Қазақстан Республикасының шетел инвестициясын тарту жолдары


Қазақстан Республикасының шетел инвестициясын тарту жолдары.
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
- Инвестициялық байланыстар мен оларды жүзеге асыру жолдарының приоритетті бағыттары.
- Шетел инвестицияларын тартудың негізгі формалары.
- Шетел инвестицияларын бақылау.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе.
Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі 1991 жылы мемлекеттің социалистік негізін трансформациялау мәселесімен интенсивті түрде айналыса бастады. Бұл саясаттың негізгі бағыты жоспарлау экономикасынан нарықтық экономикаға өту мен экономикалық дағдарыстан шығу болды.
Осыған орай ел экономикасын рефомалаудың мынадай бағыттары белгіленді:
- Социалистік экономикадан кейінгі қайта құру;
- Дағдарысқа қарсы бағдарлама;
- Макроэкономикалық тұрақтандыру;
- Дүниежүзілік дағдарысты еңсеру;
- Экономикалық өрлеуді қамтамасыз ету.
Осылардың 3-бағыты, немесе кезеңінде ұлттық экономиканы либерализациялауға көп көңіл бөлінді. Осының негізінде шетел капиталының қарқынды тартылуы орын ала бастады.
Шетел инвестицияларының сол кездегі маңызы өте жоғары болды. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында шетел инвестицияларының көптеп тартылуы жаңа мемлекеттің дүниежүзілік стандартқа сәйкес екендігінің және оның әлем елдерімен интеграциялық қатынасқа түсуге дайын екендігінің айғақ белгісі еді. Олар өз маңызын бүгінгі таңда да жоғалтқан жоқ. Қазіргі кезде шетел инвестицияларының мөлшері 10 млрд. АҚШ долларынан асты. Одан әрі де көбеюде.
Осы инвестицияларды тартудың маңызы неде? Олардың қандай формалары бар? Шетел инвесторларын бақылау керек пе? Осы сұрақтарға жауап іздеп көрейік.
Инвестициялық байланыстар мен оларды жүзеге асыру жолдарының приоритетті бағыттары
Шетел инвестицияларының приоритетті салынуының жүйесі 1991 жылы жасалған болатын. Осы кезде олардың 2/3 бөлігін көмірсутектік шикізаттың өндірілуі мен өңдеуіне, 14-16 процентін ауыл шаруашылық салаға салынуы керек деп шешім қабылданған. Солардың қатарына жеңіл өнеркәсіп, металлургия, минералды шикізатты өңдеу, машина жасау, қызмет көрсету саласы мен туризм да жатқызылды.
Сол кездегі антидағдарыстық шаралар (1992 жылдың соңы) бағдарламаларында инвестициялық жобалардың жедел түрде жасалуы керектігі аталып өткен. Олар Республиканың қызығушылығынан шығуы керек еді. Осындай қызығушылықтардың қатарына мыналар енді:
- Шетелдерде капитал салу мен шетел капиталын тарту арқылы дүниежүзілік нарықта сұранысқа ие дайын өнім өндіру үшін экспорттық потенциалды шикізаттық бағыттан шығару.
- Шикізат ресурстары, жұмыс күші сияқты басқа да қолайлы ішкі факторларды пайдалана отырып шетел инвестицияларын қарқынды түрде тарту арқылы жүзеге асырылатын экономика салаларындағы импортты алмастырушы өндірісті дамыту.
- Шетелдерден дүниежүзілік нұсқаларға сәйкес ең жаңа техника мен технологияларды тарту арқылы ғылыми-техникалық өндірісті көтеру.
- Шетел инвестицияларын ұтымды бөлу арқылы республиканың экономикалық тәуелсіздігін қамтамасыз ету.
- Халықаралық саудаға қарқынды түрде қатысушы шетел инвестициялық компанияларын тарту арқылы мемлекеттік бюджетке салық салымдарының көлемін ұлғайту.
- Әлеуметтік жағдайды жақсарту, жұмыс орындарының санын көбейту, жаңа инвестициялық компанияларды құру арқылы артта қалған аймақтарды көтеру.
Стратегиялық жоспарда мұндай шаралар ашық экономиканы қатайтады. Ал Қазақстан үшін бұл әдіс дағдарысқа қарсы шара еді. Инвестициялық саясатты жүргізу барысында тек елдің қызығушылығы ғана ескерілмеуі керек, яғни капиталды экспорттаушы мемлекеттердің мақсаттары да ескерілуі керек. Марксизмнің классиктерінің өздері капиталдың сыртқа шығуының негізгі себебінің оның басқа елдерде орналастырылу арқылы көбірек пайда әкелуінде екенін атап өткен болатын. Әсіресе бұл экономикалық дамуы жағынан төмен жатқан мемлекеттерге қатысты, өйткені бұл елдерде капитал аз, жер бағасы төмен, табиғат ресурстары мен шикізат арзан. Трансұлттық корпорациялар осы принципті басшылыққа ала отырып өз капиталын дамушы елдерге шығарады.
Сонымен қатар, олардың көзқарасы бойынша, шетелдік кәсіпкерлік:
- Сыртқы салымдардың тұрақтануына;
- Экспорттық нарықтың кеңеюіне;
- Жеткіліксіз шикізат және энергетикалық ресурстардың тұрақты жеткізілуіне әсерін тигізуі керек.
Осыған орай инвестициялық іс-әрекеттердің екі жақты да қанағаттандыратын формасы қолданылуы қажет.
Шетел инвестицияларын тартудың негізгі формалары.
Республика үшін инвестициялық несиелер де, (тура, портфельді) инвестициялар да қажет. Бірақ нақты бір форманы таңдамас бұрын дүниежүзілік капитал экспортында болып жатқан тенденцияларды ескеру қажет.
Қазіргі кезде инвестиция тартудың мынадай формалары бар: 1) Тура инвестициялар; 2) Портфельдік инвестициялар; 3) Банктік (инвестициялық) несиелер; 4) Ресми несиелер.
Экономикалық реформалар жағдайындағы елдер үшін негізінен ресми несиелер, халықаралық ұйымдардың несиелері мен үкімет кепілдігіне ие банктік несиелер тән болып келеді (60-70%) . Ал тура және портфельдік инвестициялардың аз болуы инвестиция тартушы мемлекеттердің ішкі экономикалық тұрақсыздығы мен ішкі қаржы нарықтарының дамымағандығына байланысты.
Тура инвестициялар. Инвестиция тартудың ең тиімді формасы - тура инвестициялар . Ол бірлескен және толықтай шетел кәсіпорындарының құрылуы арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл форманың таңдалуы экономикалық және саяси проблемалардың араласпауымен қызығушылыққа ие. Тура инвестициялардан бас тартып, мемлекеттік қарызға көбірек көңіл бөлген елдер үлкен қарызға ұшырап, экономикалық дағдарысқа тап болып отырған. Сондықтан шетел компанияларының инвестицияларын жекешелендіру үшін тарту қажет. Тура шетел инвестициялары ғана өте қымбат тұратын несиелердің орнын басып, нарықтық экономика негіздерін дамыта алады.
Қазақстан үшін тура инвестициялардың тағы бір тиімді жағы - шетел инвесторларының өзі үшін жұмыс істеуі. Тура инвестициялар шетел компаниялары үшін үлкен перспективалар ашып, олардың өндіріске қажетті құрал-жабдықтарды тез арада әкелуіне септігін тигізеді. Бұл инвестициялар, сонымен қатар, дамушы ел үшін монополияға қарсы саясаттың негізі бола да алады. Шетел компанияларын өз нарығына енгізу арқылы мемлекет ұлттық кәсіпорындардың да жұмысқа құлшынысын арттырады. Тура инвестициялар оларды дұрыс пайдалану жағдайында экспорт диверсификациясына, қосымша жұмыс орындарының пайда болуына жағдай жасайды. Сонымен қатар, шетел несиелеріне қарағанда мемлекеттік қарызды көбейтпей, валютаның сыртқа кетуінің қарқынын төмендетеді. Осыған байланысты барлық дамушы елдер тура инвестицияларды тартуға тырысады. Бірақ дамушы елдердің барлығы бұған қолын жеткізе бермейді. Тек салыстырмалы түрде өндірісі мен инфрақұрылымы дамыған, трансұлттық компаниялармен дұрыс қарым-қатынас жасай алатын жақсы даярланған әкімшілігі бар елдер ғана бұл істе жақсы нәтижелерге жете алады. Мұндай аз мемлекеттерге негізінен кейбір латын америкасының елдерін жатқызуға болады. Сондықтан Қазақстан үшін шетел инвестицияларын тек тартып қана қоймай, оларды дұрыс пайдалану өте маңызды.
Инвестициялық шаралар алғашында тек ең қарапайым екі жақты несиелер негізінде жүргізілген. Оның үстіне, олар мемлекет арқылы немесе оның кепілдігімен жүзеге асырылды. Бірақ 1993 жылдан бастап Республика аумағында алғашқы тура инвестициялар тіркеле бастады. Әрине, алғашқы кезеңде тура инвестицияларының көлемі аз болды. Мысалы: 1995 жылы олардың жалпы капитал салымдарының көлеміндегі үлесі тек 1, 5%-ке ғана тең болды. 1999 жылы ол елдегі барлық инвестиция көлемінің 42%-не дейін жетті. Олардың негізгі үлесін АҚШ (барлық тура шетел инвестицияларының 1/3 бөлігіне ие), Ұлыбритания (18, 8%) және Оңтүстік Корея (12, 1%) алып отыр. Экономикалық ақпарат орталығының хабарлауынша, 1993-1999 жылдар аралығындағы елімізге енген инвестициялардың жалпы көлемі 8, 8 млрд. АҚШ долларын құрады. Ал 2000 жылы инвестициялардың көлемі 10 миллиард АҚШ долларына дейін жетті. Көп жағдайда осы аталған ірі капитал салымдарының арқасында еліміз өнеркәсіптің негізгі салаларындағы дағдарыстан шықты: мұнай-газ өндіруде, қара және түсті металлургияда, электр энергетикасында. Осы инвестициялар негізінде Қарағанды металлургия комбинаты, Соколов-Сарыбай кен өндіру бірлестігі, кен өндіру мен түсті металдар мен ферроқорытпалар жасаумен айналысатын Қарағанды, Шығыс-Қазақстан, Павлодар облыстарының технологиялық кешендері, барлық дерлік мұнай өндіруші кәсіпорындар мен энергетикалық объекттер қалпына келтірілді. Аталған салалар шетел инвесторлары үшін ең тартымды болып табылады.
Жоғарыда атап өткеніміздей, тура шетел инвестициялары үшін ең тартымды салаға мұнай-газ өндірісі жатады. Оған салынатын салымдар жылдан-жылға артуда.
Республика мұнайымен жұмыс істейтін шетел инвесторлары.
Тәуелсіздік алғаннан бергі 10 жылдан аса мерзімде ел экономикасын сауықтыруға, әлеуетін арттыруға салынған шетелдік инвестицияның, шетелдік инвесторлардың дені мұнайлы өлкелерге бет бұруда. 2002 жылғы дерек бойынша, тек Атырау облысының өзінде 200-дей шетелдік және бірлескен кәсіпорындар жұмыс істеді.
Жалпы, еліміздің мұнай ресурстарының 80%-ын шетел компаниялары басқарады. Мұнда АҚШ, Канада, Батыс Еурапа, Украина т. б. Шет елдерінің мұнай компаниялары жұмыс атқаруда. Ең ірілері қатарына біріктірілген “Шеврон Тексако”, “ОКИОК”, “Лукойл”, “ССЛ”, “Керсал”, “Теңізшевройл” ж. т. б. Компанияларын жатқызуға болады.
“Шеврон Тексако” корпорациясы соңғы 10 жылға жуық уақыт ішінде Қазақстанға 4 млрд. АҚШ доллары шамасында инвестиция салды. Бұл қаржы, негізінен, Теңіз мұнай кешеніндегі өндірісті кеңейтуге және Каспий тұрба құбыры консорциумының (КТК) құрылысына жұмсалды. КТК 2001 жылы Теңіз-Қара теңіз құбыр жүйесіне мұнай толтыру әрекетін бастады. Кейін мұнай Новороссийсктен дүниежүзілік нарыққа кетті. Осы 1580 шақырымды мұнай құбыры шикізаттың Қара теңіз бассейні аймағына еркін шығуын қамтамасыз етеді. КТК алдағы 40 жыл бойы акционерлердің табысын жоғарылатпақ. Алдын-ала өткізілген санаулар бойынша, біздің ел салық пен басқа да бюджетті салымдар түрінде 8 миллиард АҚШ долларынан астам қаржыны иемденеді.
“Шеврон Тексако” инвестициялық портфелі өте ауқымды. Оның ішінде Қазақстан үлесі 5%-дан жоғары. Бұл мөлшердің 2010 жылы 10%-ға жеткізілуі жоспарланып отыр. Жалпы бұл корпорация дүниежүзінің 180-нен аса елдерінде жұмыс істейді. Ол Қазақстан Республикасының аса ірі 3 мұнай-газ жобасының екеуінде - Теңіз, Қарашығанақ кенорындарында жұмыс атқаруда.
“Лукойл Оверсиз” Қазақстанда Құмкөл кенорнында және Қарашығанақта жұмыс істейді. Лукойл компаниясында жылына өндірілетін 12 млн. тонна мұнайдың 8 миллионы осы еншілес “Оверсиз” үлесінде. Оның ішінде 3, 5 млн. тонна қазақ жерінде өндіріледі. Лукойл инвестициясы мөлшері жылына 200-250 млн. АҚШ доллары.
Бірақ тура инвестициялардың қаншалықты тиімді болғанымен, дүниежүзінде қаржыландырудың заемдік құралдардың ролі өсуде. Бұл шетел компанияларының национализация болып қалған жағдайда акциялардың контрольді пакетінен айрылып қалу қаупінен қорқуымен түсіндіріледі.
Сонымен қатар, тура инвестициялауды займдармен алмастырылуы кредиторлардың салық арқылы түсетін түсімдерді қысқартуға тырысуымен түсіндіріледі. Осының нәтижесінде пайда пайда болып, салық түрінде сыртқа шықпай, салық мөлшерінен шығып, процент түрінде пайда әкеледі. Сондықтан, тура шетел инвестицияларын көбірек тарту үшін оларға нақты кепілдіктер беру қажет.
Портфельдік инвестициялар. Портфельдік инвестициялар туралы айтқанда біз бағалы қағаздарды көңілге аламыз. Қазақстан Республикасындағы, мемлекеттік бағалы қағаздар операцияларын көңілге алмағанда, портфельдік инвеситициялар статистикалық санақ мақсатында, 1998 жылдың 27-қазанында Ұлттық Банкті Басқару туралы бекітілген №204 қаулыға сәйкес, міндетті түрде Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің облыстық филиалдарында тіркеуден өтуге тиіс.
Аталған портфеьлдік инвесторлардың мінез-құлқы мен іс-әрекеттеріне дүниежүзілік мұнай және металл нарықтарының жағдайы әсер етеді. Ал оның ішкі факторларына елдегі ішкі валюта бағамының еркін өзгерісі мен Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының дамуы жатады.
2000 жылы мемлекеттік бағалы қағаздардың резидент еместердің сатып алуы алғашқы нарықта 0, 3 млн. АҚШ долларын құрады. Осы кезеңде Резидент еместердің Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінен сатып алған қазналық міндеттемелер мен ұлттық жинақтық облигацияларды сатып алуы 6, 3 млн. АҚШ долларын құрады.
Екілік нарықта резидент еместерге мемлекеттік бағалы қағаздарды сату 7, 1 млн. АҚШ доллары дәрежесінде болды, ал олардыв жабу 2, 6 млн. АҚШ долларын құрады.
Инвестициялық несиелер. Инвестициялық несиелердің де маңызы алғашқы жылдары жоғары болған, бірақ алардың көп кемшілікті жақтары бар:
- Бұл несиелер қайтаруды қажет етеді және өте қысқа мерзімдік болып табылады. Қысқа мерзім ішінде мемлекетіміз қарызды қайтаруға мәжбүр болады.
- Бұл несиелеуде инвестициялау мәселесі бірінші кезекте қарастырылмайды, олар екінші кезекке ие. Біріншіден ел тауар сатып алып, кейіннен ғана сол тауарды сатудан түскен табысты өндірісті дамытуға сала алады.
- Шетелде тауар сатып алғанның өзінде ел өз қалауын жүзеге асыра алмайды, өйткені несие берушілер мұнда да өз даусына ие болғысы келеді. Осыған байланысты, Қор бюросын ұйымдастыру қажеттігі туады.
Ресми несиелер. Негізгі салаларда шетел капиталының орнығуы Қазақстанның үлкен маңызға ие әлеуметтік салаларына көңіл аударуына мүмкіндік туғызды. Бұлардың жүзеге асырылуында шетел инвестициясын тартудың дамудың ресми көмегіне негізделген ресми несиелер формасы үлкен маңызға ие. Бұл Еуропа және Халықаралық даму және қайта құру банктері, Азия және Ислам даму банктері, сонымен қатар донор-елдер үкіметтері (Біріншіден - Германия, Жапония, Франция) тарапынан түсетін қаржылық демеушілік болып табылады. Осы аталған қаржылардың қолданылуы арқылы мынадай игі шаралар жүзеге асырылуын күтуде: Алматы - Астана, Алматы - Георгиевка жол магистральдерін және Батыс Қазақстан облысындағы жол тораптарын қалпына келтіру, Астанада халықаралық әуежай салу, Ақтаудағы теңіз порты мен темір жолдарды дамыту. Ауыл шаруашылығында: Суармалы шаруашылықтың қарқындылығын дамытуға бағытталған “Ирригациялық жүйелерді дамыту”, “Су ресурстарын басқару мен жерлерді қалпына келтіру” жобалары. Экологиялық жағдайды жақсартуға “Сырдария өзенінің арнасын тұзету мен Арал теңізінің солтүстік аймақтарын қорғау”, “Нұра мен Есіл өзендерінің қоршаған ортасын қалпына келтіру мен басқару” жобалары бағытталған. Сумен қамтамасыз ету мәселесін шешуге Алматы, Астана, Атырау және Арал маңындағы тұрақты мекендердегі жобалар бағытталған.
Сыртқы үкіметтік займдарды тарту Қазақстан үшін көптеген оң жағдайларды қамтамасыз ете алады, өйткені мұнда несиелік бағамдар төмен, несиені жабу мерзімі, коммерциялық банктер ұсынатын мерзімге қарағанда, анағұрлым ұзақ, сонымен қатар тегін техникалық-технологиялық жабдықтау мүмкіндігі бар. Мысалы, Франция үкіметі Алматыны сумен қамтамасыз ету жобасы үшін 40 млн. АҚШ долларына тең несиенің 30 миллионы 20 жылға 2, 5%-ке тең жылдық бағаммен және алғашқы төлемдерді 7 жылдық қосымша мерзімге берді.
Дамыту мақсатымен берілетін ресми несиелер негізінде Қазақстан жалпы көлемі 2, 8 млрд. АҚШ долларына тең 49 келісім шартқа отырды. Осылардың негізгілері Ұлыбритания (53%), Азия даму банкі (18, 3%) және Жапония үкіметі (17, 3%) ұсынып отыр. Мысалы, үстіміздегі жылдың 1-қарашасында ел Президенті Азия даму банкінің президенті Тадао Чиномен кездесті. Осында ресми қонақ банктің бөлетін инвестицияларының мөлшерінің өзгермейтіні туралы және жақын арада қаржының бөлінетіні туралы мәлімдеді. Ол қаржы ауыл шаруашылығын дамыту мен сондағы кедейшілікпен күреске, техникалық жабдықтауға бағытталуы тиіс.
Шетел инвестицияларын бақылау .
Шетел инвестицияларын міндетті түрде мемлекет тарапынан бақылау қажет. Осындай шетел инвестицияларын бақылаудың негізгі түрі - салық салу.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz