Сырдария облысы қазақтарының этникалық тарихы және этноэкономикалық ерекшеліктері


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Тарих факультеті

Археология және этнология кафедрасы

Курстық жұмыс

Сырдария облысы қазақтарының этникалық тарихы және этноэкономикалық ерекшеліктері

Орындаған 1 курс магистранты: Есжанова. Г. Б

Ғылыми жетекші: т. ғ. к., доцент Қалшабаева. Б. К

Кафедра меңгерушісі: т. ғ. д., профессор Төлеубаев. Ә. Т

Алматы 2009

Мазмұны

Кіріспе

І . Сырдария облысы қазақтарының этникалық тарихы

1. 1. Сырдария облысының тарихи - территориялық және әкімшілік бөлінуі

1. 2. Сырдария облысы халықтарының этнодемографиялық және әлеуметтік құрылымы

ІІ . Сырдария облысы қазақтарының этноэкономикалық ерекшеліктері

2. 1. Дәстүрлі мал шаруашылығы

2. 2. Егіншілік

2. 3. Қосалқы кәсібі

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Тарих ғылымының даму барысында жеке аудандардың мәселелерін дербес қараудың аса маңыздылығы бар. Жеке алынған өлкені қарастыра отырып, біз жалпы Қазақстанға сипаты немесе ортақ мәселелердің де мазмұнын ашуға мүмкіндік аламыз. Сол кездегі, әкімшілік жағынан өзгешелігіне қарағанда Сырдария облысының Қазан төңкерісіне дейінгі этнологиясының дамуы мен қазақстандық өлкелермен байланысты болып қоймай, сонымен қатар қазіргі Өзбекстан дербес мемлекетінің бірқатар өңірлерімен байланысты еді. Мысалы, 1867 жылы құрылған Түркістан генерал-губернаторлығының құрамындағы Амудария бөлімі мен Ташкент уезінің шаруашылық және мәдениет мәселелері осы облыстың құрамындағы қазақстандық уездермен біте қайнасып кетті. Сырдария облысының жалпы тарихи даму өзгешелігіне мән беру арқылы қазақтар арасындағы шаруашылық, өзара қоғамдық, әрине демографиялық байланыстардың мазмұнын талдауға, баға беруге мүмкіндік туады. Міне осы айтылған тұжырымдар жұмыс тақырыбың өзектілігін, зерттеудің қажеттілігін дәлелдейді.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақстанның басқа да облыстарының тарихи даму мәселелері сияқты Сырдария облысының аржақты бағыттарын зерттеу XIX ғасырдың екінші жартысында басталады.

Сырдария өзенінің бойында қоныстанған қазақ ауылдарының өмірін, шаруашылық дамуын, халқының саны мен құрамын сипаттаула алғашқылардың бірі болып еңбегін арнаған А. Ф. Миддендорф /1/ . Миддендорфтың жоғарыда айталған еңбегі негізінен алғанда царизмнің экономикалық түбегейлі мақсатын ойластырған. Алайда қазақ ауылының, басқа да қоныстардың әсіресе шаруашылық өмірін сипаттаудағы мәліметтер құндылығын жоғалтпаған.

Келесі баса айтылатын еңбек Н. П. Пузыревскийдің жазбалары /2/. Бұл жұмыс мазмұны жағынан жоғарыдағы зерттеуге біршама жақын. Осы зерттеуінде өзеннің жағаларына жақын орналасқан халықтың өмірі және тұрмыс жағдайлары туралы XIX ғасырдың екінші жартысын қамтитын статистикалық мәліметтер жинастырылған .

А. И. Левшиннің 1832жылы жарық көрген « Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсакских орд и степей » атты ғылыми еңбегі қазақ халқының тарихиы мен этнографиясына арналған, бүгінгі таңда да маңызын жоғалтпаған құнды дүние. Ол бұл еңбегінде Сыр бойы қазақтарының егіншілікпен айналысқанын анықтайды /3/.

Сырдария облысы туралы көңіл аудартатын белгілі орыс зерттеушісі И. Аничковтың зерттеулері қазақ халқының әлеуметтік мәселелеріне тереңірек үңілген арнайы зерттеуге жатқызған дұрыс. Осы аймақтағы халықтың шаруашылық өмірін, қоғамдық даму жағдайын бірден-бір терең құрастырған И. Аничковтың еңбегі Ресей үкіметінің экономикалық саясатын мақұлдауға арналған /4/.

Тақырыпқа біртабан жақын зерттеулер қатарына М. Асылбековтың; Г. К. Кронградтың, С. Мадуановтың « қазақ-өзбек » қатынастарының XIX-XXғасырлар басындағы дамуына арналған монографиялық зерттеуі /5/. Бұл кітап Түркістан генерал-губернаторлығының құрамында қазақ-өзбектер тұрақтанып қоныстанған өңірлер қамтылған. Сырдария облысының құрамында болған көпшілік қоныстардағы қазақ-өзбек халықтарының сауда-экономикалық, мал шаруашылығы, мәдени өмірі туралы мәліметтер көрсетіледі. Ал Г. К. Кронградтың /6/ зертттеуіне көңіл бөлсек - монография солтүстік қырғыз ауданындағы әлеуметтік - демографиялық мәселелерге арналғанмен жұмыстың екі тарауында да Сырдария облысының қырғыз еліне жақын орналасқан уездері бойынша, қазақ ауылдары бойынша демографиялық мәліметтер келтірілген.

Аталмыш тақырыптың кейбір мәселелері ішінара тарихи еңбектерде қамтылғанмен, сан алуан этнографиялық мәселелер арнайы зерттеудің еншісіне айналған жоқ. Осы мәселе төңірегіндегі ең қонымдысы А. Масановтың «Очерки истории этнографического изучение казахского народа в СССР» атты еңбегінде қазақ халқының тарихи-этнографиялық мәселелерінің зерттелу тарихы қарастырылады /7/.

Т. Қартаеваның «Туркестанские ведомости» газетінің қазақтарға қатысты тарихи-этнографиялық деректілігі» атты кандидатттық диссертациясында Сырдария облысының этнографиясы туралы мәліметтер алуға болады / 8 /.

Сонымен Сырдария облысының этнографиялық даму мәселелеріне қатысы бар еңбектерге жалпы талдау жасай келе, төмендегідей қорытынды жасауға болар еді. Сырдария облысының салалары біршама жақсы зерттелгенмен, арнайы тарихи-этнографиялық толыққанды зерттеулерді қажет етеді.

Курстық жұмыстың деректік негізі: Курстық жұмыстың негізгі дерек көзі ретінде газет беттеріндегі тарихи - этнографиялық материалдар мен түрлі хабарламалар болып табылады. Сонымен қатар көптеген деректер мен архив құжаттары пайдаланылды. Осы деректерге талдау жасау барысында жұмыстың мақсат-міндеттері анықталып, негізгі бағыттары ашып көрсетілді. Жұмыстың мақсаты: Курстық жұмыстың негізгі мақсаты - Сырдария облысы қазақтарының даму тарихын, әкімшілік территориялық бөлінісін, шаруашылығын жан-жақты зерттеу. Алға қойылған мақсатқа жетуде мынандай нақты міндеттерді шешу көзделді:

  • Сырдария облысы қазақтарының орналасқан территориясын көрсету;
  • Облыс қазақтарының әлеуметтік және этникалық құрылымын саралай отырып, этнодемографиялық құрылымын ашып көрсету;
  • Әлеуметтік құрылымына талдау жасау;
  • Дәстүрлі шаруашылық жүйесіне байланысты этнографиялық деректерді саралау;

Ғылыми жаңалығы: Сырдария облысы қазақтарының ерекшеліктерін ескере отырып, даму тарихына, шаруашылығына кешенді түрде талдау жүргізу. Талдау нәтижесінде Сырдария облысы қазақтары туралы тарихи және этнографиялық мәліметтерді салыстырып, сол мәліметтер негізінде облыстың өзіне тән ерекшеліктерін ашып көрсету. Хронологиялық, территориялық шеңбері: Курстық жұмыс ХІХ ғасыр - ХХ ғасырдың бас кезеңін қарастырады. Аумақтық шегі Қазақстанның оңтүстік аймағын қамтиды, яғни, елдің саяси және экономикалық орталығы ретінде үлкен маңызға ие болған Сырдария облысын және соған қарасты барлық уездерді қамтиды. Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады

І тарау. Сырдария облысы халықтарының этникалық тарихы.

1. 1. Сырдария облысының тарихи - территориялық және әкімшілік бөлінуі

Қазақстанды Ресейге қосудың аяқталуы империяның Қазақ өлкесі жөніндегі саясатына елеулі өзгерістер енгізді. Патша үкіметінің мақсатына отаршыл империя тарапынан көп күш қолданылмай қол жеткізілді. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанды қосып алып, патша үкіметі әскери - отаршылдық әрекеттерімен ортаазиялық алғы шепке шығып, аймақтағы ағылшындардың ықпалын ығыстырып шығарды. Қолайлы халықаралық жағдайды майдаланған Ресей империясы өзінің алысты көздейтін негізіне «бөліп ал да, билей бер» принципі алынған саяси мүдделерін басшылыққа ала отырып, және қазақтардың өз мемлекеттілігін қалмына келтіруге ұмтылысын аяусыз жаныштап, Қазақстанда отаршылдық режим орнатты. ХІХ ғасырдың 60-шы жылдарының ортасына қарай Ресей мемлекеті Қазақстан территориясын өз құрамына қосып алуын аяқтады. Бұл кезенде патшалық Ресей ендігінде Орта азияны өзіне қосып алу саясатын жүргізе бастады /9/.

1865 жылы шілдеде патша әскерлері Ташкент қаласын басып алып, нәтижесінде Оңтүстік өлкені басқару үшін патшаның «уақытша нұсқауы» бойынша Түркістан облысы құрылды. Бұл облыс үш әскери бөлімге бөлініп Орынбор генерал-губернаторлығына бағынды. 1867 жылы 17 шілдеде патша жарлығымен Түркістан облысына Семей облысының оңтүстік бөлігі қосылып, Түркістан генерал-губернаторлығы құрылды. Оның құрамына Жетісу және Сырдария облыстары енді. 1867 - 1868 жылдардағы реформа бойынша жергілікті басқаруға ерекше көңіл бөлінді. Әрбір уезд болыстарға, ал болыстар бірнеше шаруашылық ауылдарын біріктірген. Және жүз екі жүз шаңырақтан тұратын әкімшілік ауылдарға бөлінді. Болыстар мың шаңырақтан екі мың шаңыраққа дейін. Кейде үш мың шаңыраққа дейін қамтыды.

Шаңырақтарлың белгілі бір болыстардың бір ауылынан екінші ауылына ауысуы, сол сияқты олардың солардың қатарында есептеулі ауыл шаңырақ иелерінің келісімімен рұқсат етілді. Бірақ тиісті ауыл старшындары мен болыс басқарушыларының ризалығы керек болды.

Болыс және ауыл әкімшлігін құру тәртібі бүкіл реформада көзделген Қазақстан аймағын отарлау мақсатында да қызмет етті. Отарлау саясатын адал жүргізетін адам ғана болыс басқарушысы және ауыл старшыны болып сайлана алатын еді. Болыс басқарушыларының, ауыл старшындары мен олардың кандидаттарын сайлау болыс съездері мен ауыл жиындарында әрбір үш жыл сайын өткізіліп отырды. Сайлау кезінде ру топтарының күресі үнемі болып, әртүрлі жолсыздықтарға жол берілді.

Жай көпшілік дауыс алған адам қызметке сайланған, ал дауыс саны бойынша одан кейінгі адам оған кандидат болып есептеледі. Болыс басқарушылары мен болыстардың кандидаттарын облыстық әскери губернаторы бекіткеннен кейін ғана қызметке сайланған болып есептеледі

1867 жылғы 11 шілдеде ІІ Александр патша «Сырдария және Жетісу облыстарын басқарудың уақытша ережесі туралы» жобаны, 1868 жылғы 21 қазанда екінші жоба - Орал, Торғай, Ақмола және Семей облыстарын басқару туралы «Уақытша ережені» бекіту туралы жарлыққа қол қойды. «Уақытша ережелердің» екі жобасы да 1869 жылғы 1 мамырдан бастап енгізілетін болды/10/.

Сырдария және Жетісу облыстары аралығындағы Шекара Қорағаты және Шу өзендері болып белгіленді. Бұл кездері Сырдария облысының көлемі 8595 шаршы шақырымға жетті. Облыстың құрамына 6 уезд Қазалы, Перовск, Шымкент, Әулиеата, Ходжент, Жизақ енді.

ІІІ Александр патшаның Түркістан өлкесін басқару туралы 1886 жылғы 2 маусымда қол қойылған жарлығы кең - байтақ өлкені басқарудың бүкіл құрылымына реформа жасауды бастап берді. Жаңа ережеге сәйкес Түркістан генерал - губернаторлығына үш облыс Сырдария, Ферғана, Самарқанд, облыстары кіргізілді. Кейініректе, 1897 жылы, Жетісу облысы да жаңа генерал - губернаторлықтың құрамына берілді /11/.

Бұрынғысынша генерал - губернатордың билігі сақталып, біршама күшейтілді, ол іс жүзінде дара билеушіге айналды. Облыстардың билігі әскери губернаторға берілді. Жоғарғы шенеунік биліктің осылай құрылуы 20 жыл бойы өзін ақтап, әсіресе жергілікті жерлерде өлкені отарлауды жеңілдеткен едәуір сындарлы басқару жүйесін бекіте түсті. Түркістан генерал - губернаторлығының барлық облыстары арасынан екі облыстың - Сырдария және Жетісу облыстарының Қазақстанға тікелей қатынасы болды. Өткен уақыт ішінде уездерге бөлу принципі сақталып қалды, саны жағынан және олардың шекараларын тарихи - географиялық жағынан межелеуде елеулі өзгерістер болды.

1886 жылғы Түркістан өлкесін басқару туралы Ереже бойынша, Сырдария Облысы әкімшілік жағынан бес уезге Қазалы, Перовск, Шымкент, Әулиеата, Ташкент және бір бөлімге Әмударияға бөлінді /12/. 1886 жылы Ходжент және Жизақ уездері Самарқанд облысына беріліп, Сырдария облысына болысқа жүз екі жүз түтіннен құралған әкімшілік ауылдарға бөлінді. Болыста бір мыңнан екі мыңға дейін, кейде үш мыңға дейін түтін болды. Сырдария облысының қыстақтарында полициялық және жарлық ету билігін ақсақлдар атқарды. Оларды әскери губернатор бекітті.

Қоныс аударушы орыс шаруалары 1870 жылдардан бастап негізінен Шымкент, Ташкент, Әулие ата уездеріне орналаса бастады. 1874-1872 жылдары облыста алты шаруа кешені құрылса, 1884-1890 жылдары он төрт, 1891-1892 жылдары барлығы отыз жеті кешен орнады. 1903 жылы оныншы маусымда «Сырдария, Ферғана, Самарқанд облыстарындағы қазыналық жерлерге өз еркімен қоныстану туралы» ереже бекітілді /13/. 1904-1905 жылдары патша үкіметі Қзақстанға қоныс аударушыларды бес ауданға бөлді, соның бірі Сырдария облысы еді. Столыпиннің аграрлық формасының күшейген кезінде Сырдария облысында қазақтар туратын аудандарда бес мың десятинадай жер, соның ішінде Шымкент уезінде жүз сексен бір мың жеті жүз тоқсан үш десятина, әулие ата жүз төрт мың үш жүз тоқсан сегіз десятина жер таратылды.

Оның ішінде ең үлкен уезд Шымкент болды да, ол 100808 шаршы шақырым жерді алып жатты. Ең кішкентай уезд Ташкент 4380 шаршы шақырым болды. 1886 жылы облыс көлемі 403253 шаршы шақырымға жетіп, яғни бүкіл Түркістан өлкесінің 70 пайызын алып жатты, ал халқы 1219400 адам болды.

Сырдария облысы Солтүстік батыста Торғай облысымен, оңтүстік-шығыста Ферғана, батыста Орал, Шығыста Жетісу облысымен, Оңтүстікте Самарқанд, Бұқара, Закаспий облыстармен шектесіп жатты /14/.

Өлке генерал-губернаторы шексіз билікке ие болды. Оған бүкіл басқарма аппараты-канселерия, облыстың әскери губернаторы, облыстық басқарма бағынышты болды.

1. 2. Сырдария облысы халықтарының этнодемографиялық және әлеуметтік құрылымы

Қазақ елінің солтүстік, шығыс, оңтүстік, батыс шекараларын қаусыра салынған бекіністер мен қамалдар патшалық отарлау жүйесінің мүлдем орныққандығын айғақтағандай еді. Мемлекеттік меншік министрлігі, 1860 жылдан бастап құрылған облыстардағы статистикалық партия комитеттер, 1906 жылы құрылған Сырдария статистикалық партиясының атқаратын басты міндеттері шаруалардың қоныстануына ыңғайлы, шұрайлы жерлерді іздестіру және орналастыру болды.

Патшалық Ресейдің көші-қон саясатының барысы көптеген материалдарда жарияланып тұрды. Сырдария облысында алғаш орыс поселкесі 1867жылы Шыназда, Әулиеатада алғаш орыс поселкесі 1874 жылы Қарабалтада құрылды. Қазақтардың шұрайлы жерін тартып алу үрдісі қаншалықты ұқыптылықпен жүргізілсе, орыс шаруаларын қоныстандыру ісі де соншалықты ұйымдастырылды /15/.

Отырықшы халықтан көшпелілер саны басым болды. Көшпелілер саны 1 085 000 жетсе, отырықшылар саны 375 000-ға жеткен екен. Отырықшылардың ең көп қоныстанған территориясы Ходжент, Жизақ болды. Сырдария облыстары, Шымкент, Перовск, Қазалы уездеріндегі халықтардың басым көпшілігі көшпелілерді құрады.

Сырдария облысының солтүстік уездеріндегі отырықшылар саны небары 35 000, яғни халықтың 6% құрады. Қазалы, Перовск уездеріндегі отырықшы орыстар саны әскерді есепке алмағанда 1000-ға жетті. Ал Сырдария облысының оңтүстік уездеріндегі көшпелілер саны халықтың 1/8 бөлігін құраса, отырықшы халық 7/8 бөлігін құрады /16/.

Жалпы 1897 жылы 28 қаңтардағы санақ бойынша Сырдария облысында 835 432 адам, оның ішінде қазақтар 741 811 (88, 7%), орыстар - 11234 1, 34%), өзбектер - 29239(3, 43%), украиндар - 9749(1, 16%), татарлар - 2452(0, 29%) тұрды.

Жер көлемі мен халқы жөнінен Шымкент уезінде 285 059 адам, оның ішінде қазақтар:-24 704(78, 8%), өзбектер- 20709 (7, 61%), украиндар- 4388(1, 47%), орыстар- 2236(0, 76%) тұрды. Әулиеата уезінде халық тығыз орналасты. Жалпы уезде халықтың саны 276 169адам болды. Оның ішінде қазақтар - 250 988 адам (90, 80%), өзбектер-8799 (3, 06%), украиндар-5339(1, 93%), орыстар-5129(1, 85%) болды. Сырдария өзенінің төменгі ағысын да Қазалы уезі орналасты, онда 140 541 адам тұрды, оның ішінде қазақтар-135 850 (96, 6%), ер адам 2821 (2%) болды.

1897 жылғы санақ бойынша Перовск уезінде 133 663 адам мекендеді. Қазақтар-130 269 (97, 4%) болса, басқа халықтардың келу көрсеткіші орыстар-1048 адам (0, 75%), украиндар -117 адам (0, 008%) болды /17/.

Бұған қарағанда Сырдария облысы көп ұлтты және ондағы халықтардың басым көпшілігінің, яғни 95% жергілікті халықтар екенін көреміз.

1907-1908 жылдары Сырдария көш-қон басқармасы Шымкент уезінің 29526 қазақ шаруашылығын қамтитын 2125 ауылына халықтың санақ жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде 19558 адам тіркеуге алынды, оның 105542 ерлер, 89740 әйелдер болды. Орташа ауыл 18 шаруашылықтан немесе 92 адамнан тұрды. Шағын ауылдар 15 шаруашылықты, үлкен ауылдар 50 шаруашылықты қамтыды. Санақ мәлеметі бойынша Шымкент уезінде халықтың тығыздығы 1 кв м-ге 6, 6 адамнан келді. Сырдария және Шу өзені жағалауы Талас Алатауы сияқты суы мол, шөбі құнарлы жерде халық тығыз орналасқан. 16-15 жас аралығындағы тіркеуге алынған әйелдер саны 443082, 18-60 жас аралығындағы еркектер саны 96436 болды /8/.

Ал, А. Романов берген мәліметтер бойынша Құрама уезінде 39393 түтін немесе 275751 жанбасы тұрды. Олардың 20372 түтін немесе халықтың 52 % қазақтар, 11 093 түтіні немесе 40 % тәжіктер, қалғандары қарақытай, ноғай халықтары құрады /18/.

Сырдария облысының ұлттық құрлымынан, олардың орналасуынан 1905 жылы жүргізілген санақ нәтижелері төмендегідей аса құнды этнодемографилық мәлімет береді. Жизақ уезінде -145 280 өзбек, 51511 қазақ, 16 962 сарт, 4843 тәжік, 2091 түрік, 1163 орыс ; Ходжент уезінде - 94 309 тәжік, 61 622 өзбек, 14 405 түрік, 11 465 қазақ, 2422 орыс; Әулиеата уезінде - 250 988 қазақ, 10509 орыс, 8477 өзбек, 2313 түрік; Қазалы уезінде - 135 850 қазақ, 2916 орыс; Перовск уезінде - 130 269 қазақ, 1450 сарт, 1165 орыс; Шымкент уезінде - 224 704 қазақ, 35043 сарт, 20709 өзбек, 6443 орыс. Бұл мақалада саны аз ұлттар жөнінде мәлімет берілмейді /19/.

Жоғарыда келтірілген мәліметтер зтнодемография, статистика салалары үшін құнды мәліметтер жинауға түрарлық дүние екендігі және оларды әлі зерттеудің еншісі болуға лайық бұл іргелі мәселені зерделеу аталмыш кезеңдегі Қазақстанның әлеуметттік және демогрфиялық болмыс-бітімін айқындаудың кепілі.

Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымы билер, байлар, батырлар жататын ауқаттылар тобына және көшпелі, жартылай көшпелі малшылар мен егіншілер жататын категорияларға бөлінді. Қазақ қоғамында әлеуметтік аристократиялық жоғарғы тобы хандар мен сұлтандар болды. Алғашқы қазақ хандары заманынан бері қарай хандық биліктің мирасқорлық дәстүрі сақталып келді. Мұрагерлік тәртібі жүрмеген жағдайда хандарды билер, батырлар мен сұлтандар арнайы құрылтайда сайлады. Ханның өкілеттігі діни мәселелерден тыс азаматтық, әкімшілік және әскери істермен шектелді. Ханның ақсүйектер өкілдерін қылмыс жасағаны үшін соттауға және жазалауға құқы болды, алым-салық мөлшерін белгіледі, әскери жасақтар құрды. «Көшпелі аристократияның жоғарғы тобы сұлтандар болды, ханның өз үкімет билігін сұлтандармен бөлісуіне тура келді. Өз иелігіндегі территориядағы әкімшілік және сот билігі сұлтандардың қолында болды. Олар міндеткерлік атаулыдан босатылды. Хан сұлтандардың басшылығы мен қажеттілігіне қарай әскери жасақ жинап отырды. Мақала түйіні қазақ қоғамындағы ХІХ ғасырдың орта кезеңіндегі хандық биліктің жойылуын негіздеуге келіп тірелді. Хандық билік ыдырағанмен сұлтандар билігі күшейе түсті. Мақалада сұлтандарды жоғары әлеуметтік өкілдерге жатқызып, «ақсүйек» деп атайды. Ал кедейлер төменгі топқа «қарасүйек» деген жалпы атпен кіргендігін айтады.

Қазақ қоғамында билер зор роль атқарған билердің ықпалы олар басқарған рулардың көптігіне және күшеюіне, сондай-ақ олардың байырғы шыққан тегі мен үлкендігіне қарап айқындалды /20/ .

«Бай» ұғымына бай, ауқатты адамдарға байланысты қолданылды. Байлар қоғамда айтарлықтай орын алған. Барлық шаруашылық байдың қолында болды. Бай шаруашылықты өз-өзінің мол тәжірибесіне сүйеніп, маңайындағы басқа ауыл ақсақалдарымен кеңесе отырып жүргізді. Маңына сайлау кезінде көп дауыс алу мақсатымен туған-туыстарын жинауға тырысқан. Ауылдағы шаруашылық байдың билігінде болды.

Ауқатты байлар малдарын бақтыру үшін қол астына малшылар ұстады. Қойшы мен жылқышының жылдық табысы 10-13 сом, ал түйеші мен сиыршының жылдық табысы 10-15 сом аралығында болды. Мал иесі малшы кедейге тағам мен киім берді. Кедей малшының әйелі байдың үйінің шаруашылығына көмектесті. Бала-шағасы қозы бағу сияқты жұмыстарға араласты.

Қазақ шаруаларының арасында «егіншілер» де болды, негізінен жер жыртып, егін салатын шаруалар жатты. Малшы, егінші аймақтық байлары өз шаруашылықтарын нарықтық қажеттеріне бейімдеп отырды, кейде қызметшілер жалдап, мал өсірді /21/.

Қазақ егіншілерінің ең кедей бөлігі үшін өз алдына жер жыртып өнім өндіруді мүлдем қойып, бай шаруашылықтарға жалданып жұмыс істеуі кең таралған жай болды. Мұндай жағдайларға олар өздерінің жер учаскелерін орыс шаруаларына жалға беретін. Күйзеліске ұшыраған қазақ кедейлерінің едәуір бөлігі орыс кулактарына жалданып жұмыс істеді. Ал кедейлердің едәуір бөлігі сарттардың егін алқаптарында жұмыс істеді. Бірақ бұл жұмыс егістік кезеңдерінде, яғни маусымдық сипатта болды. Орыс байлары жалдамашыларға ақыны ақшалай, сарт байлары заттай төледі. Мүлік теңсіздігінің айқын болуы, көшпелі және егінші көшпелілердің жаппай жерсіз қалуы, өндіріс құрал-жабдықтарының ең аз мөлшерімен қамтамасыз етілмеуі оларды жоқшылыққа ұшыратты, шаруашылықтың бұрынғы түрімен шұғылдана беру мүмкіндігін жойды. Еңбекшілердің жоқшылыққа ұшырауы салдарынан олардың кәсіпшілерге және ең алдымен ауыл шаруашылық жұмыстарға келуі, ХІХ ғасырдың аяғында күрделене түсті.

Ең құқықсыз әлеуметтік топ құлдар болды: саны жағынан көп болғанымен байлар шаруашылықтарында кездесті. Оларды сататын, қайта сатып алатын, иелері бір-біріне уақытша пайдалануға беретін.

Мүлік теңсіздігі, әлеуметік тәуелсіздік қазақ қоғамындағы таптық күресті шиеленістіре түсті. Бұл күрес барымта, мүгедек қылу, кісі өліміне дейін баратын қақтығыстарға ұласып отырды.

Қоғамдық басқару құрылымдарына тек ер адамдар сайланды. Сонымен бірге шаруашылық негізі - көшетін, қонатын жерді нұсқау, көш бастау, мал жайылымын анықтау, егін салу, оны суару, жиналған жем-шөбіне қарау, оны жинау ерлердің ісі болып саналды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сырдария облысы қазақтарының этнографиясы (Түркістан хабаршысы газетіндегі мәліметтер бойынша)
Қазақтар
Алыс, жақын шетелдік қазақтар тілінің зерттелуі
Қазақстан тарихы пәнінен дәрістер жинағы
ШЕТЕЛ ҚАЗАҚТАРЫ
Қазақ хандығының күшеюі
Ресейдің қазақ жерлерін басып көшуі
Қазақтар (шетжұрты)
Ресей Федерациясындағы қазақ диаспорасы
Шетел қазақтары (тарихи-этнологиялық зерттеу)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz