Мемлекеттік қаржыны басқарудың жетілдіру жолдары
Жоспар
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
I тарау Қаржыны басқарудың теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.1 Қаржыны басқару мәні мен құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2 Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын басқару ... ... ... ... ..8
1.3 Мемлекеттің қаржысын басқару және қаржыны басқарудың автоматтандырылған жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
ІІ тарау Мемлекеттік қаржыны басқарудың жетілдіру жолдары ... ...22
2.1 ҚР Қаржы министрлігі, оның мемлекеттік басқару органы ... ... ... ... ... 22
2.2 Қазақстан Республикасындағы қаржыны басқаруды жетілдіру ... ... ... .24
ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32

КІРІСПЕ
Баскару адам қызметінің барлық аясына, соның ішінде қаржы қызметіне де тән нәрсе. Ол белгілі бір нәтижеге жету үшін субъектінің объектіге нысаналы ықпал етуінің тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы.
Адамдардың саналы, мақсатты қызметі ретіндегі басқару экономикалық заңдардың объективті зандылықтары мен талаптарына негізделген. Осы заңдардың талаптарын танып білуге сүйене отырып және оларды пайдаланудың нысандары мен әдістерін жасай отырып, мемлекеттік, шаруашылық және қоғамдық органдар арқылы қоғам қаржыны, бағаны, кредитті және тағы басқаларын қоса, өндірістік қатынастардың нысандарын саналы түрде басқарады.
Қаржыны басқару — бұл қаржыны және шектесуші экономикалық және әлеуметтік жүйелерге оларды жетілдіру және дамыту мақсатымен ықпал жасау процесі және қаржы қатынастарының бүкіл жиынтығының тиімді жұмыс істеуіне жетуді және мұның негізінде тиісті қаржы саясатын жүргізуді қамтамасыз ету жөніндегі мемлекет (қаржы органдары арқылы) шараларының жиынтығы. Сөйтіп, қаржыны басқару — бұл тиісті қаржы саясатына жетудің мақсаты; қаржы механизмі.— бұл мақсатқа жетудің құралы; қаржы саясаты – қаржыны басқарудың тиісті процесінің түпкілікті қорытынды нәтижесі. Бұл орайда қажетті нәтижеге жету үшін объектіге мақсатты ықпал жасаудың әдістерімен тәсілдері пайдаланылады. Қаржы жүйесінде оны басқаруды арнаулы аппарат ерекше тәсілдер мен әдістердің, соның ішінде әр түрлі ынталандырмалардың және санкциялардың кемегімен жүзеге асырады.

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. — Алматы: Қазақстан, 2000.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілер жинағы.
3. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі. Қазақстан Республикасының кодексі. Егемен Қазақстан, 6 мамыр 2004 ж.
4. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі). — Алматы: ЮРИСТ, 2002.
5. Әмірқанов Р.Ә., Тұрғұлова А.Қ. Қаржы менеджменті. Оқу құралы. — Алматы: 1999.
6. Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Қаржы. Алматы: 2005
7. Бабич А.М., Павлов Л.Н. Финансы. Учебник. — М.: 2001.
8. Балабанов А.И., Балабанов И.Т. Финансы. - Петербург: 2000.
9. Балабанов И. Т. Основы финансового менеджмента. - М.: 1999.
10. Берлин С.И. Теория финансов. Учебное пособие. — М.: Приор, 2000.
11. Госшенко Л. Н. Страхование. Учебное пособие. — Алматы: 2003.
12. Дробозина Л.А. Финансы. Учебник для вузов. — М.: ЮНИ-ТИ, 2000.

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
I тарау Қаржыны басқарудың теориялық
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... 4
1.1 Қаржыны басқару мәні мен құрылымы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2 Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын
басқару ... ... ... ... ..8
1.3 Мемлекеттің қаржысын басқару және қаржыны басқарудың
автоматтандырылған
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ..10
ІІ тарау Мемлекеттік қаржыны басқарудың жетілдіру жолдары ... ...22
2.1 ҚР Қаржы министрлігі, оның мемлекеттік басқару
органы ... ... ... ... ... 22
2.2 Қазақстан Республикасындағы қаржыны басқаруды
жетілдіру ... ... ... .24
ҚОРЫТЫНДЫ
БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...31
ПайдаланҒАН
Әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
32
КІРІСПЕ
Баскару адам қызметінің барлық аясына, соның ішінде қаржы қызметіне де
тән нәрсе. Ол белгілі бір нәтижеге жету үшін субъектінің объектіге нысаналы
ықпал етуінің тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы.
Адамдардың саналы, мақсатты қызметі ретіндегі басқару экономикалық
заңдардың объективті зандылықтары мен талаптарына негізделген. Осы
заңдардың талаптарын танып білуге сүйене отырып және оларды пайдаланудың
нысандары мен әдістерін жасай отырып, мемлекеттік, шаруашылық және қоғамдық
органдар арқылы қоғам қаржыны, бағаны, кредитті және тағы басқаларын қоса,
өндірістік қатынастардың нысандарын саналы түрде басқарады.
Қаржыны басқару — бұл қаржыны және шектесуші экономикалық және
әлеуметтік жүйелерге оларды жетілдіру және дамыту мақсатымен ықпал жасау
процесі және қаржы қатынастарының бүкіл жиынтығының тиімді жұмыс істеуіне
жетуді және мұның негізінде тиісті қаржы саясатын жүргізуді қамтамасыз ету
жөніндегі мемлекет (қаржы органдары арқылы) шараларының жиынтығы. Сөйтіп,
қаржыны басқару — бұл тиісті қаржы саясатына жетудің мақсаты; қаржы
механизмі.— бұл мақсатқа жетудің құралы; қаржы саясаты – қаржыны басқарудың
тиісті процесінің түпкілікті қорытынды нәтижесі. Бұл орайда қажетті
нәтижеге жету үшін объектіге мақсатты ықпал жасаудың әдістерімен тәсілдері
пайдаланылады. Қаржы жүйесінде оны басқаруды арнаулы аппарат ерекше
тәсілдер мен әдістердің, соның ішінде әр түрлі ынталандырмалардың және
санкциялардың кемегімен жүзеге асырады.
I тарау Қаржыны басқарудың теориялық негіздері
1.1 Қаржыны басқару мәні мен құрылымы
Қаржыны басқарудың мақсаты макроэкономикалық теңгерілімдікте, бюджет
профицитінде, мемлекеттік борыштың азаюында, ұлттық валютаның беріктігінде,
ақырында, мемлекет пен қоғамның барлық мүшелерінің экономикалық
мүдделерінің үйлесуінде (ұштасуында) көрінетін қаржының тұрақтылығы мен
қаржының тәуелсіздігі болып табылады.
Қаржыны басқарудың негізіне мына қағидаттар қойылған:
- басқарудағы демократизм;
- қаржы мәселелеріне саяси тәсілдеме (көзқарас);
- басқарудағы экономикалық және әкімшілік әдістердің оңтайлы үйлесуі
(ұштасуы);
- басқарудың ғылымилығы;
- орталықтандырылған, салалық және аумақтық басқарудағы келісушілік;
- басқарудағы жауапкершілік;
- шаруашылық шешімдерінің сабақтастығы.
Қаржыны басқарудың екі аспектісін ажырата білген жен: біріншіден,
мемлекет қаржыны, оның нысандарын экономика мен әлеуметтік сфераны
басқарудың тетігі, тұтқасы ретінде пайдаланады және сөйтіп, қоғамдық
өндірістің бүкіл процесіне ықпал жа-сайды; екіншіден, қаржының өзі
басқарудың объектісі болып табылады: қаржы қатынастарының нысандары, ақша
қорлары, қаржы аппараты, яғни қаржы мекемелерінің жүйесі* басқарылады.
Қаржыны басқаруға гылыми көзқарас қаржы қатынастарының әрбір
сферасында, олардың әрбір буынында оны басқаруға көп жоспарлы сипат пен
жүйелі көзқарасты айқындайды. Заңи заңдарда, қаржылық болжамдар мен
жоспарларда, қаулыларда және басқаларда ресімделетін қаржылық сипаттағы
басқару шешімдерін әзірлеген кезде экономикалық және заңи заңдардың
талаптарын, өткен шаруашылық кезеңнің қорытындыларының ғана емес, сонымен
бірге келешекті экономикалық талдаудың нәтижелерін, экономикалық-
математикалық әдістер мен қаржыны басқарудың автоматтандырылған жүйесін,
басқарудың экономикалық және әкімшілік әдістерінің ұтымды үйлесуін ескерген
жөн. Қаржыны ғылыми басқару іс-қимылға жаңа қаржы әдістері мен тұтқаларын
енгізу немесе ескілерінің күшін жою жолымен келеңсіз құбылыстарды уақтылы
жеңіп отыруды қажет етеді. Сонымен бірге айқын және уақтылы экономикалық
ақпарат, ғылыми негізделген көрсеткіштер, жоғары сапалы перспективалық және
ағымдағы қаржылық жоспарлау талап етіледі.
Қаржы қатынастарының әрбір сферасы мен әрбір буынында басқару
субъектілері қаржыға мақсатты ықпал етудің өзіндік әдістері мен нысандарын
пайдаланады. Мәселен, қаржыны басқаруда мынадай бірнеше өзара байланысты
нақтылы функциялық элементтерді бөледі: ақпарат, жоспарлау (болжау),
ұйымдастыру, реттеу, бақылау.
Қаржылық ақпараттың ғылыми негізделген жоспарлау мақсаты үшін де,
сондай-ақ бүкіл қаржы процесін оперативті басқару үшін де зор маңызы бар.
Жоспарлау процесіндегі басқару шешімдері қаржы ақпаратына талдау жасау
негізінде қабылданады, ол осыған байланысты жеткілікті толық әрі ақиқат
болуы тиіс. Ақпаратты алудың ақиқаттығы мен уақыттылығы негізделген
шешімдер қабылдауды қамтамасыз етеді. Қаржылық ақпарат бухгалтерлік,
статистикалық және оперативтік есеп беруге негізделеді.
Жоспарлау (болжау) қаржыны басқарудың жүйесіңде маңызды орын алады.
Бұл - жоспарлы тапсырмаларды орындауға қажетті ақша қаражаттарының мөлшерін
және оның көздерін анықтау; орталықтандырылған және орталықтандырылмаған
ақша қорлары арасында, ұлттық шаруашылықтың салалары мен әкімшілік-аумақтық
бірліктері арасында қаражаттарды бөлудің оңтайлы үйлесімін (пропорциясын)
белгілеу; ресурстарды пайдаланудың нақты бағыттарын анықтаужәне т.б.[?]
Ұйымдастыру — басқарудың барлық буындарының жөнге салынғандығын,
айқындығын, қаржы ақпаратының жоғары нәтижелілігін, басқару
қызметкерлерінің жауапкершілігі мен тәртіптілігін білдіреді.
Қаржыны басқаруды дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор. Көбінесе қаржыны
оперативті басқарудың нәтижесі қаржы субъектілерінің – қаржы органдарының,
салық комитеттері мен қаржы полициясының және ұлттық шаруашылық
салаларындағы қаржы бөлімдерінің толып жатқан аппаратының жұмысының қалай
ұйымдастырылып отырғанына байланысты болады. Қаржы аппаратының
ұйымдастырылу дәрежесі жоғары болуы тиіс. Бұл қаржы құрылымдарының барлық
қызметкерлерінің біліктілігі мен жеке білгірлігіне жоғары талаптар қояды.
Қаржылық реттеу – бұл жоспарлы тапсырмалардың орындалуы үшін қаржы
ресурстарын икемді, шебер жұмсау, белгіленген нәтижеден теріс ауытқулардың
барлық түрін алдын алуға және жоюға бағытталған; мұның өзі резервтік
(сақтық) қорлары, жоспардан тыс қаржы ресурстары, пайдаланылмаған қаржылар
есебінен қызметтердің барлық түрлерінде арақатынас пен үйлесімділікті
қамтамасыз етуді білдіреді.
Бақылау басқарудың элементі ретінде жоспарлау процесінде де, сонымен
бірге оперативтік басқару стадиясында да жүзеге асырылады. Ол қоғамда
барлық қаржы процестерін (операцияларын) жүргізудің дұрыстығы мен
зандылығын тексеру және қамтамасыз ету жөніндегі қаржы құқығының нормаларын
басшылыққа алып отыратын қаржы аппараттарының қызметін қамтиды. Бақылау
қаржы ресурстарын пайдаланудың нақты нәтижелерін жоспарлы көрсеткіштермен
салыстыруға, қаржы ресурстарын есірудің резервтерін айқындауға,
шаруашылықты неғұрлым тиімді жүргізудің жолдарын белгілеуге мүмкіндік
береді.
Қаржыны басқаруда басқа кез келген басқарылу жүйесіндегідей басқарудың
объектілері мен субъектілері бөлінеді. Объектілер ретінде қаржы
қатынастарының сан алуан түрлері бола алады, басқаруды жүзеге асыратын
ұйымдық құрылымдар субъектілер болып табылады. Қаржы қатынастарын
*[?]олардың сфераларына сәйкес объектілердің екі тобын бөледі: шаруашылық
жүргізуші субъектілердің қаржысы, мемлекеттің қаржысы. Оларға басқарудың
мына субъектілері сәйкес келеді: қаржы службалары (шаруашылық жүргізуші
субъектілердің белімдері), қаржы және салық органдары. Қаржыны басқаруды
жүзеге асыратын барлық ұйымдық құрлымдардың жиынтығы қаржы аппараты деп
аталады.
Кәсіпорындарда және ұлттық шаруашылық саласында қаржыны басқаруды
кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің қаржы бөлімдері мен
службалары, сондай-ақ сақталып отырған министрліктер мен ведомстволардың
қаржы бөлімдері мен басқармалары жүзеге асырып отырады.
Нарықтық экономиканың қалыптасып, дамуы жағдайындағы қаржыны басқару
қаржы бойынша басқару шешімдерін негіздеуді, бүгінде нашар пайдаланып
жүрген әдістерді іске асыруды, басқару функцияларының — реттеудің, қаржы
рыногын қалыптастыру әдістерінің бір элементі ретіндегі қаржы ресурстарын
есебін тауып пайдалануды күшейтуді талап етеді. Бұл жағдайда нарықтық
экономикаға көшкен Шығыс Европа елдерінің де, сонымен бірге әлеуметтік
жағынан бағдарланған нарықтық экономика жағдайында көп жылдар бойы өмір
сүріп отырған капиталистік елдердің де тәжірибесін ескерген жөн.
Өткен кездің оңтайлы тәжірибесіне келеңсіз қарау қаржының дамуына, оны
басқаруға қайшы келді: бюджетке төленетін төлемдердің салық нысандары
жеткіліксіз пайдаланыдды; бюджеттен төленетін субвенциялардан (мақсатты
жәрдем қаржыдан) бас тарту болды және т.б. Осы және басқа себептерге
байланысты қаржының рөлі төмендеді. Экономиканы басқаруды қайта құру жаңа
қаржы саясатын жасап, жүзеге асыруды, қаржыны басқарудың қағидалы жаңа
әдістеріне көшуді талап етті. Бұл әдістер экономикаға қаржының реттеуші
ықпалын күшейтуді қамтамасыз етуі, қоғамдық өндірістің тиімділігін өсіруге,
әлеуметтік саланы дамытуға мүмкіндік туғызуы тиіс.
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, мемлекеттің қаржысын басқарудың
қолданылып жүрген жүйесінің айтарлықтай кемшіліктері бар. Олардың
бастыларына мыналарды жатқызуға болады.
Біріншіден, өкіметтік операцияларды қамтудың толық еместігі.
Қазіргі кезде өкіметтік операциялардың едәуір бөлігі, биліктің
аймақтық және жергілікті органдарының барлық операциялары Қаржы министрлігі
тарапынан болатын тиімді бақылаудан тыс қалып қояды. Ең алдымен бұл толып
жатқан бюджеттен тыс қорлардың қаражаттарын, шетелдік субсидиялар мен
нәтижелерді пайдалану жөніндегі операцияларға, шетел валютасындағы бюджет
операцияларына, сондай-ақ мезгілі өткен сыртқы берешекке қызмет ету
жөніндегі операцияларға қатысты.
Екіншіден, түсімдерді уақтылы алуға жеткілікті бақылау жасамау.
Қаржы министрлігі, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі бұл
проблемаларды ойдағыдай шеше алатыны, мемлекеттік басқарудың деңгейлері
арасында салықтық түсімдерді, шығыстарды түзету жүйесіндегі икемділікті
бөлуге бақылауды жолға қояры сөзсіз.
Үшіншіден, мемлекеттік бюджет тапшылығын қаржыландыру жүйесінің
кемшіліктері.
Бұрынғы КСРО-да мемлекеттік бюджеттің тапшылығын қаржыландырудың
дәстүрлі көзі ұзақ жылдар бойы Мемлекеттік банктің пайызсыз кредиттері,
сондай-ақ Жинақ банктеріндегі халықтың салымдары болып келді. Қазіргі кезде
бұл көздерді пайдалану қиын мәселе болып қалды.
Мемлекеттік бюджет тапшылығын жабудың баламалы қаржы көзі ретінде
пайдалануға болатын мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару бүгінге дейін
кеңінен таралмай отыр. Мұның экономикалық дағдарыстар мен инфляция
жағдайында занды екенін мойындауға тура келеді.(
1.2 Шаруашылык жүргізуші субъектілердің қаржысын басқару
Бұл буынның қаржысын басқаруды министрліктердің, ведомстволардың,
концерндердің, ассоциациялардың, қоғамдардың, серіктестіктердің қаржы
департаменті (басқармалары) мен бөлімдері, шаруашылық жүргізуші
субъектілердің қаржы бөлімдері мен қаржы службалары жүзеге асырады.
Қоғамдық ұйымдардың қаржысын осы ұйымдардың қаржы бөлімдері мен
топтары басқарады.
Министрліктер мен басқа жоғарғы органдардың қаржы басқармаларының
аппараты жиынтық қаржыны болжау (жоспарлау), кірістер мен шығыстардың
жиынтық балансын бақылау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырады, ведомствоға
қарасты кәсіпорындардың қаржы бөлімдерінің жұмысын үйлестіреді.
Қаржы жүйесінің бұл буынында нарық жағдайында басқару қаржы
менеджменті деп аталады және кәсіпорындар мен ұйымдардың кәсіпкерлік
қызметі арқылы және соның шеңберінде әлеуметтік-экономикалық процестерді
басқарудың нысаны болып табылады. Қаржы менеджментінің мәні тиісті
службалар тарапынан қосымша қаржы ресурстарын ең тиімді етіп тартуға,
оларды неғұрлым ұтымды етіп жұмсауға, қаржы рыногында бағалы қағаздарды
сатып алып, қайтып сатып пайдалы операциялар жасауға мүмкіндік беретіндей
етіп қаржыны басқаруды ұйымдастыру.
Кәсіпорындарда қаржы менеджментінің объектілері мыналар болып
табылады: жылжымайтын және жылжымалы мүлік, мүліктік құқықтар, жұмыстар
және қызметтер, ақпарат, зияткерлік (интеллектуалдық) қызметтің нәтижелері,
материалдық емес игіліктер.
Қаржы менеджменті уәждемелерге — адамдардың немесе ұжымдардың
қажеттіліктері мен тиісті қылықтарын анықтайтын мақсаттарды іске асыру
*жөніндегі қызметке негізделеді. Уәждеме іскерлік белсенділікті, еңбек
өнімділігі мен с[?]апасын ынталандыру процесінде көрінеді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы бөлімдері (службалары)
кредит және есеп айырысу операцияларының (акциялардың, вексельдердің,
факторингтің және басқалардың) жаңа нысандарын пайдалана отырып, оперативті
қаржылық жоспарлауды, қаржы ресурстарымен оңтайландыруды жүзеге асырады.
Шаруашылық серіктестіктерінде қаржыны басқаруда басқа функциялармен
қатар, жоғарғы органдар — олардың қатысушыларының жалпы жиналысы
(өкілдіктердің жалпы жиналысы), акционерлік қоғамдарда — акционерлердің
жалпы жиналысы үйлестіріп отырады. Атқарушы орган — басқарма өзінің
лауазымды адамдарының, соның ішінде қаржыны басқару жөніндегі лауазымды
адамдардың құрамына мыналарды қосады: қаржы жөніндегі вице-президентті
(басқарушының орынбасарын); ол серіктестіктің (қоғамның) тиісті бөлімшесіне
— қаржы бөліміне, топқа, секторға жетекшілік етеді немесе оның
бағынышындағы жеке қызметкерлер — шаруашылық жүргізуші субъектісінің
қаржылық қызметінің бағыттары жөніндегі қаржы менеджерлері жұмыс істейді.
Қаржы бөлімінің құрылымы (1 сызба) әдетте болжамды-талдамалық, есеп-
қисап, шағым, оперативтік-қаржылық жұмыстың бағыттарына негізделеді.
Қаржы-өтім бөлімдері бюджетпен, банктермен, жоғарғы ұйымдармен есеп
айырысу жөніндегі, кассалық сияқты топтарға бөлінеді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы службаларының маңызды
міндеттері мыналар болып табылады:
- табысты немесе пайданы өсірудің жолдарын іздестіру және
рентабелділікті арттыру;
- өндіріс, күрделі қаржылар, жаңа техниканы ендіру және басқа жоспарлы
шығындар жөніндегі тапсырмаларды қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету;
- мемлекеттік бюджет, банктер, жеткізушілер, жоғарғы ұйымдар алдындағы
қаржылық міндеттемелерді орындау;
1 сызба. Шаруашылық жүргізуші субъектісінің қаржысын басқару
Шаруашылык жүргізуші субъектінің қаржы болімі
Жоспарлау-экономикалық Банк және кассалық Есеп айырысу бюросы
бюросы операциялар бюросы
TOПТАР
Қаржылық-креОперативтік- ЭкономикалСатып Жеткізу-шіКінәрат-талап
диттік жоспарлау ық алушылармелермен тобы
жоспарлау және бақылау талдау н есеп есеп
айырысу айырысу
бюросы
- есеп айырысуларды ұйымдастыру;
- өндірістік капитал мен күрделі жұмсалымды тиімді пайдалануға
жәрдемдесу;
- қаржы ресурстарын дұрыс пайдалануды бақылау, айналым қаражаттарының
сақталымдылығы мен тездетілген айналымдылығын қамтамасыз етужене басқалары.
Қаржыны оперативті басқаруға банк мекемелері қатысады. Екінші деңгей
банктері кәсіпорындар мен ұйымдарға есеп айырысу-кассалық қызмет көрсетуді
жүзеге асырады, ақшаға деген уақытша қажеттіліктерді несиелендіреді.
Шаруашылықты жүргізудің нарықтық негізіне көшкеннен кейін кәсіпорын
басшыларының, акционерлік компаниялар мүшелерінің ғана емес, сондай-ақ
басқарудың әкімшіл-әміршіл әдістері жағдайында болмашы рөл атқарған қаржы
службаларының да рөлі ерекше арта түсті. Кәсіпорындарды [?](дамытудың қаржы
көздерін, қаржы ресурстарын неғұрлым тиімді инвестициялаудың бағыттарын
іздестіру, бағалы қағаздармен операциялар жасау және қаржы менеджментінің
басқа мәселелері нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорындардың қаржы
службаларының негізгі мәселелері болып отыр.
1.3 Мемлекеттің қаржысын басқару
Қаржыны басқару стратегиялық, яғни қаржыны жалпы басқару және
оперативтік басқару болып ажыратылады. Стратегиялык, басқару қаржы
ресурстарын келешекте болжау арқылы анықтауда, мақсатты бағдарламаларды
және басқаны іске асыруға арналған қаржы ресурстарының ауқымын белгілеуде
көрінеді. Оны дәстүр бойынша мемлекеттік биліктің және басқарудың жоғарғы
органдары – Президент аппараты, Парламент, Үкімет, Қаржы министрлігі,
Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Президентіне көп жағдайда Президент аппараты
арқылы қаржыны басқаруға үлкен өкілеттік берілген:
1) республикалық бюджетті әзірлеу және оның атқарылуы туралы есеп беру
тәртібін айқындайды;
2) Республикалық бюджет комиссиясын құрады, ол туралы қағиданы
бекітеді, оның құрамын айқындайды;
3) Қазақстан Республикасының аумағында төтенше мемлекеттік бюджет
енгізу туралы шешім қабылдайды және оны әзірлеу тәртібін
айқындайды;
4) мемлекеттегі жағдай мен республиканың ішкі және сыртқы саясатының
негізгі бағытгары туралы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауда
алдағы жылға арналған Қазақстан Республикасының қаржы-кредит және
бюджет саясатының негізгі фбағыттарын айқындайды;
5) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес
құрады және ол туралы қағиданы бекітеді; Ұлттық қорды қалыптастыру
және пайдалану тиімділігін арттыру жөніңде, сондай-ақ оны
пайдаланудың көлемі мен бағыттары жөнінде шешімдер қабылдайды.
Ұлттық қорды қалыптастыру және пайдалану туралы есептерді бекітеді;
6) Қазақстан Республикасындағы төтенше немесе соғыс жағдайларында
тиісті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы
жоспарын бекітеді және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес
өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Қаржыны жалпы басқару Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін
жүзеге асыратын елдің ең жоғарғы өкілді органы – Парламентке жүктелген.
Палаталардың бірлескен отырысында Парламент Үкімет пен Республикалық
бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің республикалық
бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекітеді, республикалық бюджетті,
сондай-ақ республикалық бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізеді,
бекітеді, салықтар мен алымдарды белгілейді және оларды алып тастайды,
мемлекеттік қарыздар мен республиканың экономикалық және өзге де көмек
көрсетуі туралы мөселелерді шешеді.
Парламенттің құзырында қаржы проблемаларын шешу заңнамалық актілерді —
Қазақстан Республикасының заңдары мен Парламент қаулыларын талқылауға және
кейін дауыс беруге енгізу жөніндегі заңнамалық бастама құқында жүзеге
асырылады. Парламент аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін зандар
шығарады, негізгі қағидаттар мен нормаларды белгілейді, олар: салық салуға,
алымдар мен басқа да міндетті төлемдерді белгілеуге, республикалық
бюджетке, білім беруге, денсаулық сақтауға және әлеуметтік қамсыздандыруға,
елдің қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, мемлекеттік органдар
мен жергілікті басқару оргаңдарын[?] ұйымдастыру мен олардың қызметіне,
айналадағы ортаны қорғауға, меншік режіміне және өзге де мүліктік
құқықтарға қатысты. Парламенттің жұмыс органдары тұрақты негізде жұмыс
істейтін сенат пен мәжілістің тұрақты комитеттері – Экономика, қаржы,
бюджет комитеттері болып табылады. Комитеттерде заңнамалық актілер оларды
Парламенттің палаталарында дауысқа салуға енгізгенге дейін анықталады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі — Министрлер Кабинеті Республика
Презңденті белгілейтін тәртіппен Парламентке республикалық бюджетті және
оның атқарылуы туралы жылдық есепті табыс етеді. Мұндай есепті Үкімет
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне де
табыс етеді, қарыз алуды жүзеге асырады, Ұлттық қорға активтерді есептеу,
Ұлттық қорды пайдалану тәртібін айқындайды, төменгі бюджеттерден жоғарғы
бюджетке бюджеттік алынымның және жоғарғы бюджеттен төменгі бюджеттерге
бюджеттік субвенциялар аудару тәртібі мен кезеңділігін айқындайды,
Қазақстан Республикасының заңдарына және Президенттің актілеріне сәйкес
өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Экономика мен әлеуметтік саланы басқару жүйесін түбірлі қайта құрудан
туындап отырған жаңа мәселелерді шешуге байланысты және Қазақстан
экономикасының дамудың нарықтық жолына өтуіне орай қаржыны басқару
саласында "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі
жетілдіру шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына
сәйкес қайта құрылған Қаржы министрлігі және оның жер-жерлердегі
органдарының рөлі шұғыл артып отыр. Қаржы министрлігімен оған қосылған
Мемлекеттік кіріс министрлігінің бюджетті жоспарлау және мемлекеттің
кірісін жоспарлау саласындағы функциялары мен өкілеттіктері Экономика және
бюджеттік жоспарлау министрлігіне берілді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 3 қыркүйектегі №962
қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының қаржы министрлігі туралы
қағидаға сәйкес Министрлік басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте
мемлекеттік бюджеттің атқарылуы және атқарылуын бақылау, мемлекеттік
меншікті басқару, есепке алу және пайдалануын бақылау, банкроттық
рәсімдерінің және дәрменсіз борышкерді таратудың соттан тыс рәсімінің
жүргізілуін бақылау, бухгалтерлік есеп жүйесін және қаржылық есептеме
аудитін реттеу саласындағы салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан
Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
Министрліктің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
- республикалық бюджеттің атқарылуын және жергілікті бюджеттердің
атқарылуына кассалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету;
- салықтардың, алымдардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдердің түсуін және бюджетке түсетін өзге де түсімдерді,
міндетті зейнетақы жарналарының толық және уақтылы аударылуын,
шикізат секторы ұйымдарынан бюджетке түсетін түсімдер бөлігінің
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударылуын қамтамасыз ету;
- республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы, бухгалтерлік
есеп, есептеме және аудит жөнінде әдіснамалық басшылық жасау;
- өз құзыры шегінде республикалық және жергілікті бюджеттер
қаражатының тиімді және мақсатты пайдалануын бақылау;
- мемлекеттік меншікті басқарудың тиімділігін арттыру;
- мемлекеттік салық саясатын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
- банкроттық рәсімін жүргізуге (банктерді және сақтандыру (қайта
сақтандыру) ұйымдарын қоспағанда), сондай-ақ соттан тыс рәсімде
*дәрменсіз борышкерді таратуға мемлекеттік бақылау және оған
заңнамамен жүктелген [?]өзге де міндеттер.
Министрлік заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай негізгі
функцияларды жүзеге асырады:
- тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттің жобасын,
мемлекеттік және өзге де бағдарламаларды, Қазақстан Республикасының
стратегиялық жоспарларын және Қазақстан Республикасының әлеуметтік-
экономикалық дамуының индикативтік жоспарларын, негізгі
макроэкономикалық көрсеткіштерді әзірлеуге қатысу;
- бюджетке түсетін түсімдерді болжауға және мемлекеттік бюджетке
кірістердің түсуі саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаттары мен
басымдықтарын нақтылауға қатысу;
- өз құзыры шегінде мемлекеттің қаржысын және мемлекеттік басқару
саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаттары мен басымдықтарын
анықтауға қатысу;
- мемлекет қаржысы, фискалдық саясат және мемлекеттік меншік
саласындағы заңнаманы қолдану тәжірибесін талдау және қорытындылау,
оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
- ұтымды үкіметтік және мемлекет кепілдігімен қарыз алуды, сондай-ақ
мемлекеттік борышты басқаруды қамтамасыз ету;
- мемлекеттік меншікті пайдалану мониторингі жүйесін жетілдіру;
- заңнамада белгіленген тәртіппен шикізат секторы ұйымдарынан
бюджетке түсетін түсімдердің бөлігін Қазақстан Республикасы Ұлттық
қорына аудару;
- өз құзыры шегінде бюджетгің атқарылуы жөніндегі нормативтік
құқықтық актілердің, бухгалтерлік есеп пен аудиттің, қаржылық
бақылаудың және мемлекеттік меншікті басқарудың жобаларын әзірлеу
және дайындау (немесе қабылдау);[?]
- өз құзыры шегінде қосарланған салық салуды болдырмау туралы
халықаралық салық келісімдері мәселелерінде уәкілетті органның
функциялары;[?]
- жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың салық
сараптамасы, сондай-ақ келісімшарттық талаптардың орындалу барысына
тексеру жүргізу;
- мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есебін, сондай-ақ өз құзыры
шегінде республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы
есептемені жүргізу және іске асыру тәртібін әзірлеу;
- жергілікті бюджеттердің шоттарын, мемлекеттік мекемелердің шоттарын
жүргізу және шоттар бойынша аударымдық операцияларды жүзеге асыру;
- республикалық бюджетті қаржыландырудың жиынтық жоспарын бекіту және
оларға өзгерістер енгізу;
- республикалық бюджеттен шығыстарды қаржыландыру және республикалық
бюджетте көзделген соманың шегінде кредит беру;
- Ұлттық қордың қалыптасуы және атқарылуы жөніндегі қызмет туралы
ақпаратты қамти отырып, республикалық бюджеттің атқарылуы туралы
жылдық есептерді, мемлекеттік бюджеттің атқарылуы барысы туралы
айлық, тоқсандық және жылдық ақпаратты жасау, сондай-ақ мемлекет
қаржысы бойынша статистикалық есептерді жасау;
- республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің
шығыстар сметасының дұрыс жасалуын және бекітілуін, сондай-ақ
республикалық бюджет қаражатының, үкіметтік қарыздар, мемлекеттік
кепілдігі бар мемлекеттік емес қарыздар қаражатының және кейіннен
үкіметтік қарыз алуға байланысты гранттардың және мемлекеттік
меншіктегі өзге де мүліктердің мақсатты пайдалануын бақылау;
- республикалық бюджеттің атқарылуын, сондай-ақ жергілікті
бюджеттердің атқарылуын бақылау және талдау;
- бухгалтерлік есеп пен аудит саласында, оның ішінде өз құзыры
шегінде аудиторлық қызметті лицензиялау саласында уәкілетті
органның функцияларын анықтау;
- Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіндегі қазынашылық комитетінің
тиісті шоттары арқылы мемлекеттік мекемелердің валюталық
операцияларын жүргізу және есепке алу, заңнаманы сақтау жөніндегі
тексерістерді ұйымдастыру;
- мемлекет кепілдігімен тартылған мемлекеттік емес қарыздардың және
жергілікті атқарушы органдар қарыздарының шарттарына қаржылық
сараптама жүргізу;
- үкіметтік қарыздардың қаржылық шарттарын анықтау, жергілікті
атқарушы органдардың қарыздарды тартуын келісу;
- Қазақстан Республикасының Үкіметі беретін өкілеттіктерге сәйкес
келіссөздер жүргізу, үкіметтік қарыздардың шарттарына қол қою,
Үкіметтің мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарын шығару,
Қазақстан Республикасы резиденттерінің мемлекеттік емес қарыздары
бойынша үкіметтік кепілдіктер беру;
- үкіметтік қарыздарды алу, пайдалану, өтеу және оларға қызмет
көрсету, Қазақстан Республикасы резиденттерінің мемлекеттік емес
қарыздарының мемлекеттік кепілдері бойынша міндеттемелердің
орындалуын қамтамасыз ету;
- республикалық бюджетте көзделген және Үкімет шешімдеріне сәйкес
инвестициялық жобаларға, мемлекеттік бағдарламаларға және өзге де
іс-шараларға кредит беру;*
- үкіметтік сыртқы қарыздар туралы келісімдерді бекітуге қажетті
құжаттарды дайындауға қатысу;
- түпкілікті қарыз алушылар мен екінші деңгей банктерінің үкіметтік
қарыздардың қаражатын және Үкіметтің бірлесіп қаржыландыру
[?]үлесін республикалық бюджетке қайтару туралы ішкі кредиттік
келісімдердің жобаларын дайындау;
- уәкілетті банк-агенттермен бірлесіп республикалық бюджеттен
оқшауландырылған қаражатты өндіріп алу жөнінде түпкілікті қарыз
алушылармен жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу;
- төлемдердің бюджетке түсуін көздейтін заңнаманың сақталуын,
міндетті зейнетақы жарналарының толық және уақтылы аударылуын
бақылау;
- мемлекеттің кірістері бойынша мемлекеттік есептемені жинаудың
нысандары мен тәсілдерін жетілдіру;
- Ұлттық банкпен келісім бойынша конкурстық негізде үкіметгік
қарыздарға, мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес қарыздарға
және кейіннен үкіметтік қарыз алуға байланысты гранттарға қызмет
көрсету үшін екінші деңгей банктерін, бастапқы дилерлерді, лид-
менеджерлерді және мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару жөніндегі
басқа да әріптестерді іріктеу;
- заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасында лотерея
ұйымдастыруға және өткізуге байланысты қызметті және өзінің
құзырына жатқызылған өзге де қызмет түрлерін лицензиялау;
- салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша
берешекті мәжбүрлі түрде өндіріп алу жөнінде жұмысты ұйымдастыру;
- өз құзыры шегінде салықтық құқық бұзушылыққа қарсы күрес мәселелері
бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін
орындау;
- банкроттық рәсімдердің жүргізілуін (банктерді және сақтандыру
(қайта сақтандыру) ұйымдарын қоспағанда) мемлекеттік бақылау,
сондай-ақ соттан тыс рәсімде дәрменсіз борышкерді тарату және оған
заңнамамен жүктелген өзге де функциялар.
Қаржыны басқару жөніндегі сан алуан функцияларға байланысты Қаржы
министрлігіне үлкен құқықтар берілген.
Министрліктің негізгі міндеттерін іске асыру және өз функцияларын
жүзеге асыру үшін заңдарда белгіленген тәртіппен:
- мемлекетгік органдардан, өзге де ұйымдардан және жеке тұлғалардан
Министрлікке жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті
ақпараттарды сұратуға және алуға;
- өз құзырының шегінде барлық мемлекеттік органдардың, өзге де
ұйымдардың және жеке тұлғалардың орындауы үшін міндетті нормативтік
- құқықтық актілерді шығаруға;
- Министрліктің қарауындағы комитеттер мен мемлекеттік ұйымдардың
бұйрықтарын, өзге де кесімдерін тоқтатуға немесе тоқтата тұруға;
- акционерлік қоғамдардағы мемлекеттік үлеске және республикалық
басқа да мүлікке иелік етуге, пайдалануға, соңдай-ақ заңнамалық
актілермен және Үкімет белгілеген жағдайларда билік етуге;
- өз құзырындағы мәселелер бойынша халықаралық ұйымдармен
ынтымақтастықты жүзеге асыруға;
- бірыңғай қазынашылық шоттағы және Қазынашылық комитетінің
корреспонденттік шоттарындағы ағымдағы қалдықтарды Үкімет
белгілеген тәртіппен тиімді орналастыру жолымен басқаруды жүзеге
асыруға;
- бюджеттік заңнамада кезделген жағдайларда бюджет қаражаттарын
қайтарып алуға, қаржыландыруды тоқтата тұруға;
*
- қымбат бағалы металдар мен асыл тастарды басқаруды, есебін және
сақтауды ұйымдастыруды жүргізуге;*
- ұлттық және шетелдік валютада банктік операциялардың жекелеген
түрлерін және өзіне зандармен жүктелген өзге де құқықтарды жүзеге
асыруға құқықтары бар.*
Қаржы министрлігінің орталық аппараттарында белгілі міндеттер мен
функцияларды атқаратын бірқатар арнаулы бөлімшелер бар, басқарудың
мақсаттары мен міндеттерінің өзгеруі, аппараттар функцияларының дамуы,
жұмысты жетілдірудің қажеттілігі ескеріле отырып бұл бөлімшелердің құрамы
мен құрылымы үнемі өзгеріп отырады.
Қазіргі кезде Қаржы министрлігінің орталық аппараттарында бірқатар
департаменттер мен басқармалар маңызды орын алады:
Мемлекеттік бюджетті атқару департаменті;
Фискалдық саясат пен болжам департаменті;
Макроэкономика және қаржы статистикасы департаменті;
Мемлекетгік органдарды қаржыландыру департаменті;
Кірістерді талдау департаменті;
Кірістер мен келісімшарттар департаменті;
Электронды мониторинг департаменті;
Жұмыстарды ұйымдастыру және қаржылық қамтамасыз ету департаменті;
Құжат айналымы және кадр жұмыстары департаменті;
Акциздерді ретгеу департаменті;
Заң қызметі департаменті;
Ақпараттық технологиялар департаменті;
Мониторинг және трансферттік баға белгілеу департаменті;
Мемлекеттік органдарды қаржыландыру департаменті;
Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаменті;
Мемлекеттік қарыз алу департаменті;
Қазыналық саясат және жобалар департаменті;
Мемлекеттік борыш және кредит беру департаменті;
Халықаралық қаржы қатынастары департаменті;
Халықаралық салық салу департаменті және т.б.
Департаменттер өз кезегіңце нақтылы функциялық міндеттерді орындайтын
басқармалардан, ал олар бөлімдерден тұрады.*
Министрліктің мынадай ведомствалары бар: Қазынашылық комитеті,
Кедендік бақылау комитеті, Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу
комитеті, Салық комитеті, Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті,
Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитет.
Қазынашылық комитетінің ұйымдық құрылымы Қаржы министрлігі құрамындағы
Қазынашылықтың орталық аппаратынан және оған бағыныштағы аймақтық
бөлімшелерден тұрады.
Қазынашылык, органдары мынадай міндеттер мен функцияларды орындайды:
- республикалық бюджетті ұйымдастыру, оның кассалық атқарылуын жүзеге
асыру, жергілікті бюджеттерге есеп-қисаптық-кассалық қызмет көрсету
және мемлекеттік бюджеттің орындалуын бақылау;
- касса бірлігі қағидатын негіздей отырып, қазынашылықтың
шоттарындағы ақша қаражаттарын басқару;
- республикалық және жергілікті бюджеттер арасында өзара есеп
айырысуды енгізу;
- республикалық және жергілікті бюджеттер арасында салықтарды және
басқа міндетті төлемдерді бөлуді қамтамасыз ету және оларды түрлі
деңгейлердің бюджеттеріне есептеу;
- мемлекетгік мекемелердің валюталық операцияларын басқару және
есепке алу, оларды жүргізген кезде заңнамалықтың сақталуы жөнінде
тексерулер ұйымдастыру;
- мемлекет қаржысының мән-жайы туралы ақпаратты жинау, өндеу және
талдау;
- республикалық бюджеттің қолма-қол ақшасының ағынын болжау;
- мемлекеттік сыртқы қарыздарды және мемлекеттің кепілдігі бар
мемлекеттік емес ішкі қарыздарды өтеу және қызмет көрсету кезінде
ақша аударуды жүзеге асыру;
- бухгалтерлік есеп пен бюджет жүйесіндегі есептемені және
қазынашылық органдары жүйесіндегі ішкі аудитті дамыту және
жетілдіру;
- қазынашылықтың құзырына жататын мөселелер бойынша есептік
операцияларды жүргізудің тәртібі туралы әдістемелік және нұсқаулық
құжаттарды өзірлеу.
Қазынашылық қызметкерлерінің мемлекеттің қаражаттарын пайдаланатын
мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекеттік билік пен басқару органдарының,
мемлекеттік банктердің қаржы бухгалтерлік службаларын тексеруге құқы бар.
Олардың лауазымды адамдардан қаржы заңнамасын бұзуды жоюды талап етуге құқы
бар. Қазынашылық службаларына қазынашылық төлем операцияларының орындалуын
тоқтата ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz