Қазақстан Республикасында шағын бизнестiң дамуы



КIРIСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

I. ШАҒЫН БИЗНЕС ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДIҢ НЕГIЗГI ФАКТОРЫ РЕТIНДЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5

Кәсiпкерлiк, түрлерi, жiктеу критерийлерi, экономикалық
көзқарастар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
Шағын бизнес және оның экономикадағы орны мен маңызы ... ... ... ..9
Шағын бизнес және экономикалық өсу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12

II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ШАҒЫН БИЗНЕСТIҢ ДАМУЫ, МӘСЕЛЕЛЕРI ЖӘНЕ ОНЫ ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17

2.1 Қазақстан Республикасында шағын бизнестiң даму деңгейi, мәселелерi және оларды шешу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
2.2 Шағын бизнестi мемлекеттiк және инновациялық қолдау ... ... ... ... ... ...21
2.3 Шетелдiк тәжiрибедегi шағын бизнестi қолдау бағыттары ... ... ... ... ... ..26


ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31
Экономиканы қай жағынан алып қарасақ та, олардың барлығы экономикалық өсу мәселесiне алып келедi. Бұл мәселенiң өзектiлiгi халықтың тұрақты өсуiне, өмiр сүрудiң жоғары деңгейiн қамтамасыз ету болып табылады.
Қазақстан Республикасы XXI ғасырға күрделi өзгерiстермен аяқ басты. Он төрт жылдан астам уақытта елiмiздiң тәуелсiздiгiмен қатар жүргiзiлiп келе жатқан экономикалық реформалардың маңыздылығы мен қолданбалылығына тоқталар кез жеттi.
Рыноктық экономиканың белсендi өкiлдерiнiң бiрi – кәсiпкерлер. “Кәсiпкер” ұғымын алғаш рет XVIII ғасырдың басында ағылшын экономисi Ричард Кантильон енгiздi. Ғылыми әдебиеттерде кәсiпкерлiктi үш аспектiде қарастырады: экономикалық категория ретiнде, экономикалық ойлау типi ретiнде, шаруашылық жүргiзу тәсiлi ретiнде. /1/
Экономикалық ғылымда негiзiнен өндiрiстiң төрт факторы қарастырылған: еңбек, капитал, жер және кәсiпкерлiк. Бұл жерде кәсiпкерлiк өндiрiстiң төртiншi факторы ретiнде ғана емес, еңбек, капитал, жер тәрiздi үш негiзгi өндiрiс факторларын бiрiктiрiп жүзеге асырудың үздiк әдiстерiн iздестiрiп, жұмылдыру процесi ретiнде де қарастырылады.
Рыноктық экономика негiзiнде осындай тұрақты экономикалық өсуге әкелетiн, бәсекеге қабiлетi жоғары өнiмдер шығаруға мүмкiншiлiк туғызатын, елiмiздi дамыған елдер қатарына бiр қадам болса да жақындататын басты құралдың бiрi – кәсiпкерлiк қызмет, нақтылай айтсақ шағын кәсiпкерлiктiң үлесi айтарлықтай болмақ. Әсiресе бұл салаға шағын инновациялық кәсiпкерлiктiң берер нәтижесi ерекше. Себебi өмiр өзi көрсеткенiндей, шикiзат сатуға бейiмделген экономика құлдырауға бағытталған. Тек жоғары сапалы, ең соңғы ғылым жетiстiктерiне сай техника мен технологиялар ғана экономиканы көркейтiп, халықтың тұрмыс деңгейiн жақсартуға қабiлеттi. /3/
Шағын кәсiпкерлiк кез-келген мемлекет экономикасының негiзгi саласының бiрi. Шағын және орта кәсiпкерлiкке кез келген рыноктық экономикасы дамыған елдердiң 10 кәсiпорынының 9-ы жатады.
1. Курс предпринимательства: Учебник для вузов / В.Я.Горфинкель, В.А.Швандар, Е.М.Купряков – Москва: Финансы, 1997. – 439с.
2. Тургинбаева А.Н. / Менеджмент в малом бизнесе: - Алматы: 2003, - 152с.
3. Токсанова А.Н. Развитие малого предпринимательства: концептуальный подход с позиций менеджмента. – Алматы, - 1999г.
4. Агеев А.И. Предпринимательство: проблемы собственности и культуры. М., 1991.
5. Курс экономической теории / Под ред. М.Н.Чепурина, Е.А.Киселевой. – Киров, 1994, гл.13.
6. Әкiмбекеов С., Баймұхамбетова А.С. Жанайдаров У.А. / Экономикалық теория. Оқу құралы. – Астана: 2002. – 464бет.
7. ҚР-ның Азаматтық кодексi. 2000 ж.
8. Н.А. Назарбаев. Қазақстан – 2030 Қазақстан халқына Жолдауы.
9. Н. Ә. Назарбаев. “Бәсеке қабiлеттi Қазақстан”, “Бәсекеқабiлеттi экономика” және “Бәсекеқабiлеттi халық” деген Қазақстан халқына Жолдауы. // Егемен Қазақстан, 19 наурыз, 2004 ж.
10. К.Б. Блеутаева «Кәсiпкерлiктiң жаңа формаларын ынталандырудағы мемлекеттiң ролi» //Аль-Пари, 2003, №3-4.
11. Ж.Ильясов “Этапы и проблемы в развитии малого бизнесе” // Вестник предпринимателя, № 9-10, - 2006г.
12. Т.С.Сарбасова “Состояние и проблемы малого бизнеса в РК” // Вестник КазНУ, №1, 2004 г.
13. С.Т.Купешова “Шағын инновациялық кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау” // Қаржы-Қаражат, 2003ж.
14. Л.И.Тогайбаева “Малый бизнес в обеспечение продуктивной занятости населения” // Вестник КазНУ. №3, - 2005г.
15. М.Ж.Арзаева “Шағын және орта бизнестi қаржылық-несиелiк реттеудiң объективтi қажеттiлiгi” // ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы. №3, - 2006ж.
16. Н.А. Назарбаев. Қазақстан – 2030 Қазақстан халқына Жолдауы.
17. ҚР-ның Ұлттық Банкiнiң статистикалық бюллетенi. 2007. 1.

Пән: Бизнесті бағалау
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КIРIСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

I. ШАҒЫН БИЗНЕС ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДIҢ НЕГIЗГI ФАКТОРЫ РЕТIНДЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ..5

1. Кәсiпкерлiк, түрлерi, жiктеу критерийлерi, экономикалық
көзқарастар
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
2. Шағын бизнес және оның экономикадағы орны мен маңызы
... ... ... ..9
3. Шағын бизнес және экономикалық өсу
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12

II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ШАҒЫН БИЗНЕСТIҢ ДАМУЫ, МӘСЕЛЕЛЕРI ЖӘНЕ ОНЫ
ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17

2.1 Қазақстан Республикасында шағын бизнестiң даму деңгейi, мәселелерi
және оларды шешу
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ...17
2.2 Шағын бизнестi мемлекеттiк және инновациялық қолдау
... ... ... ... ... ...21
2.3 Шетелдiк тәжiрибедегi шағын бизнестi қолдау бағыттары
... ... ... ... ... ..26

ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ...29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31

КIРIСПЕ

Экономиканы қай жағынан алып қарасақ та, олардың барлығы экономикалық
өсу мәселесiне алып келедi. Бұл мәселенiң өзектiлiгi халықтың тұрақты
өсуiне, өмiр сүрудiң жоғары деңгейiн қамтамасыз ету болып табылады.
Қазақстан Республикасы XXI ғасырға күрделi өзгерiстермен аяқ басты. Он
төрт жылдан астам уақытта елiмiздiң тәуелсiздiгiмен қатар жүргiзiлiп келе
жатқан экономикалық реформалардың маңыздылығы мен қолданбалылығына тоқталар
кез жеттi.
Рыноктық экономиканың белсендi өкiлдерiнiң бiрi – кәсiпкерлер.
“Кәсiпкер” ұғымын алғаш рет XVIII ғасырдың басында ағылшын экономисi Ричард
Кантильон енгiздi. Ғылыми әдебиеттерде кәсiпкерлiктi үш аспектiде
қарастырады: экономикалық категория ретiнде, экономикалық ойлау типi
ретiнде, шаруашылық жүргiзу тәсiлi ретiнде. 1
Экономикалық ғылымда негiзiнен өндiрiстiң төрт факторы қарастырылған:
еңбек, капитал, жер және кәсiпкерлiк. Бұл жерде кәсiпкерлiк өндiрiстiң
төртiншi факторы ретiнде ғана емес, еңбек, капитал, жер тәрiздi үш негiзгi
өндiрiс факторларын бiрiктiрiп жүзеге асырудың үздiк әдiстерiн iздестiрiп,
жұмылдыру процесi ретiнде де қарастырылады.
Рыноктық экономика негiзiнде осындай тұрақты экономикалық өсуге
әкелетiн, бәсекеге қабiлетi жоғары өнiмдер шығаруға мүмкiншiлiк туғызатын,
елiмiздi дамыған елдер қатарына бiр қадам болса да жақындататын басты
құралдың бiрi – кәсiпкерлiк қызмет, нақтылай айтсақ шағын кәсiпкерлiктiң
үлесi айтарлықтай болмақ. Әсiресе бұл салаға шағын инновациялық
кәсiпкерлiктiң берер нәтижесi ерекше. Себебi өмiр өзi көрсеткенiндей,
шикiзат сатуға бейiмделген экономика құлдырауға бағытталған. Тек жоғары
сапалы, ең соңғы ғылым жетiстiктерiне сай техника мен технологиялар ғана
экономиканы көркейтiп, халықтың тұрмыс деңгейiн жақсартуға қабiлеттi. 3
Шағын кәсiпкерлiк кез-келген мемлекет экономикасының негiзгi саласының
бiрi. Шағын және орта кәсiпкерлiкке кез келген рыноктық экономикасы дамыған
елдердiң 10 кәсiпорынының 9-ы жатады. Егер, Еуропа елдерiнде әр мың
тұрғынға шаққанда 45-50 шағын кәсiпорын болса, АҚШ-та ол көрсеткiш 75
кәсiпорын шамасында, ал Қазақстанда не бары 7-8 кәсiпорын ғана құрайды
екен. 9
Бүгiнгi Республикамызда экономиканы рыноктық қатынаста қайта құру
жолында оның негiзi болып табылатын кәсiпкерлiк қатынастарды дамытып, оны
жандандыру және оларды мемлекеттiк қолдау күн тәртiбiндегi өзектi
мәселелердiң бiрi.
Жұмысты орындаудағы мақсатым Қазақстан Республикасында шағын
кәсіпкерлктiң қалыптасу мәселелерi мен даму болашағын қарастыру.
Осыған байланысты шағын кәсiпкерлiк қызметтiң, кәсiпкерлiктiң
құқықтық-теориялық мәселелерiн, шағын кәсiпкерлiктiң жалпы экономикада
алатын орнын, оны мемлекеттiк қолдау саясатының басты бағыттарын, сондай-ақ
шағын бизнестi инновациялық қолдау саясатының артықшылықтарын, елiмiздiң
егемендiгiн алғаннан бастап қазiрге дейiнгi шағын бизнестiң қалыптасуы мен
дамуын, сондай-ақ туындап отырған мәселелерiн және одан шығу жолдарын
қарастыру жұмысты орындаудағы мiндетiм болып табылады.
Мен курстық жұмысымның 1-ші бөлімінде экономикадағы кәсіпкерлік
ұғымына тоқталып және соның нәтижесінде туындайтын шағын кәсіпкерлік және
оның экономикалық өсумен байланысына тоқталып өтпекшімін. Ал жұмысымның 2-
ші бөлімінде еліміздегі шағын кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуын, оны
қолдау шараларын жан-жақты қарастырмақшымын. Жұмыс барысында көптеген
сызбалар, суреттер және статистика мәліметтерінен талдау жасалған
кескіндемелер кездеседі.
Бұл тақырыпта ой толғаған көптеген шетел және отандық ғалым
экономистер өте көп. Отандық еңбектердiң авторлары: Қ.Т. Битемiров,
М.Қ. Сүлейменов, В.А.Жакенов, Б.В.Покровский, А.И.Худяков,
К.А.Шайбеков және т.б. ғалымдарды атап өтуге болады.

I ШАҒЫН БИЗНЕС ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДIҢ НЕГIЗГI ФАКТОРЫ РЕТIНДЕ
1. Кәсiпкерлiк, түрлерi, жiктеу критерийлерi, экономикалық көзқарастар

Буржуазиялық саяси эканомикада “кәсiпкерлiк” түсiнiгi XVIII ғасырда
пайда болды. “Кәсiпкерлiк” – жекелеген шаруашылық қызмет тәуекелмен
жасалатын жекеменшiк , қарыздық және басқа да құралдар мен
мүлiктер негiзiне пайда табу қызметтерi.
ҚР-ның Азаматтық кодексiнде кәсiпкерлiкке келесiдей анықтама бередi:
“Кәсiпкерлiк – меншiк түрлерiне қарамастан, азаматтар мен заңды
тұлғалардың, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы
таза табыс табуға бағытталған, жеке меншiкке не мемлекеттiк кәсiпорынды
шаруашылық басқаруға құқығына (мемелекеттiк кәсiпкерлiк) негiзделген ынталы
қызмет. Кәсiпкерлiк қызмет кәсiпкердiң атынан, оның тәуекел етуiмен және
мүлiктiк жауапкершiлiгiмен жүзеге асырылады”. 5
“Кәсiпкерлiк” бұл ерекше экономикалық құбылыс болып табылады.
Кәсiпкерлiк қызметке талдау жасау оның жалпы экономикалық құрылымы сияқты
ұзақ тарихы мен терең тамыры барын көрсетедi. Орта ғасырларда “кәсiперлiк”
деген термин, одан да бұрын “антрепренер” француз тiлiнен аударғанда
“делдалдық” дегендi бiлдiредi. Кәсiпкерлiк батыстың экономикалық
теориясында кең түрде XVIII ғасырдан бастап қарала бастады. Оны атақты
ғалымдар А.Тюргоның, Ф.Кэненiң, А.Смиттiң, Ж.Сэйдiң есiмдерiмен
байланыстырады. “Кәсiпкер” терминiнiң атасы белгiлi ағылшын экономисi
Ричард Кантилон. Ол “кәсiпкер” деп рынок жағдайында әрекет жасаған адамды
айтқан.
Әлеуметтiк-экономикалық құбылыс ретiнде кәсiпкерлiк көптеген қоғамдық
қатынастарды қамтиды. Мұның айталық, заң-құқықтық, психологиялық, тарихи
жақтары бар. Бiрақ кәсiпкерлiк қызметтiң тағдыры адам қызметiнiң
экономикалық жағдайларына байланысты. Кәсiпкерлiк қатынастарды талдаудың
алғашқы қадамы олардың объектiлерi мен субъектiлерiн анықтау.
Кәсiпкерлiктiң субъектiсiне экономикалық қызметке қатысушы түрлi
мүшелер, алдымен жекелеген индивидтер, жеке адамдар жатады. Мұндай
кәсiпкердiң қызметi өзiнiң еңбек шығындарына немесе жалдамалы еңбектi
қолдануға негiзделедi. Соңғы жағдайда кәсiпкер жалдаушы болады. Кәсiпкерлiк
қызметтi бiр топ адамдар жүргiзуi мүмкiн, оларды байланыстырушы – мiндеттi
шарттар мен экономикалық мүдде. Мұндай кәсiпкерлiктiң түрi – ұжымдық, деп
аталады. Ұжымдық кәсiпкерлiктiң субъектiсi - әртүрлi акционерлiк қоғамдар,
кооперативтер және т.б. жеке-дара кәсiпкерлерге қарағанда кооперативтер
немесе партнерлiк бiрлестiктер iрi көлемдегi мәселелердi шеше отырып,
олардың рыноктағы үлесi бар болуымен көрiнедi.
Кәсiпкерлiк объектiсi – адамның белгiлi қызметi. Кәсiпкердiң соңғы
нәтижесi - өндiрiлген өнiм мен көрсетiлген қызмет. Бiрақ, ең бастысы әр
кәсiпкер осылардың iшiндегi өзiне ең пайдалысын және тиiмдiсiн iске
асырады. Мiне сондықтан да рыноктық экономикада кәсiпкерлердiң басты
мақсаты өз пайдасын барынша максималдау және өндiрiс шығындарын барынша
минималдау болып табылады. Ал кәсiпкердiң табысы көбiне оның өз iсiн қалай
ұйымдастырғанына байланысты. Яғни, кәсiпкер өз iсiн бастағанда және оны
жалғастырғанда үлкен тәуекелге барады. Ал тәуекелдiлiк кәсiпкерлiк
қызметпен бiрге өмiр сүрiп отыратын заңды құбылыс. 3
Сонымен кәсiпкерлiк – рыноктағы бәсекеге төтеп беру үшiн жаңа
мүмкiндiктердi iздеу, жаңа технологияны пайдалану, капиталды жұмсаудың тың
салаларын iздеу, ескi ойлау шеңберiнен шығу болып табылады.
Демек, нақты өмiрде кәсiпкерлiктiң объектiсi – новаторлық, жаңашылдық,
ерекше мағынадағы новаторлық өндiрiс, айырбас және бөлудiң түрлi
факторларын комбинациялау. Кәсiпкерлiк әр кезде де белгiлi бағытта
ұйымдастырылады, нақты формалары бар. Кәсiпкерлiктiң шаруашылық жүргiзу
тәсiлi ретiнде бiрнеше жалпы белгiлерi бар. Оның iшiнде негiзгiсi –
шаруашылық субъектiлерiнiң еркiндiгi мен тәуелсiздiгi. Кәсiпкерлердiң еркiн
қызмет етуi рынок механизмiнiң әрекетiн қамтамасыз ететiн тәртiп
қалыптастырады. Кәсiпкердiң тәуелсiздiгi оған экономикалық ресурстарды
алуға, осы ресурстардан өз қалауынша қызмет пен тауар өндiру процесiн
ұйымдастыру және оларды рынокта кәсiпкердi қанағаттандыратындай өткiзу
болып табылады.
Барынша көп табыс табу кәсiпкерлiк жұмыстың қозғаушы факторы. Көп
жағдайларда тек осы тұрғыдан ғана iс ұйымдастырылып, одан әрi кеңейтiледi.
Кәсiпкерлiкке тән тағы бiр сипат шаруашылық жүргiзудегi тәуекелге бел бууы.
Iске кiрiскенде алғашында алда не болатыны белгiсiз, анықталмағандық
болады, оны болжап, дәл айту қиын.
Осындай елеулi белгiлерi бола отырып кәсiпкерлiк келесi салалар
бойынша бөлiнедi:
• кәсiпкерлiк қызметтiң бағытталуына байланысты: өндiрiстiк,
коммерциялық, қаржылық, инновациялық болып бөлiнедi;
• кәсiпкердiң функционалды операциясының құрылымына қарай:
өндiрiспен басқару , қаржыландыру және делдалдық қызмет:
• шаруашылық түрлерiнiң санына байланысты кәсiпкерлiк: бiр
профильдi , көп профильдi;
• шаруашылықтың салаларына бағытталуына байланысты: өндiрiстiк ,
агроөндiрiстiк, ауыл шаруашылық, құрылыста және басқада
халық шаруашылық салаларында. 1
Кәсiпкерлiк фирманың көлемiне сәйкес шағын, орта және iрi кәсiпкерлiк
болып бөлiнедi. Осы заманда экономикасы дамыған елдерде шағын кәсiпкерлiк
ұлттық шаруашылықтың ең iрi секторын құрайды. Шағын бизнесте барлық
жұмысбастылардың жартысынан көбi қызмет етедi. Қазақстанда бүгiнгi күнi
шағын және орта кәсiпкерлiк бастан кешiрiп отырған қатынастарға
қарамастан, экономиканың серпiндi дамып келе жатқаны белгiлi болып отыр.
Ең бастысы шағын кәсiпкерлiк саны өсiп келедi. Өсiм соншалықты жоғары да
емес, небәрi пайыздық бөлiгi ғана. Оның ЖIӨ-де өзiндiк үлесi бар. Ол 30 %
құрайды. Қазiргi кезде кәсiпкерлiк Қазақстанның бүгiнгi экономикасында
лайықты орын алуда.
Жалпы кәсiпкерлiктiң жiктелуiн келесi 1-шi суреттен көре аламыз. 2

Сурет-1 – Кәсiпкерлiктiң жiктелу критерилерi

1.2 Шағын кәсіпкерлік және оның экономикадағы орны мен маңызы

Шағын кәсiпкерлiк бұл кәсiпкерлiктiң аясындағы ұғым, яғни мұнда бiр
немесе бiрнеше кәсiпкер пайда табу мақсатында кәсiпкерлiк қызметтер жасап,
жоғары тәуекелдiктерге баруы деп түсiнсек болады. Әсiресе, шағын
кәсiпкерлiк нарықтық экономиканың қайнар көзi болып табылады. Осы шағын
кәсiпкерлiк арқылы көптеген әлеуметтiк – экономикалық мәселелердi шешуге
болады. Осы шағын кәсiпкерлiктi дамыту арқылы елдiң тұрақты экономикалық
өсуiн қамтамасыз ету, халықтың негiзгi бөлiгiн жұмыспен қамту, қоғамда
орта тапты қалыптастыру қызметтерiн атқарады.
Шағын кәсiпкерлiктiң өзiндiк артықшылықтары да бар. Оларға: 3
• Сыртқы экономикалық факторлардың өзгеруiне тез бейiмдiлiгi;
• Шағын инновациялық кәсiпкерлiк бiр салада тоқтап қалмай экономиканың
барлық сферасын қамтиды;
• Шағын кәсiпкерлiк iрi компанияларға қарағанда ғылыми – техникалық
зерттеулер нәтижелерiн инновацияларды өнеркәсiпке жылдамырақ енгiзедi;
Шағын кәсiпкерлiк рынок қатынастарын ұдайы iске қосып отыратын орта.
Экономиканың өтпелi кезеңiндегi шағын кәсiпкерлiк ең алдымен рыноктың
тауармен толығуына және жаңа жұмыс орындарының құрылуына мүмкiндiк бередi.
Жалпы алғанда, кәсiпкерлiк экономикада нақты белсендi, бәсекелес ортаны
ғана қалыптастырып қоймайды, сонымен қатар, мемлекеттiң экономикалық
дамуында оның тұрақталығының индикаторы қоғамда орта тапты жасақтайды.
Шағын кәсiпкерлiктiң әлеуметтiк мiндетiне:
• Халықты жұмыспен қамту және жұмыссыздық мәселесiн шешу;
• Тұрмыс деңгейiн жоғары болуын қамтамасыз ету;
• Адамның өмiрге тың сенiммен қарауының мүмкiндiктерiн арттыру;
Ал шағын кәсiпкерлiктiң экономикалық мiндеттерiне келесiлердi жатқызуға
болады:
• Экономиканың бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру;
• Жаңа жұмыс орындарын ашу;
• Рыноктағы сұранысқа және жалпы өзгерiстерге тез бейiмделу;
• Шектеулi ресурстарды тиiмдi пайдалану;
• Экономикалық активтi халықты барынша ынталандыру;
• Инвестицияларды тиiмдi салаларға тарту;
• Инновациялық жаңалықтарды ашып оны өндiрiске енгiзу;
• Кластерлiк жүйенiң дамуы;
• Лизингтiк қатынастардың дамуы;
• Өнiмдердiң сапалылығының жоғары болуы;
• Тұрақты экономикалық өсудi қамтамасыз етiп, ЖIӨ-нiң өсуiне өз үлесiн
қосады;
Дамыған елдердiң тәжiрибесi шағын кәсiпкерлiк экономиканың даму
қарқынын арттыра түсетiнiн көрсетедi. АҚШ-та 2002 жылы барлық жұмыс күшiнiң
50%-iн кәсiпкерлiкпен шұғылданушылар құрайды. Iшкi өнiмнiң 33%-i шағын
кәсiпкерлiк үлесiнде. Жапонияда жұмыс күшiнiң 80% шағын кәсiпкерлiкпен
шұғылданады және жалпы өнiмнiң 55% үлесiн алып отыр. АҚШ-та шағын
кәсiпкерлiк ғылыми зерттеу жұмыстарының 3% ғана жүзеге асырса да,
өндiрiске енгiзiлетiн iрi жаңалықтардың экономикадағы елеулi үлесi 50%
құрайды. 12
Шағын кәсiпорындардың соңғы жылдары күрт ұлғаюы жаңа нарықтық
құрылымның қалыптаса бастағандығының айғағы. Алайда заңды тұлғалардың жалпы
санының 70% ғана жұмыс iстейдi.
Заңды түрде тiркелiп, мерзiмiнде жұмыс iстеген шағын кәсiпорындардың
басты көпшiлiгi Алматы қаласында орналасқан.
Шағын кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi ақпаратты талдағанда
агроөнеркәсiптiк кешендегi шағын кәсiпкерлiк қазiргi уақытта елiмiздiң
эканомикасына тиiстi үлес қоса алмай отырғанын немесе табысын
жасырып ұстайтынын байқауға болады . Сонымен бiрге эканомиканы
сараптағанда мемлекеттiң стратегиялық бағытын жүзеге асыруда шағын
бизнес басты құралдардың бiрiне айналды .
Шағын кәсiпкерлiк, әсiресе агроөнеркәсiптiк өндiрiс саласында
мықты дамуы тиiс. Өткен жылдары ауыл шаруашылық шикiзатының басым
бөлiгi республикадан тыс жерлерге тасымалданып , сол жерлерде
өнделiп , дайын өнiм сапасы төмендедi, шығынға жол берiлдi.
Бүгiнгi таңда шағын кәсiпкерлiк эканомикасының ерекше
бөлiгi ретiнде нақты жұмыс iстеп, даму үстiнде деп сенiммен айтуға
болады. Ал шағын кәсiпкерлiк Қазақстанды дағдарыстан алып шығатын
локомотивтiң нақ өзi.
Бүгiнде Қазақстан экономикасы әлемдiк бәсекедегi орны айтарлықтай
емес. Елiмiз шикiзат бағытындағы дамушы елдер қатарында. Әлемдiк тәжiрибе
керсеткенiндей, әлемде шикiзат экспорттаушы елдер даму жағынан артта қалған
немесе дамушы елдерге тән экономика болып табылады. Ал елбасымыз халыққа
жолдауында “мемлекетiмiз әлем таныған, алдыңғы қатарлы елдер қатарына
қосылуы керек” деп атап көрсеттi. Сондықтан, елiмiз алдынғы қатарлы дамыған
елдер қатарына қосылуы үшiн тұрақсыз экономикалық дамуға әкелетiн шикiзат
бағытынан қол үзiп, қазiргi заманғы жоғары дамыған ғылыми-техникалық
экономикаға өтудi қажет етедi.
Бәсеке жалпы экономикалық құндылықтар мен жетiстiктердi дамытудың
негiзгi құралы болып табылады. Бәсекелiк рынокта қызмет етушi фирмалар мен
кәсiпорындар қоғамның әр түрлi сұранысына бейiмделiп, тиiмдi
инвестицияларды орынды пайдалану арқылы ғылыми-техникалық прогреске
ұмтылады, өндiрiстiк және қосымша шығындарды азайта отырып, сапалы өнiмдер
шығарудың көлемiн арттыруға ынталы болады.
Осылайша әрбiр кәсiпкердiң бәсекеге қабiлетi жоғары болуының
нәтижесiнде әлемдiк экономикалық рынокта ұлттық экономиканың бәсекеге
қабiлеттiлiгi артады. Ал осы аталған нәтижелерге қол жеткізудің бірден-бір
жолы шағын кәсіпкерліктің дамуы болып табылады.

1.3 Шағын бизнес және экономикалық өсу

Экономикалық өсу кеңiнен тараған құбылыс болып табылады. Экономикада
болып тұратын дағдарыстарды ескерсек те, ұзақ мерзiмдi экономиканың өсуi
трендi ұлғаймалы. Сондықтан экономиканың тұрақты өсуi, адам басына
шаққандағы табыстың өсуi болып отыр. Өйткенi осы көрсеткiш халық
жағдайының көтерiлуiне әкеледi. Сондай-ақ экономикалық өсу ресурс
шектеулiгi ахуалын шешедi.
Өзiнiң егемендiгiн алғанына ендi ғана 14 жыл болып отырған елiмiздiң
алдынғы қатарлы дамыған елдер қатарына қосылуы үшiн экономикада тұрақты
интенсивтi экономикалық өсу қажеттiгi туындап отыр. Экономиканың мұндай жас
кезiнде мемлекеттiң экономикаға араласуы, оның тиiмдi дамуы үшiн
экономикалық саясаттар жүргiзу арқылы iске асыру керек.
Осы уақытқа дейiн жүргiзiлiп келген экономикалық бағдарламалар өз
жемiсiн бере бастады, жекешелендiру өзiнiң нәтижесiн берiп, нарықтық
қатынастар орнап, экономикалық адамдар пайда болды. Сондай-ақ ел
экономикасы 1995 жылы ЖIӨ-нiң 0,5%-ке өсуiмен жаңа даму сатысына өттi. Елде
жұмыссыздық деңгейi азайып, инфляция деңгейi төмендедi. Қазiр елiмiз ТМД
елдерi iшiнде нарықтық қатынастар неғұрлым толық қалыптасқан, ЖIӨ-нiң өсу
қарқыны жағынан алдынғы қатарда. Соңғы жылдары елiмiздегi ЖIӨ көлемi 10%
деңгейiнде болып отыр. Бұл әрине жоғары көрсеткiш. 14
Бiрақ бiзде экономикалық өсудiң негiзгi қоры болып отырған бұл
елiмiздiң жер қойнауының бай шикiзаттары болып отыр. Шикiзаттық және
өндiрiстiк экономиканың тиiмсiз екенi бiзге белгiлi, сондықтан индустриялық-
инновациялық дамуда сервистiк-технологиялық экономикаға өту үшiн
стратегиялар жасалуда. Онда негiзiнен шикiзат бағытына қарап қалған
экономикадан қол үзiп, экономика салаларын әртараптандырып, ұзақ мерзiмдi
жоспарда сервистiк-технологиялық экономикаға өту үшiн өңдеушi өнеркәсiптi
дамытып, отандық товарлардың iшкi және сыртқы нарықта бәсекелестiгiн, еңбек
өнiмдiлiгiн арттыру бүгiнгi ұрпақтың мiндетi. Ал осы мiндеттi шешудiң
негiзгi жолдардың бiрi және экономиканың бәсекеге қабiлетiн арттыратын
бiрден-бiр құрал бұл елiмiзде кәсiпкерлiк қызметтi, әсiресе шағын
кәсіпкерліктi жетiлдiру және оны жан-жақты қолдау болып табылады.
Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастарға өтпелi кезеңiнде
экономикада кәсiпкерлiк қызмет даму үстiнде. Кәсiпкерлiк, әсiресе шағын
кәсiпкерлiк нарықтық жүйеде толық қанды қызмет ету үшiн кәсiпорын жаңа
технологиялар мен жаңалықтар ашып отыруы керек.
Нарықтық қатынастар аясында жүзеге асырылып жатқан кәсiпкерлiк
қызметтiң мемлекет тарапында және тұрақты экономикалық өсуде атқаратын
рөлiнiң ерекше екенi дәлелдеудi қажет етпейдi. Қазiр дамыған өркениеттi
елдердiң қайсысын алып қарасақ та шағын және орта кәсiпкерлiктi дамыта
отырып, айтарлықтай жоғары дәрежеге жеткенi баршаға мәлiм.
Бүгiнгi Республикамызда экономиканы рыноктық қатынаста қайта құру
жолында оның негiзi болып табылатын кәсiпкерлiк қатынастарды дамытып, оны
жандандыру және оларды мемлекеттiк қолдау күн тәртiбiндегi өзектi
мәселелердiң бiрi.
Рыноктың өрлеп, өркендеуi кәсiпкерлiктiң қызметтерiне айтарлықтай
тәуелдi болады. Әсiресе, шағын кәсiпкерлiк нарықтық экономиканың қайнар
көзi болып табылады. Осы шағын кәсiпкерлiк арқылы көптеген әлеуметтiк –
экономикалық мәселелердi шешуге болады. Шағын кәсiпкерлiктi дамыту арқылы
елдiң тұрақты экономикалық өсуiн қамтамасыз ету, халықтың негiзгi бөлiгiн
жұмыспен қамту, қоғамда орта тапты қалыптастыру қызметтерiн атқарады.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Президентi Н.А.Назарбаев
өзiнiң “Қазақстан-2030” атты стратегиялық жоспарында елiмiздiң
экономикалық саясатының бiрден-бiр басымды бағыты шағын және орта
кәсіпкерлік деп атаған болатын 6
Қаржыгерлердiң III Конгресiнде ҚР-ның Елбасы Н.Ә. Назарбаев ҚР-ның
Үкiметiне және ҚР-ның Ұлттық Банкiне индустриялдық саясат шеңберiнде
приоритеттiк маңызы бар салаларды нақты анықтауды және оларды қаржыландыру
механизмiн дамытуды тапсырғаны белгiлi. Әлемдiк тәжiрибе көрсетiп
отырғандай қоғамдағы экономикалық, саяси, әлеуметтiк сұрақтарды шешуде
шағын кәсіпкерліктің ерекше роль атқаратындығы белгiлi.
Мiне осы шағын кәсiпкерлiктiң дамуына әсер ететiн факторлардың бiрi
сәйкес қаржылық қызметтер секторының дамуы болып табылады. Себебi, көптеген
кәсiпорындар үшiн маңызды мәселелердiң бiрi қосымша ақша қаражаттарының
көзiн iздестiру болып табылатындығы белгiлi. Ал 2003 жылғы қараша айындағы
деректер бойынша банктiк сектордан шағын кәсіпкерлікке бөлiнiп отырған ақша
қаражаттары жалпы экономикаға бөлiнген несиелердiң 22,7% ғана құрап отыр.
9
Осы сегментке тән сипаттық белгiлердiң бiрi шағын кәсiпорындарды
қаржыландыру күрделi қаржылық салымдардың неғұрлым тәуекелдiгi жоғары түрi
болып табылатындығы. Осындай қаржылық инвестициялардың тәуекелдiлiгiнiң
жоғарылығы шағын кәсiпорындар үшiн банктерден берiлетiн несиелердiң бағасы
мен мерзiмiне де әсерiн тигiзедi. Ал лизингтiк қатынастар осындай
тығырықтан шығудың бiр жолы болып табылады, себебi лизингтiк қатынастар
кезiнде несие беру үшiн қажеттi қамтамасыз ету мөлшерiне қойылатын
талаптар банктiк несиелерге қарағанда салыстырмалы түрде төмен. Сондықтан
лизингтiк қызметтi дамытудың шағын бизнстiң дамуына қосар үлесi жоғары
болып табылады.
Шағын кәсiпкерлiк эканомикасының жинақтылығы салыстырмалы түрде
аздаған инвестициялары мен тәуекелiнiң неғұрлым аздығымен қысқа
мерзiм iшiнде, бiрiншi кезекте тауар айналысы саласындағы сол
кездегi жағдайды өзгертуге және тұрақтандыруға мүмкiндiк бердi.
Шағын кәсiпкерлiк саласын сипаттайтын эканомикалық
көрсеткiштер эканомиканың осы секторында қалыптасып келе жатқан оң
үдiрiстер туралы мағлұмат бередi.
Шағын кәсiпкерлiктегi үрдiстердi талдау эканомиканың осы
секторы дамуының серпiндi - үдемелi сипаты бар екенiн және
элеуметтiк шиелiнiстi төмендету факторы мен халықты жұмыспен
қамтамасыз етудiң негiзi болып отырып, өзiнiң оң нәтижесiн берiп
отырғанын айғақтайды. Сөйтiп, кәсiпкерлiк сипат эканомикаға барған
сайын тиiстi икемдiлiк берiп оның дамуының шешушi факторы болып
келедi. Шағын кәсiпкерлiк жаңа кәсiпорындары мен жұмыс орындарын
құру жолымен халықты жұмыспен қамтамасыз етуде, рынокты әр түрлi
тауарлар мен және қызмет көрсетулермен молықтырып отыр.
Салаларды қайта құрылымдауды және кәсiпорындарды
реформалауды жүргiзу кезiнде шағын кәсiпкерлiктiң артықшылықтары әлi
де жете пайданылмауда. Мемлекет қолдауындағы осы саладағы пәрмендi
шараларының бiрi болып өндiрiс және қызмет көрсетулер саласында
жұмыс iстейтiн шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi арсында мемлекеттiк
тапсырысты орналастыру болып табылады. Шағын кәсiпкерлiктi қолдаудың
осындай практикасын одан әрi дамыту iрi компаниялардың шағын
кәсiпкерлiк субъектiлерiмен соңғыларда өнiмнiң белгiлi бiр түрлерiн
өндiру бойынша тапсырыстарды орналастыру тұрғысында өз ара iс -
әрекеттерiн кеңейту арқылы мүмкiн болмақ.
Қазiргi экономикалық теорияда, әдетте экономикалық өсу деп, өндiргiш
күштердiң ұзақ мерзiмдiк дамуымен байланысты өндiрiстiң нақты көлемiнiң
табиға дәрежесiнiң ұзақ мерзiмдегi өзгерiстерiн атайды.
Экономиканың өсуiн өлшеудiң екi жолы бар:
1) Макроэкономикалық көрсеткiштердiң өсуi (ЖҰӨ, ЖIӨ, ТҰӨ, ҰТ)
арқылы;
2) Әлеуметтiк институттар үрдiсiнiң өзгерiсi (жеке меншiк құқығы
құрылымының өзгеруi, өндiрiстi ұйымдастыру және бөлу
формалары) 5.
Экономикалық өсу факторлары қызмет ету әрекетiне байланысты нақты және
жанама факторлар болып бөлiнедi. Нақты факторлар экономикалық өсудiң
физикалық өсуiнiң мүмкiншiлiгiн көрсетсе, ал жанама факторлар осы
әрекеттердiң iске асуын қамтамасыз етедi. Олар нақты экономикалық өсу
факторларына оң немесе терiс әсер етуi мүмкiн.
Нақты факторларға негiзгi бес факторды жатқызуға болады, яғни жиынтық
ұсыныс пен өндiрiстiң динамикасын көрсететiн факторлар:
• еңбек ресурстарының сандық және сапалық өсуi;
• негiзгi капиталдың сапалы құрамының көлемiнiң өсуi;
• өндiрiстi ұйымдастыру және технологиялар қатысуымен;
• табиғи ресурстардың айналымының сандық және сапасының артуы;
• қоғамды ксiпкерлiк қызметтiң дамуы.
Жанама факторларға мына факторларды жатқызуға болады:
• нарықты монополизациялаудың төмендеуi,
• өндiрiстiк ресурстарға бағаның төмендеуi,
• пайдаға салықтың төмендеуi,
• несие алу мүмкiншiлiктерiнiң артуы және т.б.
Жоғарыдағы экономикалық өсу анықтамаларына тоқтала келе экономикалық
өсуге шағын кәсіпкерліктің қосар үлесі айтарлықтай маңызды, өйткені
кәсіпкерлік немесе шағын кәсіпкерліктің дамуы экономикалық өсудің нақты
факторы болып табылады.

II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ШАҒЫН БИЗНЕСТIҢ ДАМУЫ, МӘСЕЛЕЛЕРI ЖӘНЕ ОНЫ
ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ

2.1 Қазақстан Республикасында шағын бизнестiң даму деңгейi, мәселелерi және
оларды шешу жолдары

Қазақстан экономикасы егемендiгiн алғаннан кейiн iрi кәсiпорындары бар
жоспарлы экономикадан рыноктық экономикаға өтуiне байланысты шаруашылық
қызметтiң негiзгi түрi, халықты жұмыспен қамтудың бiрден-бiр көзi, ел
дамуының болшағы шағын және орта бизнес болып табылды. Елiмiздегi шағын
кәсіпкерліктiң дамуы қарқынды түрде жекешелендiру бағдарламаларын iске
асырғаннан бастап көрiне бастады. Оның даму тарихы 14 жылдық ел
экономикасымен бiрге қатарласып жүрiп келе жатыр. Осы кезеңдегi шағын
кәсіпкерліктiң дамуын 4 кезеңге бөлсек болады: 9
Бiрiншi кезең – бағаларды либеризациялау (1991-1992), бұл кезеңнiң
ерекшелiгi 90-шы жылдардан кейiн iрi өнеркәсiптердiң жабылуына байланысты
мыңдаған жұмыссыз қалған қызметкерлердi жұмыспен қамту үшiн шаруашылықтың
сауда және қызмет көрсету салаларында шағын және орта бизнестi дамыту, яғни
бұл сфераларда ақша айналысы жылдам жүретiн болғандықтан. Осы уақытта
елiмiзде 34,5 мың шағын бизнес субъектiлерi құрылды. бiрақ олардың тек қана
6%-ғана экономикалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шағын бизнестің экономикалық мәні мен маңызы және ерекшеліктері
Шағын бизнесті қалыптастыру
Қазақстан Республикасындағы шағын бизнестің дамуы ТУРАЛЫ
Қазақстандағы шағын және орта бизнестің дамуы
Қазақстан Республикасының шағын бизнесін талдау және оның даму перспективалары
Шағын және орта бизнес дамуы
Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің қазіргі жағдайы және дамуы
Шағын және орта бизнестің мақсаттары
Жеке және шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамыту жайлы
Кәсіпкерлік. Кәсіпкерлікті дамыту
Пәндер