Үлестірілген ақпарат жүйесі


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ4
2. Үлестірілген ақпарат жүйесін жобалау34
2. 1 Үлестірілген ақпараттық жүйедегі есептің орны36
2. 2 Есеп қойылымы . . . 37
1. Үлестірілген ақпараттық жүйені құрудың теориялық аспектілері12
1. 2 Үлестірілген ақпараттық жүйе тәсілдері27
2. 3 Жобалауды басқару бөлімінің есеп кешенін шешуге арналған программа сипаттамасы 39
Кіріспе
Дипломдық жұмыс өзектілігі: Программа - магниттік мәлімет сақтауышта (дискіде) файл түрінде жазылып сақталып, жұмыс істеуші адамның командасы бойынша компьютер жадына жүктеліп орындалатын машина тіліндегі нұсқаулар жиыны. Көптеген есептер бір-бірімен бірігіп отырып жұмыс істейтін программалар жиыны арқылы шығарылады. Компьютердің жұмысы ақпараттық жүйе (АЖ) арқылы басқарылатыны, ал пайдаланушының машинада түрлі информацияны өңдеу үшін арнайы дайындалған програмаларды пайдалануы тиіс екені көрсетілген болатын. АЖ - үлестірілген ақпараттық жүйе жобасы мен ақпаратты есептеу жүйесінен (АЕЖ) тұратын күрделі жүйе. Үлестірілген ақпараттық жүйе жобасы деп - үлестірілген ақпараттық жүйе құру мен жұыс істету шешімдерін сипаттап жазылған техникалық құжат, ал ақпаратты есептеу жүйесі АЖ жобасын жұмыс істетуге бағытталған ұйымдастыру техникалық кешен деп түсінуге болады. АЕЖ мәліметтерді жинауды, өткізіп беруді, , сақтауды, жинақтап толтыруды және шығарып беруді АЖ жобасындағы шешімдерге сәйкес қамтамасыз етеді.
Дипломдық жұмыс үлестірілген ақпараттық жүйелерді құру және жобалауға арналған. Желілік технологиялардың қарқынды түрде дамуы барысында берілген бағыт заманауи ақпараттық технологиялардың ең алды бағыттарының бірі болып саналады.
Дипломдық жұмыста үлестірілген ақпараттық жүйелерді құру әдістері мен технологиялары көрсетілген. Практикалық тәжірибе түрінде авиакомпанияның ақпараттық жүйесі жобаланып құрылған. Мұнымен қоса ақпараттарды көру жүйесі, қашықтықта тұрып авиабилеттерді брондау, авиарейстерді іздестіру жүйесі құрылған. Программалық жабдықтамасы ретінде Java бағдарламалық ортасы және MySQL сұраныстар жүйсі қолданылған.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттерден және қосымшадан тұрады. Кіріспеде қысқаша түрде жұмыс сипаттамасы, мақсаты мен қолданылатын тәсілдер мазмұндалған. Жұмыстың бірінші тарауында үлестірілген ақпараттық жүйелерді құруға қолданылатын тәсілдер көрсетілген.
1Үлестірілген ақпараттық жүйені құрудың
теориялық аспектілері
1. 1 Ақпараттық жүйе программалық жабдықтаудың негізгі базалық бөлімі
Мәліметтер - ақпараттың құрамдас бөлігі. Тіркелу әдісіне сәйкес мәліметтер әртүрлі тасуыштарда сақталады және тасымалданады. Ең кең тараған мәліметтерді тасуыш кағаз болып табылады. Заттың оптикалық қасиеттерінің өзгерісі лазерлік сәулелердің көмегімен жазылатын тасуыштар СD-ROM-да қолданылады. Магниттік касиеттердің өзгерісін колданатын тасуыштар ретінде магниттік таспалар мен дискілерді алуға болады. Мәліметтерге қолданылатын амалдар. Ақпараттық процесс барысында мәліметтер әдістердің көмегімен бір түрден екінші түрге өзгереді. Мәліметтерді өңдеу көптеген амалдардын жиынтығынан тұрады:
мәліметгерді жинау;
• мәліметтерді қалыптастыру;
• мәліметтерді сүзгілеу;
• мәліметтерді сұрыптау;
• мәліметтерді топтастыру;
• мәліметтерді архивтеу;
• мәліметтерді қорғау;
• мәліметтерді тасымалдау;
• мәліметтерді түрлендіру.
Жоғарыдағы мәліметтерге қолданылатын амалдар тізімі толық емес. Бүкіл әлемде миллиондаған адамдар мәліметтерді кұру, өңдеу, түрлендіру және тасымалдаумен айналысады, әрбір жұмыс үстелінде әлеуметтік, экономикалық, ғылыми және мәдени процестерді басқару үшін қажет арнайы амалдар орындалып отырады. Барлық мүмкін болатын амалдардың толық тізімін кұрастыру мүмкін емес және оның қажеті де жоқ. Бұдан ақпаратпен жұмыс істеуге көп уақыт кетеді, сондыктан оны автоматтандыру қажет деген корытындыға келеміз.
Мәліметтердіц негізгі құрылымы
Егер мәліметтер реттелген, яғни қандай да бір берілген құрылымға сәйкестендірілген болса, онда олармен жұмыс істеуді автоматтандыру оңайға түседі. Мәліметтер құрылымының негізгі үш түрі бар: сызықтық, кестелік және иерархиялық.
Мәліметгердің сызықтык құрылымы дегеніміз әрбір элементтің адресі мен нөмірі бірмәнді аныкталған реттелген кұрылым. Сызықтык құрылымға мысал ретінде тізімдерді алуға болады.
Кестелік қүрылымды мәліметтермен танысу үшін біз көбейту кестесш еске түсірсек жеткілікті. Кестелік құрылымдардағы элементтер ұяшық адрестерімен анықталады. Ұяшық адресі кестенің қиылысқан жолдар мен бағандарының нөмірімен анықталады.
Иерархиялық құрылымды мәліметтер
Тізім немесе кесте түрінде бейнелеуге келмейтін, реттелмеген мәліметтерді иерархиялық түрде бейнелейді. Бұл тәріздес құрылымдар бізге күнделікті өмірден таныс. Негізінен түрлі ғылыми жүйелеуде кеңінен қолданылады. Хабарлар тасымалданатын байланыс арналары көбінесе қорғалмаған болып келеді және осы арнаға қатынас құру құқығы бар кез келген адам хабарларды қолға түсіре алады. Сондықтан тораптарда ақпаратқа біраз шабуылдар жасау мүмкіндігі бар. Ақпаратты қорғау құралдары - мемлекеттік құпия болып табылатын мәліметтерді қорғауға арналған техникалық, криптографиялық, программалық және басқа да құралдар, олар жүзеге асырылған құралдар, сондай-ақ, ақпарат қорғаудың тиімділігін бақылау құралдары. Ақпараттық қорғау жүйесі жобалау әр түрлі жағдайда жүргізілуі мүмкін және бұл жағдайларға негізгі екі праметр әсер етеді: ақпарат қорғау жүйесіне арнап әзірленіп жатқан деректерді өңдеудің автоматтандырылған жүйесінің қазіргі күй-жағдайы және ақпаратты қорғау жүйесін жасауға кететін қаржы мөлшері. Ақпаратты қорғау жүйесін жобалау мен әзірлеу келесі тәртіп бойынша жүргізуге болады:
- қорғанылуы көзделген деректердің тізбесін және бағасын анықтау үшін деректер өңдеу жүйесін қойылған талдау жасау;
- ықтимал бұзушының үлгісін таңдау;
-ықтимал бұзушының таңдап алынған үлгісіне сәйкес ақпаратқа заңсыз қол жеткізу арналарының барынша көбін іздеп табу;
- пайдаланылатын қорғаныш құралдарының әрқайсысының беріктілігін сапасы мен саны жағынан бағалау;
- орталықтанған бақылау мен басқару құралдарын әзірлеу;
- ақпарат қорғау жүйесінің беріктілігінің сапасын бағалау.
Программа - магниттік мәлімет сақтауышта (дискіде) файл түрінде жазылып сақталып, жұмыс істеуші адамның командасы бойынша компьютер жадына жүктеліп орындалатын машина тіліндегі нұсқаулар жиыны. Көптеген есептер бір-бірімен бірігіп отырып жұмыс істейтін программалар жиыны арқылы шығарылады. Компьютердің жұмысы ақпараттық жүйе (АЖ) арқылы басқарылатыны, ал пайдаланушының машинада түрлі информацияны өңдеу үшін арнайы дайындалған програмаларды пайдалануы тиіс екені көрсетілген болатын. Оларды бірге қосып компьютерді программалық қамтамасыз ету, не қамтамасыз дандыру программалары деп атайды. Практикада берілгендермен оларды өндеу үшін құралған программалардың түрлері көп. Мысалы, студенттердің мәліметтік тізімдері, оларды дискіде сақтап, өндеу: бухгалтерияда айлық және стипендия ақпарат тізімдерін дайындау: статистикалық, ғылыми есептерді шешу программалары т. б. Оларды қолданбалы программалар деп, бір мақсатта пайдаланылатын программалар жиынтығын қолданбалы програмалар пакеті деп атайды. Қазіргі кезде түрлі типті компьютерлерге арнап дайындалған жүйелік программаларда жеткілікті. Олар негізінен мынындай кластарға бөлінеді :
Қолданбалы жүйелік программалар.
Ақпараттық жүйе (АЖ) .
Ақпараттық жүйе - компьютер құрылғыларының үздіксіз жұмыс істеуін ұйымдастырушы және түрлі командаларды орындауы арқылы пайдаланышының машина жұмысын басқаруына жеңілдік келтіруші жүйелік программалар. Оның негізгі қызметі - программалардың бір - бірімен және сыртқы құрылғылармен өзара әрекетін ұйымдастыру, оперативті жадты бөлу, компьютердің жұмыс істеу кезіндеқате жіберілу сияқты түрлі оқиғаларды анықтау, дискіні жұмыс істеуге дайындау, монитор мен принтердің жұмыс істеу режимдерін орнату, пайдаланушының программасын іске қосып, оны орындау т. б. . Яғни АЖ - машина жұмысын басқаруға толық жеңілдік беретін жүйе. Ол осы үшін арналған иілгіш не қатты магниттік дискіге жазылып қойылады. Сондықтан АЖ - ны дискілік операциялық жүйе ( ДОЖ, не DOS ) деп те атайды. Ақпараттық технологиялар дамуының белсенділігінің артуы мен олардың қоғам салаларына тереңінен енуі дайын өнімдерді, интеллектуалды міндеттерді жеңілдетудің сапалы дамуын талап етеді. Жаңа технологиялардың оқыту процесіне енгізілуін студенттің шығармашылық, интеллектуалды дамуын арттыру деп түсінеміз. Толық жетілген жасанды интеллект құру адамзат алдына қоғамның барлық бағыттарында жаңа мүмкіндіктер береді. Жасанды интеллект - мақсаты қолданушыға компьютер көмегімен өз мәселелерін шешуге мүмкіндік беретін аппараттық-бағдарламалық құрал жасау болып табылатын информатиканың бір саласы болғандықтан, жасанды интеллектуалды жүйелер құрудан және оларды игеруде сапалы білім беру бүгінгі талап. Даярлау - қандай да бір сала бойынша қажет білім беру, оқыту болса, ал жетілдіру - білімді, шеберлікті арттыру, артық жасау. Сонда бұл екі процесс барлық жаңашылдықтарды оқу процесінде ескеру керек екендігін меңзейді. Компьютерлік жүйелерді бағдарламалауда жасанды интеллект әдістері жиі қолданылып келеді. Жасанды интеллектіні іске қосу адам интеллектісінің айтарлықтай жеңісі деп саналады. Интеллектуалды бағдарламалар құру қарапайым бағдарламалар жазылуынан айтарлықтай ерекшеленіп, жасанды интеллект жүйелерін құру жолымен жүзеге асырылады. Жасанды интеллект жүйелерінің негізгі айырмашылық белгісі - біліммен жұмыс істеу болып табылады. Егер өзге бағдарламалар үшін алгоритмнің берілгендерін сипаттау бағдарламалау тілі деңгейінде шешілсе, жасанды интеллект жүйелері үшін біліммен жұмыс жасау кешенді мәселелерге әкеледі: қандай білім қолданылады, жүйеде база түрінде қандай білімдер сақталған, оларды қалай қолдану керек, қалай толықтыру керек, т. б. Қазақстанның жоғары оқу орындарында жасанды интеллект және оның салалары бойынша мамандықтар ашу немесе пән ретінде жетілдірілген түрде оқыту елдің өнеркәсібін, ақпараттандыру саласын дамытуға айтарлықтай ықпал етеді. Жасанды интеллект технологияларымен жұмыс iстеу, тек алгоритмдiк процедурамен ғана шектеліп қоймай, сонымен қатар ЭЕМ мен студенттiң коммуникативтiк байланысын, студенттiң өзiн-өзi басқару белсендiлiгi мен жауапкершiлiгiн дамытуға ықпал ете отырып, оның интеллектуалдылық дәрежесінің қалыптасу процесiне әсер етеді. Оқу процесімен қатар, өндірістің бар салаларында кең қолданыс тапқан бұл жүйе әлі де зерттеулерді, тәжірибе жасап, оларды қоғамда тереңдеп енгізуді талап ететіні анық. Ең алғашқы пайда болған есептеу құралы есепшот болып табылады. Кейбір деректерге сүйенсек, есепшоттың жасы 2000-5000 жылдар шамасында, ал пайда болған жері ертедегі Қытай немесе ертедегі Египет, тіпті ежелгі Греция болуы да мүмкін. Бұл санау құралын гректер мен Батыс-Еуропалықтар «абак» деп, қытайлықтар «суан-пан», жапондықтар «серобян» деп атаған. Бұл құралмен есептеулер оның шұңғыл тақтада орналасқан тастарын жылжыту арқылы жүргізілген. Тастар піл сүйегінен, түрлі түсті шынылардан, қоладан жасалды. Осындай есепшоттар қайта өркендеу дәуіріне дейін пайдаланылып келді. Оның жетілдірілген түрі осы күнге дейін қолданылып келеді.
XVII ғасырдың басында шотландиялық математик Джон Непер логарифм түсінігін енгізді және логарифм кестесін жариялады. Ал 1761 жылы ағылшын Д. Робертсон жүгіртпесі бар навигациялық есептеулер жүргізуге арналған логарифм сызғышын жасады. Мұндай құрал жасау идеясын 1660 жылдары Исаак Ньютон ұсынған болатын. Соңғы кезге дейін логарифм сызғыштары инженерлердің бірден-бір есептеуіш құралы болып келді, бірақ өткен ғасырдың екінші жартысында пайда болған электронды калькуляторлар оларды қолданудан ығыстырды. 1642 жылы француз математигі Блез Паскаль он тоғыз жасында дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасы деген атпен белгілі, жетектер мен дөңгелектерден тұратын механикалық есептеу машинасын құрастырды. Паскальдың машинасында көпорынды сандарды қосу мүмкін болды. Арифмометр 1694 жылы атақты неміс математигі Лейбниц Паскальдың идеясын дамытып, өзінің механикалық есептеу машинасын - арифмометрді құрастырды. Дөңгелектің орнына мұнда цифрлар жазылған цилиндр қолданылды. Бұл құрал күрделі қосу мен алу есептеулерін жүргізумен қатар, сандарды бөлу, көбейту, тіпті квадрат түбірін табу амалдарын да орындайтын болды. Кейін арифмометр бірнеше рет жетілдірілді Бұл бағытта орыс өнертапқыштары П. Л. Чебышев пен В. Т. Однер көп еңбек етті. Арифмометр қазіргі қолданыста жүрген калькуляторлардың негізін салды. Арифмометр мен қарапайым калькулятор есептеу жұмыстарын механикаландыру құралдарының қызметін атқарады, бұларда есептеуде адамның өзі әрекеттер тізбегін анықтап басқарады. Есептеуіш техникалардың қарқындап дамуы XIX ғасырдан басталды. Есептеуіш техниканың дамуындағы келесі қадам алдын ала жасалған программа бойынша адамның қатысуынсыз есептеулерді орындайтын құрылғылар жасау болды. Алғашқы программалық басқарылатын есептеу машинасын құрастыру идеясын 1821 жылы ағылшын математигі Чарльз Беббидж өзінің аналитикалық машинасында ұсынған болатын. Беббидждің аналитикалық машинасы - ақпаратты өңдеп қана қоймай, оны жадында сақтап, адамның тікелей араласуынсыз алдын-ала жазылған программамен жұмыс істейтін алғашқы әмбебап құрылғы болатын.
Microsoft Office Excel бағдарламасы адамдарға анағұрлым ақпараттандырылған шешім жасауға ақпаратты талдау үшін кеңінен қолданылатын және тиімді көмекші құрал болып табылады. Office Excel 2007 бағдарламасын және Excel Services қызметтерін қолдана отырып, талдауларды ортақ пайдалануға, басқаруға, сондай-ақ, қызметтестеріңізбен, тұтынушылармен және серіктестеріңізбен анағұрлым қауіпсіз жолмен қатынасуға болады. Excel бағдарламасының электрондық кестелерді жасап, ақпаратты тиімді талдауға, ортақ пайдалануға және басқаруға көмек беретін негізгі 10 әдісі беріледі. Office Excel бағдарламасы Microsoft Office Fluent пайдаланушылық тілдесуіне қажет кезде құралдарды табуға көмектесу мүмкіндігін береді. Excel 2007 бағдарламасында нәтижелерге бағытталған Office Fluent пайдаланушылық тілдесуін қолдана отырып, қажет құралдарды табуға болады. Орындау қажет жұмысқа негізделе отырып, мысалы, кесте жасау немесе өрнек құру болсын, Office Excel 2007 бағдарламасы қажет болған кезде сәйкес пәрмендермен қамтамасыз етеді. Кеңейтілген электрондық кестелер шеңберінде көлемді деректер жинақтарын импорттау, ұйымдастыру және зерттеу. 1 миллион жол мен 16 000 бағаннан құралған электрондық кестелерді қолдайтын Office Excel 2007 бағдарламасында көлемді деректермен жұмыс істеуге болады. Үлкенірек торға қосымша ретінде Office Excel 2007 бағдарламасы өрнекке негізделген электрондық кестелерді жылдам есептеу үшін көпжелілі процессор тұғырын қолдайды. Талдауларды кәсіби үлгідегі диаграммалар ішінде байланыстыру үшін Office Excel 2007 бағдарламасында толығымен қайта жасақталған диаграммалау құралын қолданыңыз.
Office Fluent пайдаланушылық тілдесуіндегі диаграммалау құралдарын қолданып, бірнеше нұқу арқылы кәсіби үлгідегі диаграммалар жасаңыз. Диаграммаларыңызға үш өлшемдік әсерлер, солғын рең және мөлдірлік сияқты көрнекі жетілдірілген баптауларды қолданыңыз. Қолданыстағы бағдарлама түріне қарамастан диаграммаларды бірдей жасап, өзара әрекет етіңіз, себебі Office Excel 2007 бағдарламасындағы диаграммалау құралы Microsoft Office Word 2007 және Microsoft Office PowerPoint 2007 бағдарламаларында сәйкес болып табылады. Кестелермен жұмыс істеудің жетілдірілген және тиімді мүмкіндіктерін пайдалану. Office Excel 2007 бағдарламасы кестелерді жоғары деңгейде қолдайтындықтан өрнектер арқылы кестелер жасаңыз, пішімдеңіз, кеңейтіңіз және сілтеме жасаңыз. Үлкен кестеде қамтылған деректерді қарап шығу барысында Office Excel 2007 бағдарламасы мәтінді жылжыту кезінде тақырыпты көрсетіп тұрады. ЭЕМ (электронды есептегіш машиналардың) маңызды ерекшеліктерінің бірі ақпараттың мол көлемін сақтау және өңдеу, сонымен бірге мәтіндік және графикалық құжаттар (суреттер, сызулар, фотосуретгер, географиялық карталар) ғана емес, жаһандық жүйе, дыбыстық және бейнефайлдардың беттері де жинақталады. Бұл мүмкіндіктер мәліметтер базасының көмегімен іске асады. Мәліметтер базасы (МБ) - белгілі бір арнаулы ауқымға қатысты мәлтеттерді баяндау, сақтау мен амал-тәсілдермен ұқсата білудің жалпы прииңиптерін қарастыратын белгілі бір ережелер бойынша үйымдастырылған мәлімет-тердің жиынтыгы. Адамның қатысуы ықтимал, автоматтық құралдармен өңдеуге жарамды түрде ұсынылған ақпарат мәліметтер ретінде түсініледі. Арқаулы ауқым ретінде нақты зерттеуші үшін қызықты нақты әлемнің бөлігі түсініледі. Қарапайым МБ мысалы ретінде телефон анықғамалығын, поездар қозғалысы кестесін, кәсіпорын қызметкерлері туралы мәліметгерді, студенттердің сессия тапсыру қорытындылары және т. б. атауға болады. Электронды МБ-сының басты қасиеті - ақпаратты тез іздестіру мен сұрыптау (іріктеу), сондай-ақ берілген форма бойынща есепті қарапайым түрлендіру (жасау) мүмкіндігі. Мысалы, сынақ кітапшаларының нөмірлері бойынша студенттердің аты-жөндерін оңай айыруға болады немесе жазушының аты-жөні бойынша шығармаларының тізімін жасауға болады. Мәліметтер базасын басқару теориясы дербес пән ретінде шамамен алғанда XX ғасырдың 50-жылдарының басынан бері дами бастады. Осы уақыт ішінде белгілі бір іргелі ұғымдар жүйесі калыптасты. Олардың бірқатарын келтірейік. Алғашқы кілт - объектінің (жазбаның) әрбір данасын бірегей түрде жалғастыратын атрибут (немесе атрибуттар тобы), Екінші реттегі кілт - бірнеше жазбалар (объект даналары) үшін мәні қайталанатын атрибут (немесе атрибуттар тобы) . Ен алдымен, екінші реттегі кілттер жазбаларды іздестіру операцияларында қолданылады. Мәліметгер базасы ұғымымен мәліметтер базасын басқару жүйесінің ұғымы тығыз (МББЖ) байланысты. МББЖ - жаңа база құрылымын құруға арналған программаның құралдар кешені, оның құрамын толықтыру, құрамында барды редакциялау және апаратпен көрсетушілік (визуализация) . База ақпаратын көрсетушілік ретінде берілген критерийге сәйкес бейнеленетін мәліметтерді іріктеу, оларды реттеу, сосын шығаратын құрылғыға беру немесе байланыс арналары бойынша беру. Кез келген МББЖ мәліметтермен төрт қарапайым операция орындауға мүмкіндік береді:
■ кестеге бір немесе бірнеше жазбаны қосу;
■ кестеден бір немесе бірнеше жазбаны жою;
■ кейбір өрістердің бір немесе бірнеше жазбаларындағы мәндерді жаңарту;
■ берілген шартты қанағаттандыратын бір немесе бірнеше жазбаларды табу
1. 2. Үлестірілген ақпараттық жүйе тәсілдері
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz