Сақтау шарты жайлы
Негізгі бөлім
Сақтау шартының түсінігі, түрлері және элементтері ... ... ... ... ... ... ... 2
Сақтау шартының нысаны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 7
Сақтау шартының мерзімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 7
Сақтау шартының субъектілері (тараптары) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
Сақтау шартының пәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
Сақтау шартының мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
Қолданылған әдебиет тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21

Сақтау шарты бойынша бір тарап (сақтаушы) оған екінші тараптын (жүк берушінің) берген затын сақтауға және бұл затты сақталған күйінде қайтаруға міндеттенеді (ҚР АК 768-6. 1-т.).
Сақтау мәселесін баяндайтын бірқатар теориялық зерттеулерде атап өтілгендей сақтау қызмет көрсетудің ерекше түрі, соның ішінде қызмет көрсетулердің ішінде азаматтық-құқықтық міндеттемелер арқылы қамтамасыз етіле алатын кең таралған түрлерінің бірі болып табылады.
Қазіргі қоғамда сақтау бойынша қатынастардың кеңінен таралуын толық түсінуге болады. Азамат өз үйінен шығып, қоғамдық орындарға барғанда-ақ заттарды сақтауға беру қажеттілігі жиі туындайды. Мұндай жағдайларда азамат үшін шарт еркіндігі, біз бұған мән бермесек те, елеулі түрде шектеледі. Білім беру, дәрігерлік, өзге де мекемелерде, ұйымдарда, театрлар мен т.б. жерлерде сырт киімді ғардеробқа өткізу талабы белгіленуі мүмкін. Дүкендерде (сауда кәсіпорындарда) сөмкелерді, қол сандықтарды, кейстер мен өзге де ұқсас заттарды сақтауға өткізуді талап ете алады.
Жалпы пайдаланыстағы орындарда (базаларда) саудамен айналысатын кәсіпкерлер базарларға тиесілі үй-жайларда сақтау қызметін пайдалана алады. Жалпы кіші кәсіпкерлік субъектілеріне (сауда фирмаларына) өз тауарларының сақталуын қамтамасыз ету үшін сақтаумен кәсіби турде айналысатын субъектілердің қызметтерін пайдалану тиімдірек болып табылуы мүмкін. Бұл аталған кәсіпкерлерге қайта үй жайларының құры-лысына (оларды сатып алуға) оларды жалға алуға, күзетуге, сондай-ақ қойма жабдықтарын сатып алуға қомақты соманы жіберуге мәжбұр болғанның орнына өзінің айналым қаражаттарын жұмсамауға мүмкіндік береді.
Сақтау қажеттілігі зандардың талаптарына сәйкес туынайтын жағдайлар да орын алады. Мысалы, арестке алынған мүлікті, мұраға қалдырылған мүлікті, кеден қоймаларындағы мүлікті және т.б. сақтау жүзеге асырылады.
Заттардың белгілі бір түрлері тек тиісті жағдайлары бар, заттардың сақталуын қамтамасыз ете алатын (соның ішінде ұрлаудан сақтай алатын), оларды беру мен сақтауға қабылдаудың тиісті режимін қамтамасыз ететін сақтаушылармен ғана сақтала алады. Әрине, мұндай жағдайларда да заттарды сақтауға беру қажеттілігі туындайтын болады.
Яғни, сақтау бойынша міндеттеменің туындауы өртүрлі себептермен жетеленуі мүмкін және ол тек сақтау шартына ғана байланысты туындамайды. Алайда сақтау шарты басқа да барлық жағдайларда осындай міндеттеменің туындауының негізі бо¬лып табылады.

1. 1. Жағазин Ғ.А. ҚР Азаматтық құқығы. Еерекше бөлім II том
2. Алматы заң әдебиеті, 2003 Пайдаланылған әдебиет
3. Конституция РК, Алматы, 1995.
4. УК Республики Казахстан, Алматы, 1997.
5. Сборник постановлений пленума Верховного Суда Республики Казахстан. Алматы, т 1-2, 1997
6. Каиржанов Е.К. Уголовная право Республики Казахстан. Общая часть Алматы , 1997
7. Поленов Г.Ф. Уголовное право Республики Казахстан. Общая часть - Ал¬маты, 1997; Схемы по уголовному праву Республики Казахстан.Общая часть - Алматы, 1998
8. Уголовное право (право Казахстанское, право международное) Учебное пособие. Алматы. Гылым, 1998
9. Уголовный кодекс Республики Казахстан. Общая характеристика. Срав¬нительные таблицы. Под ред. И.И.Рогова. 1-вып. - Алматы, 1997
10. Уголовное право Российской Федерации. Общая часть. Под ред. Б.В.Здра-вомыслова- - М., 1996
11. Уголовное право России. Общая часть. Под ред. А.И.Рарога. - М., 1997
12. Наумов А.В. Российское уголовное право. Общая часть. Курс лекций. -М.,1996 и др. учебники по общей части уголовного права.
13. Уголовное право. Общая часть . Учебник /Под. ред. Н.И. Ветрова, Ю.И. Ляпунова. М.1997
14. Уголовное право Казахской ССР . Общая часть . Алма-Ата 1986
15. Комментарий к Уголовному кодексу Российской Федерации. - М., 1996
16. Комментарий к Уголовному кодексу Российской Федерации. Общая часть / Под. ред. Ю.И. Скуратова, О.М. Лебедева. М. 1996
17. Комментарий к Уголовному кодексу Российской Федерации. / Ответ. редактор А.И. Бойко. Ростов -на- Дону . 1996
18. Комментарий к Уголовному кодексу Российской Федерации. Ответ. редактор В.И. Радченко. М.1996
19. Научно практический комментарий к Уголовному кодексу Российской Федерации. В 2 т. / Под ред. П.Н. Панченко. Н. Новгород. 1996
20. Практикум по уголовному праву . Учебное пособие / Под. ред Л.Л. Кругликова. М.1997
21. Комментарий к Уголовному кодексу Казахской ССР. - Алма-Ата., 1970
22. Курс советского - уголовного права. Т.1-3. - М., 1970
23. Курс советского уголовного права. Т.1-2. - П., 1968, 1970

Жоспар
Негізгі бөлім
Сақтау шартының түсінігі, түрлері және
элементтері ... ... ... ... ... ... ... 2
Сақтау шартының
нысаны ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 7
Сақтау шартының
мерзімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... . 7
Сақтау шартының субъектілері
(тараптары) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
Сақтау шартының
пәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 9
Сақтау шартының
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.. 11
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .20
Қолданылған әдебиет
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
САҚТАУ
1. Сақтау шартының түсінігі, түрлері және элементтері
Сақтау шарты бойынша бір тарап (сақтаушы) оған екінші тараптын (жүк
берушінің) берген затын сақтауға және бұл затты сақталған күйінде қайтаруға
міндеттенеді (ҚР АК 768-6. 1-т.).
Сақтау мәселесін баяндайтын бірқатар теориялық зерттеулерде атап
өтілгендей сақтау қызмет көрсетудің ерекше түрі, соның ішінде қызмет
көрсетулердің ішінде азаматтық-құқықтық міндеттемелер арқылы қамтамасыз
етіле алатын кең таралған түрлерінің бірі болып табылады.
Қазіргі қоғамда сақтау бойынша қатынастардың кеңінен таралуын толық
түсінуге болады. Азамат өз үйінен шығып, қоғамдық орындарға барғанда-ақ
заттарды сақтауға беру қажеттілігі жиі туындайды. Мұндай жағдайларда азамат
үшін шарт еркіндігі, біз бұған мән бермесек те, елеулі түрде шектеледі.
Білім беру, дәрігерлік, өзге де мекемелерде, ұйымдарда, театрлар мен т.б.
жерлерде сырт киімді ғардеробқа өткізу талабы белгіленуі мүмкін. Дүкендерде
(сауда кәсіпорындарда) сөмкелерді, қол сандықтарды, кейстер мен өзге де
ұқсас заттарды сақтауға өткізуді талап ете алады.
Жалпы пайдаланыстағы орындарда (базаларда) саудамен айналысатын
кәсіпкерлер базарларға тиесілі үй-жайларда сақтау қызметін пайдалана алады.
Жалпы кіші кәсіпкерлік субъектілеріне (сауда фирмаларына) өз тауарларының
сақталуын қамтамасыз ету үшін сақтаумен кәсіби турде айналысатын
субъектілердің қызметтерін пайдалану тиімдірек болып табылуы мүмкін. Бұл
аталған кәсіпкерлерге қайта үй жайларының құры-лысына (оларды сатып алуға)
оларды жалға алуға, күзетуге, сондай-ақ қойма жабдықтарын сатып алуға
қомақты соманы жіберуге мәжбұр болғанның орнына өзінің айналым қаражаттарын
жұмсамауға мүмкіндік береді.
Сақтау қажеттілігі зандардың талаптарына сәйкес туынайтын жағдайлар
да орын алады. Мысалы, арестке алынған мүлікті, мұраға қалдырылған мүлікті,
кеден қоймаларындағы мүлікті және т.б. сақтау жүзеге асырылады.
Заттардың белгілі бір түрлері тек тиісті жағдайлары бар, заттардың
сақталуын қамтамасыз ете алатын (соның ішінде ұрлаудан сақтай алатын),
оларды беру мен сақтауға қабылдаудың тиісті режимін қамтамасыз ететін
сақтаушылармен ғана сақтала алады. Әрине, мұндай жағдайларда да заттарды
сақтауға беру қажеттілігі туындайтын болады.
Яғни, сақтау бойынша міндеттеменің туындауы өртүрлі себептермен
жетеленуі мүмкін және ол тек сақтау шартына ғана байланысты туындамайды.
Алайда сақтау шарты басқа да барлық жағдайларда осындай міндеттеменің
туындауының негізі болып табылады. Сақтаушы тұлға мен заттарды сақтауға
берген тұлғаның құқықтары мен міндеттері шартқа сәйкес сақтау туралы
ережелермен анықталатын болады. Қазіргі жағдайларда мүлікті сақтау бойынша
міндеттердің тұлғаға оның еркінен тыс жүктелуі, сирек кездесетін
жағдайларды қоспағанда, мүмкін емес екенін атап өткен жөн. Сондықтан біз,
мұны қаласақ та, қаламасақ та сақтау шартының құрылымына жүгінуге мәжбур
боламыз.
Сақтау қолданылатын аялар сақтаудың жекелеген түрлерін сондай-ақ,
сақтау қатынастарын реттейтін заңнама актілерін қарастыру (атап өту)
кезінде тағы бір рет сипатталатын (нақтырақ) болады.
Пост кеңестікте сақтау институтының қазіргі жай күйіндегі мәселелерін
жан-жақты баяндаған аз ғана авторлардың бірі -М.И.Брагинский.
Оның сақтау қамтамасыз етілетін мүмкін болатын зандық құрылымдарды
талдауы назар аударуға тұрарлықтай (біз осындай құрылымның негізі болып
тікелей сақтау шарты табылатындығын атап өттік).
Аталған автор сақтау бойынша қатынастардың терт негізгі құрылымын
ажыратады. Біріншісі ретінде, біз айтқандай, шарт үлгісі аталады. Ол
бүтіндей және толығымен занды анықтама аясына сай келеді. Бұл құрылымға
деген қажеттшік немесе мұқтаждық сақтау қызметі дербес сипатқа ие болғанда
туындайды.
Сақтау бойынша міндеттеме басқа түрдеп шарттар мазмұнына кіретін
жағдайлар туындауы мүмкін. Бұл объективті де субъективті де факторлармен
түсіндірілуі мүмкін.
Осылайша сақтау жөніндегі міндеттемелердің қалған құрылымдары,
олардың басқа шарттардың мазмұнына кіруіне негізделеді.
Бұл жағдайларда да, сақтау бойынша қатынастардың қалған үш құрылымын
ажыратып алуға мүмкіндік беретін вариациялар мүмкін болады.
Екінші құрылым болыл сақтау бойынша міндеттеменің бір тұтас күрделі
шартқа енуі табылады. Сонымен бірге мұндай шарт сақтаусыз әрекет
ету мүмкіндігіне ие болмауға тиіс. Мұндай шарттың мысалына тасымалдау шарты
жатады. М.И.Брагинский Г.Ф.Шершеневичке сілтеме жасайды (Шершеневич Г.Ф.
Курс торгового права. Т. II. С.-Петербург, 1908. 240-6.). Г.Ф.Шершеневич
тасымалдау шартында мынадай төрт элементті ажыратқан: жеке жалға алу;
мүліктік жалға алу; тапсырыс және жүк. Осы элемент (сақтау) тек тасымалдау
шартында ғана емес, сондай-ақ басқа да күрделі шарттарда, соның ішінде
кепіл, консигнация (тауарларды сатуға беру туралы шарт) шартында, почта
байланысының қызметтерін көрсету кезінде және т.б. бар.
Сақтау күрделі емес, аралас шарттың да құрамына ене алады.
Сақтаудың аралас шарттың құрамына енуі екі құрылымды мүмкін етеді.
Бірінші құрылым (яғни жалпы тізім бойынша үшінші) кезінде сақтау шарттағы
тараптың негізгі міндеттемесіне қызмет көрсетеді. Яғни оның өзі қосымша
болып табылады. Оны ашатын мысалдарға бірнешеуін келтіруге болады. Мәселен,
сақтау бойынша қосымша міндеттеме тараптардың келісімімен көлік
экспедициясы, мердігерлік комиссия, тапсырыс шарттарында көзделуі мүмкін.
Төртінші құрылым сақтау бойынша міндеттеменің басқа міндеттемелермен
қатар орын алуын (басымды немесе кем дегенде теңдей төртіпте) көздейтін
болады. Сақтаушы өзіне экспедициялық қызмет көрсету бойынша, жүк беруші
пайдасына қосымша мердігерлік жұмыстар атқару және т.б. міндеттерді
қабылдауы мүмкін.
Сол бір немесе өзге құрылыңды қолдану, сақтау бойынша кызмет
көрсететін субъект пен оның несие берушісі қатынастарының тәжірибелік
мәселелерін шешуге әрине ықпал етеді. Алайда, біздің ойымызша, сақтау
жөніндегі жалпы, негізгі ережелердің де маңызын кемсітпеген жөн.
Елеулі айырмашылық сақдаудың күрделі шартқа енуі мен сақтаудың аралас
шартқа енуі арасында айқын көрініс табады. Бірақ, жоғарыда айтылғанды
ескере отырып, М.И.Брагинскийдің "сақтау шарттың басқа элементтершен
қосынып кететін күрделі шартқа қарағанда оған белгіленген біртұтас құқықтық
режимге бағынады... аралас кезінде АК 412-бабы кушіне енеді" деген біржақты
пікірі дұрыстау емес деген ойдамыз. Мүмкін, кұрделі шарт қатынастарын
тікелей реттейтін нормалар әрекетінің басымдығы және сақтау туралы
нормаларды қолдану мүмкіндігі туралы айтқан жөн болар. Әйтпегенде, күрделі
шарттар аясында "жүк элементін" (сақтауды) бөліп көрсету мәнісінен
айырылады. Бұған қоса, заңнаманы осылай талқылау ар-қылы біз бірқатар ұқсас
жағдайларда сақтау туралы нормалардың жалпы (бағыттаушы) маңызын елеулі
түрде төмендетіп аламыз. Сақтаушылар және жүк берушілер деп тікелей
аталмаған субъектілердің құқықтары мен міндеттерін анықтауда айтарлықтай
қиыншылықтар туындайды, алайда олардың іс жүзіндегі жағдайы сақтаушы мен
жүк берушінің жағдайы сияқты болып табылады немесе соған жақынырақ болады.
Сақтау шартын (міндеттемесін) аралас шарттардан бөлектеген жөн. Бұл
сақтау шартының өзі туралы толық пікір (әсер) алуға мүмкіндік береді.
Сақтау шартының қарым-қатынасы туралы осы мәселені баяндауда
А.П.Сергеева мен Ю.К.Толстойдың редакторлығымен шыққан азаматтық құқық
оқулығының авторлары қомақты үлес қосты. Аталған оқулықтың авторлары атап
өткендей, сақтаудын жалға алу мен ссудадан ерекшелігі - сақтаушының
мүліктін сақталуын оны пайдалану құқықтарын иеленбей қамтамасыз етуте тиіс
екенінде. Ал жалға алушы мен несие беруші мүлікті пайдалану құқығын
иеленеді. Яғни екі жағдайда да мүлікті уақытша иелікке берудің мақсаттары
әртүрлі (осының өзі салыстырмалы талдау жасауға түрткі болды).
Аталған ерекшелікке сүйене отырып, сақтаушының ерекеттерін, егер ол
өзінің шарттық өкілеттіктерін асыра отырып, мүлікті пайдаланатын болса,
заңсыз деп тануға болады. Жалға алу шартында сақтау элементін бөліп көрсету
мүмкін емес, ейткені жалға алушы, мүлікті уақытша болса да өз иелігіне ала
отырып, оны өз мақсаттары үшін сақтайтын болады. Муліктің сақталуын
қамтамасыз ету бойынша жалға алушының міндеттері тікелей мүлікті жалға алу
шартынан туындайды (тек осы шарттын ерекшелігін құрайды). Жоғарыда мұлікті
жалға алу шартын қарастыра отырып, біз мұлікті ұстау жөніндеп ауыртпалық
сәйкесінше жалға алушыға етуге тиіс екендігі туралы айтқанбыз. Егер де
сақтау шарты туралы сөз қөзғайтын болсақ, онда мүлікті ұстау ауыртпалығын
сақтаушыға беруге жол берілмейді.
Осы айтылған сөз аралас шарттардың соның ішінде жалға алу элементтері
бар сақтау шартының бекітілуін жоққа шығармайды. Мұндай сәттерде, тиісінше
жалға алу немесе сақтау туралы нормаларды қандай пропорцияда, тараптардың
қандай қатынастарына қолдануды анықтау міндеті туындайды. Бұл жөнсіз мәселе
емес. Мәселен, жалға беруші мүлікті жалға бере отырып, затты пайдалану
нәтижесінде оның мүмкін болатын төзуымен алдын-ала келіседі. Ал, жүк беруші
болса затты бұрынғы күйінде, төзусыз қайта алуға жиынтық айырмашылық айқын
көрінеді. Қандай нормалар басынды болып табылады, тараптар мүдделерінің
балансы қайда?
Бұл даулар бойынта істерді шеше алатын аяттар, сондай-ақ зерттеушілер
мен азаматтық құқықтың өзге де мамандары үшін күрделі сұрақтар болын
табылады.
Сондықтан олардың мәнісіне, мазмұнына нормативтік реттелуі мен осыған
байланысты, мүмкін болатын тәжірибелік айырмашылықтарға сүйене отырып біз
сақтаумен заем сақтау мен қөзғалмайтын мүлікті кузету шарттарын ажыратамыз.
Бірақ біз аталған оқулық авторларының мынадай пікірмен келіспейміз:
"сақтау шартын, басқа азаматтық-құқықтық міндеттемелердің құрамдас
бөліктері болыл табылатын мүліктің сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі
міндеттерден ажырату қажет. Дәлірек айтканда, мұндай міндеттер заңмен
мердігерге (АК 914-бабы) тасымалдаушыға (АК 796-бабы) комиссионерге (АК 998-
бабы) және бірқатар өзге міндеттемелердің қатысушыларына жүктеледі. Осындай
және соларға ұқсас барлық жағдайларда тараптардың өзара қарым-қатынастары
сақтау шарты туралы нормалармен емес тиісті шарттар туралы ережелермен
реттеледі". Келіспеушілік себебін жоғарыда атап өткенбіз. Жалға алушы
мүлікті өз мақсаттары үшін алатыы жалға алута қарағанда, кәдімгі сақтаушы
сияқты, мердігер де затты құр сақтайды және мердігердің осы міндетінің
тәртібін реттеу үшін мердігерлік туралы нормалардың өзі жеткшіксіз болғанда
сақтау туралы нормалар қолданылуға тиіс. Енді щарттың өзін нақты
қарастыруға көшейік.
Әрекет етуші заңнамада сақтау шартының бірқатар түрлерінің тәртібі
ретке келтірілген. Ең алдымен, сақтаудың барлық шарттары үшін маңызды
болатын сақтау туралы жалпы ережелер бөліп қарастырылады. Олармен кәдімгі
(тұрмыстық) сақтау да реттеледі.
Субъектілік қатарындағы айырмашылықтарға, мазмұнындағы кейбір
ерекшеліктер мен норматитік бекітшуіне байланысты сақтау шартының мынадай
түрлері ажыратылады: 1) заттарды ломбардта сақтау; 2) құндылықтарды банкте
сақтау; 3) көлік ұйымдарының сақтау камераларында сақтау; 4) ұйымдардың
киім ілгіштерінде сақтау; 5) қонақ үйде сақтау; 6) даулы заттарды сақтау —
секвестр,
Кәсіпкерлік аясындағы қарым-қатынастарды реттеу үшін арнайы көзделген
және осыған орай нысанындағы тараптардың құқықтары мен міндеттеріндегі
елеулі ерекшеліктерге байланысты жеке бөліп қарастырылатын сақтау шартының
тағы бір түрі болып тауарлы қоймада сақтау шарты табылады.
Сақтау шарты туралы нормалар Қазақстан Республикасының Азаматтық
кодексінде, 39-тарауда (768-802-баптар) қамтылған. Сақтау қатынастарына
қатысты нормалар сондай-ақ өзге де зандық, және заңға сәйкес нормативтік
актілерде көрініс тапқан. Оларға мыналарды жатқызуға болады: 31 тамыз 1995
жылғы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы банктер және
банк қызметі туралы" Заңы, 19 қаңтар 2001 жылғы Қазақстан Республикасының
"Астық туралы" Заңы, 20 шіл-де 1995 жылғы Қазақстан Реснубликасы Президенті
"Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Заң күші бар Жарлығы, 10
шілде 1998 жылғы Қазақстан Республикасының "Есірткі құралдары, психотропты
заттар, прекурсорлар мен олардың заңсыз осы заңның атауын тексеру керек
айталымы мен теріс пайдаланылуына қарсы әрекет ету шаралары туралы Заңы
және басқа да жекелеген зандар. Заңға сөйкес нормативтік актілерге мыналар
жатады: ҚР Ұлттық банк Басқармасымен 16 шілде 1995 жылы бекітілген
Ломбардтар туралы Ереже, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 17 сәуір
2000 жылғы № 35 бұйрығымен бекітілген арестке алынған мүлікті сақтаудың
тәртібі мен жағдайлары туралы нұсқау, Қазақстан Республикасының Ми-нистрлер
Кабинеті тұсындағы кеден комитетінің 6 шілде 1995 жылғы № 125 бұйрығымен
бекітітғен, Кеден қоймалары туралы Ереже; Қазақстан Республикасы Үкіметінің
22 ақпан 2000 жылғы № 273 "Астық пен оны қайта өңдеу өнімдерін
элеваторларда қабылдау, сақтау, қайта өңдеу бойынша қызметті лидензиялаудың
жекелеген мәселелері туралы" қаулысы. Бұл, сондай-ақ сақтау мәселелері
жөніндегі нормативті актілердің тұпкілікті тізімі емес. Сақтау шарты реалды
шарт. Бұл ҚР АК 768-бабының 2-тармағының мазмұнынан көрінеді. Онда сақтау
шарты зат сақталуға берілген кезден бастап жасалған деп танылатындығы,
тікелей көрсетілген. Аталған норма мағынасынан туындайтындай, бұл шарттың
мәнісі тараптардың еркі бойынша консенсуалды шарт құрылымын қолданута
бейімделмеген. Өйткені алдын ала келісім бойынша жүк берушіні сақтаушымен
мәжбұр ету мүм-кіндігі ең алдымен егер бұл басқа тұлғалардың мүдделеріне
зиян (шарттық немесе шарттық емес) келтірмейтін болса өз мүлкіне билік ету
мүмкіндігі болуға тиіс меншік иесі ретіндегі жүк беруші мүдделеріне зиян
келтірер еді.
Жүк беруші шарттан бас тарту кезінде бұл орын алмайды (орын алмауға
тиіс), өтйкені кәсіпкер болып табылмайтын сақтаушы сақтау бойынша қызмет
көрсетуден жүйелі негізде пайда табуды жоспарламайды.
Сақтаушы рөлінде кәсіпкер тұрса басқаша болады. Онымен сақтаудың
консенсуалды шарты бекітілуі мүмкін (ҚР АК 769-6. 1-т). Бұл жағдайда заң
шығарушы сақтаушының заңды мүдделерін ескереді.
Кәсіпкермен бекітілетін сақтау шартын консенсуалды сипат қана смес,
сондай-ақ оның жариялылығы да ерекшелендіреді (ҚР АК 770-бап).
Сақтау шарты жалпы ереже бойынша ақысыз шарт болып табылады, бұл оның
келтірілген анықтамасынан айқын көрінеді. Заңнамадан, іскерлік айналым
дағдыларынан шарттың ақылылығы байқалған жағдайларда тараптар өзара келісім
бойынша ақысыз сақтауды шарттауы мүмкін.
Кәсілкерлік қызметті жүзеге асыру тәртібінде бекітілген сақтау шарты
егер ақысыздық туралы арнайы ескертпе (тараптар келісімі) болмаса, ақылы
деп танылады.
Сақтау шартын кейде бір жақты шарт деп атайды, өйткені реалды ақысыз
сақтау шартын бекіткеннен кейін міндеттердің негізгі бөлігі сақтаушыға
жүктеледі, ал жүк беруші негізінен құқылы субъект ретінде көрінеді. Бірақ
мұндай сәттерде де сақтау шартының толықтай біржақты сипаты туралы айтуға
болмайды. Ал егер сақтау шартының ақылылығы мен (немесе) консенсуалдығы
туралы сөз қөзғалса, онда сақтаудың біржақ-тылылығы туралы пікірлер орынсыз
бұлары анық.
Сақтау шартының ньгеаны.
Сақтау шарты ауызша және жай жазбаша нысанда да бекітілуі мүмкін.
Жазбаша нысаны өз бетінше толтыру жолымен немесе заңнамамен көзделген
жағдайларда, сақтау құжатынын барлық талап етілетін реквизиттерін сақтау
жолымен жасалады. Ауызша нысанда сақтаудың тұрмыстық қызмет көрсетуге деген
шарттары бекітіледі. Сондай-ақ, ауызша нысанда заттарды қысқа мерзімге
вокзалдардың әуе жайлардың мекемелердің, кәсіпорындардың, театрлардың,
мұражайлардың стадиондардың, асханалардың және т.б. сақтау камералары мен
киім ілгіштеріне сақтаушының нөмірлерді, жетондарды және басқа да занды деп
танылған белгілерді беруі арқылы тапсыру жүзеге асырылады. Бұған қоса
заттарды төтенше жағдайлар кезінде (өрт, су тасқыны және т.о.) сақтауға
еткізу де ауызша нысанда жүзеге асырылуы мүмкін.
Аталған жағдайларды қоспағанда сақтау шарты жазбаша нысанда жасалуға
тиіс. Егер сақтауға алынған заттар сақтаушы жүк берушіге сақтау қолхатын,
түбіртек, куәлік, сақтаушы қол қойған өзге де құжаттар беру жолымен
куәландырылған болса, шарттың жазбаша нысаны сақталған болып есептследі.
Егер шарттың заңмен көзделген нысаны сақталса не сақтаушы шартғың
жасалу, оның орындалу фактісін дауламаса, онда сақтауға алынған зат пен
сақтаушы қайтарған заттың бірдейлігі туралы дау туған жағдайда
күәгерлік айғақтарға жол беріледі.
Заттарды төтенше жағдайлар кезінде сақтауға өткізу, шарттың жазбаліа
нысаны болмаған жағдайда сақтауға өткізілген заттардың құнына қарамастан
куәгерлік айғақтар бойынша дәлелденуі мүмкін.
Сақтау шартының мерзімі.
Сақтауды реттейтін АК нормаларының мағынасына сәйкес сақтау шарты
қысқа мерзімді ретінде бекітілуі мүмкін. Мерзімдік белгіеі бойынша дәл осы
шарттарды бөлудің тәжірибелік маңызы бар. Бұл олардың нысанының ерек-
шеліктерімен байланысты (оларды ауызша бекітуге мүмкіндік беретіндіпмен).
Қандай мерзімнің қысқа болып табылатындығы көрсетілмеген кейбір жағдайларда
шарт мерзімі қалыптасқан жағдайдан айқындалуы мүмкін. Мәселен, театрдың
стадионның мұражайдың киім ілгішіне сақтауға өткізілетін зат соларда
болатын уақытқа ғана сақталады.
Қысқа мерзімді шарт сол бір немесе өзге мекеменің жұмыс тәртібіне
бағдарланатын киім ілгіштің жұмыс тәртібінің ұзақтығы бойынша анықталуы
мүмкін.
Зат көлік ұйымдарының сақтау камераларына өткізілгенде сақтау мерзімі
сақтаудың тиісті ережелерімен анықталады және бірнеше тәуліктен аспайды.
АК 773-бабында сақтау шартын талап етілмелі мерзімге немесе мерзімін
көрсетпей бекіту мүмкіндігі туралы айтылады. Онымен қатар жоғарыда атай
өтілгендей сақтаудың мерзімді шарттары да бекітілуі мүмкін.
Соңғыларының мерзімі сақтаушы міндеттерінің уақыт ішіндегі шектерін
анықтайды. Басқа тұстарында ол талап етілмей немесе мерзімсіз шарт сияқты
әрекет ете алады. Тек, мерзімді шарт бойынша сақтаушы мерзімнің аяқталу
сәтіне затты қайтарудың барлық жағдайларын (мүмкіндіктерін) қамтамасыз
етуге міндетті екенін есте ұстаған жөн. Өз кезегінде жүк беруші де құқық
бұзушы рөлінде болып қалмас үшін мерзімнің аяқталу сәтінде затты алуға
тиіс.
Талап етілмслі шарттың мәнісі — жүк берушіге шартты кез келген
уақытта, шартты бұзумен сақтаушыға келтірілген шығындарды оған жүктсу
қаупінсіз, бұзу құқығы берілетіндігінде. Талап етілмелі шарт мерзімді де
мерзімсіз де сақтау шартының элементтерінің қамтуы мүмкін.
Талап етілмелі шарттың бекіту сақтаушының да құқықтық жағдайын
өзгертеді. Егер зат талап етілмелі сақтауға өткізілген болса (шарт мерзімі
оны бекіту жағдайларынан туындайды), сақтаушы осындай жағдайлардағы заттың
әдеттегі сақталу мерзімі өтен соң жүк берушінің заттарды қайтып алуын талап
етуге құқылы. Сақтаушы, сонымен бірге, жүк берушіге затты қабылдап алуға
жететіндей қисынды мерзім беруте міндетті.
Мерзімсіз сақтау шартының құрылымы сақтаушы мен беруші мүдделерінің
тендігіне негізделеді. Сақтауды аяқтаудың дәл қажетті мерзімі туралы
сенімді емес жүк беруші сақтаушымен затты сақтау бойынша сақтаушы
міндетінің жоғарғы шегі формальді түрде шектелмейтіндігі туралы келісімге
келе алады. Осыған сүйене отырып, жүк беруші өзінің белгілі бір өзекті
сатып алушыны тауып әкелуі мүмкін, оның өндірістік мақсаттарда пайдалануы
мүмкін және т.е.с
Сонымен бірге, сақтаушының мүддесіне затты шекеіз сақтау кірмейді.
Соның салдарынан, талап етілмелі шарт кезінде сияқты, сол бір немесе
өзге жағдайларда кәдімп мерзім өтіп кеткенде, сақтаушы жүк берушіге затты
қабылдап алуға жететіндей қисынды мерзім бере отырып, оны қайтып алуды
талап етуге құқылы болады.
Сақтау шарты талап етілмелі шарт ретінде анықталмаған жағдайларда,
жүк беруші де, шарт бойынша сақтаудың өзге мерзімі көзделе де, кез келген
уақытта затты сақтаушыдан талап етуге құқылы. Бірақ жүк берутпі, егер
шартпен өзгеше көзделмесе, сақтаушыға шартты мерзімінен бұзу салдарынан
келтірілген шығындарды өтеуге міндетті болады.
Сақтау шартыиың субъектілері (тараптары).
Жоғарыда атап өткеніміздей, сақтау шарты жеке тұрмыстық
қажеттіліктерді қанағаттандырушы бола алады. Бұл азаматтың ұзақ іссапарға
кетуіне байланысты өз туысқанын (танысын) затты сақтауға қабылдауға
өтінетін жағдайларда орын алады. Бұл сақтауға үй-жануарларын өсімдіктерді
және т.б. беруге қатысты болуы мүмкін. Кейбір жағдайларда сол бір азаматтар
қандай да бір объективті не субъективті себептер бойынша ломбард
мекемелеріне (теле радио жабдықтарын сақтау үшін) арнайы құрыл-ған
фирмаларға, асыл тастар мен металлдардан жасалған бұйымдарды, құжаттарды
сақтау үшін банктерге жүгінетін болады. Сақтау жоғарыда аталғандай
кәсіпкерлік айналым қажеттіліктеріне қызмет көрсетеді. Ауыл шаруашылық
өнімдерін өндірушілер үшін сақтау шешуші маңызға ие. Егер тиісті түрде
жабдықталған қоймалар пайдаланылмайтын болса, онда ауыл шаруашылық өнімін
өндірудің өзі еш мағынаға ие болмайды, өйткені өнім бұлініп кетеді.
Сақтау шартының қолданылу аяларын қосымша сипаттау оның субъектілік
қатарын айқындау мақсатында беріліп отыр.
Аса көп жағдайларда сақтаушылар ретінде де жүк берушілер ретінде де
азаматтар шыға алады (тұрмыстық сақтау). Кейде шартты азаматтармен жеке
кәсіпкерлер немесе занды тұлға ретіндегі ұйымдастырушылық құқықтық
нысандағы кәсіпкерлер, ломбардтар, банктер бекітеді. Бұл сақтау шартының
тұтынушылық сипатын қамтамасыз етеді. Заңмен көзделген жағдайларда, кә-сіби
сақтаушылар жекелеген заттарды сақтауға лицензия алуға тиіс.
Коммерциялық болып табылмайтын занды тұлғалар (мекемелер) сақтау
қатынастарына тек сыртқы киімді, сөмкелерді, қол шатырларды, бас киімдерді
және т.б. орналастыру үшін ғана түседі. Кейбір жағдайларда олар сақтауды
(міндеттемені, сақтау шарты емес) іс жүргізушілік заңнама өзге де заңнама
(мәселен табылған заттар орны (стол находок) нормаларының әрекет етуіне
байланысты немесе өзінің арнайы құқық қабілеттілігін жүзеге асыру аясында
жүзеге асырады. Коммерциялық емес заңды тұлғалар өздерінің уақытша бос
тұрған үй-жайларын сақтау қызметтеріне мұқтаж субъектілермен сақтау
жасасудың белгіленген режимін сақтауға міндетті.
Сондай-ақ сақтау шартының екі жағынан да жеке кәсіпкер-лікті де заңды
тұлға түріндегі ұйымдастырушылық кәсіпкерлікті де жүзеге асыратын
кәсіпкерлер шыға алады. Сақтау шартының сол бір немесе өзге. түрлеріндегі
нақты субъектілік құрамды кейінірек қарастырамыз.
Сақтау шартының пәні.
Бұрын әрекет еткен заңнамада мүлікті сақтау туралы сөз болған. Яғни
сақтау пәні нақтыланбаған. Қазіргі әрекет етуші заңнамада шарт пәні ретінде
заттың (заттардың) өзі анықталған. Бұл шешім орынды және толық. түсін-
діріле алады. Бұрынғы заңнамада "мүлік" пен "зат" түсініктерінің арасындағы
айырмашылық сірә теориялық сипатқа ие болды. Соның салдарынан сақтау пәнін
анықтау үшін "мүлік" терминін де қолдануға болар еді. Қазіргі жағдайда,
яғни заңнамаға сәйкес мүлік: құрамы соншалықты біртектес болмаған кезде,
шарт пәнінің мұндай анықтамасы шарт түсінігін бұрмалауға алып келуі мүмкін.
Сақтау шарты өз бетінше "консервативті" деуге де болады. Егер сатып алу-
сату, жалға алу, сыйға тарту және кейбір өзге шарттар үшін олардың пәндері
бола алатын объектілер аясы бірден кеңейтілсе, сақтау шарты үшін ол бұрынғы
қалпын сақтап қалды.
Сақтау шартының пәні болып қөзғалмалы заттар табылады. Олардың
қатарына жеке анықталған заттарды да, тектік белгілермен анықталған
заттарды да жатқызуға болады.
Заттарды сақтауға беру бойынша шек қою (тыйым салу) конституциялық
құрылымды қорғау мақсаттарында заңмен көзделген жағдайларда белгіленуі
мүмкін. Мысалы діни экстремизмді тудыруға бағытталған, терроризмді
(лаңкестікті) насихаттау мен соған бағдарлайтын мазмұны бар әдебиеттерді
сақтауға тыйым салу. Сол бір немесе өзге заттарды сақтауға шек қоятын басқа
да негіздерге өзге тұлғалардың адамгершілігін, денсаулығын құқықтары мен
заңды мүдделерін қамтамасыз ету, мемлекеттін қорганысы мен қауіпсіздігін
камтамасыз ету қажеттілігі жатқызылуы мүмкін. Қазақстан Республикасының
"Есірткі құралдары, психотропты заттар. прекурсорлар мен олардың заңсыз
айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы әрекет ету шаралары туралы" Заңының
14-бабының 1-тармағына сәйкес. "Есірткі құралдарын, психотропты заттар мен
прекурсорларды сақтау Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген
тәртіпте осы қызмет туріне (мамандандырылған мекемелерге) берілген лицензия
негізінде арнайы жабдықталған үй-жайларда жүзеге асырылады". Сақтау бойынша
арнайы талаптар Қазақстан Республикасының 23 қараша 1995 жылғы "Дәрілік
заттар туралы" Заңымен белгіленеді. Аталған заңның 18-бабының 1-тармағына
сәйкес дәрілік заттар олардың сапасының сақталуына кепілдік беретін,
нормативті-техникалық құжаттамамен анықта-латын жағдайларда сақталута тиіс.
Аталған ерекшеліктерді қоспағанда, сақтау шартының пәні ретінде өз
сипаттамасы бойынша азаматтық құқық объектісі ретінде бағалана алатын кез
келген заттар бола алады. Олардың қатарына құжаттарды, бағалы қағаздарды,
ақшаны соның ішінде шетел валютасын жатқызуға болады.
Ақша немесе бағалы қағаздар сақтауға жеке анықталған заттар ретінде
беріле алады және әдейі соларға қатысты негізінен банктерде сейфтік сақтау
туралы сөз болады.
Тектік белгілермен анықталған заттар оларды иесіздендіру туралы сақтау
шартының пәні бола алады. Басқаша айтқанда ол "қалыпсыз" сақталу деп
аталады.
Қөзғалмайтын заттар сақтау объектісі бола алмайды. Мұндай көзқарас
азаматтық құқык теориясында даусыз болып табылады. М.И.Брагинский сақтау
шартының монографиялық зерттеуін өткізе отырып бірқатар ғалымдардың
пікірлеріне сүйенеді. Оларға Д.И.Мейер, Г.Ф.Шершеневич, З.И.Шкундин,
К.А.Граве, О.С.Иоффе жатады, олардың барлығы жылжымайтын мүліктің сақтау
шартының пәні бола алмайтындығы туралы пікірді бір ауыздан қолдаған. Осыған
қатысты өз түсініктемесін З.И.Шкундин нақты тұжырымдаған: "сақтау шартының
пәні, жеке белгілерден басқа оны (яғни затты) сақтаушының үй-жайында немесе
оның иелігіндегі аумақты сақтауды мүмкін ететін физикалық қасиеттерге ие
болуға тиіс. Сол себептен, жерден ажырамайтын ғимараттар, құрылымдар, бау-
бақшатар және т.б. (жылжымайтындар) сақтау пәні бола алмайды"
О.И.Ченцова айтқандай, жылжымайтын мүлікті күзету кезінде азаматтық
құқықтың басқа институттарын қолдану мүмкін болады, оларға мыналар жатады:
1) мүлікті мамандандырылған ұйыммен күзету бойынша өтелмелі қызмет көрсету
шартын бекіту; 2) еңбек шарты немесе отелмелі қызмет көрсету шарты бойынша
күзетшіні жалдау.
Сақтау шартының мазмұны.
Сақтаудың реалды шарты бойынша сақтаушы өзіне берілген затты, оның
сақталуын қамтамасыз ете отырып сақтауға міндеттенеді.
Сақтаушы сақтауды жүзеге асыра отырып затты қолайсыз ауа-райы, үй-
жайдағы ылғалдылық сияқғы сыртқы факторлардың әсерінен сақтап қалуға тиіс.
Мұндай факторларға, сондай-ақ мүлікті бұлдіруі (жоюы), оны ұрлап кетуі
мүмкін адамдардың құқыққа қайшы әрекеті де жатады. Соларға сақтаушы қарсы
тұруға тиіс.
Сақтаушы міндеттерінің нақты көлемі оның тұрмыстық немесе кәсіби
сақтаушы болып табылатындығына, сақтаудың сол бір немесе өзге жағдайлары
және сақтауға берілетін заттардың қасиеттері жүк берушімен ескертілген
немесе ескертілмегеніне байланысты болады. Шарттың ақылылығы немесе
ақысыздығы сақталушы міндеттерінің аясын анықтау үшін шешу маңызға ие
болмайды, өтйкені оның барлық шығындары кез келген жағдайда етелетін
болады, бірақ дау туғанда, сот шарттын. ақысыз сипаты кезінде сақтаудың
ерекше жағдайлары ескертілмегендікке көбірек мойынсұнуға тиіс.
Сақтаушы өзіне берілген заттардың сақталуын қамтамасыз ету үшін
шартта кәзделген барлық шараларды қолдануға міндетті (ҚР АК 775-6, 1-т.)-
Осылайша, шарт сақтаушы үшін негізгі басшылыққа алатын құжат болып табылады
және дәл соның өзі жүк берушінің сақтау бойынша қызметтерге деген
мұқтаждығынын іс жүзіндегі көлемін ескеруге мүмкіндік береді.
Егер шартпен сақтаушының оларды жүргізу женіндегі сол бір немесе өзге
шаралары (міндеттері) ескертілмесе, бірақ, дегенмен де, олар қажетті болып
табылса, онда сақтаушы орын алған жағдайға сүйене отырып оларды да
қолдануға тиіс.
Сақтаушы затты ақысыз сақтауға қабылдаған ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz