарларды сатып алу (сату) немесе сатып алмау (сатпау) . Берілген таңдауды жүзеге асыру үшін сақтандыру тауары әрқашан қаржылық нарықта болу керек. Бұл қатысу сақтандыруды қаржылық қарым-қатынастардың негізгі бөлігі ретінде қалыптасады.

Соңғысы сақталатын жағдайлардың алдын-алу үшін әрбір сақтандыру өнімі сақтандырудың нақты объектісімен сақтандырылып сәйкестендіріледі, сақтандыру себебін (сақтандыру тәуекелін), оның құның (сақтандыру соммасын), бағасын (сақтандыру тарифін), ақша төлемдерінің шарттарын (есеп-қисапты) анықтайды. Сақтандыру өнімінің куәлігі (сертификаты) болып сақтандыру полисі деп аталатын құжат саналады. Полис - заңды құжат болып табылатын, мәміленің негізгі сандық параметрлерді қамтитын, сақтандыру қатысушыларына жіберілген, әр кезде заттық нысанда болатын жасалған сақтандыру келісім-шартты (сақтандыру өнімін сатып алу-сату) растайтын дәлел.

Сақтандыру өнімінің ерекшелігі (оның көрінетін жағы) сақтандыру жарнасы әрқашан сақтандыру соммасынан төмендігі. Мұндай ара-салмақ сақтандыру өнімінің нарықтық тартымдылығын және оған деген сәйкес сұранысты қамтамасыз етеді. Сақтандыру өнімін сатып алудан түскен көрінетін табыс айқын. Бірақ, ол сатушының шығындарын көрсетпейді, себебі полистер саны (сатып алушылар) , әдетте, сақтандыру оқиғаларына қарағанда көп. Осыған сәйкес, егер сақтандыру өнімінің бағасы дұрыс анықталмаған болса, сатушының (сақтандырушы) жоғалтулары болмайды. Сақтандыру - бұл сақтандыру өнімдерін сатушылар мен сатып алушылар арасындағы өзіндік «ойын», яғни сақтанушылар мен сақтандырушылар. Бұл ойындағы «ұтыстар» мен «ұтылыстардың» соммалық көлемі нөлге жеткізілуі керек (теориялық түрде) . [24. 69-81 б. ]

Сақтандыру өнімін сатып алу-сату бойынша пайда болатын, сақтанушы мен сақтандырушылар төлемдері арасындағы қатынасты сақтандырушы орнатады, яғни сақтандыру өнімінің бағасын (тариф) анықтайды. Тарифтің деңгейі берілген сақтандыру өнімін өткізуді қамтамасыз ету үшін төмен болу керек, бірақ сонымен бірге қажетті табыспен қамтамасыз ету үшін, орнын толтыру және ақпаратты пайдаланғаны үшін, төлемдерді өтеу үшін, кеткен сақтандырушының шығындарын жабу үшін едәуір жоғары болу керек. Бұл қарама-қарсы міндет ықтималдық есптеулерді қолдану негізінде шешіледі.

Тариф , бір жағынан, өзіне сақтандыру тәуекелінің көлемін біріктіреді (және соған сәйкес, оның бағасын анықтайды) . Басқа жағынан - кейбір орташа көлеммен көрсетіледі. Арасынша сақтандыру оқиғалары «орташа» емес, сайлау, мекен-жай түрінде қызмет атқарады. Берілген қарама-қарсылық сатып алушылардың жеке тәуекелдерін ескере отырып, олардың категориясы бойынша сақтандыру өнімінің бағаларының сәйкес жіктелу жолымен шешіледі.

Басқаша айтқанда, сақтандыру өнімдерінің сату-сатып алу прцедурасына жеңілдіктер мен үстеме жүйесі кіргізіледі. Олар болған жағдайда сақтанушылардың жеке ерекшеліктері ескеріледі және бір уақытта қызықтырып, сақтанушыны сақтандырылған объектіге ұқыптап қарауға мәжбүрлейді, яғни сақтандыру тәуекелін минимизацияға ең аз шамаға жеткізу.

Сөйтіп, сақтандырудың құны мен бағасы сақтандыру өнімінің сандық сипаты ретінде - әбден бәсекелік мөлшерлер. Сақтандыру өнімін сату қажеттілігі сақтандырушыны сақтандыру өнімін жетілдіруге, олардың бағасын төмендетуге итермелейді. Табыс алу қажеттілігі, керісінше, бағаларды көтеруді талап етеді. Бұдан сақтандыру нарығы сақтандыру өніміне деген сұраныс пен ұсыныс реттеледі. Ол объектілерді (субъектілерді) сақтандыру міндетті тәртіп бойынша (яғни заң бойынша) сақтандыру жағдайларын қоспағанда.

Сақтандыру нарығы дамуының объективті негізі ретінде қайта өндіріс үрдісінде пайда болатын қаржы-шаруашылық қызметтің үздіксіздігін қамтамасыз ету қажеттілігі және қолайсыз алдын-ала көзделмеген оқиғалар болған жағдайда ақшалай көмек көрсету болып табылады.

Сақтандыру нарығының негіздері болып мыналар саналады : еркін нарықтық экономика, меншік нысандарының көптігі, баға қалыптасуының еркіндігі - тарифтік мөлшерлеменің есебі, бәсекелестіктің болуы, таңдау еркіндігі, сақтандыру қызметтерінің жаңа түрлерін әзірлеу және енгізу және т. б.

Сақтандыру нарығының болуының міндетті шарттары:

● сақтандыру қызметтеріне қоғамдық қажеттіліктің болуы -

сұраныстың қалыптасуы;

● осы қажеттілікті қанағаттандыратын сақтандырушылардың болуы - ұсыныстың қалыптасуы.

Осыған байланысты сақтандырушы және сақтанушы нарығын бөліп көрсетеді. Қызмет атқарушы сақтандыру нарығы әр түрлі құрылымдық бөлімдерден тұратын күрделі интеграциялық жүйе. Сақтандыру нарығының бірінші буыны - сақтандыру қоғамы немесе сақтандыру компаниясы . Дәл осында сақтандыру қорын қалыптастыру мен пайдалану үрдісі жүзеге асырылады, экономикалық қарым-қатынастар көрініс табады, жеке, топтық, ұжымдық мүдделер араласады.

Бұдан басқа, сақтандыру нарығында сонымен қатар басқа да субъектілер қызмет атқарады: қайта сақтандыру компаниялары, сақтандырушы делдалдары - сақтандыру агенттері мен брокерлер (маклерлер), әр түрлі сақтандырушылар бірлестіктері: сақтандыру пулдары, одақтар т. б. [27. 67-71 б. ]

Сақтандыру нарығында көрсетілген, сақтандыру түрлерінің тізімі, сақтандыру келісімдері бойынша толықтыратын жеке шарттарын қоса, сақтандыру қызметтерінің ассортиментін анықтайды.

Сақтандыру нарығының орны екі жағдаймен серттеледі\шарттасқан. Бір жағынан, қоғамның әлеуметтік-экономикалық жүйесінде сақтандыру нарығының қалыптасуына әкелетін, сақтандыру қорғанысына деген объективті қажеттілік. Екінші жағынан, сақтандыру қорғанысымен қамтамасыз ететін сақтандыру қорын ұйымдарының ақшалай нысаны бұл нарықты жалпы қаржылық нарықпен байланыстырады.

Сақтандыру саласының дамуына жеке сақтандырудың негізгі технико-экономикалық көрсеткіштері, атап айтқанда нақты және қатысты сақтандыру төлемдері мен сыйақыларыныңдамуы арқылы көз жеткізуге болады. Талдауға 2001-2007 жылдар аралығындағы статистикалық көрсеткіштерді, статистикалық агенттігінің мәліметтері бойынша. қолданамыз.

Қазақстан Республикасындағы сақтандыру сыйақының деңгейі

2008-2009 жж, млн. тг.

4-кесте

Жыл: Жыл
Барлықтөлемдер:

Барлық

төлемдер

Соның ішінде: Соның ішінде
Жыл: Жеке сақтандыру
Барлықтөлемдер: Мүлікті сақтандыру
Соның ішінде: Жауапкершіліктік сақтандыру
Міндетті сақтандыру
Жыл: 2008
Барлықтөлемдер: 96, 6
Соның ішінде: 44, 5
26, 1
4, 5
21, 5
Жыл: 2009
Барлықтөлемдер: 170074, 1
Соның ішінде: 94901, 3
37076, 2
6632, 9
31463, 7

Қазақстан Республикасындағы сақтандыру сыйақының деңгейі 2008-2009 жылдар аралығында сақтандыру нарығында жеке сақтандыру 17, 3 млд. тг. , міндетті сақтандыру бойыншада үлкен қарқынмен өсті.

Жалпы алғанда 2009 жылы жеке сақтандыру 55, 8%, мүлікті сақтандыру 21, 8 %, жауапкершілік сақтандыру 3, 9 %, міндетті сақтандыру 18, 5% болды. Бұл көрсеткіштерден біз жеке сақтандырудың басқа сақтандыру түрлеріне қарағанда басым екенін көруімізге болады.

Қазақстан Республикасындағы сақтандыру сыйақының деңгейі

2008-2009 жж, млн. тг. (пайызбен)

5-кесте

Сақтандырудың түрлері, салалары: Сақтандырудың түрлері, салалары
2005: 2005
2006: 2006
2007: 2007
2008: 2008
2009: 2009
Сақтандырудың түрлері, салалары: Ерікті және міндетті сақтандыру бойынша барлығы
2005: 100
2006: 100
2007: 100
2008: 100
2009: 100
Сақтандырудың түрлері, салалары:

Ерікті сақтандыру,

Соның ішінде: - өмірді

- бақытсыз жағдайдан

  • медициналық
  • азаматтың мүлкі
  • заңды тұлғалардың мүлкі

соның ішінде: - транспортты

- жүк тасу

  • қаржылық тәуекел
  • өтелмеген несие тәуекелі
  • жауапкершілік
  • тасымалдаушы
  • мамандандыр. жауапкершілік
  • несиеніөтеудегіжауапк. тұлға
  • кәсіпорын жауапкершілігі
  • қауіпсіздікті жоғарлату көзі
2005:

58, 6

26, 7

2, 5

7, 7

4, 9

13, 2

2, 5

2, 7

1, 6

0, 1

0, 7

0, 2

0, 1

0, 2

2006:

58, 9

22, 08

2, 69

9, 26

4, 6

16, 2

2, 5

3, 3

1, 2

0, 0

0, 7

0, 3

0, 0

0, 4

2007:

63, 6

29, 1

2, 2

8, 8

4, 3

15, 2

2, 6

2, 7

0, 5

0, 03

0, 6

0, 3

0, 0

0, 6

2008:

78, 4

37, 4

1, 9

7, 4

3, 8

21, 3

3, 0

5, 2

2, 0

0, 03

0, 9

0, 2

0, 01

1, 8

2009:

81, 5

46, 8

1, 5

7, 5

3, 2

18, 2

2, 2

3, 7

0, 4

0, 04

0, 4

0, 2

0, 01

1, 3

Сақтандырудың түрлері, салалары:

Міндетті сақтандыру,

Соның ішінде медициналық

2005:

41, 4

37, 3

2006:

41, 1

36, 3

2007:

36, 4

34, 2

2008:

21, 6

20, 2

2009:

18, 5

17, 1

Қазақстан Республикасынындағы сақтандыру саласындағы негізгі тәуекелдік сақтандыру компаниялары мен сақтанушы тарапынан да жоғары. Бірақ соған қарамастан сақтандыру қорындағы негізгі активтер мемлекеттік сақтандыру түрлерінен, атап айтқанда көлікті сақтандыру түрі жоғары үлес көрсетті. Казіргі уақытта ерікті сақтандыру бойынша мүліктік сақтандырудағы қарқынды өсудің негізгі қызушылығы сақтандыру компанияларының резервіндегі сақтандыру сыйақы көлемі арттқандығы болар. Кестеден көріп отырғанымыздай әрбір жылда сыйақы көлемі ұлғайып отырды.

Қазақстан Республикасындағы сақтандыру төлемдерінің құрылымы

2005-2009 жж. (пайызбен)

6-Кесте

Сақтандырудың түрлері, салалары: Сақтандырудың түрлері, салалары
2005: 2005
2006: 2006
2007: 2007
2008: 2008
2009: 2009
Сақтандырудың түрлері, салалары: Ерікті және міндетті сақтандыру бойынша барлығы
2005: 100
2006: 100
2007: 100
2008: 100
2009: 100
Сақтандырудың түрлері, салалары:

Ерікті сақтандыру,

Соның ішінде: - өмірді

- бақытсыз жағдайдан

  • медициналық
  • азаматтың мүлкікті
  • заңды тұлғалардың мүлкі

соның ішінде: - транспортты

жүк тасу

  • қаржылық тәуекел
  • өтелмеген несие тәуекелі
  • жауапкершілік
  • тасымалдаушы
  • мамандандыр. жауапкершілік
  • несиеніөтеудегіжауапк. тұлға
  • кәсіпорын жауапкершілігі
  • қауіпсіздікті жоғарлату көзі
2005:

52, 1

32, 4

1, 2

7, 9

2, 25

3, 3

1, 0

0, 5

2, 6

0, 1

0, 2

0, 0

0, 3

0, 07

2006:

51, 0

29, 66

1, 38

9, 58

2, 2

2, 8

0, 9

0, 3

4, 0

0, 2

0, 2

0, 1

0, 1

0, 09

2007:

57, 4

38, 2

1, 0

8, 2

2, 0

5, 8

2, 8

1, 4

1, 4

0, 01

0, 1

0, 01

0, 1

0, 1

2008:

71, 6

53, 8

0, 7

6, 4

1, 6

7, 7

1, 9

3, 5

0, 7

0, 0

0, 28

0, 05

0, 04

0, 04

2009:

79, 1

68, 9

0, 4

5, 0

1, 2

2, 8

1, 1

0, 2

0, 3

0, 01

0, 06

0, 012

0, 01

0, 03

Сақтандырудың түрлері, салалары:

Міндетті сақтандыру,

Соның ішінде медициналық

2005:

47, 9

45, 0

2006:

49, 0

45, 3

2007:

42, 6

41, 5

2008:

28, 4

27, 3

2009:

Сақтандыру сыйақының және төлемдердің құрылымын талдай отырып өмірді сақтандырудағы келісім шарттардың артқандығын байқауға болады, және сақтандыру жағдайы бойыншада басталуын айта кеткен жөн. Бұл жағдай адам өміріндегі халық жағдайына байланысты, атап айтқанда негізгі себеп еңбекақылық сызбаны жөнелтуде салықтан жалтару. Сол үшін келесі сақтандырудың, атап айтқанда бақытсыз жағдайға байланысты сақтандыру және медицициналық сақтандыру туралы қолдану қажеттілігі. []

Жеке сақтандыру келісім шарты бойынша төлемдер және сыйақылар

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның сақтандыру нарығының құрылымы
Сақтандыру нарығы және оның Қазақстан Республикасында дамуы
Сел қауіп-қатерінен сақтандырудың географиялық астарлары (Іле Алатауы мысалында)
Сақтандыру пәнінен дәрістер тақырыбы
Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы
Сақтандыру туралы ақпарат
Жылжымайтын мүліктің объектілерін бағалау
Жылжымайтын мүлік рыногы
ПРОЦЕНТЫ ВПЕРЕД салымы - салымды ашқан күні пайызды төлейтін мерзімді салым
Қаржы нарығы жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz