Сыбайлас жемқорлықпен күрестің құқықтық реттелу мәселесі


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ СИПАТТАМАСЫ

  1. Сыбайлас жемқорлық ұғымы мен жіктелуі, оның Қазақстандағы және Дүние жүзілік елдеріндегі тарихы.
  2. Сыбайлас жемқорлықтың типологиялық ерекшеліктері мен оның таралу аумағы
  3. Сыбайлас жемқорлық адам құқығын бұзушы фактор ретінде

2 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕСТІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕЛУ МӘСЕЛЕСІ

2. 1 Сыбайлас жемқорлықпен байланысты заңбұзушылықтар

  1. Сыбайлас жемқорлықпен күрестің құқықтық негіздері
  2. Жергілікті билік орғандары қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мәселелері

3 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ САЛДАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ МЕН ЖОЮДЫҢ ЖОЛДАРЫ

  1. Сыбайлас жемқорлықтың зардаптары мен салдары
  2. Әкімшілік сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларының ерекшеліктері
  3. Сыбайлас жемқорлықпен күрестегі мемлекеттік орғандардың және

сот жүйесі мен БАҚ-ның рөлі

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР КӨЗДЕРІ

КІРІСПЕ

Диплом тақырыбының өзектілігі. Нарықтық қатынастардың қалыптасуының күрделі кезеңінде елдің экономикалық мүдделеріне бағытталған қатерлердің бастауы ең алдымен отандық тауар өндірушілердің және олармен байланыстағы жемқорлықпен шырмалған шенеуніктердің заңға қайшы әрекеттерінде жатуы мүмкін екендігі ұйымдасқан қылмыс пен сыбайлас жемқорлық ауқымының өсуінен-ақ көрінеді. Қоғам мен мемлекеттің түғырын шайқалтып, заңға, әділеттілік пен ізгі қасиеттерге деген сенімге селкеу түсіруімен бұл өте қауіпті қатер төндіреді.

Қалыптасқан ахуалдың күрделілігі бұл мәселенің теориялық әзірлемесінің жеткіліксіздігімен, күрестің стратегиясы мен тактикасы туралы айқын түсініктің, сондай-ақ, құқықтық, криминологиялық және оперативтік-ізкесушілік тұжырымдамасының жоқтығымен байланысты. Бүның сыбайлас жемқорлықты түсінуге де қатысы бар.

Бүгінгі танда баршаның тарапынан мойындалған пікір бойынша, сыбайлас жемқорлық - мына тәрізді әртұрлі позициялардан қарастыруды қажет ететін күрделі әлеумеітік-саяси құбылыс: тарихи, әлеуметтік-саяси, құқықтық, ізгілік және т. б. ешбір мемлекет сыбайлас жемқорлықтан сақтандырылулы емес және ешбіреуі, тіпті ең қуаттысы да оны түбегейлі, барлық жерде бірдей жеңетіндігімен мақтана алмайды. Оның үстіне, жемқорлықпен күрес мемлекет пен қоғамның барлық күштерін біріктіре отырып, барлық жерде және үнемі жүргізіліп отыруы тиіс. Сыбайлас жемқорлық Қазақстан үшін де жаңалық емес, біздің мемлекетіміздің алеуметтік саласының жеңілмегеңдігі, нарыққа көшудің заңмен реттелмеген үдерісі бұл қауіпті құбылысты о дан да үлкен дәрежеде шиеленістіре түсті.

Сыбайлас жемқорлық әдетте мемлекеттік шенеуніктер мен қылмыскерлердің біріккен әрекетін білдіретін ұйымдасқан қылмыспен тығыз байланысты. Қазіргі кездегі ұйымдасқан қылмыстар өткен ғасырдың 70 -80-жылдары КСРО-да жүргізілген және экономиканың тұрақсыздануына, шаруашылық жұмыстары саласындағы қылмыстардың өсуіне алып келген әлеуметтік-экономикалық саясат салдарынан дүниеге келді, ұйымдасқан қылмыс бізге сырттан келген жоқ, ол - біздің өз тумамыз, объективті экономикалық үдерістер нәтижесі. Оның басты ерекшелігі, басқа елдердегі ұйымдасқан қылмыстарға қарағанда, ол ресми, жария экономика саласында туды.

Көлеңкелі экономика өкілдерінің пай да болуы, тез байи бастауы бұрыннан келе жатқан дәстұрлі қылмыс әлемінің жалпы өкілдерінің назарына шалынбауы мүмкін емес еді. Олардың еріксіз бір-біріне қарама-қарсы тұруы жалпы қылмыстық топтардың көлеңкелі экономика құрылымына еніп, олардың бұл салада қажетті қызмет атқаратын буынға айналуына әкеп соқтырды. Сөйтіп, мынадай үштік түзілді: лауазымды басшылар - көлеңкелі экономика -қылмыскерлер (сыбайлас жемқорлыққа биліктің қылмыс әлеміне үласуы түрінде анықтама берілуі осы дан) .

Көлеңкелі экономиканың әрі қарай енді тәуелсіз Қазақстанда дамуы жекешелендірудің базасында, стратегйялық ресурстар мен инвестициялар саласында, кредиггік-қаржылық қатынастар, телекоммуникация мен көлік . 8 жүйесінде жалғасты.

Зерттеу жұмысының мақсаты. Сыбайлас жемқорлыққа криминологиялық түрғыда сипаттама беріп оның таралу аумағы меи ерекшеліктерін, тұрлерін көрсету арқылы, орын алуының салдарын, келтіретін зардаптарын анықтап және оны жоюдың жолдары мен құқықтық мемлекеттегі сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесін саралау мен қатар құқықтық реттелуін анықтау болып табылады.

Диплом жұмысының негізгі міндеттері. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық өміріндегі елеулі өзгерістерді ұйымдасқан қылмыстың мынадай бағыттары анықтады:

-жекешелеңдіру саласындағы қылмыстар;

-қылмыстық топтардың қаржылық-несиелік жүйеге енуі;

-стратегиялық маңызы бар шикізат қорларына қылмыстық қол сүғушылық;

-заңсыз қару айналымы;

-контрабандалық әрекеттер;

-индустрияға есірткі саудасының қосылуы;

-компьютер жүйесіндегі қылмыстар және т. б.

Зерттеу жұмысының заты және объектісі.

Қазақстандық қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың кең таралуы, қоғамдық өмірдің тұрлі салаларына енуі республикадағы мемлекеттік жүпенің, экономикалық және ұлттық қауіпсіздіктің тұрақтылығына айқын қатер тудырды.

Реформаларды жүргізу барысында шенеуніктерді тек әдеткі түрдегі ақшалай парамен сатып алу ғана емес, олар үшін шетелдік банкілерде шот ашу, шекарадан сырт елдерден жылжымайтын мүліктер сатып алу, оларды қайта құрылған акционерлік қоғамдар, шағын кәсіпорындар қатарына енгізу кең тарады. Лауазымды басшылардың жемқорлық, әрекеттерінде жаңа үрдістер көрініс берді деуге болады: атап айтқанда, ұйымдасқан қылмыспен ұзақ мерзімге байланыс орнату үрдістері. Осылайша, мысалы, жемқорлықпен шырмалған шенеуніктер сапасыз өнімді өткізуге келісімшарттар жасайды, ел үшін тиімсіз инвесшциялық жобаларды іске асырады, пшкізат пен стратегаялық материалдардың экономикалық контрабанда жолымен тасымалдануына жол ашып береді. Кейбір аудандарда жергілікті билік өкілдерінің, ауданның негізгі өндірістерінің басшыларының, құқық қорғау орындарының белгілі бір коммерциялық құрылымдар үшін қолайлы қаржы және құқық режимін тудыратын одақтары жиі құрылады. Сонымен қатар, жемқорланған элементтердің тұрлі деңгейде саяси билікке келуінің елдің ұлттық қауіпсіздігіне қосымша қатерлер төндіретін қауіпті үрдістері де байқалады. Басқаша айтқанда, сыбайлас жемқорлыққа мейлінше тартылғандар - рұқсат беру қызметін атқаратын орындар, шенеуніктер болып піықты.

Мемлекет үшін ең үлкен қауіп - сыбайлас жемқорлықтың қылмыстық топтардың өмір суруін қамтамасыз ету құралына айналатын орны - құқық қорғау орындарына еніп бара жатқандығы.

Міне, осы жоғарыда аталып өткен мәселелер бұл тақырыптың маңыздылығының өте жоғары екекнін көрсетеді.

Жұмыстың құрылымы. Сонымен қатар бұл жұмысты қарастыру барысында тақырып үш тарауға бөлініп қарастырылып, соңыиан қорытынды жасалып пайдаланылған әдбиеттердің тізімі берілді.

I. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ СИПАТТАМАСЬІ

і. 1 Сыбайлас жемқорлық ұғымы мен жіктелуі, оның Қазақстандағы және

дүние жүзілік елдеріндегі тарихы.

Күрделі, қатпары көп құбылыс ретіндегі сыбайлас жемқорлықтың тарихы өз ғұмырының ұзақтығы жөнінен адамзат өркениетінен кенже емес. Оның пайда болуы алғашқы таптық қоғамдар мен мемлекеттік құрылымдар қалыптасқан уақыттар қойнауына жетелейді. Мемлекеттік қызмет жүйесіңдегі сыбайлас жемқорлық туралы жазбаша мәліметтердің ең алғашқыларын Көне Бабырдың б. з. б. XXIV ғасырдағы мүрағаттарынан көруге болады. Патша Лагаша Урукагина шенеуніктер мен соттардың жүгенсіз эрекеттеріне тыю салу мақсатымен мемлекеттік басқару ісін реформалады.

Ежелгі Латынның белгілі нақылы былай дейді: «Do ut fades" - "Істету үшін беремін п . [32]

Сыбайлас жемқорлық- әлеуметтік феномен, қоғам мен қоғамдық қатынастар туындысы. Сыбайлас жемқорлықтың пайда болуы мен өмір суруі қоғамдық және шаруашылық қызметтегі басқару функциясының жекеленуі сэтінен бастап мүмкін болады. Өйткені, нақ осы жағдайда лауазымды басшыда (басқарушыда) қоғам, мемлекет мүддесі үшін емес, жеке басы үшін ресурстарды пайдалану және шешім қабылдау мүмкіндігі пайда болады. [5] Сонымен, сыбайлас жемқорлық өте ерте уақытта туған және қазіргі күні де бар күрделі әлеуметтік-саяси құбылыс ретінде көрінеді - сыбайлас жемқорлықтың көрініс беру формаларының өзгеруі барысыңда оның ауқымы тарылмайды.

Қазіргі қоғамдағы сыбайлас жемқорлық - басқа саяси, экономикалық, мәдени әлеуметтік инстнтуттармен өзара тығыз байланысты әлеуметтік институт, басқару жүйесі элементі. Сыбайлас жемқорлықтың институттануы мыналардан көрінеді:.

- сыбайлас жемқорлықтың бірқатар әлеуметтік функцияларды атқаруы: әкімшілік байланыстардың жеңілдетілуі, басқарудағы шешім қабылдаудың жеделдетілуі мен жеңілдетілуі, әлеуметтік таптар мен топтар арасындағы қатынастардың консолидациялануы және қайта құрылымдануы, бюрократтық кедергілерді азайту арқылы экономикалық дамуға көмектесу; ресурстар тапшылығы жағдайында экономиканы тиімдендіру және т. б, ;

-сыбайлас жемқорлық қарым-қатынастарының жете айқындалған субъектілерінің болуы, әлеуметтік рөлдердің бөлінуі;

-сыбылайстық жемқорлық әрекеттер субъектілеріне мәлім белгілі бір ойын ережелерінің, нормалардың болуы;

-сыбылайстық жемқорлық эрекеттердің қалыптасқан сленгі (тілі) мен рэміздік белгілері;

-мүдделі адамдарға белгілі және орныққан қызметтер таксасы.

Сыбайлас жемқорлық экономикалық заңдардың еркін жұмыс істеуін эжептэуір шектейді жөне әлемдік қауымдастық алдында елдің беделін төмендетеді, ел үшін пайдалы шетелдік инвестициялардың жолындағы ең бір басты бөгеттердің бірі боп табылады. Таза және әлеуметтік бағыттағы бизнес

нарықтан күшпен ығыстырылып шығарылады, ойткені, бұндай бизнесті сыбайлас жемқорлық тиімсіз кәсіпке айналдырады.

Сыбайлас жемқорлықтың бейімделу қакбілеті ғаламат, үздіксіз мимикрияға түсе алады, түрін өзгертеді және кемелдене береді, әлеуметтік-құқықтық бақылау мен заңи жауапкершіліктің кемшіліктері мен ақтаңдақтарын шебер пайдаланады.

Ішінара өздері де сыбайлас жемқорлықпен шырмалған құқық қорғау орындарының институтталынған сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін жеткілікті мүмкіндіктері мен тиісті тәуелсіздіктері де жоқ. "Темір үшбұрыш" атанғандар - жемқорланған қырық құрау бюрократия - қылмыстық бизнес » ұйымдасқан қылмыс оз заңдарымен өмір сүреді.

Сыбайлас жемқорлық ұлттық шекаралардың шеңберінен шығып кетеді, сондықтан онымен күрес глобальдық ауқымда жүргізуді қажет етеді. О дан түсетін түсімдер "жуылғаннан" кейін әлемдік және ұлттық қаржы ағындарына қүйылады да, мемлекеттік және халықаралық билік пен экономика институттарын бұзады. Ол заңның, демократия мен адам құқықтарының үстемдігіне қатер тондіреді, қоғамның моральдік тіректерін, билікке деген сенімді, мемлекеттік басқару, теңдік пен әлеуметтік әділеттілік қағидаттарын қиратады, бәсекеге богет жасайды, экономикалық дамуды қиындатады. Әсіресе ең қауіптісі - мемлекеттік билік орындарындағы сыбайлас жемқорлық. Бұл жағдайда ол монополияның билікпен симбиозының, мемлекеттік қызметшілердің шешім қабылдаудағы қауқарсыздығының және шенеуніктердің бақылауда болуы мен оларға құқықтық жауапкершілік жүктелмеуінің корінісіне айналады. [1] Тәжірибенің көрсетуінше, сыбайлас жемқорлық мемлекеттік басқарудың бүкіл жүйесін бұзады, мемлекеттік билік пен мемлекеттік қызметтің беделінің құлдырауына мүмкіндік жасайды. Сыбайлас жемқорлық экоиомиканың дамуына кедергі жасайды және әсіресе экономика саласындағы ұйымдасқаң қылмыстың өсуіне мүмкіндік береді.

Мемлекеттік машинаны ұйымдасқан қылмыстың қолдануы мемлекеттік өкілеттілікті жекеменшікке айналдыру амалы ретінде тікелей сыбайлас жемқорлықпен байланысты. Геғель былай деп жазды: "Мемлекеттік биліктің жеке индивидуум иеленген үлесі - жалпыға ортақ биліктің жоғалтқаны деғен соз. " Ол аз десеңіз, индивидтер мен қылмыстық құрылымдар биліктің оздері иеленген бөлігіне сүпене отырып, мемлекетке, азаматтық қоғам институтгарына, оның құндылықтарына шабуылға шығады. Сыбайлас жемқорлық мәселесін шепшей, мемлекеттік басқарудың міндеттерін сәтті орындау мүмкін емес.

Сыбайлас жемқорлық феноменін түсінуге қатысты сан тұрлі әдістемелік ыңғай-бағыттар бар. Оны ежелден-ақ тұрлі - әлеуметтік, саяси, криминологиялық, құқықтық аспектілерде қарастырған.

Осылайша, Платон мен Аристотель сыбайлас жемқорлықты саяси категорияға жатқызды, Н. Макиавелли оны мемлекеттің азаматтық ізгілікті бұзатын жалпы сырқатының белгісі санады, Ш. Монтескье оны нәтижесіңде жақсы саяси тәртіп немесе жүйе жарамсызға айналатын дисфункциональдық үдеріс ретінде сипаттады. [50]

Қазіргі ғылыми, оқулық және қоғамдық-көсемсөздік әдебиеттерде де сыбайлас жемқорлыққа тұрлішс анықтама беріледі. Сыбайлас жемқорлық туралы онымен күресудің әмбебаи амалын анықтауға негіз болатын бірауызды ұғымды қалыптастыру - күрделі эволюциялық үдеріс. Сыбайлас жемқорлықтың интегралдық сипаты бұл күрделі құбылыстың бірізді, бір мағыналы анықтамасын жасауға бүгінгі күні мүмкіндік бермей отыр.

Алайда, бәрібір сыбайлас жемқорлықтың тарихи алғашқы анықтамалары құқық саласына жатады.

"Коррупцияның" (сыбайлас жемқорлықтың) анықтамасына

этимологиялық түрғыдан келсек, ол "corraptio" деген латын сөзінен аударғандағы "сатып алу", "пара беру" мағынасын білдіреді. Рим құқығында сонымен қатар "сындыру, бұлдіру, бұзу, зиян келтіру, фальсификациялау, сатып алу" ретінде түсінілетін және тиісінше заңға қайшы әрекетті білдіретін "согштріге" ұғымы бар. [15]

Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас жемқорлықты парамен сатып алушылық, лауазымды басшылардың, саяси қайраткерлердің сатымпаздығы ретінде сипаттайды.

ҚР "Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы" Заңы сыбайлас жемқорлықты мемлекеттік қызмет атқаратын адамдардың және оларға теңестірілгендердің мүліктік игіліктер мен артықшылықтарды өз қызмет бабы және онымен байланысты мүмкіндіктер арқылы пайдалануы, өйтпесе оларды мүліктік пайда табу үшін тікелей өздері немесе делдалдар арқылы басқаша пайдалана отырып, заңмен қарастырылмаған түрде шешім қабылдауы, сонымен қатар, ол адамдарды жеке және заңды тұлғалардың оларға аталған игіліктер мен артықшылықтарды беру арқылы заңсыз сатып алуы ретінде сипаттайды. [45]

Халықаралық құқық коздері сыбайлас жемқорлыққа әлдеқайда кеңірек анықтама береді және тиісінше % сонымен байланысты құқықбұзушылық субъектілерінің кеңейтілген шеңберін көрсетеді.

Дефинициялардың мейлінше ықшам, бірақ мазмұндыларының бірі - БҰҰ-ның Тоғызыншы конгресі ұсынған, сыбайлас жемқорлықты "жеке мақсатта пайда табу үшін мемлекеттік билікті асыра пайдалану" ретіиде сипаттайтын анықтама.

Кейбір анықтамаларда, мәселен, сыбайлас жемқорлыкден күрес жөніндегі БҮҰ хатшылығы дайындаған ережеде берілген анықтамада коррупция қылмыстық істердің жіктелген төмендегідей 3 тобының жиынтығы ретінде түсіңдіріледі:

а) лауазымды адамдардың мемлекет меншігін ұрлауы, жымқыруы
және иеленуі;

б) жеке басының пайдасы үшін қызмет бабын асыра пайдалануы;

в) қоғамдық парыз бен жеке есеп арасындағы мүдделер қақтығысы.
Еуропалық Кеңестің сыбайлас жемқорлық жөніндегі тәртіп тобының
анықтамасы бойынша, сыбайлас жемқорлық - мемлекеттік немесе жеке
секторда белгілі бір міндеттер атқару тапсырылған адамдардың оларға
мемлекеттік лауазымды басіпы, жеке қызметкер, тәуелсіз агент немесе басқа
түрдегі қатынастар статусы бойынша жүкгелген міндеттемелерінің бұзылуы

және өздері әлде өзгеле үшін кез келген заңсыз жолмен пайда табу мақсатындағы парақорлығы немесе кез келген басқа әрекеттері.

БҰҰ Бас Ассамблеясының 34-сессиясы қүжаттарында сыбайлас жемқорлыққа мынадай анықтама берілген: "Лауазымды басшының өз қызмет өкілеттігі саласындагы қызметтік ережені бұзатын да, бұзбайтын да түрде сыйлық, берушілердің мүддесі үшін кез келген формадағы әрекеті немесе әрекетсіздігі п . [6]

Сыбайлас жемқорлық туралы Азаматтық-құқықтық жауапкершілік конвенцияның 2-бабындагы (1999 ж. ) аыықтамаға сәйкес "сыбылайс жемқорлықты - пара, жөнсіз артықшылық немесе соның мүмкіндігіне ие болған адамнан талап етілетін, оның негізгі міндеттерін немесе мінез-құлқын бұзуға әкеп соқтыратын тікелей немесе жанама талап; пара немесе кез келген басқа да тиесілі емес артықшылық пен соның, мүмкіндігін ұсыну және оның қабылдануы".

БҰҰ-ның сыбайлас жемқорлықпен халықаралық күрес жөніндегі анықтамалық қүжатында сыбайлас жемқорлық "жеке мақсатта пайда табу үшін мемлекеттік билікті асыра пайдалану" ретінде сипатталады. Бұл үгым парақорлықты (лауазым иесін борыш тұрғысыыдағы жолдан тайдыру үшін сыйлық беруді), непотизмді (тамыртаныстық жөнімен кіріс кіргізуді немесе пайдалы лауазымдарға туысқандарды немесе "өз адамдарын" орналастыруды) және көпшілікке ортақ меншікті жеке мақсатта қолдануды қамтиды.

Сыбайлас жемқорлықтың анықтамасына қатысты көзқарас-пікірлердің алуан тұрлілігі бұл құбылыстың күрделілігін білдіреді және оны терең де жан-жақты зерттеуді талап етеді - біріншіден, сыбайлас жемқорлықты түсінудің теоретикалық деңгейін тереңдету (дәл, айқын анықтама беру, сыбайлас жемқорлық пен оыыц дамуына мүмкіндік жасайтын себептерді тексеру), екіншіден, сыбайлас жемқорлықгың қоғамның экономикалық, әлеуметтік және саяси өміріне ықпалын анықтау және бұл құбылыспен күресу бағытыңдағы нақтылы шаралар жүйесін құру.

Сыбайлас жемқорлықтың тұрліше көрініс беретіндігін ескере отырып, соган сәйкес жіктелу жүйелеріне көңіл аудару қажет.

Әдебиеттерде сыбайлас жемқорлықты саяси және экономикалық деп бөліп көрсетеді. Саяси жемқорлықтың дамуы елде бақылаудан тыс саяси ахуалдың қалыптасуына әкеп соғуы мүмкін және демократиялық институттар мен биліктің тұрлі бүтақтарының балансына қатер төндіреді. Экономикалық коррупция нарықтық институттардың тиімділігі мен мемлекеттің реттеушілік қызметінің тиімділігін төмеңдетеді.

Сонымен қатар, "элитарлық" және "төменгі" сыбайлас жемкорлық тұрлеріне де жіктеледі. "Элитарлық" сыбайластық жемқорлықтың ерекшеліктері: оны жасайтын субъектілердің әлеуметтік жагдайының жоғарылығы; олардың әрекеттерінің биік интеллектуалды амалдармен іске асырылуы; орасан зор заттық, тәни және моральдық залалы ("багасы қымбат" шешімдерді - заңдар формулаларын, мемтапсырыстарды, меншік түрпатын озгерту және т. с. с. шешімдер қабылдауда кездеседі) ; аса мүқият жасырылған озбырлықтар . [48]

Екіншісі шенеуніктер мен азаматтардың ортаңғы және төменгі деңгейлерінде таралған және олардың арасындағы ұдайы, ескішілдікке негізделген (айыппүлдар, тіркелулер және т. б. ) байланыстармен етене. Сыбайлас жемқорлықты келісімге екі жағы да мүдделі топтар көбінесе бір мемлекеттік ұйымда болады. Мысалы, шенеуніктің параны өз бастығына бүның сыбайлас жемқорлықты әрекетін жасырып-жабуы үшін бергені де әдетте п тік сызықты» аталатын сыбайлас жемқорлық боп табылады. Ол әдетте жоғарғы мен төменгі сыбайлас жемқорлықтар арасындағы көпір қызметін аткқарады. Бұл сыбайлас жемқорлықтың болшектелген актілер кезеңінен тамыры берік, ұйымдасқан формалар кезеңіне өтуін білдіретіндіктен де, өте ерекше қауіпті.

Мамандар сонымен қатар мемлекеттік емес ұйымдардагы сыбайлас жемқорлықты атайды. Коммерциялық немесе қоғамдық ұйымның қызметкері де өзіне тиесілі емес ресурстарды пайдалануы мүмкін; ол да өз ұйымының жарғылық міндеттерін орындауға тиісті; өзіне пайда табатын екінші тараптың пайдасы үшін, ұйымның мүдделеріне нұқсан келтіретін әрекеттер арқылы баюға оның да мүмкіндігі бар. [2]

Жалпы үрдістерге байланысты халықаралық ұйымдардағы сыбайлас жемқорлық айрықшаланады. Халықаралық ұйымдардағы бюрократшылдық өз елдерінің қоғамдық ұйымдары тарапынан бақыланатын ұлттық ұйымдармен салыстырғанда оншалықты қатты тексерілмейді. Соның бәрі сыбайлас жемқорлыққа жол ашады, оның үстіне сыбайлас жемқорлықтық келісімге келушілер халықаралық ұйымдардың жұмыс ерекшеліктеріне байланысты бастарын тәуекел-қатерге әлдеқайда азырақ тігеді.

Сөйтіп, халықралық экономикалық байланыстарда сыбайлас жемқорлық шетелдік капитал қатысатын кәсіпорындардың құрылуы, инвестициялық жобалар және мемлекеттік меншікті жекешелендіру, өнімді бөлу мәселелерін басқа да түрде шешу барысында көрініс береді.

Зерттеушілер сыбайлас жемқорлықтың дамуының шартты географиялық атаулармен аталатын төмендегідей үш тұрлі моделін атап көрсетеді. Ол модельдер сыбайлас жемқорлықтың жүйелі құбылысқа, яғни, саяси құрылым мен бүкіл қоғамдық өмірдің ажырағысыз бөлігіне айналуын сипаттайды.

Азиялық модель; сыбайлас жемқорлық - мемлекеттің жұмысымен байланысты әдеттегі және қоғамда қабылдауға жарамды мәдени және экономикалық құбылыс.

Африкалық модель: билік озара келіскен басты экономикалық клан дар тобына сатылады және саяси әдіс-тәсілдер арқылы олардың сенімді өмір сүрулерін қамтамасыз етеді.

Латынамерикалық модель: сыбайлас жемқорлықтың бетімен кетушілігі экономиканың көлеңкелі және қылмыстық секторларының мемлекетпен барабар күш-қуатқа жетуіне мүмкіндік береді. Билік "мемлекет ішінде мемлекет" құрған мафиямен тікелей бетпе-бет келіп қалгаи болып шығады. Ұдайы саяси тұрақсыздық сыбайлас жемқорлықпен күрес толқынында диктатура орнату мүмкіндігін өсіреді. [46]

Сыбайлас жемқорлық механизмдеріне әдетте мыналарды жатқызады:

а) мемлекеттік немесе басқа қызметтегі адам заңсыз түрде беделі немесе сонымен байланысты мүмкіндіктеріне сүпеніп, өз қызметтік өкілеттіктерін немесе қызметтерін жеке және заңды тұлғаларға, топтарға (сонын ішінде ұйымдасқан қылмыстық құрылымдарға) "сататын", ал "сатып алушы" мемлекеттік немесе басқа құрылымды өз мақсатына - баюға, артықшылықтарды заң жүзінде ресімдеуге, заңда белгіленген жауапкершіліктен, әлеуметтік бақылаудан босауға және т. б. мақсаттарға пайдалануға мүмкіндік алатын екіжақты келісім;

б) қызметкерлердің пара, көлденең сыйлықтар алу мақсатындағы
бопсалаушылықтары;

в) қызметкерлерді өте белсенді, батыл түрде, тіпті оларға психикалық
түрғыда қатты ықпал ету арқылы сатып алу. Соңғы әдіс кэбінесе әсіресе
ұйымдасқан қылмысқа тән.

1. 2 Сыбайлас жемқорлықтың типологиялық ерекшеліктері мен

оның таралу аумағы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыбайлас жемқорлықпен күрестің құқықтық негіздері
Экономикалық қылмыстар жүйесінің негіздері
Сыбайлас жемқорлықтың жалпы ұғымы мен маңызы
Сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрестің тиімділігіН арттыру жолдары
Мемлекеттік сыбайлас жемқорлық Коммерциялық сыбайлас жемқорлық
Сыбайлас жемқорлықтың жалпы ұғымы мен маңызы туралы
Сыбайлас жемқорлықпен күрестегі әлемдік тәжірибе туралы ақпарат
Ұйымдасқан қылмыс және оны мен күресу жолдары
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет
Діни ереже мен құндылықтар қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің қағидаты ретінде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz