Аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі және Қазақстанның саясаты


Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі кезеңде қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету тек Орталық Азия өңірі үшін ғана емес, бүкіл әлемдік қауымдастығы үшін де өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасы елдегі және өңірдегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге, жаңа қауіп-қатерлермен халықаралық құқық арқылы күресуге, төнер қауіпті болдырмау және алдын ала сақтандыру мәселелерін шешуге, олардың негізінде жатқан іргелі себептерді жоюға қолайлы жағдайларды туғызу үшін дәйекті түрде қолдау жасайды.
«ХХІ ғасырға адамзатпен бірге кіретін шешілмеген проблемалар ауыр жүк болып табылады. Оның ішінде қауіпсіздік проблемесы әмбебап мәнге ие болады. Әскери аспектілерімен қатар оның саяси, экономикалық, экологиялық, ақпараттық және басқада аспектілері айқындалады. Халықаралық қауіпсіздікке зиян келтіруге қабілетті және Халықаралық қатынастардың тұрақты дамуына келешекте ауыр нұқсан келтіретін ескі қатерлер шиеленісіп және жаңа қатерлер пайда болды» [1, 419 б. ] .
1990 жылдардың басында жағдай өзгерді. Бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту жолында Азиялық елдердің күш жігерін біріктіру үшін нақты алғышарттар пайда болды. Екі астам державаның ғаламдық тікетіресу дәуірі аяқталды. Азиядағы тікетірес, бәлкім, елеулі дәрежеде әлсіремеген болар, бірақ аймақтық шиеленісті ұшықтыруға жәрдемдескен көптеген факторлар бірте-бірте өзінің күшін жоғалта бастады. Сондықтан Азияда мемлекеттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тетіктерді жасауға ұмтылыс жанданды. Текетірес экономикалық кооперация, коммуникацияны дамыту, қоршаған ортаны қорғау, су ресурстарын пайдалану, қауіпсіздікті қамтамасыз ету сияқты салалардағы өзара іс-қимылға орын берді. Аймақ ұғымы Шығыс Азия мен Оңтүстік Шығыс Азияны жаңа экономикалық архитектурасын қалыптастыратын іргетасқа айналды.
Азиялық елдер дамуының ортақ векторы белгіленді, оның Азиялық қоғамдардың либералдық демократия мен нарықтық экономика жағынан бейімделуі ретінде сипаттауға болады. Осындай бейімделу аймақтағы көптеген мемлекеттердің үшкі және сыртқы саясатының мазмұнын айқындаушы факторына айналды. Олардың жаңа геосаяси жағдайларға бейімделуі аймақтық қауіпсіздік саласында азиялық елдердің ынтымақтастығын бірте-бірте өрістеуге алып келді.
Мемлекеттің қауіпсіздігін, оның тәуелсіздігі мен тұтастығын, сонымен қатар ішкі тұрақтылығын қамтамасыздандыру ұлттық мемлекеттер дәуірінде туылған, кейбір көреген зерттеушілердің болжамына қарағанда өзінің ақырына жақындаған, кез келген мемлекеттіктің басты мәселелерінің бірі болып табылады. Соған қарамастан, Қазақстан 1991 жылдан соң, еуропалық елдер XVII-XX ғасырларда және үшінші әлем елдерінің көбісі ХХ ғасырдың ортасында бастарынан өткізген ұлттық мемлекеттердің қалыптасу кезіндегі қиындықтарымен кездесуде. Қазақстан тәуелсіздік алғанға дейін өзінің қауіпсіздігінің абсолютті кепілдігіне ие болатын, оны Кеңестік әскери күш қамтамасыз ететін, ал ССРО тарағаннан соң бұл кепілдіктің нәтижесі нөлге теңесті, сондықтанда бұл мәселенің шешімі осымен одан әрі күрделене түсті.
«Соңғы уақыттарда өткен геосаясаттық жағдайлардағы өзгерістермен және тәуелсіздікті жариялаумен, БҰҰ және басқада бірқатар халықаралық ұйымдарға кірумен байланысты Қазақстан өзінің сыртқы саясатында, қорғанысында және ұлттық қауіпсіздігінде оған таныс емес проблемалармен түйісті» [2, 18 б. ] .
Қазіргі кезде Қазақстан өте қолайлы сыртқы саясаттық жағдайларда орын алады деп есептеледі. «Қазақстан Республикасы барлық ядролық қарулы державалардан қауіпсіздік кепілдігін алды, 1992 жылғы Ташкенттік Шарт негізінде әскери - саясаттық блоктың қатысушысы болып табылады, еуропалық және азиялық елдермен өзінің қатынасын белсенді түрде дамытуда. Дегенмен осы процестің тұсында Қазақстан қауіпсіздігінде өте қатты көңіл аудартатын күмән бар. Бұл күмән ұлы державалардың міндеттемелерімен және стратегияларымен байланысты. Жоғарыда айтылғандай, Ресей ресми түрде өзінің өмірдегі мүдделерінің аймағына енгізді. Бұл өзара әскери - стратегиялық міндеттемелердің тұрғысынан қарағанда түсіндіруге болады. Бірақ мәселе келесіде: Ресей саясаты Қазақстанның тәуелсіздігі мен қауіпсіздігіне қандай дәрежеде қауіп төндіре алады, Мәскеу региондағы өз мүддесін қорғай отырып және мұнда басқа державалардың енуіне кедергі жасай отырып қаншалықты терең кете алады».
Қытаймен арадағы қатынасты, ҚХР әскери қуатының өсуіне байланысты гипотетикалық қауіптің болуына қарамастан, қауіпсіздік тұрғысынан позитивті (оң) деп бағалауға болады. ҚР мен ҚХР Үкіметтері жалпы мақсаттарды анықтады: ішкі тұрақтылықты сақтау, экономикалық байланыстарды дамыту және төменгі сапалы өндірістермен күресу.
Көп жоспарлы ынтымақтастықты кеңейтуге, саяси климатты тұрақтандыруға, регионалдық жанжалдарды болдырмауға және реттеуге бағытталған, Азиядағы өзара әрекеттер мен шаралар бойынша Кеңесті шақыруы (АӨСШК) Қазақстан Республикасының ең шынайылық ынталығы болды.
Жиырма жыл бұрын басталған процесс, бүгінгі күні Азиядағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қолдау саласындағы әрекеттегі форумның сипатына ие болды, оның нәтижесі болып АӨСШК принциптерінің Декларациясы табылды.
«Біздің күш салуымызбен және көрші мемлекеттердің күш салуымен регионда бейбітшілік пен тұрақтылыққа қол жеткізілгенмен, Орталық Азия - әлуетті дау-жанжалды региондардың біріне саналады. Таяу жердегі шекаралық территорияларға көз салғанның өзі жеткілікті: Тәжікстандағы, Ауғанстандағы, «ұзаққа» созылған Кавказдағы соғыстар. Дау-жанжалдар келешекте регионның ішіндеде, жәнеде оның айналасында, оның ішінде территория үшін, сулы және бай табиғи ресурстар үшін пайда болуы мүмкін» [3, 79 б. ] .
Жұмыстың объектісі Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі мәселесі, ал аймақтық деңгейдегі қауіпсіздік мәселесіне қатысты түрлі проблемалардың мәнін ашып көрсету зерттеу жұмысының пәні болып табылады.
Жұмыстың мақсаты біздің мемлекетіміздің қауіпсіздік құрылымының қалыптасуының негізгі принциптері мен стратегияларын ашудағы Қазақстан Республикасының сыртқы қауіпсіздігінің негіздерін анықтау болып табылады, сонымен қатар Қазақстан Республикасымен қазіргі кездегі Орталық - азия аймағы шеңберінде туындаған тоқырау жағдайын реттеудегі проблемалар мен қарама - қайшылықтарында, қауіпсіздік контекстінде, оның саясатының негізгі бағыттарында, жүргізудегі сыртқы саясатты талдау болып табылады.
Осы мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді алға қойылады:
- қазіргі кезеңдегі республиканың сыртқы саясатының параметрлерін оларда белгіленетін дүниежүзілік процестер аспектілерінде зерттеу, КСРО ыдырап, Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі аймақтық қауіпсіздік мәселесіның туындауы және Қазақстанның ұстанымдарын анықтау;
- ядролық қарусыздану мәселелерін шешу жолындағы Қазақстанда пайда болатын проблемалар мен қарама - қайшылықтарды талдау;
- аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ететін фактор ретінде Орталық Азия мемлекеттерінің интеграциялық мүмкіншілігін зерттеу;
- Азиядағы өзара әрекеттер мен шаралар бойынша Кеңестің (АӨСШК) дамуы мен алдағы келешегінің негізгі қорытындыларын талдау;
- Орталық - азияның қауіпсіздігі жүйесін қалыптастырудағы ШЫҰ қызметі мен ролінің негізгі бағыттарын анықтау;
- Орталық Азия мен Қазақстанның қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі ҰҚШҰ аясындағы шараларды зерттеу;
- аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі саясаттың нәтижесі және болашағы.
Диплом жұмысының жаңалығы . «Қазақстан Республикасының қазіргі кезеңдегі сыртқы қауіпсіздігі» тақырыбындағы жұмыстың жаңалығы жаңа әдебиеттерді қолданудан тұрады, соларды талдау негізінде автор қазіргі халықаралық қатынастар жағдайындағы қауіпсіздік контекстіндегі қорғанудың ұлттық мүдделерінің сипаттамалары туралы қорытындылар жасайды.
Жұмыстың әдістемелік негізі: Салыстырмалы, институтталған талдаудың жалпы теориялық әдістері, объективтіліктің, тарихтылықтың, ғылымдылық принциптері қолданылды.
Тақырыптың зерттелу деңгейі мен деректік негізі: Жұмысты жазу барысында Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаевтың еңбектері пайдаланылды, онда ол аймақта, дүниежүзілік деңгейде де қауіпсіздікті қолдаудың маңыздылығы туралы айтады. Концептуалдық аспектілер, стратегиялық бағдарлар Президент Н. Ә. Назарбаевтың ескертілген келесідей негіз қалаушы жұмыстарында белгіленген - «Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасу және даму стратегиясы» және «Қазақстан-2030. Барлық қазақстандықтардың өркендеуі, қауіпсіздігі және тұрмыс халінің жақсаруы».
Біздің еліміздің сыртқы саяси курсының қалыптасуы мен дамуының торабтық кезеңдері, еуразиялық өркениеттіліктің келешегі туралы ойлар, оның ішінде тарихи және мәдениет аспектілеріндегі, мемлекет басшысының «На пороге XXI века» және «В потоке истории» жұмыстарында келтірілген.
Қауіпсіздік саласындағы қазақстанның сыртқы саясатының бағытына келетін болсақ, ол туралы «Стратегия трансформации общества и возрождения евразийской цивилизации» кітабында оған көп көңіл бөлінген, онда 1991 жыл мен 2000 жылдар аралығындағы қауіпсіздіктің әртүрлі аспектілері бойынша біздің мемлекетіміздің басшысының баяндамалары, сөйлеген сөздері, статьялары келтірілген. Бұл кітаптан, қазақстандық жетекшінің сыртқы әлеммен қауіпсіздік саласындағы біздің ынтымақтастығымыздың принципиалдық жайғасымын сатылы түрде бақылауға болады. Барлық материал бойында қызыл сызықпен өтетін негізгі идея, Қазақстанның президентінің сөзімен айтқанда: «Қазақстан өзінің геосаясаттық жағдайын түсінеді және азия континентіндегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті беріктендіру бойынша орталық болуға дайын» - деп қорытындыланады [4, 230 б. ] .
Отандық зерттеушілер - Б. К. Султанов, М. Лаумулин, Л. Ерекешева, В. Галямова, А. Каукенов, К. Сыроежкин, В. Сергиенко, Р. Бурнашев пен И. Черных, М. Ашимбаев Шанхай форумы оған мүше мемлекеттердің ұлттық мүдделеріне толық жауа береді тұжырым жасайды. Сонымен қатар Шанхай ынтымақтастық ұйымын тек мемлекеттердің бірлестігі ғана емес, сондай-ақ өркениеттерді” тұтастығы екендігін атап өтеді.
Зерттеу жұмысының ресейлік тарихнамасында келесі авторлардың еңбектері - С. М. Алиев, Ю. В. Босин Орталық Азиялық аймақта ислам фундаментализмі мен экстремизмнің қауіпі барын баса көрсетіп, қауіпсіздікті күшейту қажет екендігін ұсынуымен құнды.
Американдық зерттеуші - Зб. Бжезинскийдің «Великая шахматная доска. Господство Америки и его геостратегические императивы» еңбегінде Шанхай ынтымақтастық ұйымы құрылғанға дейінгі еуразиялық кеңістіктегі негізгі саяси процестерге сараптама жасалады. Оның еңбегін посткеңестік кеңістік әсіресе, Орталық Азия болашақта этникалық, діни қақтығыстарға ұшырайды деп болжам жасауымен құнды еңбектердің қатарына жатқызуға болады.
Ч. Зиглер өз ғылыми мақаласында 2001 жылғы қыркүйек оқиғасынан кейінгі АҚШ-тың халықаралық терроризммен күресудегі Орталық Азияның қауіпсіздігін қамтамасыз етудің заңды екендігіне тоқталады.
Ал Р. Легволд болса, болашақта Орталық Азия үшін бәсекелестікке түскен ұлы державалардың, оның ішінде АҚШ, Қытай және Ресей арасында ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнайды деп болжайды.
Келесі зерттеуші Фиона Хиллдің ғылыми баяндамасында Орталық Азияның қауіпсіздігін қамтамасыз етуде АҚШ Шанхай ынтымақтастық ұйымына іс жүзінде балама бола алды деп атап өтеді.
Қытайлық зерттеушілердің еңбектерін жалпы талдаудан кейін мынадай түйін жасауға болады. Олардың еңбектеріндегі ой-түйіндер мен пікірлердің ортақтығы айқын байқалады. Олар Шанхай форумының қызметіне жоғары баға бергенмен, Орталық Азиядағы шикізат көздері мен энергоресурстар үшін ұлы державалармен бәсекеге түсетінін жасырмайды.
Диплом жұмысының алдына қойған мақсаты мен міндеттерін орындауда негіз болған деректік материалдарды бірнеше топқа бөлуге болады.
Диплом жұмысының деректік негізін Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылуына дейінгі және құрылғаннан кейінгі уақыттағы осы ұйымға мүше болуға ынталы мемлекеттердің бірлесіп өткізген түрлі саммиттерінде, үкімет басшыларының бірлескен мәжілістерінде, ведомствоаралық кездесулерде қабылданған басты нормативтік құжаттар құрайды.
Нормативтік құжаттарды түрлеріне қарай топтап, сипаттама беруді жөн көрдік.
Сонымен, алғаш 1999 жылы Бішкекте, 2000 жылы Душанбеде өткен саммиттерде осы ұйымның мүше-мемлекеттері қабылдаған декларациялары қарастырылып, талданады. Осы деректермен қатар ғылыми айналымға 2001 жылы 15-маусымда Шанхай ынтымақтастық ұйымын құру туралы ұйымға мүше-мемлекеттердің декларациялары, осы саммитте мемлекет басшыларының сөйлеген сөздері мен ресми мәлімдемелері, сонымен бірге Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше-мемлекеттер қабылдаған терроризм, экстремизм және сепаратизммен бірігіп күрес жүргізу туралы бірлескен конвенция енгізіліп, жан-жақты талданып, қарастырылды.
Дерек көзі ретінде осы 2001 жылы күзде Алматыда Шанхай форумына мүше-мемлекеттердің жоғарғы деңгейдегі кездесуінде бірлескен мәлімдеме, сонымен қатар осында аймақтық экономикалық ынтымақтастық негізгі бағыттары мен мақсаттары мен инвестиция мен сауда-саттық үшін қолайлы жағдайларды қалыптастыру процесі туралы қол қойылған меморандум пайдаланылды.
Сондай-ақ диплом жұмысында негізгі дерек көзі ретінде осы ұйымның мүше-мемлекеттерінің басшылары мен мемлекеттік қайраткерлерінің шығармалары мен еңбектері де пайдаланылды. Оның ішінде Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаевтың қаламымен жазылған еңбектері, сонымен қатар Қазақстанның сыртқы істер министрі мен премьер-министрі қызметтерін атқарған Қ. К. Тоқаевтың шығармалары мен естеліктері ғылыми қолданысқа енгізілді.
Жұмыстың қолданыстық негізі. Осы диплом жұмысының материалдарын аталмыш тақырып бойынша арнайы курстарды ұйымдастыруда, дәрістер мен семинар сабақтарында қолдануға болады.
Диплом жұмысының құрылымы кіріспені, үш тарауды, қорытындыны және пайдаланылған әдебиеттер тізімін қамтиды және 74 беттен тұрады.
1 Аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі және Қазақстанның саясаты
1. 1 КСРО ыдырағаннан кейінгі аймақтық қауіпсіздік мәселесінің туындауы және Қазақстанның ұстанымы
«XX ғасыр, адамзат тарихының басқа кезеңдерімен салыстырғанда, барлық біздің планетамызды қозғалысқа келтірген уақиғаларға бай кезең болды. Екі дүниежүзілік соғыстар, отаршылдық жүйенің күйреуі және Азия мен Африкада жаңа мемлекеттердің пайда болуы, «бірінші социалистік мемлекеттің және дүниежүзілік социалистік жүйенің пайда болуы жәнеде жүзжылдық соңында оның ыдырауы, экономиканың қарқынды дамуы, планетарлық ғаламдану мемлекеттердің жеке топтарының интеграциялық бірлесулері өткен жүз жылдықты анықтады» [5, 142 б. ] .
Кеңес Одағы ыдырағаннан соң жаңа тәуелсіз Мемлекеттер алдында, оның ішінде, бұрынғы республикалар ішінде ең соңғысы болып - 1991 жылдың 16 желтоқсанында - өзінің тәуелсіздігі туралы жариялаған, Қазақстан Республикасы алдында, ондаған жылдармен қалыптасқан экономикалық, ізгіліктік байланыстарды сақтаумен ұлттық мемлекеттілікті қалыптастыру және нығайту, қоғамдық өмірді түбірлі қайта құрудың іргетастық проблемалары тұрды.
Халықаралық құқықтың дербес субъектісі ретіндегі өзінің болмысының бірінші күндерінен бастап, Қазақстан Республикасы тұтас халықаралық қауіпсіздікті нығайту бойынша дүниежүзілік қоғамдастық салған күштерге және жалпы дүниежүзілік қатынастар жүйесінде өзіне лайықты орынды қамтамасыз етуге белсенді кірісті, бұл ұлттық қауіпсіздіктің өздік стратегиясын әзірлеу қажеттігіне әкелді.
«Адамзаттың өркениетті дамуының барлық тарихи тәжірибесі, мемлекеттің қарқынды және тұрақты өсуі жүзеге асатын шеңбердегі барлық қажетті жағдайлардың ең бастапқысы оның ұлттарының қауіпсіздігі мен мемлекеттігінің сақталуы болып табылатынын куәлендіреді. Еркіндік пен тәуелсіздікті жеңіп алу аз, оны ұстап тұру, нығайту және өзіміздің ұрпақтарымызға беруіміз керек. Келешек ұрпақ біздің ұрпақтарымыз жеңе алмаған қиыншылықтар мен проблемаларды және оларға жеткен жеңілдіктерді бізге кешіреді. Бірақ, егер біз мемлекеттігімізді жоғалтатын болсақ, тәуелсіздіктің стратегиялық негіздерінен, өзіміздің жеріміз бен ресурстарымыздан еркімізбен безетін болсақ, онда бізге ешқандайда кешірімділік жоқ» [6, 3 б. ] .
Кеңес Одағы Қазақстанды сыртқы қауіптер мен ішкі тұрақсыздықтардан қорғады. Бірақ тәуелсіздікті алғаннан соң бұл қорғаушылық өздігінен ешқандай кепілдік бере алмады. Қазақстан жетекшілері мен басқа орталық-азиялық республикасының жетекшілеріне бұрын болып көрмеген дұшпандық қоршаумен кездесуге тура келді. Сыртқы саясат тұрғысынан қарағанда, негізгі қауіптер Қытайдың империялық әрекеттеріне, Ауғанстаннан келетін анархияның таралуына және оңтүстіктегі радикал исламның экспортталуына байланысты.
«Қазақстанның тәуелсіз даму кезеңі бірінші кезекте саяси дербестігінің қалыптасуымен, мойындаудың құқықтық негізімен және Достастық бойынша жаңа көрші - серіктестерменде, бұрынғы шетелдік мемлекеттерменде, халықаралық саясаттық және қаржылық ұйымдарменде мемлекет аралық қатынастарды рәсімдеумен анықталады» [7, 165 б. ] .
Қазақстан жалпы дүниежүзілік қатынастың келешектегі жүйесінде лайықты орынды өзіне қамтамасыз етуі үшін, елдің мүддесіне ішкіде, сыртқыда сипаттағы проблемалармен келетін нұқсанды барынша болдырмауға бағытталған әрекеттің стратегиясын әзірлеуі керек. Мұндай стратегия келешекті анықтауға және мүмкіндікті апаттарға қарсы сақтандыратын шараларды қабылдауға көмектеседі.
«Қатаң сызылған ұлттық қауіпсіздік концепциясы мен оларды қамтамасыздандыру шараларының болмауы республикадағы ішкі саяси тұрақтылыққа нұқсан келтіруі мүмкін, өйткені бұл фактор кейбір саяси күштер үшін өздерінің жалпы ұлттық емес мүдделерге қол жеткізу мақсатында қолданылады. Одан өзге, мұндай текті құжатты әзірлеу міндеті елдегі жүргізіліп жатқан реформалардың тиімділігін жоғарылату тым қажеттілігімен және Қазақстан Республикасының әлуетті құрылымдарының қызметтеріндегі жетімсіздіктермен байланысты» [8, 21 б. ] .
Соңғы жылдар ішінде Қазақстанда дербес қауіпсіздік туралы анықталған бір көріністер құралды. Олар біздің жас мемлекетіміздің тәуелсіздігін сақтау проблемаларымен тығыз байланысты. Қауіпсіздік туралы көріністің мәліметтері сыртқы және ішкі саясатты жүзеге асыру барысында әзірленген принциптерге сүйенеді. Бұлар келесі принциптер: ішкі саясатта - этникалық және әлеуметтік тұрақтылықты сақтау, экономикалық реформаларды жүргізу, президенттіктің мемлекеттік билігі мен режимін нығайту; сыртқы саясатта - ғаламдық державалар арасындағы баланстану, Достастық шеңберіндегі ұжымдық қорғаныс, азиялық қауіпсіздікті беріктендіру, Орталық Азияның интеграциясы мен еуразиялық идея.
1991 жылдың аяғында және 1992 жылдың басында Қазақстан өзінің бірінші бастапқы, қауіпсіздіктің сынамалы доктринасын белгіледі: екіжақты келісімдерді ТМД механизмдерінен сырт жүргізу, бірақ сонымен бірге Достастық институттарының дамуының жақтаушысы болып қалу. Қазақстанның жетекшілері үш мақсатты анықтады:
1) Ресей Федерациясымен ерекше қатынасты сақтау,
2) орталық - азиялық одақ құруға ұмтылу;
3) ТМД шеңберіндегі қауіпсіздік саласында кеңейген келісімге қол қою.
Одан өзге, Қазақстан мен Өзбекстан Орталық - азия регионының қауіпсіздігі туралы ұқсас көрініске ие болды. Назарбаевтың, Ресей Федерациясы бас болатын ұжымдық қауіпсіздік жүйесіне байланған, Орталық - азия одағы туралы идеясы, нақты іске асырыла алатын еді. Мамыр айының ортасында, 1992 ж. ТМД бірқатар мемлекеттерінің басшылары Ташкентте кездесті. Ельцин мен Назарбаев ұжымдық қауіпсіздік туралы Шартқа қол қойылуы үшін көп күш жұмсады. 15 мамыр 1992 ж. Ресей Федерациясы, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Армения ұжымдық қауіпсіздік туралы Шартқа қол қойды [9] .
Ұжымдық қауіпсіздік туралы бұл Келісім қатысушы - мемлекеттерге басқа альянстарға кіруге немесе өзара немесе үшінші жақтармен топтасуға тиым салады. Бұл бөлім Ресейдің Орталық Азиядағы жайғасымы үшін ерекше маңызды болды. Бұл бірде-бір шетелдік державаның ұжымдық қауіпсіздік туралы Шарт әрекетте болған кезде, әскери келісім негізінде регионға кіре алмайтынын көрсетті. Сонымен қатар біріккен қорғаныс туралы шартта қарастырылды, оған сәйкес барлық қатысушылар біріне жасалынған шабуылды бәріне жасаған шабуылдай қарастырады. Бұл келісімнің нәтижесінде Ресей Федерациясы Қазақстанның басқа державалармен одақ құруының орнына, оны қорғау міндеттемесін алды.
«1994 жылы сәуірде күшіне енген, Ұжымдық қауіпсіздік туралы Келісім әскери құрылыс аясындағы ынтымақтастықты жөнге салуға әсер етуші инструмент ретінде ғана емес, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін маңызды фактор ретінде, егемендікті қорғау мен қатысушы-мемлекеттердің территориялық тұтастығында өзінің тағайындалуын ақтады, ол ұлттық қарулы күштердің әскери және ұйымдастыруға қатысты нығаюына, АҚҚ біріккен жүйесін сақтауға, ТМД-ға кірмейтін мемлекеттермен шекараларды бірігіп қорғау аймағындағы өзара әрекеттер мен ынтымақтастықтың реттелуіне ықпал етті».
«Мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігі елдің ұлттық мүдделерін нақты потенциалдық қауіптерден қорғану күйін көрсетеді.
Сыртқы қауіпсіздік - Қазақстан Республикасының нақты және потенциалды қауіптерден және шетелдік мемлекеттер, ұйымдар мен азаматтар тарапынан болатын озбырлықтан қорғану күйі» [10] .
Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі деп, конституциялық құрылысты сақтауды, мемлекеттің егемендігін, тәуелсіздігі мен территориялық тұтастығын, ішкі және сыртқы қатерден қауіпсіздендіруді, әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саясаттық құрылымдардың тұрақты жұмыс істеуі мен дамуын, билік пен басқарудың институттарының мемлекеттік құрылуын: бейбітшілік пен келісуді, негізгі құқықтар мен еркіндікті қорғауды, құндылық, қоғам және мемлекет мүдделерін есепке алумен өмірлік маңызы бар тұтынуларды қамтамасыз ететін, халықаралық және қоғамдық қатынастардың жүйесі қабылданады.
Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі осы саладағы саясаттың жалпы міндеттері мен басымдылығын қамтитын және қауіпсіздік мақсатына жету арқылы жүзеге асатын стратегияға сүйенеді. Бұл мақсаттар қатердің нақты көздерін айқындайды және сәйкестендіреді, оларды жою механизмдерін анықтайды және қауіпсіздік жүйесіне негізделеді. Қазақстан Республикасының қауіпсіздік жүйесі - бұл республика қауіпсіздігінің ішкі және сыртқы қатерлерден тәжірибе жүзінде іске асырылуын қамтамасыз ететін, мемлекеттік институттар мен саясаттық құралдардың жиынтығы.
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігінің стратегиясы қауіпсіздіктің объектілері мен субъектілерін қорғауға бағытталған.
Қауіпсіздіктің негізгі объектілеріне жататындар:
Мемлекет - оның конституциялық құрылысы, егемендік және территориалдық тұтастық;
қоғам - оның материалдық және рухани құндылығы;
тұлға - оның құқығы мен еркіндігі.
Ұлттық қауіпсіздіктің стратегиясы Қазақстан Республикасының өте маңызды мүдделерінің сақталуынан шығады.
Тұрақты тіршіліктік маңызды мүдделерге жататындар:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz