Қазақстан кітап сауда жүйесі


Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

I. ТАРАУ. Қазақстан кітап сауда жүйесі . . . 6

II. ТАРАУ. Қазақстан нарығындағы «Қазығұрт», «Ол-Жас», «Ана тілі» баспаларындағы өнімдерді негізге ала отырып бәсекеге қабілеттілігін зерттеу . . . 15

III. ТАРАУ. Кітап және нарық қатынастары . . . 35

Қорытынды . . . 43

Сілтемелер . . . 47

Пайдаланған әдебиеттер . . . 49

Кіріспе

Кітап ісінің жағдайы бірнеше ғасырлар бойы қоғамның дамуын белгілейтін басым жағы болғанын тарихи тәжірибе куәландырады.

Қай елде болса да, кітап баспа ісінің қаншалықты кең көлемде және нәтижелі қызмет істеуіне байланысты, сол елдің жалпы экономикалық және әлеуметтік - саяси жағдайы туралы жормалдауға болады. Кездейсоқ емес экономикасы жоғары дамыған елдердің көбісінде өрістеген және өскен баспа жүйесі бар.

Ақпаратты сақтау мен берудің бірегей бұлағы - кітап -әлемдік даму барысында өзгереді, қалыптасады, бірақ өзінің ұстанымын жоғалтпайды. Баспа өндірісі соның ішінде кітап басу ісі экономика айналымының елге қызметін жақсартуға өз тарапынан үлес қосуына мүмкіндік жасайды. Кітап - қоғамдық сананы, тәрбиені, ағарту ісін, ақпарат таратуды қалыптастырудың қуатты құралы.

Жұмыстың кіріспе бөлімінде зерттеу тақырыбының өзектілігі, міндеті мен мақсаты, тәсілдік негіздері, зерттеудің нысаны, зертеудің құрылымына сипатама беріледі.

Қазір кітап ұстап оқыған, бұрынғыдай кітап сатып алған жандарды өте сирек кездестіресің. Себебі -жұрттың күн көріс қамымен ақша табу жолына өте-мөте ауытқып кетуінде. Тапқанменде кітап алуды ойына да алмайды. Кітапханаларымыздың, кітап дүкендерінің азайып кеткендігі, тіпті жабылып қалуы. Ақпарат министрлігінің өткізіп жүрген тендр бойынша шығарылатын кітаптар біршама кітапханаларға жіберілетін сияқты. Оларды кім оқып жатқаны белгісіз.

Баспа индустриясының нашар дамуына байланысты, қаржы айналымының негізгі бөлігі кітап саудасымен айналысатын компаниялар үлесіне келеді. Орнықты кітап саудасы қазіргі кезде Қазақстанда әрбір 5 тұрғынға 1 кітап дүкені келеді. Өкінішке орай, кітап дүкендері, басқа сауда дүкендерімен (азық-түлік, парфюмерия, киім-кешек) бәсекеге түсе алмайды, олардың табыстары басқалардан төмен болғанымен, сауда алаңдарын жалға алу бірдей [1] .

Дипломдық жұмыста Қазақстанның тәуелсіздігін алғаннан бастап еліміздің кітап саудасы жүйесі, баспалардан шыққан өнімдердіңбәсекеге төтеп беруі, кітап пен нарықтың арасындағы байланыс жағдайлары зерттелген. Нарықты құраушы элементтердің бірі -бәсеке. Осы орайда Қазақстан баспалары арасында бәсекелестік жағдай қалыптастырып, болашақта дүние жүзілік сауда ұйымына кірер болсақ, әлемде бәсекеге төтеп бере алатындай иммунитет қалыптастыру мақсатынжүзеге асыру керек. Ал, біздегі жеке баспалар жеке баспалар бәсекені басқаша түсінеді, баспагерлер тарапынан айтылатын бір ғана проблема «тендр». Шын мәнінде бір баспа жақсы кітап басып, оның аты шығып жатса қуану керек. Міне осындай проблемалар бүгінгі күні өзекті болып табылады. «Қазақстандағы кітап саудасы» атты бірінші тарауда негізінен Қазақстандағы ірі басплар жағдайы, кітаптың таралу жолдары жайында жазылған. Қазақстан кітап саудасы нарығының негізгі деген кітап дүкендерінің жұмысына тоқталдым. Кітап дүкендері қайда көп шоғырланғаны, облыстардағы ірі кітап дүкендері кітапты қайдан, қалай алады деген сұрақтар өз шешімін тапты. Жекшелендірілген кітап сауда дікендері оқырманға ұсынатын жаңалықтары туралы зерттедім.

"«Қазығұрт», «Ана тілі», «Ол-Жас» баспаларынан шығатын өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін зерттеу" деп аталатын екінші тарауда осы жекеменшік баспалардың өнімі жайында, шыққан басылымдар қандай дүкендерге барып жатыр, олардың ерекшеліктері тұрғысында біршама зерттеулер жүргізілді. Ал, «Кітап және нарық қатынастары» деп аталатын үшінші тарауда алдымен барлығы нарыққа бейімденген заманда кітап өз саудасын қалай жүргізуде, кітап өтімді ету үшін қандай жағдайлар жасалуда деген, кітап дүкендеріндегі сөрелерден оқырман қандай басылымды көп алады деген сұрақтар қарастырылған. Қазіргі Қазақстанның кітап баспа жүйесінің қалыптасуы мен дамуын зерттеу барысында, іс жүргізудің әкімшілік-басшылық әдісінен нарық әдісіне өтпелі кезеңін жеңуіне әсер еткен негізгі себепкер шартары анықталды.

Зерттеудің өзектілігі: Қазақстан нарығында жұмыс жасап жатқан баспалардан шығатын өнім сапасына, таратылу мен сату жолдарына тоқталып негізгі ныандарын ашып көрсетуге тырыстым. Сондай-ақ, баспалар мен кітап сататын дүкендер арсындағы қарым-қатынас, баспалардан шығатын өнімдердің бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру немесе ие болуына көмектесу турасында басы бүтін ғылыми жоқтығына көз жеткізе отырып, осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында ізденістер жүргізіп, ғылыми айналымға енгізуге тырыстым.

Зертеудің мақсаты мен міндеттері: Қазақстандық кітап саудасы нарығында өз баспаларымыздың өнімінің сатылу тәсілдері мен әдістерін қарастыруды мақсат еттім. Қазіргі кітап баспа жүйесінің қалыптасуы мен дамуын зерттеу барысында біршама мәселелерге тап болдық. осы мақсатта:

  • жеке кәсіптік сипатқа айналған кітап дүкендерінің бүгінгі бейнесі мен жұмысын талдау;
  • баспадан шыққан өнімдердің нарыққа бейімделігі;
  • нарық заманындағы кітаптың құнын анықтау;
  • өзге де тың тәсілдерді анықтау көзделді.

Зерттеудің тәсілдік негіздері: Бітіру жұмысында теориялық талдау, салыстырмалы -сараптамалық баға беру мен ғылыми тұрғыдан тұжырымдап дәлелдеу әдістері қолданылды. Кітап сату ісіндегі жаңа әдістерінің бұрынғы зерттеулер мен ақпаратты беру тәсілдерінің ертеден белгілі теориялық-танымдық тұжырымдамаларға сәйкатігі саоыстырмалы түрде анықтаоды.

Зерттеудің нысаны: Басты деректемелік негіз ретінде ірі баспалар шоғырлар «БАСПАЛАР ҮЙІ»-нің және ҚР ҰҒА-ның кітапханасы мен бүкіләлемдік ғаламтор сайттарындағы деректерге сілтеме жасадым. Сондай-ақ қазақстандық баспалар жайында жазылған баспасөздер мен ғылыми туындыларда негізгі құрал ретінде пайдаланылды.

Зерттеудің құрылымы: Бітіру жұмысы кіріспеден, негізгң 3 тараудан, қорытынды, сілтемелер мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

  1. Қазақстандағы кітап саудасы

Қазақстанның тәуелсіздік алуы бүкіл баспа ісінің дамуына жаңа серпін берді. 1991 жылы Қазақстан Республикасындағы Кітап палатасында «Рауан», «Жалын», «Жазушы», «Қазақстан», «Өнер» сияқты небәрі 12 баспа тіркелген болса, қазіргі кезде олардың саны едәуір өскен. Қазіргі 2010 жылдың қаңтар айында Қазақстан Республикасы жүйесінде, Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттік кітап палатасында тіркелген баспалар мен баспа ісімен айналысатын ұйымдар саны 284-ке жеткен .

Қазақстанда шығарылатын барлық басылымдарының Алматы мен Астана қалаларындағы баспалардан шығарылатын бөлігі, кітаптар мен кітапшалар атауы бойынша 78% болса, жалпы таралымы бойынша 90%-ын құрайды.

Дәл осындай жағдай барлық дамыған кітап шығарушы елдерде байқалады, барлық елдерде дерлік, жалпы ұлттық кітап өнімдерінің негізгі бөлігін шығаратын бір-екі ірі кітап орталығын ерекшелеуге болады. Қытайда, ерте заманнан бері кітап шығарудың орталығы болып саналатын, Қытайдың астанасы Бейжин мен портты қала мегаполис Шанхайды айтуға болады. Испанияда испан тіліндегі кітаптарды шығаратын орталық Мадридтің төңірегіне шоғырланған, ал каталон тіліндегі кітаптар - Барселонада шығады. Осы сияқты жағдай Ресейге де тән, кітап бизнесінің басым бөлігі Мәскеу мен Санкт-Петербургке тиесілі.

Қазақстаның территориялық ерекшелігіне байланысты қазақстандық кітап нарығындағы баспа жүйесін екі топқа бөлуге болады: астаналық және аймақтық. Жалпы шығарылатын баспасөз өнімдерінің ішіндегі аймақтарда шығарылатын баспа өнімдерінің үлесі өте аз. Олай болуының басты, себебі кітап нарығы бизнесінің монополизациялануы. Астаналық екі қаладағы баспа индустрациясының бірнеше алыптары, кітап нарығындағы жағдайды толықтай бақылауда ұстайды[2] .

жылдар
Кітаптар мен кітапшалар саны
Таралымы, мың дана
жылдар: 1991
Кітаптар мен кітапшалар саны: 1534
Таралымы, мың дана: 32327
жылдар: 1992
Кітаптар мен кітапшалар саны: 1226
Таралымы, мың дана: 30512
жылдар: 1993
Кітаптар мен кітапшалар саны: 1159
Таралымы, мың дана: 25267
жылдар: 1994
Кітаптар мен кітапшалар саны: 1148
Таралымы, мың дана: 18999
жылдар: 1995
Кітаптар мен кітапшалар саны: 1115
Таралымы, мың дана: 13051
жылдар: 1996
Кітаптар мен кітапшалар саны: 1226
Таралымы, мың дана: 21014
жылдар: 1997
Кітаптар мен кітапшалар саны: 1015
Таралымы, мың дана: 13148
жылдар: 1998
Кітаптар мен кітапшалар саны: 1384
Таралымы, мың дана: 17592
жылдар: 1999
Кітаптар мен кітапшалар саны: 1301
Таралымы, мың дана: 11540
жылдар: 2000
Кітаптар мен кітапшалар саны: 1777
Таралымы, мың дана: 9781
жылдар: 2001
Кітаптар мен кітапшалар саны: 2400
Таралымы, мың дана: 12629
жылдар: 2002
Кітаптар мен кітапшалар саны: 3031
Таралымы, мың дана: 13419
жылдар: 2003
Кітаптар мен кітапшалар саны: 3576
Таралымы, мың дана: 14403
жылдар: 2004
Кітаптар мен кітапшалар саны: 3906
Таралымы, мың дана: 12765
жылдар: 2005
Кітаптар мен кітапшалар саны: 3478
Таралымы, мың дана: 13869
жылдар: 2006
Кітаптар мен кітапшалар саны: 4121
Таралымы, мың дана: 13671
жылдар: 2007
Кітаптар мен кітапшалар саны: 4211
Таралымы, мың дана: 12819
жылдар: 2008
Кітаптар мен кітапшалар саны: 4611
Таралымы, мың дана: 12387

1 кесте. 1991 жылдан 2008 жылға дейінгі кітаптар мен кітапшалар.

Кітаптар мен кітапшалар шығаруын көрсететін кестеге талдау жасау нәтижесінде, 1991 жылдан 2001 жылға дейінгі аралықта қазақстандық кітап өнімдерінің таралымы 2, 5 есе кеміп кеткенін көреміз. Кітап палатасының мәліметтері бойынша, 1991 жылы шығарылған кітаптар мен кітапшалар саны аталуы бойынша 1534, жалпы таралымы 32 327 дана, ал пайыздық көрсеткіші бойынша 4, 5% болды. Таралымы 16% деңгейде, 1992 жылы кітаптар мен кітапшалар саны аталуы бойынша 1224, жалпы таралымы 30 512 дана, бұл жылы кітаптар мен кітапшалар саны 308-ге кеміп кетті, яғни пайыздық көрсеткіші 3, 5 құрады. Таралым саны 815мың данаға кеміді, бұл жалпы санның 15%-ы.

1991 жлмен салыстырғанда 1994, 1995 жылдары кітаптар мен кітапшалар шығару одан әрі кеми түсті. Мысалы, 1994 жылы 1148 кітаптар мен кітапшалар таралымы 18 999 мың дана болып басылды, бұлар тиісінше 3, 3% және 9, 5% құрайды. 1995 жылы барлығы 115 атаулы басылым, 13 051 мың таралыммен шығарылды, бұлар тиісінше 3, 2% және 6, 5% болды, бұл өткен жылмен салыстырғанда атауы жөнінде 419-ға немесе 3%-ға кем.

2001 жылы кітаптар мен кітапшалар шығару, 1995 жылмен салыстырғанда 2 есе артты. 2008 жылы ең көп, 4611 атаулы кітаптар мен кітапшалар, жалпы таралымы 12 миллион 387 мың дана болып басылды. Кітаптар мен кітапшалардың атауы бойынша екі есе артқанымен, олардың таралымы қысқарды. Қазіргі кезде Қазақстандағы кітап өнімдері нарығы, сырттан әкелінетін өнімге тәуелді [3] .

Кітап түрінің қомақты бөлігі Ресейден әкелінеді, бұл шамамен 60-80% болады, себебі ресейлік кітап өндірісі, отандық өндіріске қарағанда әлдеқайда жоғары. Бұл әрине Ресейдегі халық санының көптігіне жіне көлемінің үлкендігіне байланысты. Біздегі бар мәліметтер бойынша, соңғы он жылдың ішінде қазақстандық кітап өнімдерінің көлемі 2, 5 есеге қысқарған, оның есесіне шығарылатын кітаптардың атаулары бойынша жоғарылау байқалады. Мысалы, 1991-1996 жылдар аралығында ең жоғары таралым «Рауан» баспасында (қазіргі «Мектеп» баспасы) басылды, онда 1996 жылы 17 867 мың дана таралыммен кітаптар басылды. Бірақ, одан кейінгі 1997-2000 жылдар аралығында өндірістің төмендеуі байқалады.

2001-2003 жылдар аралығында баспа өнімдерін шығару жөнінде «Атамұра» баспасы алға шықты (8000 мың дана) . Ал, 2004-2008 жылдар аралығында «Мектеп» баспасы мен «Атамұра» баспасы орташа алғанда 2000 данаға басып озып, қайтадан алға шықты. Мұндай үлкен таралымды басу, оқулықтарды шығаруға байланысты екені белгілі.

Қазақстан Республикасы стастика Агенттігінің мәліметтері бойынша республикада 307 көтерме сауда кітап дүкені, 167 жеке дара сауда кітап дүкені бар. Бұл дүкендер ірі қалаларда шоғырланған, мысалы, Алматыда - 145, Астанада - 25 көтерме сауда дүкені бар. Облыс орталықтары, қалалар бойынша алдыңғы қатарда Ақтөбе облысы - 37, одан кейінгі орындарда Шығыс Қазақстан - 27 және Қарағанды облысында - 16 дүкен жұмыс істейді. Жеке дара сауда кәсіпорындары бойынша да алдыңғы орындарда Алматы - 59 және Астана - 11. Облыс орталықтары бойынша, Шығыс Қазақстанда - 27, Оңтүстік Қазақстанда - 14, Қарағандыда - 15, Қызылордада - 10 дүкен бар.

Мамандардың бағалауы бойынша, Алматы кітап саудасы нарығындағы жылдық қаржы айналымы 45-50 миллион долларды құрайды. Бұл көрсеткіш, бүкіл Республика бойынша қаржы айналымының 40%-ы. Алматыда «Гулянда», «Книжный мир семьи», «Академкнига», «Эврика», «Экономика С», «Алматыкітап» сияқты ірі кітап дүкендері орналасқан. Солармен бірге, көптеген кіші-гірім дүкендер мен көшедегі лотоктар сауда жасайды [4] .

Кітаптың қасиеті сонау тылсым заманнан бүгінгі күнге дейін жоғары бағаланып келгені белгілі. Л. Толстой « Жақсы кітап щқу -ақылды адаммен сырласқанмен бірдей», М. Горький «Мен өз бойымдағы бар жақсылығым үшін кітапқа борыштымын», М. Әуезов «Көп жасаған білмейді, көп оқыған біледі» деп баға берген. Кітаптың сондай қасиеттерін ешкім жоққа шығара алмайды. Осыған қарамастан қазіргі заманда кітапқа деген біраз салқындылық бар [5] .

Қазір кітап ұстап оқыған, бұрынғыдай кітап сатып алған жандарды өте сирек кездестіресің. Себебі -жұрттың күн көріс қамымен ақша табу жолына өте-мөте ауытқып кетуінде. Тапқанменде кітап алуды ойына да алмайды. Кітапханаларымыздың, кітап дүкендерінің азайып кеткендігі, тіпті жабылып қалуы. Ақпарат министрлігінің өткізіп жүрген тендр бойынша шығарылатын кітаптар біршама кітапханаларға жіберілетін сияқты. Оларды кім оқып жатқаны белгісіз.

Баспа индустриясының нашар дамуына байланысты, қаржы айналымының негізгі бөлігі кітап саудасымен айналысатын компаниялар үлесіне келеді. Орнықты кітап саудасы қазіргі кезде Қазақстанда әрбір 5 тұрғынға 1 кітап дүкені келеді. Өкінішке орай, кітап дүкендері, басқа сауда дүкендерімен (азық-түлік, парфюмерия, киім-кешек) бәсекеге түсе алмайды, олардың табыстары басқалардан төмен болғанымен, сауда алаңдарын жалға алу бірдей.

90-жылдардың басында, Алматыда, өз тауарларын майда лотоктар арқылы саудалайтын кітап саудагерлерімен қатар, тауарларын «Академкнига» дүкендеріне өткізетін үш ірі кітап ұсынушы ұйым болған. Бұл дүкендер әлі күнге дейін кітап сүйер қауымның көңілінен шығатын, өздерінің тұрақты тұтынушылары бар алдыңғы қатардағы дүкендер болып қалды. «Академкнига» дүкендеріне өз кітабын ұсынушылардың бірі кейіннен өзінің жеке кітап саудасымен айналысатын «Экономик'С» фирмасын құрды, екіншісі «МИС» кітап саудасы фирмасын ұйымдастырды (оның құрылтайшысы жақында бөлектеніп, бүгінгі таңда басқа сауда маркасыменөз бизнестерін жалғастыруда), ал үшінші кітап ұсынушы әлі күнге дейін «Академкнига» дүкендерін кітаптармен қамтамасыз етіп келеді. Сонымен бірге, ол өзінің сауда нүктелерін ашып отыр.

Осылайша, Алматыда Достық даңғылы мен Бөгенбай батыр көшесінің қиылысында онша үлкен емес, бірақ кітап түр-түрі мен қызмет көрсету деңгейі бойынша жақсы ұйымдастырылған жаңа «Эврика» дүкені пайда болды. Алматыдағы кітап саудасы нарығындағы негізгі «ойыншылар» «Эврика» дүкендер желісі, «Гулянда» сауда үйі, «Алматыкітап» дүкендері, «Экономик'С» дүкендер желісі (Алматыда үш дүкені, Астанада екі және Ақтөбе, Шымкент, Тараз қалаларында бір-бірден дүкендері бар), «Руханият» дүкені, «Раритет» компаниясының «Книжный мир семьи » дүкені, «Кітап әлемі» дүкендері, сонымен бірге, 5-6 сауда нүктелері бар бір, екі жеке кәсіпкерлер және лоток арқылы сауда жасайтындар, кейбір бағаулар бойынша коммерциялық көркем әдебиеттер саудасының 30-40 пайызын иеленіп отыр. Екі жарым жыл бұрын аудио-видео өнімдерін шығаратын ірі «Меломан» ритейлері кітап саудасына қызығушылық таныта бастады.

«Меломан» сауда желісі аз уақыт ішінде Қазақстандағы кітап саудасы нарығының 8%-ын иеленіп отыр. Қазіргі кезде Қазақстан бойынша маманданған үш кітап дүкені, «Меломан» дүкендер жүйесі жанында 44 кітап саудасы бөлімдері жұмыс істейді. Сауда алаңдары 50 ден 600 шаршы метрге дейін жетеді. Компанияның Алматыда, Астанада, Екібастұзда, Оралда, Атырауда, Қарағандыда, Қостанайда, Өскеменде, Семейде, Зыряновскіде, Таразда, Шымкентте, Павлодарда сауда орындары жұмыс істейды.

Қазақстандық кітап саудасы нарығында «Академкнига», «Гулянда», «Bookmarket» сияқты ойыншылар мен қатар, ресейлік «Книжный город» бәсекеге түсуде [6] .

2008 жылы Алматыда Bookmarket жаңа кітап дүкені ашылды, сол желтоқсан айында, сауда алаңы 1000 шаршы метрден асатын, тағы бір аса ірі «Книжный город» дүкені ашылды.

2009 жылдың көктемінде «Книжный ОСТА» дүкені мен 700 шаршы метрден сауда алаңы бар, 60 мыңнан астам атаулы кітап түр-түрі ұстап тұра алатын «Гулянда» кітап дүкендері ашылды. Дүкенге сатып алушылапды тарту мақсатында, дүкен ішінде интернет-кафе, балалар ойнайтын алаң ашылған. Қазіргі заманғы құралдармен жабдықталған кітап дүкендерінде электронды іздеу жүйесі жұмыс істейді, онда әрбір кітаптың тұрағы көрсетілген. Кітаптарды осы жүйе арқылы «Booking», «Bookmark», «Книжный город», «Гулянда» дүкендеріне тапсырыс беруге болады. Тұтынушылар үшін бұл қызмет түрі тегін, ал тапсырысты орындау мерзімі, қазақстандық баспалардан шыққан кітаптар үшін -екі күнге дейін, ал кітапты Ресейден іздеу керек болса -14-тен 30 күнге дейін. Тек Booking дүкендер жүйесі күн сайын оннан аса, ал «Гулянда» дүкенінде күн сайын елуден аса тапсырыстар қабылдайды.

Жоғарыда аттары аталған кітап саудасы компанияларының Астана мен облыс орталықтарында сауда нүктелері бар. Қарағанды қаласындағы сатып алушылыр белсенділігі ерекше жоғары, бұл қалада кітап саудасы жүйесі жақсы дамыған, кітап саудалаушылар арасында қатты бәсекелестік бар.

«Экономик'С» кітап саудасы фирмасы 1992 жылдан бері ресейлік және қазақстандық баспалардан шыққан кітаптарды таратуға маманданған. Олар Қазақстандағы бірінші болып іскерлік тақырыптағы кітаптарды тартуға кіріскен, Ресейдің, Қазақстанның және ТМД елдерінің баспаларынан шыққан іскерлік тақырыптағы және аударма әдебиеттерінің толық жинағы бар. Бүгінгі таңда олардың Астанада, Ақтөбеде және Қызылордада филиалдары жұмыс істейді.

Қазақстанның көптеген қалаларына ресейлік кітап өнімдері Алматы арқылы емес, жақсы реттелген жеке каналдар арқылы таратылады. Мысалы, Қостанайға ресейлік кітаптар Челябинск және Свердловск қалаларынан жеткізіледі. Атырауға -Астрахан арқылы, Петропавловскіге -Омбы арқылы, Павлодар, Семей, Өскемен, Көкшетау, Қарағанды қалаларына Новосибирск арқылы жеткізіледі. Астанадағы кітаптардың көпшілігі Екатеринбург арқылы әкелінген.

2010 жылы қаңтар айында Кітап палатасы Алматы қаласы бойынша кітап нарығын зерттеп, өзінің талдауын жасады.

Жоғарыда айтылған кітап саудасымен айналысатын мекемелердің қызметкерлері сұрастырылды. Мысалға:

- «Алматыкітап» кітап дүкенінде -көбінесе қазақстандық кітаптар басым (55% құрайды), қалғандары ресейлік кітаптар -45%. 2009 жылғы кітап өнімдерінің бағасы 2008 жылмен салыстырғанда, біраз ғана көтерілді. Қызметкерлерінің айтуы бойынша оқырмандар көбінесе балалар және көркем әдебиеттерді, оқулықтарды сатып алады;

- «Гулянда» кітап дүкеніне келсек, осы дүкеннің қызметкерлерінің пайымдауы бойынша көбінесе шетелден келген кітап өнімдері басым (75% құрайды), демек қазақстандық кітап өнімдері 25% және де оқырмандар негізінен анықтамалық, көркем әдебиеттер және оқулықтар сатып алады. Кейбір кітап өнімдерінің ғана бағасы 2008 жылмен салыстырғанда, 2009 жылы едәуір өскен.

- Келесі «Экономик'С» кітап дүкенінде қазақстандық басылымдар барлық өнімдерінің 30% құрайды, ал қалған 70% кітаптар Ресейден, Украинадан, Белорусиядан әкелінген. Оқырмандар негізінен көркем және балалар әдебиетін оқулықтарды сатып алады.

- «Эврика» кітап дүкенінде де ресейлік өнім басым 70% құрайды, демек, қазақстандық басылымдар 30% құрайды.

«Әлі күнге дейін кітап тарату ісі республикалық деңгейде шешіле қойған жоқ. Кеңес үкіметі кезіндегідей жолға қойылса, жаңа кітаптармен қауышар оқырман да көп болар еді» -деп «ҚазАқпарат» баспа коорпарациясының президенті Қ. Қожамжарұлы «Алтын Орда» газетіне сұхбат берді.

Барлық мәселелерге қарамастан, қазақстандық әдебиет бөлігі біздің дара кітап саудасында өсіп келеді. Кітаптардың барлық түрлерінің ішінде 20% қазақстандық әдебиетті құрайды, ал балалар әдебиеті одан көбірек. Тағы айта кететін жағдай, кітап басу барысында да қазақстандық әдебиет 20% құрайды, бс жыл бұрын қазақстандық әдебиет 5-ақ % құраған. Қазіргі жағдай, барлық кітаптардың сатылып кетуіне жіне сөрелерде қалмауын көрсетеді. Егер баспалар нарыққа тигізетін жағдайларын бақылап отырса, жақын арада келешекте қазақстандық әдебиет 30% құрайды, ал қолайлы болжамда -50% болмақ.

«Топ-книга» компаниясы, біздегі компанияларға 50-60 мың кітап атаулары көрсетілген толық электронды прайс-парақтарын ұсынып отырады, бірақ жеткізілетін парақтардың бағалары біздегі кітап саудагерлері үшін қомақты жеңілдіктер ұсынатын (25%-ға дейін), тікелей баспалардан алынатын кітаптарға қарағанда қымбат.

Кітап саудасында негізгі көрсеткіштердің бірі, дара кітап саудасын қазіргі заманға сай жабдықталған сауда алаңдарымен қамтамасыз ету болып табылады. Алматыда бұл көрсеткіш түрі жағынан жабық дүкендерге ұқсас объектілерді есептемегенде, 1 мың тұрғынға шаққанда 57 шаршы метрден келеді. Сөз арасында айта кету керек, дамыған елдерде бұл көрсеткіш ондаған есе жоғары. Мысалы, Парижде 1 мың тұрғынға 450 шаршы метр келсе, Варшавада -350 шаршы метрден сауда алаңы келеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ кітабы таралымы мен тарату мәселелері
Тмд елдеріндегі кітап басып шығарудың дәстүрлі әдістері
PR ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПОЛИГРАФИЯ
Қазіргі қазақ баспасөзіндегі жарнама
Қазіргі қазақ кітап ісінің даму деңгейі
Кiтап iсiндегi жарнаманың рөлi
Баспа ісіндегі бәсекеге қабілеттілікті арттыру жолдары
Қазақстан Республикасындағы қазіргі кітап ісі
Жаңа заманда құқықтың дамуы
Қазақстан Республикасы баспа өнімдері саласында маркетингтік қызметті ұйымдастырудың даму жағдайы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz