Тематикалық парктер


Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ . . . 3

1. ОЙЫН - САУЫҚ ИНДУСТРИЯСЫНДАҒЫ ТЕМАТИКАЛЫҚ ПАРКТЕРДІҢ РӨЛІ . . . 5

1. 1. Ойын-сауық индустриясының мәні . . . 5

1. 2 Ойын - сауық индустриясындағы тематикалық парктердің рөлі . . . 7

2. ТЕМАТИКАЛЫҚ ПАРКТЕРДІ ДАМЫТУДЫҢ ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕСІ

2. 1 Американдық Дисней Ленд . . . 12

2. 2. Еуропалық ойын-сауық парктері . . . 16

2. 3 Азиядағы тематикалық парктер . . . 23

2. 4 Аттракциондарды құрудағы Ресейлік тәжірибе . . . 25

3. ОЙЫН-САУЫҚ ПАРКТЕРІН ДАМЫТУ МҮМКІНДІКТЕРІ МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ . . . 28

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 36

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 37

КІРІСПЕ

Қазақстандық және шетелдік азаматтардың әртүрлі туристік қызметтерге қажеттілігін қанағаттандыру үшін кең мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін қазіргі заманғы тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті туристік кешен құру, саланы дамытудың экономикалық және құқықтық тетіктерін әзірлеу әрі Қазақстанның туристік өнімінің сапасын қамтамасыз ету біздің алдымызда тұрған ең маңызды мәселелердің бірі болып табылады.

Бүгінгі таңда туризм әлемдегі көптеген адамдардың күнделікті қажеттілікке айналып отыр. Туризмнің басты мотивтерінің бірі болып ойын -сауық табылады. Ойын -сауық демалыс пен жаңа әсер алу ғана емес, ол сонымен қатар жылдан жылға өсіп келе жатқан миллиондаған айналымы бар әлемдік индустрия. Ойын сауық туризмнің басты түрткісі болып келеді, оларсыз ешқандай саяхат жасалайды. Адамдар саяхатқа жаңа, қызықты және ұмытылмас әсер алу үшін шығады. Ойын - сауық индустриясының басты мақсаты ойын - сауық жағдайларын құра отырып туристерді тарту болып табылады.

Әр түрлі негізгі және қосымша туристік қызметтері бар тартымды туристік өнімді құру ең басты мақсат болып табылады. Сондықтан да туристік өнімді құру ең алдымен тұтынушылардың сұранысын зерттеуден басталады. Әрине, туристік өнімді жоспарлаған кезде, біз жергілікті ресурстардың мүмкіншілігін есепке аламыз, бірақ бүгінгі халықаралық туризм (тематикалық парктер, сафари, рафтинг, шоу, фестивальдар сияқты қосымша ресурстарды қолдана отырып ) ілгерілеген. Осылардың барлығы туристерді қызықтыратын түрткілердің бірі.

Ойын - сауық индустриясы материалдық, қаржылық, еңбек ресурстарын біріктіретін экономикалық жүйенің салыстырмалы жеке буыны. Туризмді дамыту үшін демалыс және ойын - сауық парктері сияқты туристік өнімді құру әрбір елдің басты міндеті болып табылады.

Әлемнің ойын -сауық индустриясында ерекше орында тематикалық парктер алады. Соңғы кезде олар тарихи мәдени ескерткіштерге бәсеке құрды. Олар түрлі жастағы адамдарды біріктіреді. Үлкендерді өзінің ақпараттық танымдық сипатымен, балаларды қызықтырумен. Тематикалық парктерде адамдар көптеген қызықтарды танып біледі, олар бір уақыттанг басқа уақытқа ауықандай болады. Жоғарыда айтылғандардың барлығы зерттеліп отырған тақырыптың өзектілігін анықтайды.

Курстық жұмыстың мақсаты ойын-сауық индустриясының қазіргі таңда дамуын зерттеу табылады .

Мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер анықталады:

  • тематикалық парктердің даму тарихын зерттеу;
  • қазіргі кезде тематикалық парктердің дамуын талдау;
  • тематикалық парктердің қазіргі жағдайы мен даму перспективалары;

Курстық жұмыстың теориялық негізін А. Ю. Александрова, Р. Браймер, Дж. Уокер, В. Г. Гуляев, В. А. Квартальнов, Г. А. Папирян, В. С. Семенов, А. Д. Чудновский, Л. Ф. Ходорков, С. Р. Ердавлетовтың шетел, ресей және қазақстандық ғалымдар мен практиктердің еңбектері құрады.

Туристік қызмет кәсіпорын шаруашылық әрекетімен ғана шектеліп қоймайды, ол әр түрлі қоғамдық және кәсіби ассоциациялар мен бірлестіктердің, аймақтық, ұлттық, халықаралык институттар, мемлекеттік және мемлекет аралық реттеу ұйымдарының қызметімен өте тығыз байланысты болады.

Туристік сапардағы адамдар қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған барлық осы элементтер әрекетінің жиынтығы туризмнің әлеуметтік - экономикалық құбылыс ретіндегі түсінігін қалыптастырады.

Курстық жұмыста қойылған міндеттерге жету үшін формалдық логика, талдау және синтез, аналогтау, жүйелеу, салыстырмалы, экономикалық-статистикалық, сипаттау сияқты түрлі әдістемелік тәсілдер қолданылды.

1. ОЙЫН - САУЫҚ ИНДУСТРИЯСЫНДАҒЫ ТЕМАТИКАЛЫҚ ПАРКТЕРДІҢ РӨЛІ

1. 1. Ойын-сауық индустриясының мәні

Ойын-сауық индустриясына адамдардың ойын-сауық қажеттілігін қанағаттандыратын кәсіпорындар жатады, яғни цирктер, зообақтар, аттракциондар, игротекалар, демалыс саябақтары, кинотеатрлар, спорт залдар, демалыс зоналары, тарихи құндылықтар және т. б. сәйкес құрал-жабдықтар мен мүлік шығаратын өндірістік салалар да ойын-сауық индустриясына жатады.

Ойын - сауық индустриясы материалдық, қаржылық, еңбек ресурстарын біріктіретін экономикалық жүйенің салыстырмалы жеке буыны. Бұл тұрғыда ойын-сауық индустриясының кәсіпорындары өзіндік технологиялармен, басқару жүйесімен, персоналдық қызметін ұйымдастырумен ерекшеленеді.

Ойын-сауық процесінің келесідей негізгі ерекшеліктерін атап өтуге болады: адамның ойын- сауық түрін дербес таңдауы; тұлғаның ойын-сауықты тұтынуға алдын-ала дайындығы; ойын-сауықты жиі алмастыруы; ойын-сауық түрлерінің шектелмеуі; ойын-сауықты өзге де демалыспен (мысалы, демалыс пен ойын-сауық, спорт пен ойын-сауық, ойын-сауық пен білім және т. б. ) үйлестіру; ойын-сауықты тұтыну кезеңдігі (адамның өмірлік, жылдық, апталық, тәуліктік цикліне тураланғаны) .

Ойын-сауықты жалпылама немесе жеке түрін бөлуге болады. ойын-сауық арнайы немесе күтпеген жерден ұйымдастырылуы мүмкін.

Көңіл көтеру - адамға қуаныш, шаттық әкеліп, көңіл көтеріп қызығушылық тудыратын құбылыс. Көңіл көтеру - «уақытты тамаша әрі қызықты өткізу» деген мағынаны білдіреді.

Көңіл көтеру адам өмірінде әрқашан маңызды рөл атқарып келген. Көңіл көтеру барысында адам өзінің қажеттіліктерін қанағаттандырады, жеке тұлғасын бағалайды, әр тұрлі әлеуметтік жүйе масштабында өз ролін зерделейді.

Көңіл көтеру кәсіпорындарына мыналар жатады:

  • цирктер, хайуанаттар бағы, ойынханалар, демалыс бағы;
  • театр, кинотеатр, изостудия, концерттік мекемелер, филармония, оркестр, ансамбль, мюзик холлдар;
  • физикалық мәдениет мекемелері (бассейн, спорт зал, клубтар, трек, т. б. ) ;
  • спорттық іс-шараларға қатысу;
  • мәдени мекемелер (кітапханалар, мұражайлар, көрмелер) ;
  • ойын мекемелері (казино, бильярд, т. б. ) ;

Сонымен қатар демалыс зоналары мен тарихи жерлер жатады.

Көңіл көтеру процесі келесі қасиеттермен сипатталады:

  • көңіл көтеру түрінің молдығы және әр түрлілігі;
  • өзіндік таңдау жасау;
  • көңіл көтеруді басқа іспен үйлестіру;
  • бос уақыттың циклдігі мен иерархиялығы.

Ғылыми әдебиеттерде рекреация термині АҚШ-та XIX ғасырдың 90 жылдарында пайда болды. Ол жұмыс күнінің нормалығы, екінші демалыс күні, жазғы демалыстың пайда болуымен сипатталады.

Рекреация - ол физикалық, интеллектуалдық, эмоционалдық күшті қайта қалпына келтіру.

Физикалық және ой-өріс шеңберінде күшін қалпына келтіруге арналған кез келген ойын.

Демалыс - адамның тұрғылықты жерінде немесе ол жерден тыс аймақта адамдардың күшін қайта қалпына келтіруге арналған:

  • серуенге шығу, туризм, альпинизм;
  • аңға шығу, балық аулау, саңырауқұлақ жинау;
  • би, ойын;
  • саяхаттау, экскурсия, өз рахаты үшін.

Бос уақыт - уақыттың ең маңызды бір қасиеті - иерархиялығы: әлеуметтік уақыт = жұмыс уақыты + жұмыстан тыс уақыт. Ол бос уақытты қосқанда.

Әлеуметтік уақыт - үш сегіздік (жиырма төрт сағат) : сегіз сағат ұйқы, сегіз сағат жұмыс уақытына, сегіз сағат жұмыстан тыс уақытқа кетеді.

Жұмыстан тыс уақыт - табиғи қажеттіліктерден тұрады (ұйқы, тамақтану, жеке тазалық) .

Қазіргі ойын-сауық индустриясының келесідей маңызды мақсаттарын ажыратып қарастыруға болады:

1. Жеке тұлғаның қалыптасуында ойын-сауық маңызды орын алатынын ескере отырып ойын-сауық индустриясының заңдылықтары мен даму тенденциясын зерттеу маңызды. Ойын-сауық индустриясының бара-бар моделін құру сәйкес процестерді басқаруға, әлеуметтік саясаттың әрекетінің жоғарылауына тиімді әсер етеді.

2. Бірқатар елдердегі ойын-сауық индустриясы өзін - өзі аз уақыт ішінде ақтап шығатын капитал салудың тиімді саласына айналды. Кәсіпорындардың дамыған бәсекеге қабілетті желісі адамға ойын-сауықтың белгілі-бір формалары мен тәсілдерін таңдаудағы талғамына сай үлкен мүмкіндік береді.

3. Қазіргі өмір жылдам ырғақты, негативті жүрек стресі, адамдардың эмоционалдық тұрақсыздығы байқалады. Адамдардың ақиқаттан алшақтауы, адамның күнделік күйбең тіршіліктен арылуы ойын-сауық индустриясының басты мақсаты болып табылады.

4. Адамның бір өзі немесе топпен көңіл көтерсін бұл ойын-сауықтың жеке игілігі.

5. Ойын-сауық индустриясына деген сұраныс бос уақытты пайдалану деңгейі мен көлеміне байланысты анықталады. Халықтың жеке кіріс табысы да маңызды орын алады. Жеке және қоғамдық қажеттеліктің құрылуы, осы алғы шарттардағы қажеттіліктің құрылуы мен пайда болуы ойын-сауықтың әлеуметтік бағытталуы анықталады.

Сонымен ойын-сауық келесідей міндеттерді шешуге:

  • тәрбие;
  • тамаша көңіл-күйдің пайда болуы;
  • білім;
  • демалыс;
  • тұлғаның мәдениетінің дамуына, тұлғаны қалыптасуы мен дамуына көмектеседі [13] .

1. 2 Ойын-сауық индустриясындағы тематикалық парткердің рөлі

Әлемнің ойын -сауық индустриясында ерекше орынды тематикалық парктер алады. Соңғы кезде олар тарихи мәдени ескерткіштерге бәсеке құрды. Олар түрлі жастағы адамдарды біріктіреді. Үлкендерді өзінің ақпараттық танымдық сипатымен, балаларды қызықтырумен. Тематикалық парктерде адамдар көптеген қызықтарды танып біледі, олар бір уақыттан басқа уақытқа ауытқығандай болады.

Тематкиалық парктерді құру идеясы Еуропада туындады және ХІХ ғасырдың соңында Еуропаның көптеген атсналарында Копенгагендегі Теваль бағы, Венадағы Пратер паркі сияқты ойын сауық парктері салынды. Тематикалық парктердің жаңа моделдері де еуропада пайда болды, дегенмен оның құрушысы болып Американдық режиссер, мультипликатор Уолт Дисней саналады. Диснейлендтің ашылуынан 3 жыл бұрын 19520жылы де Эфтиленг коорпарациясы Еуропалық ертегілер желісімен Нидерландияның оңтүстік батысында парк салынды. Бірақ тематикалық практер ескі континетте өте жай кіші масштабта дамыды. Тематикалық парктер нағыз шарықтуын АҚШ тан алады. Содан барып дүние жүзіне таралады.

Алғашқы тематикалық парк АҚШ 50 жылдардың ортасында пайда болады, бұл кезде дәстүрлі парктер құладырау кезеңін бастан кешіреді. Олар туристік нарықтан бірітіндеп ығысып, олардың орнын диснейленд немесе Сикс Флэгс сияқты қазіргі заманғы тематикалық парктер басады. Олардың құлдырауы көбінесе ойланбай жасалған баға саясатымен байланысты. Пакркке келушілерге өте төмен баға қойылды, бірақ әр атракционға жеке билет алуға тура келетін. Бұл демалушыларға ыңғайсыздық туғызды. соынмен қатар қозғалыстың негізі болып автокөлік қолданылғындықтан, американдықтардың демалысқа деген сұраныстары мен прарктер қайта құрыла алмады. Енді уик энд күндері адамдар табиғатқа шығуды қалады. Парктер қала орталығында орналысқандықтан өз автокөліктерімен келген американдықтар автотұрақтың жетіспеуі сияқты проблемалармен кезікті.

Құрал жабдықтар мен жұмыс күшінің және жере бағасының көтерілуі жағдайды қиындатты. Парктер басқа демалыс орындарымен (кинотеатр, катоктар, жүзу бассейіндері) бәсекелестікті көтере алмай жаңа сауда орталықарын ашып кеңейтті.

Парк шаруашылығының төмендеуі американдықтардың қызуғышылықтарының жоғалғанын білдірмеді. Ойын сауыққа деген сұраныс болды, ол түбірімен өзгерді және демалысты ұйымдастырудың бұрынғы жүйесіне кіре алмады [4] .

Кішкентай және ересек балаларға арналған арзан атракцондар, кіші гірім сауда және арзан тамақ дәстүрлі ойын сауық парктері өздерінің келушілеріне тек осындай ғана қызмет көрсете алды.

Уақыт өте келе демалудың басқа концепциясын ұйымдастыру қолға алынды.

Тематикалық парктер - бұл жанұяға арналған демалыс пен ойын сауық орталығы.

Тематикалық парктер ерекше концепциядан басқа дәстүрлі көңіл көтеру парктеріне бірқатар ерешліктері болды. Көңіл көтеру мен демалыс орталықтардан тематикалық парктер қала сыртында орналасуымен ерекшеленді. Қаржыны көп табу мақсатында бұл парктер 20 млн қонақтар үшін екі сағаттық жерде немесе ірі туристік орталықтан бір сағаттық жереж және 5-6 млн адам тұратын мекендерден екі сағаттық жерде орналасы керек. АҚШтың Диснейленд тематикалық паркі Лос АНджелесе қаласмынана оңт шығысқа 60 км жерде, ал өте әйгілі американдың тематикалық парк Дисней Уорлд Орландо қаласынан Алсы емес жерде орналасқан. Еуропаның ірі тематикалық паркі Евродиснейленд Франция астанасынан 30 км жерде орналасқан. Финдляндияның Мумийтролбдар әлемі Турку қаласынан 20 км жере ораналсқан.

Тематикалқы парктердің көбі жасыл далаларда салынған. Қалаға қарағанда бұл жерлер арзан және үлкен аумақтарды алып жатыр. Дисней Уорлд 12 мың га, ал Еуродиснейлендтің жер көлемі 2 мың га алапы жатар және мұнда 5 темір жол станциялары енгізілген. Соынмен қатар парктерді салушылар өздерінің қиял ғажайып ойларын өмірге келтіруге үлкен еркіндікке ие.

Тематикалық парктерді салынуындағы табысты сектордың бірі жоғарғы технологияның қолданылуы. Диснейленд және Дисней Уорлд парктері өздерінің атракциондарында ең бірініш болып компьтерлік басқару жүйесімен мультипликациялық эффекті қолданды, осының арқасында паркке келушілер таңғажайып әсералып кетуде.

Қазіргі кезде Диснейленде паркі өздерінің келушілеріне космостық саяхат жасауды ұсынуда. Аттракционның әр креслосы арнайы компьютерлік аудиожүйемін жабдықталған, бұл космота жүрген сияқты әсер тудыруда.

Тематикалық парктерге деген қызығушылық жыл өткен сайын жоғалмас үшін, атракциондарды әркез жаңарту қажет.

Жыл бойы жұмыс істейтін аттракциондардың эксплуатациялық кезеңі 3-4 жылды құрайды. Бұдан кейін оларды жаңа құрал жабдықтармен алмастру қажет. Мезгілдік парктердің қаржылық мүмкіндіктері а, сондықтан олар аттракциондардың беткі түрін өзгертіп, жаңа тематикалық қойылымдар ұйымдастырып отырады. Атракциондардың жүйелік жаңашыландыру мен ойын сауық бағдарламалар арқасыда тематикалық парктер үлкен туристік ағымға ие. Төменде кейбір тематикалық парктердің құрылысына жұмсалған құны көрсетілген. Кесте [1]

Кесте 1. - Кейбір тематикалық парктердің құрылыс құны [1]

:
: Парктер
Орналасқан жер/і ашылған жылы
инвестициялар млн. долл. (АҚШ)
: Евродиснейленд
Франция 1992
3150
: Валиби Флево
Нидерланды 1994
12, 7
: Порт Авентура
Испания 1995
458, 7
: Уорнер Броз. Муви Уорлд
Германия 1996
243, 8
: Лего Ленд Виндзор
Великобритания 1996
130
: Сега Уорлд
Великобритания 1996
68, 8
: Уорнер Броз. Муви Уорлд
Великобритания 1999
344

Тематикалық парктердің жоғары бәсекеге қабілеттілігі сауатты қаржы саясатын құруды талап етеді. Басқа демалыс орындарына қарағанда, бұларда бірегей кіру билеті енгізілген оның құрамына - паркке кіру, тамақтану, тарнсфер, орналыстыру кіреді.

Тематикалық парктер қызмет көрсетудің баға жүйесін ғана емес, сонымен қатар оның көлемін де қарастырады. Дұрыс қойылған баға жұмыстың жақсы бастамасы болып табылады.

Тематикалық парктердің табысы, билет бағасына, тамақтанудан, сувинерлер мен ойыншықтарды сату бағасына құралады. Парктерде үлкен көлемде сувинерлер сатылады, олар парктің символы болып табылады.

Идеяны сүзіп алу, рынокқа шығару және туристік өнімдерді орналастыру үшін көп уақыт керек.

Жаңа өнімді жоспарлаудың негізгі бөлігі, яғни туризм индустриясында маркетинг стратегиясын құру сауда маркаларын қонақ үй торлары, әуе компаниялары және туристік оператор белсенді түрде құрады. Ірі компаниялар әр түрлі сауда маркаларына байланысты әр түрлі рынок сегменттерінде қызмет етеді [12] .

Туризм индустриясында компания қызмет аясына байланысты әлуетті сатып алушыларды тартудың әр түрлі әдістерін қолданады.

Туризм индустриясында күшті бәсекелестік ортада көптеген туристік компаниялар әр түрлі тарату формаларын қолданады немесе тікелей өз аймағында сатады. Туристік өнімді өткізуде үлкен көмекті туроператорлар шығарған брошюраларды белсенді тарататын туристік агенттіктер көрсетеді.

Туроператорлар жаңа туристік қызмет пакетін жасап, оларды түпкі тұтынушыларға сатпас бұрын, агенттік белгілі бір бағамен сатады. Осы агенттік торапқа тур оператормен келісім шартта отырған барлық туристік агенттіктер кіреді.

Туристік қызметтер аумағындағы тауар саясатының өзгешелігі жоғарыда айтып өткендей, қызметтердің материалдық өнімдерден келесі жалпы белгілі ерекшеліктерімен түсіндіріледі: сезілмеушілігі, өндірушіден бөлінбеуі, сапа тұрақсыздығы және сақтау қабілетсіздігі. Қызметтер сапасы бойынша жылдамдық, білгірлік, әдептілік, қамқоршылық, тауарлар жекеленуі сияқты параметрлерге сәйкес ерекшеленеді.

Тұтынушы күтуі туристік қызметтің құрылуы, персоналдың қаншалықты дайындығы, ынталандырылуы мен бақылануына тәуелді ақталады. Қызметтің жекелей ұсынылуына қарай оның жүзеге асырылуы ұйымдағы көптеген адамдардың жұмыстарына тәуелді болады. Сол себепті туристік қызмет көрсететін компанияның өз деңгейінде мәдениетін құру арқылы персоналдың тұтынушымен жекелей қатынасында сапалы қызметтер көрсетуі мен талап етілетін стандарттарға сәйкес келуін ынталандыру айрықша маңызды.

Кез келген қызмет түрін тұтыну оның өндірісімен бірге жүреді. Осы бір уақыттылық туристік қызмет көрсететін компанияның нақты тұтынушы сұранысына қызметтерді максималды жақындату жолымен тұтынушының қажеттіліктерін неғұрлым кең қанағаттандыруға ықпал етеді. Тұтынушыға жекелей туристік қызмет көрсету бойынша мәселе сапа мен шығындарды бақылау аумағында операциялық менеджерлер үшін ірі қиындықтар туғызумен түсіндіріледі. Егер туристік қызмет стандартталмаған болса, онда оған стандарттарды белгілеу қиынға түсіп, ізінше стандарттарға сәйкес келуін қадағалау ауыр болады. Осы сипатта операциялық менеджерлер жаңа тауарларды құруға қарағанда жаңа қызметтерді құру кезінде көбірек роль атқарады, себебі маркетинг бойынша менеджерлерге қарағанда тұтынушылармен олардың қатынастары жақын болуына орай тұтынушыға дейін қызметті жеткізу механикасын жақсы меңгеріп, осы үрдісті қызметкерлер өз орындарында атқара алу мүмкіндігін анықтауға қабілетті [2] .

Қазіргі уақытта АҚШ-та 600 астам тематикалық парктер бар. Қиялдар әлемі болып Флорида табылады. Бұл штатта Американың ең керемет парктері орналасқан Дисней Уолд пен Юниверсал Стыодиас. Бұл парктер әлемдік туристік бизнесте сәйкес номинациялар бойынша бірнеше рет жүлдегер болған. Жыл сайын дүниежүзінде тематикалық парктерге келушілер саны артуда. Олардың саны млн. адамнан асуда. Әсіресе, Америка, Еуропа және Оңтүстік Шығыс Азия елдеріне келушілер саны көп, оны төмендегі кестеден көруге болады. Кесте 2 көрсетілген.

Кесте 2. - Тематикалық паркке келушілер саны (млн. адам) [22] .

Еуропада аквапарктерді санамағанда, 20-ға жуық ірі тематикалық парктер салынған, мысалы «ЕуроДиснейленд», «Леголенд», , Фютюроскоп - киносүйер қауымға арналған болса, «Валиби Франс» и «Астерикс» балалар мультфильм желісінде құрылған. Германия, Дания, Нидерланды елдерінің тематикалық парктері туристердің үлкен қызығушылығына ие.

2. ТЕМАТИКАЛЫҚ ПАРКТЕРДІ ДАМЫТУДЫҢ ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕСІ

  1. Американдық Дисней Лэнд.

Алғашқы тематикалық парк АҚШ 50 жылдардың ортасында пайда болды. Бұл кезде дәстүрлі парктер құлдырау кезеңін бастан кешіреді. Олар туристік нарықтан бірітіндеп ығысып, олардың орнын Диснейленд немесе Сикс Флэгс сияқты қазіргі заманғы тематикалық парктер басады.

Тематикалық парктер - бұл жанұяға арналған демалыс пен ойын сауық орталығы. Олар түрлі жастағы адамдарды біріктіреді. Үлкендерді өзінің ақпараттық танымдық сипатымен, балаларды қызықтырумен.

XIX ғасырда көңіл көтеру индустриясының орталығы Америкаға ауысты.

Осы кездегі бұл ойдың негізгі мақсаты осындай орталықтарды қаланың шетіне орналастырып, барлық адамдарға барынша көңіл көтеруге мүмкіндік беру болды. Осындай көңіл көтеру парктері үлкен жетістікке ие болып, Америкада қарөынды түрде дами бастады. Мұндай демалу түрінің даңқы 1893 жылы Чикагода халықаралық жәрмеңке өткеннен кейін жүзеге асты. Бұл жаңалық өзге континенттерде саябақтардың ашылуына жол ашты. Үшінші онжылдықта саябақтар әр елде қарқынды дами бастады. Әлемнің әр түкпірінде көңіл көтеру орындары ашыла бастады. XIX ғасырдың соңында мұндай саябақтар мен өзге де көңіл көтеру орындарының саны көптеп болды. Алайда бұл ұзаққа созылмады. II Дүниежүзілік соғыстың басталуы көптеген саябақтардың жабылуына себеп болды. Тек соғыстан кейін ғана қайтадан бой көтере бастады. Өйткені халықтың қалағаны демалу болды /11/.

50-жылдардың жаһандану процесінің басталуымен халық мұндай жай саябақтардан алшақтай бастады, өйткені оларға жаңа басқа көңіл көтеру орталықтарының түрлері керек болды.

Диснейлендтегі экспозициялар Американың тарихы және басқа да халықтардың мәдениеті туралық айтып береді. Калифорния штатындағы Си Уорлд паркінен су асты әлемімен танысуға және теңіз жәндіктерінің қатысуымен қойылған қызықты шоуларды көруге болады. Сонымен қатар, олар дельфиндерді, касаткаларды, тюлендерді жаттықтыру кезінде алынған құнды ғылыми мәліметтерге де ие.

Тематикалық парктер жасанды рекреациялық ресурстар жынағы. Бұндай парктер шығармашылық ойлардан туындаған бір немесе бірнеше тақырыптарды біріктіретін туристерді қызықтыру мақсатында ойлап табылған парктер болып табылады.

1955 жылы американдық Уолт Дисней әлемде атын әйгілі еткен тұңғыш Диснейленд тематикалық саябақ ашылды. Кейіннен бұндай саябақтпар әлемнің түкпір түкпіріне таралды.

Бұл ойдың иегері Уолт Дисней қонақтарға бес бағыт бойынша саяхат түрін ұсынды. Ал гид қызметін мультфильм кейіпкерлері атқарды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тематикалық парктер жайлы
Халықаралық туризм
Халықаралық туризмнің қазіргі даму тенденциясы
Баянауыл ұлттық паркінің туристік маршруттары
Австралия жайлы
Халықаралық туризмнің даму тарихы және оның кезеңдері
Экологиялық туризмнің мәні
Халықаралық туризмнің тарихи даму эволюциясын қарастыру
Кендірлі демалыс кешені туристік база ретінде дамыту
Қазақстанда халықаралық туризмнің дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz