Қазақстан өсімдік жамылғысының картасын құрастыру


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ТАҚЫРЫБЫ: Қазақстан өсімдік жамылғысының картасын құрастыру

ОРЫНДАҒАН:

ТЕКСЕРГЕН:

АЛМАТЫ 2009

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

1. Қазақстан аумағындағы өсімдік жамлғысының ерекшелігімен бағалануы

1. 1. Қазақстан аумағындағы өсімдік жамылғысының ерекшелгмен зиандалуы . . . 2

1. 2. Өсімдік жамылғысының дигрессиялық процесін экологиялық бағалау . . . 3

2. Өсімдік жамылғысының картасын құрастыру

2. 1. Өсімдік жамлғысын картографиялау негізі . . . ……8

2. 2. Картаны құрастыру әдістемелері . . . 10

2. 2. Карта шартты белгілерін дайындау және безендіру . . . 12

Қорытынды

Пайдаланған әдебиетер тізімі

Кіріспе

Қазір картография ғылымы жаңа заманауи технологиялар мен бағдарламалардың пайда болуымен өзінің зерттеулеріне ғарыштан түсірілген әуесуреттерді, сондай-ақ сандық карталар жасуға мүмкіндік ашқан әртүрлі компьютерлік қолданбалы бағдарламаларды кең көлемді қолдануда.
Осы жұмыста картография ұғымы мен негізгі білімді үштастыра отырып, кең мағанада картография ғылымына тоқталып белгілі бір аймақтың, айқындай айтқанда Қазақстан аумағындағы өсімдік жамлғысын зерттеу мен картографиялау мақсатына қол жеткізу болып табылады. Сондай-ақ, тақырыпқа сай, өз еліміздегі өсімдік жамлғысын тереңдей талдап, картографиялық әдіс амалдарды қолдана отырып мақсатқа жетіуге болады.

Біз бұл жалпы жумысты жинақтай отырып айтар болсақ, Қазақстан аумағында таралған өсімдік жамлғысына жалпылама сипаттамамен көрсетіуді, жеңілдететін Қазақстан өсімдік жамлғысы картасын дайындау барысына тоқталамыз.

1. Қазақстан аумағындағы өсімдік жамлғысының ерекшелігімен бағалануы

1. 1. Қазақстан аумағындағы өсімдік жамылғысының ерекшелігмен зиандалуы

Қазақстан Республикасының таулы ормандарда басты пайдалану кеспе ағаш ережелері жобасына (1994ж. ) сәйкес ұзындығы 10 км-ден асатын шағын өзендер бойында орманды өсіруді жоспарлау ережелері бойынша ені 300 м-дей болатын су жағалауын қорғаныш жолақтары бөлінген кәсіпорын территориясында мынадай өзендер: Текес, Орта-Көкпақ, Үлкен-Көкпақ, Баянқол, Нарынқол, Сүмбі, Шүбірлі-Қасан, Бозынбай, Қошқар, Қара-сай, Тұйық-Қакпақ.

Мемлекеттік мекеме орналасқан ауданда халық шаруашылығының жетекші саласы болып, ауыл шаруашылығы есептеледі.

Ауыл шаруашылық өндірісте бастауыш орын етті-жүнді және етті-сүтті бағыттағы мал шаруашылығы, үйірлі жылқы өсіру саласы алады.

Мал шаруашылық саласында басым орын биязы және биязылау жүнді қой шаруашылығы алады. Мал шаруашылығының дамуына аудан аумағында орналасқан кең көлемді жайылымдық және шалғындық жерлерінің бар болуы әсер етеді. Ауыл шаруашылық дақылдарынан негізінде дәнді дақылдар мен картоп өсіріледі. Ауданның агроклиматтық жағдайлары бойынша дәнді дақылдарды тәлімі және суармалы жерлерде өсіруге болады. Арпа, сұлы, жаздық және күздік бидай өсіріледі. Дәнді дақылдар арасынан бастаушы орын күздік бидай, ал ерте жаздық дақылдардан - арпа. Аудан аумағының агроклиматтық жағдайлары картоп өсіруге ең қолайлы болып есетелінеді.

Кеспе ағаш дайындау, ағаш өңдеп және орман химиялық өнеркәсібінің кәсіпорындары аудан аумағында жоқ. Санитарлық жолмен ағашты дайындап, өңдеумен кәсіпорынның кең ауықымда тұтыну цехы айналысады.

Ауданың жер аумағында орналасқан ормандар біркелкі емес негізінде олар таулы аймақта түрлі құламадағы және беткейдегі баурайларында қалыптасқан жеке шатқалдар мен сайларда орналасқан.

Ең қалың орманды болып Теріскей Алатау қыратының солтүстік баурайлары есептеледі.

Мемлекеттік орман шаруашлық мекемесінің қарамағына 95 000 орман қоры жер бар, оның ішінде ормандарды алқап жер көлемі 45 000 га. Орманды өсіруді жоспарлау жұмысы мұндай ормандарда соңғы жылдары жүргізілмеген және олардың жас топтары бойынша бөлінулері, ағаш қоры, болжамдық кеспе ағаш соңғы жылы тек орман мамандарының күшімен атқарылып жатыр. Мұндай ормандарда кеспе ағаш дайындауға рұқсат етілмейді. Мемлекеттік мекеме орналасу жер аумағында егіс қорғайтын орман алқаптары жоқ.

2. Өсімдік жамылғысының дигрессиялық процесін экологиялық бағалау

Қазіргі уақытта өсімдік жамылғысының деградациясы барлық жерде дерлік антропогендік ықпалдың әсерінен өрбуде. Өсімдік жамылғысы толығымен жойылып жатыр немесе құнары аз антропогендік обьектісімен алмастырылады, оның ресурстық потенциялы толыцғымен өзгереді, құнарлығы төмендейді, бұл табиғи азық жерлерге кері әсерін тигізеді.

Бұл мәселе Қазақстан үшін өзекті, сол себепті өсімдікті көп жыл интенсивті шаруашылықта пайдалануға байланысты, оның биологиялық әр алуандығы қысқарды, биосферадағы құрылымдық рөлі мен ресурстық маңызы төмендеді, ал аймақтарда антропогендік өзгеріс экологиялық кризиске әкелді. Қазіргі уақытта Қазақстанда жайылымдардағы ысырылған және жеуге келмейтін ұлы өсімдіктер көлемі 1, 2 млн/ға асып түседі.

Үштөбе орман шаруашылығының өсімдік жамылғысының қазіргі жағдайы картада белгіленген. Өсімдік жамылғысының бұзылғыштығының өңделген критерийлерін қолдана отырып, өсімдікті өзгертетін процестерді анықтайтын болсақ: орман шаруашылығының оңтүстік бөлігіндегі территориялық сәйкестікте дигрессиондық процес бағаланады.

1-сурет. Үштөбе орман шаруашылығындағы өсімдіктің қазіргі жағдайындағы картасы.

Орманның оңтүстік бөлігін аралас сексеуіл алып жатыр. Бекітілген дөңес және тізбекті топырақтардың astragalus brashypus, ammodendron bifolium, Kracheninnikovia ceratoioles, Artemisia alficerata басым псалемофит бұтасы (Callighum aphyllum, C. leucocladum) және ақсексеуіл (Haloxylon persicum, carex physoclls) бірлестіктерінің сериясының сәйкестігін орманың оңтүстік-батыс бөлігінде үлкен массив ұсынады. Орманның оңтүстік бөлігінде талқандалған топырақта маңызды рольді жусан бірлестіктері (Artemisia scoparia, Vexibia alopecuroides, Cerafocarpus uiricutosus, Kracheninnikovia ceratoides) жүргізіледі. Орталық және батыс аймақтарында псалемофит бұталарының (Ammdendron bifoliem, astragalus brachepus, calligonum aphyllum, Epheolra lomutofepis, agropyron fragile, Kochia prostrate, arfemista terralalbae) және (Kracheni kovia ceratoides, kochia prostrate) бірлестіктерінің сериясының сәйкестігі қайтадан кездеседі, олар әлсіз бекітілген топырақтың бірлестігінің үйлесімімен кездеседі.

1 4

2 5

3 6

  1. Дигрессиялық дақтар 4. Қосымша зона
  2. Мал айдайтын жолдар 5. Тығылмалы зона
  3. Зона шекарасы 6. Жайылымдық дигрессия зонасы

2-сурет. Үштөбе орман шаруашылығының резервтік зонасындағы жайылым дигрессиясының картасы.

2. Өсімдік жамылғысының картасын құрастыру

2. 1. Өсімдік жамлғысын картографиялау негізі

ArcMap - картаны құрастыру мен мәліметтерді редакторлау, сондай-ақ картографиялық талдау үшін қажет. Бұл қосымшада негізгі жұмыс картамен жасалады. Картаның бетінде географиялық мәліметтерді карта қабаттарының жинағы, легендасы, масштабтық сызығы, солтүстік бағыт және басқа элементтерді сақтайтын терезесі, яғни компоновка жаслады. ArcMap-та картада1) Географиялық мәліметтер негізінде - географиялық қабаттармен жұмыс жасауға, әртүрлі символдарды анықтауға, анализ жасауға мүмкіндік береді. Мұнда негізгі картографиялық жұмыстар жасалады. 2) Компоновка негізінде - карталарды безендіру, яғни легенда құрастыру, тақырыбы, масштабы жасалады, көрсетіледі, картаның солтүстік бағыты, қағаз өлшемі беріледі. ArcCatalog - геомәліметтердің базасын құрастыру мен кеңістік мәліметтерді басқару үшін, сонымен қатар, метамәліметтерді құру, көру, басқару сияқты функцияларын атқаратын қосымшасы. Біздің ГАЖ-дың барлық мәліметтерін құрылымдауға және басқаруға көмектеседі. Ол географиялық мәліметтерді іздеуге, көруге арналған құралдар, метамәліметтерді құрастыру, көру, басқару, әртүрлі мәліметтер жиынын тез ашып көруге, географиялық мәліметтерді құрылымдауға арналған құралдар ұсынады. ArcMap-қа ұқсайды, бірақ ерекшелігі - редакция жасалмайды. ArcToolbox - мәліметтерді геоөңдеудің конвертациясы. Геомәліметтерді өңдеуге арналған көптеген құралдарды сақтайтын ArcMap, ArcCatalog және ArcToolbox әртүрлі ГАЖ-функцияларды біріге отырып өңдейді. Мысалы, ArcCatalog-та картаның құжатын табамыз да, оны ArcMap-та екі рет шерту арқылы ашуға болады. Кейіннен, ArcMap-та ArcToolbox көмегімен өзгертулер келтіруге болады.

Карта құрастыруда ақпарат көздерін дайындаудың негізгі мақсаты карта құрастыру процесіне тікелей қатысып, жұмысты жеңілдету. Тақырыбына байланысты сонымен қатар ақпарат мәліметіне байланысты мәлімет көздерін табу. Жалпы алғанда карта құрастыру ақпарат көздерінің көптігі мен қолданатын ақпараттың дәлдігіне байланысты ерекшеленеді. Картаграфиялауға қажетті ақпарат көзін дайындау бірнеше қадамдармен атқарлады. Ол қажетті ақпараты санды ақпаратқа айналдыру барысы. Санды ақпаратты дайындаудың негізгі жолы бар: сканирлеу - сурет элементтерін сызық бойымен сәулемен тіркеу (ағылшынша - scan, қарау) .

Біз картографиялық мәлімет көзін алуда сандық өңдеудің екінші түрлі әдісін қолданамыз. Сканерлеу барысында нысан түрі мен оның сипаттамасын анықтайтын кодты көрсету, нүкте координаттарын автоматты түрде анықтау мен тіркеу. Биіктік нүктелер үшін Х пен У координаталарын тіркеуден басқа, егер қажет болса, үшінші координата да H анықталарды. Х және У координаталарының нақтылығы белгілеудің дәлдігімен және координатты анықтаушы аспаптың жұмыс дәлдігіне байланысты екендігі түсінікті. Ол аспап сандық өңдеуші құрылғы деп аталады. “hp” электронды сканерлеу құрылғысында тікелей жүргізілді. Сканерлеу мынандай қадамдардан тұрады:

1) карта құрлғының тегіс ашық бетіне толық түрде жатқызылып, программалық бұйрық беріледі. (Бұнда сканердің өзіндік қасиеті ескерледі. Программалық бұйрық берілер алдында сканерлеу сапасын арыттыру үшін, касиеттегі шаманы 200-ден 1024 мбайт-қа дейін арыттырғанымыз абзал . ) ;

2) Сканерлеу кезіндегі атқарлатын бұйрықтың салыстырмалы дәлдігін қадағалау және картаның жазық беттен жылжуынан сақтану;

3) Сканерленген ақпараттың жазық беттегі ауданын анықтау және сол аудандағы нысанның сапасын айқындау;

4) Сканерленген нысанды сақтау, оның параметірімен форматын анықтау;

Қазақстан өсімдік картасын құрастыруда растырлық өнім дайындауда осындай сканерлеу жұмыстары орындалып, Corel DRAW. x3 бағдарламасында өңделіп, жаңа форматтарға айналдырылып, дайын растырлық өнімге қол жеткізілді.

Карта құрастыру кезінде түп негіз жаңадан дайындалып програмалық жүйеде қабаттар орналастырылады. Жалпы қабаттар ретімен басқыштармен дайындалады . Мәліметтерды кеңістіктте орналстыру, немесе байлау. Қазақстанның климаттық картасын құрастыруда растырлық дайын өнімді ArcCatalog - да фроексиясын анықтаймыз. ArcCatalog - тің терезесі ашлғанан кейін тінтуірдің оң жағын басып projected-қа кіріп select барып, фроексиясын таңдаймыз; projected coordinate systems - Gauss kruger-pulkovo 1942 барамыз. Geoveferencig-ке барып Rectify тірек нүктесі қосылған нүктеге сақтаймыз. Rectify - дан Date View - қа шақырсақ кеңістіктегі орны табылады.

Біз картографиялық бейнелеу амалдарының бірнеше түрін білеміз. Олар мысалы, сызықты бейнелеу әдісі, нүктелік бейнелеу әдісі, полигонолдық әдіс, ареалдар әдісі, визуалді әдістер. Бұнын ішінде гидрографиялық торларды құрастыруда картографиялық бейнелеу амалдарының ішінде сызықты және полипоналдық әдістер негізінен қолданадық. Сонымен бірге кейбір элементтерді бейнелегенде (құдық, бұлақ және т. б. ) біз нүктелік әдісті қолдандық. Жалпы біз картографиялайтың аймақта сызықтық бейнелеу әдістерінің қолданылуы өзен торларының, бірқатар каналдар жүйесі салуда қолдандық. Ал полигоналдық әдіспен белгілі аумақты алып жатқан өзендерді, су қоймаларын, көлдерді, артезиан суларын бейнеленуде қолдандық. Жергілікті жердегі картографиялаудағы түп негіз болып саналатын гидроторларды біз жекелеген сипаттамалық ерекшеліктеріне сай топтастырып, генерализациялап, масштабтық ерекшелікке сай карта бетіне түсірдік.

2. 2. Картаны құрастыру әдістемелері

Өсімдік жамылғысы картасын құрастыру пренспыне тоқталар болсақ. Картографияда табиғаттағы ресурстардың таралу заңдылықтары картографиялық бейнелеу әдістерімен көрсетуде өзіне тән құбылыстың немесе материяның ерекшеліктеріне сай жасалады. Құбылыстарды бейнелеу оның пайда болу ерекшелігіне қарқындылығы негізгі картографияланатын нысан болып табылады. Ал табиғаттағы материяларды бейнелеу құрылысы мен құрамы, жасы т. б. ерекшеліктері негізінен картографиялауда көзге ұсталады. Дәл осындай материялардың бірі - біздің картографиялайтын аймақтағы өсімдік.

Өсімдік жамылғысы топырақпен байланыса отырып негізінде сандық бағалау үшін фотометриялық (контактысыз) әдіс өңделген, ол өсімдік жамылғысының параметрі және топырақ өсімдік системасының шағылдырғыштық қасиетінің арасындағы өзара әрекеттестігінің тіршілік етуіне негізделген. Бірақ осы өсімдік қауымдастығымен, жайылым типімен немесе бірлестігімен жұмыс жасағанда, олрдың биоэкологиялық жүйесінің күрделілігін еске алған жөн, себебі спектрлік мінездемесі статикалық болып қалмайды, ол географиялық жағдайына қарай, флоралық құрамына, эдификаторының фенологиялық жағдайына, құрылымдық-функционалдық ерекшеліктеріне және де жер бетіндегі фитомассасының шамасына қарай өзгеруі мүмкін. Өсімдік жамылғысы ғарыштық сурет бойынша дешифрлене отырып, әрқашан далалық периодтағы зерттеуді талап етеді, сонымен қатар тематикалық карталардың маңызды көлемін қызықтыруды қажет етеді.

Өсімдік жамылғысында үш, кейде төрт қабат белгілі. Бірінші қабат биіктігі 1, 0-2, 5м дейін жететін ақсексеуілден тұрады, екінші қабатта қысқа аяқты ақ таспа мен орналасады, ал үшіншісінде-терескен және көп жылдық өсімдіктер. Мамыр айының үшінші онкүндігінде эфемердің жеміс беруші және гүлденетін фонында бұталарды фотометриялау жүргізілді, сондықтан бұл кездегі аспекті боялумен және әр алуандықпен сипатталады. Дамып жатқан бұталардың ортасында гүлдейтін крестовниктің сары дақтары, жоңғар жусанының жасыл дақтары көзге ерекше түседі.

Өсімдік жамылғысы картасы жалпы өсімдіктердің таралуындағы зоналық факторлар яғни, географиялық орналасуы өсімдік жамылғысының түрі, таралуы негізгі картографияланатын аймақтың геофизикалық ерекшеліктерімен де қабысып жатады. Бұнда негізінен өсімдік жамылғысы карталарын тақырыптық табиғи карта тұрғысынан есептеген жөн өйткені карталардың сипатына қарай барлық талаптар бұған сәйкес келеді. Бірнеше тақырыптық өсімдік жамылғысы карталарын сипаттап айтуға тура келсе: экономикалық дақылдар бейнеленетін карта; далалық өсімдіктер бейнеленетін карта; орман шаруашылығы картасы;

Өсімдік жамылғысы картасын құрастыруда кейбір ерекшеліктерін ескергенде жөн. Мысалы, құрлықтардағы өсімдіктердің таралу картасы, мемлекеттік қорғауға алынған өсімдіктердің таралуын бейнелейтін картографиялық бейнеу әдістерінің кейбір тұстарын ішкелей қолданамыз.

Мысал үшін Қазақстанның өсімдік жамылгысын картографиялау кезінде батыс аймақты, оның ішінде орал тауы массивне жататын жайық өзені жагалық өсімдік жамылғысына далдау жасасақ, түрдің жоғалуымен түрдін жаңаруы арасындағы табиғи заңдылықтың жатқанын көре аламыз. табылған палеоботаникалық мәліметтер үштік дәуірде Оңтүстік Уралда және оны қоршаған кеңістіктерде қазіргіге қарағанда, жылу сүйгіш өсімдіктер таралғандығын дәлелдейді. Оның құрамында шамшат, қызыл қайың, емен, шаған, шегіршін, қандыағаш, орман жаңғағыжәне осы күні мүлдем кездеспейтін басқа тұқымдар бар. Үштік дәуірде пальманың Орск ендігіне жеткендігі анықталды. Сол кезде тауларда қазіргі тұқымдарда: шырша, самырсын, бал қарағай, қарағай, қайың және т. б өскен. Сонымен, орманның тур құрамы қазіргіден әжептәуір бай болған. Осын бір теориялық білімді негізге ала отырып, біз қолданбалы бағддарлама негізінде Қазақстан өсімдік жамлғысын картографиялауға тікелей тоқталамыз.

Карта бағдарламада электронды нысан ретінде бағаланып, жекелеген нысанды бөлек қабаттарда жасап, бір толық көріністе көрсету үшін қажет және жеке мақсаттар үшін сол қабаттармен арнайы жұмыс істеу үшін. ArcCatalog - тан Vector ішінен тышқанның оң жағын басып таңдаймыз; new - дан, shap file - ға ат беріп, қабаттың түрін таңдап (Point… Polelin. ), тағы басқа координаттар жүйесін анықтаймыз. Editor - Select - projected coordinate systems - Gauss kruger-pulkovo 1942 да әр түрлі қабаттарды құрамыз.

Редактор → Жұмысты аяқтау → Керек қабатқа барып, панелін ашамыз да, "Атрибуттар кестесін ашуды" таңдаймыз→ нысандардың атын жазу үшін жаңа жол ашу керек, опции → жол қосу (добавить поле) → жол атын береміз. Оның түрін таңдаймыз:

1. Қысқа сандар (Short integer)

2. Ұзын сандар (Long integer)

3. Бөлшек сандар (Double)

4. Мәтіндік (text) .

Shapefile - сызық, нүкте, полигон түрінде болады. Ол 6 құрамдас бөліктен тұрады. Егер осы құрамдас бөліктердің біреуі кем болса, қабат ашылмайды. Сондықтан, кез-келген қабатты бір жерден екінші жерге көшіру үшін міндетті түрде 6 құрамдас бөлігін түгел көшіру керек. Кез-келген қабатпен жұмыс істегенде барлық нысандарды санатқа бөлеміз. Картасы құрастырылып отырған аумақтағы барлық нысандар салынып болған соң, әрбір нысанды өз санаты бойынша категорияға бөліп, жеке-жеке символ береміз. Яғни, пішінің, түсін, сызықтық нысан болғанда қалыңдығын және т. б. анықтаймыз. Нәтижесінде әрбір нысан өз категориясы бойынша белгілі бір шартты белгіге ие болады.

Кез келген нысанды үлгілеу үшін ол немесе карта болсын негізге үлгілерді қарастырамыз. Ең бірінші сол жергілікті жердің цифрлық үлгісін жасаймыз. Цифрлық үлгі ГАЖ маңызды компоненті бола отырып, қағазды картаның электронды аналогы ретінде объектінің топологиялық, геометриялық қасиеттерін адекватты түрде берілуін қамтамасыз етеді. Олардың жалпы жіктемесі растрлы немесе векторлы бөлінуден тұрады. Есептеу және өңдеу үшін ең кеңінен таралғаны векторлы үлгі болып табылады. Бұл үлгіні полигон, сызықтық және нүктелі негізгі элементтер ретінде қолданылады. Нысанның адекваттығы цифрлық үлгі сипаттамасы және оның құрылымдық қасиетімен беріледі. Цифрлық үлгінің толық құрылымы ірі қалаларды сипаттауда анықталады. Әртүрлі масштабтағы картографиялық құжаттар барысында генплан, бөлшекті жоспарлауға және қаланың кезекті жоспарында қаланы сипаттау цифрлық үлгімен тығыз байланысты. Олар әдетте көп рет қалалық кадастр мәселесін шешу кезінде қолданылды. Жаңа мәліметтермен толыққан карта алу мүмкіндіктері немесе қолда бар картаны жаңалауда территорияның ғарыштық және әуе суреттерін өңдеу арқылы да іске асыруға болады.

2. 2. Карта шартты белгілерін дайындау және безендіру

Карта шартты белгілерін өзінің құрамы, күрделілігі, көлемімен құрылымы бойынша әртүрлі. Бұл сипаттар ең алдымен картаның тегі мен түріне байланысты. Қарапайым карта легендалары талдамалы салалық карталарға тән, олар құбылыстың құрамы мен белгілі бір бөлігін, әсіресе, олардың сандық сипаттамасын көрсетеді. Мұндай карталарды құрауда изосызықтар не нүктелік әдісте шартты белгіні бір қысқа сөзбен ықшамдауға болады

Шартты белгілерді үлкендігі не көрсеткіштерді қолдану мағынасы бойынша орналастырып, ұзындық аралықтарының сатылы шкаласының айырмашылығын ескере отырып, құрады

Шартты белгілерді құрастыруға логикалық көзқарастың мәні карта күрделілігінің өлшеміне сай өседі. Алдымен, бір не әртүрлі құбылыстардың екі не одан да көп сипаттамаларын біріктірген талдау карталарына келсек. Мұндай туыстас сипаттар не сюжеттерді біріктіру әдісі карта санын азайтуға мүмкіндік береді. Және бастысы, құбылыстардың өзара байланысын талдауды жеңілдетеді.

Біз құрастырған картада шартты белгіні мынадай жинақтауға болады:

Ормандар

  1. Бал қарағайлы және сағыз қарағайлы ормандар кездесетін Самырсынды таулы қылқанды ормандар, бұталы өсімдіктер мен шалғындар кездеседі.

а) Самырсынды орман орнында өскен бұталы және ірі шөпті шалғындар кездесетін көк теректі-самырсынды ормандар.

2. а) Шыршалы ормандар:

Балқарағайлы және бұталы, шалғынды өсімдіктер өсетін Picea obovata

а) Бұталы және шалғынды өсімдіктер өсетін Picea Schrenkina

(Жоңғар Алатауында Abies sibirica-мен араласып өседі)

3. Балқарағайлы таулы ормандар:

а) сағыз қарағайлы-самырсынды-балқарағайлы өсімдіктермен бірге бұталы және далалық өсімдіктер

б) Бұталы және далалық өсімдіктер

4. а) Гранитте өсетін бұталы дәнді және далалық өсімдіктермен бірге қарағайлы-қайыңды ормандар, қарағайлар мен қайыңдарда қыналар және шөптер жамылғысымен жабылған.

5. Қайыңды, көктеректі-қайыңды шөпті, жазықты ормандар.

6. а) Бұталы және бұталы-дәнді далалы алмалы ормандар

б) Бұталы және түрлі шөпті-бидайықты далалы алмалы және жаңғақты орман

7. Түрлі шөпті-бидайықты далалы және ксерофитті бұталар өсетін аршалы сирек тоғай

8. Жапырақты тоғай

Бұталар

9. а. Бұталы-түрлішөпті-дәнді далалы түрлішөпті-дәнді роза питолинигі

б. Түрлішөпті-бүлдіргенді шалғындар және бұталы-дәнді далалы түрлішөпті-дәнді розарий

10. Бұталы-селеулі-бетегелі далалы бадамдар

11. Тянь-Шаньның тасты жартастарындағы ксерофитті бұталар

Шалғындар

12. а. Алтай және Тарбағатайдың субальпілік шалғындар бар альпілік шалғындар мен далалар

б. Тянь-Шаньның субальпілік шалғынды даласы бар альпілік шалғындар

Далалар мен ауылшаруашылық жерлері

13. а. Қайыңды және көктеректі-қайыңды орманды дәнді-түрлішөпті шалғынды дала орнындағы ауылшаруашылық жерлері

б. Дәнді-түрлішөпті және түрлішөпті- дәнді шалғынды тасты далалар орнындағы ауылшаруашылық жерлері

14. Бұталы-байтүрлішөпті-қияқты-сулылы-қызылбетегелі тасты дала

15. Бұталы-түрлішөпті-сулылы-қызылбетегелі және қызылбетегелі-сулылы тасты дала

а. Биік ұсақшоқылардағы бұталы және петрофиттер қауымдастығы

16. Байтүрлі шөпті-қызылбетегелі және байтүрлішөпті-сәбізді-қызылбетегелі далалардың орнындағы ауылшаруашылық жерлері

а. Қайыңды және көктеректі қайыңды ормандар

17. Түрлі шөпті-қызылбетегелі дала орнындағы ауылшаруашылық жерлері.

а. Жусанды-селеулімен селеулі-жусанды қауымдастық кешені

18. Бұталы-жусанды-қауырсынды бетегелі құмды дала

19. Псаммофитті түрлі шөпті -селеулі-қауырсынды селеулі және селеулі- сулыбасты бетегелі құмды дала

20. Түрлі шөпті-көделі-қауырсынды бетегелі құмды дала

21. Жусанды бидай ақты- қауырсынды бетегелі құмды дала

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Топырақ картасын құрастыру
Аридтену үрдісінің Сырдария өзенінің төменгі ағысындағы топырақтардың шөлденуіне әсері
Алакөл аумағының геоэкологиялық картасын құру
Топырақ жамылғысының физикалық қасиетін трансекта бойынша зерттеу
Гаж және картометриялық зерттеу мен талдау
Алматы облысының ауыл шаруашылық картасын құрастыру
MapInfo бағдарламасындағы ГАЖ технологиясын пайдаланып дифференцияцияланған ландшафтық карталарын жасау әдістері (Алатау аумағында)
Сырдарияның төменгі ағысындағы және Аралдың жалаңаштанған тағандарындағы топырақтардың өзгеру процестері
Шығыс Қазақстан облысының орман ресурстарына сипаттама және оның картасын құрастыру
Қостанай облысы Восточный ауылының ірі масштабты топырақ картасын құрастыру қағидалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz