Перу Республикасы


ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
География факультеті
Тақырыбы: ПЕРУ РЕСПУБЛИКАСЫ
Тексерген:
Орындаған:
Алматы - 2008ж
Мазмұны:
- Географиялық орны
- Тарихы
- Мемлекеттік құрылымы және саяси жүйесі
- Әкімшілік құрылымы және ірі қалалары
- Халқы
- Тілі және діні
- Экономикасы
- Климаты
- Транспорты
- Ұлттық ерекшеліктері
República del Perú
-8. 2, -76. 016667
1 285 220 км²
Халқы (2005)
Тығыздығы
Әлемде 39-орында
27 925 628 адам
21, 7 адам/км²
Жылдық табысы (2004)
Жан басына шаққанда
Әлемде 47-орында
153, 05 млрд. $
5480 $
Перу, ресми атауы Перу Республикасы - Оңтүстік Америкадағы мемлекет. Солтүстік-батысында Эквадор, солтүстігінде Колумбия, шығысында Бразилия, оңтүсітік-шығысында Боливия және Чили елдерімен шектеседі. Батысын Тынық мұхиты шайып жатыр. Жер көлемі, аралдарымен қоса есептегенде 128 км 2 . Перуді 3 топографиялық аймаққа бөлуге болады: жағалаулық жазық, сиерра және монтака. Жағалаулық жазық - елдің батыс бөлігінде (ені 65-160 км) созылып жатқан территорияның құрғақ бөлігі. Мұнда Перудің көптеген ірі қалалары шоғырланған. Жазықтың шығыс бөлігінде сиерра таулы аймағы орналасқан. Сиерра оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай созылған (ені 240-400 км) және ел территориясының 30%-ын алып жатыр. Аймақтың орташа биіктігі теңіз деңгейінен 3660 м және мұнда Перудің ең биік нүктесі Уаскаран (6768 м) орналасқан. Оңтүстік-шығысында Титикака көлі жатыр. Сиерраның солтүстік-шығыс бөлігіне Монтака тропикалық аймағы жалғасқан. Бұл аймақ ел территориясының 60%-ын алып жатыр. Мұнда негізінен қалың ормандар шоғырланғандықтан аз зерттелген. Елдің басты өзендері: Амазонка және оның салалары Мараньон, Укаяли, Путумайо.
Тарихы
- 1532 - испан отаршылдары Перуді жаулап алды
- 1534 - Лиманың құрылуы (Перудің қазіргі астанасы)
- 1542 - Перу вице-корльдігінің құрылуы
- 1821 - Перу тәуелсіздігі
Ежелгі заманда Перу территориясын үндістер мекен еткен. Олар Перу территориясында Тауантинсуйу мемлекетін құрған. ХVІ ғасырда испандықтар бұл жерді жаулап алып, Перу вице-корольдігін құрған болатын. 1821 жылы Америка елдерінің испан отаршылдығына қарсы соғысы нәтижесінде Перу өз тәуелсіздігіне қол жеткізді. Бірақ 1864-1866 және 1879-1883 жылы болған соғыстар нәтижесінде мемлекет өз территориясының қазба байлықтарға бай көп бөлігінен айырылып қалды. 1968-1980 жылдар аралығында елді әскери үкімет басқарды. 1990 жылы жаңадан сайланған президент Фухимори 1993 ж жаңа конституция қабылдады.
Мемлекеттік құрылымы және саяси жүйесі
Мемлекет 1993 жылғы қабылданған конституция негізінде басқарылады. Перудің заң шығарушы билік органы президентпен бірге 5 жылға сайланатын және құрамы 120 депутаттан тұратын бірпалаталық ұлттық конгресс болып табылады. Конгресстің құзіретіне бюджетті бекіту, мемлекеттік және халықаралық деңгейдегі келісімдерді бекіту, азаматтық беру, Қарулы күштердің санын анықтау, амнистия жариялау және заңдарды қабылдау кіреді.
Атқарушы билік президент және министрлер кеңесінің қолында. Президент және 2 вице-президент 5 жыл мерзімге сайланады. Қарулы күштер және полиция қызметкерлерінің сайлауға қатысу құқығы шектелген. Президент конституцияның және мемлекеттің біртұтастығының кепілі болып табылады. Президент министрлер кеңесінің төрағасын және өзге де министрлерді, департамент губернаторларын тағайындайды. Ол жоғары бас қолбасшы функциясын атқара отырып, Қарулы күштердің басшысын және жоғары әскери шенді офицерлерді тағайындайды. Президентікке туылғанынан Перу азаматы және жасы 35 толған кез келген осы ел азаматы үміткер бола алады.
Сот билігі алдыңғы екеуіне бағынбайтын тәуелсіз бөлек бір тармақ болып табылады. Сот жүйесі Жоғарғы сот, Конституциялық сот, жергілікті сот және автономдық трибуналдан тұрады. Жоғарғы сот және Конституциялық сот мүшелері Конгресс депутаттарымен 5 жылға сайланады.
Саяси партиялары: Перу Апристік партиясы, Перу Халықтық партиясы, Христиандық-халықтық т. б. Перу Апритстік партиясы 1924 жылы құрылған. Ел саясатындағы маңызды роль ойнайтын жетекші партиялардың бірі. Перу Халықтық партиясы 1956 жылы құрылған. 1997 жылдан бастап парламеннтік блокқа кірген және елдің басты оппозициялық партиясы болып табылады. Латын Америкасы және Кариб бассейні елдерінің демократиялық-саяси партиялар форумына мүше. Христиан-халықтық партиясы 1966 жылы құрылған. Латын Америкасы елдері партиялар одағының мүшесі.
Әкімшілік құрылымы және ірі қалалары
Перу 24 департаменттен және 159 провинциядан тұрады. Департаменттері: Аякучо, Амасонас, Анкаш, Апуримак, Арекипа, Ика, Кальяо, Кахамарка, Куско, Ла-Либертад, Ламбаеке, Лима, Лорето, Мадре-де-Диос, Мокегуа, Паско, Пьюра, Пуно, Сан-Мартин, Такна, Тумбес, Уанкавелика, Уануко, Укаяли.
Басты қалалары: Лима, Аякучо, Арекипа, Ика, Икитос, Кахамарка, Куско, Пукальпа, Пьюра, Сульяна, Такна, Трухильо, Уанкайо, Уануко, Хулиака, Чик-лайо, Чимботе.
Халқы
Перу, басқа да Латын Америкасы елдері сияқты Европадан қоныс аударған әр түрлі ұлт өкілдерінің мәдениеті мен тілінің тоғысқан жері болып табылады. Соңғы мәліметтер бойынша Перуде 27 млн-нан астам халық тұрады. Халықтың орташа тығыздығы 1 км 2 -қа 21 адамнан келеді. Халықтың 50%-ға жуығы сиеррада, 40%-ы жағалаулық жазыққа шоғырланған. Этникалық құрамы: 45%-ы Кечуа үндістері, 37%-ы метистер, ал қалған 18%-ы басқа ұлт өкілдері (жапондықтар, негрлер, қытайлықтар т. б. ) . 7 млн-ға жуық халық астанасы Лима қаласында тұрады. Өзге де халық тығыз қоныстанған қалалары Кальяо (638000), Арекипо (62), Трихульо (509000), Чиклайо (41), Куско (258000) т. б. Европадан қоныс аударған ұлт өкілдері (испандықтар, француздар, итальяндықтар) ірі қалаларда қоныстанған және Перудің саяси, экономикалық элитасын құраушылар болып табылады.
Тілі және діні
Мемлекеттік тілі - испан және кечуа тілдері. Ағылшын тілін ірі қалаларда, дүкендерде, қонақ үйлерде қолданады. Кечуа тілі де мемлекеттік тіл болғанымен, үндістер испан тіліне бейімделіп кеткен.
Халықтың 90%-ға жуығы христиан дінінің католик тармағын ұстанады. Римдік католицизм - Перудің ресми діні болып саналады. Халықтың қалған 10%-ы протестант, иудаизм, ислам діндерін ұстанады.
Экономикасы
Перуде негізінен ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі, қара және түсті металлургия, мұнай өндіру, өңдеу, химия және жеңіл өнеркәсібі жақсы дамыған. Ел экономикасында: ауыл шаруашылығы 8, 5%-ды, өнеркәсіп үлесі 26, 4%-ды және қызмет көрсету 65%-ды құрайды. Негізінен ел экспортқа мұнай өнімдерін, қант, мақта, кофе, какао, қант қызылшасын шығарады. Тынық мұхиты жағалауында балық шаруашылығы кеңінен тараған (жылына 11, 6 млн. т балық ауланады) . Тау-кен өнідірісінің басты салалары: мырыш өндіру (602 мың. т), мыс (369 мың. т), темір рудасы (194 мың. т), күміс (1, 6 мың. т, күміс өнідірісінен әлемде алдыңғы қатарда), алтын, мұнай т. б. Электр энергиясын өндіру жылына 16, 8 млрд кВт/сағ және оның ¾ бөлігі СЭС-тің үлесіне тиесілі. Негізгі экономикалық серіктестері: АҚШ, Жапония, Германия.
Ақша бірлігі перулік соль. 1 АҚШ доллары шамамен 2 сольға тең. 1 соль=100 сентимам. Банкноттары 10, 20, 50, 100 соль және 1, 2, 5 сольдық монеталар.
Климаты
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz