Мемлекеттің функциялары



1. Мемлекет функциясының ұғымы
2. Мемлекеттің функциялары
Функция деген ұғым латын тілінде (gunctio) — орындау деген мағынаны білдіреді, математика, физиология, лингвистика салаларында кеңінен пайдаланылады. Функция ұғымы мемлекет және құқық теориясында да кеңінен пайдаланылады.
Мемлекет басқару, билік жүргізу үшін құрылған саяси ұйым болғандықтан оның алдында тұрған міндеттер бар. Сол міндеттерді іс жүзінде асыру үшін мемлекетте арнайы функциялар қажет. Функция арқылы мемлекет статикалық (формалары, аппараттары, органдар) құрылымынан динамикалық, қозғалыс мағынасын айқындайды. Бұл жерде функциялар арқылы мем¬лекет алдына қойған мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асырады. Мақсаттар әр түрлі болады: стратегиялық және бүгінгі күнгі. Мысалы, Қазақстан Республикасы мемлекетінің болашақтағы мақсаты экономикасы дамыған, халқының әл-ауқаты жоғары, кедейлік пен жұмыссыздық жойылған демократиялық құқықтық мемлекет құру. Ал бүгінгі күн мақсаты шағын және орта бизнесті, мемлекеттік тілді дамыту және т.б. міндеттер.
Мемлекеттің функциялары дегеніміз оның алдында тұрған мақсаттары мен міндеттерін іс жүзінде асырудың негізгі бағыттары. Мемлекет және құқық теориясында мемлекеттің функциялары бірнеше түрге бөлінеді.
Заң әдебиетінде мемлекеттің функциялары әр түрлі мағынада және бірнеше түрлерге бөлініп беріледі. Кеңес дәуірі кезеңінде басылып шыққан әдебиеттерде социалистік мемлекеттің ішкі функцияларын негізінде төрт түрге бөліп қарады: шаруашылық ұйымдастыру, еңбек пен тұтыну өлшемін есепке және бақылауға алу, мәдени-тәрбиелік және құқық қорғау.
Социалистік мемлекеттің аталмыш функциялары негізінде бір орталықтан басқарылатын тоталитарлық жүйенің мақсаттары мен міндеттерін қамтамасыз етіп, іс жүзінде асырды, экономи¬ка саласында мемлекеттік монополия үстемдік етті.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, 2000.
2. A.M.Барнашев. Теория разделения властей. Становление, раз¬витие, применение. Томск, 1988.
3. Т.Н. Клепцова. Функции и аппарат Россйского государства в рыночной экономике. Учебное пособие. М., 1992.
4. Э.Э. Дуйсенов. Государственная служба Казахстана и Кыргыз¬стана (правовое регулирование). Ош, 2001.
5. В.Н. Уваров. Государственная служба и управление. Петропав¬ловск, 2004.
6. Г.С. Яковлев. Аппарат управления: принципы организации. М., 1974.
7. М.С. Бейбитов. Институт Конституционного контроля в Респуб¬лике Казахстан. Эволюция и проблемы модернизации. Алматы, 2005.
8. К.Мами, С.Узбекулы. Судебная власть в Казахстане. Астана, 2000.
9. И. Л. Петрухин. Правосудие: время реформ. М., 1991.
10. С.Н.Сәбікенов. Салыстырмалы мемлекеттік құқық. Алматы, 2000.

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Мемлекеттің функциялары

Жоспар:

1. Мемлекет функциясының ұғымы
2. Мемлекеттің функциялары

1. Мемлекет функциясының ұғымы
Функция деген ұғым латын тілінде (gunctio) — орындау деген мағынаны
білдіреді, математика, физиология, лингвистика салаларында кеңінен
пайдаланылады. Функция ұғымы мемлекет және құқық теориясында да кеңінен
пайдаланылады.
Мемлекет басқару, билік жүргізу үшін құрылған саяси ұйым болғандықтан
оның алдында тұрған міндеттер бар. Сол міндеттерді іс жүзінде асыру үшін
мемлекетте арнайы функциялар қажет. Функция арқылы мемлекет статикалық
(формалары, аппараттары, органдар) құрылымынан динамикалық, қозғалыс
мағынасын айқындайды. Бұл жерде функциялар арқылы мемлекет алдына қойған
мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асырады. Мақсаттар әр түрлі болады:
стратегиялық және бүгінгі күнгі. Мысалы, Қазақстан Республикасы
мемлекетінің болашақтағы мақсаты экономикасы дамыған, халқының әл-ауқаты
жоғары, кедейлік пен жұмыссыздық жойылған демократиялық құқықтық мемлекет
құру. Ал бүгінгі күн мақсаты шағын және орта бизнесті, мемлекеттік тілді
дамыту және т.б. міндеттер.
Мемлекеттің функциялары дегеніміз оның алдында тұрған мақсаттары мен
міндеттерін іс жүзінде асырудың негізгі бағыттары. Мемлекет және құқық
теориясында мемлекеттің функциялары бірнеше түрге бөлінеді.
Заң әдебиетінде мемлекеттің функциялары әр түрлі мағынада және бірнеше
түрлерге бөлініп беріледі. Кеңес дәуірі кезеңінде басылып шыққан
әдебиеттерде социалистік мемлекеттің ішкі функцияларын негізінде төрт түрге
бөліп қарады: шаруашылық ұйымдастыру, еңбек пен тұтыну өлшемін есепке және
бақылауға алу, мәдени-тәрбиелік және құқық қорғау.
Социалистік мемлекеттің аталмыш функциялары негізінде бір орталықтан
басқарылатын тоталитарлық жүйенің мақсаттары мен міндеттерін қамтамасыз
етіп, іс жүзінде асырды, экономика саласында мемлекеттік монополия үстемдік
етті. Атап айтқанда Кеңестік әміршілдік экономика дәуірінде мемлекет
бастан-аяқ бәрін бақылауға тырысты. Соның салдарынан ол көптеген
қайталанатын қызмет буындары көп ебедейсіз құрымға айналды. Қалыпты дамыған
елдерде кеңес мемлекеті бақылауына алуға әрекеттенген міндеттердің 80
проценті мемлекеттердің функциясына жатпайды.
Тоталитарлық коммунистік жүйе күйреген соң әдебиетте мемлекеттің
функциялары әр түрлі мағынада суреттелінеді. Мысалы, 1994 жылы жарық көрген
(В.В. Лазаревтің редакциялық басқаруымен) мемлекет және құқықтың жалпы
теориясында мемлекеттің функцияларын бір мағынада қарауды ұсынып, барлық
мемлекеттердің функцияларын экономикалық, саяси, әлеуметтік және
идеологиялық деп бөліп қарауды ұсынады.
1997 жылы Н.И. Матузов пен А.В. Мальконың редакциялық басқаруымен
көрген мемлекет және құқық теориясында мемлекеттердің функцияларын негізгі
және негізгі емес деп танып, Ресей мемлекетінің функцияларын: экономикалық,
әлеуметтік, мәдениет, ғылым және білімді дамыту, салық, салу және салық
алу, экологиялық, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, меншіктің
барлық формаларын, құқықтық тәртіпті қорғау сияқты функцияларға бөлінеді.
Ал, соңғы жылдары басылып шыққан В.С.Нерсесянцтың қысқаша оқулық курсында
мемлекеттің негізгі функцияларына: құқық орнату, құқықты іс жүзінде асыру,
құқық қорғау, сыртқы мемлекеттік функциялар деген жіктеулер пайдаланылады.
Басқада жарық көрген оқулықтарда осы көрсетілген функциялар әр түрлі
мағынада қайталанылады. Мемлекеттің функцияларын әр уақытта тарихи құбылыс
деп танып, оның қоғамның дамуы барысында өзгеріске ұшырап отыратынын басты
назарда ұстау қажет. Мысалы, құл иеленуші мемлекеттегі құлдардың
көтерілістерін басып-жаншу функциясы даму барысында мүлдем жойылды.
Ал 1917 жылы Қазан төңкерісінің нәтижесінде орнаған пролетариат диктатурасы
мемлекетінің қанаушы таптардың қарсылығын басып-жаншу функциясы да тарихта
таптық мүдделермен тығыз байланыста іс жүзінде асырылған болса, қазір ондай
функцияның ешқандай қажеті жоқ. Заман, ғылыми-техникалық прогресс қоғам
талабына сай мемлекеттің функцияларын қалыптастырады.

2. Мемлекеттің функциялары
Мемлекеттің функциялары негізінде ішкі және сыртқы болып бөлінеді.
Ішкі функциялар мынандай түрлерге бөлінеді:
1.Экономикалық. Барлық мемлекеттерге тән функция. Мемлекеттің
экономикалық функциясы негізінде қоғамда өндірісті және өндірістік
қатынастың субъектілеріне нарықтық экономиканы дамытуға жан-жақты
жағдайлар туғызу болып табылады. Тәуелсіз Қазақстан Республикасы нарықтық
қатынастардың қалыптасып, өсіп дамуына көптеген шаралар қолданып,
реформалардың іс жүзінде асуына жол ашты. Атап айтқанда мемлекет
жекешелендіру процесін аяқтады, орта тапты қалыптастыруда шағын және орта
бизнестің дамуына жағдайлар жасауда. Шетелдердің инвестициялары Қазақстан
экономикасының негізгі салаларын көтеруге және дамытуға мол үлес қосуда.
Қазақстан Республикасынын Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
Қазақстан—2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі
және әл-ауқатының артуы деп аталатын тұжырымдары бойынша Жолдауында: Әділ
әкімшілік бұлжытпай орындайтын, анық тиімді және қатаң ұстанатын зандары
бар ашық және бәтуәгерліқ инвестициялық саясат шетел инвес-тицияларын
тартудың барынша қуатты ынталандыру тетігі бо-лып табылады. Мұндай саясатты
талдап жасау біздің негізгі міндеттеріміздің бірі болуға тиіс, өйткені
Қазақстанның шетел капиталынсыз, технологиясынсыз және тәжірибесінсіз жедел
экономикалық өрлеу мен жаңартуға қалай қол жеткізетінін коз алдымызға
келтіру қиын.
Қазақстан Республикасы экономиканы дамытуда сонымен қатар аграрлық саланы
өркендетуде өз үлесін қосуда. Мемлекет тарапынан ауылға кредит беру, шаруа
қожалықтарының өнімдерін сатып алу, техникамен көмектесу және жеке
меншіктегі малдарға салық салмау сияқты шараларды іс жүзіне асыруда.
Экономикалық функцияларын іс жүзіне асыруда Қазақстан мемлекеті дүние жүзі
өркениеті мемлекеттерінің экономикалық жетістіктерін пайдалануда. Белгілі
философ С.Б. Бөлекбаевтың тұжырымдары бойынша мемлекеттің экономикалық
функцияларына мыналар жатады:
1. Нарықтық жүйенін жұмыс істеуін құқықтық және саяси жағынан қамтамасыз
ету.
2. Бәсекелестік және еркін бағаның қалыптасуын қорғау:
3. Макроэкономикалық тұрақтылық саясатын жүргізу. Ол негізінде ақша қаржы
саласында іс жүзіне асырылады, мемлекет инфляциямен күреседі, өндірістік
айналыммен жұмыссыздыққа әсер етуге әрекеттер жасайды.
2.Әлеуметтік. Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекетімізді
демократиялық, зайырлы, құқықтық ретінде орнықтырумен қатар оны әлеуметтік
деп жариялады. Әлеуметтік функция қоғамның көптеген салаларын қамтиды және
мемлекеттің, адамның әл-ауқатын, тұрмысын жақсартуға бағытталған.
Әлеуметтік функциясының ең негізгі мақсаты қоғамдағы байлықты халық
арасында әділеттілік қағидасы негізінде бөлініп беру болып табылады.
Мемлекет өз тарапынан еңбек етуге жарамсыз болған қоғамдағы әлеуметтік
топтарға жан-жақты қамқорлық жасауға міндет алады. Конституцияда былай деп
көрсетілген: 1. Қазақстан Республикасының азаматына жалақы мен зейнетақының
ең төменгі мөлшеріне, жасына келген, науқастанған, мүгедек болған,
асыраушысынан айырылған жағдайда және өзге де заңды негіздерде әлеуметтік
қамсыздандырылуына кепілдік беріледі.
2. Ерікті әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік қамсыздандырудың қосымша
нысандарын жасау және қайырымдылық көтермеленіп отырады (28-бап).
Бұл норма мемлекетке қарт адамдарды, мүгедектерді, көп балалы отбасын,
тастанды, жетім балаларды және тарихи отанына оралған қазақтарға көмек
көрсету міндетін жүктейді. Сонымен қатар мемлекеттің әлеуметтік
функциясының ең бастапқы міндеттерінің бірі — кедейлілікпен, жұмыссыздықпен
күресу болып табылады. Қазақстан—2030 Бағдарламасында бұл мәселені шешуде
мемлекет алдына мынандай міндеттер қойып отыр: Осы жылдардың ішінде
кедейшілік пен жұмыссыздыққа қарсы күрес стратегиясы:
— кіші кредиттер жүйесін енгізуге;
— шағын және орта бизнесті дамытуға;
— еңбекті көп кажет ететін салаларды басымдықпен дамытуға және бұларға
шетел инвестициялары мен ұлттық капиталды белсенді тартуға;
— шарттар мен контракттар және бюджеттік сатып алулар кезінде жұмыспен
қамту проблемаларына қатаң тұрғыдан келуге;
— қоғамдық жұмыстарды, ең алдымен жол құрылысы мен орман отырғызуды
дамытуға;
— жеке кәсіпкерлерді дамыту жолындағы қажетсіз әкімшілік кедергілердің
бәрін алып тастауға;
— қызмет көрсету саласын және әсіресе туризмді белсенді дамытуға
негізделеді.
Бұл міндеттер мемлекеттік әлеуметтік функциялары арқылы іс жүзіне
асырылады.
3. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету. Қазақстан
Республикасының Конституциясы адам және адамның өмірін, құқықтары мен
бостандықтарын ең қымбат қазына деп жариялады (1-бап). Осыған байланысты
оның Конституциялық құқықтары мен бостандықтарын тиімді қорғау мемлекеттің
ең негізгі міндеттері болып табылады. Адам құқының мемлекет тарапынан
тиімді қорғалуы демократияның кең қанат жаюынық белгісі, аяққа тапталуы
—заңдылықтың дағдарысқа ұшырауы. Қазақстан Республикасының Конституциясы
адам және азаматтың кең көлемде және демократиялық құқықтары мен
бостандықтарын жариялады. Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге
тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра
алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен
қолданылуы осыған қарай анықталады деп атап көрсетілді Конституцияда (12-
бап). Мемлекет осы норманы тек жариялап қана қоймай, сонымен қатар
құқықтарды қорғауға өзінің кепілділігін береді. Президент, сот билігі,
прокуратура органдарының адам құқық қорғау қызметтері Конституциялық
міндеттері болып табылады. Мысалы, Қазақстан Республикасының Конституциясы
бойынша Президент Халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның
мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі
кепілі (40-бап). Сонымен қатар сот органдарының адам құқын қорғауда үлкен
роль атқарады. Адам құқықтарының тиімді қорғалуының тетіктері мен
қағидалары Қазақстан Республикасының Конституциясының 77-бабында нақтылы
көрсетілген. Бұл талаптар негізінде 10 қағидадан тұрады:
1) адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол
жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі;
2) бір құқық бұзушылық үшін ешкімді де қайтадан қылмыстық немесе әкімшілік
жауапқа тартуға болмайды;
3) өзіне заңмен көзделген соттылығын оның келісімінсіз ешкімнің өзгертуіне
болмайды;
4) сотта әркім өз сөзін тыңдалуына құқылы;
5) жауапкершілікті белгілейтін немесе күшейтетін, азаматтарға жаңа
міндеттер жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлататын заңдардың кері
күші болмайды. Егер құқық бұзушылық заңмен алынып тасталынса немесе
жеңілдетілсе, жаңа заң қолданылады;
6) айыпталушы өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міңдетті емес;
7) ешкім өзіне-өзі, жұбайына (зайыбына) және заңмен белгіленген шектегі
жақын туыстарына қарсы айғақ беруге міндетті емес. Діни қызметшілер
өздеріне сеніп сырын ашқандарға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттің атқаратын жұмысының негізгі бағыты мен әдістерін анықтайтын мемлекет функциясының ұғымын анықтау
Мемлекет функциясының белгілері
Мемлекеттің функциясы
Мемлекет функциясының ішкі функциясы
Мемлекет түсінігі, функциясы
Мемлекеттік функцияның түсінігі
МЕМЛЕКЕТ ФУНКЦИЯЛАРЫ ТҮСІНІГІ
МЕМЛЕКЕТ ФУНКЦИЯЛАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Биліктің бөлінуі қағидасы
Мемлекет функциясы және даму эволюциясы
Пәндер