Бабамыз Бейбарыстың ноғай ханымен жазысқан хаттары


Бабамыз Бейбарыстың Ноғай ханымен жазысқан хаттары
Өткен қараша айының басында Египет Араб Республикасының Президенті Хосни Мүбәрактың Астанаға сапарлап келгені белгілі. Сол сапарда Хосни Мүбәрак Мысырдағы бүгінде азып-тозған әйгілі Сұлтан Бейбарыс мешітінің көп кешікпей қалпына келтіру жұмыстары қолға алынатынына уәде берсе, біздің Елбасы да бұл істен Қазақстанның шет қалмайтынын, өз үлесін қосуға әзір екендігін айтқан-ды.
Мысырды билеген Бейбарыс Сұлтан бабамыз кезінде Алтын Орда ханы Беркенің Шыңғыс хан ұрпақтары ішінен бірінші болып ислам дінін қабылдауына ықпал еткені белгілі. Египеттің барша мешітінде оқылатын Құтба намазы кезінде осы Берке ханның да аты аталып, үлкен құрмет көрсетілген. Ал осы баһадүр бабамыздың Берке ханның мирасқоры Ноғай ханымен жазысқан хаттарын білеміз бе?
АЛТЫН ОРДАНЫ МҰСЫЛМАН ДІНІНЕ КІРГІЗГЕН - БЕЙБАРЫС
Қыпшақ атының тұяғымен дү¬ниені дүбірлеткен Бейбарыс Сұл¬тан 1260 жылы Мысыр тағына оты¬рысымен крестшілер мен моңғолдарға қарсы «жиһад», яғни Аллаһ жолындағы қасиетті соғы¬сын бастайды. Батыс христиан мемлекеттері тарапынан ұйымдас¬тырылған кресті жорықшылар мен Құлағу хан бастаған моңғол шап¬қыншылары өзіне қарсы әскери одақ құру мақсатымен бір-біріне елшілер жібере бастағанын естіп-білген Бейбарыс сұлтан да өзіне тірек болатын мықты әскери және саяси одақтас іздейді. Сөйтіп, 1261 жылы Еділ жағасындағы Берке ханның басты ордасы алтын мұнаралы Сарай-Беркеге елшілер аттандырып, екі арада диплома¬тиялық қарым-қатынас орнап, нәти¬жесінде әскери-саяси одақ құрылады. Бейбарыс Египеттің байлығы мен ұлылығын көрсету үшін Алтын Орда ханына таңсық нелер ғажайып сый-сияпат: алтын жазумен әшекейленген Құран, піл, жираф, маймыл, зебр, тоты¬құс, т. б. экзотикалық хайуанаттар мен тіл үйіретін тәтті шербеттер жібереді. Берке ханға жолдаған хатында оны қасиетті ислам дініне кіруге үгіттейді. Ал Берке хан оған жауап хатында: « . . . Мен ислам ді¬нін қабылдадым. Ислам дінін Алтын Орда мемлекетінің ресми діні етіп жарияладым. Құлағумен менің етім мен қаным бір болса да, ол Аллаға және оның пайғам¬ба¬рына иман келтірмейді, сондық¬тан қарсы соғысамын» дейді және шын мәнінде Құлағуға қарсы соғыс ашады. Осылайша Бейба¬рыс Сұлтан Шығыстан Құлағу бастаған дүлей күшті тоқтатып, Шам еліндегі крестшілерді тал¬қан¬¬дайды. Кейін бұл одақ онан әрі тереңдеп, Бейбарыс Берке ханның туған қызына үйленеді және өзінің үлкен ұлының атын Берке деп қояды. Мекке мен Мединеде, Құд¬дыста, Египеттің барша мешітінде оқылатын Құтба намазы кезінде Беркенің де аты аталып, үлкен құрмет көрсетіледі. Осы орайда біз оқыр¬манға жан-жақты мағлұмат беру үшін Бейбарыс Сұлтанның көпшілікке әлі беймәлім емес Берке ханның мирасқоры Ноғай ханымен жазысқан хаттарының түрік тілінен аударылған нұсқа¬сын беріп отырмыз.
НОҒАЙ ХАНЫНЫҢ СҰЛТАН БЕЙБАРЫСҚА ЖАЗҒАН ХАТЫ (1220-1271)
«Мені мұсылмандар қатарына тұрғызған Аллаға тағзым етемін. Пайғамбарлардың соңғысы, тура жол сілтеуші Алланың жібер¬гендерін насихаттаушысы әрі Оған тағзым етушілердің қолдау¬шысы Мұхаммедтің (Ә. С. ) бауыр¬лары болған жерлестеріне жүрек жарған сәлемімді ұсынамын. Ме¬нің жазып отырған хатымның екі басты маңызы бар: біріншісі - Сіз¬ге деген ұзақ өмір тілей отырып, сау-сәламаттарыңызды білу; екін¬шісі - Ертуғаннан естуімізге қара¬ғанда, әкеміз Берке ханның бала¬ларының, туған-туыстары¬ның ішінен ислам дініне кірген¬дерімен хабарлассам деген екен¬сіз. Біз осындай жайлы хабарды естіген¬нен кейін діни ағайын¬да¬рына бауырлықпен қараған, дініне берік Сұлтан Бейбарысқа деген сүйіс¬пеншілігіміз арта түсті. Қиыр шетте жүріп мұндай іске қадам басу тек қана Аллаға бар жан-тә¬ні¬мен тағзым етуші адал мұсыл¬манның қолынан келеді. Осы хатты жазып, Ертемір мен Тоқ Бұ¬ғадан жібердік. Басты мақсаты¬мыз осы негізгі ниетімізді жеткізу еді. Біз ислам дінін қабылдадық. Алланың біреу екендігіне, оның күші мен құдіретіне бас иіп, Ел¬шісін бүкіл мұсылман қауымы¬ның сенімімен қабылдаймыз. Біз әкеміз Берке ханның жолын қуушымыз. Яғни әкеміз сияқты біз де мұсылмандармыз. Жарат¬қан¬ға бас иіп, оның әміріне теріс келетін істерден алыс тұрамыз. Хаттарымыз жалғасып тұрсын. Біз Сізбен бір дененің екі қолындай¬мыз. Сізге ұнағандар бізге де ұнайды. Сізге қарсы болғандарға біз де қарсы тұрамыз».
СҰЛТАН БЕЙБАРЫСТЫҢ НОҒАЙ ХАНЫНА ЖАЗҒАН ЖАУАП ХАТЫ (1270-1271)
«Бұл хатпен Алла жолында бүкіл өмірін арнаған, жүректерінің нұры жүздерін жарқыратқан, мұсылмандардың көмекшісі бол¬ған Ноғай ханның мәртебелі үл¬кен мәжілісіне сәттіліктер тілей¬мін. Аллаһ оның жүрегін иманмен толтырсын, осы өмір мен ақыр¬заманда ең жақсыларын нәсіп етіп, оның өміріндегі іс-әрекеттерін бұғанға дейінгі игі іс иелерінің табыстарына жеткізсін. Одан келген сәлем хат шексіз қуантқа¬нымен қатар шаттыққа бөледі. Біз оның мазмұны мен мағынасына аса мән берушіміз. Дініне бекем және Аллаға басқа құдайлар қосу¬шылармен соғыста Берке ханның жолын қуған ұрпақтарының ізгі істерін айтып өтуді жөн көрдік. Осы іс біздің де басты мақсаты¬мыз. Біз Алла Тағаланың «Іздеге¬ні¬міз осы» деген сөзін оқыдық. Оның құдіретінің арқасында мұсылмандар тобын көбейтіп, олардың кәпірлермен діндері, Алласы үшін соғысқандарына куә болдық. Осындай жиһадтардың куәсі бола отырып, Мұхаммед (Ә. С. ) пайғамбардың ізін қуушы¬лармен бірге боламын дегендігін есімізге түсірдік. Біздің басты мақ¬сатымыз осыларды айта отырып, әрбір басқан қадамдарыңызбен оған жақындай түскендіктеріңізді айтқымыз келеді. Жиһадта Жара¬ту¬шымыз жар болған Берке хан¬ның ұрпағына Алланың сәлемін жолдаймыз. Кәпірлер осы өмірдегі соңғы басамақта кімнің тұраты¬нын білетін болады. Аллаға құ¬дайлар қосушылардың көмекші¬лері әлі де опық жейді. Зәлімдерге көмектесетін жанашырлар жоқ».
«БЕЙБАРЫС РӨЛІНЕ ЖҮРЕГІМДІ ҚАЛДЫРДЫМ»
Бейбарыс Сұлтан дегенде бәріміздің есімізге өмірі аңызға айналған қазақтың қайталанбас дара тұлғасы Нұрмұхан Жантөрин еске түседі. Сұлтан Бейбарыс обра¬зы әртістің ең шебер сомдаған қайталанбас туындысы екені талассыз. Оның бір себебі тым тереңде жатыр. Тарихтағы бала Бей¬барыс ата-анасынан кішкен¬тай кезінде ажыратылып, шет жұртқа құлдыққа сатылып кете барған. Сөйтіп, Бейбарыс жетім¬дік¬тің ащы тақсіретін тартып, ту¬ған Отанын жүрегі қарс айырыла сағынумен күн кешеді. Дәл осы¬лай 1928 жылы дүниеге келген Нұр¬мұхан аға да қырық бес жасқа келгенше әкесін білмей өседі. Жантөрин деген тегі де шешесі Ға¬зизаның фамилиясы. Әкесі төң¬керіс кезінде қызыл белсенділердің айтағымен айдалып кете барған. Сол бойы ажырап қалған. «Бей¬барыс» фильмі қанды оқиғамен, іле-шала өліп жатқан әкесінің қасында: «Көке . . . Көке . . . » деп еңі¬реп жылаған жападан-жалғыз кішкентай баланы көрсетумен басталатыны есіңізде ме? Көкесін іздеген осы өксікке толы дауыс көкесін іздеумен өткен Нұрмұхан ағаның жүрегін қарс айырыл¬дырып, жан жарасын қозғағаны анық. Фильмдегі кейіпкері мен өз тағдыры біреу әдейі көздегендей сәйкескен актер дәл осы жетімдік пен туған жеріне деген сағы¬ныш¬ты Бейбарыстың ішкі әлемінің лейтмотиві етіп алады. Режиссер Болат Мансұров осы лейтмотивті фильмнің өн бойында қыпшақ әні арқылы әдемі өріп отырады. Бейбарыс рөлін орындағаны үшін Нұрмұхан ағаға Тверь қаласында өткен Бүкілодақтық фестивальде «Актер мамандығына қосқан жарқын үлесі үшін» сыйлығы беріледі. Осылайша фестиваль қонақтары - 250 талантты актер¬дің¬ ішінен Н. Мордюкова екеуі топ жарып шығады. Актердің өзі де кетерінде «Бейбарыс рөліне жү¬ре¬гім¬ді қалдырдым» деп кеткен екен . . .
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz