ХІХ ғ. екінші жартысындағы Жапон әдебиеті



1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
Жаңа заман әдебиеті (аударма әдебиет)
2.1 Жапон журналистикасының дамуы
2.2 Жаңа поэзияның дамуы
2.3 Реалистік бағыт. Жаңа проза
3. Қорытынды
1867 жылғы революциядан кейінгі бірінші жылдарда болған Жапониядағы жағдай өте қиын және шиеленіскен болды. Сыртқы тәртіптің қиыншылығы – батыс капиталының шабуылы қайта ашылған елде қайтымсыз орнығуға тырысуы ішікі жағдайдың қиындауымен бірге жүрді, жаңа класстардың қайшылықтарының көрінісі күреспен жалғасты. Бұл күрес басты екі лагерлердің арасында жүрді – кландық және қалалық буржуазия мен феодалдар, сонымен қатар әр лагердің өзара ішкі күреспен қиындатылды. Кландардың ішінде феодализмнен шығып жаңа буржуазиялық даму жолдарына еніп жатқан және өздерінің артықшылықтарына жабысып отырған жоғарығы феодал-князьдарға қарысы шығып ең төменгі самурайлықтың басқыншылығымен жалғасты. Лагерде жеңген буржуазияның ішінде ескі феодалдық купечества мен постовщиктер мүдделерінің арасында келіспеушіліктер болды. Олар үйреншікті және өз қолдарына байлықты жинап алуға мүмкіндік беріп отырған феодалдық жүиені сақтап қалғысы келді. Ал постовщиктер бұл феодалдық тәртіпті бұзуға тырысты, әсіресе өз еркімен именденуге , яғни, жерді бір қолда ұстпа оның өнімдерін монополистік ұжымдарсыз өздері бұйыруға кедергі жасаған кландық қатарды бұзғысы келді. Сонымен қатар, буржуазиялық лагерінде «Бакфу аяғында» пайда болған жаңа адамдардың қайшылықтары дами бастады. Осындай қиын қарама – қайшылық кезеңде Жаңа жапон әдебиеті дүниеге келді. Ағартушылық қозғаласының бастапқы кезеңі (70ж.) 1867-1868 жылдары Жапонияда аяқталмаған буржуазиялық революция болды. (Жапон тарихнамасында бұл революция Мэдзи деп атайды).
Бұл революция Жапон қоғамында өндіруші күштерге жол ашты, мәселен-саясатқа, экономикаға, мәдениетке, идеологияға.
Мүмкіндігі бойынша ертерек Жапонияны өзге капиталисттік елдер қатарына қосу үшін, мемлекет басшылары Батыспен тығыз байланысқа түсті, осыдан жапондықтардың алдынан бұрын болмаған өмірге деген жаңа қөзқарас, жаңа өмір салтының әлемі ашылды.
Насихат және ағартушылық жөніндегі көлемді жұмыс және әдебиетті дамыту жөніндегі мәселелер оқымыстылардың мойына артылды, осы жұмыстармен ғалым, жазушы, ағартушылар айналысты. Сыншыл көзқарастар «феодалдық рухтың құлауына» әкеп соғып, олардың басты буржуазиялық идеологиясын құрды, ол «өркендеу және ағартушылық кезеңі» (буммэй кайка дзидай).
«Өркендеуге» арналған қозғалысты үкімет басындағылар қолдап отырды, себебі, бұл Жапонияны күшті және тәуелсіз мемлекет етуге апаратын бірден – бір жол еді. Сондықтан осы қозғалыс нық саяси талпыныстармен тығыз байланысты болды, себебі, ағартушылық қозғалыс, ол жалпы қоғамдық – саяси проблема болып табылатын 70 ж. осы қозғалыстың гүлденген тұстары. Ағартушылар өмір ағымындағы ағартушылықты дамыту жолында көптеген іс атқарды.
1. Д.П. Бугаева, Г.Д. Иванова, Г.Н. Максимова, Е.М. Пинус. Краткая история литературы Японии. – Ленинград, 1975.
2. Д. Кин. Японская литература XVII-XIX столетий. – Москва, 1978
3. Н.И. Конрад. Японская литература образцах и очерках. – Москва, 1991.
4. Н.И. Конрад. Японская литература. – Москва, 1974.
5. Долин Александр Аркадьевич. Японский романтизм и становление новой поэзии. – М.:Наука,1978.
6. История современной японской литературы. – М. изд. иностр. лит., 1961.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Шығыстану факультеті

Курстық жұмыс

Тақырыбы: ХІХ ғ. екінші жартысындағы жапон әдебиеті

Орындаған: Мағзомова Дильбара
Тексерген:
Көптілеуова Д.Т.

Алматы, 2010 ж.

Жоспар
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
Жаңа заман әдебиеті (аударма әдебиет)
2.1 Жапон журналистикасының дамуы
2.2 Жаңа поэзияның дамуы
2.3 Реалистік бағыт. Жаңа проза
3. Қорытынды

Кіріспе

1867 жылғы революциядан кейінгі бірінші жылдарда болған Жапониядағы
жағдай өте қиын және шиеленіскен болды. Сыртқы тәртіптің қиыншылығы – батыс
капиталының шабуылы қайта ашылған елде қайтымсыз орнығуға тырысуы ішікі
жағдайдың қиындауымен бірге жүрді, жаңа класстардың қайшылықтарының
көрінісі күреспен жалғасты. Бұл күрес басты екі лагерлердің арасында жүрді
– кландық және қалалық буржуазия мен феодалдар, сонымен қатар әр лагердің
өзара ішкі күреспен қиындатылды. Кландардың ішінде феодализмнен шығып жаңа
буржуазиялық даму жолдарына еніп жатқан және өздерінің артықшылықтарына
жабысып отырған жоғарығы феодал-князьдарға қарысы шығып ең төменгі
самурайлықтың басқыншылығымен жалғасты. Лагерде жеңген буржуазияның ішінде
ескі феодалдық купечества мен постовщиктер мүдделерінің арасында
келіспеушіліктер болды. Олар үйреншікті және өз қолдарына байлықты жинап
алуға мүмкіндік беріп отырған феодалдық жүиені сақтап қалғысы келді. Ал
постовщиктер бұл феодалдық тәртіпті бұзуға тырысты, әсіресе өз еркімен
именденуге , яғни, жерді бір қолда ұстпа оның өнімдерін монополистік
ұжымдарсыз өздері бұйыруға кедергі жасаған кландық қатарды бұзғысы келді.
Сонымен қатар, буржуазиялық лагерінде Бакфу аяғында пайда болған жаңа
адамдардың қайшылықтары дами бастады. Осындай қиын қарама – қайшылық
кезеңде Жаңа жапон әдебиеті дүниеге келді. Ағартушылық қозғаласының
бастапқы кезеңі (70ж.) 1867-1868 жылдары Жапонияда аяқталмаған буржуазиялық
революция болды. (Жапон тарихнамасында бұл революция Мэдзи деп атайды).
Бұл революция Жапон қоғамында өндіруші күштерге жол ашты, мәселен-
саясатқа, экономикаға, мәдениетке, идеологияға.
Мүмкіндігі бойынша ертерек Жапонияны өзге капиталисттік елдер қатарына
қосу үшін, мемлекет басшылары Батыспен тығыз байланысқа түсті, осыдан
жапондықтардың алдынан бұрын болмаған өмірге деген жаңа қөзқарас, жаңа өмір
салтының әлемі ашылды.
Насихат және ағартушылық жөніндегі көлемді жұмыс және әдебиетті дамыту
жөніндегі мәселелер оқымыстылардың мойына артылды, осы жұмыстармен ғалым,
жазушы, ағартушылар айналысты. Сыншыл көзқарастар феодалдық рухтың
құлауына әкеп соғып, олардың басты буржуазиялық идеологиясын құрды, ол
өркендеу және ағартушылық кезеңі (буммэй кайка дзидай).
Өркендеуге арналған қозғалысты үкімет басындағылар қолдап отырды,
себебі, бұл Жапонияны күшті және тәуелсіз мемлекет етуге апаратын бірден –
бір жол еді. Сондықтан осы қозғалыс нық саяси талпыныстармен тығыз
байланысты болды, себебі, ағартушылық қозғалыс, ол жалпы қоғамдық – саяси
проблема болып табылатын 70 ж. осы қозғалыстың гүлденген тұстары.
Ағартушылар өмір ағымындағы ағартушылықты дамыту жолында көптеген іс
атқарды.
1872 ж. дәрісханалар, ағартушылық насихаттарға арналған орталықтарды
ұйымдастырды. Осы орталықтардың ішіндегі ең маңыздысы ол Мэрокуся, осы
кезеңнің білімдарларын біріктірген: энциклопидист Ниси Аманэ, аудармашы
Смайлс пен Миллия Накамура Кэйу, профессор Цуда Мамити, көсемсөзші, атақты
ағартушылық кітаптардың авторы Батыстағы жағдай, Білімге үндеу,
Өркениеттің қысқаша очеркі Фукудзава Юкити және тағы басқалар. Осылардың
барлығы феодалдық сыншыл идеологияның дамуына зор үлес қоса отырып,
Жапондықтардың ойлау қабілетінің дамуына үлес қосты. Олар заң, экономикаға,
саясатқа байланысты көптеген дәрістер оқыды. Аудармашылық бағытта Смайлс
және Милль, Руссо және Бокль, Гизо және Токвилль, Карлейль және Кант еңбегі
зор еді. Ал, жапондық ғылыми терминология яғни – тарихи, экономикалық,
әдби – эстетикалық мәселелерді қарастыруда Ниси Аманэ, Фукудзава Юкити,
Накаэ Тёмин және тағы басқалардың еңбегі аса зор болды.
Өркендеу және ағартушылық дәуірі көркем әдебиеттің шығармаларында да
орын алып жатты. Әдеби өмірде көптеген өзгерістер болып жатты, сол кезеңнің
өмірін бейнелейтін көптеген шығармалар жарық көрді.
XVIII ғасырдың атақты жазушысы Канагаки Робун кеңінен тараған Дзиппэнся
Иккудың На своих двоих по Токайдоскому тракту классикалық романын күлкіге
айналдыра отырып (пародия), сатиралық шығарма жазады, ол На своих двоих по
Западному миру (Банкоку кокай сэйёдотю хидзакуригэ) осынау әдебиет
теңізінде көптеген шығармалар жарық көрді, кейде публицистикаға қатысты да
шығармалар жарық көрді.
Дегенімен, осы маусымдағы шығармалар жаңа қоғамдағы адамзат тағдырына
қатысты оқырмандарды қанағаттандырмады.

ХІХ ғ. екінші жартысындағы жапон әдебиетіне дзию минкэн ундо қозғалысы
көп әсерін тигізді. Осы қозғалыстың нәдижесінде саяси романдар дамып, батыс
әдебиетінің шығармалары аударылып және оқырмандарға насихатталып, аударма
әдебиеті кеңінен тарады. Саяси романдарды басқарма қайраткерлері және озық
публицистер жазды. Бұл әдебиет жастарға көп ісерін тигізді. Аударма
әдебиеті осы кезеңде саяси-ағартушылық бағытқа ие болды. Жапон аударма
әдебиетінде Хасэгав Фтабтэй Тургеневтің әңгімелері Кездесу және Аңшының
күнделігі әңгімелерін аударған. Бұл сол кездегі ең бірінші көркем аударма
болды. Кейін келе Жапонияда үлкен жетістікпен Пушкиннің, Тургеневтің,
Гончаровтың, Толстойдың, Достоевскийдің, Чеховтың, Гоголдің, Горькийдің
шығармалары аударыла бастады. Жапонияда ең көп таралған ағылшын, неміс,
француз әдебиеттері. Ағылшын шығармаларын аударған атақты аудармашы Цубоути
Сеё, неміс әдебиетімен жапон оқырмандарын таныстырған Мори Огай болды. Осы
аз уақыт ішінде жапон тіліне Шекспир, Руссо, Монтеське, Гете, Шиллер,
Ибсен, Жюль Верн, Гюго, Сервантес, Золя, Твен және тағы басқа авторлардың
шығармалары аударылды. Батыс ғылымының жеткен дәрежелеріне байланысты
жазған шығармаларда Бульвер Литтон, Дизраэли, Жюль Верн маңызды рөл
атқарды, оған қоса А.Дюма және В.Скоттың романдары ұзақ тарихи оқиғаларға
ие болады.
80 жылдары алғаш рет Жапонияда да орыс әдебиетінен аудармалар ене
бастады. Олардың атқарған рөлі орасан зор. Соңғы кездері біздің елде Батыс
кітпатарын көптеп аударуда, дегенімен оның ішінде сезім туралы шығармалар
жоқ - деп Пушкиннің Капитан қызы аудармашысы Такасу Дзискэ жапон
оқырмандарын Пушкиндің шығармамен таныстырады, оның басты мақсаты жапон
оқырмандарын Сезім шығармаларын жазуды үйретуге бағытталған еді.
Капитан қызы 1883 жылы алғаш рет орыс авторының аудармасы Жапонияда
пайда болды. Жалпы, шет тілінен жапон тіліне аударылғанда шығармалар
өзгеше атқа ие болып отырды, онымен қоса авторлары да , мәселен: Шиллердің
Вильгельм Телль жапон аудармасында Еркіндіктің семсері деген атқа ие
болды, ал Шекспирдің Ромео и Джульеттасы Жаулардың тағдырларын
тоғыстырған махаббат жолдары деген атпен аударылды.
Такасу Дзискэ Маша мен Гриневтің махаббатын жақсылап аударды, оның
әрбір эпизодына көңіл бөле отырып аударма жасады, кейбір жеріне сезім
көрністерін кірістіріп жазды.
Ал Пугачевпен қатыстының барлығы, алынып тасталынды, не өзгертілді,
себебі ол туралы эпизодтарды тану мүмкін емес, аудармасында Пугачевтің
есімі де жоқ.
Ең маңызды өзгеріске ұшыраған аса бағалы роман, 1886 ж. жарық көрген
Соғыс пен бейбітшілік оның өзгерген атауы Жылаған гүлдер мен
жыламсыраған үйенкі. Солтүстік Еуропадағы соғыстың соңғы жеңілісі (Мори Тай
аудармасы). Осыншама өзгерістерге ұшырап, қаншама эпизодтары алынып
тасталса да XIX ғ. соңы XX ғ. басында Жапонияда орыс аудармашыларын
көрсетіп отырды.
1880 жылы Жапон әдебиетшілерінің арасында поэзия мен көркем прозаның
жаңару қозғалысы басталды. 1882 жылы Токий университетінің профессорлары
Тоями Сюити, Ятабэ Рёкити және Иноуэ Тэцудзиро Таңдамалы поэзия жинағын
шығарды. Бұл жинаққа Теннисон, Лонгфелло және Шекспир аудармалары және жаңа
мәнерде жазғы келгісі келген жапон әдебиетшілерінің шығармалары кірді. Бұл
жинақта аудармалар өте қызық болды. Осы жинақтан кейін тағы басқа жинақтар
шыға бастады. Бірақта мағыналы көркем шығармалар 1885 жылы Мори Огай
басқармасымен Синсэйся тобы жазған поэтикалық аудармалар жинағы
Нұсқалардан кейін шыға бастады.
Жапон поэзиясындағы нағыз жаңару Китамура Тококу және оның ізбасары
Симадзаки Тосон шығармашылығымен келді. Жапон поэзиясының дамуына Исикава
Такубокудың маңызы зор болды. Ол ескі канон жанрын өзгертіп, оның орнына
саяси және революциялық тақырып бойынша қысқа өлеңді дәстүр жанры – танканы
алып келді.
Роман саласындағы төңкерілісті Цубоути Сёёның 1885 жылы шыққан кітабы
Романның мәні жасады. Цубоути бұл романға жаңа идеологиялық қөзқараспен
қарады.
Жаңа буржуазиялық әдебиетінің реалистік романының дамуына Хасэгава
Фтабатэйдің маңызы зор болды. Оның Жүзген бұлттар романы 1887-1888
жылдары дзию минкэн қозғалысының құлау қарсаңында жазылған. Романда
басқарушы топтарды сынаған. Фтэбатэйдің реализмі ХІХ ғ. орыс әдебиетімен
байланысты.
80 жылдары Мэйдзи әдебиетінде Одзаки Коё басқарған Кэнъюся тобының
жазушыларының шығармалары орын алды. Кэнъюсяға атақты жазушылар Ямада
Бимё және Кода Рохан кірді. Бұл топтың жазушылары дәстүрлікке сүйенді.
Ал, 90 жылы ақын және сыншы Китамура Тококу басқармасымен Бунгакукай
журналы көпшілікке мәлім болды. Жапон мәдениетінде романтикалық бағытты
көздеген бұл журнал 1874 жылдан бастап шыға бастады. Бұл журнал Симадзаки
Тосонның шығармашылығымен байланысты болды. Симадзаки Тосон ақын-романтик,
ол әлеуметтік тақырыптағы реалистік романды жасаушы. Оның атақты
шығармалары – Бұзылған өсиет, Көктем, Жанұя. Сол ғасырдың атақты
жазушыларының бірі-Токутоми Рока. Ол Толстойдың қатты ықпалымен жүрді.
Токутоми Рока өзінің шығармашылық жолын сыншы-әшкерлеушіден бастап
христиан дүниесіндегі иманды-жазушы ретінде өткізді. Оның басты үлкен
шығармалары – Қара ағыс, Жер құртының сандырағы және тағы басқалар
болды.
Жапон реалистік романының классиктері Куникида Доппо және Таяма Катай.
Куникида Доппоның шығармашылығы Тургеневтің ықпалымен болды. Оның
шығармаларының басты тақырыбы арман мен шындық арасындағы дау-жанжал. Оның
атақты шығармалары Фаталист, Тағдыр, Шұғыл шығарылым тағы басқа.
Таяма Катай Толстойдың, Достоевскийдің, Ибсеннің, Золяның және тағы
басқа еуропалық жазушылардың шығармаларын жақсы білген және құрметтеген. Ол
өзінің көркем шығармалары және шығармашылық мақалаларында шындық көрінісін
дәріптеген. Оның шығармалары Төсек, Өмір, Әйел, Туыстық.
Жапон әдебиетшілері Куникида Доппо мен Таяма Катайдың әдебиеті табиғи
бағыттың басты өкілдері деп ойлады. Шыныменде кейбір табиғи шындықтың
элементтерін тек қана Таяма Катайдың шығармасынан табуға болды.
Жапон романтистерінің арасында ерекше оқиғаға ие Нацумэ Сосаки. Оның
шығармаларының басты тақырыбы – батылсыздық, адамдардың жан дүниесінің
әлсіздігі. Оның басты шығармалары – Артынша, Жүрек, оның кейбір
шығармаларында сатира элементтері бар: Мен-мысықпын, Ұл бала.
1914 жылдан бастап жапон әдебиетінде дағдарыс басталды. Котоку және
басқа да әлеуметшілер өлім жазасына ұшырайды, Такубоку қайыршылықпен азап
шегіп , туберкулезден қаза табады. Демократиялық әдебиет өзінің өкілдерінен
айырылады. Реалистік роман натуралистікке өзгереді, буржуазиялық реализмнің
соңына алып келеді. Жазушылар жаңа жол іздей бастайды. Әдебиеттің бірнеше
бағыты қалыптасады – неоромантизм және неогуманизм.

Жапон журналистикасының дамуы

Жапон журналистикасы өз тарихын ағартушылық кезеңінде бастады және
осыған байланысты, алғашқы журналдар Сэйё (Батыс) және Синдзюку гэсси
( Синдзюку мектебінің айлық журналы) ғылыми ағартушылық мақсаттарға
көшті. Алғашқы көлемді журнал – 80 жылдардың саяси-қоғамдық көлемді
журналы Мэйроку дзасси болды. Баспасөз кезеңі, журналдар кезеңін
революциядан кейін қойды. 70 жылдардың бас кезеңінде Жапонияда 700 жуық
газет шықты. Баспасөз тарихындағы жаңа кезең, елдегі 70 ж. болған
Еркіндік пен халықтық құқыққа қозғалыстың дамуымен қатар басталды.
Журналистика, бірінші мәселеде газеттік мәселелер ағартушылық теоретикадан
алшақтап, саяси-әлеуметтік бағытқа айналды. Саяси пікірлердің дамуы
журналистиканың теоретикалық проблемаларға қызығушылығын арттырды. Талантты
журналисттердің қарқынды еңбегінің арқасында жаңа жанр пайда болды, ол –
публицистикалық мақала. Бұл бағытта өз үлестерін қосқан – Баба Тацуи, Яно
Фумио, Уэки Эмори, Фукудзава Юкити, Накаэ Тёмин және тағы басқа көрнекті
журналистер. Дегенімен, көлемді қоғамдық қозғалыс кезеңінде аударма
әдебиетте, публицистика да саяси қатаң түрде қоғам қамауынан шыға алмады.
Өзінің саяси әдебиеті қажет болды.
Саяси роман Жапонияда 80 ж. басында пайда болды. Осы атау бойынша
көптеген шығармалар жарық көрді: роман, тарихи шығармалар, саяси-
ағартушылық әдебиет. Жапониядағы алғашқы саяси роман Сезімдер теңізіндегі
дауыл. Халық құқығы туралы әңгімелер, оны 1880 жылы жарыққа шығарған Тода
Киндо.
Саяси романға көп үлес қосқан, атақты әдебиетшілер емес, Еркіндік пен
халықтық құқылық қозғалысының қатысушылары болып табылады. Сұлу бикештің
таңғажайып кездесулері романында, Токай Санси (Сиба Сиро) күшті
мемлекеттердің әлсіз мемлекеттерге көрсетіп жатқан көрнісіне қайғы
білдіріп жазған. Осы роман Токай Сансиға үлкен сәттілік сыйлады. Саяси
романның басты мәселесінен, сол кездегі Жапония қоғамында болып жатқан
қоғамдық проблемалардың тақырыбын ашу болды.
Саяси роман әдебиет саласын кеңейтті, оны өмірге ұштастырды, алайда
ол, көркемділікке ие бола алмады, өмірдің құбылысы бола алмады.
1885 жылы Токио университетінің студенттері алғаш рет Жапониядағы әдеби
қауымдастықты ұйымдастырды, ол Кэнъюся атымен аталды. Қолжазба
журналдары шыға бастады, Кез келген нәрсе, бұл – Жапониядағы алғашқы
әдеби журнал болған. Осы қоғамды құрған жас әдебиетшілер, көркемдігінен
айырлған Саяси романға қарсы шықты. Көркем идеалдарды іздеу барысында,
олар классикалық жапон әдибетін қарастырды, ең бірінші Ихра Сайкакудың
шығармашылығын қарастырды. Халықаралық қозғалыс қатысушылары әдебиет және
өнердің өздігімен дами алатынын байқады. Осыдан кейін, Тәуелсіз
шығармашылыққа Кэнъюся қоғамының мүшелері де талпынды.
Қоғамның негізін салған және оның басты мүшесі Одзаки Коё (1867-1903)
болды, ал қосымша мүшелері – Ямада Бимё (1868-1910), Исибаси Сиан (1867-
1927) және тағы басқалар. Одзаки Коё журнал беттерінде өзінің шығармасын
Любовная исповедь двух монахинь шықты. Бұл шығарма мінездемесі жағынан
өте романтикалық, мұндағы кейіпкерлерде аса романтиктер болып келген, тіпті
сюжеті де романтикалық бағытта.
Кейінгі үш жыл барысында Одзаки Коё тағыда үш шығарманы басып шығарды:
Жұпар иісті бастама, Екі ханым және Үш әйел. Жұпар иісті бастама,
мұндағы басты кейіпкер әйел бейнесі. Одзаки Коё әйел бейнесін жазуда
көрнекті жазушы болған, оның осы мәселеде тәжірибесі жоғары болған.
Әдебиеттегі халықаралық дәстүрлер Ямада Бимёның шығармаларында пайда
бола бастады. Оның ең алғашқы атақты шығармасы Мусаси жазығы болды, мұнда
шығарма тарихи кеңістікте өткен, Самурай күресінің көрінісін бейнелейді.
Тарихи келбетте жазылған тағы бір шығармасы, ол – Котё. Басты кейіпер
әйел - Котё тегіне деген сенімін дәлелдеу үшін өзінің күйеуіне деген
махаббатын құрбан етеді.
Осы, Кэнъюся шығармашылығына жақын Кода Рохан (1867-1947) болды, ол
жапон әдебиетінің және буддизмнің білгірі болған.
Кэнъюсяның өкілі ретінде, Кода Роханда да әдебиеттегі шәкіріттері
болған: Одзаки Коё мектебінің көрнекті жазушылар көрсетті, олар – Идзуми
Кёка (1873-1939), Огури Фуё (1875-1926), Токуда Сюсэй (1871-1943) және тағы
басқалар. Кода Роханнан тіл мен тәжірибеге керемет жазушы Хигути Итиё
оқыды.Ол – жапон әйелдерінің тағдырынан лирикалық шығармалар жазды. Одзаки
Коё мен кода Роханның атақтығының ұлылығы соншалық, жапон әдебиетіндегі 80
жыдар Коё және Рохан жылы деп аталды.

80-90жылдар журналистикасы

Бұл кезде де ағартушылық және Еркіндік пен халықтың құқылық
қозғалысының кезеңі еді. Нихондзин журналы, қозғалыстың баспасөз
қызметі, әдебиеттің теоретикалық проблемаларына арнайы көңіл бөлген жоқ.
Журналдағы әдеби бөлім бағынушылық жағдайда болды. Осы журнал беттерінде
теоретикалық мақалалардан басқа , қозғалыстың ойшылдары Миякэ Сэцурэ, Куга
Кацунан, Сига Дзюго және тағы басқалар болып жатқан оқиғаларды сыншыл
көзқараспен жазды. Осы оқиғалардың барлығына қарсы Кокумин-но томо
(Халықтың досы) журналы 1887 жылы шықты. Оның қолбасшысы талантты
публицист және көркем шешен Токутоми Сохо (1863-1957) болды. Бұл журнал
Жапониядағы болып жатқан қоғамдық қозғалыстарға қарсы демократиялық және
әлеуметтік идеяларды насихаттап отырды. Токутоми Сохо буржуазиялық
демократияның басты маңызды элементі ретінде қарапайым халық үшін
принципті дегенді ұстанды. Бұл ұстамшының мақсаты тыныштықты орната отырып,
қарапайым халықты әлеуметтік теңсіздіктен босату.
Кокумин – но томо журналы мемлекеттің әдеби өмірімен тығыз байланысты
болды. Оның беттерінде әдеби – сыншыл мақалалар, поэзия, аудармалар да орын
алды. Ең алғашқы кірістірген аударма, ол – орыс аудармасы болды. Бұл
журналдың әдеби тобына жас әдебиетшілер Куникида Доппо және Таяма Катай
кірді. Кейін олар атақты жазушылар және реалисттік бағыттың негізін
қалаушылар болды, ал Утида Роан – жазушы және сыншыл, орыс әдебиетінің
аудармашысы (Достоевскидің Жапониядағы ең бірінші аудармашы).
Жоғарда айтылған журналдардан басқа Рикуго дзасси (Әлем), Мияко-но
хана (Астана гүлі), Дзёгаку дзасси (Әйел білімі) болды.
80 жылдың соңына таман журналистикада жалпы мәдени және әдеби
проблемалар айқын көрініп жатты. Осы әдебиет туралы қоғам өкілдері мен
публицисттер Утимура Кандзо, Миякэ Сэцурэй, Токутоми Сохо, Уэмура Масахиса
және көптеген тағы басқалар көптеген жазды.
Васэда бунгаку (Васэда әдебиеті) журналын басқарған Цубоути Сёё
Васэда университетінің әдебиет факультеті ғылымдарының көзқарасын,
пікірлерін қарастырған, аудармашы және ағылшын әдебиетін таратушы болған.
Ол жапондықтарды Шекспирмен таныстырған. Васэда бунгаку журналы атақты
әдебиетші Цубоути Сёё және мори Огай арасындағы екі жылға созылған әдеби
– эстетикалық дамуда маңызды роль атқарған бәсекелестікті тудырды.
Бәсекенің туындаған тұсы Цубоути Сёёның мақаласы Шекспирдің драмалық
шығармаларының аудармасы болды. Цубоути Сёё басты мәселені шығармадағы
жасырын идея емес, шығармадағы жасырын тұрған шындық, айғақ деп білді,
ал Морги Огай болса шығарманы бағалау кезінде логикалық түрде қарастыруды
ұсынды.
Морги Огай көрнекті әдебиетші, жазушы, неміс авторланының,
сыншылдарының аудармашысы болған. 1889 жылы ол Синсэйся (Жас дауыстар)
әдеби тобын құрып және ағартушылық тенденцияның негізін қарастырған
Сигарами соси (Запруда) журналын шығарады. Бұл журналда ең бірінші
арнайы мақала Әдеби сыншыл (Бунгэй хёрон) шығады. Мұнда еуропа
әдебиетінің аудармалары мен эстетика туралы мақалалар кіргізілді. Сигарами
соси журналы әдеби бағыттағы теоретикалық зерттеудің кеңеуіне маңызды
үлесін қосты. Осы журналистикалық кезең кезінде көптеген журналдар жарық
көре бастады.
1895 жылдың қаңтарында Токий университетінің әдебиет факультетінің
топтарының қызметшілері Тэйкоку бангаку (Империя әдебиеті) журналын
шығара бастайды. Бұл сол уақыттағы ең үлкен журналдың бірі болған, 100-130
беттен тұрған.
Солы 1895 жылы қоғамдық - саяси және әдеби журнал Тайё (Күн) пайда
болады. Бұл қалың 200 беттен тұратын журнал. Бұл журналды атақты жазушы
және сыншы Такаяма Тёгю басқарды.
90 жылдың екінші жартысында әлеуметтік журналистика өз жұмысын бастайды.
Бұл журналдың шығуының басты мақсыты қоғамдық профсоюздерді құру ,кезекті
жиналыста Рода сэкай (Жұмысшы әлем) журналының айсайын шығарылып
тұруына хаттама жазылды. 1897 жылы желтоқсанда журналдың алғашқы саны
басылып шықты. Оның бас редакторы Катаяма Сэн.

Жаңа поэзияның дамуы

ХІХғ. 80 жылдары елді еуропаландыру жапон мәдениетін, соның ішінде
әдебиетті де жаулап алды. Жапон ақындары еуропа поэзиясын игере бастады.
Жаңа дәуір поэзиядан жаңа түрлерді талап етті. ХІХ-ХХ ғ. аралығында жапон
поэзиясының үш негізгі бағыты пайда болды. Олар жапондық верлибер (си), бес
шумақты танка және үш шумақты хайку. Осы поэзияның үш түрі бір – бірімен
тығыз байланыста болды. Осы бағытта жаңа өлең түрлеріне қозғалысының
қайраткерлері қызмет атқарды. 1882 жылы алғаш рет өзгертілген түрдегі
өлеңдер, шығармалар жарық көрді. Оның құрамына Шекспир аудармалары,
Лонгфелло және де басқа ақындардың, сонымен қатар ең бірінші жазылған
жапон поэзиясы ұзын өлең түріндегі өлеңдер кірді.
1897 жылы Китамура Тококудың жақын досы Симадзаки Тосон Өскелен ұрпақ
атты өлеңдер жинағын шығарады. Осы жинақ лирикалық поэзия тарихында ең
көрнектісі болды. Ұзақ өлең жанрында жазушы романиканың жоғары дәрежелі,
жастық және махаббатты, адамзат жанының көркемдігін үлкен қызығушылықпен
айта алды.
Алайда жапон поэзиясы классикалық формадан бір жолта ауытқи алмады.
Ақын Масаока Сики (1867-1902) осы жанрдың жаңарту барсында көптеген қызмет
атқарды. Дәл осы Сики ең бірінші рет хайку мен танка терминдерін дәстүрлі
поэзияның жаңа үлгісіне қолдана бастады. Масаока Сикидің ең басты сіңірген
еңбегі, ол үш шумақты өлеңді тізбекті шумақтан бөлек шығарып, оны дербес
поэтикалық жанр етті. Мұнда ол адамзат сезімін ашты. Хайку-бұл әдебиет,
ал рэнку - әдебиет емес, - деді Сики, рэнкудің жаңашыл ұстаздарын
қатты сынап. Сикидің ойынша ақынның міндеті – қоршаған ортаны дәл өзінің
шындығымен суреттеу керек, оның мақсаты – сол ақынның өзі көрген жерден
оқырмандар қызықты нәрсе табу керек деп ойлады. Ол дәптер мен қарындаш
алып, Токионың қала маңында жүріп, өзінің әсерлерін қағазға түсіріп отырды.
Хайкудың артымен ол танканы да жаңартуға кірісті. Оған көптеген жас ақындар
көмектесті. Сикидің хайку саласындағы реформасын Такахама Кёси, ал танка
саласында Сато Сатио жалғастырды. 1898 жылы ол Хототогиус журналын
шығара бастайды.
Танка тарихындағы жаңа кезең Ёсано Тэккан (1873-1935) келуімен
басталды. Ол танканы өмірмен ұштастырып, оған ер жүректілік пен
батырлықты ендіргісі келді. 1899 жылы ол Жаңа поэзия қоғамын құрды, одан
көп ұзамай Жоғалған жұлдыз (Мёдзё) журналын басып шығара бастады. Жаңа
кезеңдегі жапон поэзиясының ең жарқын, көрнекті болған, қоғамның негізін
қалаған Ёсано Тэккан және оның әйелі Ёсано Акико (1878-1941) болған.
Ёсано Акиконың шығармаларында тек ауқымды поэтикалық талант қана көрніс
тапқан жоқ, оған қоса еркін ойлау мен жанның адал және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХІХ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИ ТІЛ ТАРИХЫНДА СӨЗ ЖАСАУ ҮДЕРІСІ
Магистрлік диссертацияның өзектілігі
Жапон тіліндегі әлемнің тілдік бейнесі
Қазақ және Жапон әдеби байланыстары
ХІХ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫНДАҒЫ ШИЕЛЕНІС
Киім кию мәдениеті жайында
19-20 ғасырдағы Қазақстан баспасөзі
Ежелгі славяндардың мәдениеті
«Азия және Африка елдерінің жаңа тарихы» пәнінен лекция жинағы
ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы әдебиет
Пәндер