Шетел валютасын кәсіпкерлік қызмет ретінде пайдаланудың тәртібі және оның режимі


Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

Тұрар Рысқұлов Атындағы Қазақ Экономикалық Университеті

«Саясаттану және құқық» кафедрасы

Реферат

Тақырыбы: Шетел валютасын кәсіпкерлік қызмет ретінде пайдаланудың тәртібі және оның режимі

Оқытушы:Нуранова Р. Қ.

Студент:Қалимұратқызы Б.

Мамандығы:Маркетинг

Тобы:307

Алматы 2009

Жоспар:

I Кіріспе

Валюта ұғымы жөніндегі түсінік

II Негізгі бөлім

1) Кәсіпкерлердің шетел валютасымен жүргізетін операциялары.

2) Шетел валютасын жəне ұлттық валютаны қайтарудың мәні

3) Резиденттер мен резидент еместер арасындағы валюталық операциялар

4) Шетел валютасымен жасалатын айырбастау операциялары.

III Қорытынды

Валюталық реттеу мен бақылаудың маңызы

IV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Алматы 2009

Қазақстан Республикасы сыртқы экономикалық саясатта көп векторлы бағытты жүзеге асыратын болғандықтан, валюта мәселесі бұл ретте аса маңызды мәселе болып табылады. Бұл өз кезегінде кәсіпкерлік қызметке аса зор ықпалын тигізеді. Кәсіпкерлік қызмет отандық және шетел валютасымен есеп айырысу негізінде жүзеге асады. Шетел валютасын пайдалану арқылы кәсіпорын өзінің қызметін жүзеге асырады. Десе де, кәсіпкерлік қызметте шетел валютасын қолданудың, яки пайдаланудың өзіндік тәртібі, шегі және оның режимі бар. Бұл заңдылық ҚР шетелдермен жүргізетін валюталық қатынастарының негізгі элементтері республикада қабылданған заңдарда айқындалған. Қазақстан заңдары бойынша валюталық реттеудің объектісі болып шетел валютасындағы, бағалы қағаздар, валюталық құндылықтарды, тазартылған алтын мен басқа да бағалы металдарды республикаға әкелу, алып кету және жіберу тәртібін белгілеу болып есептеледі. Валюталық қатынастарының субъектілері болып резиденттер және резидент еместер саналады. Ең алдымен оған тоқталмас бұрын шетел валютасы туралы түсінікке тоқталып өтсем.

Шетел валютасы - шет мемлекеттің валютасы, сондай-ақ халықаралық ақша немесе есеп айырысу бiрліктерi болып табылса, ал валюта - мемлекеттердің заңды төлем қаражаты ретінде қабылдаған ақша бiрлiгі немесе банкноттар, қазынашылық билеттер жəне монеталар, оның iшiнде қымбат металдардан жасалған монеталар түрiндегі қолма-қол жəне қолма-қол емес ақша нысанындағы құнның ресми стандарттары, сондай-ақ шоттардағы, оның ішiнде халықаралық ақша немесе есеп айырысу бiрлiктерiндегі қаражат, яғни валюта дегеніміз елдің ақша бірлігі, оның шартты түрі, халықаралық төлем-есеп айырысу айналымының каналдары арқылы ұлттық ақшаларды қолданудың ерекше формасы болып табылады.

Валюталық құндылықтарға : шетел валютасы, номиналы шетел валютасымен көрсетілген бағалы қағаздар жəне төлем құжаттары, резидент еместер шығарған номиналы жоқ бағалы қағаздар, тазартылған құйма алтын, резиденттер мен резидент еместер арасында, сондай-ақ резидент еместер арасында операциялар жасалған жағдайда қолданылған ұлттық валюта, номиналы ұлттық валютамен көрсетілген бағалы қағаздар жəне төлем құжаттары, резиденттер мен резидент еместер арасында, сондай-ақ резидент еместер арасында операциялар жасалған жағдайда қолданылған резидент шығарған номиналы жоқ бағалы қағаздар жатады.

Шетелдiк банктер - Қазақстан Республикасынан тыс жерде құрылған

жəне өздері тіркелген мемлекеттердiң заңнамасы бойынша банк

операцияларын жүзеге асыруға құқығы бар банктер мен өзге де қаржы

институттары ретінде орнықса,

Ұлттық валюта - Қазақстан Республикасының валютасы;

айырбастау пункттерi - шетел валютасымен айырбастау операциялары

жүргiзiлетiн арнайы жабдықталған орындар болып табылады.

Мəміле паспорты - валюталық операциялар бойынша есепке алуды

жəне есептілікті қамтамасыз ету үшін қажетті сыртқы экономикалық мəміле

туралы мəліметтер көрсетілетін белгіленген нысандағы құжат;

Валюта пайда болғаннан кейін әрине валюталық қатынас пайда болады. Валюталық қатынастары деп-әлемдік шаруашылықта валюта айналымынан қалыптасатын қоғамдық қатынасиар жиынтығы, олар ұлттық шаруашылықтардың нәтижесінің өзара айырбасталуына қызмет етеді. Сонымен валюта қатынастарының кейбір элементтері көне дәуірде (ежелгі Египетте, Римде) вексель және айырбастау істері ретінде пайда болған. Валюта қатынастарының туындауы ұдайы өндіріске байланысты болғанымен оған, өз кезегінде, өндірістің тұрақтылығы дірежесңне қарай керісінше де әсер етеді.

Халықаралық валюта жүйесі деген халықаралық валюта қатынастарның ұйымдастыру формасы, яғни ол халықаралық несие қаржы институттарымен халықаралық-несие шарт және мемлекеттік құқық нормасы кешендерін біріктіретін жүйе.

Шет ел валютасын жəне ұлттық валютаны қайтару.

1. Резиденттер мəміле шарттарында көзделген мерзiмде уəкілетті банктердегі банк шоттарына:

1) резиденттiң тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) экспортына ақы төлеуге алған ұлттық валютаны жəне шетел валютасын;

2) резидент емес мiндеттемелерiн орындамаған жəне толық орындамаған жағдайда, резиденттiң тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) импорты бойынша есеп айырысуды жүзеге асыруы үшiн резидент еместiң пайдасына аударған ұлттық валютаны жəне шетел валютасын аударуды қамтамасыз етуге міндетті.

2. Резиденттің тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) экспорты, импорты бойынша есеп айырысуды жүзеге асырған кезде уəкілетті банктердегі банк шоттарына ұлттық жəне шетелдік валютаны аударуы:

1) резидент еместен тартылған қарыздың шарттарына сəйкес резиденттің міндеттемелерін қамтамасыз етуге арналған шетелдік банктердегі резиденттің шоттарына валюта түсімін аударған;

2) резиденттің шет елде ашылған филиалдары мен өкілдіктерінің қызметін қамтамасыз етуге арналған шетелдік банктердегі шоттарына валюта түсімін аударған жағдайларда талап етілмейді.

3. Тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) экспорты, импорты бойынша есеп айырысуды жүзеге асырған кезде уəкілетті банктердегі шоттарға ұлттық жəне шетелдік валюта түспеген кезде аудару жөніндегі міндеттеме осы Заңға сəйкес:

1) біркелкі қарсы талапты есепке алу арқылы резидент еместің міндеттемелері тоқтатылған;

2) олардың арасында бұрыннан бар бастапқы мiндеттеменi сол тұлғалар арасында өзгеше нысананы немесе өзгеше орындау тəсілiн көздейтiн басқа мiндеттемемен ауыстыру арқылы резидент еместiң мiндеттемелерi тоқтатылған;

3) резидент емеске талап қою құқығы басқа тұлғаға берiлген;

4) резидент еместiң мiндеттемелердi орындамау тəуекелiн сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру төлемi алынған жағдайларда ішінара немесе толық орындалды деп есептеледi.

4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi резиденттердiң қайтару талаптарын орындауын қамтамасыз ету мақсатында резиденттердің экспорт жəне импорт жөнiндегі мəмiле паспорттарын ресiмдеудiң бiрыңғай ережесi мен шарттарын жəне экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру тəртiбiн белгiлейдi.

Экспорттаушы (импорттаушы) келiсiм-шарт жасасқан күнi баламасы он мың АҚШ долларынан аспайтын сомаға жасалған келiсiм-шарттар бойынша мəміле паспорты ресiмделмейдi.

5. Резиденттiң уəкiлеттi банктердегi жəне шетелдiк банктердегi өзiнің шоттарына ұлттық жəне шетелдiк валютаны аударуын бақылау мақсатында, тауарлардың (жұмыстардың, қызметтер көрсетудің) экспортын, импортын көздейтiн келiсiм-шартта резидент еместердiң мiндеттемелердi орындау мерзiмi мiндеттi түрде көзделуi тиiс.

6. Осы баптың талаптарының орындалуын жəне валюталық қаражаттың қайтарылмауының негiздiлiгiн бақылауды салық қызметi органдарымен, кеден жəне құқық қорғау органдарымен, оның ішінде өзара ақпарат алмасу арқылы бiрлесiп Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады.

Резиденттер мен резидент еместер арасындағы валюталық операциялар

1. Резиденттер Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сəйкес тараптардың келiсiмi бойынша резидент еместермен ұлттық жəне шетелдік валютамен мəмілелер жасасуға құқылы.

2. Резиденттер резидент еместермен операциялар бойынша шетел валютасымен көрсетiлген вексельдер шығаруға құқылы.

3. Резидент еместер салымдар (депозиттер), бағалы қағаздар, резиденттермен қарыз алу операциялары жəне осы Заңда көзделген тəртіппен жүзеге асырылған өзге де валюталық операциялар бойынша алынған дивидендтердi, сыйақы мен өзге де кiрiстердi шектеусiз алуға жəне аударуға құқылы.

4. Егер осы Заңның 20-24-баптарында аталған валюталық операцияларға қатысты валюталық реттеу режимдерi белгiленбесе, резиденттер мен резидент еместер арасындағы валюталық операциялар хабарлама режимін белгiлеуге құқылы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген тəртіппен шектеусіз жүзеге асырылады.

Осы Заңда белгiленген валюталық реттеу режимдерi тараптардың бiрi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жəне (немесе) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi болып табылатын резидент еместермен жасалатын валюталық операцияларға қолданылмайды.

Резидент еместер арасындағы валюталық операциялар.

1. Қазақстан Республикасының аумағында резидент еместер арасындағы валюталық операциялар осы Заңның 16-бабында белгіленген талаптарды ескере отырып шектеусiз жүзеге асырылады.

2. Қазақстан Республикасының аумағында резидент еместер арасындағы валюталық операцияларды жүргiзуге шектеулер осы Заңның 32-бабында көзделген жағдайларда ғана енгiзiлуi мүмкін.

Резиденттер мен резидент еместердiң валюталық операциялар бойынша төлемдері жəне ақша аударымдары.

1. Резиденттер мен резидент еместердiң валюталық операциялар бойынша төлемдерi жəне ақша аударымдары уəкiлеттi банктердегі шоттар арқылы жүзеге асырылады, оған мыналар кірмейдi:

1) Қазақстан Республикасының аумағындағы жеке тұлғалардың ұлттық валютамен төлемдерi жəне ақша аударымдары, сондай-ақ олардың пайдасына төлемдер мен ақша аударымдары;

2) Жеке тұлғалардың уəкiлеттi банктерде шот ашпай жүзеге асыратын ақша аударымдары;

3) Бөлшек сауданы жүзеге асыруға жəне қолма-қол шетел валютасымен қызмет көрсетуге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар арасындағы төлемдер;

4) жеке тұлғалар мен уəкілетті банктердің немесе уəкілетті ұйымдардың арасындағы олардың айырбастау пункттері арқылы жүзеге асырылатын төлемдер;

5) резидент заңды тұлғалардың резидент емес қызметкерлерге, сондай-ақ резидент емес заңды тұлғалардың резидент жəне резидент емес қызметкерлерге шетел валютасымен жалақы төлеуі;

6) заңды тұлғалардың қызметкерлерді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге іссапарларға жіберуге байланысты шығыстарды шетел валютасымен төлеуі;

7) өз қызметін Қазақстан Республикасының кеден аумағында əуежайларда, порттарда жəне халықаралық қатынастар үшін ашылған шекаралық өткелдерде кедендік бақылаумен жүзеге асыратын жеке тұлғалар мен резидент емес заңды тұлғалар арасындағы төлемдер;

8) резидент заңды тұлғалар мен Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметiн жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар арасындағы Қазақстан Республикасының төлемдер мен ақша аударымдары туралы заңнамасында белгiленген сома шегiнде ұлттық валютадағы төлемдерi;

9) чек, вексель беру (тапсыру) арқылы жасалатын төлемдер;

10) осы Заңда белгiленген тəртіппен ашылған шетелдiк банктердегi шоттар арқылы жүзеге асырылатын төлемдер мен ақша аударымдары;

11) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актісiнде көзделген жағдайларда, резидент еместер резиденттiң мiндеттемелерiн орындау есебіне жүзеге асыратын олардың шетелдiк банктердегi шоттарынан ақша аударымдары.

Резидент жəне резидент емес заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағында валюталық операциялар жүргiзген кезде алған қолма-қол шетел валютасы олардың уəкілетті банктердегi шоттарына мiндеттi түрде аударылуға тиiс.

2. Осы Заңда(«Валюталық реттеу және валюталық бақылау») лицензиялау, тiркеу, хабарлама жəне (немесе) мəміле паспортын ресiмдеу талабы белгiленген Қазақстан Республикасының аумағындағы валюталық операциялар бойынша төлемдер мен ақша аударымдары уəкiлеттi банктерде ашылған шоттар арқылы ғана жүзеге асырылады.

3. Резидент жəне резидент емес жеке тұлғалар белгіленген сома шегінде уəкiлеттi банктерде шот ашпай-ақ:

1) Қазақстан Республикасының аумағында, Қазақстан Республикасынан жəне Қазақстан Республикасына өтеусiз ақша аударымдарын (салықтық, лицензиялық төлемдердi, айыппұлдарды, мұрагерлік сома аударымдарын, алименттердi, гранттарды жəне басқаларын) ;

Шетел валютасымен жасалатын айырбастау операциялары:

1. Уəкiлеттi банктер өздерiне берiлген лицензияға немесе Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiмен берiлген құқыққа сəйкес шетел валютасын Қазақстан Республикасында, сол сияқты шет елде де еркiн сатуы жəне сатып алуы мүмкiн.

2. Қазақстан Республикасында шетел валютасын сатуды жəне сатып алуды резиденттер мен резидент еместер тек қана уəкiлеттi банктер, олардың айырбастау пункттерi, сондай-ақ уəкiлеттi ұйымдардың айырбастау пункттерi арқылы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгілеген тəртіппен жүргізедi.

Қазақстанға шетел валютасының әкелінуіне және, тиісінше, экономикада ақшаның өсуіне екінші деңгейдегі банктердің сыртқы нарықта қарыз алу көлемдерінің өсуі, сондай-ақ әлемдік бағалардың, әсіресе мұнай бағасының өсуі себепші болады.

Валюталық операциялар халықаралық сауданың дамуы барысында пайда болды. Олар мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігінің маңызды көздері болып табылады. Сондықтан, валюталық операцияларды жүргізуді реттеудің және экспорт-импорт валюта бақылауы жүйесін жетілдірудің маңыздылығы артуда.

Валюталық реттеу.

“Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы” 2005 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы резиденттер мен резидент еместердің валюталық құндылықтарға құқықтарын іске асырған кезде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді, валюталық реттеу мен валюталық бақылаудың мақсаттарын, міндеттері мен тәртібін айқындайды.

Валюталық реттеудің мақсаты - тұрақты экономикалық өсуге қол жеткізу және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттің саясатына жәрдемдесу.

Қазақстан Республикасында валюталық реттеудің негізгі органы Ұлттық банк болып табылады.

Валюталық бақылауды Ұлттық банк, заңмен белгіленген өкілеттіктері шегінде өзге де мемлекеттік органдар (валюталық бақылау органдары) және валюталық бақылау агенттері жүзеге асырады.

Ұлттық банк пен Үкімет осы Заңға сәйкес өз құзыреті шегінде резиденттер мен резидент еместер үшін міндетті нормативтік-құқықтық актілер шығарады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының ұлттық валюталық қалыптасуы мен дамуы
Банкілік операциялар
Дүниежүзілік валюталық жүйе
Валюталық операцияларды жүргізудің мәнімен түрлері
Халықаралық валюталық өтімділік
Дүниежүзілік валюта жүйесінің даму кезеңдері
Валюталық операциялардың экономикалық мазмұны
Халықаралық валюталық қатынас
Ағымдағы шоттағы шетел валютадағы ақша қаражаттарының есебі
Ақша нарығының қалыптасуы, мәні және атқаратын қызметі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz