Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар туралы


Мазмұны:

Кіріспе
2
: 1
Кіріспе: Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың қылмыстық құқықтық сипаттамасы
2: 5-22
: 1. 1
Кіріспе: Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстың түсінігі
2: 5
: 1. 2
Кіріспе: Экономикалық қызмет саласындығы қылмыстардың құрамын заңи талдау
2:

7

:
Кіріспе:
2:
: 2
Кіріспе: Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың криминологиялық сипаттамасы
2: 23-45
: 2. 1
Кіріспе: Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың себептері мен жағдайлары
2: 23
: 2. 2
Кіріспе: Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарды жасаған адамдардың тұлғасының сипаттамасы
2: 33
: 2. 3
Кіріспе: Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың алдын алу
2: 40
:
Кіріспе:
2:
:
Кіріспе: Қорытынды
2: 46
:
Кіріспе:
2:
:
Кіріспе: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
2: 49

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Біздің қоғам мен мемлекетте жүзеге асырылатын құқықтық реформаның кезекті кезеңі қылмыстық - құқықтық салада Қазақстан Респбликасының қылмыстық кодексінің қабылдауымен аяқталады. Қазақстан Республикасы жаңа заман мен жаңа қоғамның «адам, оның құқықтары мен бостандықтары ең жоғары құндылық» болып табылатын қоғамның [1], ең ақырында адам өркениетті мемлекеттің ең маңызды деген бостандықтарының бірін - экономикалық қызмет бостандығын алған қоғамның қылмыстық заңы. ҚР 1997 ж. ҚК «Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар» 7-тарауы - экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар деп аталады [2] .

Қызмет бостандығын іс жүзіне асырудың қылмыстық-құқықтық кепілі. Бұл тарау, біздің пікірімізше, қоғамдағы экономикалық қатынастардың дамуы мен мазмұнының көрсеткіші болып табылады. Өткен ғасырдың 80 жылдарында қылмыстық кодексте жеке кәсіпкерлік қызмет және коммерциялық делдалдық, алыпсатарлық қылмыс ретінде қарастырылып, керісінше, заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіру, жерге қатысты заңсыз келісімдерді тіркеу, монополистік әрекеттер және бәсекелестікті шектеу, қасақана жалған жарнама, бағалы қағаздар шығару тәртібін бұзу /эмиссия/, қасақана немесе жалған банкроттық сияқты қылмыстар мүлде болмаған. Бүгінде бұл және басқа қылмыстар - өкінішке орай қоғам өмірінің шындығы.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі заманғы заң ғылымы қылмысты Қазақстан қоғамының ажырамас бөлігіне айналған көп жоспарлы әлеуметтік құбылыс ретінде тануға мұқият көңіл бөлуде.

Мұнда айрықша орынды мемлекет реформаларының жүргізілуіне өзінің теріс әсерін тигізетін, кең таралған экономикалық қылмыс алады.

Нарықтық қатынастардың қалыптасуы Қазақстан экономикасының криминалдануымен көрініс табады. Реформалау кезіндегі экономикалық қылмыс заңға қарсы экономикалық әреттердің жаңа түрлерін туындата отырып, жоғары белсенділікке ие болды.

Экономикалық қатынастардың тұрақсыздығы, меншікті қорғаудың сенімді экономикалық және құқықтық механизмдердің жоқ болуы жағдайлары кезінде алдын ала сақтандыру - экономикалық қылмысқа әсер етудің маңызды құралы болып табылады. Олардың (қоғамдық тәжірибе) және экономика (белгілі бір қоғамдық қатынастар жиынтығы) арасында тығыз байланыс бар. Экономика жүйесіндегі диспропорция қылмыстың себебін туғызып қана қоймайды, сондай-ақ оның алдын алу тәсілдерін анықтайды. Жоспарлы экономика мен басқарудың әкімшілік-әмірлік жүйесінің алдын алу потенциалы қылмыстың детерминантына әсер етпей қоймайды. Соған ұқсас барлық қылмыстық-құқықтық саясат та қалыптасты. Қылмысқа тосқауыл әдістерінің орталықтанған басқару механизмдерін пайдалануға негізделгені табиғи нәрсе. Осының өзі белгілі бір дәрежеде экономикалық қылмысқа әсер етуге мүмкіндік туғызды. Мұның ұйымдасқан қылмыспен соқтығысқан жағдайларда айрықша маңызды мәні болды. Капиталдың көлеңкеліайналымы және оны еш бақылаусыз шет елге тасу мемлекеттің экономикалық тұрақтылығын ыдыратады. Экономика саласындағы қылмыс сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықты туғызады. Экономикалық қылмыстың өсуі экономикалық және шаруашылық байланыстар жүйесіне әсерін тигізеді де ақыр аяғында қоғамның саяси табиғатын өзгертеді. Бір сөзбен айтқанда экономиканың криминалдану нәтижесінде қоғамның мемлекеттік, саяси, әлеуметтілік тұрақтылығына зиян әкелетін экономикалық қатынастардың деформациясы орын алады.

Шаруашылықтың жаңа формаларына өтумен кәсіпкерлік және экономикалық әрекеттің кеңеюімен экономикалық қылмыстар бойынша бөлімшелердің сақтандыратын қызметі тарылды.

Экономикалық қатынастардың өзгеріске ұшырағаны сонша, «шаруашылық қызметтің субъектілерінің криминалдық экономикалық әрекеті нарықтың қызмет етуінің міндетті шартына айналды» [3] . Қылмыстық заңды қабылдау, мұнан басқа, қылмыстық - құқықтық ғылымның теоретиктерінің алдына көптеген проблемалар қойды. Бірінші кезекте, олардың қатарына экономикалық қызмет саласындағы қылмыс нысаны олардың жүйесі мен қылмыстық қолсұғушылық мазмұны бойынша түрлерге бөлу үшін белгілер проблемалары, экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар түсінігінің проблемалары, оларды саралау, өзара шек қою, қылмыстың басқа құрамдарымен жиынтығы проблемалары; жауапкершілік және олар үшін жаза тарту проблемалары және т. б. және т. с. с. Экономикалық қызмет /бұрынырақ - шаруашылық/ саласындағы қылмыстың аталған проблемалары өзіне бұрынғыдай ғалым-құқықтанушылардың назарын өзіне тартуда.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Зерттелінетін тақырыптың әртүрлі аспектілері жанама түрде келесі отандық авторлардың: А. Н. Ағыбаевтың, Е. О. Алаухановтың, Ғ. И. Баймурзиннің, Н. А. Бекбергеновтың, Е. И. Қаиыржановтың, Д. С. Чукмаитовтың еңбектерінде көрініс тапқан. Жаңа заңнамалық түсініктерге әлдеқашан қылмыстық құқық - қылмыстық кодекске түсініктемелер бойынша Л. Д. Гаухман мен С. В. Максимов, И. И. Кучеров, П. С. Яни, Н. Ф. Кузнецова, Б. В. Волженкин, И. И. Рогов, В. Д. Ларичевтің жұмыстары арналған. Шаруашылық қылмыстар саласындағы мамандардың жоғарыда аталған еңбектерінен басқа жұмыстың теориялық негізінен жалпытеориялық тұрғыдағы қылмыстық-құқықтық зерттеулер құрады; бәрінен бұрын В. К. Глистин, Н. И. Коржанский, Н. Ф. Кузнецова, И. И. Карпец, В. С. Никифоров, Ф. М. Решетников, А. А. Нерсесян, В. П. Панов; В. Я. Таций, В. В. Яцеленко және басқаларының еңбектері.

Диплом жұмысының мақсаты және міндеттері. Жұмыстың мақсаты экономикалық қылмыстардың ұғымын, белгілерін және әлеуметтік мәнін анықтауға байланысты мәселелерді кешенді зерттеу. және тікелей алғанда, бұл қылмыстар нысанын талдау, олардың түсінігін, жүйесін жасау, оның ішінен түрлерін бөлу; экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың құрамын қылмыстық-құқықтық талдау; оларды саралау, өзара ажырату, басқа құрамдардан ажырату проблемаларының жауапкершілік пен олар үшін жаза тарту проблемалары шешімін табу әрекеті мен мағынасы.

Осы мақсатқа сәйкес, келесі міндеттерді шешу көзделеді:

- экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың нысанын талдау;

- экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың құрамын зерттеу;

- қолданыстағы қылмыстық заңнаманың нормаларын және экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың алдын алуға бағытталған шараларды жетілдіру үшін ұсыныстар жасау.

Зерттеу объектісі. Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 7 тарауында орналасқан қылмыстық-құқықтық нормаларды қолдану аясында қалыптасқан қоғамдық қатынастар зерттеу объектісі болып табылады.

Зерттеу пәнін - ұлттық және шет мемлекеттердің қылмыстық заңнамаларының нормалары, экономикалық қылмыстар туралы әртүрлі теориялық көзқарастар құрайды.

Зерттеудің әдістемелік негіздері.

Диплом жұмысының әдістемелік негізін әлеуметтік және құқықтық құбылыстарды ғылыми танудың диалектикалық әдісі және одан туындайтын жалпы ғылыми және арнайы-ғылыми әдістер құрайды. Диплом жұмысын жазу барысында тарихи, салыстырмалы-құқықтық, формалды-қисындық, жүйелік, нақты-әлеуметтік әдістер пайдаланылды.

Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:

- экономикалық қылмыстар ұғымына қатысты көзқарастарды талдаудың нәтижесінде, экономикалық қылмыстардың түсінігі берілді.

- экономикалық қылмыстардың топтық және тікелей объектілері анықталды.

- экономикалық қылмыстардың алдын алуға бағытталған шаралар жүйесі талданылды.

Зерттеудің тәжірибелік маңызы. Дипломдық жұмыстың тәжірибелік маңызы құқық қорғау органдарының алдында тұрған өзекті міндеттерді шешуге бағытталғандығымен анықталынады. Зерттеу нәтижесінің негізінде қылмыстық заңнаманы жетілдіруге, оның нормативтік-құқықтық реттелуін жақсартуға бағытталған нақты ұсыныстар жасалынды.

Дипломдық жұмыста жасалынған тұжырымдар экономикалық қылмыстарды саралауға байланысты құқық қорғау органдарының қалыпты қызметін қамтамасыз ететін құқық нормаларын қабылдауға бағдарлайды.

Жұмыстың құрылымы және көлемі зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне сай келеді. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, бес бөлімшеден, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың қылмыстық құқықтық сипаттамасы

1. 1 Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстың түсінігі

Қандай да бір топтың қылмыстарының түсінігі - олардың айқындайтын ерекшеліктерін олардың нысанының ерекшелігін, объективтік және субъективтік жақтарды, субъектіні қарастырудйң өзінше бір нәтижесі. Қылмыстық-құқықтық әдебиетте шаруашылықтан бұрын, экономикалық қылмыс саласындағы қылмыстар түсінігінің бір емес, бірнеше анықтамасы берілген.

Мәселен, П. Г. Некипелов шаруашылық қылмыстарды Кеңестік жалпыхалықтық мемлекеттің коммунистік қоғам құру мақсатында шаруашылық ресурстарды және құралдарды пайдалану аймағындағы қоғамдық қатынастарға қол сұғатын қоғамдық қауіпті, құқыққа қарсы, әдейі немесе абайсыз, қылмыстық- жазаланушы әрекеттер ретінде анықтаса; Ю. И. Ляпунов - «Кеңестік шаруашылық мекемелер мен ұйымдардың коммунистік құрылуының мүдделеріне жауап беретін, дұрыс шаруашылық қызметін бұзатын қылмыстар деп анықтайды [4, 18-20 бб. ] . Ұқсас анықтамаларды В. М. Леонтьев, М. А. Гельфер, А. Н. Блинова және басқалары берген [5] . В. Я. Таций шаруашылық қылмыстарды «шаруашылықтың социалистік жүйесіне елеулі зардап әкелетін жеке немесе лауазымды тұлғаның шаруашылық қызмет саласындағы әдейі немесе абайсыз әрекеті (іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі) » деп түсінген [6, 52 б. ] . Қазіргі уақытта бұл анықтамалар экономикалық қылмыстар саласы мен қылмыстық әрекеттер шеңберінің тектік нысанының түбегейлі өзгерістеріне байланысты өзінің мәнін жоғалтты.

Елде нарықтық экономикаға өту басталған кезде 90 ж. құқығында берілген экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар түсініктерінің анықтамасын, сонымен қатар, жаңа қылмыстық заңнама үшін тұжырымдалған анықтамаларды қарастырайық.

Ю. В. Головлев: «Шаруашылық қылмыстар - бұл халықтық шаруашылыққа оны жүргізу мен ұйымдастыру саласында меншік формасына тәуелсіз мемлекеттің не кез-келген басқа басқарушы субъектінің мүдделерін тікелей бұзу арқылы, сондай-ақ, азаматтар мекемелердің және жеке тұлғалардың шаруашылық қызметімен істесетіндіктен олардың мүдделерін бұзу арқылы зардап тигізудің нақты мүмкіндігін туындататын немесе әкелетін қоғамдық қауіпті кінәлі түрде жасалған әрекеттер» деп атап көрсетеді [7, 78-81 бб. ] . Біздің пікірімізше, бұл анықтаманың кемшіліктері 1) шаруашылық қылмыстардың кінәсінің формаларына нұсқаудың жоқтығы; 2) зардапты немесе оның шаруашылық қылмыс жасалуының нәтижесінде халықтық шаруашылыққа нақты тигізетін мүмкіндігі атап көрсетілуі болып табылады. Мұнда автор зардаптың екі түрлі түсініктерін: қол сұғушылық жүзеге асатын қоғамдық қатынастың / нысанның/ міндетті белгісі ретіндегі зардап, және нақты қылмыстың объективтік жағының белгісі ретіндегі зардапты араластырғандай. Бірінші түсінікте зардап әрдайым болады; ол қоғамдық қатынастардың бұзылуынан (өзгеруінен) көрініс табады; сондықтан, бұл тұрғыда зардап шегудің нақты мүмкіндігі туралы сөз қозғау дұрыс емес. Объективтік жақтың белгісі ретінде зардап 1959 жылғы ҚазКСР ҚК шаруашылық қылмыстарының барлығында болған жоқ. ; олардың көпшілігінің құрамдары ресми ретінде құрастырылды, және оларды шаруашылық қылмыстар қатарына жатқызу зардап тигізудің мүмкіндігіне не тигізуге тәуелді болған жоқ. Бұдан бөлек, 3) азаматтар шаруашылық қызметтерге жанасып қана қоймайды, оған тікелей қатысады; және 4) қылмыс нысаны жеке тұлғалардың не мемлекеттің мүдделері « емес, қоғамдық қатынастар болып келеді».

Л. Д. Гаухман мен С. З. Максимовтың көзқарасынша, шаруашылық қылмыстар бұл «РКФСР ҚК Ерекше бөлімінің бесінші тарауында бар нормаларды алдын-ала ескерілген, мемлекетте басқарудың мүдделерін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастарға қол сұғатын қоғамдық қауіпті әрекеттер (шаруашылық мүдделері) » [8, 63 б. ] . Анықтамада қол сұғушылықтың кінәлі сипаты туралы ешбір ескерту жоқ. Бұдан бөлек авторлар басқару, билік ету мүдделері дегенімен не айтқысы келгенін не мұнда, не алда айқындамайды. Жұмыста қоғамдық қатынастарды - елдегі шаруашылық қызметті заңды жүзеге асыруға арналған «арнаны»-қылмыстық заңнама, негізінен, реттемеген деген ескерту бар [9] . Біздің пікірімізше, экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың тектік нысаны аса дәл болады және құқықтық басқа салалары регламентін белгілейтін қоғамдық қатынастармен тікелей байланысты болғанына қарамастан, оны қылмыстық құқық реттейді.

В. В. Яцеленко экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарға келесідей анықтама береді: олар «материалдық құндылықтар мен қызметтерді өндіру, бөлу, алмастыру және пайдалану себебінен қалыптасатын, қоғамдық қатынастарға қол сұғатын қылмыстық заң алдын-ала ескерген қоғамдық қауіпті әрекеттер» [10, 45-47 бб. ] .

Талданып жатқан экономикалық қылмыстардың қасақаналық сипатына нұсқаудың жоқтығы келтірілген анықтаманың тиянақтылығынан айырады және олардың қоғамдық қауіптілігінде көрініс табады деп тұжырымдауға болады. Бұдан бөлек материалдық құндылықтар мен қызметті өндіру, бөлу, алмастыру және пайдалану сияқты тек экономикалық категориялардың себебіне қатысты қатынастар экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарды жасағанда үнемі зардап шекпейді. Мәселен, мысалы, бірқатар жағдайларда заңсыз кәсіпкерлік (әсіресе, ірі зардап әкелмеген, ірі табыс табумен байланысты болған) жоғарыда аталған қатынастарға анық пайда әкеледі (тауар нарығы кеңейеді, тұтынушы өзіне ыңғайлы жерде сапалы тауар алудың мүмкіндігіне ие болады, бәсекелестік қамтылады және т. б. ) . Сол мезгілде, заңнама бекіткен кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру тәртібі, заңшығарушының оның заңға сәйкестілігін талап ету үнемі бұзылады.

И. И. Кучеров экономикалық қызмет саласындағы қызметті «қоғамның экономикалық жүйесінің негіздеріне қол сұғатын қоғамдық қауіпті әрекеттер» деп түсінеді [11, 54 б. ] . Анықтама жоғарыда аталған кемшіліктерден, ең бастысы, біздің пікірімізше, тектік нысанның аса кең және айтарлықтай дұрыс емес мәнінен зардап шегеді. Ол қылмыс жасау нәтижесінде үнемі зардап шегуі тиіс. Қоғамның экономикалық жүйесінің негіздері, мысалы, жалған жарнама, кәсіби спорт жарыстары мен қойылымдық коммерциялық конкурстардың қатысушылары мен ұйымдастырушылары, мемлекетке асыл металдар мен асыл тастарды өткізу ережелерін бұзу, тұтынушыларды алдаудан зардап шегеді деп тұжырымдай аламыз ба? Әрине, жоқ, алайда аталған жағдайлардың өзінде де белгілі бір экономикалық қатынастарға зиян тигізеді.

1. 2 Экономикалық қызмет саласындығы қылмыстардың құрамын заңи талдау

Экономикалық қызмет аясындағы қылмыстың объектісі қазіргі таңда даулы қылмыстық құқық ғылымымен көп зерттелмеген мәселелердің бірі. ХІХғасырдың 30-60-жылдары көптеген зерттеулер жүргізілгенімен экономикалық қылмыстардың объектісіне ортақ түсініктеме берілмеді. Экономикалық қылмыстардың объектісі жайлы кең таралған көзқарастардың бірі А. Н. Трайниндікі. Оның ойынша олар «социалистік шаруашылықтың дұрыс жұмыс істеуіне кедергі келтіру келтіру» [12, 247 б. ] . Б. М. Леонтьев экономикалық қылмыстардың объектісі «социалистік мүлік» деп айтқан [13, 22-27 бб. ], Ю. И. Ляпунов экономикалық қылмыстардың объектісі «социалистік шаруашылық жүйесінде пайда болатын социалистік қоғамдық қатынастар», - деп атап өтті [14, 21-22 бб. ] . П. Т. Некипелев экономикалық қылмыстар «социалистік қоғамның социалистік мүлікті коммунистік қоғам құруға жұмсауына қарсы әрекеттер» деп баса көрсетті [15, 199-207 бб. ] . Н. Демиденко ол қылмыстар «мемлекет мүддесі үшін қызмет атқаратын социалистік мүлікке бағытталады» деген [16, 49-50 бб. ] . 90 жылдары, яғни нарықтық экономикаға өту кезінде экономикалық қылмыс объектісіне деген көзқарас бірнеше өзгерістерге ұшырады. Ю. Головлев «Барлық экономикалық қылмыстардың объектісі қылмыстық заңнамалармен қорғалатын қоғам мүдделері немесе қоғамдық тәртіптің сақталуымен қатар келешекте дұрыс жұмыс істеуіне деген ниет» деп көрсетті [7, 78-81 бб. ] . В. П. Саенконың ойынша «Экономикалық қылмыс аясының объектісі болып Қылмыстық заңнамамен қорғалатын шаруашылық қызметте пайда болатын экономикалық қатынастар». Л. Д. Гаухман мен С. В. Максимов экономикалық қылмыстардың объектісі ретінде «Шаруашылық мүддесін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар. Бұл қатынастар мемлекет заңнамаларыен тиым салынбаған болуы керек» [8, 87 б. ] .

Жоғарыда атап өткен ғылыми зерттеулер ескі қылмыстық заңнамалардың негізінде жасалған. 1997 жылғы қылмыстық заңнамаларды талдауға арналған еңбектерде экономикалық қызмет аясындағы қылмыстардың объектісін келесідей көрсетеді. «Новое уголовное право России» атты оқулықтың авторлары экономикалық қызмет аясындағы қылмыстардың объектісіне «Нарықтық экономиканы дамытуға бағытталған мемлекетпен қорғалатын қоғамдық қатынастар» деген анықтама берген [17, 389 б. ] .

Профессор А. И. Рарогтың редакциясымен жазылған жазылған қылмыстық құқықтың ерекше бөлімінің «Экономикалық қызмет аясындағы қылмыстардың объектісі» атты тараудың авторларының ойнша «экономикалық қызмет аясындағы қылмыстардың объектісі экономикалық қызметтерді жүзеге асыру, айырбастау, материалдық игіліктерді тұтыну кезінде пайда болатын қоғамдық қатынастар». Объектілер «мемлекет экономикасының қалыпты біртекті халықтық шаруашылық кешені ретінде жұмыс істеуіне бағытталған қоғамдық қатынастар».

Профессор В. В. Здравомысловтың редакциясымен жазылған жазылған «Ресейдің Қылмыстық құқығы» еңбегінде экономикалық қызмет аясындағы қылмыстардың объектісі «Ресей Федерациясының экономикасының біртұтас халықтықшаруашылық организм ретінде қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар» ретінде көрсетілген [18, 314 б. ] . Экономикалық қызмет аясындағы қылмыстардың объектісі - экономикалық қызмет аясында паида болатын біртектес қоғамдық қатынастар». Осы авторлардың коллективі жаңа қылмыстық құқық кітабінің 22 бөлімінде көрсетілген экономикалық қызмет аясындағы қылмыстардың объектісі» экономикалық қызмет аясын ретке келтіретін қоғамдық қатынастар - нақты объект» деп көрсеткен. И. И. Кучеров экономикалық қызмет аясындағы қылмыстардың объектісі «Қоғамның экономикалық жүйесіне нұқсан келтіретін қоғамдщық қауіпті әрекеттер» [11, 99 б. ] . Кейіннен салықтық қылмыстардың объектісі- қылмыстық заңнамалармен қорғалатын экономикалық қатынас ретінде көрсетілнді». Профессори В. М. Леонтьевтің ойынша экономикалық қызмет аясындағы қылмыстар үшін жауаптылық көздеген қылмыстық-құқықтық нормалар осы салада пайда болатын қоғамдық қатынастарды, яғни «экономикалық қызмет саласындағы мемлекет және жеке субъектілердің» мүддесін қорғайды.

Соңғы кездері жасалған талдауларға сүйене отырып келесідегідей қорытынды жасауға болады: 1) 1997 жылғы ҚК бөлімдерінің бөлінуі туралы ортақ критерийлердің болмауы 2) В. М. Леонтьевтен басқаларының барлығы экономикалық қызмет аясындағы қылмыстардың объектісі қоғамдық қатынастар деп айтады. В. М. Леонтьевтің ойынша экономикалық қызмет аясындағы қылмыстардың объектісі мемлекет пен жеке субъектілердің мүдделері, бірақ ҚР ҚК қоғамдық қатынастарды қорғайды. 3) соңғылары экономикалық қызмет аясында пайда болады.

Жоғарыда атап өткен жағдайларды ескере отырып осы тақырыпқа байланысты өз шешіміміз.

Ең бірінші Қылмыстық кодекстің ерекше бөліміндегі 7 тараудың орналасу жеріне талдау жасайық. Тарауларды бөлудің критерилерінің бірі қылмыстардың объектісі болып табылады. Қолданыстағы Қылмыстық кодекстің жалпы және ерекше бөлімдерінде баптар - тараулар-бөлімдер жүйесі қолданылады. Жүйелерге бөліну туралы авторлардың ойлары әртүрлі болып келеді.

Біздің көзқарасымыз бойынша, ерекше бөлімнің VІІ тарауында тарауды ерекшелеудің негізінде қолсұғушылықтың топтық объект жатыр. Бөлімшенің өзі оған енетін қылмыстардың топтық объектінің ортақ белгілері бойынша ерекшеленген: олардың барлығы белгілі бір дәрежеде мазмұны бойынша әртүрлі экономикалық қатынастарға қол сұғады. Экономика ұғымына сәйкес саланың мамандары аса кең түрде түсіндірме береді: «бұл кең ұғымыдағы шаруашылықтың өңі, яғни адамдардың өмір жағдайларын қамтамасыз ету, қажеттіліктерін өтеу мақсатында пайдаланатын барлық бұйымдар, заттар, материалдық және рухани әлемнің субстанцияларының жиынтығы экономиканы адам өмірін қамтамасыз ету, іске асыру, тіршілік ету жағдайларын қамту мен жақсартудың адам жасаған және пайдаланатын жүйесі ретінде қабылдау қажет» [19, 20-27 б. ] . Тіпті саналы түрде ықшамдалған, сөздік ұғымында экономика (ежелгі грек тілінде - «үй шаруашылығын басқару қабілеті») елдің халықтық шаруашылығын, яғни «өнімі қоғам қажеттіліктерін қамтамасыз ететін» өндіріс салаларының жүйесін білдіреді [20, 487 б. ] . Осыған сәйкес, экономика ішіндегі қатынастар мазмұны әркелкі, олардың көбісін қол сұғушылықтардан қылмыстық заң, негізінен, экономикалық қылмыстарға арналған бөлімі қорғайды. Бірыңғай эконмикалық қатынастарға қол сұғатын қылмыстар бұл бөлімшенің тарауларына біріктірілген.

Ал енді экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың топтық объектісінің түсінігіне тоқталайық. Ғылымда біз де келісетін, оған сәйкес кез-келген деңгей объектісі ретінде қоғамдық қатынастар болатын бағдар басымдыққа ие [21, 87 б. ] . Қарастырылып отырған қылмыс тобы үшін, жоғарыда айтылғандай, қылмыстық құқық ғылымының теоретиктерінің ойынша, бұл экономикалық қызмет сласында қалыптасқан қоғамдық қатынастар болып табылады. Экономистердің ойынша, экономикалық қатынастар дегеніміз «адамдар арасында өндіріс, бөлу, айырбастау, тауарларды тұтыну және осы үдерістер кезінде пайда болатын қатынастар» [22, 105-111 б. ] .

Экономика курсының авторы дәлелдейтіндей, бұл қатынастарды қарастыру кезінде саясат пен идеологиядан тұтас алшақтап кету мүмкін емес. Мұндағы ең бастысы - коммунистер мен коммунист еместермен түрліше анықталатын нарық ұғымы. Баға қалыптасуының тауарлық нарығы мен нарықтық механизмі жалпыға ортақ және біздің ел бірте-бірте көшіп жатқан нарықтық экономикада маңызды орын алады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Елімізде жиі кездесетін экономикалық қылмыстардың алдын алу, күресу және оларға қарсы күрес
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар түсінігі және олардың түрлері
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарды тергеудің өзекті мәселелері
Заңсыз кәсіпкерлік үшін қылмыстық жауаптылық
Банк қызметi саласындағы қылмыстарға криминологиялық сипаттама
Банктік несиені заңсыз алу
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың түсінігі
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыс
Банктік қылмыстармен күресу шараларының жүйесін анықтау және банктік қылмыстар бойынша жауаптылық жөніндегі нормаларды тиімдеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz