Қазіргі өсімдіктердің экологиялық жағдайы


Жоспары:

1. Қазіргі өсімдіктердің экологиялық жағдайы.

2. Жанға шипа, дертке дауа өсімдіктер.

3. Орманды алқаптарды ұлғайту үшін.

Өсімдіктер экологиясы.

Жер шарында өсімдіктердің 500 млн астам түрі бар. Жыл сайын ғылыми лабараторияларда олардың бірнеше жаңа түрлерін өсіріп шығарады.

Өсімдік- жер шарының «өкпесі» деп бекер айтылмаған .

Тіршілік атаулыны өсімдіксіз елестетуге болмайды, жер шарында өсімдіктер жамылғысы біркелкі таралмаған .

Қазақстанда орман қоры 21, 8 млн га жерді алып жатыр яғни, республикамыздың барлық жерінің 3, 35%-ын құрайды.

Біздің еліміздегі ормандар жүйесі, негізінен солтүстік және шығыс аймақтарда шоғырланған. Ормандардың бірнеше типтері бар:

Олар- сексеуіл, қарағай, шырша, самырсын, қайың ормандары, тоғайлар мен бұталар . Орман қоры жер шары бойынша жылдан-жылға азая түсуде .

Құрлықтың 62 млн км² жерін өсімдіктер мен орман алып жатыр. Республикамызда ормандар аз және олардың жағдайы мәз емес Оның негізгі себептері -адам факторы, өрт, ауа райының өзгеруі мен айнала қоршаған ортаның ластануы . Орманды қорғау біздің міндетіміз Орманның адаммен жалпы биосфера үшін маңызы зор.

Орман топырақтары ылғалды сақтай отырып, су балансын түрақтандырады. Ылғалды жер өсімдік жамылғысы мен жан-жануарлардың көбейе түсуіне ықпал етеді .

Орманды алқаптардың жер асты сулары өзен мен көлдерді қоректендіреді . Орман аң мен құстың мекені, дәрі- дәрмектік өсімдіктер мен жеміс - жидектердің панасы әрі қолайлы тіршілік ортасы болып табылады.

Ормандардың егістік алқаптарын қорғауда да рөлі зор.

Орманды жерде топырақ, су және жел эрозиясы болмайды. Ал ормансыз жердің топырағы кеуіп, шөлге айналады . Ағаштарды қар тоқтату үшін де отырғызады.

Орманның ауаны тазартатын да қасиеті бар. Мысалы : 1га орман бір күнде 220-280кг көмірқышқыл газын сіңіріп, 180-200кг оттек бөліп шығарады, яғни ауаның құрамын толықтырып отырады . Орман сонымен бірге денсаулық сақтау ортасы . Сондықтан курорт пен сауықтыру кешендері т. б демалыс орындарының тек қана орманды жерде салынуы тектен -тек емес .

Қазақстанға орманға қарағанда табиғи жайылымдар басым . Өсімдіктің біздің жерімізде 57000 түрі өседі . Оның 5006 түрі қорғауды қажет етіп отыр. Жойылып бара жатқан өсімдіктерді сақтап қалу мақсатымен 1981 жылы «Қызыл кітап» шығарылды. Оның мақсаты құрып бара жатқан өсімдіктерді есепке алып, оларды сақтап қалу. Ол үшін көптеген мемлекеттік шаралар жүргізілді .

Солардың бірі -сиреп бара жатқан өсімдіктер өскен жерлерді адам қамқорлығына алып қорықтар ұйымдастыру .

Қорық ұйымдастыру ісіне біздің республикамызда соңғы жылдары көп көңіл бөліне бастады . Қазірдің өзінде 9 мемлекеттік қорық, 5ұлттық парк, 17 ботоникалық, 40 зоологиялық, 2 ботаникалық - геологиялық қорыққорлар құрылған. Алматы, Шымкент, Қарағанды, т. б ірі қалаларда ботоникалық бақтар жұмыс істейді. Осының бәрі сиреп бара жатқан өсімдіктерді қалпына келтіру жұмыстарымен айналысады.

Орман мен өсімдіктерді қорғау ересектермен қатар мектеп оқушыларының да міндеті . Көптеген аймақтарда жастардың белсенділігін арттыру мақсатымен «Жас орманшылар», «Жасыл патрульшілер », «Жас экологтар», «Жас натуралистер» атты үйірмелер ұйымдастырылған.

Олар- еліміздегі орман шаруашылығы белді көмекшілері.

Сирек және дәрілік өсімдіктерді де қорғау баршаның ісі . Біздің жеріміз дәрілік өсімдіктерге бай . Олар көбінесе Іле Алатауы, Алтай таулары мен Қаратау тау жоталарында көп шоғырланған . Әсіресе алтын тамыр, марал оты, дәрмене жусан, қылша, шайқурай, жалбыз, бәйшешек, тортор жапырақ, түймедақ, мыңжапырақ, тау жуасы, сарымсақ, тасжарған, алтай рауғашы, қызылжидек, сасыр, т. б өсімдіктер медицинада кеңінен қолданылады. Мәселен, Шымкент қаласында осындай дәрілік өсімдіктерден дәрі- дәрмек жасайтын формацевтік зауыт жұмыс істейді.

Қазақстанда дәрілік өсімдіктермен қатар сирек кездесетін сәндік үшін өсірілетін өсімдік түрлері де бар.

Олардың саны азайып барады мысалы, Қаратау аймағында өсімдіктердің 1500 түрі өседі . Сондықтан болар Қаратау өсімдіктердің «Меккесі» деп аталады .

Табиғаттың әсем көріністері табиғи ортаның ластануынан, жайылымдардың тозу салдарынан сирек кездесетін өсімдіктердің азаюынан бүлінуде . Қазір кең -байтақ даламыздан қызғалдақтардың көптеген түрлері, қызыл адыраспан, сөгеті сасыры, іле бөріқарақаты, іле ұшқаты, жатаған шырша, алтай қасқыр жидегі, кәдімгі пісте, жіңішке көкінәр, алмұртшөп, сарытұңғиық, шықшөп, меруертгүл, жабайы жүзім, т. б бірте-бірте жойылып барады .

Оларды қорғау біздің міндетіміз. Республикамыздың шөл-шөлейтті белдемдерінде орналасқан Мойынқұм, Тауқұм, Сарыесікатырау, Жалпаққұм, Қызылқұм сияқты ерекше құм жоталары бар.

Олардың бәрі біріншіден, тұнып тұрған өсімдіктер ортасы болса, екіншіден жайылым қоры болып саналады.

Бірақ елімізде палигондар мен жер эрозиясына ұшыраған жердің көлемі 25млн гекторға жетіп отыр. Осыған орай, біз шұрайлы жайылымдар қорын сақтап қалу үшін осы жерлерді ерекше қорғалатын аумақтарға жатқызып, қамқорлыққа алуымыз керек. Сирек өсімдіктердің қатарына ағаштарда жатады. Оларды кесіп отын құрылыс материалы үшін пайдалануды азайту керек. Қазірдің өзінде Іле шыршасы, самырсын, шетен, ырғай, тораңғыл, долана, шырғанақ, емен, т. б ағаштары қорғауды қажет етіп отыр.

Әсіресе орман ағаштарын кесу етек алуда . Орманды қорғаудың ең маңызды бағыты - жасанды жолмен орман қорын көбейту.

Жыл сайын орман шаруашылығы мыңдаған түрі ағаштың отырғызады.

Осылайша ормандарды қалпына келтіру түрі жүзеге асады .

Орманды қорғау мен қалпына келтіру шараларына оқушылардың араласуы қажет. Орманды жерге саяхат жасағандағы ең қауіпті нәрсе- өрт. Өрт көбінесе адамдардың жіберген ағаттығынан болады . Олар негізінен отқа деген жауапсыздықтан туады яғни, сірінкені, темекі қалдығын, өшірмей тастаудан болатын орман өрті өте қауіпті .

Әсіресе қылқан жапырақты ормандар өртін сөндіру қиынға соғады.

Кейде орман өртін басуға ұзақ уақыт қажет болады, жыл сайын адамдардың ағаттығынан мыңдаған гектор ормандар, тоғайлар, өрт құшағына оранды.

Дүние жүзінде болып жататын өрттердің 97%-н адамдардың табиғатқа селқос қарауынан болады .

Кейбір тропикалық ормандардағы өрттер 2-3 айға созылып, үлкен қауіп - қатер туғызады. Сондықтан орман ережелерін сақтау баршаның міндеті.

Табиғат, туған жер, атамекен деген жүрекке жылылық сезім ұялайтын сөздер бір-бірімен тағдыры тамырлас әрі өзара үндесіп жатыр.

Сондықтан да бұл сөздерді халқымыз аса қадірлеп, оларға «ана» деген ұлы ұғымды білдіретін сөзбен тіркестіріп атайды.

Содан барып табиғат - ана, жер-ана, отан - ана делінеді. Осы жағдайларды ескере келе дүниежүзінің алдыңғы қатарлы ақыл-ой иелері - ғалымдардың ұсынысымен Біріккен Ұлттар Ұйымы 1972 жылы Стокгольм қаласында өткен «Табиғат қорғау» мәселелеріне арналған арнайы канференцияда әр жылдың 5-маусым күнін Бүкілдүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні деп атап өтуге шешім қабылдаған.

Табиғат туралы ойланғанда айтар нәрсе көп. Соның ең бастысы -жас ұрпаққа экологиялық білім мен тәрбие беру болуы тиіс.

Экология пәнін барлық мектептерде жүйелі түрде оқытылуы керек. Себебі арнайы білімсіз ешкім табиғаттың қадіріне жетпейді. Қазіргі орман, тоғайларды отап, өзен-көл суларын бүлдіріп аң-құсты атып жатқан екі аяқты жыртқыштарға не дауа! Тіпті қала көшелерін былғап, қақырып, сімгіріп, темекі шегіп жүргендерді кім дейміз? Егер табиғатты қорғау туралы түсінігі мен білімі болса, олар осыған барар ма еді? Әрине бармас еді. Сондықтан біз әрбір жас ұрпақтың жүрегіне табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімін бала кезден ұялата білсек, келешекте олардан табиғаттың нағыз жанашыр азаматтары шығатынын кәміл сенеміз. Сонда халқымыздың ғасырлар бойы ұрпақтан - ұрпаққа беріліп келе жатқан асыл қасиеттерін ақтай аламыз. Қоғамның даму процесі табиғатқа қазірдің өзінде осындай ықпал жасап, өзертсе оның келешектегі әсерін болжау қиын емес. Бұл жөнініде қазірдің өзінде баспа сөз беттерінді табиғат жанашырларының жекелеген ғалымдар мен мамандардың пікірлері кеңінен жарық көруде. Жалпы жер бетінде халықтар санының көбеюі қала рудник, жол құрылысының өсуі, зауыттар мен фабрикалардың салынуы, қуаты электр станцияларымен ауыл шаруашылығы салаларының дамуы адамның табиғатқа деген көзқарасын мүлдем өзгертті. Өйткені адам табиғат ресурстарын өз мүдделері үшін пайдаланып, оны қалпына келтіруді, болмаса тиімді пайдалану шараларын соңғы жылдарға дейін мүлде қолға алмай келіп еді. Олар өз қателіктерін енді ғана түсініп, табиғат ресурстарының күрт азаюына, өзінің қоршаған ортаның ластануына байланысты шаралар қолдана бастады. Бірақ мұндай шара түрлері барлық елдерде бірдей жүргізіліп отырған жоқ. Кейбір елдерде байлық пен капиталдың құлы болған өндіріс, зауыт және фабрика иелерінің ең басты мақсаты айтсе де елдерінің жеке байлық көзін молайтуда, ал жалпы табиғат қорының азаюы, табиғи ортаның ластануы, істен шығуы, жарамсыз болуы тіпті де қынжылтпайды.

Атмосфера құрамының өзгеруіне шаң тозаңдер әр түрлі газ қосылыстары өз ықпалын жасайды. Олар жанартаулардың атқылауынан фабрика менг зауыт, жылу және электр станциялары мұржаларынан шыққан өндіріс қалдықтары мен түтіндері, тыңайтқыштарды көл-көсір етіп шашу, тағы басқалардан пайда болады. Атмосфера құрамының осылай өзгеріске түсуі адамдар денсаулығына қандай әсер ететіні айтпаса да түсінікті. Онымен қоса 1жылда отын түрлерін жағудан атмосфераға 30*10 килокалория жылу блініп өзімізді қоршаған ортаның жылулық режимінің өзгеруіне ықпал жасайтын көрінеді. Климатолог И. И. Будыконың есептеуінше, энергия мөлшері жыл сайын алты пайыз өсіп отыратын болса, 21 ғасырдың орта шенінде планетамыздың орташа температурасы біршама өсетін сияқты.

Негізінен климат 2 жағдайда өзгереді. Біріншісі - табиғи, екіншісі - антропогенді ықпал. Соңғысына адамзаттың да әсері бар. Бұл жөнінде жоғарыда аздап сөз болғандай жер бетіндегі ауа үнемі қозғалыста болады. Сол арқылы бір ауданда пайда болған улы заттарды шалғай жатқан екінші ауданға таратады. Жалпы атмосфераның ластануы глобальды процесс. Өйткені ауа массасының дамылсыз қозғалысы оның құрамынағы шаң тозаңдарды, аэрозоль түрлерірін улы зат қоспаларын, түтін тағы басқаларды бір мемлекет тереториясынан екінші көршілес елдердің территориясына тіпті планетамыздың кез- келген түпкіріне дейін аз уақыттың ішінде жеткізе алады. Сондықтан да атмосфераның ластануы бүкіл планета тұрғындарының алдында да тұрған күрделі проблемалардың бірі болып отыр. Осыған орай кепкен теңіз табанынан ұшатын әлгі милиондаған тонна тұзды - шаңдар бұл күндер әлемнің түп-түпкіріне жетіп тіпті биосфераға да кері әсері тиіп отырғаны да шындық. Осындайдың әсерінен биік тау басындағы мәңгілік мұдар мен қардың еруі жиілеп барады. Мысалы Альяска тауларындағы мұздардың бастау алыр жатқан су көздерінің, мұхит суының көтерілуіне бірден себепкер болып отыр. Бұл туралы жуырда мұзарды зерттейтін американ ғалымдары мәлімдеді. Өйткені Альяскадағы мұздар жылына бір, біржарым метрге дейін жұқарып, мұхит суын 0, 1 мм көтереді екен. Бұл жалпы мұхит суының көтерілуінің тоғыз пайызы. Егер дәл осындай жылдамдықпен Альяска мұздары ери беретін болса, келесі жүз жылдықта мұхит суының деңгейі 1 метрге дейін көтерілуі айрықша білінсе керек. Зереушілер онда жылдық орташа температураның әлемнің өзге өңірлеріне қарағанда екі есе тез өсіп келе жатқанын анықтады. Мұндай үрдістің тек солтүстік полюсте ғана емес оңтүстіктегі Антарктикада да аңғарлатынын ескерсек ғалымдардың 21 ғасырдың аяғына қарай әлемдік мухиттардың деңгейі қазіргіден 1 метр жоғарылайды деген болжамның жалған еместігіне көз жеткізе түсеміз. Бұл жердің мұхиттарға таяу өңірлерінің түгел су астында қалуына апарып соқпайды, сонымен бірге ғаламшардағы климаттың күрт өзгеруіне ықпал етеді Қазір табиғи тепе- теңдіктің бұзылғаны соншалықты қай жерде не болып, не қоятынын болжаудың өзі қиын. Өйткені циклондық дауылдар мен жауындар көбейіп барады. Мұның бәрі атмосферадағы өзгеріс салдарынанан немесе күн райының бұзылуынан болатын құбылыстар. Жалпы өндіріс қалдықтарынан бөлінетін метан, фрион тағы басқа химиялық элементтер парниктік эффекті береді. Парниктік газдар атмосфераның төменгі тропосферпа қабатында шоғырланғандықтан, күн сәулесімен жер бетінің жылуын жұтып ауа қабатын жылытады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Техногендік факторлардың әсеріне өсімдіктердің тесттік реакциясы
Жамбыл облысының су көздерінің экологиялық жағдайы
Өсімдіктердің биохимиялық айналымдағы экологиялық маңызы
Кентау қаласының табиғи және экологиялық жағдайы
Қаратау қорығында экотуризмді дамыту
Жамбыл облысындағы жайылымның жағдайы
Шардара су қоймасының маңызы
Ағза мен орта.Ағзаға әсер етуші 2 фактолар мен олардың әрекеті
Регионалды флористика оқу-әдістемелік құрал
Өсімдіктер жамылғысының құрылу және жүйелеу заңдықтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz