Алтай – Тарбағатай аралығындағы ертесақ ескерткіштері


Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 77 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

І ТАРАУ. ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ЕРТЕ ТЕМІР ДӘУІРІНІҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ

1. 1 Шығыс Қазақстанның тарихи - географиялық жағдайы

1. 2 Шығыс Қазақстанның ерте темір дәуірі ескерткіштерінің зерттелу тарихы

ІІ ТАРАУ. АЛТАЙ - ТАРБАҒАТАЙ АРАЛЫҒЫНДАҒЫ ЕРТЕСАҚ ЕСКЕРТКІШТЕРІ

2. 1 Майемер мәдениеті археологиялық ескерткіштері

2. 2 Шілікті археологиялық мәдениеті ескерткіштері

ІІІ ТАРАУ. ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕРТЕ САҚ ДӘУІРІ ЕСКЕРТКІШТЕРІНІҢ КЕЗЕҢДЕЛУІ МЕН МЕРЗІМДЕЛУІ

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

ҚОСЫМШАЛАР


КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстанның шығыс аймағының, яғни қазіргі Шығыс Қазақстан өңіріңдегі Алтай мен Тарбағатай тау жоталарының теріскей беткейлеріндегі ерте көшпелілердің археологиялық көне мұрағаттары соңғы жылдары өзге өңірлерімен салыстырғанда біршама жақсы зерттелуде.

Ерте темір дәуірі қазақ халқының шаруашылық-мәдени түрінің қалыптастырған тарихи кезең. Қазақ Алтайы мен Жетісуды сақ, алтын қорыған грифтер елі, у-гэ, у-сунь тайпалық одақтары мен алғашқы мемлекеттік бірлестіктері мекен етті. Осы қауымдастықты қүрайтын эртүрлі мәдениет пен олардың тармақтарының шығуы мен дамуы, дүниетанымы мен салт-жоралары шешілуі қиын мәселелер санатында.

Нақ осы уақытта көптеген ғасырлар бойы шаруашылықтың басты түріне айналған жартылай отырықшы шаруашылық қалыптасты және олар шаруашылық-мәдени жүйе ретінде қоғам өмірін толық өзгертті. Басқаша тұрмыс кешуге, ойлауға, өзге құндылықтарға әкелді. Шаруашылықтағы өзгерістер жаңа өмір салтын қалыптастырды.

Б. з. д. 8-1 ғасырларда өмір сүрген «Азиялық скифтер» жөнінде мәлімет берер жазба деректердің аздығы сақ-скиф әлемін танып-білуге бар салмақты археологиялық деректерге жүктейді. Қытай мен Орта Азия, Еуропаға дейінгі байланыс жолының бірі болған Ұлы Жібек жолының бір тармағы өткен Алтай - Тарбағатай тау аралығы сонау ықылым замандардан әртүрлі халықтар арасындағы этно-мәдени, этно-саяси байланыстардың тұсы, тоғысар түйіні болғаны ақиқат.

Географиялық жағынан алғанда Алтай мен Тарбағатай өңірлері батыс (жетісулық) және шығыс (оңтүстіксібірлік) тайпалардың түйісер аймағы. Бұл жерде әртүрлі археологиялық мәдениеттер мен олардың локальды варианттары өмір сүрді. Бүкіл тарихи кезең бойы үнемі тарихи қауымдастықтар арасындағы мәдени және өзара байланыстары көрініс тапты.

Нақты алғанда бұрынғы зерттеулердің басты кемшілігі ерте көшпелілердің үлкен қорғандарынан емес, негізгі әлеуметтік тобын құрайтын қатардағы қарапайым қорғандардан алынған материалдар негізінде жасалуында.

Қазіргі таңда уақыт жағынан алғанда әртүрлі археологиялық жаппай материалдардың қордалануы және ерте көшпелілердің Майемер, Берел және Шілікті сияқты сақ патша-бекзадаларының бай қорғандарының қазылуы бұл материалдарды жөнге келтіріп саралауды, нақты жүйелеуді қажет етеді.

Соңғы бір жарым ғасырда аталған өлкелерді ерте темір дәуірінде мекен еткен халықтардың жерлеу-ғұрыптық ескерткіштері жайлы жинақталған көптеген мәліметтердің легі зерттеулердің жаңа әдістемелеріне сай жүйеленіп, қазіргі ғылыми-теориялық деңгей мен талапқа сай жіті талдауды керек етеді. Сонда ғана өлкелердің ғылыми тұжырымдалған ортақ тарихи-мәдени келбеті құрылады.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысының мақсаты Алтай - Тарбағатай өңірлеріндегі ерте сақ дәуіріне жататын ескерткіштердің белгілілерінің негізінде олардың сипаттамасын жасап, олардың мәдени-этникалық атрибуциясын, археологиялық кезеңдемесі мен мерзімдемесін жасау. Ерте темір дәуіріндегі аталған өлке тұрғындарының жерлеу ғұрпында орындалған жерлеу және ғұрыптық рәсімдерді анықтау, жерлеу ғұрыптарындағы ұқсастықтар мен ерекшеліктерін ашу, жерлеу тәсілдері мен рәсімдерінің шығуы, қалыптасуы мен өрістеу жолдарын байқау және алынған жаңа білім негізінде ежелгі тұрғындардың дүниетанымдық түсініктерінің кейбір қырларын қайта жаңғырту. Осыған байланысты мынандай міндеттер тұр:

- Алтай-Тарбағатай аралығындағы ерте сақ дәуіріне жататын археологиялық ескерткіштері материалдарын талдап қорыту;

- Осы негізде ескерткіштердің хронологиясы мен жүйеленуін жете зерттеу;

- Мәйемер мәдениетінің өмір сүру уақытына, ескерткіштерінің көлеміне, орналасқан жерлеріне және сыртқы құрылысына қарай түрлерге бөлу;

- Шілікті ескерткіштерінің ерте сақ дәуірінде алатын орнын айқындау;

- Зерттеу барысында табылған артефактілерді бұрын ғылымда белгілі үлгілермен салыстыра отырып, мерзімделу уақытын анықтау;

- Алтай - Тарбағатай аралығындағы ерте сақ тайпаларының қалыптасуы мен дамуындағы көрші мәдениеттердің ықпалын ашу;

- Жерлеу ғұрпы және басқа материалдарды саралау негізінде Алтай - Тарбағатай аралығындағы ерте сақ дәуірі археологиялық ескерткіштерінің қандай этномәдениетке жататындығын анықтауға талпыныс жасау.

Зерттеу жұмысының нысанына Қазақ Алтайы мен Тарбағатай аралығын алып жатқан ерте сақ дәуірі археологиялық ескерткіштері және осы уақытпен мерзімделетін артефактілер жатады. Шығыс Қазақстанның ерте сақ сипатталады. Осы мәдениеткеқатысты зерттелген және ғылыми айналымға енгізілген барлық материалдарды қорытып беру де нысандардың бірі болып табылады.

Зерттеудің деректік негізі. Қазақстанды мекен еткен ерте көшпенді тайпалардың тарихын зерттеуде тарихшылар деректердің екі тобына иек артады: археологиялық және жазба деректер. Шығыс Қазақстан территориясында ерте темір дәуірінде өмір сүрген тайпалар тарихының қайнар көзін ашар, мәдениетін анықтайтын жазба деректердің тым аздығына байланысты өлкені мекендеуші ежелгі тұрғындар қалдырған жерлеу орындары - қорғандар материалдары осы олқылықтың орынын толтырар бірден-бір дерек көзі.

Қазақстанның ерте көшпелілер тарихына қатысты археологиялық деректер ХІХ ғасырдың өзінде-ақ жинала бастағанымен, нағыз, шынайы және кәсіпқойлық деректер ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап жиналады. Бұл орайда С. С. Черников, С. С. Сорокин, Ә. М. Оразбаев, Ф. Х. Арсланова, З. С. Самашев, Ә. Т. Төлеубаев және т. б. зерттеушілердің жүргізген қазба жұмыстары нәтижесінде жинақталған археологиялық материалдарды атап айтуға болады. Аталған авторлардың кейбір жарияланбаған, жүйеленбеген материалдары, сондай-ақ археология институтының архивінен алынған материалдар зерттеудің деректік негізі болып табылады.

Соңғы жылдары, егемендік алғалы бері жүргізіліп келе жатқан жұмыстар өте нәтижелі де жемісті болды. Шығыс Қазақстан облысында З. Самашев ұйымдастыруымен қазақ-француз экспедиясы Мәйемер ескерткіштерінде жүргізген қазбалар нәтижесінде мол мұралар ашылды. Сақталған заттар өте керемет, ағаш, теріден, киізден жасалған дүниелер бізге аман-есен жетіп отыр.

Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жүргізіліп келе жатқан зерттеулер де мол нәтиже беріп отыр. Шығыс Қазақстан облысында Ә. Т. Төлеубаев жүргізген қазбалар нәтижесінде Шілікті обасынан Қазақстанның екінші «Алтын адамы» табылып отыр. Осы ескерткішті зерттеп, зерделеуде қазу барысында табылған мол жәдігерлер тарихымыздың олқы тұстарын толтырар теңдесі жоқ қазынамыз.

Бітіру жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы алынған тақырыпты толық баяндау мақсатында белгілі жоспарға негізделген. Ол кіріспеден, үш тараудан және қорытынды мен пайдаланған деректер тізімінен, қосымшадан тұрады.


І ТАРАУ. ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ЕРТЕ ТЕМІР ДӘУІРІНІҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ

  1. Шығыс Қазақстанның тарихи - географиялық жағдайы

Бұл аймақ еліміздің Алтай тау жүйесін, оған жалғасып жатқан далалық жазықты қамтитын үлкен өңірді алып жатыр. Кең өрісті жайылымдарға, тарам-тарам өзендерге, табиғи қазба байлықтарға: метал кендеріне, ағаш - орманға өте бай және шаруашылықтың қай саласына болмасын өте қолайлы өлке. Көне дәуір кезінен - ақ климаты, фауналық - флоралық дүниесі қазіргі кезге сай келген. Осы өлкенің физико - географиялық жақсы жағдайы ықылым заманнан алғашқы адамдардың өмір сүруіне қолайлы болған.

Сақ дәуірі жататын голоценнің субатлантикалық кезеңнің ерекшелігі - ол кезде ауарайы біртектес болмаған. Оның алдындағы субареалды кезең Еуразия үшін салыстырмалы түрде салқынырақ болды. Алтай мен Батыс Сібір үшін сонымен қатар Атлантикадан алыс болғандықтан құрғақ болды. Оның дәлелі Иткөл көлі терассаларындағы әктас шөгінділері, ал ол құрғақ климатты дәлелдейтін бірден - бір индикатор. Оның радиоуглеродтық анализ бойынша жасы 3660+/-75 (СОАН-2192) .

Бірақ б. з. д. I мың жылдықтың бірінші жартысында Атлантиканың ықпалы өсті. Оны Оңтүстік Батыс Сібір мен Алтайда климаттың жылыуынан, қыстық және жаздық жауын-шашын мөлшерінің көбеюінен байқауға болады.

Таулы Алтайға ылғалды және жылы циклондар батыстан ашық кең өзен алқаптары арқылы тереңірек енді. Мысалы: Бұқтырма, Үлбі, Урсул, Көксу, Қатын (Уймон қазаншұңқыры), Чарыш өзен алқаптары арқылы.

Бұл тау алқаптарының климаты субатлантикалық кезеңнің жылы фазаларында қазіргіге қарағанда ылғалды болды. Бірақ бұлттылықтан және жылудың көбі булануға кетуінен орташа жаздық температура қазіргіден жоғары болмаған. Бұндай климаттық жағдай тау беткейлері мен өзен терассаларында өте бай жайылымдардың қалыптасуына жағдай жасады.

Қыс кездеріндегі жауын-шашынның да мөлшері қазіргіден көбірек болды. Бірақ таулы елдерге тән күн радиациясының күштілігі (ауаның тазалығынан және тропосфера қабатының жұқалығынан) қыс кезінде қардың жақсы булануына жағдай жасады. Мысалы: қазір Чуй даласындағы қалыңдығы (100-130 мм) қар түгелдей дерлік буланып кетеді.

Таулы алқаптардағы қардың булануы қар қабатының жұқаруына әкеледі. Ал ол үй жануарларының қар астындағы шөпті аршып жеуін оңайлатты. Сондықтан бұл жерлердегі тау бөктерлеріндегі бай жайылымдарда малды жыл он екі ай бағуға болатын. Ежелгі көшпенділерді қызықтырған да осы еді.

Сонымен сақ дәуіріндегі немесе басқаша айтқанда голоценнің соңғы кезеңінде Шығыс Қазақстанның климаты өте жақсы, қоңыржай болды. Бұндай климат мал шаруашылығының дамуына сақтардың тау жүйесіне таралуына, олардың негізінен орташа биіктіктегі таулардың кең жайылымдарына орналасуына жағдай жасады.

Шығыс Қазақстан еліміздің ең бір қызық та ерекше аудандарының бірі. Ол бізге өзінің сарқылмас табиғи байлықтарымен ғана емес сонымен қатар керемет тарихи-мәдени ескерткіштермен белгілі.

Шығыс Қазақстан географиялық жағынан шығыс ендікте 76-87 0 аралығы мен солтүстік бойлықта 47-51 0 аралығында орналасқан үлкен аумақ. Өлкенің шекарасы негізінен әкімшілік жағынан бөлініп отыр: солтүстігінде - Ресей Федерациясының Алтай өңірі, шығыс, оңтүстік-шығысы - Қытай Халық Республикасымен шектессе, ал оңтүстік-батысы Алакөл және Сасықкөл көлдеріне дейін созылады. Шығыс Қазақстан: Кенді Алтай, Оңтүстік Алтай, Зайсан қазаншұңқыры, Сауыр-Тарбағатай, Шыңғыстау-Аякөз-Көкпекті сынды тарихи-мәдени аудандарға бөлінеді.

Шығыс Қазақстан жер бедері құрамына Кенді Алтай мен Оңтүстік Алтай және Сауыр-Тарбағатай тау жоталары мен тауаралық Зайсан ойпаты сияқты ірі орографиялық бірліктердің енуімен ерекшеленеді.

Оңтүстік Сібірдегі ең биік таулы аймақ - Алтай тау аймағы. Қазақстан Алтайы Алтай тау жүйесінің оңтүстік, оңтүстік-батыс бөлігін алып жатыр. Укок жазық таулы аймағы мен Бұқтырма аңғарынан оңтүстікте Нарым, Сарымсақты, Оңтүстік Алтай тау жоталары орналасқан тау жоталары - Оңтүстік Алтай (абсалюттік биіктігі - 3000 м) деп аталады.

Оңтүстік Алтай Кенді Алтайдан ені 5-15 км, ендік бойымен 150-170 шақырымға созылған тауаралық Нарым-Бұқтырма ойпаты арқылы бөлінеді. Ойпатты меридиональды түрде бірнеше ұсақ қазаншұңқырлар (Шыңғыстай, Сарымсақты, Медведка, Жоғарғы Нарым) қоршап жатыр. Оңтүстік Алтай Марқакөл, Жоғарғы Қарақаба, Бобровка, Орловка және т. б. тауаралық ойпаттар арқылы бөлінген, ендік бойымен созылған тау жоталары жүйелерінен тұрады. Жоталардың ерекшелігіне солтүстік баурайының тік және оңтүстік баурайларының ұзын да жайпақ болып келуі тән.

Алтайдан оңтүстікке қарай кең байтақ Зайсан қазан шұңкыры жатыр. Оның оңтүстігінде Тарбағатай, Сауыр жоталары бар. Тарбағатай - Зайсан және Балхаш-Алакөл қазан шұңқырлары арасындағы су айрық жота. Абсолюттік биіктігі: 2991 м (Тастау) . Жота ендік бағытта батыстан шығысқа қарай 300 км-ге созылып жатыр, ені 30-50 км, шығысында Сауыр жотасына ұласады. Палеозойлык шөгінді тақта тас, әк тасынан, перьм, тас көмір, девонның кұм тасынан, батыс бөлігі силур және кембрий дәуірінің күшті дислокацияланған вулканогендік интрузиялы гранитінен түзелген. Солтүстік беткейі оңтүстікке қарағанда жатықтау, оңтүстігі тік шатқалды.

Жотадағы палеозойлык әк тастардан карст құбылыстары байқалады. Климаты континенттік. Жылдык жауын-шашыны 300- 500 мм. Өсімдік және жануарлар дүниесі жағынан Алтайға ұқсас. Етегіндегі шөлейтте жусанды бетеге, бұта, тау аралық аңғарда тау шалғыны және көк терек, жабайы алма, тобылғы, арша, солтүстік беткейінде тал басым өседі.

Марал, тау ешкі, арқар, қасқыр, аю, түлкі, борсық, қарсақ, суыр мекендейді. Жоғарғы бөлігіндегі альпы шалғыны - жазғы жайылым [2] . Бұл аймақ еліміздің Алтай тау жүйесін, оған жалғасып жатқан далалық жазықты климатты үлкен өңірді алып жатыр. Кең өрісті жайылымдарға, тарам-тарам өзеңдерге, табиғи қазба байлықтарға: металл кендеріне, ағаш-орманға өте бай және шаруашылықтың қай саласына болсын өте жайлы өлке.

Көне дәуір кезінен-ақ климаты, фауналық-флоралық дүниесі қазіргі кезге сай келген. Осы өлкенің физико-географиялык жақсы жағдайы ықылым заманнан алғашқы адамдардың өмір сүруіне қолайлы болған.

Әуелгі ерте темір дәуірі ескерткіштерінің едәуір бөлігі Шығыс Қазақстанның ең басты артериясы - Ертіс өзенінің аңғарларында орналасқан. Оның сол жақ жағалауыңдағы обалы қорымдар Қалба жотасының солтүстік және оңтүстік баурайларында шоғырланған. Ал одан әрі оңтүстік батысқа Шыңғыстауға және Тарбағатайдың батыс аудаңдарына дейін созылады. Өлкенің оңтүстігінде олар Зайсан ойымыңда тараған.

Қалба жотасы Оңтүстік Алтайдың Ертістің арғы жағындағы жалғасы іспеттес және Нарымның Ертіске құяр тұсынан басталып батыста Шар өзені аңғарына дейін ұзындығы - 300 км, ені - 120 км жерді алып жатыр. Ең жоғарғы биіктігі етегінде 400 метрден басталып, орта тұсында 1500-1600 метрге дейін жетеді. Қалба жотасында аласа таулар кең дамыған. Әсіресе батыс бөлігінде жаппай белдеуді құрайтын жон-арқалар көп. Жотаның шығыс баурайлары тік болып келеді.

Құрамына Ульба, Ивановский, Уба, Көксу, Тегерецкий және Қазақстан жеріне өзінің батыс бөлігімен кіріп жатқан Листвяга, Холзун және Орталық Алтай т. б. ірі тау жоталары енетін, Ертістің оң жағалауындағы, оңтүстік-шығыста Нарым өзенінің, ал солтүстік-батыста Уба өзенінің Ертіске құяр сағаларының аралығындағы тау жота жүйелері орналасқан жерлер - Кенді Алтай таулы аймағы деп аталады. Ең жоғарғы биіктіктері - 2599 м (Линейный Белок) мен 2776 м (Ивановский Белок) . Кенді Алтайдың аласа жерлері (500-700 м) солтүстік-батыс бөлігіне тән. Жеке биіктіктер немесе жоталардың аралығында алаңы 3-10 шаршы шақырымға жететін Зырян, Бородинская және Лениногор сынды тауаралық ойпаттар кездеседі.

Қазақстан Алтай таулары саз, кремний тақта тасы мен құмдақтан тұратын жоғарғы палеозой жыныстарынан құралған. Кенді Алтай - көпметалды кендердің (қалайы, қорғасын, мырыш, мыс, вольфрам, күміс, сынап және т. б. ) қазынасы саналады. Нармы мен Қүршім тау жоталары аумағында алтын мен сирек кездесетін металдардың бай қоры болса, ал Қалба тауында қалайы мен вольфрам кеніштеріне бай.

Қазақстан Алтайы ауа-райы континентальды. Көршілес Сібір аудандарымен салыстырғанда жаз мұнда салқын, қыс жылылау, жауын-шашын көп. Мұндағы ірі өзен - Ертіс.

Сауыр-Тарбағатай таулы аймағы т абиғи жағдайы бойынша Алтай мен Тянь-Шань таулары аралығын алып жатыр. Бірақ ландшафтысы Орталық Азияға қарағанда Сібір, Монғол ландшафтысына ұқсас. Екі жота да Зайсан ойпатының оңтүстігінде батыстан шығысқа қарай созылып жатыр. Оңтүстік Алтайдан жауын-шашын түсімінің аз болуымен ерекшеленеді. Тарбағатайда далалық ландшафт басым болса, Сауырда - таулы-орманды-жайылымды-далалық. Ландшафт. Тарбағатай жотасы батыстан шығысқа қарай 300 шақырымға созылады, ені - 30-50 шақырым. Қазақстан жағына шығыста Хабар асу асуынан Аягөз өзеніне дейінгі 180 шақырымдық батыс бөлігі енеді. Мұнда далалық ландшафт басым, тау жотасының солтүстік баурайларында альпі жайылымдығы бар. Жотаның оңтүстік баурайында бұталы өсімдікті дала кең таралған. Сауырда балқарағайлы орман бар. Сауыр және Маңырақ Зайсан мен Шілікті тауаралық ойпаттарының аралығында жатыр. Биік жері - Мұзтау (3816 м) . Сауырдың Қазақстан жеріндегі ұзындығы 30 шақырым және жоталары аласара түсіп, Маңырақ жоталарына ұласады. Сауыр жоталарының оңтүстік баурайы қысқа да тік болса, солтүстігі ұзын және жайпақ. Ірі орографиялық бірліктерден Сайхан тау сілемі, Кендірлік ойпаңы мен Ақкезең ойпаты ерекшеленеді. Шілікті тауаралық ойпатының шығысында Шат-Қызылқұм таулары орналасқан және ойпаттың орталық бөлігі аллювиальды (тұнбалы) жазықты.

Шығыс Қазақстан көлдерінің көбі солтүстік, солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Аблайкит-Себинское көлдер тобы (Қоржынкөл, Шалқаркөл, Төртқаракөл, Құнакөл және т. б. ), Черновое, Марқакөл, Язевое, Рахман, Бұқтырма, Казнаковка, Тақыркөл, Мұңлықсор және т. б. ірі көлдер өзен аңғарлары мен тауаралық ойпаттарда орналасақан.

Шығыс Қазақстан облысындағы Алтай рельефі негізінен таулы әрі өте тілімделген. Ертістің оң жағын Кенді және Оңтүстік Алтайдың жоталары, таулы үстіртері, тау аралық қазан шұңқырлары алып жатыр. Ең биік жері облыстың солтүстік шығысындағы Қатын жотасы (Мұзтау шыңы, 4506 метр) Кенді Алтайдың Уба, Иванов, Үлбі жоталарының биіктігі 2000 метрден, Оңтүстік Алтайдың Нарын, Сарымсақты, Тарбағатай, Күршім, Оңтүстік Алтай, Азутау сияқты жоталары 3000 метрден астам. Алтайда Үлкен Берел мен Кіші Берел тағы басқа мұздықтары бар. Алтайдан оңтүстікке қарай кең байтақ Зайсан қазан шұңқыры жатыр. Оның оңтүстігінде Тарбағатай, Сауыр жоталары бар. Облыстың солтүстік батысы ұсақ шоқылы жазық, батысы Қалба жотасы. Климаты тым континенттік. Қаңтардың орташа температурасы жазықта -17°С, биік тау аралық тұйық қазан шұңқырларында -26°С; шілдеде 19-23°С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері солтүстік шығысында 350-380 мм, оңтүстік шығысында 250-300 мм. Ең аз мөлшері Зайсан қазан шұңқырында (129 мм), ең көп мөлшері Кенді Алтайдың батыс беткейлерінде (1000-1500 мм) . Вегетациялық кезең солтүстік батысында 176, оңтүстік шығысында 190 күн. Шығыс Қазақстан облысының жер беті ағын суына бай. Басты өзендер Ертіс және оның ірі оң салалары: Қалжыр, Күршім, Бұқтырма, Үлбі, Уба. Өзендерінің суы мол, ағыны қатты келеді [1] .

Тарбағатай - Зайсан және Балхаш-Алакөл қазан шұңқырлары арасындағы су айрық жота. Шығыс Қазақстан облысы жерінде. Абсолюттік биіктігі: 2991м (Тастау) . Жота ендік бағытта батыстан шығысқа қарай 300км-ге созылып жатыр, ені 30-50км, шығысында Сауыр жотасына ұласады. Климаты континенттік. Жылдық жауын-шашыны 300-500мм. Өсімдік және жануарлар дүниесі жағынан Алтайға ұқсас. Етегіндегі шөлейтте жусанды бетеге, бұта, тау аралық аңғарда тау шалғыны және көк терек, жабайы алма, тобылғы, арша, солтүстік беткейінде тал басым өседі. Марал, тау ешкі, қасқыр, аю, түлкі, борсық, қарсақ, суыр мекендейді. Жоғарғы бөлігіндегі альпы шалғыны - жазғы жайылым [2] .

Зайсан ойпатының ең төменгі бөлігіне Зайсан көлі мен оны қоршаған көлдік-тұнбалы тегіс жазықтар (абсалюттік биіктігі 400-500 м) кіреді. Зайсан ойпатының оңтүстігі мен батысындағы көп жер Бөкен, Көкпекті, Боғас, Базар, Қарғыба және т. б. өзен сағалараындағы борпылдақ массаның жиналуы нәтижесінде құралған тұнбалы тегіс жазықты болып келеді. Сондықтан да өзен салаларында Қызылқұм, Айырқұм сықылды құмдар сілемі тұзілген.

Алтай және Қалба тауларында орманды ландшафт кеңінен дамыған. Орташа тау белдеуі (1600-2600 м) самырсын мен балқарағай орманды және таулы-орманды жайылымды. Сауыр мен Алтай тауларының 2500-3000 метрлік абсалютті биіктіктігінде таулы-жайылымдық ландшафт түрі орналасқан. Орманды-далалы ландшафт Кенді Алтайға тән. Оның солтүстік-батыс баурайына қайыңды-көк терек орманды аласа таулар мен далалық жайылымды ландшафт тән. Оңтүстік Алтайдың оңтүстік баурайы мен Қалбаның аласа таулы жерінде далалық ландшфат кең дамыған.

Әуелгі ерте темір дәуірі ескерткіштерінің едәуір бөлігі Шығыс Қазақстанның ең басты артериясы - Ертіс өзенінің аңғарларында орналасқан. Оның сол жағалауындағы обалы қорымдар Қалба жотасының солтүстік және оңтүстік баурайларында шоғырланған. Ал одан ары оңтүстік батысқа Шыңғыстауға және Тарбағатайдың батыс аудандарына дейін созылады. Өлкенің оңтүстігінде олар Зайсан ойымында тараған. [3, 264б. ]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ерте темір дәуірі отрядын
Орталық Қазақстан ерте көшпелілерінің әлеуметтік құрылымы
Алтай-Тарбағатай аралығындағы ерте темір дәуірінің археологиялық ескерткіштері (кезеңделуі, мерзімделуі және мәдени атрибуциясы)
Ақсуат ауылдық округі
Тарбағатай ауданының тарихы
САҚ МӘДЕНИЕТІНДЕГІ ПОЛИМОРФТЫҚ БЕЙНЕЛЕР
Қазақстанның көрнектілік жерлері және туризмнің индустриясы
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТУРИСТІК МАҚСАТЫНДА КӨРНЕКІЛІК ЖЕРЛЕРІН ДАМЫТУ
Шығыс Қазақстанның туристік-рекреациалық ресутстары
Шығыс Қазақстан облысының табиғаты және туристік рекреациялық мүмкіншіліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz