Қазақстан Республикасының фирмаларының мәселелері



КІРІСПЕ

1 ФИРМА ЖӘНЕ НАРЫҚ ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Нарықтық экономиканың механизмі
1.2 Фирма түсінігі және оның түрлері
1.3 Фирманың нарықтық бәсеке жағдайындағы мінез.құлқы

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ФИРМАЛАРЫНЫҢ
ІС.ӘРЕКЕТТЕРІН ТАЛДАУ
2.1 Қазақстан Республикасының фирмаларының іс.әрекеттерін
құқықтық реттеу
2.2 Қазақстан Республикасының фирмаларының іс.әрекеттерінің
1997.2004 салалары

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ФИРМАЛАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛДАУ
3.1 Қазақстан нарығындағы фирмалардың мәселелері
3.2 Қазақстан нарығындағы фирмалардың мәселелерін
шешу жолдары

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Фирмалар кез келген мемлекеттің халықшаруашылығы кешенінде орталық орын алады. Бұлар қоғамдық еңбек бөлісінің бастапқы буыны. Ұлттық табысты жасайтын солар болып табылады. Фирма өндіруші роль атқарып өзін-өзі ақтау және дербестік негізінде қайталап өндіру процесін қамтамасыз етеді.
Нарық жүйесінде бәрінің де бағасы бар. Адам еңбегінің барлық түрлерінің де бағасы болады – жалақы деңгейі, қызмет көрсету тарифтері т.б. Нарықтық экономика нарық пен бағалар жүйесі арқылы адамдар мен кәсіпорындардың әрекеттерін санадан тысқары реттеуге негізделген. Егер барлық мүмкін нарық түрлеріне талдау жасасақ олардың бәрі де өндіріс пен бағаның тепе-теңдігін сұраныс пен ұсынысты сәйкестендіру арқылы өздігінен реттеп тұратындығына көз жеткіземіз.
Сатып алушы мен сатушының ұйғарымдық келісімі арқылы (сұраныс пен ұсыныс арқылы) нарықтық экономика үнемі мына үш мәселелерді шешіп отырады:
1) Не өндіру? — сатып алушы өз ақшаларымен «дауыс беру» арқылы шешіледі (басқаша айтқанда тұтынушының тауарды таңдап оны сатып алуымен);
2) Қалай өндіру? — өндірушілердің арасындағы бәсекелестікпен (бәрі де ең жаңа технологияны қолдануға құштар, себебі сонда ғана баға бәсекесін ұтып пайданы ұлғайтуға және шығындарды азайтуға болады);
3) Қанша өндіру? — нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасы және өндіріс факторлары (жұмыс күші мен өндіріс құралдары) арқылы анықталып отырады.
Сонымен қорыта айтқанда нарық табысты құрайтын барлық бастаулардың бәрін де анықтайды (жалақы деңгейі, рента, пайыз, пайда). Пайда – фирманың нарықта қалыпты әрекет етуінің бірден бір шарты.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы. 1995.
2. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі. Астана. 2003.
3. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2004-2006 жылдарға арналған индикативтік жоспары. Астана. 2003.
4. Под редакцией Осипова Ю.М. - “Основы предпринимательской деятельности”, Москва, 92г.
5. Стэплейк Дж.Ф - “Экономикс для начинающих”, Москва, 1994г.
6. Кэмпбелл Р.Макконнелл, Стенли Л.Брю - “Экономикс”, Москва, 1996г.
7. Под редакцией Булатова А.С. - Учебник по курсу “Экономическая теория”, 2-е издание, Москва, 1997г.
8. Под редакцией Перхунова А.П., Сорокина В.П. - “Сборник предпринимателя”, часть 1, Москва, МНПП “РИД-7”, 1992г.
9. Райзберг Б.А. Основы экономики и предпринимательства.
10. М.: ТОО ”Вес”, 1995.
11. Борисов Е.Ф., Волков Ф.М. Основы экономической теории.
12. М. : Высш.шк.,1994.
13. Пиндайк Р., Рубинфельд Д. Микроэкономика.
14. М.: “Экономика”, 1992.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1 ФИРМА ЖӘНЕ НАРЫҚ ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Нарықтық экономиканың механизмі
1.2 Фирма түсінігі және оның түрлері
1.3 Фирманың нарықтық бәсеке жағдайындағы мінез-құлқы

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ФИРМАЛАРЫНЫҢ
ІС-ӘРЕКЕТТЕРІН ТАЛДАУ
2.1 Қазақстан Республикасының фирмаларының іс-әрекеттерін
құқықтық реттеу
2.2 Қазақстан Республикасының фирмаларының іс-әрекеттерінің
1997-2004 салалары

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ФИРМАЛАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛДАУ
3.1 Қазақстан нарығындағы фирмалардың мәселелері
3.2 Қазақстан нарығындағы фирмалардың мәселелерін
шешу жолдары

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Фирмалар кез келген мемлекеттің халықшаруашылығы кешенінде орталық
орын алады. Бұлар қоғамдық еңбек бөлісінің бастапқы буыны. Ұлттық табысты
жасайтын солар болып табылады. Фирма өндіруші роль атқарып өзін-өзі ақтау
және дербестік негізінде қайталап өндіру процесін қамтамасыз етеді.
Нарық жүйесінде бәрінің де бағасы бар. Адам еңбегінің барлық
түрлерінің де бағасы болады – жалақы деңгейі, қызмет көрсету тарифтері т.б.
Нарықтық экономика нарық пен бағалар жүйесі арқылы адамдар мен
кәсіпорындардың әрекеттерін санадан тысқары реттеуге негізделген. Егер
барлық мүмкін нарық түрлеріне талдау жасасақ олардың бәрі де өндіріс пен
бағаның тепе-теңдігін сұраныс пен ұсынысты сәйкестендіру арқылы өздігінен
реттеп тұратындығына көз жеткіземіз.
Сатып алушы мен сатушының ұйғарымдық келісімі арқылы (сұраныс пен
ұсыныс арқылы) нарықтық экономика үнемі мына үш мәселелерді шешіп отырады:
1) Не өндіру? ( сатып алушы өз ақшаларымен дауыс беру арқылы
шешіледі (басқаша айтқанда тұтынушының тауарды таңдап оны сатып алуымен);
2) Қалай өндіру? ( өндірушілердің арасындағы бәсекелестікпен (бәрі де
ең жаңа технологияны қолдануға құштар, себебі сонда ғана баға бәсекесін
ұтып пайданы ұлғайтуға және шығындарды азайтуға болады);
3) Қанша өндіру? ( нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасы және
өндіріс факторлары (жұмыс күші мен өндіріс құралдары) арқылы анықталып
отырады.
Сонымен қорыта айтқанда нарық табысты құрайтын барлық бастаулардың
бәрін де анықтайды (жалақы деңгейі, рента, пайыз, пайда). Пайда – фирманың
нарықта қалыпты әрекет етуінің бірден бір шарты.
1 ФИРМА ЖӘНЕ НАРЫҚ ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Нарықтық экономиканың механизмі
Сұраныс пен ұсыныс.
Нарық механизмін сипаттауды ұсыныс пен сұраныс графиктерін талдаудан
бастайық (1 қосымша). Жалпы, нарықта барлық саналуан мәселелердің шешімін
(нарықтық баға, өндіріс тиімділігі, жалақы мөлшері, бағаны қадағалау, өнім
өндіру ауқымы және т.с.) сұраныс пен ұсынысты талдау арқылы іздейді.
Алдымен бағаның нарықтағы тауарлардың көлеміне тәуелділігін көрсететін
диаграмманы қарастырайық (1 сурет). Ординаттар осі бойынша доллармен
есептелген тауар бірлігінің бағасы P белгіленген. Ол бойынша сатушы
тауардың белгілі мөлшері үшін ақы алады, ал сатып алушы сол ақыны тауардың
сол мөлшері үшін төлейді. Абциссалар осі бойынша осы мерзімде қажет
етілетін және ұсынылып отырған тауарлардың көлемі бейнеленген.
Ұсыныс қисығы S өндірушілердің қанша тауарды және қандай бағамен сата
алатындығын көрсетеді. Қисық жоғары бағытталған, себебі, баға неғұрлым
жоғары болған сайын соғұрлым көбірек фирмалар тауар өндіріп сатуға
мүмкіндік алады. Мысалы, жоғары баға фирмаларға қосымша жұмыс күшін тарту
арқылы қысқа мерзім ішінде, ал өндірісті экстенсивті кеңейту арқылы ұзақ
мерзім ішінде өндіріс көлемін ұлғайтуға жол ашады. Оның үстіне жоғары баға
осы нарыққа жаңа фирмалардың келуіне де қолайлы фактор болып табылады.
Ұсыныс қисығы D тұтынушылардың қай бағамен қанша тауар алуға дайын
екендігін смпаттайды. Қисық төмен бағытталған, себебі, тұтынушылар баға
төмен болған сайын көбірек, ал баға жоғарылаған сайын азырақ тауар сатып
алуға бейім. Мысалы, төменірек баға сатып алушыға бір тауардың көбірек
мөлшерін сатып алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар баға төмен түскенде
бұрын бұл тауарды сатып алуға мүмкіндігі болмаған тұтынушылар оны сатып ала
алатын болуына байланысты нарыққа жаңа тұтынушылар тобы назар аударады.
Екі қисық S және D ұсыныс пен сұраныстың тепе-теңдігі нүктесінде, яғни
баға мен тауар мөлшері тепе-теңдікке жеткенде, қиылысады. P0 бағасы үшін
тауардың ұсынылған және қажет мөлшерлері (Q0 ) өзара теңеседі. Бұл нүктеде
ұсыныстың жетіспеушілігі де асып кетушілігі де жоқ, яғни бағаның одан әрі
өзгеруіне деген қысым да жоқ. Сұраныс пен ұсыныс нарықта әрқашан тең бола
бермейді, мысалы, жағдай тұтқиыл өзгеріске ұшырағанда, алайда нарық үшін
әрқашан да тепе-теңдікке жету тенденциясы тән.
Мұны ұғыну үшін бастапқы баға тепе-теңдік шартынан жоғары орналассын
деп, мысалы, P1 болсын деп есептейік (1 сурет). Онда өндірушілер тауарды
тұтынушылар сатып алуға дайын мөлшерінен артық көлемде өндіріп сатуға
талпынады. Тауардың артық мөлшері қорлана бастайды да оны өткізу үшін
өндірушілер бағаны төмендетуге мәжбүр болады. Бағаның бұл төмендеуі тепе-
теңдік нүктесіне P0 жеткенге шейін жалғасады.
Бастапқы баға, айталық Р2, тепе-тең бағадан Р0 кем болғанда кері
жағдай туындайды. Онда дефицит пайда болады, себебі, бұл бағамен
тұтынушылар қалауынша көп тауар сатып ала алады. Осының нәтижесінде
тұтынуышалар бір-бірінен асып түсуге тырысып тауарды мөлшерден тыс көлемде
сатып ала бастайды да бағаның қымбаттауына қысым жасалады бұл
өндірушілердің бағаны қымбаттатуына және өндіріс көлемін ұлғайтуына әкеліп
соқтырады. Ақыр аяғында баға қайтадан Р0 деңгейіне жетеді. Айтылғанның бәрі
тек нарықта еркін бәсеке жағдай болғанда ғана орындалатындығын естен
шығармау қажет. Егер нарық монополистің (жеке немесе мемлекеттің) қатал
бақылауында болса ұсынылған тауардың бағасы мен көлемінің арасындағы
сәйкестікке қол жеткізілмейді. Сондықтан қарастырылып отырған қисықтар тек
бәсекелі нарыққа ғана қатысы бар.
Алайда ұсыныс пен сұраныс тек бағаға ғана тәуелді емес, ол басқа да
шарттар арқылы реттеледі. Мысалы, өндіруші сатуы мүмкін тауардың көлемі тек
сұранысқа ғана емес, сондай-ақ өндіріс шығындарына да тәуелді. Тауарға
деген сұраныс тұтынушылардың табысына ғана емес экономикалық жағдайдың
өзгерістері мен салық саясатына да тәуелді.
Айтылған байланыстарды зерттеу үшін сұраныс пен ұсыныс қисықтарының
жалақы мөлшерінің, капиталдық шығындар мен табыстардың өзгерісіне
байланысты қалай ығысатындығын талдау қажет.
Ұсыныс қисықтарынан S бастайық (2 сур.). Ол өндірушілердің нарықтағы
бағаға байланысты қанша тауар сатуға дайын екендігін көрсетеді.Мысалы, баға
Р1 болғанда өндірілетін және өткізілетін тауар мөлшері Q1-ге тең болады.
Енді шикізаттың бағасы түссін дейік. Бұл ұсынысқа қалай әсер етеді?
Шикізаттың бағасының төмендеуі кез келген басқа шығындардың азаюы
сияқты өндірістің тиімділігін арттырып алынатын пайданың көлемін ұлғайтады
да өндірістің дамуына және нарыққа басқа фирмалардың келуіне қолайлы жағдай
тудырады. Сондықтан да, егер баға ұзақ мерзімге Р1 деңгейінде сақталса
бұрынғымен салыстырғанда молырақ өнім шығарылады деп күтуге негіз бар. 2
суретте бұл процесс өндірістің Q1 ден Q2-ге дейін өсуі ретінде бейнеленген.
Өнім бағаға байланыссыз ұлғаяды, сол себепті ұсыныстар қисығы тұтастай оңға
қарай ығысады, бұл 2 суретте S тан S’-қа ауысу ретінде көрсетілген.
Шикізат құнының әсерін бақылаудың басқа жолы - өндірілетін тауардың
мөлшері Q1 тұрақты қалады деп есептеп фирмалардың осы көлемді өндіріп отыру
үшін қандай баға талап ететіндігін болжау. Шығындар аз болуына байланысты
тиісті баға - Р2 (2 сур.) да төмен болады. Бұл жағдай өндірілген тауардың
көлеміне байланыссыз болатындықтан ұсыныстар қисығы оңға қарай жылжуы қажет
екендігіне тағы да көз жеткіземіз.
Шығындар азайғанда баға да өнімнің көлемі де өзгеріске ұшырайды алайда
жаңа ұсыныстардың қисығы сұраныстар қисығымен тепе-теңдікке жетеді. Бұл 3
суретте көрсетілген, көріп отырғанымыздай 2 суреттегідей ұсыныстар қисығы S-
тан S’-қа қарай ығысқан. Нәтижесінде нарықтағы баға төмендей бастайды (Р1
ден Р3-ке қарай), ал өндірілген тауардың жалпы көлемі өседі (с Q1 ден Q3-ке
қарай). Күтілгендей шығындардың азаюы бағалардың төмендеуі мен өтілімнің
ұлғаюына әкеліп соқтырады.
Енді 4 суретті қарастырайық, мұнда сұраныстар функциясы D әрпімен
белгіленген. Бұл диаграмманы талдау арқылы біз тұтынушылардың табыстарының
өсуі сұранысқа қалай әсер ететіндігін анықтаймыз.
Табыс ұлғайғанда тұтынушылар тауар сатып алуға көбірек ақша жұмсай
алатын болады. Егер нарық бағасы - Р1 өзгермесе, онда тұтылатын тауар
мөлшерінің өсуін (Q1 ден Q2-ге дейін) күтуге болады. Бұл өсу нарық
бағасының нақты мөлшеріне тәуелсіз болатындықтан нәтижесінде сұраныстар
қисығы оңға жылжиды. 4 суретте бұл процесс қисықтың D дан D’-қа ауысуы
арқылы бейнеленген. Талдаудың басқа жолын қарастырсақ біз тұтынушылар
тауардың белгілі мөлшерін Q1 сатып алу үшін қандай баға төлеуге дайын деген
сұраққа жауап іздеуге болады. Нақты табыс мөлшері ұлғайғанда тұтынушылар
бұрынғымен салыстырғанда жоғарырақ баға төлеуге дайын болады, мысалы Р1-дің
орнына P2 (4 сур.). Яғни иағы да сұраныстар қисығы оңға қарай жылжиды.
Тұтас алғанда табыс ұлғайғанда баға да тауар көлемі де өзгеріссіз қала
алмайды. Жаңа баға мен өндірілген тауардың жаңа көлемі сұраныс пен
ұсыныстың тепе-теңдікке жетуіне әкеліп соқтырады.
Өзара байланыстағы тауарлардың бағаларының өзгеруі де сұранысқа ықпал
жасайды. Мысалы, мыс пен алюминий бір-бірін алмастырушы тауарлар болып
табылады. Алюминийге деген баға өссе мысқа деген сұраныс та рта бастайды.
Басқа жағынан, бензин автомобильге қатысты қосымша тауар болып табылады,
атап айтсақ олар тек бірге ғана қолданылуы мүмкін. Сондықтан, бензин
бағасының төмендеуі автомашиналарға сұранысты арттырады.
Нарықта сұраныс пен ұсыныс қисықтары ауық-ауық өзгеріске ұшырап
отырады. Тұтынушылардың табыстары экономикалық даму барысында өзгеріп
тұрады (экономикалық өсу кезеңдерінде жоғарылайды да құлдырау кезеңдерде
төмендейді). Кейбір тауарларға деген сұраныс маусымдық (отын, суға түсуге
қажет заттар, зонттар), айырбастағыш заттардың бағасының өзгеруіне
байланысты (мұнайдың бағасының өсуі табиғи газға деген сұранысты өсіреді)
немесе жәй мода мен талғамның өзгеруінің салдарынан өзгерістерге бейім. Дәл
осылай жалақы мөлшері, капитал салымдар, шикізат бағасы да ауық-ауық
өзгеріп тұрады да бұл тауардың ұсынысына айтарлықтай әсер етеді.
Сонымен, сұраныс және ұсыныс қисықтарына талдау жасау микроэконмиканың
негізгі құралдарының бірі болып табылады. Бәсекелі нарықта сұраныс пен
ұсыныс қисықтары фирмалардың қандай және қанша тауар өндіретіндігін және
нақты баға үшін тұтынушылардың сұранысы қандай болатындығын көрсетеді.
Нарық механизміне тепе-теңдікке деген тенденция тән, бұл ұсыныстың да,
сұраныстың да асып кетпеуін реттеп отырады. Бағаның 1%-ға өзгеруіне сәйкес
қажет тауар мөлшерінің пайызбен есептелген өзгерісі сұраныстың бағаға
қатысты эластикалылығы деп аталады. Эластикалылық сұраныс пен ұсыныстың
бағаның, табыстың және басқа да айнымалылардың өзгеруіне реакциясын
сипаттайды. Осының бәрі де нарық механизмін жете ұғынуға мүмкіндік береді.

1.2 Фирма түсінігі және оның түрлері
Фирма – бұл белгілі ат жамылып бизнеспен айналысатын ұйым. Фирма
жердің, еңбек қорларының және капиталдың тұтынылуын қадағалайды. Фирманы
өндіріс бірлігінен, мысалы, фабрика, ферма немесе зауыттан ажырата білу
қажет, себебі ол басқару бірлігі болып табылады. Бір ғана фирма бірнеше
өндіріс бірліктерін иемденуі немесе бақылауы мүмкін.
Фирманың түбегейлі функциясы – құндылықтар өндіру.
Құндылықтарды дүниеге келтіру процесі дегеніміз топтар мен жеке
адамдардың мұқтаждарын қанағаттандыру, соның нәтижесінде фирма өз
қызметінің қоғам тарапынан танылуына және бағалануына қол жеткізеді.
Гүлденген фирма – бұл өз қызметінен орнықты түрде табыс алып отыратын
фирма.
Максимал табысқа қол жеткізу - бұл кез келген коммерциялық қызметтің
ақтық мақсаты. Бұл мақсатқа жету үшін тактикалық және стратегиялық
мақсаттар кешенін анықтау және жүзеге асыру қажет.
Олар:
• сату көлемін ұлғайту;
• неғұрлым жоғары өсу қарқынына қол жеткізу;
• нарық үлесін ұлғайту;
• салынған капиталға қатысты табысты ұлғайту;
• акцияға қатысты табысты ұлғайту (егер бұл акционерлік компания болса);
• акциялардың нарықтағы бағасын жоғарылату (егер бұл ашық акционерлік
қоғам болса);
• капиталдың құрылымын өзгерту.
Фирманың бұл мақсаттарының жалпы сипаты тұтастай алғандағы
экономикалық жағдайға, фирма құрамына кіретін нақты саланың даму
тенденцияларына, сондай-ақ фирманың өзінің даму циклының сатысына тәуелді.
Фирманың даму циклдары туралы теория бар, ол бойынша бұл циклдың үш
сатысы ажыратылады:
Бірінші саты:
Белсенді экспансиямен, өсу қарқынын үдетумен сипатталады. Қор жинау
өндіріс қуаттарын құруға және нарықты жаулауға бағытталады.
Екінші саты:
Акциялар мен пайда бағамдарының өсуі, капитал иелерінің табыстарының
ұлғаюы. Басты орынға нарықтағы өз үлесін сақтап қалу үшін күресу шығады да
өндіріс қуаттарын молайтуға тырысу екінші кезекке ысырылады.
Үшінші саты:
Сату көлемі түсе бастайды, сонымен бірге пайда да азаяды бұлар саладан
капиталдың кері шегерілуіне әкеліп соқтырады. Бұл сатыда фирманың бірден-
бір мақсаты өзін сақтап қалу болып табылады, яғни белгілі аралықта оның
амалдарын жалғастыру белгілі табыс мөлшеріне қол жеткізуге емес тек
шығындарды мүмкінінше қысқартуға ғана бағытталады.
Фирмалар мөлшері жағынан әртүрлі болып келеді – жалғыз жеке кәсіпкер
немесе мыңдаған жұмыскерлерден тұратын штаты бар ірі корпорация.
Фирмаларды олардың түрлері бойынша сараптайық.

ЖЕКЕ КӘСІПКЕР.
Мұндай фирмаларды жалғыз адамның бизнесі деп немесе жеке меншік деп
атайды. Қожайынның өндіріс қызметін жүргізу үшін қажетті материалдық
қорлары мен капиталды қондырғылары болады, ал өндіріс қызметі оның өзінің
тікелей бақылауында болады.
АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ:
1. Жеке иемденуді тіркеу жеңілірек, себебі рәсімдеудің заңдық процедурасы
жеңіл және мұндай фирмаларды тіркеу аса көп қаражат шығынын қажет
етпейді.
2. Меншік иесі өзіне өзі қожа болады да еркін әрекет етуге толық
мүмкіндік алады. Оған ешбір жиналыстардың, әрітестердің немесе
директорлардың шешімін күту керек емес.
3. Меншік иесі клиенттерге жеке қызмет көрсете алады.
4. Тиімді жұмыс істеу стимулдары айқын – мүлік иесі табысқа жетсе бәрін
толық иемденеді, ал сәтсіздікке ұшыраса бәрінен де айрылады.
КЕМШІЛІКТЕРІ:
1. Басым көпшілік жағдайда жалғыз адамның қаражат қорлары фирманың ірі
кәсіпорынға айналуы үшін жеткіліксз аз болады. Жеке иешіліктердің
банкротқа ұшырау мүмкіндік пайызы тым жоғары болуына байланысты
коммерциялық банктер оларға ірі мөлшердегі несиелерді беруге
құштарсыздық танытады.
2. Фирманың қызметін толық бақылайтындықтан меншік иесі барлық негізгі
шешімдерді мысалы сатып алу, сату, персоналды тарту және
қаражаттандыру сияқты бір өзі қабылдап жүзеге асырады, және сонымен
қатар өндіріс, жарнамаландыру, өнімді өткізу кездерінде ұшырасатын
техникалық қиыншылықтарды да естен шығармай дер кезінде шешімін тауып
отыруы шарт.
3. Ең басты кемшілік жалғыз меншік иесіне шексіз жауапкершілік
жүктелетіндігі. Басқаша айтқанда жеке бас кәсіпкерлер тек фирманың
ғана емес сонымен қатар өзінің жеке активтеріне де тәуекелділікке
барады. Фирма банкрот болған жағдайда ол фирманың қарыздары бойынша
жалғыз өзі толық жауапкершілік көтереді. Бұл жағдайда қарыздарды өтеу
үшін оның жеке мүлкі де сатылу қаупі бар.

ӘРІПТЕСТІК (СЕРІКТЕСТІК)
Әріптестік – жеке мүлік иесі бизнесінің одан әрі табиғи дамыған түрі.
1890 жылғы әріптестік туралы заң әріптестікті (серіктестікті) табыс
табу мақсатында бірлесіп бизнеспен айналысу үшін біріккен 2 ден 20-ға
дейінгі адамдардың ерікті ассоциациясы ретінде анықтаған. Қазіргі кезде
кейбір қызмет салаларында (заңгерлерге, бухгалтерлерге, брокерлерге) 20-дан
астам қатысушылардың әріптестікке бірігуіне рұқсат етіледі.
Фирманың қызметіне қатынасу дәрежесі бойынша әріптестер әртүрлі болып
келеді. Кейбір жағдайда әріптестердің бәрі де фирманың функиялауына белсене
күш салысады, ал басқа жағдайда – бір немесе бірнеше қатысушылардың
белсенділік танытпауы мүмкін. Атап айтқанда олар фирма өз қаржыларын
сағанмен де оны басқару ісіне қатынастары болмайды.
АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ:
1. Жеке иешілік (меншік) сияқты әріптестікті де ұйымдастыру оңай.
2. Әріптестікке (серіктестікке) біраз адам бірінетіндіктен бастапқы
капитал жеке иенің жекеменшік кәсіпорнымен салыстырғанда анағұрлым көп
болуы мүмкін.
3. Фирманы басқаруды мамандандыру ммүмкіндігі бар. Мысалы, әр әріптес өз
жауапкершілігіне нақты жұмыс бөлігін алуы мүмкін.
КЕМШІЛІКТЕРІ:
1. Басқару бірнеше адамның қолында болуы мүдделердің сәйкессіздігіне
әкеліп соқьыру қаупін туғызады, нәтижесінде тез және қажырлы әрекет
қадет жағдайларды фирма шешім қабылдауды созып алуы немесе тіптем бір-
біріне қайшы әрекеттер жасауы мүмкін. Осылардың бәрі яирманы басқаруды
оралымсыз іске айналдырып жіберу қаупін туғызады.
2. Фирманың қарадаттары әлі де болса шектеулі – бірнеше адамның қаржы
қорлары жетімсіз болуы салдарынан табысты өндірістің одан әрі дамуына
айтарлықтай тосқауыл болуы мүмкін.
3. Әріптестіктің қаншаға созылатындығын болжау мүмкін емес: бір немесе
бірнеше қатысушылардыңәріптестіктен шығуы немесе өлімі фирманың
тарауына не толық қайта құрылуына әкеліп соқтырады.
4. Толық әріптестікте (серіктестікте) қатысушы фирманың қврыздары бойынша
толық жауапкерщілік көтереді, бұл қатысушыларға ауыр жүк болып
табылады.
5. Жауапкерщілігі шектеулі әсеріктестікте әр қатысушы фирма қарыздары
бойынша оған салған қаражаттар көлемінде ғана жауапкершілік көтереді.
Алайда мұндай фирмаларда қатысушыларлың бәрі бірдей фирманың бизнесіне
араласа алмайды – біреуі бүкіл жауапкершілікті мойнынп жүктеуі шарт.

КОРПОРАЦИЯ
Корпорация – оған ие нақты жеке тұлғалардан өзге және бөлек бизнес
түрі. Мемлекет тарапынан танылатын бұл заңды тұлғалар кез келген басқа
фирмаларға тән функциялар мен құқықтарды иемденеді.
АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ:
1. Ақша капиталын тарту тұрғысынан бизнесті ұйымдастырудың мейлінше
пәрменді түрі. Корпорацияларға - акциялар мен облигацияларды сату
арқылы – қаржыландырудың өзіндік ерекше түрі тән, бұл көптеген үй
шаруашылықтарының жинаған қорларын тартуға мүмкіндік береді. Бағалы
қағаздар нарығы арқылы корпорациялар орасан көп жеке тұлғалардың қаржы
қорларын ортақ қорға біріктіре алады. Бағалы қағаздарды сату арқылы
қаржыландырудың басқа да артықшылықтары бар. Сатып алушылар тұрғысынан
корпорациялар бизнесті ұйымдастырудың басқа түрлерімен салыстырғанда
банк несиелеріне жеңілірек қол жеткізе алады. Оның себебі
корпорациялардың анағұрлым сенімділігі ғана емес, сондай-ақ олардың
банктарға есептер бойынша пайда түсіруге қабілеттерінің молдығы да.
2. Корпорациялардың екінші елеулі артықшылығы – жауапкершіліктің
шектелуі. Корпорация иелері (акция ұстаушылар) тек сатып алған акцияға
жұмсаған қаражаттарымен ғана тәуекелшілік етеді. Олардың жеке
бастарының активтеріне корпорация банкрот болған жағдайда да еш қауіп
жоқ. Қарыз берушілер заңды тұлға ретінде тек корпорацияға ғана талап
қоя алады, ал оның иелеріне жеке тұлған ретінде талап қоюға еш заңды
негіз жоқ. Шектеулі жауапкершілік құқығы корпорацияларға ақша
капиталын тарту мәселесін шешуді едәуір жеңілдетеді.
3. Корпорация заңды тұлға болына байланысты ол оның иелерінен және осы
тұрғыдан өзінің лауазым иелерінен де тәуелсіз және дербес тірілік
етеді. Әріптестіктер аяқ астынан тұтқиылдан жойылып кетуі мүмкін, ал
корпорациялар заң бойынша шексіз ғұмыр кешеді. Акцияларды сату арқылы
корпорацияның меншігін басқаға беру оның тұтастығына нұқсан
келтірмейді. Басқаша айтсақ, корпорацияларға бизнесті ұйымдастырудың
басқа түрлерімен салыстырғанда тұрақтылық тән, ал бұл жоспарлы түрде
дамуға кеңінен жол ашады.
КЕМШІЛІКТЕРІ:
1. Корпорацияны ресми тіркеу біршама бюрократиялық процедураларды және заң
қызметіне жұмсалатын едәуір қаражаттарды қажет етеді.
2. Келесі кемшілік қосарланған салық қаупімен байланысты – копорациялардың
табысының акция ұстаушыларға дивиденд ретінде төленетін бөлігіне екі рет
салық салынады, бірінші рет корпорацияның табысының бөлігі ретінде, ал
екінші рет ация иесінің жеке табысының бөлігі ретінде.
3. Ірі корпорациялардың акциялары жүздеген, мыңдаған акция ұстаушылардың
арасында бөлінетіндіктен меншік пен бақылау функцияларының арасында
едәуір алшақтық пайда болады.
Мұның себебі қатардағы акция ұстаушының әрекетсіздігіне байланымты.
Акция ұстаушылардың басым көпшілігі дауыс беруге қатыспайды, ал қатысқан
күннің өзінде де копорацияның лауазым иелеріне құқық беруге қол қоюмен ғана
шектеледі.

ШАҒЫН КӘСІПОРЫНДАР.
Шағын кәсіпорынды жеке тұлға да, кәсіпорын да, мемлекеттік немесе
қоғамдық ұйым да құра алады.
Дамыған елдерде шағын кәсіпорындар жалпы өнімнің елеулі бөлігін
береді.
Шағын кәсіпорындардың өміршеңдігі оларды құру жеңілдігімен, әкімшілік
зорлаудың жоқтығына, жеңілдетілген салыққа, баға белгілеудің нарықтық
механизміне байланысты.
Шағын кәсіпорындардың қатарына жұмыскерлерінің саны құрылыс пен
өнеркәсіпте 200-ге дейін, ғылым мен ғылыми қызметте 100-ге дейін, басқа
өндіріс салаларында 50-ге дейін, ал өндірістік емес салаларда 25-ке дейін,
дара саудада 15-ке дейін адам юолатын кәсіпорындар жатқызылады.

БІРІККЕН КӘСІПОРЫНДАР.
Шетел инвестициялары бар фирмалар акционерлік және басқа да шаруашылық
қоғамдар түрінде құрылып ҚР заңдарында қарастырылған негізде қызмет
жасайды.
Біріккен кәсіпорын бірден немесе шетел инвесторы бұрын бар
кәсіпорынның үлесін сатып алу арқылы құрылуы мүмкін.
Біріккен кәсіпорындардың құрылтай құжаттары кәсіпорынның құрылу
мақсатын, қатысушылардың құрамын, жарғылық қордың мөлшері мен құрылу ретін,
кәсіпорынның құрылымын, шешім қабылдау ретін, қатысушылардың үлес
мөлшерлерін, бірауыздылықты талап ететін мәселелер тізімін, кәсіпорынды жою
тәртібін анықтауы тиіс.
Қатысушылардың жарғылық қорға салымдары әлемдік нарық бағасының
негізінде анықталады. Ондай бағалар болмаған жағдайда салым құндары
қатысушылардың келісіиі арқылы анықталады.
Біріккен кәсіпорындар ҚР заңдарында тиым салынбаған барлық қызмет
түрлерімен айналысуға құқылы. Кейбір қызмет түрлері, мысалы сақтандыру,
банк қызметі және т.б., лицензия алуды талап етеді.

МЕМЛЕКЕТТІК КОРПОРАЦИЯЛАР.
Үкімет ұғымы жергілікті билікті де орталық үкіметті де білдіреді.
Мемлекет – аса ірі меншік иесі сондықтан да оның табыстары
жауапкершілігі шектеулі ірі компаниялардың табыстарынан анағұрлым артық.
Мемлекеттік корпорация бизнесті ұйымдастырудың бір түрі болып
табылады. Ол ұлттандырылған салаларды басқару үшін қолданылады.
Жауапкершілігі шектеулі компаниялар сияқты олар да заңды тұлғалар
болып табылады, алайда акция сатпайды. Олар мемлекет меншігінде. Шынтуайтқа
келгенде олар мемлекеттің барлық азаматтарының ортақ меншігі.
Басқару:
Басқарушылар кеңесі құрылады. Бір қарағанда бұл басқарушылар компания
директорларының қызметін атқаратын сияқты, басты айырмашылық - олар
мемлекеттік басқарушы лауазым иелеріне айналуы.
Мемлекеттік корпорацияларда оларды үкімет тағайындайды, ал
жауапкершілігі шектеулі компанияларда акционерлер сайлайды.
Қаржы:
Мемлекеттік корпорацияларда акционерлер болмайтындықтан ондай ұйымдар
акция шығару арқылы капитал құра алмайды. Кейбір мемлекеттерде олар тікелей
үкіметтен ұзақ мерзімді займдар, ал банктерден қысқа мерзімді займдар
алады. Мемлекет бұл корпорациялардың барлық жұмсалымдарын соның ішінде
шығындарын да жауып отырады.
Мемлекеттік корпорациялар жыл сайын қызметі туралы есеп пен табыстары
мен жұмсалымдарының балансын беріп тұруға міндетті. Бұл құжаттарды үкімет
қабылдайды.
Мақсаты:
Егер жауапкершілігі шектеулі корпорациялардың басты мақсаты пайда алу
болса, мемлекеттік корпорациялардың мақсаттары тіптем бөлек. Олардың
негізгі мақсаты мемлекет мүддесі үшін қызмет ету. Әрине өз жұмысының
нәтижесінде олар ең болмағанда өзін-өзі ақтап отырады яғни шығынға шықпайды
деп есептелінеді.

1.3 Фирманың нарықтық бәсеке жағдайындағы мінез-құлқы
Тактикалық және стратегиялық мақсаттар кешені анықталып және жүзеге
асырылғаннан соң пайдаланылатын келесі құрал - фирманың мақсатына қол
жеткізуге бағытталған жоспарлау, ол үш кезеңнен тұрады.
Жоспарлаудың 1 кезеңі.
Сыртқы ортаны талдау, яғни елдегі саяси және эконоикалық жағдайды
анықтау, саланаға, раныққа, сұраныс пен қорларға талдау жасау.
Жоспарлаудың 2 кезеңі.
Фирманың болашақ мүмкіндіктерін бағалау. Бұл нарық талаптарын фирманың
нақты мүмкіндіктерімен сәйкестендіруге, өндіріс жоспары мен нарықтағы
әрекеттердің бағдарламасын құруға, сауатты шешім қабылдау жолдарын
қаматамасыз етуге мүмкіндік береді.
Жоспарлаудың 3 кезеңі.
Фирманың даму нұсқаларын таңдау (бизнес-жоспар (тауарлар мен қызметтер
сипаты), өндіріс (ұйымдастыру) жоспарын, маркетингтік және қаржылық
жоспарларды құру).
Ерікті нарық жағдайында өз тауарын сатып пайда табуға ұмытыс жасау
барысында фирмалардың арасында бәсеке деп аталатын экономикалық жарыс пайда
болады.
Бәсеке тек тауарлар мен қызметтер нарығында ғана емес, сонымен бірге
еңбек пен жұмыс күштері нарығында да қатар пайда болады. Мұнда жұмыскерлер
жұмыс орнын алып оны өзіне сақтап қалу үшін бәсекеге түседі. Капиталдар
нарығында меншік иелері оны мейлінше тиімді жұмсаудың көздеріне қол жеткізу
үшін күреске түседі. Бәсеке кәсіпкерлердің, фирмалардың, ал кеңінен алғанда
– тұтастай салалардың, аймақтардың, тіптем мемлекеттердің арасында өтеді.
Бәсеке экономикалық қызметтің пәрменділігін арттырудың ең маңызды
құралы.Басқаша анықтағанда бәсеке дегеніміз тіршілікке қабілетін сақтап
қалу үшін күрестің өркениетті түрі. Бәсекелестен қалып қоймауға, қалай да
болса одан озуға деген құштарлық экономикалық прогрестің, еңбек өнімділігін
арттырудың аса әлеуетті стимулы болып табылады.
Бәсеке кешенді ұғым. Қазіргі кезде экономика ғылымы бәсекелестіктің
бірнеше түрін ажыратады.
Жетілген бәсеке бәсекенің идеалды бейнесін сипаттайды, бұл жағдайда
сатушы мен сатып алушының еріктерінің шектелмеуі сонша, олардың ешқайсысы
да қарсы жаққа нені және қандай бағамен алу қажеттігін мәжбүрлей алмады.
Сатып алушыға бір сатушының тауары немесе оның бағасы ұнамайды екен ол
басқа сатушыға барады. Сатушы тұтынушыға ол ұсынған бағамен сатқысы
келмейді екен ол басқа сатып алушыны күтеді. Себебі жетілген бәсеке
жағдайында сатушылардың да, сатып алушылардың да, тауарлырдың да санында
шек жоқ. Тек осындай нарықта ғана сұраныс пен ұсыныс заңы толық күшіне
енеді де тауарлардың тепе-тең бағасына қол жеткізіледі.
Іс жүзінде жетілген бәсеке ешқашан мүмкін емес. Нақты жағдайда кез
келген нарықта бәсеке жетілмеген болады.
Нақты бәсекенің жетілмеген болуының бірнеше себебі бар.
Біріншіден, әр сатушы өз тауарын басқалардікінен артық етуге немесе
артық етіп көрсетуге тырысады. Нәтижесінде әртүрлі тауар сатылатындай
болады да сатуышалардың арасындағы бәсеке толық болмай қалады. Бірқатар
сатушылардың өз сатып алушылары болады. Нәтижесінде монополияның бір
айрықша түрі орнайды да сатушылар мен сатып алушылар көп бола тұра бәсеке
жетілмеген болып шығады. Көптеген тауар сатылғанымен олардың әрқайсысы
өзінше ерекшеліктерге ие болған жағдайдағы бәскені монополиялық бәсеке деп
атайды.
Бірқатар жағдайда нарықты бірнеше ірі фирмалар иемденіп алады, себебі
олар шығару және сату үшін басқаларда жоқ аса мол капиталды қажет ететін
тауарларды өндіру мен сатуды өз қолдарына шоғырландырып ала алған. Бұл
жағдайды олигополия деп атайды.
Бәсекенің ең қатерлі жауы - монополия. Монополия – бұл басқа
сатушыларды ығыстырып бір өзі инмденіп алған жалғыз сатушының нарығы.
Монополист кез келген баға тағайындай алады, ол сатып алушыны өзіне толық
тәуелді етеді.
Монополиясыздандыруды қамтамасыз етіп сол арқылы бәсекеге жол ашу үшін
арнайы шаралар қажет. Бұлар ірі кәсіпорындарды бөлу, шағын кәсіпорындар мен
филиалдар құру, монопоистпен бәсекеге түскен кәсіпорындар мен кәсіпкерлерге
жеңілдіктер беру және т.б. Сондай-ақ бұл ішкі нарыққа шетел фирмаларына жол
ашу. Бұл және салық шаралары. Осының бәрі монополистпен пәрменді күресуге
мүмкіндік береді.
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ФИРМАЛАРЫНЫҢ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІН ТАЛДАУ

2.1 Қазақстан Республикасының фирмаларының іс-әрекеттерін құқықтық
реттеу
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікпен айналысу, кәсіпорындар құру
мәселелерін құқықтық реттеу Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінде
айқындалады.
Азаматтық Кодексте фирмалардың барлық түрі заңды тұлға деген жалпы
атпен беріледі.
Меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау
мүлкi бар және сол мүлiкпен өз мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн, өз
атынан мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге ие болып,
оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым
заңды тұлға деп танылады.
Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиiс.
Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрi болады.
Заңды тұлғаның азаматтық құқықтары болып, өз қызметiне байланысты
мiндеттердi ҚР Азаматтық Кодексіне сәйкес мойнына алуы мүмкiн. Заңды
тұлғалардың азаматтық құқықтары болуы және олар заң актiлерiнде немесе
құрылтай құжаттарында тыйым салынбаған кез келген қызмет түрiн жүзеге асыру
үшiн қажеттi азаматтық мiндеттердi атқаруы мүмкiн.
Заң актiлерiнде көзделген жағдайларда белгiлi бiр қызмет түрiн жүзеге
асырушы заңды тұлғалар үшiн басқа қызметпен айналысу мүмкiндiгi болмауы
немесе шектелуi мүмкiн.
Заңды тұлға тiзбесi заң актiлерiнде белгiленетiн жекелеген қызмет
түрлерiмен лицензия негiзiнде ғана айналыса алады.
Заңды тұлғаның құқық қабiлеттiлiгi ол құрылған кезде пайда болып, оны
тарату аяқталған кезде тоқтатылады. Айналысу үшiн лицензия алу қажет
болатын қызмет саласында заңды тұлғаның құқық қабiлеттiлiгi сондай
лицензияны алған кезден бастап пайда болып, ол қайтарып алынған, оның
қолданылу мерзiмi өткен немесе заң құжаттарында белгiленген тәртiппен
жарамсыз деп танылған кезде тоқтатылады.
Заңды тұлға заң құжаттары мен құрылтай құжаттарына сәйкес жұмыс
iстейтiн өз органдары арқылы ғана азаматтық құқықтарға ие болып, өзiне
мiндеттер қабылдайды.
Заңды тұлға органдарының түрлерi, тағайындалу немесе сайлану тәртiбi
және олардың өкiлеттiгi заңдар мен құрылтай құжаттарында белгiленедi.
Заңды тұлғаның оны басқа заңды тұлғалардан айыруға мүмкiндiк беретiн
өз атауы болады.
Заңды тұлғаның атауы оның құрылтай құжаттарында көрсетiледi.
Заңды тұлғаның фирмалық атауды тек қана өзi пайдалануға құқығы бар.
Бөтен бiр фирмалық атауды заңсыз пайдаланатын тұлға фирмалық атаудың құқық
иесiнiң талап етуi бойынша мұндай атауды пайдалануды тоқтатуға және
келтiрiлген залалдың орнын толтыруға мiндеттi.
Заңды тұлғаның фирмалық атауды пайдалануға байланысты құқықтары мен
мiндеттерi заңдарда белгiленедi.
Заңды тұлғаны бiр немесе бiрнеше құрылтайшы құруы мүмкiн.
Егер ҚР Азаматтық Кодексінде және Қазақстан Республикасының басқа да
заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, заңды тұлға өз қызметiн жарғысы және
құрылтай шарты негiзiнде, немесе eгep заңды тұлғаны бiр тұлға құрған болса,
жарғысы және заңды тұлға құру туралы жазбаша түрде ресiмделген шешiмi
(жалғыз құрылтайшының шешiмi) негiзiнде жүзеге асырады.
Заңды тұлға әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеуден өтуге тиiс.
Мемлекеттiк тiркеу тәртiбi заңдарда белгiленедi.
Мемлекеттiк тiркеу деректерi, соның iшiнде коммерциялық ұйымдар үшiн
фирмалық атауы заңды тұлғалардың бiрыңғай мемлекеттiк регистрiне
енгiзiледi.
Заңды тұлға мемлекеттiк тiркеуден өткен кезден бастап құрылды деп
саналады.
Филиалдар мен өкiлдiктер заң құжаттарында белгiленген тәртiппен
тiркеледi.
Филиалдар мен өкiлдiктер атаулары өзгерген жағдайда қайта тiркелуге
жатады.
Заңды тұлға құрудың заңда белгiленген тәртiбiн бұзу немесе оның
құрылтай құжаттарының заңға сәйкес келмеуi заңды тұлғаның мемлекеттiк
тiркеуден бас тартуға әкелiп соқтырады. Заңды тұлға құрудың тиiмсiздiгiн
желеу етiп тiркеуден бас тартуға жол берiлмейдi.
Мемлекеттiк тiркеуден бас тартқаны, сондай-ақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі таңдағы Қазақстан - Түркия арасындағы экономикалық қарым - қатынастары
Мемлекеттік мекеменің қызметі туралы қысқаша ақпарат
Кәсіпкерлік қызметтегі бәсекенің ролі
ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САУДА ҰЙЫМЫ (ДСҰ) ТУРАЛЫ
Қазақ-түрік қатынастарының қалыптасуы мен дамуы
Кәсіпорын процестерін басқарудағы маркетинг қызметі
Қазақстан Республикасының экономикалық потенциалы
Мотивацияның мәселелері
ҚР-ғы лизингтік қызметтер нарығы және лизингтік төлемдер мен олардың түрлері
Халықаралық лизингтiк қатынастар
Пәндер