Сөйлем және оған тән басты белгілер


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

  1. Сөйлем және оған тән басты белгілер
  2. Сөйлемнің түрлері
  3. Сөйлем мен байымдау

СӨЙЛЕМ ЖӘНЕ ОҒАН ТӘН БАСТЫ БЕЛГІЛЕР

Сөйлем - ең басты тілдік единицалардың бірі. Ол өзімен сырттай ұқсас тілдік баска құбылыстардан ең алдымен коммуникативті қызметі, яғни шындық болмыстың әйтеуір бір бөлшегі жайында хабар беру қызметі жағынан ажыратылады. Демек, сөйлем - толық коммуникативті қызметі бар синтаксистік единица.

Сөз тіркесінде номинативті қызмет болса, сөйлемде хабарлау қызметі бар. Сөйлем тілдегі құрылымдық үлгілер бойынша жасалады. Ол үлгілер шексіз емес, оларды санап айтуға да, талдап сйпаттауға да болады. Сөйлем - құрылымдық үлгісі бар синтаксистік единица. Сөйлемнің құрылымдық үлгісі басқа синтаксистік конструкциялардан, мысалы, сөз тіркесінен өзгеше болады. Сөйлемнің құрылымдық үлгісі оның (сөйлемнің) дербес единица ретінде, атап айтқанда, сөйлеудің дербестігі бар бөл-шегі ретінде қызмет атқаруына мүмкіндік береді. Тілдік единица ретіндегі сөйлемге сөйлеуде дербес қолданылуға мүмкіндік беретін құрылымдық үлгі - бастауыш-баяндауыштык құрылымдық үлгі. Бастауыш - баяндауыштық құрылым - синтаксистік басқа конструкцияларға емес, сөйлемге тән құрылым. Ал сөйлем болса, ол, жоғарыда аталып өткендей - толық коммуникативті касиетімеи, яғни бірдеме жайында хабар беру қызметімен, сипатталатын синтаксистік единица.

«Қазіргі орыс әдеби тілінің грамматикасында» синтаксистік шақ категориясы мен объективті модальдылық категориясы бы-лайша түсіндіріледі: синтаксистік шақ категориясы біріншіден, сөйлемнің өзінің құрылымдық үлгісімен, екіншіден, етістіктер үлгілерімен, сөйлемнің тұрлаулы мүшесін жасайтын негізгі етістіктермен, үшіншіден, етістіктерсіз үлгілермен, сөйлем құрамына арнайы ендірілетін быть деген көмекші етістікпен беріледі Мысалы, орыс тілінде (1) Сын работает. (2) Ночь темна (3) Тишина деген сөйлемдер осы келтірілген түрінде синтаксистік осы шақты білдіреді. Синтаксистік осы шақ бірінші сөйлемде онын құрылымдық үлпсіне оның міндетті сыңары (компоненті) ретін-де енетін етістік сөзбен берілсе, екінші, үшінші сөйлемде де - етісттік сөздің катынасынсыз, сөйлемнің өзінің қүрылымдык үл-псшен берілген. Аталған сөйлемдердің синтаксистік шақтар боиынша түрленуі арқылы олардың орыс тілінде мынадай формалары жасалады: осы шақта: Сын работает. Ночь темна. Тишина; өткен шақта: Сын работал. Ночь была темна. Была тиши-нй; келер шақта: Сын будет работать. Ночь будет темна. Будет тишина. Бірінші сөйлемде (Сын работает) синтаксистік шақтарды мағыналары баяндауышты жасайтын негізгі етістіктің әр түрлі морфологиялық формалары арқылы берілсе, сонғы екі сөйлемде (Ночь темна. Тишина) синтаксистік осы шақтың мағынасы - сөйлемнің өзінің кұрылымдық үлгісімен, синтаксистік өткен шақ пен келер шақтың мағыналары шақтық мағынаның абстракты көрсеткіші ретіндегі быть деген көмекші етістік фор-маларыныц сөйлем құрамына ендірілуі арқылы берілген. Синтаксистік шақ категориясы қандай тәсілдермен жасалса, синтаксистік рай категориясы да, негізінен алғанда, сондай тәсілдермен жасалады. Синтаксистік рай категориясының жасалуына бүған қоса синтаксистік демеуліктердің де қатысы бар.

Сонымен «Жай сөйлем дегеніміз - хабарлаудың дербес синтаксистік единицасы, оның грамматикалық мағынасы - предикативтілік те, формасы - синтаксистік шақтар мен райларды білдіретін арнайу, грамматикалық тәсілдердің жүйесін қамтып иеленген ең кіші құрылымдық үлгі.

Сөйлем предикативтілік деп аталатын грамматикалық мағынасымен, коммуникативтілік деп аталатын қызметімен және бастауыш-баяндауыштық деп аталатын құрылымдық үлгісімен сипатталады да, осы жағынан келгенде, ол (сөйлем) әр түрлі айтылыстардан (высказывания) ажыратылады.

Әр түрлі тілдердің синтаксисін зерттеушілер коммуникативті қызметі жоқ, интонация үшін жасалынбаған деп айтады.

Бастауыш пен баяндауыш туралы ұғымдар - логика-семан-іикалық ұғымдар емес, сиптаксистік ұғымдар. Зерттеушілердің пікірінше «сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері» дегендер сөйлем құрамынан емес, сөз тіркестерінен болған бастауыштар мен баян-дауыштардың кұрамынан мүшеленіп шығады. Осы түрғыдан келгенде, тіл білімінде «сөйлемнің түрлаусыз мушелері» дегендер жалпы сөйлемнің мүшелері емес, мүшелердің мүшелері, атап айткапда, бастауыш, баяндауыштың мүшелері дейтін пікір бар. Алайда, бұл мәселе әлі де болса зерттей түсуді қажет ете-ді. Бұл жерде әңгіме сөйлемнің қүрылымдык үлгісі, анығырақ айтканда, бастауыш-баяндауыштық құрылымы жайында болып отыр.

Сөйлемге тән белгілердің бірі - интонация . Сөйлем белгілі бір интонациямен айтылады. Интонация - сөйлемнің органикалык элементі. Субъективтік-модальдық мағына сөйлеушінің нені айтқысы келгенін, әйтеуір хабар арқылы жеткізе білу. Ондай мағыналар құрал-тәсілдер арқылы беріледі.

Сондай құрал-тәсілдердің бірі - интонация. Интонация әр алуіш суъективті-модальдык. мағыналарды білдіретін тәсіл ретінде қолданылады. Мысалы, лепті интонациямен айтылған сөйлем алуан түрлі экспрессивті мағыналарды білдіреді. Интонация тәсілі сұраулық демеуліктермен ұштаса келіп, риторикалық сұрақпен айтылатын сөйлемдер жасалады да, олар әр түрлі эмоцияны білдіреді.

Сөздердің орын тәртібі де сөйлемде субъективті-модальдық мағыналарды білдіру тәсілі ретінде қолданылуы мүмкін. Мұндайда сөздердін орын тәртібі тәсіліне интонация тәсілі келіп ұш-тасйды. Мысалы: Тарт қолыңды Вьетнамнан! Тапқан екенсің сенетін адамды! Тыңдар ол сені! Келтірілген сөйлемдердің субъективті-модальдык мағыналары баяндауыштардың қалыпты орны өзгеріп, олардык сөйлемдердің басында айтылуы (бұл - сөздердің орын тәртібі тәсілі) және онымен көтеріңкі (лепті) антонация тәсілінін ұштасуы арқылы берілген.

Субъективті-модальдііқ мағыналарды білдірудің бір тәсілі - қосарлану тәсілі. Қосарлану тәсілі қомсыну, кемсіну, күшейту, бірнеше рет Ісайталау тәрізді және т. б. мағыналарды білдіред. Мысалы: Шай-пайға қарайтындай уақыты болмады. Көре-көре көсем боларсың, сөйлей-сөйлей шешен боларсың (мақал) . Кемпір-семпірлер де жиналған екен. (Ғ. Мүсірепов) . Ағашқа қонып, қаранып, Канатын-жүнін таранып, Болмақшы еді мәз-мейрам (Абай) . Уіиаков жалынып-жалпайып оны осы араға эрең сүйреп экеліп еді (Ғ. Мүсірепов) . Қосарлану субъективті-модальдық мағыналарды білдіруде өте-мөте түркі тілдерде жиі колданылады. Бұл тәсіл орыс тілінде де бар. Мы-салы: Кругом леса-леса. Пошумят-пошумят и успокоятся. Никогда не видел такого синего-синего моря. Быстро-быстро собрался.

Тілтілде әр түрлі субъективті-модальдық мағыналарды білдіретін арнаулы конструкциялар, атап айтқанда, сөйлемдсрдің құрылымдық үлгілері, баяндауыш пен басқа мүшелердің құрылу үлгілері бар. Мысалы: Сөзі сөз емесі Сұлуы сұлу екен! Нет-кен адам екенін түсінбейміні «Қазіргі орыс әдеби тілінің грам-матикасында» бұған мысал ретінде мынандай сөйлемдер келті-рілген: Что за церемонии! Так и поверил ему! Устроили концерт - не концерт, спектакль - не спектакль.

Сөйлемде алуан түрлі субъективті-модальдық мағыналарды білдіру үшін сөздерге демеуліктер тіркесе қолданылады немесе сөйлем ішінде одағайлар қолданылады. Мысалы: Бәйгеге қосқан аты ат-ақ екен! Қайта келер есікті қатты серіппе, жарқык-ау! Жетілсең де, жетсең де, Керек күні бір бар-ау (Абай) . Зәрі қатты қырсық екені Абай қатты кінәлапты-мыс (М. Әуезов)

Япыр-ай, ғажап екен бұнысы, - деді Балқаш (С. Мұканов) . - Уай, осы жегізбегің - асың, жаймағың - төсегің ғойі Дән ризамын, ағайын (М. Әуезов) .

Сонымен, сөйлем жайында айтылғандарды жинақтай келгенде, мынадай корытындылар жасауға болады.

  1. Сөйлем - коммуникативті қызметімен, яғни шындык болмыстың бір бөлшегі жайында хабар беретін қызметімен, сипатталатын синтаксистік единица.
  2. Сөздің де, сөз тіркесінің де қызметі - номинативті кызметболса сөйлемнің кызметі - коммуникативті қызмет.
  3. Сөйлемнің құрылымдық үлгісі - бастауыш-баяндауыштық үлгі. Бастауыш-баяндауыштық құрылым - синтаксистік басқа конструкцияларға емес, сөйлемге ғана тән құрылым.
  4. Сөйлемге тән белгілердің бірі - интонация. Сөйлем тілдік басқа құбылыстардан интонациялық белгісі жағынан да ажыратылады.
  5. Сөйлем объективтілік модальдылык категориясы, синтаксистік шақ және рай категорияларымен және осы категорияларды білдіретін кұралдардық жүііесімен сипатталады.
  6. Предикативтілік - әрбір сөйлемге тән басты белгі. Предикативтік сөйлемнік грамматикалык мағынасы ретінде танылады.
  7. Сөйлемде объективті-модальдық мағынадан басқа субъективті-модальдылық мағына да болады. Субъективті-модальдық мағынаның қатарына күшейту мен әсерлеу, құптау мен жақтырмау, сену мен күдіктену және т. б. осылар тәріздес мағыналар енеді. Субъективті-модальдық мағыка алуан түрлі құрал-тәсілдер, атап айтқанда, интонация тәсілі, қосарлану тәсілі, одағай мен демеуліктер және т. б. тәсілдер арқылы беріледі.

СӨЙЛЕМНІҢ ТҮРЛЕРІ

Тіл білімінде сөйлемдер әр түрлі түрғыдан қарастырылады да, осыған орай, оларға түрлгше классификация жасалады.

Хабардың (сообщение) мақсатына қарай сөйлемдер екітопқа бөлінеді: оның бірі - хабарлы сөйлемдер, екіншісі - сұраулы сөйлемдер. Сөйлемдердің Бұл екі түрі сөйлеуші (немесе жазушы) мен тыңдаушының (немесе оқушының) өзара бір-бірімен хабар алысуы үшін жұмсалады. Хабарлы сөйлем сөйлеушінің (немесе жазып отырған адамның) ииформациясын тывдаушыға (кабылдаушыға) білдіру үшін жұмсалады, хабарлау интонациясымен айтылады. Мысалы: Ақылды қара қылды қырыққа бөлмек. (Абай. ) Жолаушылар Ақшоқыдан шыққанда, Корық бойында тек шұбартқан нөпір, қалың мал көрінгені болмаса, тігілген үй, жайғасқан ауыл жоқ еді. (М. Әуезов) .

Сұраулы сөйлем бірдеменің жайынан хабар (информация) алу ушін жұмсалады. Сүраулы сөйлем коммуникативті қызметі жағынан басқа бір хабардын келіп тууын қажет ететін сөйлем болып саналады. Хабарлы сөйлем сұрау интонациясымен айтыл-са немесе сөйлемнің кұрамына сұрау есімдіктері не сұраулык демеуліктер -енгізілсе, сұраулы сөйлемге айналады. Мысалы: Тірі адамның жүректен аяулы жері бола ма. Жеткен жерің осы ма? Қара суыр секілді, ініңді бері қазддьі десе, кері қазайын деп пе едің? (М. Әуезов) Бұл кім болдьі екен?.

Сөйлемдер өзін құрастырушы сьщарлардың (компоненттер-дің сипатына қарай жай сөйлем және құрмалас сөйлем болып екі топқа бөлінеді. Жай сәйлем сөздерден, сөздердің формаларынан жасалса, яғни жай сөйлемді құрастырушы сыңарлар сөздер мен сөз формалары болса, құрмалас сөйлем жай сөйлемдерге тән касиеті бар сыңарлардан жасалады. Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнін әрқайсысына тән ерекшеліктерді әңгімелеуден бұрын жай сөйлемнің түрлері туралы мәселеге келейік.

Жай сөйлемнің құрылымдық үлгісі жайында жоғарыда айтылды. Жай сөйлемнің құрылымдық үлгісінің компоненттері, яғни оны құрастырушы элементтер болып саналатындар - бел-гілі бір сөз формалары. Сөйлемнің кұрылымдық үлгісін құрастыратын (жасайтын) мүндай сөз формалары сөйлемнің тұрлаулы немесе бас мүшелері деп аталады. Жай сөйлемнің екі түрлі құрылымдық үлгісі бар: оның бірі - екі құрамды (бастауыш-баяндауышты) үлгі (двухсоставные схемы), екіншісі - бір құрамды үлгі (односоставные схемы) . Екі қүрамды сөйлемнің құрылымдық үлгісі екі бас мүшеден қүралса, бір қүрамды сөйлемнің құрылымдык үлгісі бір ғана бас мүшеден қүралады. Мұндағы бас мүше бір компонентті де, екі компонентті де болуы мүмкін.

Құрмалас сөйлемнің жай сөйлемге ұқсас жақтары да, одан айырым жақтары да бар. Кұрмалас сөйлем де, жай сөйлем сияқты, бірдеме жайында хабар берудшін қолданылатын сиитак-систік конструкция болып саналады. Жай сөйлемнің сөздердің орналасу тәртібі және интонация арқылы тұлғаланатыны сияқты, құрмалас сөйлем де өзін құрастырушы компоненттердің ор-наласу тәртібі және интонация аркылы тұлғаланады.

Құрмалас сөйлем жай сөйлемнен өзін күрастырушы компоненттердің табиғаты мен сипаты жағынан ажыратылады. Жай сөйлем сөздердік формаларынан, олардың тіркесінен құралса, құрмалас сөйлем жай сөйлемге тән қасиеттері бар компонент-терден қүралады. Құрмалас сөйлемді құрастырушы компоненттер предикативтілік категорияға ие болады. Анығырақ айтқанда, құрмалас сөйлем предикативтілік қасиеті бар единицалардан құралады. Предикативтілік категориясы предикативтілік единицалардын құрылымы арқылы не олардың өз ара тіркескен жиынтыгы, яғни құрмалас сөйлемнің жасалуы арқылы берілуі мүмкін.

Құрмалас сөйлемді құрастырушы сыңарлар (компоненттер) сырткы құрылысы жағынан жай сөйлемдермен біртектес бол-ғанмен, бүтінніц қүрамында сөйлем категориясына тән мағыналық және-интонациялык тұжырымдылығы (законченность) болмайды, өз алдына дербестігі бар сөйлемдерді де құрай алмайды. Құрмалас сөйлемді қүрастырушы сыңарлар интонация және синтаксистік байланыс тәсілі арқылы бір ғана синтаксистік бүтінге айналады; соның нәтижесіндс ол бүтін сөйлем ретінде ұғынылады. Мысалы, «өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы, шыннан қиыстырар ер данасы» деген құрмалас сөйлем-дегі ойдың ішкі бірлігі қүрастырушы сыңарларды мағыналық және интонациялық жағынан топтастырып, күрделі синтаксистік бүтін - құрмалас сөйлемге айналдырып тұр.

Салалас құрмалас сөйлем деп құрастырушы компоненттері салаласа байланысқан сөйлемді айтамыз. Салалас құрмалас сөйлем іштей ашық құрылымды және жабык. қүрылымды сала-лас сөйлемдер болып бөлің3р Ашық құрылымды салалас құрмалас сөйлем екі, үш не одан көп компоненттердің ашық қатарларынан жасалады. Мысалы, Жаңбыр жауды жер көгерді деген ашық қүрылымды салалас сөйлемнің құрамына үстеме компоненттер қосылып, оның іргесі кенейе түсуі мүмкін. Мысалы: Жаңбыр жауды, жер көгерді, күн жылына бастады, . шаруалар жер жыртуға кірісті. Ал жабық кұрылымды салалас сөйлем екі компоненттің тіркесуінен құралады да, оның құрамына үстеме компоненттер қосыла алмайды.

Ашық құрылымды салалас құрмалас бірнеше предикативті единицалардың жалғаулықтар арқылы байланысуынаи да, жалғаулықсыз байланысуынан да жасалса, жабык құрылымды салалас құрмалас сөйлем екі предикативті едииицаның тек жалғаулык арқылы байланысуынан жасалады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сөйлемнің соңында келетін тыныс белгілер
Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің ара қатынасы
Сөйлем ортасында және сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілер
Қазіргі қазақ тіліндегі қатысымдық тұлғалар
Интонацияның компоненттері
Етістіктердің семантикалық құрылымы
Ойлау туралы жалпы ұғымдар
Нұсқаулық мәтіндерінің жанрлық сипаттамасы
Тыныс белгілері (не пунктуация) - тіл білімінде жазуға тән шартты белгілер жүйесі
Ой сыртқы дүниенің ең жоғарғы формасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz